Автокөлік құралдарының құнын бағалау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .3
1.ТАРАУ. АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚҰНЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Автокөлік құралдары құнының түрлері, бағалау мақсаттары ... ... ... ... ... .4
1.2. Автокөлік құралдарын бағалаудың қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3. Автокөлік құралдарын бағалау кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.ТАРАУ. ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1.Автокөлік құралын бағалаудың шығындық тәсілі ... ... ... ... ... ... ... .12 2.2.Шығындарды талдау және индекстеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.3.Автокөлік құралын нарықтық тәсілмен бағалау. Toyota Gracia A 999 TVN автокөлігін нарықтық тәсілмен бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.ТАРАУ.АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.1 HONDA ELEMENT маркалы автокөлікті салыстырмалы тәсілмен бағалау есептелген құны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.2 HONDA ELEMENT маркалы автокөлікті шығындық тәсілмен бағалау есептелген құны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Курстық жұмыста қолданылған терминдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

Бағалау – материалдық игіліктердің құнын анықтау мақсатында жүзіге асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы. Бағалау курделі экономикалық процесс. Дамыған нарықтық экономика жағдайында бағалау жер үлестерін сатуда, үй және пәтер саудасында, өндіріс қуаттарды сатып алу немесе инвестициялық жобаларды іске асыруда жиі қолданады. Бағалау қызметiнiң негiзгi принциптерi объективтiлiк және дұрыстық болып табылады.
Номиналды бағалау – инфляцияны есепке алмай, бағаланған экономикалық сандық көрсеткіш.
Оптималды бағалау - дамудың оптималды бағадарламасын жасау құралдары. Ол әкімшілік шешімдерді қабылдауда басшылыққа алынады. Оптималды бағалау белгілі бір ресурс қорының бастапқы қалпымен салыстырғанда қаншалықты өзгеріп отыруының оптималды өзгерісін көрсетеді.
Реальды бағалау – инфляцияның болжалды шегін ескере отырып бағалау.Кәсіпорын экономикалық көрсеткіштердің жақсы жетістіктерге жету мақсатында, тәжірибелік және ізденіс жүйесі меншікті басқару факторының негізі ретінде бағалау қызметі қолданылады.
"Қазақстан Республикасының бағалау қызмет туралы" заңына сәйкес мемлекеттік меншікті жекешелендіру кезінде, басқаруды сенімділікке беру немесе жалға беру, сату, сатып алу, жарғылық қордың салымы ретінде ипотекалық несиенің жүргізілуі кезінде қоғамдық бағалау үлкен роль атқарады. Сонымен қатар мүлік туралы мәміле кезінде міндеттелген бағалау жүргізіледі.
Бизнесті бағалау қызметінің үрдісін кешенді тәсілдермен, мемлекеттік реттеу және бағалау қызметінің аналитикалық есебімен қамту негізінде көрсетеді. Бағалаудың әр түрлі әдістер мен амадарын қолдану арқылы ғимараттар, құрылыстар мен көлік құралдарының құнын анықтау келтірілген.

1. Асқарова Ж.А. «Бизнесті бағалау», оқу құралы. Алматы – 2007ж.
2. Ондасынова А.И. «Баға белгілеу» оқу құралы. Алматы – 2003 ж.
3. Есипов В, Маховикова Г, Терехова В «Оценка бизнеса» Питер – 2002ж.
4. Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә, «Кәсіпорын экономикасы»,
оқу құралы. Алматы. «Экономика – 2003»
5. Акимбеков С. «Экономикалық теория» Алматы – 1999ж.
6. В. Есипов, Г. Маховикова, В. Терехова. Оценка бизнеса . – СПб:Пиетр, 2001 г.;
7. Оценка недвижимости : Учебник. / А.Г. Грязновой, М.А. Федотовой. – М.:Финансы и статистика, 2007 г.;
8. Риполь – Сарагоси Ф. Б. Основа оценочной деятельности: учебное пособие. – М.: Книга – сервис, 2002 г.;
9. Сычева. Г.И., Колбачев Е.Б., Сычев В. А. Оценка (Бизнеса)стоимости предрпиятия. Сериясы «Учебник и учебное пособие». – Ростов н. Д: «Феникс», 2003 г.;
10. Тарасевич Е. Методы недвижимости .СПб, 1995 г.;

Курстық жұмыс
Орындаған:Амирова Д,К
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1-ТАРАУ. АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚҰНЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1. Автокөлік құралдары құнының түрлері, бағалау мақсаттары ... ... ... ... ... .4
1.2. Автокөлік құралдарын бағалаудың қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...6
1.3. Автокөлік құралдарын бағалау кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 9
2-ТАРАУ. ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1.Автокөлік құралын бағалаудың шығындық тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . 12 2.2.Шығындарды талдау және индекстеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.3.Автокөлік құралын нарықтық тәсілмен бағалау. Toyota Gracia A 999 TVN автокөлігін нарықтық тәсілмен бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3
3-ТАРАУ.АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
3.1 HONDA ELEMENT маркалы автокөлікті салыстырмалы тәсілмен бағалау есептелген құны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
3.2 HONDA ELEMENT маркалы автокөлікті шығындық тәсілмен бағалау есептелген құны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Курстық жұмыста қолданылған терминдер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 35
Кіріспе
Бағалау - материалдық игіліктердің құнын анықтау мақсатында жүзіге асырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы. Бағалау курделі экономикалық процесс. Дамыған нарықтық экономика жағдайында бағалау жер үлестерін сатуда, үй және пәтер саудасында, өндіріс қуаттарды сатып алу немесе инвестициялық жобаларды іске асыруда жиі қолданады. Бағалау қызметiнiң негiзгi принциптерi объективтiлiк және дұрыстық болып табылады.
Бағалаудың түрлері
Номиналды Оптималды Реальды
Номиналды бағалау - инфляцияны есепке алмай, бағаланған экономикалық сандық көрсеткіш.
Оптималды бағалау - дамудың оптималды бағадарламасын жасау құралдары. Ол әкімшілік шешімдерді қабылдауда басшылыққа алынады. Оптималды бағалау белгілі бір ресурс қорының бастапқы қалпымен салыстырғанда қаншалықты өзгеріп отыруының оптималды өзгерісін көрсетеді.
Реальды бағалау - инфляцияның болжалды шегін ескере отырып бағалау.Кәсіпорын экономикалық көрсеткіштердің жақсы жетістіктерге жету мақсатында, тәжірибелік және ізденіс жүйесі меншікті басқару факторының негізі ретінде бағалау қызметі қолданылады.
"Қазақстан Республикасының бағалау қызмет туралы" заңына сәйкес мемлекеттік меншікті жекешелендіру кезінде, басқаруды сенімділікке беру немесе жалға беру, сату, сатып алу, жарғылық қордың салымы ретінде ипотекалық несиенің жүргізілуі кезінде қоғамдық бағалау үлкен роль атқарады. Сонымен қатар мүлік туралы мәміле кезінде міндеттелген бағалау жүргізіледі.
Бизнесті бағалау қызметінің үрдісін кешенді тәсілдермен, мемлекеттік реттеу және бағалау қызметінің аналитикалық есебімен қамту негізінде көрсетеді. Бағалаудың әр түрлі әдістер мен амадарын қолдану арқылы ғимараттар, құрылыстар мен көлік құралдарының құнын анықтау келтірілген.
Бағалау қызметі ғылыми негізде,оның кез келген тапсырманы орындау үрдісін қадағалайтын, бір қатар қағидалар мен жылжымайтын мүлік құнына әсер ететін ортаның факторларын қарастырады.
I. АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚҰНЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1. Автокөлік құралдары құнының түрлері, бағалау мақсаттары Тәжірибеде бағалаушы келесідей негізгі құндардың түрлерін қолданады.
Негізделген нарықтық құн - ашық және бәсеке нарығындағы мүлік түріне берілетін баға. Экономикалық рационалды, мәмілеге еркін баратын және қажет ақпаратпен қамтамасыз етілген сатушы мен сатып алушы арасында еркін бәсекені көрсетеді. Қаржыландырудың ерекше шарттарына сәйкес, сатып алу мен сатудың жағдайлары, екі жақтың жеткіліксіз ақпараттануы, нарық деформациясын және тағы басқа факторлардың әсерінен, тәжірибеде нақты мәмілелердің бағалары нарықтық құннан айырмашылығы болады. Нарықтық емес құн ретінде, мысалы, нормативті есептелінетін құн бола алады.
Нормативті есептелетін құн - нормативтер мен әдістер басқару органдарын бекіту негізінде есептелінетін мүліктік кешеннің құны. Қарастырылып отырған мүліктік кешеннің түрлері үшін нормативтердің бірлік шкалалары қолданылады. Нормативті есептелетін құн ретінде, мысалы, кәсіпорын мүлігінің салық салу құны болып табылады. Кәсіпорын мүлігіне салық салу үшін салықтық база ретінде негізгі қаражаттардың, материалдық емес активтердің, қорлар мен шығындардың орташа жылдық қалдық құны жатады. Салық салу құнын есептеу үшін кәсіпорын мүлігінің бухгалтерлік есебінің баланстық активіндегі қалдықтар алынады. Нормативті есептелетін құнның тағы бірі, жерге салық салу үшін, жер телімінің құнын анықтау болып табылады. Мүліктік кешеннің нормативті есептелетін құнының көрсеткішін салық салу және мүліктік мемлекеттік сақтандыру органдары тәжірибеде пайдаланылады. Бұл көрсеткішті талаптар бойынша зақымды бағалау үшін сот органдары да қолданады.
Бухгалтерлік есеп жүйесі баланстық құнды бастапқы, қалпына келтіру және қалдық құны деп бөлінеді.
Баланстық құн - кәсіпорынның балансында белгіленген, құрылысқа кеткен шығындар немесе оның өзіндік негізгі қаражаттарына элемент алу.
Бастапқы құн - белгілі кәсіпорын объектілерінің эксплуатацияға енгізілген кезіндегі есептік құжаттарда тіркелген бағалар. Эксплуатацияға берілген мүлік объектісі бастапқы құн бойынша, не оларды модернизациялау мен реконструкциялаудан кейін немесе қорды ресми қайта бағалау белгіленген уақыттан есептейді.
Қалпына келтіру құны - бұрын анықталған негізгі қаржыларды қазіргі талаптарға сай қайта өндіру құны. Бағалаушы қор элементі құнының толық калпына келуін салыстыру арқылы қазіргі заманға сәйкес нарықтық құнын есептейді.
Қалдық құн - егер баланстық құннан, эксплуатация кезеңінде жинақталған тозу сомасын алып тастасақ, онда қалдық құнды аламыз, ал қалдық құнның бағалануын қайталама нарығының бағасы бойынша жүргізсе, онда ол нарықтық сипаттама алады. Яғни, бағалауға тәуелді қайта өндіру мен орнын басу құнын белгілейді.
Қайта өндіру құны - қазіргі нарыққа сай сатып алу немесе қайта өндіру құнын бағалау мүліктің тура сол сияқты обьектінің құны барабар шама.Қайта өндіру құнын анықтау көбінесе технологиялар, материалдар, шикізаттар, стандарттар және тағы басқа өзгерулерінен мүмкін болмайды. Сондықтан тәжірибеде орнын басу құны қолданылады.
Орнын басу құны - бағаланатын объектінің пайдалылығы бойынша эквивалентті, меншіктің барабар обьектіні өндірудің ағымды құны. Жойылу кұны мүлігін сатушы келісуге мәжбүр болатын бағаны айтады. Кәсіпорынның жойылу құны бағалау кезінде анықталады. Мысалы, оның банкротқа ұшырауы кезінде немесе аукционда ашық көтере сату кезінде. Бағалаудың әр түрлі жағдайларына тәуелді құндардың бірнеше түрін ажыратады: инвестициялық, тұтынушылық, сақтандырулық, утилизациялық.
Инвестициялық құн - егер оны белгілі бір инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық салым ретінде қарастырсақ, онда оны мүліктік кешеннің құны деп айтуға болады. Нарықтық құнға қарағанда, инвестициялық құн нақты және белгілі бір жобамен және оның инвесторымен байланысы. Инвестациялық құн, берілген инвестициялық кешені мен нәтижелері бойынша мүліктік кешеннің нарықтық құнының өсуі ретінде қарастырылады.
Тұтыну құны. Объектінің құнын немесе маңыздылығын сипаттайды. Пайдалылық кезіндегі құн тұтынушылардың экономикалық тауарлық құны ретінде анықталады және оны пайдалану тиімділігіне негізделген (табыс, пайда, ыңғай түрінде). Пайдалану кезіндегі құн міндетті түрде нарықтық құнын көрсетпейді. Тұтыну кұны туралы мәліметтер, бағаланатын мүліктік кешеннің, әртүрлі сапасы мен пайдасы бар ұқсас объектілермен салыстыру үшін керек.
Сақтандыру құны - сақтандыру шартында (полисінде) көрсетілген және сақтандыру мақсаттары үшін анықталатын объектілердің нарықтық құны. Сақтандыру құны сақтандыруды қайта қалпына келтіруді бағалау үшін қажет элементі бойынша есептеледі. Көбінесе сақтандыру құны орнын басу құны сияқты анықталады. Өйткені сақтану жағдайларынан кейін сақтанушыға өзінің мүлігін қайтадан қалпына келтіруге мәжбүр болады Утилизациялық құн - өзінің бастапқы пайдалылығынан айырылған және төтенше жағдайда немесе толық тозудың жағдайына жеткен утилизациялық материалдың активтердің құны.
1.2. Автокөлік құралдарын бағалаудың қағидалары
Бағалау қызметі ғылымының негізінде, бағалау бойынша кез келген тапсырманы орындау үрдісін қадағалайтын, бірқатар қағидалары бар.
Кәсіпорынның мүліктік кешен құнын бағалау кезіндегі қажет негізгі экономикалық ортақ қағидаларын қарастырайық. Олар мыналармен байланысты және 3 топ қағидалар жүйелеріне келтіруге болады:
иесінің мүлік туралы көзқарасымен;
нарықтық ортамен;
мүлікті эксплуатациялаумен.
Иесінің мүлкі туралы көзқарасымен байланысты қағидалар. Бұл топ мынандай қағидаларға ие: пайдалылық, орын басу, күту.
Пайдалылық қағидасы. Меншік объектілерінің иемденуге қабілеті жоқ болса, онда олардың құны болмауы мүмкін. Сондықтан потенциалды меншіктенушіге пайдалы болған кезде ғана мүліктің кешеннің құны болады. Қағиданың анықталуы: пайдалылық - берілген уақыт периодтарында және берілген жерде меншік объектісі иесінің қателіктерін қанағаттандыру қабілеті.
Орын басу қағидасы. Иесінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын және табыс әкеле алатын барлық меншік объектілері, өзінің әр түрлілігіне қарамастан, бір- бірімен байланысты. Меншік объектісі үшін оны қалпына келтіруге кететін шығындардың сомасынан көп ешкім төлемейді. Егер екі меншік объектілерінің қабілеті бірдей болса, онда біз баға төменін аламыз. Қағидалардың анықталуы: меншіктің максималды құны ең төмен бағамен немесе құнмен анықталады. Сөйтіп орнын басу құны бағаланатын мүлік құнының жоғарғы шегін анықтауға мүмкіндік береді.
Күту қағидасы. Инвестор объектіге қаражатты салып, ол меншік объектілерінен болашақта табыс күтеді. Бағаланатын құн - болашақтағы барлық табыстардың ағымдағы құны. Қағиданың анықталуы: күту - болашақта меншікті иелік етуден түсетін табыстардың ағымдағы құнының орнатылуы.
Нарықтық ортамен байланысты қағидалар - бұл сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік, бәсеке, құнның өзгеруі.
Сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік қағидасы. Мүлікке деген бағаның өзгеруі сұраныс пен ұсыныс шамаларының өзгеруіне тәуелді.
Негізгі заңдылықтар:
Егер сұраныс тұрақты болып, ал ұсыныс ұлғайса, онда бағалар төмендейді;
Егер сұраныс тұрақты болып, ал ұсыныс төмендесе, онда бағалар көтеріледі;
Егер ұсыныс тұрақты болып, ал сұраныс өссе, онда бағалар өседі;
Егер ұсыныс тұрақты болып, ал сұраныс төмендесе, онда бағалар төмендейді.
Егер нарықта сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкестік орнатылса, бағалар тұрақты болады. Қағиданың анықталуы: ұсыныс - құрамындағы белгілі баға бойынша тауарлар саны, сұраныс - белгілі баға бойынша қажетті тауарлар саны. Сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзара іс - қимыл бағасын анықтайды.
Бәсеке қағидасы. Жал шарты немесе мүлікті сатып алу не сату мәмілелерін жасайтын жалгер мен жал берушілер, сатушылар мен сатып алушылар арасында, жылжымайтын мүлік нарықтарында бәсеке пайда болады. әрбір объекті бәсекеде болады. Пайда бәсекені туғызады, ал артық пайда күйреген бәсекені ынталандыру тенденциясы бар. Бәсекенің болмауы монополиялық жағдайды туғызады. Қағданың анықталуы: нарықтағы пайда, өндіріс факторларын өтеу үшін қажетті деңгейден асып кетсе, онда ерілген нарықта таза табыстардың орташа деңгейінің төмендеуіне алып келетін бәеке өрлей бастайды.
Құнның өзгеру қағидасы. Мүлік объектілері әр уақытта өзгерістерге ұшырайды. Жерді пайдалану мақсаты мемлекет пен жекеше сектордың әсерінен өзгереді және олар тозады, техника, технология және шикізат базасы өзгереді. Экономикалық шарттар жаңа мүмкіндіктерді туғызады, ақша массасының көлемі мен пайыздық ставкалары толқиды. Адамдардың талғамы мен ынталары өзгереді. Объектінің орналасу ортасы өсу, түсу, тоқырау мен жаңару фазаларынан өтеді. Барлық бұл өзгерістер берілген жердегі мүлік объектілерінің пайдалылық дәрежесіне әсер етуі мүмкін. Қағиданың анықталуы: мүлік объектілерінің құны көбінесе тұрақты болып қалмайды, ол уақыт ағымымен өзгеріп тұрады.
Эксплуатациядағы мүлікпен байланысты қағидасы - берілген топ мынандай факторлар қағидасын ұсынады: өндірістік, қалдық өнімділік, салымдық, баластандырылған, неғұрлым тиімді пайдалану.
Өндіріс факторларының қағидасы. Мүліктік кешен өндірістік жүйе болып табылады. Оның табыстылығы төрт фактормен анықталады: менеджментпен, еңбекпен, капиталмен және жермен. Таза табыс - осы барлық төрт фактордың нәтижесі болып табылады. Сондықтан табысты бағалау негізінде барық жүйелердің құны анықталады. Мүліктік кешенді бағалау үшін барлық жүйелердің табысын құрудағы әрбір фактордың үлесін білу қажет.
Қалдық өнімділіктің қағидасы. Жердің құнын бағалау негізінде оның қалдық өнімділігі жатыр.экономикалық қызметтің кез келген түрі келесідей факторлардың болуын қажет етеді: менеджмент, еңбек, капитал және жер. әрбір фактор берілген қызметпен жасалатын таза табыстардан төленуі тиіс. Сөйтіп, қалдық өнімділігі, еңбек және капитал эксплуатациясына және менеджменттің шығындары өтелгеннен кейін, жер теліміне қосылғн таза табыспен анықталады.
Салым қағидасы - кез келген бір жаңа факторларды ендіру нәтижесінде шаруашылық объект құнының өсім сомасы. Салымның анықталуы: шаруашылық объектілерінің құнының ұлғаймалы немесе төмен сомасы. Сөйтіп, мүліктік кешенге қосымша активтерді қосу тиімді болады, егер олар мүліктік кешеннің нарықтық бағасынан жоғары болса. Мүліктік кешенге кез келген қосылған элементтер өтеледі, егер мүліктік кешен құнының өсімі, бұл элементтерді алуға кеткен шығындардан жоғары болған жағдайда.
Баланстандырылған қағидасы. өндіріс факторлары экономикалық баланстандырылған болса, онда меншік объектісінің құны максималды болады немесе сақталады.меншік объектілерінің құны төрт элементтердің баланстандырылуына тәуелді: рентаға, еңбекке, капиталға, басқару координациясына. Ең жоғарғы табысты қамтамасыз ететін әрбір меншшік объектісі үшін теоретикалық тепе-теңдік нүктесі бар. Қағиданың анықталуы: кез келген меншік объектісіне өндірістің әр түрлі факторларының оптималды сомасы сәйкес келеді. Олардың бір - біріне сай болуы арқылы мүліктің максималды құны пайда болады. Сөйтіп, әр түрлі мінездеме бойынша, мүліктік кешенді құрайтын үлестер бір - бірімен келісуі керек. Мүліктік кешен кез келген бір элементті қосу, берілген принципті бұзу, оның құнының өсуіне алып келмейді.
Неғұрлым тиімді пайдалану қағидасы - барлық қарастырылған үш қағиданың синтезі мүмкін болатын варианттардың ішінен жеткілікті негізделген мүліктік кешеннің функционалды мүмкіндіктерін неғұрлым толығымен орындайтын және объектінің ең жоғарғы құнына алып келетін, мүліктік кешен неғұрлым тиімді пайдалану варианты таңдалады. Құнды бағалау үшін осы вариант қолданылады.
2.3. Автокөлік құралдарын бағалау кезеңдері
Автокөлік құралдарын бағалау кезеңдерден тұрады:
1. Мақсатты қою
2. Құн түрін анықтау
3. Бағалау объектісін анықтау
4. Машиналар мен құралдардың құнын есептеу
5. Бағалау нәтижелері мен қорытындыларын есептеу
Әдістемелік әзірлеме негізгі көліктің бағасымен, яғни шыққан жылы, алғашқы бағасы, жүргені және техникалық жағдайымен байланысты.
Автокөліктердің өзіндік тозу есебі мен техникалық жағдайын көрсету кезіндегі автокөліктің құнын анықтау бойынша әдістемелік басқару құжаты негізінде автокөліктің бағалауын жүргізеді.
Бағалауды қолдану аймағы
Бұл бағалау түрін шет елдерде шығарылатын жеңіл және жүк көліктерінің, автобустар мен әртүрлі маркідегі мототехникалардың құнын анықтау кезінде қолдану үшін арналған.
Әр түрлі жағдай үшін құнды анықтау кезінде ұсынылған әдістерді пайдалану барысында есебінің шешімі анықталады яғни:
Кәсіпорындағы көлік құралдарын негізгі қор ретінде немесе көлік құралын жалға беру және сату үшін бағаны анықтау кезінде;
Сенімді басқаруға өткізу немесе жекешелендіру мақсатында;
Кепіл ретінде көлік құралын қолдану кезінде;
Мүліктік дау шешімдерін шешу үшін;
Салық салу есебін жүргізу мақсаты үшін.
Берілген әдістеме заңдылықтар мен құқықтық норма талаптарына сәйкес міндетті орындалуы керек. Автокөлік құралдарын бағалау бірнеше кезеңдерден тұрады.
Бірінші бағалау кезеңде бағалаушы мен бағалауға тапсырыс берушінің кездесуі, демек көлік құралының иесі немесе оның сенімді тұлғасы. Сонымен қатар көлік құралына тапсырыс беруші болып, заңды немесе жеке тұлғалар, басқа да қызығушылық білдіретін ұйым яғни банктер, сауда немесе сақтандыру компаниясы, салық, сот, құқықты қорғау органы болып табылады. Сондықтан бағалаушы тапсырыс берушінің бағалауға тапсырыс беруге құқығына көз жеткізе отырып, көлік құралын иемдену құқығы, тапсырыс берушінің жеке құжатарымен жеке танысуы керек. Тапсырыс беруші бағалаушыға бағалау мақсатында көліктің көзге көрілмейтін бөлшектің дефектілері мен бұзылысын айқындап көрсетуі қажет. Көлік құралының иесі берілген жұмыстың бағасымен танысып, бағалау жүргізуге келісім-шартқа тұру ұсынысын береді.
Кейбір кезде бағалаушы жанжалды шешуге және оған қатысуға мұқтаж етіледі. Мұндай жағдайда: жол-көлік қатынастар оқығасының нәтижесінде зардап шеккендер және соттық дау шешімдері үшін көлік құралдарының құнын анықтайды.
Дұрыс бағалау үшін сарапшы-бағалаушы өзінің міндетін дұрыс орындау қажет, яғни:
Жанжалды шешуге екі жаққа бірдей түсінушілік білдіру;
Кінәліні іздемеу, одан бас тарту;
Кез-келген жағдайда не жасау керектігін клиентіне үйретпеу;
Жақсы бағалану - бұл жеңген немесе жеңілген жақтың болмауы, барлық жақ нәтижеге қанағат болуы, күдіктің тумауы.
БАҒАЛАУ ПРОЦЕДУРАСЫ
Бағалауды жүргізу келесі ретпен жүзеге асырылады:
► Бағалау жүргізу үшін келісім шарт жасау;
► Бағалау объектісі орналасқан жерге бару, оны тексеру, суретке түсіру;
► Республика, облыс, аудан және орналасқан орны деңгейі бойынша объектінің нарықтық құнына әсер ететін ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау;
► Бағалау объектісіне, объект-аналогтарға, сонымен қатар сәйкес нарықтардың ұсыныс бағаларына қатысты ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау;
► Ең жақсы және тиімді пайдалануды талдау: қорытындылар бар мен бағалау объектісі орналасқан ауданы үшін жылжымайтын мүліктің пайдалану ұқсастығын ескере отырып, жиналған ақпараттар негізінде жасалады;
► Нарықтық құнды анықтау мақсатында есептеулерді жүргізу тәсілдер мен әдістерді таңдау;
► Бағалау әдістерін қолдану негізінде алынған нәтижелерді қорытындылау және соңғы қорытынды құнды есптеу;
► Бағалау туралы есепті рәсімдеу және оны тапсырыс берушіге ұсыну.
Көлік құралын қарау
Екінші кезең көлікті толықтай қарау, ол бірнеше кезең аралықтарға бөлінеді.
Ақпаратты талдау және оны тексеру
Көлікті көрердің алдында бағалаушы барлық құжаттармен толық танысуы керек, олар мыналар:
Аты, жөні және тегі, мекен жайы. Оның заңды мекемесі және реквизитін білу.
Көліктің техникалық төлқұжатын тіркеу куәлігі: серия, нөмір, кіммен және қашан берілді, көлік қандай жағдайда. Көлік туралы мәлімет: түрі, маркасы, моделі, жасалған елі, кузов түрі, шығарылған айы мен жылы, қозғалтқыш номері, оның типі және жұмыс көлемі, кузов номері, шасси, идентификация нөмірі , мемлекеттік нөмір белгісі, нөмір өзгертуі жайында мәлімет, спидометрдің жүрген жолының көлемі.
Егер қызығушылық болған жағдайда бағыттау, анықтау.
Шақыру туралы құжаттың болуы
Жол апаты болған жағдайда оның зардабын анықтау
Көлікті қарау актісі міндетті құжат емес, алайда ол қызуғышы жақтың толық мәліметті алу мақсатын, көп сұрақтың болдыртпауын және сенімділікті нығайтады.
Қажетті жағдайда сарапшы көлік құралдың құжаттар мазмұнын материалды қол қойылған аудармасын талап етуге құқылы.
Техникалық жағдайды тікелей тексеру және анықтау мақсатында сарапшы мыналарды тексереді: көлік құрал нөмірінің , оның агрегаттарының және боялған түсінің ұсынылған құжаттардағы жазбаларға сәйкестілігі. Көлік құралдың негізгі құжаты болып оның техникалық паспорты саналады. Онда көлік құралы жөніндегі негізгі ақпарат, яғни оның маркасы, шығарылған жылы, түсі, тіркелу нөмірі және орны, иесі туралы мәліметтер, сондай-ақ басқа айырықша белгілер мен ақпараттар бар. Техникалық құралдардың шет елдік техникалық паспортының сыртқы түрі, сонымен бірге ондағы ақпараттың көлемі бойынша өзіндік ерекшіліктер бар. Мысалы американдық паспорттарда қозғалтқыштың нөмірі көрсетілмейді, өйткені ол ауыстырылмайтын элемент болып саналады, ал кейбір еуропалық елдердің паспорттарында кузов пен қозғалтқыштың нөмірі ғана емес, сондай-ақ қуатты іріктеу қорабы сияқты басқа маңызды агрегаттардың нөмірі көрсетіледі.
Көлік құралы кедендік рәсімдеуден өткізу кезінде оның иесіне кедендік декларация беріледі, онда көлік құрал мәліметтері оны сатып алу мерзімі, мен орны, кедендік құны және кедендік төлемдердің түрлері көрсетіледі. Сату- сатып алу келісімінде көрсетілген құн немесе көлік құралының нарықтық құны кедендік құннан ерекшеленеді. Аталған құжаттардағы ақпараттың шынайлығын бағалаушы көлік құралын тексеру кезінде анықтайды.
I. Автокөлік құралдарын бағалаудың әдістемелік тәсілдері
12.1. Автокөлік құралын бағалаудың шығындық тәсіл
Шығындық тәсілде бағаланатын жылжымалы мүліктің құны бірінші кезекте оны құру мен өткізуге кеткен шығындармен анықталады. Осындай әдіспен анықталатын құн нарықтық құнмен сай келмеуі мүмкін, өйткені шығындар - пайдалылық, сапа және бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін құнның жалғыз факторы емес.
Шығындық тәсілмен бағаланатын нарықтық құн ұдайы өндіру құны болып табылады, егер оны бүгін шығарса және сатса объектінің қанша тұратындығын, яғни бағалардың әрекет етуші деңгейінде анықтайды. Мұндай бағалауда шарттылық элементі болады, өйткені біріншіден бұл сияқты объектілер бүгінде өндірілмеуі мүмкін және олардың өндірісін ешкім реттеуге асықпайды, екіншіден, егерде бүгінде өндірілмеуі мүмкін және олардың өндірісін ешкім реттеуге асықпайды, екіншіден, егерде бүгінде осындай өндіріс болса да онда жаңа технологиялар қолданылар еді. Бағаланатын объектінің жасы үлкен болған сайын оның шығындық тәсілін көбірек бағалауға тура келеді.
Машиналар мен автокөлікті бағалаудағы шығындық тәсіл іс жүзінде келесі әдістермен жүзеге асырылады.
1. Біріңғай объектілер бағасы бойынша есептеу;
2. Элемент бойынша (агрегат бойынша) есептеу;
3. Шығындарды талдау және индексациялау;
Бірыңғай объект бойынша есептеу
Бағаланатын объект үшін конструкциясы, пайдаланатын материалдары және дайындау технологиялары бойынша ұқсас біріңғай объект басқа тағайындауға ие болып басқа салаларда қолданыла алады. Біріңғай объект нарықта белгілі бір сұраныспен қолданылады және оның бағасы белгілі.
Біріңғай объектіні дайындаудың өзіндік құны бағаланатын объектіні дайындаудың өзіндік құны бағаланатын объектіні дайындаудың өзіндік құнына жақын және өндірістік факторлардың берілген объектілеріне арналған жалпыларының ықпалында қалыптасады.
Біріңғай объектінің бағасы өндірістің таза өзіндік құнынан кәсіпорынның таза пайдасынан, пайдаға салықтан, саудаға үстеме бағадан және ҚҚС реттеледі. Біріңғай объектінің толық өзіндік құны
Бп.бір = [( 1- ҚҚС)*(1-Hпр- Kр)*Ббірлт](1-Hпр)
Мұнда Бп.бір - біріңғай объектінің бағасы
ҚҚС - қосымша құнға салынатын салық
Нпр - пайдаға салық ставкасы;
Кр - өнімнің өңтайлылық көрсеткіші, яғни таза пайда мен сауда үстемесінің баға қатынасы бойынша;
Ббірлт - біріңғай объектінің бағасы
Оңтайлылық көрсеткішін анықтау көбірек қиындық тудырады, ол бәрінен бұрын нарықтағы берілген бірыңғай объектке сұраныстың қаншалықты жоғарылығына байланысты. Жоғары сұраныспен қолданылатын өнімнің өңтайлылық көрсеткіші 0,10-0,25 орташа сұранысқа ие өнім үшін -0,05-0,10 құрайды.
Бағаланатын объектінің толық өзіндік құны Ө бірыңғай объектінің өзіндік құны бойынша есептелініп түзетіледі, объектілердің конструкциясының көлеміндегі айырмашылық ескеріледі.
Өт=Өт.бір*(GGбір)
Мұнда G мен Gбір - бағаланатын және бірыңғай объектілер конструкциясының салмағы;
Өт - бірыңғай объектінің өзіндік құны
Егер бағаланатын және бірыңғай объект өндірістің әр түрлі типінде дайындалса, онда өндіріс сериясындағы коэффиценттердегі айырмашылықтарға түзету енгізіледі.
Бұдан әрі бағаланатын объектінің объектінің қалпынакелтіру құны есептеледі. Ол мына формула арқылы есептеледі:
Sқ= [(1-Нпай)*С][1-Нпай-Ко]
Мұнда С- бағалау объектісін өндіргендегі толық құны
К0 - өнімнің оңтайлы көрсеткіші
Нпай- табыс салығының ставкасы
Бұл формула оңтайлылық көрсеткіші бағаданатын объектінің өтімділік дәрежесіне сәйкес болуы тиіс. Сұранысқа ие емес объектілерді де бағалау қалыс қалмайды, ол кезде олардың құны өзіндік құнына тең мәнге ие болады.
Элемент бойынша (агрегаттық) есептеу
Бұл әдіс бағаланатын объект сатып алуға болатын және бағалары нарықта белгілі құрамдас бөліктерден жиналуы мүмкін. Мұндай бағалаудың неғұрлым тән мысалы, автокөліктің құнын олардың жиналатын бөлшектері бойынша бағалау болып табылады. Басқа мысал - әмбебап жабдықтың бірнеше бірліктерінен жиналатын тасқынды технологиялық желілер құнын бағалау.
Осы әдіспен жүмысты жүргізу мынадай:
1. Бағаланатын объектінің құрамына талдайды және олардың негізгі бөлшектерінің тізімін құрастырады.
2. Объектінің әрбір бөлігі бойынша бағалық ақпарат жинайды.
Егер бағалары уақыттың әртүрлі сәттеріне қатысты болса, онда оларды индекстейді.
3. Бөлшектердің бағалары туралы жиналған мәліметтерді объектінің толық өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланады.
Ө=(1+Көз)* ∑Бэл
Мұнда ∑Бэл - осы бөлшектердің бағалары бойынша есептелген объекті бөлшектерінің сомалы құны;
Көз - дайындаушының өзіндік шығындарын ескеретін коэффицент (0,3-0,4);
Содан сон қалпына келтіру құны анықтайды:
S=[(1-Нпай)*Өт][1-Нпай-К0]
12.1. Шығындарды талдау және индекстеу
Бағалау тәжербиесінде айтарлықтай кең тараған мысал объектінің ескі құнын (бағасын) түзету индекстерін (индекс-дефлятор) көмегімен қазіргі заманғы бағалар деңгейіне келтіру болып табылады. Егер осы объектке жататын өнімнің сол тобы үшін баға индекстері белгілі болса, объектінің бағасын тікелей индекстеу арқылы жүзеге асырылады.
Бұл әдістің ерекшелігі мынада, индекстеуге объектінің тұтастай алғандағы құны емес, оның өзіндік құны реттелетін шығындар ұшырайды. Мұндай жағдайда объектіні өндіру кезінде шығындалатын ресурстардың баға индекстерін негізге алады. Ресурстардың баға индекстері туралы ақпарат дайын бұйымдардың баға индекстері туралы ақпаратқа қарағанда анағұрлым қол жетерлік. Оның үстіне бағаның белгілі кезеңінің (жылдың, тоқсанның, айдың ) соңына қатынасын білдіретін базистік баға индекстері туралы сөз болып тұр. Шығындық көрсеткіштің бағалау сәтіне қарай мәнін келтіру үшін, шығу сәтінің жағдайы бойынша бұл көрсеткішті түзетулер енгізуші индекске көбейту қажет. Түзету енгізуші индекс - ресурстың баға
индексін бағалау жағдайына қатынасы.
Объектінің шығысының өзіндік құны (ҚҚС-ынсыз) оның толық өзіндік құнын мына формуламен анықтайды.
S= [(1-Hпай- К0)*Sшығ][1-Нпай]
Мұнды Sшығ= уақытың белгілі бір сәтіне арналған объектінің шығу құны (ҚҚС-сыз);
Hпай - табыс салығының ставкасы;
К0 - өнімнің өңтайлық көрсеткіші
Сонан соң өзіндік құн құрылымы экономикалық элементтер бойынша, яғни жұмсалатны ресурстардың түрлері бойынша беріледі. Іс жүзіндегі мақсаттар үшін төрт экономикалық элементтер бойынша өзіндік құндағы шығындарды топтастыру жеткілікті: материалдар (М), энергия тасымалдағыштар Э еңбек ақысы Е амортизация А. Шығын деңгейіне қарағанда шығындар құрылымы неғұрлым тұрақты. Құрылымды бағалау үшін статистикалық жылнамалардың немесе дайындаушы-кәсіпорындардан алынған деректер қолданылуы мүмкін. Пайыздық қатынас бойынша құрылымда толық өзіндік құннан тұратын экономикалық элементтерде көрсетілгендер есептеледі.
Бұдан әрі шығындар түріне байланысты сол немесе өзге баға индексін, я болмаса индекстеуші көрсеткішті қолданады. Егер объектіде сондай-ақ түсті қоспаларын көп болса, онда материалдардың баға индексі, бағалар индексінен түсті метуларгия өнімдері бағаларынан қиылыстыралады. Энергия тасымалдау шығындары электроэнергетика өнімдеріне арналған бағалардың индексі бойынша индекстейді. Еңбек төлемінің шығындары өндірістегі орташа айлық еңбек ақының шығу жағдайына арналған орташа еңбек ақы ретінде есептеледі. Сондай-ақ заңмен бекітілген ең аз еңбек ақы ретінде есептеледі. Сондай-ақ заңмен бекітілген ең аз еңбек ақы мөлшері бойынша берілген шығындарды индекстеуге болады. Амортизацияны индекстеу үшін әдетте баға индексін құрылыс материалдары Iқұр.м. өндірісінің индексі мен машина жасау Iмаш. өнімдерінің баға индекстерін біріктіретін кешенді индексі қолданылады.
Индекстелген шығындарды бағалау кезіндегі объектінің өзіндік құнын сомалайды. Одан кейін бұрынғы формулада келтірілген өзіндік құнды түрлендіреді.
Шығындарды талдау жіне индекстеу әдісіне белгілі бір байқампаздықпен қарау керек. Біріншіден, дәл емес өзіндік құн құрылымын экономикалық элементтер бойычнша анықтау кезінде қалыптасады. Өзіндік құн құрылымы әдетте айтарлықтай тұрақты әйтсе де оған бірнеше факторлар әсер етеді. Осылайша, дайындауы қиын және еңбекке сыйымды субъектілерді еңбек ақысы шығындарының үлесі көтеріңкі. Ауыр және металл сыйымдылықты объектілердің өзіндік құынында материалдық шығындардың шекті салмағы айтарлықтай. Жаппай өндіру объектілерінде өндірісті өзіндік құнмен автоматтандыруда амортизациялаудың шығындардың пайызы жоғары. Екіншіден, баға индекстері енгізілген пайдаланатын ресурстар мен тауарлар арасында қолданылатын толық сай келетін ие екендігін мақұлдауға болмайды. Үшіншіден, бағлау кезіндегі баға индекстерін алдағы кезеңге арналған динамика бойынша болжауға тура келеді, бұл да қателіктерге алып келеді. Алайда экономикалық элементтер бойынша жеке ыңғайдағы индекстеу, бір түзету енгізуші индекс бойынша құнды (бағаны) тікелей индекстеуге қарағанда неғұрлым сенімді нәтижелер береді. Қандай жағдай болмасын айтарлықтай уақыт үлесіндегі, әсіресе инфляция жоғары кезендегі индекстеуден қашу қажет.
Белгіленген уақыт бойынша автокөліктердің тобындағы объектілерді бағалаудың өзгеруін индекстік әдіс арқылы қарастырып, бағалау объектісінің құнын анықтағанда мына формула бойынша жүргізіледі.
Sв=Sб*У
Sв - объектінің бағалау құны
Sб - объектінің бастапқы құны
У - бағалаудың өзгеру құны
Егер индекстік әдіспен шығынды қарастырғанда, автокөліктердің қалдық құны, қайта қалпына келтіру құны мен тозу құнының айырымына тең:
Сиз=Ц\-Виз
Мұнда Сиз - автокөлік құралының құнының тозу есебін алғанда қалдық есептік құны.
Ц\ - автокөліктерді қалдық қайта қалпына келтіру бағасы
Виз - тозу құны
Автокөліктердің физикалық тозу пайызын анықтау үшін келесідей ақпараттарды дайындайды:
1. Спидометрден жол жүрілген есептік бойынша нақты көрсеткішін аламыз .
2. Автокөліктің техникалық куәлігіне сәйкес жүрілген уақыты.
3. Көліктің тозу пайызын мына формула арқылы анықтаймыз
Итр=(И1*Пф+И2*Дф);
Мұнда И1- жүрілген жол бойынша тозу
Пф- көлікті қарау кезінде спидометрдегі жүрілген жол (км);
И2- уақыт факторлары бойынша тозу көрсеткіші
Дф- көліктің нақты жүрілген қызметі
4. Көліктің бұйымдық кешенін ауыстырғандағы жеке тозу есебін анықтайды: автокөлік дөңгелектері, аккумулятор батареясы және т.б.
5. Көліктің бұйымдық кешенін тозу есебінің құны мына формулалар арқылы анықталады:
Сиз=Ц-Виз=Ц*((1-Итр)100),тенге
Мұнда Сиз - көлік құралының есептік тозу есебінің құны тенге
Ц - көлік құралының кешендік есебінің бағасы
Виз - тозу есебіне сәйкес құнды төмендету өлшемі, тенге.
6. Егер жеке агрегаттар мен бұйымдық кешенді ауыстырған жағдайдағы үрдісі мен көлік құралының тозу есебін алғандағы қалдық құны мына формула арқылы анықталады.
СХиз=Сиз+∑Зi*(Итр-Иi)100
Мұнда СХиз - көлік құралын ауыстырған жағдайдағы үрдісі мен тозу есебін алғандағы қалдық құны;
Зi - i - ші агрегатты ауыстыру шығындары
Итр - i- көлік құралының комплектің тозу есебі
Иi- i- ші агрегатты ауыстыру үрдісіндегі тозу пайызы
7. ші агрегатты ауыстыруға кеткен шығындары мына формула арқылы анықтаймыз:
Зi=Цi+Сз, тенге
Мұнда Зi- i-ші агрегатты ауыстыруға кеткен шығындар
Иi- i-ші агрегаттар бағасы
Сз - i-ші агрегатты ауыстыруы бойынша жөндеу жұмысының құны
8. Көліктің құнынан төмендету факторы болып пайдалану кезіндегі залалдардың пайда болуы. Олар мыналар:
Темірдің қабыршықтануының (коррозия) орны ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz