Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру



Жоспар

а) Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру
б) Сандық нышаннан топ құрудың тәртібі және топтама
в) Статистикалық бақылау және оның мақсаттары
г) Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың факторлары
д) Статистикалық бақылаудың түрлері және тәсілдері

Пайдаланылған әдебиеттер:
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру
Статистикалық байқаудан алынған мәліметтерді пайдаланып зерттеу жүргізу үшін оны жинақтап, белгілі ережеге сәйкес реттеу керек. Жинақтау статистикалық мәліметтерді реттеудің маңыздысы болып табылады.
Статистикалық байқаудың реттендірілген мәліметтері маңызды емес. Мысалы, халық санағы жүргізілгенде әр адамның жынысы, жасы, ұлты, білімі, тағыда басқадай мәліметтер алынды. Бұл мәліметтер бір ғана адамды сипаттайды. Жеке мәліметтен ешқандай тұжырым жасауға болмайды. Сондықтан, санақ мәліметін жиақтап, санап халықтың санын, жасын, ұлттық бірліктілігін сипаттайтын көрсеткіш анықталады. Сөйтіп жиналыс арқылы құбылыстың мәнін, мазмұнын өзгерту заңдылығын сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер туындайды. Статистикалық жинақтау байқау бірліктерін сипаттайтын даралық нышаннан жинақты саралайтын өзге сапалы көрсеткіш алынады. Жинақтау бағдарлама бойынша жүргізіледі. Жинақтау дегеніміз- жалпы құбылыс жөнінде кең ауқымды қорытынды көрсеткіш алу және байқау мәліметін ғылыми негізде топтап, өзара қатынас көрсеткіштерді есептеу.
Жиналған статистикалық мәліметтерді топтау дегеніміз- бір немесе бірнеше маңызды нысанына қарай сапа жағынан сандық дәрежесі тұрғысынан біркелкі бөліктерге бөлу. Топты жүргізу амалының жүйесі топтау әдісі деп аталады. Статистика жиынтығының бірлігі әр түрлі нышан бойынша сипатталады. Басқаша айтқанда, бірлік- әртүрлі қасиетке ие. Мысалы, адам еңбеккерлер жиынтығының бірлігі ретінде бірнеше нышанмен сипатталынады. Еңбеккерлер жынысына, біліміне, мамандығы мен жұмыс істеген уақыты, жұмыс атқаратын орны (өндіріс саласы), жалақысының шамасына қарай жіктеледі. Бұл нышан әр бірлікте әр түрлі болады. Еңбеккерлердің жұмыс істейтін саласы, жынысы, мамандығы сапалық нышанға жатады да бітімдік (атрибутивтік) қасиеті деп аталынады.
Жұмысшының алатын жалақысы, жұмыс істеген жылдарының саны, мамандық дәрежесі сан жағынан өзгеріп отырады. Мұны сандық нышан деп атайды. Нышанның сапалық және сандық өзгеруі топтаудың негізі болып табылады. Топтаудың негізгі міндеті статистикалық сан алуан мәліметті талдау үшін ретке келтіріп, өзгермелі маңызды нышаны бойынша топтарға бөледі. Топтау статистикалық мәліметті зетртеудің алғашқы сатысы болып табылады. Топтау өзінің міндетіне сай үлгілі (типтік) құрылымдық және талдамалық болып үш түрге бөлінеді.
Үлгілі (типтік) топтау жалпы жиынтық арасынан әлеуметтік экономикалық жағынан бір-біріне жақын бөліктерін саралауға қолданылады.
Жалпы жиынтық құрамын белгіленген нышан тұрғысынан бөліктерге бөлу құрылымдық топтау деп бөлінеді.
Жиынтық нышандарының өзара қатынасын саралау үшін жүргізілетін топтау талдамалық (талдаулық) топ деп аталынады.
Күнделікті тәжірибеде топтау түрлері таза түрінде аз кездеседі. Статистикалық жұмыста топтау түрлері қатарласа қолданылып жатады. Басқаша айтқанда, топтау кезінде құбылыстың әлеуметтік- экономикалық жайы, құрылымы және нышандардың қатысы бір-біріне тәуелділігі қатар сарапталынады.
Бір ғана нышан арқылы жүргізілетін топтау қарапайым деп, бірнеше нышан бойынша топталынса құрама топтау деп аталынады.
Үлгілі топтаудың қоғамдық қарым- қатынастардың өзгерісін сипаттауда маңызы зор.
Қазақстан Республикасы халық шаруашылығындағы еңбеккерлердің нышанының өзгеруі себеп нышанға байланысты. Келтірілген мысалда әйелдің жасының ұлғайғаны бала туудың азаюының себебі , себебі туу көрсеткішінің дәрежесі нышанға жатады. Топтың таза түрі болмайды. Топтаудың барлық түрінің негізігі мақсаты- құбылыстың және оның нышандарының қарым-қатынасын саралау, құрылымын анықтау.
Сандық нышан топ құраудың негізгі мәселесіне топ нышанының қанша болуы және топтың сандық нышанының шамасына қатысты.
Топтың санында сандық нышанның өрісі, басқаша айтқанда, сандық нышанның төменгі және жоғары дәрежесі арасындағы шамасы әсер етеді. Бұл алшақтық үлкен болса топ саны көбірек, ал егер азырақ болса топ саны аз болады.
Топтың сандық шамасы, басқаша айтқанда, топтың жоғарғы және төменгі ішегі арасының шамасы үлкен болса топ саны аз, ал керсінше, кішірек болса топ көп болады. Топтың саны аса көп болса, топқа кіретін бірлік саны аз болады. Ондай аз бірлік кіретін топ белгілі қасиет иесі болмауы мүмкін. Топтың нышанының жоғарғы және төменгі дәрежесінің айырмасын топ арасы деп атайды. Топ арасы біркелкі және әркелкі болады. Егер құбылыс нышаны онша алшақтықта болмай және біркелкі шамамен өзгеретін болса, біркелкі топ жасақталады. Мысалы, бір дақылдың түсімділігін, бір мамандықты жұмысшының жалақы шамасы біркелкі топпен сараланады. Бұл жағдайда топ арасы шамасын нышан алшақтығын топтың санына бөлу немесе мынадай кестемен табады: і=(Х жоғары –Х төмен) n- мұнда:
І-топ арасының шамасы;
Х-жоғары-құбылыс нышанының жоғары дәрежесі;
Х-төменгі – құбылыс нышанының төменгі дәрежесі;
n- құбылыс нышанының бөлінген тобының санны.
Мысал келтірейік, Қазақстан облыстарының халық банкісінде аманаттың ең жоғарғы орташа шамасы 1992 жылдың аяғында 5925 теңгеге, ең төменгі орташа шамасы 2025 теңгеге тең болатын облыстарды үш топқа бөлу керек делік. Іздеген топ арасының шамасы і-(5925-2025)/3=1300 теңге-тең. Келтірілген мысалда топты былай деп көрсетуге болады. 3325-4625 және 4625-5925. Бірінші (2025-3325) топқа облыстың (Алматыны қоса) -8-і, екінші топқа -3, үшінші топқа 4-і кіреді. Аманат шамасы төмен облыстардың үлесі көп болатын байқауға болады.
Тәжірибеде біркелкі емес аралықты топтар аз қолданылмайды. Бұл аралықты топтау өзгеріс шамасының бір-біріне жақынын көрсету үшін қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ызғарбек Әміреұлы «Статистиканың жалпы теориясы»: оқулық, экономикасы, 1989 ж.
2. Журиков «Статистиканың негізгі элементтері»: оқулық, 1990 ж.

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
а) Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру
б) Сандық нышаннан топ құрудың тәртібі және топтама
в) Статистикалық бақылау және оның мақсаттары
г) Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың факторлары
д) Статистикалық бақылаудың түрлері және тәсілдері

Пайдаланылған әдебиеттер:

Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру
Статистикалық байқаудан алынған мәліметтерді пайдаланып зерттеу
жүргізу үшін оны жинақтап, белгілі ережеге сәйкес реттеу керек. Жинақтау
статистикалық мәліметтерді реттеудің маңыздысы болып табылады.
Статистикалық байқаудың реттендірілген мәліметтері маңызды емес.
Мысалы, халық санағы жүргізілгенде әр адамның жынысы, жасы, ұлты, білімі,
тағыда басқадай мәліметтер алынды. Бұл мәліметтер бір ғана адамды
сипаттайды. Жеке мәліметтен ешқандай тұжырым жасауға болмайды. Сондықтан,
санақ мәліметін жиақтап, санап халықтың санын, жасын, ұлттық бірліктілігін
сипаттайтын көрсеткіш анықталады. Сөйтіп жиналыс арқылы құбылыстың мәнін,
мазмұнын өзгерту заңдылығын сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер
туындайды. Статистикалық жинақтау байқау бірліктерін сипаттайтын даралық
нышаннан жинақты саралайтын өзге сапалы көрсеткіш алынады. Жинақтау
бағдарлама бойынша жүргізіледі. Жинақтау дегеніміз- жалпы құбылыс жөнінде
кең ауқымды қорытынды көрсеткіш алу және байқау мәліметін ғылыми негізде
топтап, өзара қатынас көрсеткіштерді есептеу.
Жиналған статистикалық мәліметтерді топтау дегеніміз- бір немесе
бірнеше маңызды нысанына қарай сапа жағынан сандық дәрежесі тұрғысынан
біркелкі бөліктерге бөлу. Топты жүргізу амалының жүйесі топтау әдісі деп
аталады. Статистика жиынтығының бірлігі әр түрлі нышан бойынша сипатталады.
Басқаша айтқанда, бірлік- әртүрлі қасиетке ие. Мысалы, адам еңбеккерлер
жиынтығының бірлігі ретінде бірнеше нышанмен сипатталынады. Еңбеккерлер
жынысына, біліміне, мамандығы мен жұмыс істеген уақыты, жұмыс атқаратын
орны (өндіріс саласы), жалақысының шамасына қарай жіктеледі. Бұл нышан әр
бірлікте әр түрлі болады. Еңбеккерлердің жұмыс істейтін саласы, жынысы,
мамандығы сапалық нышанға жатады да бітімдік (атрибутивтік) қасиеті деп
аталынады.
Жұмысшының алатын жалақысы, жұмыс істеген жылдарының саны, мамандық
дәрежесі сан жағынан өзгеріп отырады. Мұны сандық нышан деп атайды.
Нышанның сапалық және сандық өзгеруі топтаудың негізі болып табылады.
Топтаудың негізгі міндеті статистикалық сан алуан мәліметті талдау үшін
ретке келтіріп, өзгермелі маңызды нышаны бойынша топтарға бөледі. Топтау
статистикалық мәліметті зетртеудің алғашқы сатысы болып табылады. Топтау
өзінің міндетіне сай үлгілі (типтік) құрылымдық және талдамалық болып үш
түрге бөлінеді.
Үлгілі (типтік) топтау жалпы жиынтық арасынан әлеуметтік экономикалық
жағынан бір-біріне жақын бөліктерін саралауға қолданылады.
Жалпы жиынтық құрамын белгіленген нышан тұрғысынан бөліктерге бөлу
құрылымдық топтау деп бөлінеді.
Жиынтық нышандарының өзара қатынасын саралау үшін жүргізілетін топтау
талдамалық (талдаулық) топ деп аталынады.
Күнделікті тәжірибеде топтау түрлері таза түрінде аз кездеседі.
Статистикалық жұмыста топтау түрлері қатарласа қолданылып жатады. Басқаша
айтқанда, топтау кезінде құбылыстың әлеуметтік- экономикалық жайы, құрылымы
және нышандардың қатысы бір-біріне тәуелділігі қатар сарапталынады.
Бір ғана нышан арқылы жүргізілетін топтау қарапайым деп, бірнеше
нышан бойынша топталынса құрама топтау деп аталынады.
Үлгілі топтаудың қоғамдық қарым- қатынастардың өзгерісін сипаттауда
маңызы зор.
Қазақстан Республикасы халық шаруашылығындағы еңбеккерлердің
нышанының өзгеруі себеп нышанға байланысты. Келтірілген мысалда әйелдің
жасының ұлғайғаны бала туудың азаюының себебі , себебі туу көрсеткішінің
дәрежесі нышанға жатады. Топтың таза түрі болмайды. Топтаудың барлық
түрінің негізігі мақсаты- құбылыстың және оның нышандарының қарым-қатынасын
саралау, құрылымын анықтау.
Сандық нышан топ құраудың негізгі мәселесіне топ нышанының қанша
болуы және топтың сандық нышанының шамасына қатысты.
Топтың санында сандық нышанның өрісі, басқаша айтқанда, сандық
нышанның төменгі және жоғары дәрежесі арасындағы шамасы әсер етеді. Бұл
алшақтық үлкен болса топ саны көбірек, ал егер азырақ болса топ саны аз
болады.
Топтың сандық шамасы, басқаша айтқанда, топтың жоғарғы және төменгі
ішегі арасының шамасы үлкен болса топ саны аз, ал керсінше, кішірек болса
топ көп болады. Топтың саны аса көп болса, топқа кіретін бірлік саны аз
болады. Ондай аз бірлік кіретін топ белгілі қасиет иесі болмауы мүмкін.
Топтың нышанының жоғарғы және төменгі дәрежесінің айырмасын топ арасы деп
атайды. Топ арасы біркелкі және әркелкі болады. Егер құбылыс нышаны онша
алшақтықта болмай және біркелкі шамамен өзгеретін болса, біркелкі топ
жасақталады. Мысалы, бір дақылдың түсімділігін, бір мамандықты жұмысшының
жалақы шамасы біркелкі топпен сараланады. Бұл жағдайда топ арасы шамасын
нышан алшақтығын топтың санына бөлу немесе мынадай кестемен табады: і=(Х
жоғары –Х төмен) n- мұнда:
І-топ арасының шамасы;
Х-жоғары-құбылыс нышанының жоғары дәрежесі;
Х-төменгі – құбылыс нышанының төменгі дәрежесі;
n- құбылыс нышанының бөлінген тобының санны.
Мысал келтірейік, Қазақстан облыстарының халық банкісінде аманаттың
ең жоғарғы орташа шамасы 1992 жылдың аяғында 5925 теңгеге, ең төменгі
орташа шамасы 2025 теңгеге тең болатын облыстарды үш топқа бөлу керек
делік. Іздеген топ арасының шамасы і-(5925-2025)3=1300 теңге-тең.
Келтірілген мысалда топты былай деп көрсетуге болады. 3325-4625 және 4625-
5925. Бірінші (2025-3325) топқа облыстың (Алматыны қоса) -8-і, екінші топқа
-3, үшінші топқа 4-і кіреді. Аманат шамасы төмен облыстардың үлесі көп
болатын байқауға болады.
Тәжірибеде біркелкі емес аралықты топтар аз қолданылмайды. Бұл
аралықты топтау өзгеріс шамасының бір-біріне жақынын көрсету үшін
қолданылады.
Сандық нышаннан топ құрудың тәртібі және топтама
Мысалы, еңбек өнімділігінің мөлшерін орындауды 80-90, 90-
95,
95-98, 98-100, 100-101, 101-102 проценттік аралықта топтау, жоспарды
орындауға тағы да басқа жағдайларға қолданылады. Аралықты топтау біркелкі
емес өзгермелі нышан алшақтықта болса қолданылады. 3-кестеде сандық
банксінде аманаттың шамасы 6 теңгеге дейін өзгереді. Егер топтың арасы
біркелкі болса, басқаша топқа бөлу керек болар еді. Оның мүмкіншілігі аз,
қажетті ақ. Сондықтан, біркелкі емес аралықты қолдану істі барынша және
өзекті негізі мәніне біртектес топ құрады. Топтауды жүргізгенде есте
болатын нәрсе- нысананың сандық нышанының өзгеруі сапалық өзгеріске
әкеледі. Сондықтан топтау тәжірибесінде құбылысты топқа бөліп, одан кейін
топтың нышанын азайтып көбейтіп, бір қалыпты сапалы топ құрады. Топтау
ісінде бір есте болатын нәрсе- мынау. Кейбір біртекті нышанды сипаттайтын
сан шамасы бірдей болғанымен, сапалық жағынан әр түрлі болуы мүмкін.
Мысалы, өнеркәсіп салаларының энергия сіңіргіштігі жоғары, орта және төмен
деңгейлі топтастыру керек. Өнеркәсіп салаларының бұл топтардың сандық әр
түрлі болатыны анық. Мәселен түсті металл өнеркісібіндегі энергия
сіңіргіштің төменгі деңгейі тігін өнеркәсібіндегі жоғарғы энергия
сіңіргіштен жоғары болатыны белгілі. Мұндай жағдай өндіріс салаларының
өзгешелігіне сәйкес, олардың энергия сіңіргіштік деңгейін сипаттайтын
сандар әр түрлі болуы шарт. Еңбеккерлердің экономикалық меншікті түрлері
төмендегі кестеде көрсетілген.

Еңбеккердің экономиканың меншік түрлері бойынша саны (мың адам)

1993 жыл 1997 жыл

Халақ шаруашылығы- барлығы оның ішінде:6923,3 6361,1
Мемлекеттік кәсіпорында, ұйымда 4633,2 2245,4
Бірлескен кәсіпорында 12,6 31,9
Экономиканың акционерлік (ұжымдық)
сапасы 606,0 588,5
Кәсіпкерлердің дербес және жеке
шаруашылы-ғы (фермерлік шаруашылық,
жеке-көмекші шаруада, дербес жеке
кәсіпкерлік жалдамалы кәсіп 973,3 3498,2

Нарықтық экономикаға көшуге байланысты Қазақстан Республикасындағы
еңбеккерлердің, оның ішінде мемлекеттік құрлымда жұмыс істеутіндердің екі
жылда екі еседен артық кеміді. Жаңадан пайда болып аяғынан тік тұрға
қоймағанына қарамастан, жеке меншікке негізделген шаруашылықта жұптасып
істетіндердің саны үш еседен артық өскен.
Құбылыстың құрамдық бөліктерінің қатынасы құрылымды топтау арқылы
сипатталады. Мысалы, халықтың жыныстық, ұлттық, жас шамасы, жұмысшының
мамандық, жұмыс атқарған жылының шамасы тұрғысынан құрамы топтау арқылы
сипатталады. Қоғамдық құбылыс құрамының өзгеруі құбылыстың заңдылығына
тығыз байланысты. Мысалы, елдің өркениетті дамуы қала тұрғындарының
көбеюіне әсер етеді. Тұрмыс жағдайының нашарлығы сатуға түскен өзге
тауарларға қарағанда өнімдерінің көбірек өтіп кетуінен-ақ білінеді.
Келтірілген мысалда жиынтықтың ішіне нышан иесінің үлесі көрсетілді. 1996
жылы тауар айналымында тамақ өнімдерінің үлесі 9,8 процент болып, 1900
жылға қарағанда 11,2 (55,8-44,6) проценттке артқан.
Кейбір құбылыс сан жағынан тым өте алшақ шамада болады. 1994 жылдың
басындағы халық аманатының сомасы 6 теңгеден басталып, 1000 теңгеден де
артыққа жоғарылаған. Бұл жағдайда нышанын біркелкі аралықта жасау бірінші
топтың санына көбейтеді, екінші аманаты сомасы жағынан
ерекшелігін көрсете алмайды. Мұндайда топтың сондай нышанын көрсету дұрыс
болады. Мысалы, бірінші топқа 6 теңге деңгейі аманат жатады, екінші топтың
аралығы одан үш есе артық көбейтіліп, (6-20) теңге арасында алынған.
Сөйтіп, топ аралығының шамасы көбейтіліп беріледі. Топтаудың бұл түріне,
айтылғандай, төмендегідей аманаттың шамасына қарай топтау жатады.Тамақ
өнеркәсібінің кестесін төменде көрсетілген мәліметтерден көруге болады. Оны
кесде де мына жылдармен есептеп статистикалық көрсеткіштерін табайық.

Қазақстан Республикасы бөлшек сауда тауар айналымының құрамы (қоғамдық
тамақтануды қоса, млн. теңге)1
1985х 1990х 1996 1985 1990 1996

Барлық тауар: 15257 21338 248403 100 100 100
оның ішінде:
тамақтық тауар 7486 9428 138689 49 44,6 55,8
тамақтық еместауар 7771 11856 109714 51 55,4 44,2

Бұл сандық нышан арқылы жасалынатын тұжырым- халық банкісінде ақшасын
салғандардың жартыснан артығы (55,2 процент) аманатта соманың 5,6
процентіне ғана ие. Бұлар көпшілігі егде тартқандар. Олар ақшаның
құнсыздануы кеңестік кезде тірнектеп жиғанынан айырылып қалғандар. Ол, бір
екіншіден бұл мәлімет халықтың хал-ауқаттылығының төмен екендігінің жалпы
сипатын көрсетеді.
1989 жылы 1978-79 жылмен салыстырғанда республикада туу дәрежесі 1000
мың әйелге шаққанда 94,5- тен 92,2 дейін төмендеген. Оның ішінде 77- ден
75,9-ға дейін қалада және ауылда 120,3-тен азаймағанын көреміз. Ауылды
жерде қазақ халқы дәрежесінің жоғары болуына байланысты туғандар санының
қалаға қарағанда көптеу екені көрінеді. Тағы бір есте болатын жайт бұл
жастағылардың көбісінің күйі орнықпаған, кемелденбеген кезі болатыны
белгілі. Өзінің тәуелсіздік тұрғынын баянды орнықтыру үшін бұл салада
тиісті мемлекеттік саясат жүргізілуі керек. Ол саясаттың қалай
жүргізілетіндігі жөнінде тәжірибе жүзінде аз емес.Тағы бір мысал
келтірейік.
Акционерлік бірлестіктердің үлес пайдасын төлеу көрсеткіш тұрғысынан
жоғары, орта және төлем үлестік пайдалы топтарын анықтау керек делік Бір
ауданның осы саладағы акционерлік бірлестіктері үлестік пайдасының
шамасынан төмендегідей топқа бөлінген делік.

Үлестік пайданың шамасы тұрғысынан акционерлік қоғамды құру.
Өндіріс саласы Үлестік пайда Бірлестіктің түрі Бірлестіктің саны
деңгейі
Ойыншық шығару 30-дан Ж 2
өндірісі 30-50 О 2
50 жоғары Т 3
Аяқ-киім өндірісі 20дейін Ж 1
20-40 Т 3
40-жоғары О 2
Тоқыма өнеркәсібі 10 дейін Ж 2
10-30 Т 4
30 жоғары О 1

Кестеден көріп тұрғандай, үлестік пайда көрсеткіші топқа бөлінген: Ж-
жоғары дәрежелі, О- орта дәрежелі, Т-төменгі дәрежелі. Өндірістік
салаларында дәрежесі әр түрлі мысалы, мата өндірісіндегі бөлежар пайдасының
жоғары деңгейі шамасындай. Бұл көрсеткіш әр түрлі себептерге қарай
анықталады. Топтаудың екінші нышанына үлестік пайданың көрсеткіші жатады.
Үлестік пайданы төлеу көрсеткіші төленген үлестік пайданы таза табысқа
бөлумен есептелінгені белгілі. Бұл нышанның салада әр түрлі болып
өзгергенін көреміз. Мамандандырылған нышан (жоғары, орта, төмен) арлықта
көрсетілген үш саланы үлестік пайдасы тұрғыснан топтауға болады. Ол төменде
берліген.

Акционерлік қоғамның үлестік пайдасы тұрғысынан тобы
Қоғамның үлестік пайдалы деңгейінің түрі Акционерлік қоғам
нақты саны үлесі
жоғары -5 25
орта 9 45
төменгі 6 30
барлығы 20 100

Құбылыстың және олардың бір-біріне қатынасының топтау бірнеше нышан
арқылы жүргізіледі. Бірнеше нышан бойынша топтау күрделі топ деп аталады.
Күрделі топтама құбылыстың терең зерттеуге мүмкіндік береді. Құрама топтау-
күрделі топтаманың кеңірек қоланылатын бөлігі. Құрама топтамада бір нышан
арқылы алынған топ өз алына баламалы топқа одан да шағын топтарға бөлінеді.
Бұл жағлайда топтаудың жаңа түрлерін іздестіруді талап етеді. Көп өлшемді
топтауда құбылыс бірнеше нышан бойынша қатар бөлінеді. Алдында
көрсеткеніміздей, құрама топтауда, нышан бойынша бірінен соң бірі
пайдаланса, көп өлшемді топтау барлық бар нышан бойынша қатарластырылып
жүргізіледі.
Статистикалық бақылау және оның мақсаттары
Жоғарыда көрсетілгендей статистика тәжірибесінде жүргізілетін әр
түрлі зетіттеу жұмыстары өздерінің істелінетін сатыларына және жүйелеріне
қарай үш кезеңге бөлінеді:
-статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау;
-статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді өздеріне тән
нышандарына қарай бір жүйеге келтіріп, жинақтау және оларды өңдеу, топтау;
-жинақталған мәліметтерді талдау, қорытындылау және зерттеу нәтижелерін
тұжырымдау.
Біз бұдан статистикалық бақылау статистикалық зерттеулерді бастапқы
кезеңі екенін көріп отырмыз. Шындығында да, статистикалық бақылаудың
нәтижесінде қоғамдық құбылыстар мен процестер және зерзаттар (объектілер)
жайында жинаған бастапқы мәліметтер статситикалық зерттеудің екінші және
үшінші кезеңдерінің негізін қалаушы болып табылады. Сондықтан,
статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер жоғары сапалы, нақты
шындықты көрсететін және әдістемесі дұрыс болуы керек. Демек, әр түрлі
фактілерді еске алу және бастапқы мәліметтерді жинау ғылыми ұйымдастырылған
жүйеде жүргізілуі тиіс. Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген
құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала
жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау
тәсілі айтылады. Мысалы, жаңа туған баланы тіркеу кезінде оның өз аты-жөні,
туған күні, айы, жылы, ұлты, ата-анасының ұлты, білімі, жұмыс істейтіндігі
және басқа фактілер жазылады. Статистикалық бақылауды жүргізу, оның
бағдарламаларын дұрыс ұйымдастыру-өте күрделі және көптеген білікті
мамандар мен ғылыми мекемелердің қатысуы арқылы жасалынатын жұмыс. Себебі,
кез-келген статистикалық бақылаудың өзіне тән бағдарламасы, ұйымдастыру
жоспарлары болуы керек. Ол үшін әр түрлі жиындық жұмыстары жасалынады.
Жалпы алғанда, стаистикалық бақылаудың алдына қоятын негізгі мақсаты-
зерттеліп отырған заттар зерзаттар (объектілер) туралы шындықты нақты
дәлдікпен көрсететін, ғылымға негізделген мерзімде жинау. Бұл жөнінде
статистикалық бақылаудың алдына төмендегі талаптар толық орындалуы тиіс.
1. Халық шаруашылығы үшін зерттеліп орытған қоғамдық құбылыстар мен
процестердің негізгі мақсаты, ғылыми және тәжірибелік бағалығы жоғары болуы
керек.
2. Жалпы жиынтыққа әсерін тигізетін себептерді анықтау қажет және
қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы ұдайы өзгерісте болатын сапалы
мәліметтермен қамтамасыз етілуі тиіс. Себебі дұрыс ұйымдастырылмаған, толық
қамтылмаған және жан- жақты қамтылмаған бақылау процесіне талдау жасау
кезінде нәтижелі қорытынды шықпайды. Мұндай жағдайда статистикалық бақылау
өзінің әлеуметтік эканомикалық маңызы мен мәнін жоғалтады.
3. Статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты,
дәлдікті көрсету үшін оның сапалылығы жан-жақты, ұқыпты түрде, әрі өз
уақытында тексерілуі тиіс. Өйткені, бақылау көрсеткішіндегі орын алған
жетіспеушіліктер, кемшіліктер, ауытқушылықтар өңдеу процесінде толық түзету
жасауға мүмкіндік бермейді. Осының салдарынан ғылыми негіздегі қорытынды
және экономикалық баланыс жасауымыз қиындыққа әкеліп соғады, тұйыққа
тіреледі.
4. Статистикалық бақылау ғылыми негізде алдын-ала жасалынған
бағдарлама-әдістеме негізінде ұйымдастырылған түрде жүргізілуі тиіс және
одан алынған мәліметтер дұрыс шешім қабылдау үшін қолданылуы керек.
Сонымен, статистикалық бақылау кезінде бастапқы жиналған көрсеткіштерде
көптеген кемшіліктер кездесетін болса, онда бақылау жұмысының қорытындысы
нәтижесіз болып шығады және алдына қойған мақсатына жете алмайды. Мұның
бәрі бақылау бағдарламасы мен ұйымдастыру жұмыстарының дұрыс жолға
қойылмағандығынан туындайды.
Статистикалық бақылауды жүргізбес бұрын оны ұйымдастыру жоспары
жасалынады. Мұндағы негізгі қарастырылатын мәселе бақылаудың мәні мен
маңызын, міндетін және алдына қойған байланысты бастапқы мәлімтетерді
жинаудың факторларын, түрлерін, тәсілдерін, орнын анықтау болып табылады.
Сондықтан бұларды нәтижелі шешу үшін алдынала бағдарлама жасауы тиіс. Бірақ
алдымен статистикалық бақылаудың мақсаты мен міндеті анықталады да, сонынан
оның бағдарламасы жасалынады.
Ұйымдастыру жұмыстарының ішіндегі ең негізгісі- статистикалық
бақылауды жүргізудегі алдына қойған мақсат, оның өз сол жүргізетін
зерттеулердің мәні мен маңызына байланысты. Бұл дегеніміз бақылауды не үшін
және қайда жүргізетінімізді, қандай мәліметтердің жиналатындығын, қалай
өңдеу керек екендігін, қолданылатын кестенің пішінін және есептеу тәсілін
анықтау болып табылады. Сол себепті статистикалық бақылауды ұйымдастыру
және оның бағдарламасының жасау мағынасы жағынан өте күрделі жұмыс болып
есептелінеді. Сатистикалық бақылаудың бағдармаласында зерзаты мен бақылау
бірліктері дұрыс анықталуы тиіс. Статистикалық бақылау зерзаты дегеніміз-
зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығы. Мысалы,
өнеркәсіпті зерттеу керек болса, онда бақылау зерзатына Қазақстан
Республикасындағы өнеркәсіп орындары, ал ауыл шаруашылығын зерттеу қажет
болса, онда бақылау зерзатына республикамызда тұратын белгілі бір шекті
мезгілдегі бүкіл халық жатады. Статистикалық бақылау жұмыстарын ғылыми
жүйеде ұйымдастыру кезеңіне ең басты- бақылау зерзатының шегін дұрыстап
анықтау. Егер бақылау зерзатының шегі дұрыс анықталатын болса, онда бақылау
зерзатында республикамызда тұратын белгілі бір шекті мезгілдегі бүкіл халық
жатады. Статистикалық бақылау жұмыстарын ғылыми жүйеде ұйымдастыру
кезеңінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистикалық мәліметтерді жинақтау
6 - Лекция. Мәліметтерді статистикалық талдау
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру туралы
Зерттеулердің сандық әдісін жүргізу процедурасы
Статистикалық мәліметтерді жинақтау мен топтау
САНДЫҚ ӘДІСТЕРМЕН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтастыру
Статистикалық жинақтау
Әлеуметтік статистика көрсеткіштері
Статистикалық ақпараттарды топтарға жіктеу
Пәндер