Аударма



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..бет
1 Аударманың пайда болуы және даму ерекшеліктері ... ... ...
1.1 Әдеби мәтінді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы ерекшліктер...
1.2 әдеби мәтіндерді ағылшын тілінен орыс тіліне аударудағы ерекшліктер
2 Аударма . тілдік және мәдениаралық қарым.қатынас құралы ... .
2.1 қазіргі заманғы аударманың тұжырымдамасы ... ... ... ... ... ... ...
3 Аударма саласындағы өзекті мәселе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 әдеби мәтінді аударғандағы кейбір теориялық мәселелер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ...
Адамзат аударма арқылы араласып – құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл- әрекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым – қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударм теориясы тұрғысынан көркем аударманы «Жалпы аударма» курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес.
Олай дейтініміз – көркем аудармада шығармашылық белгі – сипаттарының лингвистикалық және өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал көркем шығармаларды аударуда ерекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті айындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушылық, стилистік дарын да талап етіледі.
Қазақ тілтанымында аударманы лингвистика ғылымының аспектісінде зерделеу ісі қазақ тілін теориялық тұрғыдан танып – білудің негізін салған белгілі ғалым Құдайберген Жұбановтың еңбектерінен басталады. Ол өзге тілден қазақ тілін тәжімалау ісіндегі синтаксистік құрылымдардың қандай ерекшеліктері болатындығын, стильдік айырмашылықтарды талдады. Өткен ғасырдың орта тұсында атақты тұлға Мұхтар Әуезовтің пікірлері осы саладағы басты мәселелерді айқындап берді.Жазушы тәржіма ісі саласындағы нақты міндеттерді шешу үшін аудармадағы ұлттық дәстүр, ұлттық форма қалай беріліуі керек, синонимдер, идиома, мақал – мәтел, афоризмдер қалай аударылған, аудармашы өз тарапынан қандай – қандай жаңа сөз туындыларын қосты, жаңадан қандай сөз байланыстарын жасады, төл сөздердің мағыналарын қаншалықты тереңдетіп, жаңартты, - міне, осы аталгандарды зерттеу қажет деп санап, аудармаға тілтанымдық тұрғыдан келудің мағыздылығына баса назар аудартты.
1. Кеңесбаев I. Казақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –Алматы: Ғылым, 1977. – 632 б.
2. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. –Алматы: Санат, 1996. – 420 б.
3. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Г. Қазіргі қазақ тілінің лексикалогиясы мен фразеологиясы. –Алматы: Санат, 1997. –187 б.
4. Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка. 3-е изд. –Москва: Высшая школа, 1985. –462 б.
5. Кеңесбаев I. Казақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері. –Алматы, 1954. –706 б.
6. Аханов Қ. Тіл біліміне кіріспе. –Алматы: Мектеп, 1969. –416 б.
7. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. –Алматы: Ғылым, 2002. – 624 б.
8. Кеңесбаев I. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. –712 б.
9. Kuzmin S.S. Translating Russian idioms. – Moscow: Vysshaya shkola, 1977. – 210 p.
10. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1966.
11. Кунин А.В. Курс фразеологии современного английского языка. – Москва: Высшая школа, 1996. – 381с.
12. Peter Watcyn-Jones. Test your idioms. – China: Penguin English Guides, 2002. –133 p.
13. Баймахан Т., Байтелиева А., Утешова Н. Английские пословицы и их эквиваленты в русском, казахском и турецком языках. – Туркестан: Туран, 2010. –176 с.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..бет
1 Аударманың пайда болуы және даму ерекшеліктері ... ... ...
1.1 Әдеби мәтінді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудағы ерекшліктер...
1.2 әдеби мәтіндерді ағылшын тілінен орыс тіліне аударудағы ерекшліктер
2 Аударма – тілдік және мәдениаралық қарым-қатынас құралы ... .
2.1 қазіргі заманғы аударманың тұжырымдамасы ... ... ... ... ... .. ... ..
3 Аударма саласындағы өзекті мәселе ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
3.1 әдеби мәтінді аударғандағы кейбір теориялық мәселелер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспеде:

Мақсат
Міндет

Общий объем курсовой работы не должен превышать 30-35 страниц. Поля
страницы: левое - 3 см., правое - 1,5 см., нижнее 2 см., верхнее - 2 см.
Рекомендуется использовать шрифт Times New Roman, размер шрифта - 14 пт,
интервал - 1,5.
КІРІСПЕ
Адамзат аударма арқылы араласып – құраласады. Біз өмір сүріп жатқан
әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез
келген қимыл- әрекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас
жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Әлем халықтары тілдерінің арасында да қарым
– қатынастың өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы
осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма адамзатты
біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала.
Көптеген зерттеушілердің аударм теориясы тұрғысынан көркем аударманы Жалпы
аударма курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес.
Олай дейтініміз – көркем аудармада шығармашылық белгі – сипаттарының
лингвистикалық және өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді.
Ал көркем шығармаларды аударуда ерекше жауапкершілік жүктелетіндіктен,
аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті
айындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушылық, стилистік дарын да талап
етіледі.
Қазақ тілтанымында аударманы лингвистика ғылымының аспектісінде зерделеу
ісі қазақ тілін теориялық тұрғыдан танып – білудің негізін салған белгілі
ғалым Құдайберген Жұбановтың еңбектерінен басталады. Ол өзге тілден қазақ
тілін тәжімалау ісіндегі синтаксистік құрылымдардың қандай ерекшеліктері
болатындығын, стильдік айырмашылықтарды талдады. Өткен ғасырдың орта
тұсында атақты тұлға Мұхтар Әуезовтің пікірлері осы саладағы басты
мәселелерді айқындап берді.Жазушы тәржіма ісі саласындағы нақты міндеттерді
шешу үшін аудармадағы ұлттық дәстүр, ұлттық форма қалай беріліуі керек,
синонимдер, идиома, мақал – мәтел, афоризмдер қалай аударылған, аудармашы
өз тарапынан қандай – қандай жаңа сөз туындыларын қосты, жаңадан қандай сөз
байланыстарын жасады, төл сөздердің мағыналарын қаншалықты тереңдетіп,
жаңартты, - міне, осы аталгандарды зерттеу қажет деп санап, аудармаға
тілтанымдық тұрғыдан келудің мағыздылығына баса назар аудартты.
Содан бергі кезеңдерде, әсіресе соңғы ширек ғасыр көлемінде аударманың
нысаны да, ауқымы да ұлғайды. Алдыңғы тұстарда орыс тілінен қазақ тіліне
көркем әдебиетті тәржімалау ісі бесленді жүргізілсе, кейінгі жылдары
мәдениетаралақ коммуникация өрісінің кеңеюіне байланысты дүниежүзілік
ақпараттар алмасуды барынша сапалы деңгейге көтеру мүддесінде еуропалық
тәржімалау процесі қанат жая бастады. Ақпараттық – анықтамалық база құру
үшін публицистикалық, қоғамдық – саяси мазмұндағы материалдар, нормативтік
құжаттар аударма арқылы жасалуда. Қазақстан Республикасының алыс және жақын
щетелдермен қазіргі әлеуметтік – мәдени байланыстарының жаңаша, қарқынды
арнада дамып отырғандығына қарай маман – аудармашылар даярлау ісіне де баса
көңіл бөлінуде. Ал болашақ мамандар, сондай – ақ тәржіма ісінде өз
шығармашылығын байқап көріп, дамытып жүргендер үшін М.Әуезов айтқандай,
аударманың бірбеткей көлеңке жақтарын... байқастыру жеткіліксіз;
аудармашының кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейде қалыптасуында түпнұсқа
тіл мен аударылатын тілдің типологиялық – құрлымдық ерекшеліктерін, мазмұны
мен құрылымы дайын түпнұсқа мәтінді тәржімалау процесінде қазақ тілінің
лексикалық – грамматикалық әлеуетінің қандайлық дәрежеде қозғалысқа
түсетіндігін жетік меңгеру қажеттігі туады. Сонымен қатар аудармашы
аударудың негізгі ұғымдары мен түсініктерін, аударудың жолдары мен
тәсілдерін білуде де біліктілік танытуы жөн. Аударматану саласының
теоритегі В.Н.Комиссаров аударматану саласына төмендегідей талаптар қояды:
1) аударманың жалпы лингвистикалық негіздерін ашу және сипаттау, яғни
аударма процесінің негізінде тіл жүйесінің қандай ерекшеліктері мен
тілдің жұмсарлық заңдылығы жататындығын анықтау;
2) аударманы лингвистикалық зерттеудің нысаны ретінде қарастыру, тілдік
зерттеудің басқа түрлерінен оның айырмашылығын көрсету;
3) аударма қызметі түрлерін жіктеу негізін жасау;
4) түпнұсқа мен аударма мәтіндерінің коммуникативтік теңдігі ретіндегі
аударма процесіндегі баламалықтың мәнін ашу;
5) аударма ғылымының жеке және арнайы теориясын жасаудың жалпы
ұстанымдары мен ерекшеліктерін талдау;
6) түпнұсқа мәтінді аударма мәтінге айналдырудағы аудармашының іс-әрекеті
ретіндегі аударма прцесінің жалпы ғылыми ұстанымдарын жасау;
7) прагматикалық және әлеуметтік факторлардың аударма процесіне тигізетін
әсерін ашып көрсету;
8) аударма нормасы ұғымын анықтау және аударманы бағалау ұстанымдарын
жасау. Аударматану теориясына қойылатын бұл талаптар толық орындалып,
жалпы аударма процесінің ерекшеліктері, аудармашы мен аудармаға
қойылатын міндет-мақсаттар сақталған жағдайда шынайы аударма жасалады
деуге болады. Аталмыш міндеттерден аударматану теориясының төмендегі
түрлері туындайды: денотативті, трансформациялық, сенмантикалық,
балама деңгейлер туралы теория.

1. АУДАРМАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ
ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Адамдар аударма жасаумен өте ерте кезден бастап айналыса бастаған, сол
кездің өзінде-ақ олар басқа тілдерде сөйлеушілермен қарым-қатынас орнату
мен оларды түсінісу қажеттілігін жақсы ұғына білген. Алайда, алғашқы
қауымның тілі бір болмағаны айғақ. Осындай жағдайда адамдардың түрлі
топтары арасында қарым-қатынас орнату үшін тез түсінетін, жылдам ойлай
алатын, есте сақтау қабілеттері жақсы, сөйлеушіні түсініп, оның айтқанын
аударып бере алатын адамдары болғаны белгілі. Осылайша, аударманың бастапқы
қарапайым түрі жазу пайда болғанға дейін шыққандығын болжауға болады. Олай
болса, аудармашылықты ең көне кәсіптердің бірі деп есептеуге негіз бар.
Белгілі Ресей аударматанушысы В.Н.Комиссаров Современное переводоведение
атты еңбегінде төмендегідей қызықты деректер келтіреді: Аударманың
мыңжылдық тарихы бар екендігіне көптеген деректер куә. Ежелгі Вавилон мен
Ассирияда әміршінің айтқандарын бағынушы халыққа жеткізетін аудармашылар
болған. Жалпы, тілдері бөлек халықтарды жаулап алу нәтижесінде пайда болған
ежелгі империялар аудармашылардың көмегінсіз құрылуы мүмкін емес еді. Ал
Ежелгі Египетте көрші елдермен байланыс орнату үшін аудармашыларды
даярлайтын арнайы мектептер болған (Комиссаров: 2002)
В.Н.Комиссаровтың ғылыми болжамы бойынша, алғашқы қауымда өзге
диалектілерді зерттеудің алғашқы үстаздары мен мамандары әйел адамдар болса
керек. Тұтқынға түскен немесе басқа тайпа өкіліне тұрмысқа шыққан олар
еріксіз басқа тайпа тілін үйренуге мәжбүр болып, қарым-қатынас пен өзара
түсінік орнату мақсатында делдал аудармашы қызметін атқарған. Сонымен
қатар, олар балаларын да өздерінің ана тіліне үйреткен. Сөйтіп, олар
алғашқы қостілділік қалыптаса бастаған.
Аудармашылық қызмет әртүрлі тілдерде сөйлейтін қоғамдастықтағы
адамдардың арасындағы қажеттіліктің негізінде туындайды. Мұндай қарым-
қатынастың аясы әртүрлі болды: сауда-саттық, саясат, елшілік, мәдениет және
т.б. Осы байланыстардың дамуында Александрия, Рим, Иерусалим,
Константинополь, Самарқанд және көптеген басқа да қалалар үлкен рөл
атқарды. Бұл аймақтарды экономикалық және саяси себептерге байланысты
әртүрлі халық өкілдері мекендеді. Оларға арнайы делдалдар, яғни
аудармашылар қызмет көрсетті. Аудармашылық қызметтің көне жәдігерлері
Месопотамия қалашығынан (бірнеше тілдегі сөздердің тізімі берілген қыш
тақтайшалардағы кестелер).
Жазу пайда болғаннан кейін ауызша тілмаштарға ресми, діни және
іскери сипаттағы мәтіндерді жазбаша тәржімелейтін аудармашылар қосылды.
Ежелден-ақ аударма адамдардың тіларалық қатынасын жүзеге асыра отырып,
маңызды әлеуметтік рөл атқарған. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға
басқа халықтардың мәдени мұрасына қол жеткізуне мүмкіндік берді.
Аударма ғылымының алғашқы теоретиктері аудармашылардың өздері болды.
Әр кезеңнің аудармашылары өздерінің тәржімелік ұстамалары туралы
баяндағаны белгілі, дегенмен, олардың айтқан ойлары ғылымның қазіргі
талаптарына, дәлелдеріне жауап бермесе де, сондай бірқатар ойлар қазіргі
таңда қызығушылық тудырып отырғаны сөзсіз.
ХYIII ғасыр аударма әлеміне ерекше құбылыс алып келді. Бұл кезеңде
түпнұсқаларды дәуір талаптарына толықтай бейімдейтін еуропалық
әдебиеттердегі аудармалардың үстемдік етуі, басқаша айтқанда, аудармаларды
қайта безендіру ұйғарылды. Аударманың мұндай тәсілінде түпнұсқаның ұлттық
және дербес ерекшеліктері ескерілмеді (мәселен, француз аудармаларында
Шекспир шығармаларының ерескел бұрмалануы, оның трагедиясының композициясы
мен құрылымының, сюжетінің өзгеруі сияқты қателіктерге әкеліп соқты).
Аударманың А.Ф.Тайтлер сияқты ірі ағылшын теооретигі түпнұсқаны
безендіруде еркін аударманың орындылығын таныған, алайда, сонымен қатар ол
түпнұсқа мазмұнының дәл жеткізілуі мен өзіндік авторлық нақышын ұстануды
талап еткен. 1791 жылы А.Ф.Тайтлердің Аударма принциптері туралы эссе
атты кітабында аудармаға қойылатын жалпы талаптар төмендегі қалыпта
берілген:
• аударма толығымен түпнұсқа идеясын жеткізуге міндетті;
• аудармадағы баяндау стилі мен мәнері түпнұсқағыдай болуы шарт;
• аударма түпнұсқа шығармалар сияқты жеңіл оқылуы керек.
Ал, ХІХ ғасырда аударма өнеріне деген түбегейлі қарама – қайшы жаңа
көзқарас, яғни түпнұсқаны аударуда ұлттық ерекшелікті ескеру керек деген
ұмтылыс пайда болды. Аударманың жаңа ұстанымы үстемдік ете бастады да,
безендіру тәсілі біртіндеп қала бастады.
Жалпы осы кезеңдердің кай – кайсысын алып қарасақ та, аудармашылық
тәжірибе аударма теориясынан әлдеқайда озық дамыды. Аударма оған деген
қоғамдық қажеттіліктің туындауынан пайда болған. Аудармашы жұмыстарының
шынайлығы әрқалай еді, өйткені олар көп жағдайда аударманың түрлі
нұсқаларының арасынан ішкі сезімдеріне (интуицияларына) жүгіне отырып
таңдауға мәжбүр болды. Сондықтан аударманың алғашқы теоретиктері ретінде
өздерінің жеке тәжірибелерін шындауға тырысқан аудармашылардың өздерін
айтуға болады.
Осылайша, антикалық дүниенің аудармашылары, әсіресе діни мәтідер
аудармасының түпнұсқаға жақындық деңгейін, сөзбе - сөз немесе еркін аударма
жасау қажеттігі туралы мәселелерді кеңінен талқылады.
Кейінірек жекеленген аудармашылар жақсы аударма немесе жақсы
аудармашы жауап беруге міндетті бірқатар талаптарды баяндай отырып,
аударманың нормативті теориясын қалыптпстыруға тырысты.
Ал, аударма теориясының ғылыми негіздері тек жиырмасыншы ғасырдың
ортасына таман қалыптаса бастады, бұл кезде тіл мамандары өздерінің
аудармашылық қызметке деген қатынасын толығымен өзгертіп, оны жүйелі түрде
зерттеуге мәжбүр болды.
Бұл кезеңде алдыңғы қатарға автордың жеке стиль ерекшеліктері ескеріле
бермейтін саяси, коммерциялық, ғылыми – техникалық және тағы басқа іскери
материалдардың аудармалары шықты. Осыған байланысты аударманың негізгі
қиындықтары мен аударма процесінің бар сипаты осы үдеріске қатысатын
тілдердің құрылымдары мен қызмет атқару ерекшеліктерімен ескерілетіні
айқындала түсті.Бұған қоса, аударма дәлдігіне қойылатын талаптардың өсуі
тілдік бірліктердің рөлін арттырды. Осы іспеттес материалдарды аудару
барсысында аударманың жаопы дұрыстығымен, түпнұсқа мен аударманың
оқырманға беретін әсерінің сәйкестігімен қанағаттану жеткіліксіз еді.
Аударма жекелеген сөздердің мағыналарына дейін ақпараттың толық
жекізілуін қамтамасыз етуі қажет болды. Аудармашылық процестің тілдік
негізі айқындала түсті. Бұл үдерістің лингвистикалық болмысы неде екенін,
қандай дәрежеде ол жеке тілдік факторлармен анықталатың, мұндай
факторлардың қандай деңгейде ақпараттың дәлдігін шектейтінін анықтау қажет
болады.
Аудармашыларға деген зор қажеттілікті өтеу үшін, көптеген елдерде
аудармашылық мектептер, факультеттер мен институттар ашылды.
Аудармашы мамандарды жаппай дайындау барысында аулару үшін екі тілді
және тіл нысанын білу жеткілікті деген дәстүрлі фомуланың толық еместігі
анықталады.Шындығына келгенде,бұл формулада көрсетілген факторлар өз алдына
аудару дағдысын қамтамасыз ете алмайтындығы, екі тілді біліп қана қоймай,
бір тіл бірліктерінен екінші тіл бірліктеріне көшу ережелері мен шарттарын
білу қажеттігі белгілі болды.
Аудармаға қойылатын талаптпрдың өсуі оның қиыншылықтарын сезінуді
шиеленістіреді, сонымен қатар ол теориялық тұрғыдан алып қарағанда,
принципті талас – тартысқа да әсерін тигізеді.

1. ӘДЕБИ МӘТІНДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДАҒЫ ЕРЕКШЛІКТЕР

Мәдени мұра бағдарламасы аясында Қазақ әдебиетінің көрнекті
туындыларын өзге тілдерге аудару, сондай – ақ әлемге танылған
қаламгерлерлерінің, ойшылдарының шығармаларын қазақша кітап етіп жүйелі
түрде шығару мәселелерін кеңінен қозғалды. Аударма мен әдебиет мәселелері
байланысты болып келетіні анық. Аударма - бір тілде айтылған не жазылған
мәтіннің екінші тіл арқылы жеткізілуі, әдебиеттің кең арналысалаларының
бірі. Аударма пайда болуын тіл шығуымен байланыстырады. Қарым – қатынастың
құралы ретінде әр тіл пайда болғанда, бір ұлт өкілімен түсінісу
қажеттілігінен аударма пайда болды. Аударманың бізге белгілі бірнене түрі
бар: ауызша аударылып айтылатын сөздер, баяндамада айтылатын сөздер, өзге
елден келген ресми өкілдердің, елшілердің пікір алысуына көмектесетін
аударма; кейбір ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазбаша
аударылады. Түпнұсқаның түріне қарай аударманың қолданылатын амал-тәсілдері
болады. Атап айтсақ, ресми құжаттарды аударғанда, туындыны бұлжытпай толық
жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалықшығармаларды аударғанда, белгілі
мәселеге қатысты терминология ұғымы дұрыс беруі көзделеді.
Ал көркем шығармаларды аударудың негізгі мақсаты – түпнұсқаның көркемдік
эстетикалық әсерін беру. Аударманың қай түріне болсын келесідей талап
қойылады – аударылатын мәтіннің өзіне тән стильдік, көркем
ерекшелікгінтолық сақтай отырып, түпнұсқаның мазмұнының түрін өзгертпей
жеткізу. Қазіргі кезде аударманың тағы бір түрі пайда болды, ол арнайы
жасалған бағдарлама арқылы кибернетикалық әдіспен көмпьютерлік сөзбе-сөз
аударма.
Қарап отырсақ аударма көптеген салада қолданылады. Соның ішінде әлем
халықтарының мәдени және рухани қазыналарының таныстыруда олардың өзара
қарым-қатынастарының ұлғайтуда аударма нағыз дәнекер болып тұр. Көркем
аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған, басқа
тілдегі түпнұсқаның негізінде жазылған көркем туынды. Шығарма елінде
белгілі саналатын сюжетті пайдалана отырып жазылатын шығармалар аз емес.
Оларды дәл бүгінгі дәуірде қалыптасатынмағынасында аударма деуге де
болмайды. Ондай шыгармалар кейде еркін аударма деп саналғанымен, тқлтұма
шыгарма сипатына енген. Нағыз аударма түпнұсқаға сәйкес болуы шарт.Әрине,
әдеби шығарманың мәтінін сөзбе-сөз аударуда мүмкін бола бермейді. Әсіресе,
поэзиялық шағарманың аудармасында кей еркіндіктер бола қоймайды. Өйткені
бір тілдегі сөз қолданылатын тәсілі, сол түпнұсқадағы қалпында басқа тілге
аударылмады. Аударма түпгұсқаға мағынасы қаншама жақын келетініне орай,
дәлме-дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем
аудармада әдеби шығарма сөзбе-сөз емес, сөздің мағынасын, көркемдік күшін,
образдық әсерін толық жеткізу мақсат етіледі. Аударма жасаушы кем дегенде
екі тілді білуі керек. Онсыз аударма сапалы болып шықпайды, тілдің ұлттық
сипаты, өзіндік қасиеті сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасын
толық жеткізу, көркемдігін жоғалтпау, мазмұнын төмендетпеу сияқты талаптар
толық сақталуы қажет.
Қазіргі таңда еліміздің мәдени өміріндегі табыстарының бірі ретінде
аударма әдебиетінің жандануын мақтанышпен атауға болады. Әлем тілдеріндегі
классикалық шығармаларды ана тілімізге аудару қашанда өз маңызын жойған
емес. Қай халықтың болмасын, шоқтығы биік терең мағыналы шығармаларын
аудару бүгінгі кездегі игілікті істердің бірі. Өйткені аударма көркем
әдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар екі ел сөз өнерінің рухани қазынасына
айналады. Көркем аударма Ежелгі Римне бастау алады. Сол дәуірде аударманың
түпнұсқа алдындағы адалдығы туралы аса маңызды мәселе туралы Цицерон
аудару кезінде сөзді санамау керек, сөзді салмақтау қажет, - деген екен.
Ал қазақ топырағында аударма ісінің тарихы XVIII – XIХ ғғ. шығыстық
көркем шығармаларды аударудан басталған деседі.
Ұлттық әдебиет сол халықтың тарихымен, оның барлық даму сатыларымен
және басқа халықтар әдебиетімен байланысты болады. Осы қарым қатынаста
аударма ерекше роль атқарады. Сонымен қатар, аудармашының шығармашылық
жолында дүниетанымдық қорының баға жетпес көзі ретінде белсенділік
танытады. Белгілі өнер шеберлері аударманың жазушы шығармашылығы, сол
секілді ұлттық төл әдебиеттің өркендеуі үшін қаншалықты маңызды екені
жайында салмақты сын-пікірлер қолданылады. Мысалы, М.Әуезовтің
шығармашылығына аударма ісінің тигізген ықпалы көп екендігін М.Қаратаев
атап өткен. Өйткені аударма үлкен ізденістің нәтижесі.
Аударма ісі қазіргі өмірімізде де молынан қолданылады. Орыс классиктері
мен бүкіл дүниежүзілік классиктерінің шығармалары қазақ тіліне көп уақыттан
бері аударылып келеді. Бір ұлттың екінші ұлтпен қарым – қатынас жасауы,
танысуы өз елінің ой- санасын өркендетудің негізі болып табылатын аударма
ісіне көптеген ғалымдар көңіл бөлген.
Жақсы шығарма – екінші тілге аударылуы арқылы өзге әдеби ортада жаңаша
өмір сүре бастайды деген пікір бар. Әрине жақсы шығарма шебер аудармашы
қолына түссе ғана. Ал жақсы аудармашы деңгейіне жету – көп ізденісті, білім
мен еңбекті талап етендіндігі анық.

1.2 ӘДЕБИ МӘТІНДЕРДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ОРЫС ТІЛІНЕ
АУДАРУДАҒЫ ЕРЕКШЛІКТЕР
Бұл тілдік бірліктердің отандық та, шетел де ғалымдармен зерттелгенін атап
 айтуы жөн. С. Влахов пен С. Флориннің  айтуы бойынша, реалийлар жөнінде
бояу (ерекшелік, колорит) иеленуші, ұлттық өзгешелігінің нақты, көрінетін
элементтері ретінде 50-ші жылдардың барысында сөз қозғалған болатын. Осы
зерттеушілер  Л.Н. Соболев, Г.В. Чернов, Г.В. Шатков, А.Е. Супрун сияқты
ғалымдардың жұмыстарын  атап өтеді.  С. Влахов пен С. Флорин осындай
аударылмайтын  элементтерге жарты ғасыр бұрын назарларын аударды (1960
жылы Реалийлар мақаласы шықты). Кейін реалийлардың толық сипаты, жіктелуі
мен аударылу тәсілдері берілген Аудармада аударылмайтындар кітабы жарық
көрді. Реалийлар-американизмдер Г.Д. Томахиннің негізгі зерттеу объектісін
құрайды. Л.С. Бархударовтың, В.Н. Комиссаровтың, В.Н. Крупновтың, Л.К.
Латышевтың, Т.Р. Левицкаяның, А.М. Фитерманның, А. Лилованың,  М.М.
Морозовтың, А. В. Федоровтың аударма теориясы бойынша оқулықтарында  мәдени-
таңбаланған  сөздер туралы ақпарат берілген, ал қазақ ғалымдарының ішінен
реалийларға анықтама беріп, олардың классификациясын ұсынғандаодың ішінде
Ж.Жақыпов пен Р. Сәрсенбаев бар. Тіл мен мәдениет арақатынасы мәселелері
 Е. М. Верещагинмен және В. Г. Костомаровпен қарастырылған.  Көркем
шығармады аударуда (мәніне) Н.И. Поморозская және В.С. Виноградов назар
аударды. Орыс тәржіма өнерінде өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап
бой көрсеткен бейімдеп аудару тәсіліне назар аударылады. Еркін аударманың
алғашқы ретінде белден басып кете берудің мысалдары бізде де кездескені
көрсеткені көрсетілді. Ұлттық сөз өнеріндегі тырнақалды тәржімелер
болғандықтан, оларда түпгұсқаның өлең өлшемі де, сөз саптауы да, тіпті
көлемі де өзгеріп кетіп отырады, бірақ, аудармашы шығарманың айтар ойын дәл
ұстайды, сөз түйінін де дәл табады. Жалпы, еркін аударманың ерекшелігі де
алдымен авторды өз қалпынша қайта сөйлетуге емес, оның айтар ойын жеткізуге
күш салатындығында. Дегенмен, әр нәрсенің өз жөні бар. Шығармашылықта
еркіндіксіз болмайды. Еркін аударманың хрестоматиялық мысалы, классиклық
үлгісі – Лермонтовтың Гетеден аударған Тау шыңдары. Гетедей алып
алшақтаған, өз бетінше кеткен деп осынысын үшін Лермонтовты айыптау
ешкімнің ойына келмеген. Еркін аударманын ерен түрін Абайдан да табамыз.
Абайдың Евгений Онегиніндегі талай тұс сондай. Абай еркіндігі оған Пушкин
романын арқау ете отырып төлтума дейтіндей туынды шығаруға мүмкіндік берді.

Орыс әдеби аудармасында әлемдік тәржіме өнері,дегі әдіс-тәсілдердің
барлығы дерлік кездесетіні анық. Диссертацияда сөзбе-сөз аударманың орыс
өлең тәржімесіне жасаған теріс ықпалы нақты мысалдармен дәлелденеді.
Сонымен берге сөзбе-сөзшілдікті, әріпшілдікті жерден алып, жерге сала
берудің де жөні жоқ. Әріпшілдік – ғылыми ұғым. Оның да өзінің жөн-жобасы,
жолы-жосығы бар. Егер аударма тарихында әріпшілдік әдісі болмағанда
аудармадағы дәлдік те дәл қазіргі деңгейінде болмас еді. Аударма
әдебиетінің құрылымындағы заңды элемент ретінде әріпшілдік өз қызметін
атқарды. Негізінде, әріпшіл аударманың тәржіменің басқа түрлеріне дес
бермей кететін тұстары көп-ақ. Мысалы, саяси құжаттар, әсіресе дипломатия
саласының аударма ісінде әріпшілдіктен артық, әріпшілдіктен сенімді ештеңе
жоқ. Ал поэзияға келгендеде әріпшілдік әдіспен жасалған аудармалардың
өзіндік орны ерекше болатын жайлар кездеседі. Поэзия аудармасына қойылар
талаптарды айтқанда алдымен ауызға алынатыны сөзбе-сөзділіктен қашу, жолма-
жолдылықтан қашу, шығармашылық еркіндікке құлаш ұру сияқты болып келеді.
Бірақ, осы айтылған өлеі аудармасында сөзбе-сөздік дәлдік, жолма-жолдық
көркемдік болуы мүмкін емес, бұл орайда Пушкиннің Қысқы жол өлеңі нақты
мысал болады.

2. АУДАРМА – ТІЛДІК ЖӘНЕ МӘДЕНИАРАЛЫҚ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ
Аударма – адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихынында
бір – бірінен тілінің бөліктігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы
құралысымен-ақ әртүрлі тілдік қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне
дәнекер болатын қос тілдік адамдар-тілмаштар пайда болған. Халық
тіршілігінде жазу-сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып,
ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын
тәржімашылар қатары қосылды. Жазба аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ
тәржімә халықтың мәдени-қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп,
біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды.
Аударма – күрделі көп қырлы құбылыс. Оның жекелеген аспектілері түрлі
ғылыми зерттеулерге арқау болар еді. Бұл-адамзат қызметінің ежелгі түрі.
Басынан бастап маңызды әлеуметтік функцияны атқарып, тіл аралық құтынасты
мүмкін етті. Қазіргі кезде сот отырыс, нотариустың қатысуымен құжаттарға
қол қою сияқты маңызды іс-шараларға ауызша аудармашының қатысуы іскерлік
өмірімізде ажырамас бөлікке айналды.
Аударма – халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы,
халықтардың арасында үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда
әлем әдебиетіндегі, жекелеген халықтардың мәдениетіндегі рөлі айрықша
маңызды. Осы ғасырда өркениетті елдердің барлығында да аударма жұмысымен
шұғылдану өте-мөте белсенділік танытып отыр, Еуропа зиялы қауымының бүгінгі
дәуірді аударма ғасыры деп аталуында мән бар, себебі нақ сол ой-санасы
жоғары қауым бұл арнаны жер бетіндегі күллі ұлттармен ұлыстарлың келісім-
татулығын, бейбіт қарым-қатынастарын қалыптастыруға сүйеу бола алатын басты
тіректердің бірі деп таниды.
Әлемдік әдебиетпен әлемдік өркениеттегі таңдаулы мәдениет қазыналардың
бірін-бірі байыту мүддесіндегі аударма маңыздылығы соншалықты, 1948 жылдан
бері ЮНЕСКО-да дүниежүзі тілдеріндегі аударма әідебиетінің жылма-жылғы
тізімі жасалып, ресімделіп отырады. Демек аударма ісі-қоғамдық құрылымдары
қайшылықтарға, саяси ағымның екпініне тәуелсіз. Сөз жоқ, бір тілден екінші
тілге аудару ісіне жүктелген міндет әр заманның талап-мақсаттарына сай әр
қилы болды. Қазіргі заман деңгейіне қарағанда, арғы-бергі тарихта,
бастапқыда ауызша, кейіннен бірыңғай жазбаша қалып алған тәржіма саласынан
қазақ халқы үшін мәдени-таныдық, қоғамдық-әлеуметтік сан түрлі қызметінің
екі арнаға қарай тоғысатынын көруге болады: оның бірі – білім-ғылымды, оқу-
оқыту ісін дамытуға қосқан үлесі; яғни ағартушылық қызметі; екіншіден –
қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, тілдің сөздің қорының, ғылыми аталымдар
жүйесінің қосқан үлесі; жазба әдебиет нұсқасы ретінде тілді байыту қызмет.
Ұлттық мәдениетті өркендетудің, әлемдік әдеби нұсқаларымен, көршілес,
туыстас халықтар әдебиетін оқып-үйренудің, жалпы алғанда, әлемдік
өркениетке жақындаудың негізгі ұтымды көзінің бірі ретінде танылған аударма
жұмысының дұрыс жолға қойылу қоғам мүшелерінің энтилектісін көтеру мен
қатар, халықтар арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстарды
нығайтуға жол ашатындығын ұғынған зиялы қауым өкілдері осы процеске белсене
араласты.
Аударма - көпмағыналы сөз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма теориясы қалыптасуы мен дамуы.
Аударма түрлерінің қазіргі жіктемесі
Көркем аударма түсінігі
Жазбаша аударма және оның түрлері
Фразеологиялық бірліктердің аудармасы
Аударманың түрлері
Аудармашы этикасі қолданушының көзқарасына тәуелді
Аударма теориясының міндеттері
Аудармашынің сенімділігі
Лингвистикалық аударма теориясы
Пәндер