Білім беруді ақпараттандыру туралы
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5
1. Білім . жалпы адамзаттық құбылыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.14
1.1 Білім . әлеуметтік қажеттілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6.11
1.2 Білім берудің жүйелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11.14
2. Қазіргі заманғы білім беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.21
2.1 Білім педагогикалық процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.17
2.2 Қазіргі заман білім жүйесін реформалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.21
IІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.25
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Курстық жұмыстың өзектілігі. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген.
ХХІ ғасырдың үлкен жетістігі ақпаратты - қатынастық технология құралдарымен етене байланыс. Қазақ тілін ұлты басқа шәкірттерге оқыту – күрделі іс. Сондықтан оның кешегісін, бүгінгісін, ертеңгісін саралап – қазақ тілін оқытып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген өзекті тақырыпты алып, мәселенің шешілуі жолы ақпаратты- қатынастық технологияларды қолдану деген тұжырымға тоқтала кетсек, артық болмайды. Ақпаратты-қатынастық технология - өзінің мәнділігі жөнінен өте әділ де шындыққа негізделген үрдіс. Демек, ХХІ ғасыр әрбір адамның өз мүмкіндігінше білімін пайдалануға кең өріс ашқан технология құралдарымен жұмыс істеуге мол мүмкіндік туғызған ғасыр болып отыр.
Біз жаңа мыңжылдыққа, ақпараттандыру ғасырына аяқ бастық. Бұл -алдыңғы қатарлы елдер қатарында табиғи байлығы мен шығарған өнімі мол елдер емес, ғылымға негізделген техникасы дамыған, жастары білімді елдер тұратынын білдіреді. Қазіргі кезде ең бағалы тауар – ақпарат болып саналады. Сондықтан қай елдің тұрғындары ақпарат алуға кең мүмкіндік алса, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны пайдаланып терең білім алса сол ел алдыңғы қатарлы болып саналмақ.
Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.

1. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру білгірлігі. Қазақстан
мектебі, №2, 2000
2. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
3. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті
жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.
4. Т. Жұмажанова, С. Дүйсебаев, Ә. Мамырова, З. Көпбаева, «Қазақ
әдебиетінің» әдістемесі. Алматы «Білім», 2003
5. Педагогика журналы №2-2009ж
6. Білім сапасын бағдарлаудың ұлттық жүйесі :стратегия , технология және
проблемалар. Тараз 2003 ж.
7. Педагогика. Оқулық , Алматы; Print-S, 2009-3646 .
8. Педагогика. Дәріс жинағы; Алматы: Нұрлы Әлем,2007
9. М. Жұмабаев «Педагогика»
10. Қоянбаев, Педагогика
11. Коянбаев Ж.. Педагогика.- Астана.2007
12. Дуйсембекова Ш. Педагогика Оқу құрал. Семей.-2012.-246бет
13. Б.Ж. Мұқанова, Ш.Х. Құрманалина «Педагогика» оқулық Астана
Фолиант, 2007
14. С. Абенов «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» оқу құралы Алматы: Дарын,
2004
15. С.Б. Бабаев «Бастауыш мектеп педагогикасы» оқу құралы: Алматы: «Заң
әдебиеті» 2007
16. Педагогика, Савин.
17. Губашева С.Г..Отарбай А.Ж., Тәрбие жұмысының әдістемесі ; Оқу
әдістемелік құрал.- Астана:Фолиант, 2007-244 ,бет
18. Педагогика И.Ф. Харламов.
19. Педагогика: оқулық/Абай атындағыҰлттық Педагогикалық
Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы-Алматы:
Print-S, 2007-430c.
20. Бабаев С.Б., Аңалбек Ж.Ж. Жалпы педагогика. Алматы, 2005 ж.
21. Ж.Әбиев., С.Бабаев., А.Құдиярова. Педагогика. Алматы, 2004 ж.
22. ҚР Білім беруді ақпараттандыру бойынша тұжырымдамасы. А., 1997.
23. Жолдасбекова С., Махмудова Г. Болашақ мұғалімдерді дайындауда
оқытудың ақпараттық технологиясын пайдалану жолдары (Мәтін)
Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – 2005. - №1. – 238-241 бет.

Аннотация
Курстық жұмыстың тақырыбы: Білім беруді ақпараттандыру.
Жұмыс жоспары 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Тақырыптың жалпы мақсаты: терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр - ақпараттық технологияның озық дамыған ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми - технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.
Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интаративті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады.
Қазіргідей санның сапаға ауысуы кезеңінде, ұстаз алдында мынадай талап, міндеттер туындайды:
- ұстаздың алдымен өзінің білімді болуы;
- шәкірттерінен білімді талап етуші болуы;
- білімді тыңдаушы болуы;
- сонымен қатар білім жолындағыларды қолдаушы болуы.
Сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың оқушыларға тиімділігі:
-Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі;
- Уақытын үнемдеуі;
- Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
-Шығармашылық қабілетін дамыту
-Қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- Экономикалық тиімділігі;
-Іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде ( би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);
- Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
- Оқушының ой- өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ағартушы Д. Пойаның мынадай қанатты сөздері бар: Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс, ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек. Сондықтан ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін оқу үрдісіне жан-жақты пайдала білуіміз керек. Ал оны пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында еңбек етуі керек.
Мазмұны:
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
1. Білім - жалпы адамзаттық құбылыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-14
1.1 Білім - әлеуметтік қажеттілік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-11
1.2 Білім берудің жүйелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-14
2. Қазіргі заманғы білім беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-21
2.1 Білім педагогикалық процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-17
2.2 Қазіргі заман білім жүйесін реформалау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 18-21
IІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22 -25
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу - делінген.
ХХІ ғасырдың үлкен жетістігі ақпаратты - қатынастық технология құралдарымен етене байланыс. Қазақ тілін ұлты басқа шәкірттерге оқыту - күрделі іс. Сондықтан оның кешегісін, бүгінгісін, ертеңгісін саралап - қазақ тілін оқытып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген өзекті тақырыпты алып, мәселенің шешілуі жолы ақпаратты- қатынастық технологияларды қолдану деген тұжырымға тоқтала кетсек, артық болмайды. Ақпаратты-қатынастық технология - өзінің мәнділігі жөнінен өте әділ де шындыққа негізделген үрдіс. Демек, ХХІ ғасыр әрбір адамның өз мүмкіндігінше білімін пайдалануға кең өріс ашқан технология құралдарымен жұмыс істеуге мол мүмкіндік туғызған ғасыр болып отыр.
Біз жаңа мыңжылдыққа, ақпараттандыру ғасырына аяқ бастық. Бұл -алдыңғы қатарлы елдер қатарында табиғи байлығы мен шығарған өнімі мол елдер емес, ғылымға негізделген техникасы дамыған, жастары білімді елдер тұратынын білдіреді. Қазіргі кезде ең бағалы тауар - ақпарат болып саналады. Сондықтан қай елдің тұрғындары ақпарат алуға кең мүмкіндік алса, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны пайдаланып терең білім алса сол ел алдыңғы қатарлы болып саналмақ.
Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.
Зерттеудің мақсаты. Терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері. Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ақпараттық технология терминін академик В.М. Глушков енгізген. Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан, В. Глушковтың анықтауынша, Ақпараттық технологиялар ақпаратты өңдеумен байланысты үрдістер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды.
А. Горячевтің тұжырымдауынша, Ақпараттық технология- мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады.
Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтсек:
Ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары.
Қазіргі заманда барлық мектептерде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Қазақ тілі сабағында логикалық жүйеге құрылған бағдарламаларды пайдалану арқылы өтілген тақырыптардан қайталау, пысықтау, мәтінді оқыту барысында талдау сияқты тапсырмаларды орындатуға болады.
Зерттеудің нысаны. Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай саралап көрсетуге болады.
1. Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз, оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді.
2. Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады. Тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.
3.Берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана сөйлейтін болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай көңілсіз жағдайларды болдырмау үшін қазақ тілі мен әдебиет сабағында компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын элементтер қолданылады.
Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі - оқушылардың білім оқулықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар.
Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Білім - жалпы адамзаттық құбылыс
1.1 Білім - әлеуметтік қажеттілік
Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен білім түсінігі көп мәнділігімен ерекшеленеді. Әдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім - жалпы адамзаттық құбылыс, білім - әлеуметтік мәдени мұра; білім - жүйе; білім - педагогикалық процесс; білім - нәтиже.
Категориялық тұрғыдан білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде танылады. XX - ғасырдың 60 - жылдарынан адам, мораль, гуманизімге, жалпы субъктив жағдаяттар ( фактор) проблемасына қызығушылық артудан, бұл категория филасофиялық деңгейде қарастырыла бастады.Құндылықтар табиғатын, олардың құндылықты дүние болмысы мен оның құрамындағы орын аксиология ғылымы зертейді.
Құндылық термині қоғамдық мұраттар қамтыған, сонысымен де міндеттілік өлшемі ретінде танылған нысандар мен құблыстарды, олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақы идеяларды белгілеу, әрі сипаттау үшін қолданылады. Құндылықтар заттасқан және субъектив болып ажыралады. Сан қилы адамзат қызметінің, қоғамдық қатынастардың өнімі және олардың аймағына қосылған табиғат құбылыстары заттасқан құндылықтар сапына кіреді. Ал субъектив құндылықтар - бұлар бағалау - баға негізінде алынған өлшем - шектері (критерий), өрнек үлгілер, әлеуметтік стандаттар. Бұлардың бәрі идеялар, принципттер, мұраттар, іс - әрекет мақсаттары ретінде қоғамдық санада бекіп, ол сананың бағыт - бағдарын айқындап отырады.
Құндылық ретінде әлеуметтік ілгерілеумен (прогресс) байланысты ұнамды мән - мағыналы оқиғалар мен құбылыстар ғана танылады. Әрқандай тарихи нақты қоғамдық формация әлеуметтік реттілікті қамтамасыз етуші, өзіне ғана тән құндылықтар жиынтығына ие. Сол құндылықтарды танып меңгеру негізінде тұлға қалыптасады, қоғамда қабылданған тәртіптер жүйесі қолдау табады.
Адамзат дамуының әрқилы кезеңдерінде де өзгеріске түспей, тұрақты қалпында сақталатын құндылықтар болады. Мұндай құндылықтар: өмір, бейбітшілік, еңбек, денсаулық, махаббат, әсемдік, шығармашылық және т.б. - адамзат қауымының гуманистік бастауы болған бұл категориялар мәңгілік, ешбір төңкеріс не идеялогия, саясат оларды жоюы мүмкін емес. Әр тарих кезңде олар мәні қайта қарастырылып, жаңа көзқараспен бағалануы ықтимал.
Жалпы құндылықтар арасында педагогикалық құндылықтар өз алдына дербес топ құрайды. Олардың мәні тәрбиелеу және білім беру қызметінің ерекшелігі, оның әлеуметтік ролі және жағымпаздық мүмкіншіліктерімен анықталады.
Педагогикалық құндылықтар білім саласында қалыптасқан қоғамдық дүниетаным, көзқарастар мен педагог қызметтері арасында жанама және тікелей байланыстырушы ретінде, әрі педагогикалық іс - әрекетті реттеуші талаптар (нормы) ретінде қабылданған.
Барша құндылықтар сияқты педагогикалық құндылықтар да қоғамдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарға тәуелді. Олар тарих желісінде қалыптасып, ерекше танымдық бейне және ұғымдар түрінде қоғамдық сана формасына енеді. Өмірдің әлеуметтік шарттарының өзгеріске келуімен, тұлға, қоғам қажеттерінің дамуымен педагогикалық құндылықтар да ауысып барады.
Білім - қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Мұның дәлелі - көпшілік елдер Ата заңында келтілірген әрбір адамның білім алуға болған құқығы. Бұл құқық әртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына сәйкестендірілген нақты дәуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық және тұлғалық құндылықтарға ие.
Білімнің мемлекеттік тұрғыдан құндылықты болуының себебі - мемлекеттің адами - инабаттық, ақыл - парасаттық, ғылыми - техникалық, рухани - мәдени және экономикалық мүмкіндіктерінің негізгі- білімде. Осыдан, білімді ел - мықты, мызғымас ел.
Білімнің қоғамдық құндылығы да жоғарыда аталған алғы шарттармен анықталады. Алайда, мемлекет және қоғам тарапынан болатын білім дамуына орай түсіністік пен ұмтылыс әрқашан сәйкес бола бермейді. Мысалы, осы күні ҚР он екі жылдық оқуға өту - мемлекет талабы, бірақ ол қоғам тарапынан түсінбеушілікке ұшырауда.
Әрқандай адамзат қауымдастығының шарты - оның мүшелігін мойындаған әр тұлға сол қауымның нақты табиғи және әлеуметтік тарихи жағдайларына байланысты қалыптасып, қабылданған құндылықтарын мойындап, қылық - әрекет талаптарына бой ұсынады. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған әлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның әлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдеме білуі ғана емес, ол ішінде жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды.Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірді мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы, ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен және жеке адамның ынта - ықласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы әлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім деп аталады. Білім өте күрделі, басқа дүние болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол қоғамдық - тарихи құбылыс, оның мән - жайын тануға құштарлық білдірмеген ғылым аз- ақ.
Педагогикада қолданылып келе жатқан білім түсінігі немістің Bildung - бейне сөзі негізінде пайда болған әрі оның бұл күндегі көпшілік таныған анықтамасы келесідей: кейбір идеялды бейнелерге саналы бағытталған, тарихи шарттарға тәуелді қоғамдық санада түбегейлі әлеуметтік өрнек - эталонға сай бекіп, жүзеге келетін тұлғалық және рухани қалыптасу мен әлеуметтену процесі.
Бұл тұрғыдан білім барша қоғамдар мен жеке индивитер өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасады. Осыдан да ол ең алдымен әлеуметтік құбылыс.
Білімнің әлеумет өміріндегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен әлеуметтік тәжирбиені ұрпақтан - ұрпаққа өткізу процесі қоғамның тіршілік әректтеріне өз алдына бөлініп және тәрбие мен оқуды іске асыратын арнайы кәсіби адамдардың пайда болуы дәуірінен басталады.Дегенмен, мәдинетке мұралық ету әлеуметтену мен тұлға дамуының қоғамдық құрал - тәсілі ретінде білім адамзат қауымының алғашқы қадамдарымен бірге өмірге еніп, еңбек әрекеттері, ойлау, тіл дамуымен бірлікте шексіз өркениет жолында өзөрісін тауып келеді.
Алғашқы қауым сатысында балалардың қоғам өміріне бастапқы араласу заңдылықтарын зертеген ғалымдардың топшылауынша, ол дәуірдегі білім игеру процесі қоғамдық өндірістің нақты іс - әрекетіне тікелей араласу нәтижесінде атқарылатын болған. Оқу мен тәрбие, мәдени құндылықтарды әулеттен әулетке жеткізу қызметтерін орындау әрбір ересектің борышты міндеті есептеленгенде, ол міндет балалардың еңбек және әлеуметтік іс - әрекеттерге тікелей араласып отыруының арқасында шешімін тауып отырған.
Қоғамның әрбір ересек мүшесі күнделікті тіршілік процесінде педагог қызметін атқаратын болған,ал кейбір дамыған қауымдарда (Колумбия, ягу тайпасында ) бұл жүктемені, яғни жас балаларды тәрбиелеу негізінен жасөспірімдерге тапсырылған. Қандай жағдайда да білім қоғам өмірінен ажырамай, оның ажырамас бірлігіне айналған. Балалар үлкендермен бірге қорек тауып, ошақ - отбасын қорып, еңбек құралдарын жасай отырып, білік, өнеге үйренген. Әйелдер қыздарын үй шаруашылығына үйретіп, бала бағуға баулыған, ал ер адамдар ұлдарын аңшылыққа, қару - жарақ ұстауға, пайдалануға тәрбиелеген. Жастар аға ұрпақ өкілдерімен бірге жүріп, жануарларды қолға үйреткен,көкеніс өсірген, сонымен бірге бұлттар мен аспан денелерінің қозғалысына ден қойып, табиғат сырларын таныған, табысты аңшылық, әскери жеңістерге қуана асыр сала билеп, ән шақырған, тайпаластарының бақытсыздығы мен ашаршылығын, жеңілістерді мен күйреулерін бірге басынан өткізіп, налыған да жапырған. Осыдан адам білімденуі комплексті іске асып, өмір бойы үздіксіз дамуда.
Қоғамдық қатынастар шеңберінің өрістеуі, тіл мен жалпы мәдениеттің дамуы жас ұрпаққа өткізілуі тиіс ақпарат пен тәжірбиенің молыға түсуіне жол ашты. Бірақ оны игеру мүмкіндіктері шектелуі болды. Осы қарама - қарсылықтың үйлесімді шешімі білім топтау мен көпшілік арасында тартуға арналған арнайы әлеуметтік құрылымдар мен әлеуметтік(инстут) мекемелердің түзілуіне байланысты болды.
Әлеуметтік құбылыс ретінде танылған білім - ең алдымен шынайы қоғамдық құндылық. Әрқандай қоғамның адамгешілік, интеллектлау, ғылыми - техникалық, рухани - мәдени және экономикалық мүмкіндіктерді білім беру саласының даму деңгейіне тәуелді. Алайда білім қоғамдық - тарихи сипатта бола тұрып, өз кезегінде, әлеуметтің білімдену функциясын іске асырушы қоғамның тарихи типіне байланысты. Әр дәуір білімі сол кезеңдегі әлеуметтік даму міндеттерін, қоғамдағы экономика мен мәдениет деңгейі, саяси және идеологиялық талаптар сипатын аңдатады. Себебі аталған факторлардың арасында қоғамдық қатынастар субьекті болған педагогтар мен оқушылар тұр.
Білім - салыстармалы дербес жүйе. Оның қызметі - нақты ғылыми біліктерді, идеялық - ізгілік құндылықтарды, ептіліктер мен дағдыларды, әрекет - қылық нормаларын игеруге бағытталған қоғам мүшелерінің тәрбиесі мен оқуын іске асыру. Ал бұлардың бәрінің астарында болатын мазмұн нақты қоғамның әлеуметтік - экономикалық және саяси құрылымы мен оның материялды - техникалық деңгеймен айқындалып барады.
Білімнің жеке тұлғалық құндылығы әрбір адам үшін өз алдына бөлек. Әсіресе, бұл өзіндік білім, оның деңгейі мен сапасында көрінеді.
Білім, әлеуметтік - қажеттілік болуымен бірге біршама қызметтер атқарады. Ғалымдардың пайымдауына (Н.В.Берковский А.А. Реан) білім қызметтері төменднгіндей:
oo Адамның ғылым және мәдениет әлеміне енуінің ең оңтайлы да жедел жолы. Бүкіл дүние қазіргі таңда әлем және барша планета азаматын тәрбиелеуге ұмтылыс жасап, білім аймағында барлық күш - қуатын тотастыруда. Дүниежүзілік білім кеңістігі жедел дауда. Сондықтан да әлем қауымдастығы адамның жасайтын орны не елі, білім игеру типі не деңгейіне тәуелсіз жаһандық білім стратегиясын қалыптастыру талаптарын алға тартып отыр;
oo Тұлғаның әлеуметтенуі мен ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз ету тәсілі. Адамдардың идеологиялық көзқарасы мен талғамдарынан, әлеуметтік танымдарының, мұраттары мен тіршілік климаттарының түбегейлі өзгеріске түсіп жатқан заманда білім қайта жаңғырту мен тарихи және әлеуметтік тәжірбиені әулеттен әулетке өткізу процесін қалыпты жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа саяси және экономикалық жағдайларды, қоғам және мәдениет дамуын жаңа бағыттарын жас ұрпақ санасына ендіріп, бекітуге көмектеседі. Тек білімнің ғана үйлестіру, тұрақтандыру қызметіне бола, адам жаңа өмір салттары мен тіршілік шарттарына икғемделіп, бейімделеді.
oo Адамның қоғамдық және рухани өмірін, сонымен бірге жалпы халықтық рухани сана қалыптастыру тетіктері. Білім беру және тәрбиелеу мекемелерді белгілі дәуір адамының әлеуметтік - мәдени іс - әрекеттерінің ең жоғарғы өрнек - үлгілерін шоғырландырады. Осыдан білімнің әлеуметтік құндылығы білімді де ізгілікті қоғам адамының маңыздылығымен өлшенеді. Білімнің адамилык(гуманистік) құндылығы әрбір жеке тұлғаның танымдық және рухани қажеттерінің даму мүмкіндіктерінен көрінеді. Бір тұтас білім жүйесінің барша түрлері мен деңгейлерінде елдің интеллектуал және рухани - инабаттық мүмкіндіктері жинақталып, даму жолына түседі.
oo Мәдени қалыпқа енген жеке мінез-құлық және қимыл - әрекет үлгілері мен қоғамдық өмірдің бекіген формаларының ауысып (транслясия)бару. Оқу және тәрбие барысында адам өркение дамуына қажет әрі мәдени - тарихи маңызы бар әлеуметтік - мәдени нормаларды игереді, атап айтсақ, олар: адамның әлеуметтік топтар мен өндірістегі, отбасы мен қоғамдық орындардағы, сонымен бірге ортақтасу, жеке тұлғалық және іскерлік қатнастардағы моралдық және ізгілік талап өлшемдері.
oo Аймақтық жүйелер мен ұлттық салт- дәстүрлердің даму әдісі. Кейбір аудан тұрғындарының ерекшелігі педагогикалық міндеттерге өзіндік өң береді. Жастардың қала не ауылдың рухани өміріне ену осы білімнің арасында өтіп жатады. Аймақтық білім жүйесінде бұқара халық арасындағы әр қилы әлеуметтік топтардың сұраныстары ескеріледі.
oo Тұғырлы мәдени құндылықтар мен қоғамның даму мақсаттары бірден бірге өткізіп тұрушы және іске асырушы әлеуметтік институт (ресми құрлым, мекеме).Әлеуметтік институттар жас ұрпақты бүгінгі қоғамда дербес жасауға мақсат бағдарлы жасауға дайындау жұмыстарын іске асырып барады.
oo Жеке адам мен қоғамдық өмірдегі мәдени ауысулар мен қайта түрленудің белсенді үдеткіш күші.
1.2 Білімнің жүйелілігі
Жүйе ретінде білім - бұл өзара ұштасқан білімдеме бағдарламалары мен мемлекеттік стандартының жиынтығы әрі оларды іске асырушы білім мекемелерімен білімді басқару органдарының торабы.
Еліміздегі осы заманғы білімдену жүйесі Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған Білім туралы заңына сәйкес құрылады. Бұл заң білім саласындағы келісімдей мемлекеттік саясат принциптерін белгілеп береді. Олар:
oo Білімнің адамилық (гуманистік) сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірімен салауаттылығының, тұлғаның еркін дамуы, азаматтық сезім және Отанға деген сүйіспеншілік тәрбиесінің басымдылығы принципі.
oo Аймақтық мәдени білім кеңістіктерінің бірлігі, білім жүйесі арқылы көп ұлттық мемлекет жағдайында ұлттық мәдени құрылымдар мен аймақтық мәдени салт - дәстүрді қорғау принципі.
oo Жалпы халықтың білімге теңдей қол жеткізе алуы, білім жүйесінің оқушы - тәрбиеленушілердің даму деңгейлері мен ерекшеліктері және дайындығына икемдестіру принципі.
oo Мемлекеттік, жеке меншік білім мекемелеріндегі оқудың зайырлылық сипаты.
oo Білім жүйесіндегі еркіндік пен әрқилы пікірлер сиыстығы принципі.
oo Білім басқарудың демократиялық, мемлекеттік - қоғамдық сипаты, білім мекемелерінің дербестігі принципі.
Заң өзіндік сипаттарымен, әсіресе, деңгейі кәсіби бағыттарымен ажыралатын білім мекемелерінің құрылымын анықтап береді.
Қазіргі қалыптасып жатқан білім жүйесінде білім мекемелерінің төменде көрсетілген типтері белгіленген:
oo Мектепке дейінгі: балабақшалар.
oo Жалпы білімдік (бастауыш, жалпы, негізгі жалпы, орта жалпы, толық білім ): мектептер, гимназиялар, лицейлер т.б.
oo Бастауыш кәсіби (училищелер), орта кәсіби (техникумдар, колледждар), жоғары кәсіби (институттар, университиттер, академиялар) және ЖОО - дан соңғы кәсіби (аспирантура және докторантура, курстар, біліктілік көтеру және қайта дайындау институттары) білім мекемелері;
oo Дамуында ауытқуы бар оқушыларға арналған арнайы (түзету - коррекциялық) оқу мекемелері; көруі мүкісті және зағиптарды, естуі мүкісті және терендер, ақыл - ес дамуы кемістер, есі ауысқандар және т.б. мектептері;
oo Қосымша білім мектептері: ән, күй, өнер, спорт мектептері, шығармашылық орталықтыры, жас техниктер мен туристер станциялары және т.б.
oo Жетім балалар мен ата - ана қарауынсыз қалған балаларға арналған мекемелер: интернаттар, балалар үйі;
oo Білімдену процесін іске асырушы басқа да мекемелер. Ұйымдастыру құқықтық формалары бойынша білім мекемелері мемлекеттік монициалды және мемлекеттік емес ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz