Геологиялық карта


Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Геологиялық карта туралы түсінік

2. Геологиялық картаның түрлері

3. Геологиялық карталарды құрастыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Геологиялық карта - жер қыртысының геологиялық құрылысын белгілі бір масштабта графикалық бейнелеу. Геологиялық карта геологиялық түсіру,

геологиялық зерттеулер нәтижесінде жиылған материалдарды қорыту арқылы жасалады. Жер қыртысының құрылысы мен дамуы, ондағы кен байлықтарының таралу заңдылықтары туралы тұжырым жасауға, іздеу мен барлау, құрылыс, сумен қамтамасыз ету, мелиорация жұмыстарын жобалауға мүмкіндік береді. 1-сурет.

1-сурет. Геологиялық карта.

Геологиялық картада тау жыныстарының құрамы мен жаралу тегі,

олардың орналасу жағдайы, бір-бірімен жапсарласу сипаты, белгілі түстер,

арнаулы ұсақ сызықшалар, әріптер, цифрлар арқылы көрсетіледі. Түрлі түстер жыныстардың жасын, ал сызықшалар литологиялық құрамын көрсетеді.

Барлық шартты белгілер мен олардың түсінігі картаның жиегінде белгілі бір

тәртіппен жазылады. Геологиялық карталар антропоген (төрттік)

шөгінділерінің геологиялық картасы, литологиялық карта, палеогеографиялық карта, инженерлік геология картасы, кен байлықтар картасы болып бөлінеді.

Антропоген шөгінділерінің қасында осы жыныстардың жасы, құрамы,

қалыңдығы, жаралу тегі, мұз басу сатылары, теңіз трансгрессиялары мен

регрессиялары, көп жылдық тоңның таралу шектері белгіленеді. Литологиялық карталарда түп жыныстардың заттық құрамы мен жатыс элементтері белгіленеді. Палеогеографиялық карталарда жер тарихының белгілі кезеңдеріндегі құрлық пен теңізді аудандары, оларда жиылған түрлі

шөгінділердің құрамы, қалыңдығы көрсетіледі. Инженерлік геологиялық

карталарында тау жыныстарының құрамы, жасы және физикалық қасиеттері

(қуыстылығы, су өткізгіштігі, т. б. ) көрсетіледі. Кен байлықтары түрлерінің

орналасу заңдылықтарын көрсетеді, белгілі бір аудандардың геологиялық құрылысы негізінде кен байлықтары табылуы мүмкіндігіне тиісті баға беріледі. (1-сурет)

Геологиялық карталар масштабына қарай шолу, ұсақ, орта, ірі, дәл

масштабты болып бөлінеді. Геологиялық шолу картасы (1:1000 000 және одан ұсақ) мен ұсақ масштабты (1 және 5) . Геологиялық карталар белгілі бір аймақтың, мемлекеттің, құрлықтың не бүкіл дүние жүзінің геологиялық құрлысы жөнінде түсінік береді. Орта масштабты (1:1, 1:2) геологиялық карталарда белгілі бір ауданның геологиялық құрлысының негізгі сипаттары және олардағы кен байлықтарының болжамды мөлшері көрсетіледі.

Ірі масштабты (1:5, 1:25000) геологиялық карталар кен орындарының

табылу келешегі бар, ауыл шаруашылығына игерілетін, қалалар мен кәсіпорындар салынатын аудандардың геологиялық құрылысын толық сипаттау үшін жасалады. Дәл геологиялық карталар (1:1 және одан ірілері) кен денелерінің орналасу заңдылықтарын анықтауға, кен байлықтар қорын есептеуге, кәсіпорындар, тұрғын және қоғамдық үйлер құрлысының тех. жобаларына байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. геологиялық картаға стратиграфиялық бағана мен геологиялық қималар беріледі. Қималардың масштабы мен шартты белгілері картаға сәйкес келуі тиіс. Қазақстанның аумағы әр түрлі масштабтағы геологиялық картамен түгел қамтылған.

Геологиялық карталарды құрастыру мен рәсімдеудің

стандартталған ережелері бар. Геологиялық карта шартты белгілермен

(легендамен), геологиялық қимамен, стратиграфиялық бағанамен сүйемелденіп, олар карта жақтауының тысына шығарылады. Картаның сол жағына стратиграфиялық бағана, оң жағына легенда, астыңғы жағына геологиялық қималар орналасып, анықтаушы жазбалар оның солтүстік жақтауының үстінен және оңтүстік жақтауының астынан орын алады. Әр карта сандық және графикалық (сызықтық) масштабтармен сүйемелденеді.

Стратиграфиялық бағана - бағанада стратиграфиялық бөлімдердің қабатталу реттілігін және заттық құрамын көрсетеді. Ол геологиялық картаның сол жағында орналасады. Төрттік түзілімдері стратиграфиялық бағанада көрсетілмейді.

Стратиграфиялық бағана бірқатар (тоғыз-он) графадан тұратын кесте

болып табылады. Оның құрамына (солдан оңға қарай) графалар:

• жүйені, бөлімді, ярусты және горизонттарды (фанерозой үшін 4 графа

болады) көрсететін жалпы және аймақтық шкалалар;

• жергілікті стратиграфиялық бөліктемелердің индексі;

• органикалық қалдықтардың табылу жағдайы және литологиялық

құрамы (шартты белгілерде) - дербес бағана;

• картографиялық бөліктемелердің қалыңдығы немесе қалыңдық өзгерген

жағдайдағы интервалдары, егер қалыңдығы нақты көрсетілмесе, сөзбен « . . .

асады» немесе « . . . дейін» деп жазылады;

• геологиялық бөліктемелердің сипаттамасы (стратиграфиялық

бөліктемелердің таксоны және атауы), заттық құрамының қысқаша сипаты, ең маңызды (жетекші) қазба органикалық қалдықтарының тізімі; түсіндірме жазба мәтінінде қазба қалдықтардың формалары қайталануы қажет, ал олардың тізімі кеңейтілуі мүмкін.

Бағанада стратиграфиялық бөліктемелер геологиялық картадағы

геологиялық бөліктемелердің түсі мен индекстеріне толық сәйкес боялып,

индекстеледі. Мұнда бағанада көрсетілген, бірақ геологиялық карта

қиындысында жоқ бөліктемелер оның енінің 2/3 бөлігінде көрсетіледі.

Өзіндік бағананың көрнекілігін арттыру үшін оны ритмостратиграфиялық

принцип (немесе «таужыныстың орнықтылығы») бойынша тұрғызуға болады -бағананы сол жағынан сынық контурмен шектеу қажет: ірі сынықты

таужыныстарға - конгломератқа, гравелитке, құмтасқа, кварцитке және

орнықты таужыныстарға (әктас, эффузивтер және т. б. ) ернеу (карниз) тәрізді

дәл сәйкес келуі қажет (6-12 мм-дей), тығыздығы нашар таужыныстарға (сазды тақтатас, туф, мергель және басқа) - дәңдерді бөліп тұратын қуыстар сәйкес келеді.

Стратиграфиялық бағананың тік бағыттағы ұзындығы картаның тік

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геологиялық картаның құрамы
Карта - географиялық заңдылықтарды анықтау құралы
Қазақстан картографиясын дамытудың перспективасы
Геологиялық карта және геологиялық қима
Геологиялық кескін
Алматы облысының этникалық құрамы
Стратиграфиялық бағана құру. Геологиялық картадағы шартты белгілер. Геологиялық қима
Физикалық географиялық карталар
Жыланды кенорынының геологиялық картасы
Карта туралы жалпы тусінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz