Темір жол көлігі саласындағы қызмет


Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» - атты дәстүрлі Жолдауында темір жол көлік саласының дамуына байланысты: «Экспорттық әлеуетті іске асыру, бірінші кезекте бұл - Кеден одағы, Орталық Азия, Кавказ бен Таяу Шығыс елдерінің нарықтары. Біз қазірдің өзінде «Жетіген - Қорғас» және «Өзен - Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желілерін салып жатырмыз, олар іс жүзінде біздің өнімдерге Қытай мен Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына жол ашады» - делінген.
Темір жол көлігін пайдалану өтпек көлік әлеуетінінің тиімділігін арттырудың кепілі, әрі әлемдік көлік жүйесіне белсенді интеграцияланудың формасы болып табылады. Соңғы жылдары стратегиялық мүмкіндіктері мол көлік саласының ағындық экономикалық үрдістерде негізгі қызмет атқарып отырғандығын атап айту қажет. Бүгінгі күні тасымалдау көлемін ұлғайту, көптеген отандық жүк және жолаушы тасымалдаушылар мен экспедиторлардың іс-әрекетінің экономикалық тиімділігін арттыру міндеттері өзектене түсті. Логистика принциптерін енгізу және Қазақстан территориясындағы транзиттік жүк тасымалын басқарудың логистикалық принциптерін дамыту арқылы тасымалдау үрдісін қазіргі талаптарға және халықаралық стандарттарға сай қамтамасыз ететін жаңа технологияларды пайдалану көлік саласының сапалы өрлеуіне мүмкіндік беретіндігін шетел тәжірибесі растап отыр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылдарға дейінгі Көлік стратегиясын жүзеге асыру әлемдік көлік жүйесіне интеграциялануды, ұлттық көлік заңнамасының халықаралық заңдармен үйлесімін, көлік жүйесінің бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуді, мультимодальді тасымалды дамытуды, технологиялық процесс логистикасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында транзиттік әлеуетті қарқынды дамытуды және республика территориясына халықаралық көлік ағындарын тартуды қарастырады.
Қазақстан Республикасының көліктік инфрақұрылымы ішінде темір жол көлігі ерекше орын алады. Темір жол көлігі Қазақстан Республикасының өндірістік инфрақұрылымының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Оның тиімді және тиянақты жұмысы мемлекет экономикасының тұрақтылығына, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, халықтың өмір деңгейі мен жағдайын жақсартуға тікелей әсерін тигізеді.
Қазақстандағы темір жолдың ролін түсіну үшін, бірнеше мысал келтірейік. Темір жолдың үлесіне мемлекеттің барлық жүк айналымының 68 пайызынан астамы және жолаушы айналымының 57 пайызынан астамы келеді. Теміржол қызметі саласында 125 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл Қазақстан халық санының 1 пайызына жуық болып табылады. Жыл сайын теміржол көлігі есебінен мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің және мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық түсімдердің айтарлықтай бөлігі қалыптасады.
Бүгінгі күні Қазақстанның шойын жолдары - бұл 14 мың километрге жуық теміржол желілері, оның ішінде 5 мың километрі екі жолды және 4 мың километрге жуық электрленген жолдар болып табылады. Барлық үлкен қалалар тұрақты жолаушылар қатынасымен байланысқан. Бірақ соған қарамастан, мемлекеттің орталық бөлігінің алып территориялары темір жолдармен мүлдем қамтылмаған. Әрине, теміржолда түйіні шешілмей жатқан проблемалар да әлі баршылық. Атап айтқанда, теміржол желісіндегі 1081 шақырымды қайтадан күрделі жөндеуден өткізу мен модернизациялау жұмыстарын жүргізу, Атбасар қаласында электровоздарды, Екібастұз қаласында жүк және Алматы қаласында жолаушылар вагонын шығаратын зауытты пайдалануға беру ісі өте маңызды шаруа болып тұр.
Бірақ бұл мәселелерге қарамастан, Қазақстанның теміржол қызметі саласы жоғары рентабельді, серпінді дамып келе жатқан сала болып табылады, соңғы кездері оның қаржылық және техникалық мүмкіндігі тұрақты дамып келеді. Сонымен қоса, теміржол мақсатты құрылымдық реформалар кезеңінде тұр, бұл реформалар теміржолды Қазақстан Республикасының көлік нарығының мобильді, икемді сегментіне айналдыруға бағытталады. Реформалар бағытын ұстану, өндірістік мүмкіндіктерді бірте-бірте өсіру темір жол саласына мемлекеттің көлік нарығының ең ірі және сәтті дамып келе жатқан секторы болып қалуға, сонымен қатар көліктің ең сенімді, қауіпсіз түрі абыройын сақтауға мүмкіндік береді.
Темір жол көлігінің есебін оңтайландыру мен ұйымдастырудың жаңа әдістемесі ретінде көлік ағындарының тиімділігін арттыруға, көлік қызметін ұсынатын өндірушілер мен тұтынушылар шығындарын азайтуға мүмкіндік жасайды. Қазіргі халықаралық көлік ағындарына қызмет көрсетуде пайдаланатын бухгалтерлік есепке өзгерістерді қажет етеді.
Жоғарыдан көріп тұрғанымыздай, мемлекет үшін теміржолдың маңыздылығы жыл өткен сайын арта түсуде. Бұл салаға құйылатын инвестиция да ұлғая түсуде . Сондықтан, темір жол қызметі саласындағы бухгалтерлік есепті тиімді және дұрыс ұйымдастыру компания үшін де, мемлекет үшін де маңызды мәселе болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыста теориялық және практикалық мәселелерді зерттеудің негізінде ХҚЕС-на сәйкес темір жол көлігіндегі бухгалтерлік есепті жүргізудің мәселелерін дамытудың саналы жолдарын негіздеу мақсаты алға қойылып отыр. Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер ізбе-ізділікпен шешіледі:
- темір жол көлігі саласындағы қызметті ашып көрсету;
- олардың ХҚЕС бойынша бағалануын, амортизациясын, келіп түсуін және шығу есебін анықтау, сонымен қатар ұйымдастыру үрдісін білу;
- ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебінің ерекшеліктерімен жете танысу;
- темір жол көлігіндегі ішкі аудиттің керектігін және ұймдастыру ерекшеліктерін қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - «Теміржол жөндеу» АҚ. Бұл қоғам темір жолдарды жаңадан салу, күрделі жөндеу, қиыршық тас шығару және рельс дәнекерлеумен айналысатын «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ филиалы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрамы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады. Бірінші бөлімде темір жол көлігі саласындағы қызмет ерекшеліктері туралы және «Теміржол жөндеу» АҚ техника-экономикалық сипаты мен есеп саясаты көрсетіледі, екінші бөлімде қоғамда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәртібі мен ерекшеліктері сипатталады, ал үшінші бөлімде қоғамда ішкі аудитті ұйымдастыру мақсаты мен тәртібі, өткізу этаптары, фирма ішілік стандарттарды құру, сонымен қатар темір жол саласындағы бухгалтерлік есепті модернизациялау қарастырылады.
1 Темір жол көлігі саласындағы қызметтің сипаттамасы
1. 1 «Теміржол жөндеу» АҚ технико-экономикалық сипаттамасы
«Теміржол жөндеу» акционерлік қоғамы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясының» директорлар кеңесінің шешімімен (2002 жылғы 10 қарашадағы №7 хаттамасы) және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясының» Президентінің «Теміржол жөндеу» ашық акционерлік қоғамын құру туралы 09. 01. 2003 жылғы №22-Ц бұйрығына сәйкес құрылған.
Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері мен Жарғыға сәйкес өзінің қызметін атқарады.
Қоғамның құрылтай құжаты жарғы болып табылады. Қоғамның жарғысы «Теміржол жөндеу» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімімен 2009 жылғы 22 шілдедегі №1 хаттамасымен бекітілді. Барлық мүдделі тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте Қоғамның Жарғысымен танысуға құқығы бар.
Акциялардың ұстаушылары: «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» - 23, 43%, ЖШС «Теміржол энерго» - 76, 57%.
Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық дербестігі негізінде жүргізіледі. Яғни оның дербес балансы, банктік шоттары және мемлекеттік пен орыс тілінде толық фирмалық атауы көрсетілген мөрі бар. Жұмыс мерзімі шектелмеген.
Қоғамның толық фирмалық атауы:
- мемлекеттік тілде: «Теміржол жөндеу» акционерлік қоғамы;
- орыс тілінде: Акционерное общество « Теміржол жөндеу»
Қоғамның атқарушы органының орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қонаев көшесі 10, «Изумрудный квартал» ӘҒ
«Теміржол жөндеу» АҚ өзінің қызметін төменде келтірілген нормативтік-құқықтық база негізінде жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
- Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар» туралы №415-ІІ Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 8 желтоқсанындағы «Темір жол көлігі туралы» №266-ІІ Заңы;
- Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алулар туралы» №303 Заңы;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 28 ақпанындағы №234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы 304-І «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы (2007 жылғы 19 ақпандағы №230-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырулармен және өзгертулермен) .
Қоғам қызметінің негізгі мақсаты пайда табу және оны қоғам акционерлерінің мүддесіне пайдалану, өндірісті дамыту, әлеуметтік міндеттерді шешу болып табылады. Қоғамның қойылған мақсаттарын орындау үшін келесі қызмет түрлері орындалады:
- жолды қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу, жол шаруашылығындағы басқа жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- жаңа темір жол желілерін салу;
- ауыр жол машиналар паркін, механизмдер мен жабдықтарды пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу;
- жөндеу-құрылыстық және монтажды-құрылыстық жұмыстар;
- рельстік-шпалдық торды бүтіндеу, бағыттық аударымдарды жинау мен төсеу;
- ауыр жол техникаларына қызмет көрсету;
- жүк тасымалдау;
- жолдың үстінгі құрылысы материалдары мен төгілетін жүктерді жеке қозғалыс құрамымен тасымалдау;
- тиеп-түсіру жұмыстары;
- жүктерді қоймаларда сақтау;
- жол машиналарын, автотракторлық техникаларды, дизельдік қозғалтқыштарды, кіші механизация құралдарын ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу;
- электрқозғалтқыштарды күрделі жөндеу, жол құралдарын және рельс қосқыштарын жасау;
- жолдағы рельстерді жону, айқастырмаларды және рельс ұштарын қалыпқа келтіру, жалғастырушыларды балқытып қосу, рельстік бунақтарға дәнекерлеу бойынша жұмыстарды жүргізу;
- өткен жылғы рельстерді қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүргізу;
- жер қойнауын пайдалануға жасасқан шарттарға сәйкес диабаздарды өндіру;
- темір жол бойының балластық қабатын төсеу, автомобильдік жолдар және құрылыс үшін қиыршық тас өндіру;
- шағылтас, қиыршық тас өндіру немесе қайта өңдеумен байланысты қызмет көрсету;
- инжинирингтік қызмет көрсету;
- құрылыс үшін жоба жұмыстарын жүргізу;
- құрылыс үшін іздестіру жұмыстарын жүргізу;
- сауда-сатып алу қызметі;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген тәртіппен алынуға тиіс лицензия немесе басқа түрлі рұқсат құжаттарын қажет ететін жұмыс түрлері.
Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамалары мен көзделген барлық құқықтарға және жауапкершіліктеріне ие болады. Қоғам оның акционерлері мүлігімен шартталған мүлікті меңгереді және оның міндеттері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз мүлігі шегінде өз міндеттері бойынша жауап береді. Қоғам өз атынан мәмілелер жасаса алады, мүліктік және жеке мүліктік емес кұқықтарды иелене алады, сотта талапкер немесе жауапкер болуға, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жүзеге асыра алады. Қоғам құнды қағаздарды шығаруы және оларды орналастыруы, мемлекеттік және корпоративтік құнды қағаздар иеленуі және де Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте өзінің қаржылық тәуекелділігін қаржылық құрал-саймандар арқылы сақтандыруы мумкін.
Қоғам құжатсыз нысанда жай акцияларды шығарады.
Қоғам филиалдар мен өкілдіктердің Қоғаммен тағайындалатын лауазымдар номенклатурасын және де еңбек төлемінің жылдық қорын бекітеді, сонымен қатар филиалдар мен өкілдіктер Қоғам берген сенімхат негізінде ғана іс жүргізе алады.
«Теміржол жөндеу» акционерлік қоғамының ұйымдық-өндірістік құрылымы 1-суретте көрсетілген:
Сурет 1 - «Теміржол жөндеу» АҚ ұйымдық-өндірістік құрылымы
1-суреттен көріп отырғанымыздай «Теміржол жөндеу» акционерлік қоғамның 6 филиалы бар:
- Астана жол машина станциясы;
- Ақтөбе жол машина станциясы;
- Шар жол машина станциясы;
- Бірлік жол машина станциясы;
- Біршоғыр шағылтас зауыты;
- Ақтөбе рельс дәнекерлеу кәсіпорны.
Бұл машина станциялары тарихы түрлі оқиғаларға бай ежелгі кәсіпорындар болып саналады. Мысалы, Астана жол машина станциясы 1939 жылдың желтоқсанында Омск темір жолының Есіл станциясының ПЧР-1 болып құрылған, Ақтөбе жол машина станциясы 1953 жылдың 16 қаңтарындағы №3 УпрРемпуть бұйрығымен Қазан темір жолының Алатырь станциясының ЖМС-69 болып құрылған, Бірлік жол машина станциясы 1944 жылдың 20 сәуірінде, ал Шар жол машина станциясы 1936 жылдың маусымында алғашында Украинада Бахмач станциясының ЖМС-33 ретінде құрылып, кейін 1950 жылы Қазақстанға көшірілген. 2003 жылдың 19 желтоқсанында Қоғам Біршоғыр шағылтас зауытын сатып алды. Зауыт Ақтөбе облысының Біршоғыр станциясынан 4 км қашықтықтағы Біршоғыр кварц таужыныстары кен орнында салынып, 1958 жылы қазанда пайдалануға берілген. Зауыттың өнімдерін Ақтөбе, Гурьев, Орал, Маңғышлақ, Қызылорда облыстарының теміржолшылары пайдаланды. Бүгінде зауыт шағылтастың бірнеше фракциясын шығарады. Ал 2005 жылдың 1 маусымында Ақтөбе жол машина станциясының территориясында рельс дәнекерлеу кәсіпорны құрылды. Бұл филиалдардың орналасқан орнын 2-суреттен көруге болады:
![]()
Сурет 2 - «Теміржол жөндеу» АҚ филиалдарының орналасу жерлері
«Теміржол жөндеу» акционерлік қоғамының негізгі жабдықтаушыларына келесілер жатады:
1. Материалдардың жабдықтаушылары:
1. 1 ЖШС «Бент-Электро» (жолдың үстінгі құрылысы материалдары - ЖҮҚМ) ;
1. 2 ЖШС «Шагал» (ЖҮҚМ) ;
1. 3 «Казахдорстрой» АҚ (ЖҮҚМ) ;
1. 4 ЖШС «Карагандинский КССМК» (қосымша бөлшектер) ;
1. 5 ЖШС «КазКарГрупп» (ЖҮҚМ) ;
1. 6 ЖШС «Магнетик» (ЖҮҚМ) ;
1. 7 ЖШС «LaEsperanza» (ЖҮҚМ) ;
1. 8 ЖШС ИКЕА ТАС-ГРУПП (ЖҮҚМ) ;
1. 9 «Караганданеруд» АҚ (ЖҮҚМ) ;
1. 10 «КазШпал» АҚ (ЖҮҚМ) ;
1. 11 ЖШС «Новосибирский инструмент» (қосымша бөлшектер) ;
1. 12 ЖШС «АСБИ Ltd» (ЖҮҚМ) ;
1. 13 ЖШС «Трансмашсервис» (рельстер) .
2. Отын мен электрэнергия жабдықтаушылары:
2. 1 ЖШС «Аурика» (бензин) ;
2. 2 ЖШС «Топсервис KZ» (көмір) ;
2. 3 АстанаЭнергоСбыт (электрэнергия) .
3. Әртүрлі қызметтерді көрсететіндер:
3. 1 ЖШС «Трансрефсервис» (вагондарды жалдау) ;
3. 2 «Вагонсервис» АҚ (вагондарға техникалық қызмет көрсету) ;
3. 3 ЖШС «Maer company» (вагондарды жалдау) ;
3. 4 «Қазтеміртранс» АҚ (вагондарды жалдау) ;
3. 5 ЖШС «Қамқор Вагон» (платформаларды жөндеу) ;
3. 6 «Транстелеком» АҚ (байланыс қызметтері) ;
3. 7 «Медслужба транспорта» АҚ (медициналық қызметтер) .
Жоғарыда аталған филиалдар тікелей өндіріспен айналысатын болса, қоғамның орталық аппараты әкімшілік қызметтерді атқарып, филиалдардың жұмысын бақылайды және бағыттайды. Орталық аппараттың құрылымын келесі кестеден көруге болады:
Кесте 1
«Теміржол жөндеу» АҚ органдары
№
«Теміржол жөндеу» АҚ органдарының атаулары
Жоғарғы орган - Жалпы акционерлер жиналысы
2.
Басқару органы - Директорлар кеңесі
3.
Атқарушы орган - Президент
3. 1
Өндірістік бөлім
3. 2
Механикаландыру бөлімі
3. 3
Техникалық бөлім
3. 4
Экономика және талдау бөлімі
3. 5
Маркетинг және даму бөлімі
3. 6
Бухгалтерлік есеп бөлімі
3. 7
Кадрлармен жұмыс істеу, іс жүргізу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
«Теміржол жөндеу» АҚ негізгі тапсырыскерлері - жұмыстар мен қызметтерді сатып алушылар:
- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ;
- Қазақстан Республикасының аумағындағы темір жол желілері мен тұйықтарының жауапты иелері;
- көрші елдердің темір жол желілері мен тұйықтарының жауапты иелері;
- кірме темір жолдарын жөндегісі немесе салғысы келетін қажеткерлер;
- ауыр жол машиналары мен механизмдерінің қызмет көрсетулерін қажет ететін қажеткерлер;
- қоймалық алаңдар мен панажайларды жалдағысы келетін қажеткерлер.
Енді «Теміржол жөндеу» АҚ негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін қарастырып, қаржылық жағдайын талдайық.
Кесте 2
«Теміржол жөндеу» АҚ негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері
Есепті
жыл
Кестеден көріп тұрғанымыздай, сатудан түскен кіріс өткен жылмен салыстырғанда есепті жылы 2350205 мың теңгеге азайған. Сонымен қатар, Қоғамның өнімінің өзіндік құны да есепті жылы 1912174 мың теңгеге кеміген. Бұл негізінен кәсіпорынның қызметіне деген сұраныстың азаюынан болып тұр. Бұл көрсеткіштің азаюы жалпы кірістің төмендеуіне себеп болды. Ал жалпы кірістің төмендеуі мен кезең шығындарының өсуі кәсіпорынның залалға ұшырауының себебі болып табылады.
Есепті жылы «Теміржол жөндеу» АҚ еңбек өнімділігі 1109 мың теңгеге кеміді. Еңбек өнімділігін анықтау үшін, сатудан түскен кірісті жұмысшылардың орташа тізімдік санына бөлеміз. Жоғарыда айтып кеткендей, сатудан түскен кіріс азайды. Сол сияқты жұмысшылардың орташа тізімдік саны да есепті жылы 243 адамға кеміді. Бұл екі көрсеткіштің азаюы, еңбек өнімділігінің азюына себеп болды. Жұмысшылардың орташа тізімдік санының төмендеуі кәсіпорын үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де теріс нәтиже болып табылады, себебі бұл мемлекетте жұмыссыздықтың өскенін көрсетеді.
Кәсіпорынның қор қайтарымы өткен жылмен салыстырғанда 0, 9 теңгеге азайған. Қор қайтарымы - бұл бір теңге негізгі құралға қанша теңге өнім өндірілгенін көрсететін көрсеткіш. Оны анықтау үшін, сатудан түскен кірісті негізгі құралдардың орташа құнына бөлеміз. Негізгі құралдардың орташа құны есепті жылы 203885 мың теңгеге, яғни 7, 4 пайызға өсті. Бұл кәсіпорын үшін жағымды. Бірақ бұл көрсеткіш өссе де, сатудан түскен кіріс азайғандықтан, Қоғамның қор қайтарымы да азайған.
«Теміржол жөндеу» АҚ қор сыйымдылығы есепті жылы 0, 3 теңгеге, яғни 75 пайызға өсті. Қор сыйымдылығы - бұл бір теңге өнім өндіру үшін қанша теңге негізгі құрал қажет екенін көрсетеді. Оны анықтау үшін, негізгі құралдардың орташа құнын сатудан түскен кіріске бөлеміз. Негізгі құралдардың орташа құны көбейіп, сатудан түскен кіріс азайғандықтан, қор сыйымдылығы өсті.
Жалпы алғанда, қор қайтарымының азайып, қор сыйымдылығының өскені Қоғам үшін жағымсыз болып табылады. Себебі, бір теңге негізгі құралдан алынатын кіріс азайып, бір теңге өнім өндіру үшін кететін шығын көбейді.
Қоғамның салық салынғанға дейінгі кірісі өткен жылы 96727 мың теңге болса, есепті жылы -344429 мың теңге болды, яғни 441156 мың теңгеге азайды. Бұл көрсеткіштің азаюы жалпы табыстың кемуі мен кезең шығындарының өсуінен болып тұр. Кезең шығындары өткен жылмен салыстырғанда 31347 мың теңгеге, яғни 5, 5 пайызға өсті. Пайдалар мен шығындар туралы есептіліктен көріп тұрғандай, кезең шығындарының өсуі негізінен әкімшілік шығындардың өсуінен болып тұр.
«Теміржол жөндеу» АҚ салық салғанға дейінгі кірісі теріс болғандықтан, есепті жылы корпорациялық табыс салығы салынбайды.
Акционерлік қоғамның таза табысы өткен жылы 262739 мың теңге болса, есепті жылы Қоғам 344429 мың теңгеге шығынға ұшырады. Бұл кәсіпорынның рентабельділігінің төмен екендігін көрсетеді.
Есепті жылы Қоғамның дебиторлық берешегі 1179294 мың теңгеге, яғни 57, 2 пайызға азайды. Бұл дебиторлық берешектің қайтарылуын көрсетуі мүмкін немесе есепті жылы тапсырыстардың аз болғанын көрсетуі мүмкін.
Ағымдағы активтердің табыстылығы ағымдағы активтерге салынған бір теңгеден қанша табыс алынатын көрсетеді. Оны анықтау үшін, таза табысты ағымдағы активтердің орташа мөлшеріне бөлеміз. «Теміржол жөндеу» АҚ-ның бұл көрсеткіші өткен жылы 0, 109 пайыз болды. Есепті жылы таза табыс болмағандықтан, активтердің табыстылығы теріс болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz