Графиканың қалыптасуы және дамуы


М А З М Ұ Н Ы
К І Р І С П Е . . . 2
І Т А Р А У
ГРАФИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1. 1. Жазудың шығуы, оның дамуы жайынан мағлұмат және
жазудың түрлері . . . 3
1. 2 Пиктографиялық жазу . . . 3
1. 3. Идеографиялық немесе логографиялық жазу . . . 4
1. 4. Буын жазуы . . . 4
1. 5. Әріп (дыбыс) жазуы . . . 5
1. 6. Араб жазуының қазақтар арасына тарауы жайында . . . 6
ІІ ТАРАУ
ҚАЗАҚ ГРАФИКАСЫ ЖАЙЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
2. 1. Алфавит және графика . . . 7
2. 2. Ахмет Байтұрсыновтың әліппе айтыс туралы пікірлері . . . 11
2. 3. Ахмет Байтұрсынов - қазақ әліпбиінің реформаторы . . . 16
2. 4. А. Байтұрсыновтың әліпбиі жөнінде ғалымдар пікірі . . . 21
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы . . . 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27
К І Р І С П Е
Дүние жүзіндегі әр халықтың өзіне тән жазу, сызу өнері болатыны барша жұртқа аян. Жазудың шығу тарихын зерттеуші ғалымдар оның бастау көзін сонау ежелгі дәуір кезеңінен бастап, нақтырақ айтсақ, біздің жыл санауымызға дейінгі X-Y ғ. ғ. мал сүйектеріне, жауырынға жазылған жазулар болғанын айтады.
Жазудың ең көне түрі «пиктографиялық жазу» немесе суретті жазу ең алғаш рет неолит дәуірінде болды деп есептейді (1. 500) .
Жазба тіл ауызекі сөйлеу тілінен кейін пайда болғанын бәріміз білеміз. Ауызша тіл күнделікті өмірде ауызба-ауыз сөйлесіп, қарым-қатынас жасауда, тікелей өз ара пікір алысуда айырықша қызмет атқарады. Дегенмен, жазба тіл өркенниеттіліктің үлкен мәдениеттің, белгісі екені және де рас.
Бүгінгі таңда үлкен өркениетке екпіндей енген егеменді еліміздің жазба мәдениеті қалай қалыптасты, даму барысы қалай болды, оның көш басында кімдер тұрды, қазақ лингвистикасының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық жазба мәдениетімізге қосқан үлесі қандай деген сұрауларды өз тарапымыздан зерделеп және Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық әліпбиімізді түзіп, қалыптастырудағы атқарған орасан зор еңбектерін жан-жақты талдау мақсатымен осы курстық жұмысты қолға алдық.
Осы мақсатымызға жету үшін мынадай міндеттерді алға қойдық:
- жазудың қоғамдағы ролі мен қызметін, маңызын қысқаша сипаттау және оның даму барысында пайда болған, графика, алфавит, әріп сияқты салаларының зерттелу барысына шолу жасау;
- алфавит және оның түзілу принциптері жөнінде мағлұмат беру;
- араб жазуының қазақ жеріне тарауы және оны Ахмет Байтұрсынұлының реформалауы;
- Ахмет Байтұрсынұлы жасаған қазақ жазуының маңызы және соған байланысты қоғамның пікірі мен түрлі қөзқарастар.
Міне осы міндеттерді орындай отырып, белгілі себептермен еңбектері ұзақ уақыт архив қорларында жатып қалған ғалымның ғылыми мұраларының бірі араб графикасынан өз дыбыс жүйемізге ыңғайлап жасаған жазуының маңызын ашып көрсету - біздің жұмысымыздың басты мақсаты.
І Т А Р А У
ГРАФИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1. 1. Жазудың шығуы, оның дамуы жайынан мағлұмат және жазудың түрлері
Жоғарыда біз жазба тіл ауызекі сөйлеу тілі негізінде пайда болған және жазу өнері үлкен мәдениеттің, өркениеттіліктің белгісі екендігін айтқан болатынбыз. Жазудың тарихы да ерте дәуірден басталады дедік. «Көне жазуды да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар.
Көне жазу нұсқаларын талдап оқи білу қазіргі тілдердің ертедегі қалпымен танысуға және оны білуге мүмкіндік береді. Мұның тіл тарихын зерттеуде орасан зор маңызы бар. Жазудың тарихын зерттеп білу тек тіл білімі үшін ғана емес басқа ғылыми салалары үшін де айырықша маңызды». (2. 498) .
Жазудың мыңдаған жылдар бойы дамып жетілуімен бірге оның принциптері де өзгеріп отырды. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзі, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады:
- Пиктографиялық жазу
- Идеографиялық жазу
- Буын жазуы
- Әріптік немесе дыбыстық жазу
Ә) Пиктографиялық жазу
Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу - суретке негізделген жазу. Кейде оны сурет жазуы деп те атайды. Оның таңбалары пиктограммалар деп аталады. Мұнда әрбір сурет тұтастай бір хабарды білдіре алады. Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Сондықтан пиктограммалар тілдік формаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Осыған сәйкес пиктограммалардың мағынасын әр түрлі тілде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған. Пиктограмма ретінде адам не жайында хабар білдіргісі келсе, соның суреті салынған.
Алғашқыда өнер мен жазу бір-бірінен ажырамай синкретикалық қалыпта болған.
Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды және кең мазмұнды ойды түгелімен жеткізетін мүмкіндігі болмады. Пиктографиялық жазудың тәсілін қазіргі күнде де кездестіруге болады. Мысалы, көшеде жүру тәртібін білдіретін әр түрлі белгілер, дүкендер мен шеберханалар т. б. мекемелердің маңындағы суретті белгілердің пиктографиялық сипаты бар.
1. 2. Идеографиялық немесе логографиялық жазу.
Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Мұның таңбалары идеограммалар деп аталады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограмалардан біртіндеп алшақтап белгіленетін заттың сыртқы формасын дәлме-дәл көрсетпей, шартты таңбалар ретінде де қолданыла бастады. Бұлардың бір-бірінен басты айырмашылығы таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Идеографиялық таңба не жеке сөзді, не оның атауыш бөлшегін белгілейді.
«Идеографиялық жазудың үлгілері ертедегі қытай, шумер жазуларында болған. Қытайдың жазу жүйесі әр таңбаның дыбыстық тілдегі бір сөзге сәйкес келуіне негізделген. Қытай жазуындағы таңбалар біртіндеп, өзгеріп жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбаларына айналған», - дейді зерттеушілер.
Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді: олар сөздердің дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді. Жазудың идеографиялық принципін қазіргі тілдердегі сандардың таңбаларынан да байқауға болады. Мәселен, кез-келген цифрдің жазылуы бірдей болғанмен, олар әр тілде әр түрлі дыбысталады, яғни түрліше айтылады. Бірақ ол цифрдің мағынасын кез-келген ұлт өкілі бірдей ұғына алады. Сондықтан да идеограммалар цифрлар тәрізді таңбалар. Қазіргі кезде идеограммаларды түрлі ғылым салаларындағы терминдік мағынадағы арнаулы таңбалардан аңғаруға болады. Ал ол арнаулы таңбалар дыбыстық тілде жеке сөздермен немесе сөз тіркестерімен аталады.
Міне, жоғарыда аталған пиктограммалық жазудың да, идеографиялық жазудың да кейбір элементтері қазіргі күнде де қолданылады екен. Тіл динамикалық құбылыс, үнемі дамуда болатынын ескерсек, бұл жазулардың қолданыстан шығып қалғандығы өзінен өзі түсінікті жайт.
1. 3. Буын жазуы
Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болған. Бұл жазу жүйесінде бір таңба бір буынды белгілеген. Буын жазуы өз ішінен үшке бөлінеді:
А) ассиро-вавилон, элам, урарт, сына жазулары, лигатуралы корей жазуы;
Ә) крит-микен буын жазуы, кипр, эфиопия, жапон буын жазулары;
Б) үнді жазуының түрлері.
Осы буын жазуы өз кезеңіндегі қоғамдық қарым-қатынас жасауға үлкен қызмет көрсеткен. Дегенмен, уақыт өте келе, дыбыстық (әріптік) жазу пайда болған кезде қажеттілігі әлсіреген. Тіл динамикалық құбылыс болғандықтан, оның дамитыны да заңды құбылыс.
1. 4. Әріп (дыбыс) жазуы
Бұл жазудың түрі буын жүйелі жазудан кейін пайда болған. Әріп жазуының пайда болуының дүниежүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды. Бұл - ең қолайлы жазу.
Ертедегі әріп жазуы конюнантты-дыбыстық жазу болды. Ондағы таңбалар тек дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін болған.
Конюнантты-дыбыстық таңбалар алғаш рет Египет жазуында пайда болған. Ал, ең алғашқы таза дыбыстық жазу деп зерттеушілер финикий жазуын атайды.
Агографиялық жазу мен буын жүйелі жазудан гөрі, әріп жазуы бір елден екінші елге ауысуға икемді болды. Халықтар арасындағы сауда, мәдениет қатынастар әріп жазуының дүние жүзіне тарауына қолайлы жағдай туғызған.
Кейбір халықтар басқалардан әріп жазуын қабылдай отырып, оның алфавиттік құрылымын өз тілдерінің дыбыстық жүйесіне икемдеп өзгерткен.
Әріп жазуының таралуы біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықтың алғашқы ғасырларынан басталады. Бұл жазу екі түрлі бағытта таралған. Шығыста финикий жазуы негізінде пайда болған арамей жазуынан Азия халықтарының әріп жазу жүйелері қалыптасқан. Батыста финикий жазуының негізінде пайда болған грек жазуынан Еуропа халықтарының әріп жазу жүйелері таралады.
Шығыстағы әріп жазуының барлығы да шығу тегі жағынан арамей әріп жазуынан бастау алады. Осы арамей жазуының төрт түрлі бұтағы бар: еврей, иран, сирия және араб жазуы. Бұлардан бірнеше жазу түрлері жасалып дамыған. 1
Біз бұл жерде араб жазуына арнайы тоқталғанды жөн көрдік. Себебі қазақ алфавитінің қалыптасып дамуындағы бір кезең осы араб графикасына байланысты екенін бәріміз де білеміз.
1. 5. Араб жазуының қазақтар арасына тарауы жайында.
«Басқа да түркі халықтары сияқты қазақтар да ислам дінінің тарауымен бірге келіп енген араб жазуын ертеректен бастап-ақ қолданған. Бірақ грамматикалық құрылысы жағынан да, дыбыстық жүйесі жағынан да түркі тілдерінен мейлінше басқа болып келетін араб тілі графикасы қазақ тілінің дыбыстарын таңбалауға сай келмейтін», - дейді белгілі ғалым Т. Р. Қордабаев.
Семит тілдерінің бірі - араб тілінде дауыссыз дыбыстардың қызметі айрықша. Олар сөздің конюнантты негізін құрайды. Араб алфавиті дауыссыздар мен жартылай дауыстылардан құралған. Дауыстылар ең алғашқы араб жазуында дәлме-дәл емес, шамамен белгіленген. Кейіннен араб жазуында дауыстыларды таңбалау үшін жазудың үстінен немесе астынан қойылатын таңбалар пайда болады. Араб жазуындағы әріптер жеке тұрғандағы қалпы, сөз басындағы, сөз ортасындағы, сөз аяғындағы келуіне қарай төрт түрлі формада жазылады.
Араб жазуы құрылымы жағынан флективті, сөздерінің түбір құрамы конюнантты болып келетін семит тілдері үшін қолайлы болғанмен, басқа тілдер үшін жанасымды бола алады.
Бұл жайында жоғарыда келтірілген ғалым Т. Қордабаевтың пікірін К. Аханов та қолдайды. «Араб жазуы түркі тілдерінің дыбыстық құрамына да, агглютинативті сипатына да сай келмеді. Сондықтан оны түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар өз тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне ыңғайластырып өзгертті, қосымша әріптер мен диакритикалық белгілер енгізді. Алайда араб жазуының конюнантты сипаты, графикалық жағынан күрделілігі түркі тілдері үшін жат, қолайсыз екендігін көрсетті», - дейді К. Аханов.
Әрине, әріп жазуының қазіргі күнде бірнеше түрлері бар. Солардың көбі ертедегі финикий, армей жазуларынан тараған дедік. Сондай жазулардың қатарында грек, латын, славян жазуларын атауға да болады. Осы аталған алфавиттер негізінде европа халықтарының қазіргі жазу жүйелері қалыптасты. Бірақ бұлар біздің зерттеу жұмысымызға айтарлықтай қатысы болмағандықтан, бұл жазулар төңірегінде өз пікірімізді шектей тұрамыз.
Сонымен, жазудың шығуының және оның біртіндеп дамып, осы күнгі дәрежеге жетуінің ұзақ тарихы бар екен. Әр түрлі жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы жүйелі жеңіл және өте қолайлы.
Жазулар таңбалардың орналасу бағытына қарай да бір-бірінен ажыратылады. Мысалы, Қытай жазуындағы идеограммалар жоғарыдан төмен қарай орналасады, қазақ, орыс т. б. халықтар жазулары солдан оңға қарай бағытталса, араб жазуы керісінше, оңнан солға қарай бағытталады.
ІІ ТАРАУ
ҚАЗАҚ ГРАФИКАСЫ ЖАЙЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
2. 1. Алфавит және графика
Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңбалармен белгіленеді. Әріптердің белгілі бір тәртіппен орналасқан жиынтығы - алфавит деп аталады.
Ал графика - белгілі бір тілдегі фонемаларды және олардың тіркесін белгілеу тәсілдерінің жиынтығы. Л. В. Щерба графиканы «алфавиттің ережелері» деп те атайды.
Қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланды. Тек XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қана қазақ оқығандары, оның ішінде Ыбырай Алтынсарин тәрізді ағартушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін дұрыс бере алатын жаңа алфавит қабылдауды, не осы жазуды біраз жетілдіруді күн тәртібіне қоя бастады. Міне, осы пікір ағымын өз мақсаттарына шеберлікпен пайдаланған Н. И. Ильминский бастаған миссионерлер граф жазуының кемшіліктерін сынай отырып, қазақ жазуын бірден орыс графикасына көшіру идеясын қызу уағыздады.
Н. И. Ильминскийдің пікірінше, алфавит қай уақытта да дінмен бірге қабылданған. Мәселен Батыс Европа латын алфавитін латын шіркеуі, орыстар грек алфавитін сла в ян шіркеуі арқылы қабылдаған.
Татарлар да өзге мұсылман елдері тәрізді араб жазуына ислам дінінің тарауына байланысты көшкен. Араб жазуы - оларды ислам дінімен байланыстырушы үлкен құрал.
Сондықтан, оның ойынша, түркі халықтарына орыс алфавитін енгізу арқылы «екі қоянды бір оқпен өлтіруге болады». Біріншіден, оларды мұсылман дінінен айыруға болады, екіншіден, орыс графикасы арқылы біртіндеп православие дініне көшіруге болады. Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлудің басты себебі де осы болса керек.
Бірақ миссионерлер араб жазуын тастап, орыс жазуына көшуді тікелей өз қолдарымен емес, орыс мектебін бітірген қазақ жастары арқылы істеуді мақұл көрді.
Н. И. Ильминский бұл жайында өз кезінде былай деп жазды:
«Орыс мектептерінде тәрбиеленуші қазақ жастары арасында, сөз жоқ, мұсылман дініне салқын қарайтын, өз ана тілдерін жанын сала сүйетіндері бар. Соларға орыс алфавиті қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін сақтаудың негізгі амалы деп ұғындыра алсақ, олар қырғыз тіліне орыс алфавитін енгізуде көп нәрсеге көмектесе алар еді».
Шынында да, сол тұстағы баспасөз беттерінде қазақ оқығандары арасында араб жазуының кемшілік жақтарын сынап, қазақ жазуына орыс графикасын ұсынғандар аз кездеспейді. Бұл тұрғыда «Дала уәләяті» газетінде жарияланған Р. Дүйсенбаевтың «қазақ алфавиті туралы мәселеге» деген мақаласыв көңіл аударарлық. Онда автор араб әліппесінің кемшілігі ретінде ондағы дауысты дыбыстарды таңбалайтын әріптердің жеткіліксіздігін және олардың да дәстүр бойынша үнемі жазыла бермейтіндігін, мұның өзі бір-біріне ұқсас сөздерді дұрыс оқуда қиындық келтіретіндігін көрсете келіп, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толық бере алатын алфавит жасау мәселесін ұсынады. Ондағы бірінші кезекте ұсынатыны - орыс алфавиті.
Сол газеттің тұрақты авторларының бірі О. Әлжанов болса, ол «Орыс әліппесі араб жазуына қарағанда, қазақ тілі дыбыстарын дәл және жақсы бере алады- дей келіп, орыс жазуын пайдаланғанда, орысша оқитын қазақтарға да, қазақша білемін деген орыстарға да үлкен жеңілдік болар еді» деп көрсетеді.
Мәселен Д. Сұлтанғазин «Қазақ сөзін қалайша жазу туралы» деген мақаласында араб әліпесінің кемшілік жастарын дұрыс көрсете отырып, қазақ сөздерін жасауға өзгеріссіз алса, орыс, латын графикаларының да келе бермейтіндігін дәлелдей келіп, жаға бір алфавитке көшкеннен гөрі «қазақтардың не заманнан бері ғадет алып үйренген араб әліппесін қазақ тіліне ылайықтап біраз өзгерту туралы ұсыныс жасайды. Солайша өзгерткен уақытта, - деа жазады ол, - араб әріптері мұнан да жақсы болар еді».
Қазақ тіліне орыс графикасын енгізудің негізгі бастаушысы деп жүрген Ыбырай Алтинсариннің өзі де қазақ жазуына орыс графикасын бірден және жаппай енгізуге қарсы болған
Ол Н. И. Ильминскийге жолдаған бір хатында былай деп жазған: «бірақ мәселе мынада. Орыс әрпімен жазылған кітаптарр қазақ арасында, тап біздің ойлағанымыздай, тез және жеңіл сіңе қоймайды. Бірінші жағынан фанатизмнің салдарынан, екінші жағынан, орыс жазуына көзі үйренбегендіктен, оның таныс еместігінен… Шынына келгенде «қазақ сөздері орыс әрпімен анағұрлым дұрыс жазылатын болса да, татрша жазу қазақ тілінің тазалығына және бүтіндігіне зиян келтіретін болса да, көп уақытарға дейін татар (араб - Б. Ә. ) жазуын қазақтардан айыру мүмкін емес екенін біз еске алуымыз керек…
Мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара беру керек».
Қазақ жазуын орыс графикасына көшіру туралы мәселе 1876 жылдан бастап, үкіметтің ресми асясаты дәрежесінде қолға алынады. Оған оқу министрі граф Толстойдың Орынбор оқу округін аралауы себеп болады. Мәселе орыс графикасын өзгертпей алу керек пе, әлде қазақтың өзіндік дыбыстарын бейнелейтін қосымша таңбалар қосу керк пе дегенге тіреледі. Бұл арада ғалымдар арасында екі удай пікір болады. Бұл талас 1910 жылға дейін созылып, ақырында 1910 жылғы июньде (маусымда) бұл мәселеге арналып Петерборда әдейі кеңес шақырылады, оған жергілікті жерден өкілдер қатысады.
Кеңесте 1906 жылғы «Орыстан өзге халықтар жазуын орыс графикасына көшіру туралы» ереже талқыланып, оған көптеген өзгерістер енгізіледі. Кеңесте орыс жазуы тек ресми құжаттар мен оқулық кітаптарға ғана қолданылатын болсын деген шешім қабылданады. Алайда бұл шешімнің тәжірибеге іске асқан-аспағаны бізге мәлім емес.
Бұдан кейінгі алфавит емле туралы мәселе А. Байтұрсыновтың және ол шығарған «Қазақ » газетінің (1913-1919) қызметімен тікелей байланысты.
А. Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап араб жазуы таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы еместігін байқап, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алады. Бұл туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттерінде білдіре бастайды. Оның жобасы бойынша араб алфавитіндегі қазақ дыбысарын білдірмейтін кейбір басы артық таңбаларды шығару, сөздің түгелдей жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекші таңбасын қою ұсынылады, қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, ү дыбыстарының әрқайсысына жеке таңба белгіленеді. А. Байтұрсыновтың қазақ жазуына икемдеген араб алфавиті қазақ жұртылығы, оның ішінде мұғалімдер тарапынан қолдау табады және іс жүзінде солай оқытыла, оқулықтар мен мерзімді баспасөзде қолданыла бастайды. Дегенмен А. Байтұрсынов реформалаған қазақ графикасы ресми түрде тек 1924 жылы ғана Орынборда қазақ, қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде қабылданады. Бұл тәжірибені өзге түркі тілдерінің кейбірі (өзбек, татар) қолдап, өз жазуларына өзгерістер енгізе бастайды. Бірақ сол тұстағы түркі баспасөзінде араб графикасын тастап, латын алфавитіне көшу туралы пікірлер де бел ала бастады. Москвада «Жаңа алфавит жөніндегі орталық комитет» құрылып, түркі халықтары жазуын латын графикасына көшіру туралы жоспарлы жұмыс жүргізді. Қазақстанда да сондай комитет жұмыс істейді. Ақырында 1926 жылы бакуде бүкілодақтық Бірінші туркологиялық съезд өткізіліп, онда басқа мәселелермен қатар негізгі мәселе ретінде күн тәртібіне түркі халықтарының жазуы емленің негізгі принципі мәселесі қойылды. Бұнда съезд делегаттары екіге бөлініп, бірі бұрыннан қолданылып келе жатқан араб графикасын реформалап қолдануды жақтаса, екінші тобы араб жазуын тастап, латынға көшуді ұсынды. Қазақстаннан делегат болып қатысқан А. Байтұрсынов съезде бірінші рет сөз алып, өзінің ширек ғасырдай күш жұмсап, тер төккен бұл еңбегін, яғни реформаланған қазақ жазуын қорғап, бұл жазу қазақтың мәдени талаптарын әбден өтей алады деген пікірін дәлелдеді.
Ахмет Байтұрсыновтың араб жазуын жақтаудағы дәлелдері - 12-13 жыл бойы қолданылып, орнығып қалған, қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықталып өзгертілген ресми түрде қабылданған алфавиттің қазақ мәдениеті мұқтаждығын толық өтеп, отырғандығы, оның дыбыс әдісімен оқыту ісіне айтарлықтай қолайлы болып шыққандығы, полиграфиялық мүмкіншіліктері жағынан да, экономикалық тиімділіктер тұрғысынан да бұрынғы алфавитті сақтау пайдалырақ екендігі.
Алайда латын графикасына көшуді үкімет орындары белсене қолдағандықтан, съезд латын жазуына көшуді ұсынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz