Қарапайым түсініктер. Сандар номенклатурасы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.5
І. БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРАПАЙЫМ
ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.13
1.1 Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудағы мазмұны,
міндеттері және ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.10
1.2 Қарапайым математикалық ұғымдарды оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11.13
ІІ. ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОЙЫН
ТЕХНОЛОГИСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.22
2.1 Бастауыш сыныпта математикалық сауаттылықты қалыптастыру.
Алғашқы ондық сандарды оқыту. Сан және цифр ұғымдарын
анқытау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.17
2.2 Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
әдістемесінде ойын технологиясын ұйымдастырудың маңызы ... ... ...18.22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23.24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Қарапайым түсініктер. Сандар номенклатурасы».
Жұмыс жоспары 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Тақырыптың жалпы мақсаты: сандардың арифметикасы (сандардың аталуы, жазылуы, салыстыру, қосу мен азайту және шамалар, мәселен, ұзындық және оны өлшеу) жайында түсініктер, алгебра мен геометрияның өте қарапайым элементтері, жалпы математикалық сауаттылығын қалыптастыру.
Қарапайым түсініктер 1 сыныпта қарастырылады және оған 16 сағат бөлінген. Осы 16 сағаттың ішінде қарастырылатын тақырыптар:
- әр түрлі заттарды санауды үйрену және соларға жаттығу. Соның нәтижесінде «Қанша?» (неше? нешеу?) деген сұраққа жауап беру үшін оқушылар заттарды санауды меңгереді. Ал «нешінші?» деген сұраққа жауап беру үшін заттарды көрсетіп, берілген ретте ғана санау қажеттігін игереді.
- заттарды әр түрлі белгілеріне (түсіне, өлшемінде, пішініне) қарай салыстыру.Салыстырудың қорытындысын білдіретін «бірдей», «әр түрлі» сөздерін игеру және «түстерін бірдей», «пішіндері бірдей», «үшбұрыш», «ұзын-қысқа» сөздерімен танысу.
- заттарды ұзындығына қарай салыстыру, заттың ұзындығын сантиметрмен өлшеу, кесіндінің ұзындығын өлшеу және ұзындықтың өлшем бірлігі ретінде сантиметрдің енгізілуі жайында түсінік қалыптастыру.
- заттардың екі тобын салыстыру. Қайсы топта заттың артық (кем) екенін немесе бір топта қанша зат болса, екіншісінде де сонша екенін анықтауды үйрету. Қорытынды нәтиже: «артық», «кем», «сонша», сөздері мен сөз тіркестерін игеру және салыстыру.
- кеңістік туралы түсінік, заттардың кеңістіктегі орналасу қалпын сөзбен («жоғары», «төмен», «алдында», «артында») білдірудің үлгілері көрсетіледі.
- уақыт аралығы туралы түсінік. Соның нәтижесінде құбылыстың өту ретін білдіретін сөздердің («бұрын», «кейін», «таңертен», «кешке», және т.б.) мән-мағынасын түсіндіру.
- заттарды санау (Heшінші?), апта күндерінің, жыл мезгілдерінің, айдың атаулары және peтi;
- біріктірy және бөліп алу, Заттың екі тобынан бір ғана топ құрастыру,заттың тобынан қандай да белгісіне қарай бірнеше затты ажыратып, топтан бөліп алу, осыларға ұқсас фигураны құрамды бөліктерге жіктеу және бөліктерден фигураны құрастыру.
- сызықтар (түзу, қисық сызық, тұйықталған қисық сызық, тұйықталмаған қисық сызық); нүкте. Сәуле. Бұрыш. Keciнді және оны сызу. Кесіндінің ұзындығын өлшеу (сан¬тиметр).
Математикалық сауаттылықты қалыптастыра отырып балаларды санауға, яғни сан, цифр ұғымымен таныстырамыз. Цифрды балаларға түсіндірмес бұрын алдымен, олардың үлгілерін жазып көрсетеміз. Сандар нумерациясын үйрету барысында оқушыларға: әр сан қалай аталады және баспа және жазба цифрмен қалай белгіленетінін, 1-ден 10-ға дейінгі сандардың ретін, қай саннан кейін қайсысы тұратынын, сандардың санау жүйесін түсіндіруіміз қажет.
Балалардың санау жүйесі қалыптасқаннан кейін 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қосып, азайтуға үйретеміз. Мысалға алсақ, 2+1 өрнегін балаларға ойын арқылы жеткізуімізге болады: «тал басында 2 көгершін отыр, оған тағы 1 көгершін ұшып келді, сонда нешеу болды?» деп түсіндірсек болады. Қазіргі уақытта сабақтарда ойын технологиясын кеңінен қолдануда. Ойын барысында балалар әртүрлі жаттығуларды орындап, сабаққа қызығушылығы оянады, сондай-ақ логикалық ойлау қабілеті де дами түседі.
Сөзімді атақты ғалым Д. И. Писаревтың қанатты сөзімен аяқтағым келіп тұр: «Математика оқыту әдістемесінде сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді».

1. Леушина A.M. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
әдістемесі. - Алматы, 1987ж.
2. Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасы. -
Алматы, Шартарап, 2000ж.
3. Балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектеп алды даярлау бағдарламасы.
Астана-Алматы, 1992ж.
4. Адамтаева Г. «Білімді тиянақтау». Бастауыш мектеп 10-2004ж.23бет.
5. Асқарова Ж. «Интелектуалды ойын». Бастауыш мектеп 2-2002ж.Зббет.
6. Ақбаева «Дидактикалық ойындар». Бастауыш мектеп 3-2000ж.
7. Құрманалина , С.Ш. Сәрсенбаева , Өміртаева «Математикадан
дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар. 1-сынып». Алматы
«Атамұра» 1997ж..
8. Оспанов Т. Қ., Құрманалина Ш. Х. , Құрманалина С. Х., «Бастауыш
мектепте математиканы оқыту әдістемесі». Астана. «Фолиант»-2007ж.
9. Мамырбаева «Жаңа технологиялар сабақта». Бастауыш мектеп 7-2004ж.
10. Наурызбайқызы Ә, С.Мұхамедқызы «Математикадан
дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар». Алматы
«Рауан» 194ж.
11. Нурахметова А. «Ойын әдістерін қолдануға студенттерді кәсіби тұрғыдан
даярлау». ¥лт тағылымы 4,5-2001ж.124бет.
12. Нұрғаева Г. «Ойын сабақ» Бастауыш мектеп 7-2001ж.35бет.
13. Оразбекова «Дидактикалық ойындардың маңызы» Бастауыш
мектеп 2-2000ж.40бет.
14. Оспанова «Бастауыш мектеп кластарында математиканы
оқыту». Алматы «Мектеп» 1987ж.
15. Балабаева А. Б. Қарапайым математикалық ұғымдармен таныстыру.
«Бастауыш мектеп» 2007ж. №2
16. Кемазанова С. Білім берудегі ойын технологиясы. «Қазақстан мектебі»
1974ж. №8
17. Леушина А. М. Мектеп жасына дейінгі балаларда элементар
математикалық түсініктерді қалыптастыру. 1982ж.
18. Баймұратқызы Б. , Сансызбайқызы М. , Ниязбекқызы Ф. , Ғалиқызы С.
«Отбасында баланы мектепке дайындау», Алматы, «Шартарап», 2000
19. Әзімханова Т. «Отбасы мен балабақша арасындағы өзара әрекеттестіктің
әлемдік тәжірибелік сипаты». Білім, 2006ж. №3.
20. Барсай Б. Т. «Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен
технологиясы: Оқу құралы». Атырау-2008ж.

Аннотация
Курстық жұмыстың тақырыбы: Қарапайым түсініктер. Сандар номенклатурасы.
Жұмыс жоспары 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Тақырыптың жалпы мақсаты: сандардың арифметикасы (сандардың аталуы, жазылуы, салыстыру, қосу мен азайту және шамалар, мәселен, ұзындық және оны өлшеу) жайында түсініктер, алгебра мен геометрияның өте қарапайым элементтері, жалпы математикалық сауаттылығын қалыптастыру.
Қарапайым түсініктер 1 сыныпта қарастырылады және оған 16 сағат бөлінген. Осы 16 сағаттың ішінде қарастырылатын тақырыптар:
oo әр түрлі заттарды санауды үйрену және соларға жаттығу. Соның нәтижесінде Қанша? (неше? нешеу?) деген сұраққа жауап беру үшін оқушылар заттарды санауды меңгереді. Ал нешінші? деген сұраққа жауап беру үшін заттарды көрсетіп, берілген ретте ғана санау қажеттігін игереді.
oo заттарды әр түрлі белгілеріне (түсіне, өлшемінде, пішініне) қарай салыстыру.Салыстырудың қорытындысын білдіретін бірдей, әр түрлі сөздерін игеру және түстерін бірдей, пішіндері бірдей, үшбұрыш, ұзын-қысқа сөздерімен танысу.
oo заттарды ұзындығына қарай салыстыру, заттың ұзындығын сантиметрмен өлшеу, кесіндінің ұзындығын өлшеу және ұзындықтың өлшем бірлігі ретінде сантиметрдің енгізілуі жайында түсінік қалыптастыру.
oo заттардың екі тобын салыстыру. Қайсы топта заттың артық (кем) екенін немесе бір топта қанша зат болса, екіншісінде де сонша екенін анықтауды үйрету. Қорытынды нәтиже: артық, кем, сонша, сөздері мен сөз тіркестерін игеру және салыстыру.
oo кеңістік туралы түсінік, заттардың кеңістіктегі орналасу қалпын сөзбен (жоғары, төмен, алдында, артында) білдірудің үлгілері көрсетіледі.
oo уақыт аралығы туралы түсінік. Соның нәтижесінде құбылыстың өту ретін білдіретін сөздердің (бұрын, кейін, таңертен, кешке, және т.б.) мән-мағынасын түсіндіру.
oo заттарды санау (Heшінші?), апта күндерінің, жыл мезгілдерінің, айдың атаулары және peтi;
oo біріктірy және бөліп алу, Заттың екі тобынан бір ғана топ құрастыру,заттың тобынан қандай да белгісіне қарай бірнеше затты ажыратып, топтан бөліп алу, осыларға ұқсас фигураны құрамды бөліктерге жіктеу және бөліктерден фигураны құрастыру.
oo сызықтар (түзу, қисық сызық, тұйықталған қисық сызық, тұйықталмаған қисық сызық); нүкте. Сәуле. Бұрыш. Keciнді және оны сызу. Кесіндінің ұзындығын өлшеу (сан - тиметр).
Математикалық сауаттылықты қалыптастыра отырып балаларды санауға, яғни сан, цифр ұғымымен таныстырамыз. Цифрды балаларға түсіндірмес бұрын алдымен, олардың үлгілерін жазып көрсетеміз. Сандар нумерациясын үйрету барысында оқушыларға: әр сан қалай аталады және баспа және жазба цифрмен қалай белгіленетінін, 1-ден 10-ға дейінгі сандардың ретін, қай саннан кейін қайсысы тұратынын, сандардың санау жүйесін түсіндіруіміз қажет.
Балалардың санау жүйесі қалыптасқаннан кейін 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қосып, азайтуға үйретеміз. Мысалға алсақ, 2+1 өрнегін балаларға ойын арқылы жеткізуімізге болады: тал басында 2 көгершін отыр, оған тағы 1 көгершін ұшып келді, сонда нешеу болды? деп түсіндірсек болады. Қазіргі уақытта сабақтарда ойын технологиясын кеңінен қолдануда. Ойын барысында балалар әртүрлі жаттығуларды орындап, сабаққа қызығушылығы оянады, сондай-ақ логикалық ойлау қабілеті де дами түседі.
Сөзімді атақты ғалым Д. И. Писаревтың қанатты сөзімен аяқтағым келіп тұр: Математика оқыту әдістемесінде сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
І. БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРАПАЙЫМ
ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-13
1.1 Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудағы мазмұны,
міндеттері және ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-10
1.2 Қарапайым математикалық ұғымдарды оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .11-13
ІІ. ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ОЙЫН
ТЕХНОЛОГИСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-22
2.1 Бастауыш сыныпта математикалық сауаттылықты қалыптастыру.
Алғашқы ондық сандарды оқыту. Сан және цифр ұғымдарын
анқытау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-17
2.2 Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
әдістемесінде ойын технологиясын ұйымдастырудың маңызы ... ... ...18-22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3-24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..25
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Матматиканы оқытуда, біздіңше, қарапайым түсініктерді қалыптастыру мен дамыту жолдарын анықтаудың негізі ретінде оқушының жеке басының іс-әрекеттің қасиетіне деген қызығушылықтың ыңғайынан алған абзал.
Қарапайым түсініктерді қалыптастыру оқушылардың танымдық сұранысының объективті көрінісі ретінде, яғни олардың қығармашылық есептерді орындауда білімі, біліктілік және машықтарға ие болуларына бағытталған қауырт оқу танымдық іс-әрекеті ретінде көрінеді. Осындай іс-әрекетті басқаратын, қарастырылып отырған математикалық жағдайдың шешімін табуда оқушының іс-әрекетінің шығармашылық сипатында өрбуіне жетелейтін әдістемені жасау қажеттілігінен туып отыр.
Бастауыш мектепте қарапайым түсінікті қалыптастыру оқыту әдістемесін Л. В. Заиков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, В. В. Репкин, В. А. Левин жоспарлап ұсынған.
Осы айтылғанның бәрі мектепте математиканы оқыту процесінде шығармашылық және логикалық есептерді біртұтас және жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың дамыта оқытуына дамыту әдістемесін құрудың көкейкесті екенін көрсетеді.
Қарапайым түсініктерде балаларға жақсы таныс ойын технологиясында айтып өткен жөн. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық деп В.А.Сухомлинский айтқандай, ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Ойын процесіде балалардың өздері ойнаушылардың мінез - құлқы мен өзара қарым - қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратында - ойын әрекеті болып саналады.
Қандай ойын түрі болсын, дидактикалық па, шығармашылық па, қимылды ма, сюжетті ме, әлде драмалық болсын баланың ой өрісін дамытады, сөздік қорын молайтады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді.
Орыс педагогы В. А. Сухомлинский: "Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл - ойдың қалыптасуы мүмкін де емес" десе, ғалым Е. А. Покровский өзінің балалардың ойындарына арналған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді.Мысалы: ежелгі гректерде "ойын" түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында "ойын" сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды - деп, барлық халқтың ойын түсінігінің түп - тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды. Ойын - таным процесініңдамытудың негізгі болғандықтан әрбір тәрбиеші ұстаз оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру керек.
Сабақта ойынды дұрыс колдану үшін ұстазға ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әр бір тақырыпқа байланысты оқу жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тәрбиелік және танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы баланы танымына әсер етіп, даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.
Қазіргі кезде әлеуметтің - экономикалық дамудың оқу - тәрбие жұмысының жаңару заманында ағарту саласының бастауыш сыныптағы тәрбиелеу, білім беру буынында шешуін күткен мәселелер тұр.
Сондықтан, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың жеке басын дамыту, техникалық дамуын, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын оқушылардың тез арада дамуына бағыттау. Сонымен зерттеу өзекті сипат береді. 1 сыныптың математика сабақтарында оқушыларды қарапайым түсініктерді оқытуды ұйымдастыру деп аталады.
Зерттеу мақсаты: 1 сыныптың математика сабақтарында оқушыларды қарапайым түсініктерге оқытуды ұйымдастыру үшін сабақтар ұйымдастыру. Оқушылардың таным қызығушылығын қалыптастыру үшін қызмет ететін барлық әдіс тәсілдерді қолдану. Оқыту тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асыру. Оқушылардың қызығушылығын әр түрлі ұлттық ойын, ертегінің көмегімен арттыру. Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары жалпы білім беру, тәрбиелік және практикалық болып саналады. Оқушылардың қарапайым түсініктерді қалыптастыру, математикалық мәдениетке тәрбиелеу; оқушылардың математикаға деген ықыласының тиянақты болуын қамтамасыз ету.
Зерттеу міндеті:
- 1 сынып оқушыларын математика сабақтарында қарапайым түсініктерді қалыптастыруда оқытуды ұйымдастыру мәселелерінің теориялық негіздерін қарастыру.
- бастауыш сынып оқушыларының таным қызығушылығын жетілдірудегі әр түрлі көрнекілік материалдарының мүмкіндіктерін анықтау.
- оқушылардың таным қызығушылық ерекшеліктерін дамыту сабақтарын ұйымдастырудың тиімді жолдары мен әдістерін айқындау.
- бастауыш сынып топтарының оқу тәрбие үдерісіне дамыту сабақтарын енгізу және оны талдау, жинақтау.
- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінде ойын технoлогиясын ұйымдастыруда ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу;
- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінде ойын технoлогиясын ұйымдастыруды жүзеге асырудың жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні: 1 сыныптың математика сабақтарында оқушыларды қарапайым түсініктерді қалыптастыруды оқытуды ұйымдастыру жолдары.
Зерттеу объектісі: 1-сыныптың математика сабақтарындағы оқыту процесі.
Зерттеу болжамы: Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибелерін басшылыққа алып, оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРАПАЙЫМ
ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
0.1 Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудағы мазмұны, міндеттері және ерекшеліктері
1-сыныптағы математикалық білімнің мазмұнын Қарапайым түсініктер, Он көлеміндегі сандар, Кестелік қосу және азайту, толық ондықтар. Жүз, Біз нені үйрендік? тақырыптары бойынша топтастырылған материалдар құрайды. Мұнда: сандардың арифметикасы (сандардың аталуы, жазылуы, салыстыру, қосу мен азайту және шамалар, мәселен, ұзындық және оны өлшеу) жайында түсініктер, алгебра мен геометрияның өте қарапайым элементтері қарастырылады.
Геометриялық фигуралар жайындағы мәліметті балалар алғаш рет ойыннан алады. Бұл уақытта баланың қабылдауын дамыта түсу керек, әр түрлі формалар туралы түсінік жинақтау керек. Алғашқы баланың шар және төртбұрышты ажырата білуді үйретеді. Олар үлкен кубтың үстіне кішісін қойып, бірденелерді құра бастайды.
Геометриялық фигураларды оқытуда балаларға қолмен айналдырып көрсету, көзбен қадағалау маңызды болып саналады. Мұғалім фигураны көрсетіп оны атайды, кейін балалардан соны қайталауын сұрайды, кейін балалармен бірігіп дәл сондай қимыл жасауға шақырады. Балалар тәрбиешісінің қолына қарап дәл соны қайталайды. Форманың қасиетін қығару үшін баладан қандай да бір қимыл жасауын сұрайды, фигураларды дөңгелеткен бала дөңгелекті домалақ, ал тік төртбұрышты домала алмайтындығына көз жеткізеді. Не үшін тік төртбұрыш домала алмайды? Өйткені бұрыштары кедергі жасайды. Тік төрт бұрыштың дөңгелек бұрышы жоқ, сондықтан домала алмайды.
Фигура туралы түсінік құру үшін оның моделін қолданады (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш т.б.) картоннан, қағаздан істелгенін пайдаланады.
Қорыта келе сабақ соңына таман балалар әр түрлі фигуралардың ішінде төртбұрышты, үшбұрышты, дөңгелекті таба алады.
Мектепке келген балалар келесі геометриялық фигураларды ажыратып, дұрыс атай білуі керек: үшбұрыш, төртбұрыш, шар, цилиндр.
Қарапайым түсініктер тақырыбының мазмұны: заттарды санау, заттарды және олардың топтарын салыстыру, заттардың топтарын біріктіру және бөліп алу сияқты практикалық іс-әрекеттер орындау, кеңістік және уақыт туралы түсініктер, қарапайым геометриялық фигуралар жайындағы түсініктер, фигураны бөліктерге бөлу мен оны бөліктерден құрастыру сияқты практикалық іс-әрекеттер орындау және т.б. бір-біріне байланысты материалдардан тұрады.
1. Әр түрлі заттарды санауды үйрену және соларға жаттығу. Соның нәтижесінде Қанша? (неше? нешеу?) деген сұраққа жауап беру үшін оқушылар кез келген ретте заттарды санауды меңгереді. Ал нешінші? деген сұраққа жауап беру үшін заттарды көрсетіп, берілген ретте ғана санау қажеттігін игереді. Сонымен бірге, осы сұраққа жауап беру үшін ұйымдастырылатын әр алуан практикалық жаттығуларды орындау барысында оқушылар зат пен санды сәйкестендіруді үйренеде, сандар қатарының ретін түсіндіреді. Осы түсініктердің мән-мағынасы ретімен қайталанатын құбылыстардан мысалдар келтіру кезінде және апта күндерінің, айдың атаулары мен ретін қарастыру барысында және т.б. жағдайларда ашыла түседі.
Мұның бәрі келешекте натурал сандардың есептік және реттік сипаттамаларымен оқушыларды таныстырудың негізін қалайды және соларды оқытып-үйретуге қажетті дайындық болып табылады, яғни сан жайындағы түсінікті санаудың нәтижесі ретінде қалыптастыру мүмкін болады.
2. Көптеген практикалық жұмыстарды орындаудың нәтижесінде заттардың екі тобын салыстыруды, қайсы топта заттың артық (кем) екенін немесе бір топта қанша зат болса, екіншісінде де сонша екенін анықтауды үйрету. Орындалған жұмыс барысында оқушылар заттардың екі тобын салыстырудың әр түрлі тәсілдерімен нақтылы іс-әрекет үстінде танысады. Екі топты теңестіру тәсілдерін де кездестіреді. Қорытынды нәтиже: артық, кем, сонша, сөздері мен сөз тіркестерін игеру және салыстыру кезінде нақты практикалық іс-әрекеттер орындауға жаттығу. Мұның бәрі ілгеріде теңдік, теңсіздік және т.б. түсініктерді енгізуге күнілгері жасалған дайындық болып табылады.
3. Заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алу мен фигураны бөліктерге бөлу, оны бөліктерден құрастыру мәселелері мазмұндық тұрғыдан алғанда өте ұқсас, сондай-ақ практикалық іс-әрекетке негізделіп түсіндірілетін өзара тығыз байланысты және табиғи бірліктегі түсініктердің қатарына жатады. Заттың екі тобынан бір ғана топ құрастыру,заттың тобынан қандай да белгісіне қарай бірнеше затты ажыратып, топтан бөліп алу, осыларға ұқсас фигураны құрамды бөліктерге жіктеу және бөліктерден фигураны құрастыру ілгеріде қосу және азайту амалдарының мән-мағынасын ашу кезінде және сол амалдармен шығарылатын (қосындыны және қалдықты табумен байланысты) есептерді-қарастыру барысында қолданылатын тірек білімнің қатарына жатады.
Осы амалдар арқылы кез келген санды шығарып алуға болатындығын негіздей отырып, сан жайында түсінік қалыптастырудың қажеттігін де ескермеуге болмайды, яғни санды арифметикалық амалдың нәтижесі ретінде қарастыру мүмкін болады.
4. Нақтылы іс-әрекет үстінде заттарды әр түрлі белгілеріне (түсіне, өлшемінде, пішініне) қарай салыстыру жайындағы қарапайым практикалық дағдылардың үлгілерімен танысу. Сонда қандай да бір мәнді белгілеріне қарай салыстыру, бақылауды ұйымдастыру барысында жүргізілетін жүйелі жұмыстың бастама кезіндегі іс-әрекеттің үлгісі көрсетіледі. Қорытынды нәтиже: салыстырудың қорытындысын білдіретін бірдей, әр түрлі сөздерін игеру және түстерін бірдей, пішіндері бірдей, өлшемдері бірдей, түстері әр түрлі, пішіндері әр түрлі, өлшемдері әр түрлі сияқты сөз тіркестерінің мән-мағынасын түсіну, сондай-ақ, дөңгелек, үшбұрыш, ұзын-қысқа, биік-аласа, қалың-жұқа, үлкен-кіші сөздерімен танысу. Мұның бәрін ілгеріде жиі пайдалануға тура келеді, сондықтан да олар дайындық сипатындағы мәселелердің қатарына жатады.
5. Заттарды ұзындығына қарай салыстыру, заттың ұзындығын сантиметрмен өлшеу, кесіндінің ұзындығын өлшеу және ұзындықтың өлшем бірлігі ретінде сантиметрдің енгізілуі, ұзындықты сантиметрмен өлшеу сияқты мәселелер, қарапайым шама ұзындығы және оны өлшеу жайында түсінік қалыптастыруды көздейді. Мұнда: заттардың ұзындықтары әр түрлі тәсілмен салыстырылады, ұзындықты өлшеу шартты өлшеуіштің қажеттігіне негізделеді. Ұзындығы 1см жолақшаның шартты өлшеуіш ретінде алынатыны айтылады және соның көмегімен заттың ұзындығын, соның ішінде кесіндінің ұзындығын өлшеу процесінің ерекшелігі баяндалады. Осы бағытта орындалатын практикалық іс-әрекеттердің нәтижесінде өте маңызды мәселе өз шешімін табады, атап айтқанда: шама (ұзындықты) өлшеудің нәтижесі екендігі жайлы түсінік беруге қажетті дайындық жүзеге асырылады.
6. Геометриялық фигураларлың 1-сыныпта бұрын беріліп жүргеннен гөрі біршама кеңейтіліп берілу себебі пәнішілік мұқтаждықтан және қажеттіліктен туындар отыр. Өйткені, олар ілгеріде көрнекілік ретінде жиі қолданылады, сондай-ақ дамытушылық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда тірек білім болып табылады: ал олардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстылары, көбінесе геометриялық фигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерді құрастыруды көздейді. Сондықтан дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, көпбұрыштың түрлерінің атаулары, түзу және қисық сызықтар, нүкте, сәуле, бұрыш, кесінді сияқты фигуралар ілгеріде өте жиі кездесіп отырады. Осыған орай, бұлармен оқушыларды күнілгері таныстыру жүзеге асырылған. Негізгі мақсат: оқушыларға геометриялық фигуралардың әрқайсысын танып-білуді және оларды бір-бірінен ажыратуды үйрету. Ал кесіндіні сызу және оның ұзындығын өлшеу келесі тақырыпта санды ұзындықты өлшеудің нәтижесі ретінде сипаттау мақсатында қарастырылып отыр. Олай болса, математикалық алғашқы тақырыбынан бастап-ақ, геометриялық түсініктердің, сандардың арифметикасына қызмет жасауға бағындырыла қарастырылатыны байқалады.
7. Күнделікті сабақ барысында өте жиі қолдануға тура келетін кеңістік туралы әр алуан түсініктермен танысу, соның нәтижесінде заттардың кеңістіктегі орналасу қалпын сөзбен (жоғары, төмен, жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта, солдан оңға қарай, алдында, артында, арасында, жанында, қатар, үстінде, астында, ішінде және т.б.) білдірудің үлгілері көрсетіледі және сәйкес практикалық жұмыстар орындалады. Мақсат: сөздерге орай сәйкес іс-әрекеттер жасауға жаттығу.
Келесі мәселе - уақыт аралығы жайында түсінік беру. Соның нәтижесінде құбылыстың өту ретін білдіретін сөздердің (бұрын, кейін, алдымен, содан соң, сонан соң, соңында, таңертен, түсте, кешке, күндіз және т.б.) мән-мағынасын түсіне отырып, сәйкес практикалық іс-әрекет орындауға машықтандыру.
Жалпы алғанда кеңістік және уақыт аралығы жайында түсінік қалыптастыру ілгеріде енгізілетін көптеген ұғымдарды оқытып үйретуде тірек білім болумен қатар, баланың ой-өрісін, қиялын және т.б. қырларын дамыта түсуге себепші болады.
8. Жоғарыда шолу ретінде ғана қарастырылған қарапайым түсініктер негізінен оқулықта берілген жаттығулар арқылы қалыптастырылады. Ал сол түсініктердің практикалық сипаттағы қырларын таңдау арнайы математика дәптерлерінддегі тапсырмаларды орындау кезінде жүзеге асырылады. Мәселен, әр сабақ сайын сурет салу, суретті бояу, әр түрлі әшекейлерді безендіру сияқты тапсырмаларды дәптерге орындау көзделеді. Соның барысында бала саусақтарының кішкене бұлшық еттері дамиды. Қорытынды нәтиже - ілгеріде цифрларды, амалдардың және қатынастардың таңбаларын жазуға оқушыларды біртіндеп дайындау.
Қарапайым түсініктер тақырыбында жоғарыда қарастырылған бағыттардың әрқайсысы бойынша алған тірек біліміне сүйеніп, Он көлеміндегі сандар тақырыбы оқылып үйретіледі. Мұндағы сан және цифр жайында түсінік: санды шығарып алудың әр түрлі жолдары (санауға сүйеніп, ұзындықты өлшеудің нәтижесі ретінде, қосу мен азайту амалдарын орындау арқылы) қосу мен азайту амалдарының мән-мағынасын ашу және сәйкес +, - таңбалары; сандарды салыстыру және теңдіктер мен теңсіздіктер, сәйкес =, , , таңбалары, қосу және азайту амалдарындағы сандардың атауларын енгізу және сол амалдардың өзара байланысы мен қосу амалының орын ауыстырымдылық қасиетін білу, орындарын ауыстыру және қолдану; өрнек және өрнектің мәні, қосынды және айырма, қосындының және айырманың мәндері, өрнектерді салыстыру; натурал сандар қатарының негізгі қасиеті туралы түсінік беру; 0 және 1 сандары қатысатын жағдайларда қосу мен азайтуды орындау; әр санның сан қатарындағы орнын анықтау; санның құрамы және оған негізделген қосу мен азайту жағдайларын қарастыру, кесінділердің; ұзындықтарының қосындысы және айырмасы сияқты мәселелермен байланысты материалдар осы тараудың білім мазмұнын құрайды.
1.2 Қарапайым математикалық ұғымдарды оқыту
Математикалық ұғымдарды оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін анықтаудың теориялық жағымен бірге практикалық та маңызы бар.
Қазіргі ғылым мен мәдениеттің өркендеген кезінде, әсіресе математика ғылымының дамуы барысында оқушыларды математика ұғымдарын оқумен бірге өзінің ойын жеткізе білуге, оқыған математикалық ұғымдарын дұрыс тани біліп, қолдана алуға баулудың маңызы йрықша екендігі белгілі. Сондықтан оқушыларды математикалық ұғымдарды біліп қана қоймай, оның қолдану ерекшеліктерін тани алуға, оларды практикалық жұмыстарында қолдана алуға үйрету қажеттігі келіп туады.
Математикалық ұғымдарды оқытуға мәселелерге көңіл бөлу қажет:
а) математиканы, қарапайым ұғымдарды мектепте оқытуда, теориялық жақтарын таныстырумен бірге, практикалық бағытта да жұмыс жүргізу;
ә) математикалық ұғымды үйретуді тек 1 сыныпта ғана жүргізіп қаймай, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты оны күрделендіріп жүйелі түрде әр сыныпта оқыту;
б) математикалық ұғымдарды қалыптастыру тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда жүргізу.
Озат мұғалімдердің тәжірибесі мен ғылыми методикалық әдебиеттерді талдап, жинақтап құрастырғанымызды математиканы мектепте оқытудың жалпы дидактикалық әдістерімен қатар, кейбір әдіс-тәсілдері нәтижелі екендігі анықталады. Олардың қатарында математикалық байқау, талдау.
Нумерацияны оқып үйренгенде оқушылар мыналарды оқып меңгеріп алулары керек:
oo біріншіден, санағанда әрбір сан алдыңғы санмен бірліктен, сондай-ақ сан мен бірліктен, қалай жасалатынын;
oo екіншіден, әрбір сан қалай аталады және ол баспа және жазба цифрмен қалай белгіленетінін;
oo үшіншіден, әр сан санағанда тікелей өзінің алдында тұрған саннан қанша үлкен және тікелей өзіне кейінгі саннан қанша кіші болатынын;
oo төртіншіден, 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарында қандай орында тұратынын, оны санағанда қай саннан кейін және қай саннан бұрын айтатынын.
Осыларды ұғынып біліп алу оқушыны сан ұғымын саналы түрде түсінуді жаңа сатыға көтереді; санды олар жеке өзін емес басқа сандармен өзара байланысты қарастырады, балалардың санның натурал қатары жөнінде түсінігі қалыптаса бастайды.
Математикалық сауаттылықты қалыптастыра отырып, оның қыр-сырын толығымен түсіндіре жалпылау. Соған байланысты математикалық сауаттылықтың ең дұрыс та нақты айтылуы мен жазулуын ескере отырып, математикалық ұғымдарға толығымен көңіл бөлу.
Математикалық ұғым - мәнде белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы логикалық өрнектелген ой. Оқытылатын ғылымның ұғымдарын игеру оқытудың неігізін құрайды. Математикалық ұғым - біздің ойлауымызда шындықтың белгілі бір түрлері мен қатынастарының көрінісі болады. Ұғым ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. Егер олар болмысты шын бейнелейтін болса, онда ол үнемі дұрыс болады. Ұғымдарының анықтамасын берудің неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі - түрлік ерекшеліктері мен анықталатын ұғым түр есебінде енетін тегі көрсетіледі. Бұл тәсілдің схемалық түрі: анықталатын ұғым - түрлік ерекшелігі - тегі. Мысалы: Ромб (анықталған ұғым) дегеніміз барлық қабырғалары тең (түрлік ерекшеліктері) параллелограмм (тек). Математикалық ұғымның мазмұны мен көлемі болады.
Ұғым мазмұны - нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығы.
Ұғым көлемі - нәрселердің осы ұғым тарайтын жиынтығы. Мысалы: үшбұрыш ұғымының мазмұны үш қабырға, үш төбе және үш бұрыш, ал көлемі барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың жиыны. Математикалық ұғымдарды қарастыра отырып олардың ерекшеліктерін ескере отырып, математикалық сауаттылық ұғымдарды дұрыс ажырата білулерімен тығыз байланысты.
Ежелгі замандардан бері математиканың орны, оның ғылым мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі, жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі маңыздылығы аз айтылған жоқ. Дегенмен, әрбір адамның интелектуалдық мәдениет деңгейіне байланысты, жоғарыда келтірілгендей, математиканың қажеттілігі жөніндегі сұрақтар да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz