Delphi-де бағдарламалау


І Бөлім. Бағдарламалау негіздері. Delphi-дің консольдік режимінде жұмыс

1. 1. Тілдің операторлары . Меншіктеу операторы.

Теориялық шолу:

Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасамас бұрын келесі түсініктерге тоқталайық:

1. паскаль бағдарламалау тіліндегі операторлар қарапайым және құрама болып бөлінеді.

2. Операторлар бағдарламаның begin және end операторларының ішіне алынып жазылады.

3. begin және end операторлары операторлық жақшалар деп аталады.

Қарапайым оператор деп құрамына басқа операторлар енбейтін операторды айтады.

Бірнеше операторлардан тұратын және begin және end операторларының арасында жазылатын операторларды құрама оператор деп атайды.

Бос оператор деп «; » операторын айтамыз. Бұл оператор оның алдындағы оператордың аяқталуын көрсетеді.

Енді сызықтық бағдарлама жасауға көшейік.

Еске сала кетейік : Бағдарлама деп белгілі бір бағдарламалау тілінде жазылған реттелген командалар тізбегін айтамыз. Белгілі бір алгоритмді бағдарламалау дегеніміз осы алгоритм орындалатын бағдарлама жазу. Ендеше сызықтық құрылымды алгоритмді бағдарламалап көрейік. Сонымен сызықтық алгоритм деп командалары бірінен соң бірі тізбектеліп орындалатын алгоритмді айтамыз.

Сызықтық бағдарлама жазу үшін келесі операторларды білу қажет:

меншіктеу операторы : =

енгізу операторы Read( ) ; немесе Readln( ) ;

шығару операторы Write( ) ; немес Writeln( ) ;

Мәліметті енгізу-шығару

Екі санды қосу

Есеп. Екі бүтін санды қосып, қосындысын экранда шығару.

Шығарылуы:

program qq;

var a, b, c: integer;

begin

read ( a, b ) ;

c := a + b;

writeln ( c ) ;

end.

Енгізу операторы

read ( a ) ; { а айнымалысының мәнін енгізу}

read ( a, b ) ; { а және b айнымалыларының мәндерін енгізу}

Екі санды қалай енгізуге болады?

Шығару операторы

write ( a ) ; { a айнымалысының мәнін шығару}

writeln ( a ) ; {a айнымалысының мәнін шығарып, келесі жолға көшу}

writeln ( ‘Салем!' ) ; { мәтінді шығару}

writeln ( ‘Жауап: ', c ) ; { мәтінді және c айнымалысының мәнін шығару}

writeln ( a, '+', b, '=', c ) ;

Шығару форматтары

program qq;

var i: integer;

x: real;

begin

i := 15;

writeln ( '>', i, '<' ) ;

writeln ( '>', i:5, '<' ) ;

x := 12. 345678;

writeln ( '>', x, '<' ) ;

writeln ( '>', x:10, '<' ) ;

writeln ( '>', x:7:2, '<' ) ;

end.

>15<

> 15<

>1. 234568E+001<

> 1. 23E+001<

> 12. 35<

Толық шығарылуы

program qq;

var a, b, c: integer;

begin

writeln(‘Екі бүтін сан енгізіңіз') ;

read ( a, b ) ;

c := a + b;

writeln ( a, '+', b, '=', c ) ;

end.

Протокол:

Екі бүтін сан енгізіңіз

25 30

25+30=55

Құрама және бос оперaтор

Тіл операторлары

Тіл операторлары есепті шешу үшін орындалуы қажет қандайда бір алгоритмдердіқ іс-әрекеттерін анықтайды. Бағдарлама немесе ішкі бағдарлама құрылымын осындай операторлар тізбегі ретінде қарастыруға болады. Бірінен кейін бірі орындалатын бағдарлама операторы нүктелі үтірмен бөлінеді. Паскаль тілінің барлық операторларын екі топқа бөлуге болады, қарапайым және құрылымдық.

Қарапайым операторлар

Өзінің құрамында басқа операторлары болмайтын операторлар қарапайым операторлар болып табылады. Оларға:

  1. меншіктеу операторы;
  2. GOTO шартсыз өту операторы;
  3. бос операторлар жатады.

Меншіктеу операторы

Меншіктеу операторы былайша орындалады:

  1. Меншіктеу операторы символының оң жағындағы өрнек мәні бірінші есептелінеді.
  2. Есептелген мән айнымалыға жазылады, айнымалы аты меншіктеу операторы символының оң жағына орна-ласқан.

Аты: = өрнек,

Мұндағы

Аты : = айнымалы (өзгеруі мүмкін) .

Бұл операция үшін «:=» меншіктеу таңбасы пайдаланылып, оның сол жағында мән меншіктелінетін айнымалы немесе функция аты жазылады, ал оң жағында өрнек жазылады.

Айнымалы мен функцияларға файл типінен басқа кез келген типті мәндерді меншіктеуге болады. Өрнек типі мен айнымалы (немесе функция) типі меншіктеу үшін бір-бірімен сәйкес болуы керек.

GOTO шартсыз өту операторы. Белгілерді қолдану

GOTO операторы операторлар орындалуының тізбекті ретін өзгертуге жөне көрсетілген оператордан бастап бағдарламаны орындауға ауысуға мүмкіндік береді. Ауысу орындалатын оператор белгіленуі керек. Осы белгі GOTO операторында көрсетілуі қажет.

Object Pascal-да пайдаланатын белгілер екі типті болуы мүмкін:

  1. О-ден га дейінгі бүтін сандар;
  2. жай атаулар.

Барлық пайдаланатын белгілер, Label тіркелген сөзімен басталатын белгілерді баяндау бөлімінде көрсетілуі қажет.

Мысалы:

Label,, 2, Label 1;

Бір белгімен тек бір операторды белгілеуге болады. Белгі, белгіленген оператордан қос нүкте арқылы бөлінеді.

Құрылымдық операторлар

Құрамында басқа операторлар қамтылатын операторлар құрылымдық болып табылады. Оларға:

  1. Құрамдас оператор;
  2. IF шартты операторы;
  3. CASEтаңдау операторы;
  4. REPEATцикл операторы;
  5. WHILEцикл операторы;
  6. FORцикл операторы;
  7. WITHжазбалар операторы жатады.

Құрамдас оператор

Begin жэне end операторлық жақшаларға алынған, тізбекті түрде орындалатын операторлар жиынтығы қү-рамдас операторболып табылады;

Begin

<l-ші оператор>;

<2-ші оператор >;

<N-ші оператор >;

end;

1. 2. Шартты оператор

Шартты оператор. Осы оператордың көмегімен қандай да бір шарттардың орындалуына қарай операторлардың орындалу ретін өзгертуге мүмкіндік туады. Шартты оператор былай жазылады:

If шарт then 1-әрекет else 2-әрекет;

Мұндағы if(егер), then(онда) және else(әйтпесе) - қызметші сөздер, ал 1-әрекет немесе 2-әрекет - операторлардың орындалу нәтижесін білдіретін операторлар. Мұнда шарт ақиқат болса 1-әрекет, жалған болса 2-әрекет орындалады. Шарт логикалық әрекетке жатады. Бұл жерде өрнектер мәні(оның ішінде логикалық та) салыстырылады, ол үшін Boolean типті мәнді қайтаратын функциялар шақырылады және ол мәндерді логикалық амалдармен қоса қолдана алады.

Амал

таңбасы Амалдың

атауы Логикалық амалдарды мына :

and (логикалық ЖӘНЕ)

or (логикалық НЕМЕСЕ)

xor (жоққа шығарушы НЕМЕСЕ) байланыстырушы амалдармен бірге пайдалануға болады.

Мәліметтердің кейбір типтері үшін қосымша амалдар бар. Мыс, жиын үшін in операторы - мәннің сол жиынға тиістілігін тексереді. K жиыны берілсін :

K := [1, 4, 7, 10, 13, 16] ;

мұнда 1 in K өрнегі ақиқат (true мәніне ие), ал 8 in K өрнегі жалған (false мәніне ие), өйткені 1 К жиынына тиісті, ал 8 мәні К-да жатпайды.

= тең

<> тең емес

> үлкен

< кіші

>= үлкен не тең

<= кіші не тең

not логикалық ЕМЕС - теріске шығару

ЖӘНЕ логикалық амалының орындалу нәтижесі екі операнд бірдей ақиқат болғанда ғана true -ге тең. НЕМЕСЕ логикалық амалының орындалу нәтижесі әйтеуір бір операнд ақиқат болғанда true мәнге ие болады. Егер операндтар бір-біріне тең болмаса, онда жоққа шығарушы НЕМЕСЕ амалының нәтижесі ақиқат болады.

Цикл оперторлар.

Цикл операторлары әрекеттердің бір ғана ізбен бірнеше рет қайталануын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Delphi-де бұл мақсатты орындайтын үш оператор бар. Олар:

• циклдің «жай» операторы

• циклдің шартты операторы

• қайталаудың шартты операторы.

Циклдің «жай» операторы, оның қайталау саны алдынала белгілі болған жағдайда қолданылады және ол былай жазылады:

For санауыш:=1-өрнекto 2-өрнекdo әрекет;

Санауыш-бұл цикл операторы орналасқан логикалық блоктың алдында жариялануға тиісті айнымалы және оның типі саналатын типтердің біріне, әдетте Integer-ге тиесілі болуы тиіс. Мұндағы 1-өрнек пен 2-өрнек тұрақты немесе идентификатор бола алады. Әрекет - Delphi-дің бір немесе бірнеше операторларын білдіреді. Оператор жұмысы басталғанда айнымалы-санауыш 1-өрнектің мәнін қабылдайды. Егер мұнда санауыш мәні 2-өрнек мәнінен кем не оған тең болса, онда әрекет құрамына енетін операторлар орындалады. Міне осы бір цикл «жай» деп саналады. Содан соң айнымалы-санауыш ағымдағы келесі мәнді қабылдап, жаңа цикл басталады, яғни ол 2-өрнекпен санауышты салыстырады, әрекетті орындайды. Осылайша айнымалы-санауыштың мәні 2-өрнек мәнінен асқанға дейін цикл жалғаса береді.

Цикл операторының жұмысында айнымалы-санауыш өсу орнына кемитін жағдай да болуы мүмкін. Ондай жағдайда оператор былай жазылады:

For санауыш:=1-өрнекdownto 2-өрнекdo әрекет;

Мұнда 1-өрнектің мәні 2-өрнектен үлкен не оған тең болуы тиіс.

Циклдің қайталану саны алдынала белгісіз болған жағдай үшін мына түрде жазылатын циклдіңшартты операторын пайдаланған жөн:

While шартdo

цикл денесі;

Бұл цикл шарт ақиқат болып тұрған кездің барлығында орындалады. Мұнда шарт бірден жалған болса, онда цикл денесі бір рет те орындалмайды. Мұндай циклдің шарты мен циклдің аяқталуын жазуда өте мұқият болу керек, әйтпесе while циклі шексіз рет қайталанып, бағдарламаның орындалмай тұрып қалуына әкеліп соқтырады.

Қайталаудың шартты операторы алдымен цикл денесін орындайды, сонан соң барып шарттың орындалуын тексереді. Бұл оператор былай жазылады:

Repeat

Цикл денесі

Until шарт;

Циклдің бұл түрі оның ең болмағанда бір рет орындалуын ұйымдастырады. Мұнда цикл шарт ақиқатқа айналғанша орындалуын жалғастырады және цикл денесі логикалық begin/end жақшасына алынбай жазылады. Цикл денесінің бас-аяғы repeat және until түйінді сөздерімен анықталады.

Цикл операторларымен қоса арнайы командалар да қолданылады, олар:

• циклді үзу командасы

• циклді жалғастыру командасы

Бірінші команда цикл денесі операторларының орындалуы кезінде оны аяқтау қажет болғанда пайдаланылады және ол былай жазылады: Break;

Осы команда орындалғанда басқару цикл операторынан кейінгі бірінші операторға беріледі.

Continue; командасы цикл денесіндегі басқа операторларды аттап өтіп бірден циклдің орындалуын жалғастыруға мүмкіндік жасайды.

Бағдарламаның орындалу ретін өзгертуге мүмкіндік беретін тағы бір оператор бар, ол көшу операторы: goto белгі;

Мұнда белгі ретінде кезкелген жарамды идентификатор немесе 0 мен аралығынан алынған сандар пайдаланылады. Белгіні алдынала айнымалыларды сипаттау бөлімінде var көмегімен емес, label түйінді сөзі арқылы сипаттау керек:

Label белгі; немесе label белгілер тізімі;

Бағдарлама бойынша көшу жоғары және төмен қарай да орындала береді. Мұнда белгі көшу жүргізілетін оператордан қос нүкте(:) арқылы ажыратылады. Көшу операторының қолданылу мысалын қарастырайық:

VarX, Y: Integer;

label A, B;

begin

A: X:=5 ;

. . .

бағдарлама операторлары

goto B;

. . .

B: Y:=25;

goto A;

end;

Осы мысалдағы бағдарламаны аяқтауға тиіс end операторы ешқашан орындалмайды, мұнда бағдарлама көшу операторларының жұмысы нәтижесінде шексіз қайталана береді. Сондықтан goto операторын программистер көп қолданбауға тырысады. Бағдарламада оның орнына шартты не циклдік операторларды пайдалану әлдеқайда тиімді.

Goto операторын тек бірнеше қабаттасқан циклдерден шығу кезінде қолданған дұрыс, әйтпесе одан шығу үшін бірнеше рет break командаларын қолдануға тура келеді

Қабаттасқан шартты оператор

If оператры қабаттасқан болуы мүмкін. Мысал қарастырайық. Парольдың дұрыс немесе дұрыс еместігін тексеретін программа құрайық. Парол - N. егер ол дұрыс жазылса, онда ол ақиқат болады, кері жағдайда жалған болады. егер ол ақиқат болса, онда оның х=100 бе екені тексеріледі. Егегр бұл ақиқат болса, онда «Пароль және код дұрыс» деген сөз шығарылады, егер ол жалған болса, «Код қате» деген сөз шығады.

Program Parol_Kod;

Var Ch: char;

Parol: Boolean;

X: integer;

Begin

Writeln (‘Ch мәнін енгіз’) ;

Read (Ch) ;

If Ch=’N’ then Parol:=True

Else Parol:=False;

Writeln (‘X енгіз’) ;

Read (X) ;

If Parol=True then

If X=100 then Write (‘Пароль және код дұрыс’)

Else begin

Writeln (‘Код қате’) ;

Halt (1) {программаны тоқтату үшін стандартты процедура}

End;

End.

1. 3. Таңдау операторы

Егер if операторы екі альтернативаның бірін ғана таңдауға мүмкіндік берсе, case таңдау операторы кез келген мөлшердегі нұсқалардың бірін таңдауға мүмкіндік береді. Ол селектор (selection - альтернативаны таңдау) деп аталатын өрнектен және таңдау константасының тізімінен басталатын параметрлер тізімінен тұрады.

Case операторының синтаксистік диаграммасы :

сase

cелектор

of

константа

:

оператор

end

else

оператор

Case операторының жазылу форматы:

Case <селектор-өрнек> of

<тізім1>: <оператор1; >

<тізім2>: <оператор2; >

. . .

<тізімN>: <операторN>

Else <оператор>

End;

Мысал. Апта күнінің нөмірін енгізген кезде экранға оның атын шығаратын программа құру

Program Day_Week;

Var Day: byte;

Begin

Write (‘Апта күнінің номерін енгізіңіз’) ;

Readln (Day) ;

Case Day of

1 : Writeln (‘Дүйсенбі’) ;

2 : Writeln (‘Сейсенбі’) ;

3 : Writeln (‘Cәрсенбі’) ;

4 : Writeln (‘Бейсенбі’) ;

5 : Writeln (‘Жұма’) ;

6 : Writeln (‘Сенбі’) ;

Else

Writeln (‘Жексенбі’) ;

end;

end.

Таңдау операторына есептер шығару

CASE таңдау операторының көмегімен берілген блоктардың кез-келген нұсқасын таңдауға болады. Егер орындалатын блокта бірнеше оператор болса, онда олар операторлыќ жаќшаға алынып жазылады.

http://life-prog.ru/algoritmleng/Untitled-47_clip_image001.gif CASE N OF

1:1 блок;

2:2 блок;

… … … …

N: N блок; END;

Таңдау командаларымен программа ќұру.

1. 4. Жиын

Берілгендер типі жалпы 3-ке бөлінеді:

  1. Стандартты типтер
  2. Қолданушы (стандартты емес) типтер
  3. Структуралы (құрылымдық)

Стандартты емес типтерге жататындар:

  1. массивтер
  2. жолдар
  3. жиындар

Бұл типтер программада type сөзінен кейін жазылады. Типтің атауын қолданушы өзі береді.

Структуралы типке жататындар:

  1. файлдар
  2. жазулар

Жиындар - бір-бірімен логикалық байланысқан біртекті объектілер жиынтығы. Жиынның әр объектісі оның элементі деп аталады. Паскаль тілінде жиын тік жақшаға алынады: [1, 2, 3, 4], [‘a’, ‘b’, ‘c’], [‘a’. . ‘z’] .

Ешқандай элементі жоқ жиыды бос жиын деп атайды.

Жиын типін сипаттау үшін set of (множество из) сөз тіркесі қолданылады.

Жиын форматы:

Type

<тип атауы> = set of <элемент1, . . . , элементn>;

Var

<идентификатор, . . . > : <тип атaуы>;

Жиынды алдын ала сипаттаусыз да жазуға болады:

Var

<идентификатор, . . . > : set of <элемент1, . . . , элементn>;

Мысал:

Type

Simply = set of ‘a’. . ‘h’;

Number = set of 1. . 31;

Var

Pr : Simply;

N: Number;

1. 5. Параметрлі цикл

Программаның белгілі бір бөлігін орындалуын бірнеше рет қайталау үшін циклдық операторлар қолданылады. Қайталау саны цикл ұйымдастырылғанда беріледі. Цикл тақырыптан және цикл денесінен тұрады.

Циклдерді ұйымдастыру үшін үш түрлі циклдық операторларды қолдануға болады.

1. FOR …DO циклдық операторы.

FOR K:=M TO N DO

цикл денесі; кері цикл болғанда:

FOR K: DOWNTO M

http://www.maksakov-sa.ru/files/Cikl5.jpg цикл денесі;

К - циклдық айнымалы (есептеуіш),

М- К айнымалысының алғашқы мәні,

N - К айнымалысының соңғы мәні.

К айнымалысының мәні соңғы мәннен

асып кеткенше цикл орындалады.

Program Kvadrat;

Var

x: integer; {сан}

y: integer; {саның квадраты}

i: integer; {цикл санағышы}

begin

writeln (‘Квадраттар кестесі’) ;

writeln (‘’) ;

writeln (‘Сан Квадраты’) ;

for i:=1 to 10 do

begin

y:=x*x;

writeln (x:3, y:10) ;

x:=x+1;

end;

writeln (‘’) ;

readln

end.

Циклдік программаларқұру.

Циклдер

Цикл - белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталанып орындалуы.

  1. қадамдар саны белгілі цикл
  2. қадамдар саны белгісіз цикл (шартты цикл)

Алгоритм(«цикл» блогымен) Айнымалысы кеміп отыратын цикл

Есеп. 8-ден 1-ге дейінгі бүтін сандардың квадраттары мен кубтарын есептеп шығару (кері қарай есептеу) .

Ерекшелігі: цикл айнымалысы кеміп отыруы керек.

Шығарылуы:

for i:=8 downto 1 do begin

i2 := i*i;

i3 := i2*i;

writeln(i:4, i2:4, i3:4) ;

end;

1. 6. Итерациялық типтегі цикл операторлары

Итерациялық типтегі цикл операторлары

Шарты алдынан берілген цикл

While (әзір) операторының форматы

While (шарт) do <цикл денесі>;

10 кез келген санның қосындысын есептейтін программа құру

Program Kosyndy;

Const n=10;

Var

c, i, s:integer;

begin

c:=0; {сандар санағышы}

s:=0; {сандар қосындысы}

while (c<n) do

begin

c:=c+1;

write (с‘-ші санды енгіз’) ;

readln (i) ;

s:=s+I;

end;

Writeln (‘S=’, s) ;

End.

Шарты соңынан берілген циклдар

Шарты соңынан берілген цикл

Жазылу форматы

Repeat

<оператор; >

<оператор>

Until <циклды аяқтайтын шарт>;

Program Mysal;

Var

X:integer;

S:real;

Begin

S:=0;

Repeat

Write (‘x-тің мәні’) ;

Readln (x) ;

If x<>999 then

S:=s+x;

Until x=999;

Writeln (‘s=’, s) ;

End.

II бөлім. Delphi-дің негізгі компоненттері. Құрылымдық типтер және оларды Delphi-де ұйымдастыру

2. 1 Мәліметтерді енгізу-шығару. Кескіндеу және түзету компоненттері . Мәліметтерді енгізу-шығару

Delphi жүйесі кішкентай ғана бағдарламалар мен утилиттер жасаудан бастап, мәліметтер қорымен жұмыс істейтін корпоративтік жүйелер, Интернетке арналған бағдарламалар мен коммерциялық ойындар құруға қолданылады.

Delphi тарихы, Delphi тілінің версиялары

Delphi-дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7-нұсқалары жарық көрді. Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы, 6-нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты. 5, 6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows операциялық жүйесінің негізінде дайындалған.

Тек, Delphi 6, 7 оған қоса 1991 жылы жарық көрген, салыстырмалы арзан, Linux операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады.

Delphi 6, 7-лерде интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуге кейбір өзгешіліктер енгізілген.

Delphi 7 ортасы және оның құрамы

Delphi 7 ортасы 5 терезеден тұрады:

  1. Басты терезе (Delphi 7) . Ол үш бөліктен тұрады:
  2. Басты мәзір
  3. Пиктографикалық мәзір (Инструменттер панелі)
  4. Компоненттер палитрасы
  5. Стадартты форма терезесі (Form1)
  6. Объектілер инспекторы (Object Inspector) - объектілер қасиеттері редакторының терезесі.

Объект қасиеттері - объект түрін сипаттайтын, орналасу жағдайларын көрсететін сипаттамалар. Мысалы, width - форма енінің өлшемі;

Height - форма биіктігінің өлшемі;

Top және left - форманың экранға орналасуы;

Caption - тақырып аты.

  1. Объект тізімін қарау терезесі (Object TreeView - объектілер бұтағын құру)
  2. Код редакторы терезесі. Ол екі бөліктен тұрады:
  3. Бастапқы мәтін редакторының терезесі (Unit 1. pas)
  4. Оның сол жақ панелі Сілтеуіш болып табылады, ол арқылы бастапқы мәтін бөліктерінің арасында және жасалатын бағдарлама құрылымы бойынша оңай қозғалуға болады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасындағы Samples компоненттер тақтасы бетінің ақпараттық анықтамалық жүйесін жасау
Delphi бағдарламалау жүйесі
Delphi бағдарламалық ортасында «Pascal бағдарламалау тілінде файлдармен жұмыс істеу» электрондық оқу құралынжасап шығару
Delphi ортасында видео және аудио кодектеррді оқитын бағдарлама құру
Delphi-де математикалық есептеуге арналған бағдарлама құру
Деректер қорының реляциялық кестесі
«Бағдаршам»бағдарламасын құру.
Borland Delphі ортасының интерфейсі
«Компьютер құрастыру»
Delphi бағдарламалау тілінде проектіні құрастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz