Аймақтағы инвестициялық іс-әрекетті басқару


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОРТА-АЗИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика факультеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «АЙМАҚТАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ БАСҚАРУ»

Орындаған:

Жетекшісі:

Қорғауға жіберілді:

«»2009 ж.

АЛМАТЫ 2009 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Нарықтық экономика дамуында инвестицияларды басқару процессінің мәні және маңызы . . . 6

1. 2 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының қағидалары мен негізгі бағыттары . . . 16

1. 3. Инвестициялық жобаны басқару механизмі мен мемлекеттік реттеу . . . 22

2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстанның инвестициялық жағдайы және оның қалыптасу ерекшеліктері . . . 31

2. 2 Қазақстан экономикасына негізгі капиталға тартылған инвестициялар мен олардың технологиялық құрылымы . . . 34

2. 3 Алматы облысының негізгі капиталға тартылған инвестициялар . . . 42

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Қазақстан экономикасына инвестицияларды тартудың алдында тұрған мәселелері және оларды шешу . . . 44

3. 2 Инвестициялық қызметті салықтық ынталандыру механизімін жетілдіру . . . 53

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 65

КІРІСПЕ

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы « Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсендетуге тиіспіз» деп, өзінің “Қазақстан-2030” Жолдауында республика экономикасына инвестицияларды тартуды маңызды стратегиялық мәселе ретiнде қарастырды. Қазiргi таңда Қазақстан жан басына шаққандағы инвестиция тарту ауқымын алғанда ТМД елдерiнiң арасында көш басында келедi, деген жоспарлар шешімінің айқын айғағы ретінде тағы баса айтып өтті 1

Экономиканың созылмалы дағдарысы жағдайында отандық инвестициялық саясаттың қуатын күшейту мәселесі өткір күн тәртібінде тұрған міндет. Инвестиция экономикалық өсудің қажетті және міндетті алғышарты болып табылады. Олар жиынтық ішкі өнім көлемін арттырып қана қоймай, сонымен қатар мультипликативтік әсер береді. Дұрыс, инвестициялық саясат экономикалық өркендеудің маңызды құраушысы болып табылады.

Монетаристік тәсілдердің тиімділік аясының тарлығына байланысты оған балама (альтернатива) ретінде инфляциялық кездерге иек артатын құрылымдық өзгерістерге бағытталған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қажет болды.

Инвестициялық құрылымдардың барынша шектелу жағдайына байланысты оны жүзеге асыруда ұлттық басымдықтарды (приоритеты) таңдау дәстүрлі мәселесі туындайды.

Құрылымдық-инвестициялық өзгеріс орасан зор күші мен ауқымды қаржылық қорларды талап ететін аса күрделі маңызды міндет. Сондықтан, оның шешілуі де елеулі уақыт мөлшерін қамтиды. Алайда, макроэокономиклық тепе-теңдікті орнатуға бағытталған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қажет.

Жекелеген елдер алдына қояр және шетелдік инвесторларды тарту есебінен орындалар мақсаттары, сол елдердің экономикалық дамуының нақты жағдайларына байланысты ерекшеліктеріне қарамастан, мәселен, нарықтық тетіктердің даму дәрежесі, инвестициялық қуат деңгейі, тағы басқа шетелдік инвестицияның, оны қабылдаушы елдің экономикасына әсерінің жалпы ағымдарын талдау, айрықша қызығушылықты туғызады.

Инвестициялардың экономикаға әсер етуінің ең басты құбылысы (аспектісі), елдің инвестициялық белсеңділік дәрежесін қолдау, сонымен бірге, экономикалық өсуді арттыру болып табылады. Қандай да бір елдің инвестициялық қорының жеткіліксіз немесе шектеулі қуыстарын толықтыра алады. Инвестициялық белсеңділіктің өсуі жоғарғы ұлттық өнімнің өсуіне әкеледі.

Қазақстан эканомикасы үшін инвестиция, ең алдымен оны тұрақтандыру, жандандыру және көтеру үшін қажет. Өндіріске, жаңа технологияға жұмсалған инвестиция қатаң бәсекелік күресте бәсекелестерді жеңуге көмектеседі, мейлінше икемді баға белгілеуге мүмкіндік берді. Бұған шетелдік инвестицияның орасан зор көмегі болғанына ешкім жоққа шығара алмайды. Оны Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы « . . . Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңаруға қалай қол жеткізетінін көз алдымызға келтіру қиын», - дегенмен-ақ байқауға болады.

Инвестиция маңызды экономикалық категория болып табылады, және микро-макродеңгейде айтарлықтай рөл атқарады, ең алдымен, жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, құрылымдық түрлендірулер, пайданы арттыру және сол сияқты көптеген әлеуметтік проблемаларды шешудегі инвестицияның маңызы өте зор.

Қазақстан Республикасының шикізатын әлемдік нарыққа шығару экономика үшін өте маңызды рөл атқарады. Ал сол шикізатты өндіру және өңдеу үшін шетел инвесторлары қажет, сондықтан Қазақстан Республикасының Үкіметі инвесторларды тарту үшін жағымды жағдай жасайды.

Шетел инвестицияларын реттейтін «Шетел инвестициялары туралы» қабылданған заң ол орган инвестицияларды приоритеттік экономикалық салаларға жеңілдіктер преференциялар арқылы құйылуын қадағалайды . 2

Инвестиция экономикалық даму деңгейі орта және төмен мемлекеттердегі және өндірістің қатаюына, өсуіне көмектеседі. Қазақстан шетел инвесторларына жағымды әлеуметтік, қаржы-экономикалық, құқықтық тәртіптерді жасайды және ықыласына инвестициялық климат, қойылған бағдармаларға жету және өзекті мәселелерді шешеді.

Қазақстан Республикасының жасалып жатқан барлық шараларға қарамастан, шетел инвесторлары инвестицияларын негізінен көп үлесі бар табиғи ресурстарға енгізеді.

Инвесторлар өз ақшаларын қайда салатынын таңдап тұрғанда көптеген факторларды ескереді. Мысалы: ІЖӨ өсімі, бизнесті жүргізудегі жақсы атмосфера. Бүгінгі күндері Қазақстан осы көрсеткіштер бойынша аймақтағы ең жақсы ел болып саналады. Мұның мағынасын С. Славинский: «ол өсуі мүмкін, өйткені әлемдегі энергетикалық қауіпсіздік өте маңызды мәселе. Еуропа және АҚШ ортаазиялық елдерге, сонымен бірге Қазақстанға да өздерінің беделін энергетикалық қауіпсіздігін жүзеге асыруына көбірек алуға тырысады» деп айтты.

Инвесторлардың позитивті белгілердің бірі аймақтағы елдердің өсімі болып саналады. Ал Қазақстандағы өсім темпін Қытаймен салыстырады. Аймақтағы елдердің ішінде «тұпақтылық арал және жақсы нарықтық ұйымдастырушылықпен айрықшыланады. Инвесторлар Қазақстандағы экономикалық реформалар тиімді және нәтижелері көрініп тұр» деп санайды.

Позитивті тенденция көрсеткеніндей өндіру секторының өсуі басқа өнеркәсіп секторлармен ере жүреді.

Диплом жұмысының мақсаты - инвестициялардың теориялық негізін ашып, Қазақстандағы инвестициялық саясатты талдау негізінде шетел инвестицияларын тартудың артылықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету және қазіргі уақыттағы инвестициялық климаттың жағдайын ашу.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасында жүріп жатқан инвестициялық процестер.

Зерттеу пәні - нарықтық қатынастарға көшу жағдайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру процесі болып табылады.

Жұмыстың құрылымы - кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, қарастырылу дәрежесі, мақсаты, міндеттері, методологиялық, ілімдік және тәжірибелік негіздері қарастырылған.

Бірінші тарауда инвестицияларды басқару процессінің мәніне, түрлеріне, инвестицияның қайнар көздеріне түсініктеме берілген.

Екінші тарауда Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының қағидалары мен негізгі бағыттары, инвестициялық процестің даму бағыты мен жағдайын бағалау қарастырылған.

Үшінші тарауда «Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын жетілдіру мәселелері» қарастырылған.

Жұмысты орындау барысында көптеген мерзімдік баспа материалдар, қазақстандық және ресейлік экономистердің еңбектері, бай статистикалық ақпарат базасы және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процесті реттейтін нормативтік -құқықтық база материалдары қолданылды.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  1. Нарықтық экономика дамуында инвестицияларды басқару процессінің мәні және маңызы

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республиканың экономикасында күрделі, бұрын соңды болмаған, өзгерістер болды.

Қазіргі заманғы экономика жүйесін ауыстыру кезеңіңде ішкі қаржыландыру мүмкіндіктерінің шектелуі жағдайында үкіметтің іс-әрекет бағдарламасы негізінде құрылымдық қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін сыртқы капиталды тарту және пайдалану мәселелері өте маңызды орын алды 3

Шамамен, 90-жылдардың басында біздің қоғамда «Инвестиция» термині күнделікті адамдардың арасындағы қатынаста, ресми түрде, публицистикалық және ғылыми әдебиеттерде қолданыла бастады.

Инвестиция - пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алу, капиталды көбейту мақсатында субъект иеленетін актив, өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту, пайда алу немесе басқа да түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу елдің ішінде немесе шетелдегі кәсіпорындарға, консорцииумдарға, жобаларға әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға, жаңартпалық жобаларға капиталдың ұзақ мерзімдік жұмсалымы.

Инвестициялық саясат - шаруашылық объектісінің, аймақ, ел ішінде, олардан сырт жерлерде өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту, пайда алу, басқа да түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен ұзақ мерзімді жұмсалымның көлемін, құрылымы мен бағыттарын айқындайтын шаруашылық шешудің жүйесі. Басқарудың экономикалық әдістерді кеңінен қолдану, дағдарысты ахуалдарды еңсеру, нарықтық қатыстарға көшу жағдайында келешекке арналған. Инвестициялық саясатты ғылыми тұрғыда негіздеу инвестицияны жоспарлау (болжау) практикасын жаңа шаруашылық тетікпен байланыстыру ұзақ мерзімді жұмсалымның пайдаланылуын түбегейлі жақсарту, елдің әлеуметтік - экономикалық дамуын жеделдету бұдан былайғы шарттары ретіндегі ұзақ мерзімді жұмсалымның тиімділігін арттыру қажет.

Инвестициялық саясат дегеніміз - шетелдік инвестицияларды реттеу, ЖҰӨ өсуі, төлем балансын оңтайландыру, өндіріс және жұмыспен қамтылу мәселелерін реттеу қызметіне бағытталған мемлекеттік саясат.

Нақ қазіргі таңда «инвестициялық саясат» ұғымының маңызының теоретикалық аспектісін зерттеу нәтижесінде біз келесі қорытындыға келген, неғұрлым толық және көп аспектілі тұжырымды белгілі Ресейдің ғалым-экономисі И. А. Бланк «инвестициялық саясат дегеніміз - нақты қаржыландыру нысанына капитал салуды қарастыратын, уақыт арасында детерминисті инвестициялық мақсаттарды жүзеге асырудың жоспарланған нақты нәтижелерге қол жеткізуга бағытталған мемлекеттің ең тиімді саясаты» деп тұжырымдады.

Ал Дж. Кейнс өзінің «Жұмыспен қамту, пайыз және ақша туралы жалпы теория» еңбегінде: «Инвестиция - бұл нақты мезгілдегі өндірістік қызмет нәтижесіндегі капитал құндылығының ағымды өсімі немесе сол мезгілдегі табыстың бөлігі. Ал бұл бөлігінің тұтынуға пайдаланылмайды». 4

Осындай инвестицияға нақтырақ анықтаманы кейбір авторлардан да көруге болады. «Инвестициялық қаржылық портфель авторларында: «Инвестиция - бұл капиталды қайта өндіруге бағытталған ақшалай қаражаттардың шығындары» және Г. И. Рузавин мен В. Г. Мартыновта: «Инвестициялар табыстың маңызды бөлігін құрайды. Бұл табыстар жалпы ұлттық өнімді өндіруге және өндірісті кеңейтуге, жаңартуға бағытталған шығындар болып келеді. Яғни капиталдың қалыптасумен байланысты». Жоғарыда айтылып кеткен авторларға қарағанда инвестицияға нақты және мазмұнды анықтама бергендер, М. Т. Оспанов және Т. Мұхамбетов: «Инвестиция - бұл қызмет процесі, ал олардың объектілері күрделі құрылыстың өрісі, қаржы капиталы айналатын өрісі болып табылады. Сонымен қатар, инвестициялық қызметтің субъектілері шетелдік және отандық жеке тұлғалар және де кәсіпорындар, банктер, сақтандыру ұйымдары мен зейнет ақы қорлары ұсынылған шетелдік және отандық заңды тұлғалар болып келеді». Ал Осипова Г. М. өзінің «Экономикалық теория негіздерінде» деген еңбегінде инвестицияға мынандай мағына берді: «Капиталдың тозуы мен өндірісті ұлғайтуға тырысушылық жеке немесе заңды тұлғаларға өндіріске арналған тауарларды алу қажеттілігін тудырады. Бұл процесті инвестициялау деп, ал сол тауарларды алуға бөлінген ақшаны инвестиция деп атайды». 5

Инвестицияның қарқынды дамуы байқалып, және сол территориялардан пайда табу бірнеше есе өсіп қоймай, экономиканың даму мәні ретінде қолданылады.

Инвестициялар пайданы алу мақсатында инвесторлармен кәсіптік іскерлік обьектілеріне салынатын материалды-мүлікті құндылықтардың және оларға деген құқықтардың жиынтығы, сонымен қатар ақыл-парасаттық мүлікті айтады.

Инвестицияларға пайданы өсіру мақсатында ақша-қаражаттар, банктік салымдар, пай, акциялар, құнды қағаздар, қозғалмалы және қозғалмайтын мүліктер (үйлер, ғимараттар, құрал-жабдықтар мен басқа материалды құндылықтар), лицензия, тауар белгілері, несиелер т. б. мүлік немесе мүліктік құқықтар, интелектуалды байлықтар, іске кіргізілген кәсіпорындар және т. б. әлеуметтік жағымды нәтижелер жатады.

Ал инвестициялық қызмет заң бойынша түсінігі - ол әр-түрлі капиталдың салынуы.

Мемлекеттің инвестициялық саясатының басты мақсаты - тауарлар өндіру, жедел дамыту, экономиканың беделді секторында жұмыстармен қызмет атқару үшін қолайлы жағдай тудыру.

Мақсатқа жету процесінде ҚР-сы мынандай мәселелер шешеді:

  1. жаңа да, озық технологияларды және ноу-хоу тағы басқаларды өндіріске енгізу;
  2. ішкі нарықтағы жоғарғы сапалы тауарлар мен қызметтерді толықтыру;
  3. отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
  4. экспортқа бағдарланған және импорт тауарларының орындарын толтыратындай өндірісті дамыту;
  5. ҚР-ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;
  6. жаңа өндіріс орнын ашу және оны күшейту;
  7. жергілікті кадрларды үздіксіз оқыту, олардың шеберлік деңгейін арттыру жүйесін енгізу.

Инвестициялардың негізгі обьектілеріне жататындар:

Мүлік инвестициясы (материалдық инвестиция) . Материалдық инвестиция деп - тікелей өндіріс процесіне қатысатын инвестицияны айтады. (Мысалы: құрал жабдық, материалдарға, құрылысқа құйылатын инвестиция) ;

Қаржы инвестициясы - дегеніміз қаржы мүлігін, басқа фирма жұмысына қол сұғу және т. б. фирмалардың құқықтық жұмыстарына қатысу (акция сатып алу) ;

Материалды емес инвестиция - материалды емес құндылыққа инвестиция құю (кадрлар дайындау, жарнама, және мемлекттік «Болашақ» программасын жатқызуға болады) ;

Портфельдік инвестициялар - құнды қағаздарға салынады, бағаның өзгеруіне байланысты дивидендтер алуды білдіреді және сол шаруашылықты басқаруға қатысты құқығын береді. Портфельдің пайда болуы ол құнды қағаздар және тағы басқа активтерді сатып алу арқасында пайда болады. Портфель бірнеше түрлі инвестициялық құндылықтар жинағы болуы мүмкін, бұл инвестиция салушының жалпы бір тікелей нақты инвестиция нысанын көрсетеді. Портфельдің ішіне бір типті құнды қағаздар кіруі мүмкін және әртүлі инвестициялық құндылығы бар. 6Инвесторлардың соңғы мақсаты тиімділік немесе құнды қағаздардың нарықтығы. Бұл ұстаушыға оларды тез және зиянсыз ақшаға айналдыру дегенді білдіреді.

Тікелей инвестиция - мемлекетпен және жеке фирмамен инвестицияны бір өндіріске құю.

Тікелей инвестиция нақты жобаға салынатын ұзақ мерзімді күрделі салымдар және олар, әдетте, нақты активтерді сатып алумен байланысты. Салыным ретінде қарыз капиталы, нақты инвестициялауды жүзеге асырушысы ретінде бола алатын банк қолданылуы мүмкін.

Екінші компонент - инвестицияны, тауар-материалдық қорға қою, бұл өндіріс процесіне жататын немесе өтпеген дайын тауарлар шикізат қорларын молайтуға бағытталған. Экономикалық жүйеде коммерциялық тауар материалдық қорлар, капитал қорының бір негізгі бөлімі ретінде саналады, оларға өндіріске өте қажет капитал құрал жабдықтар ғимараты жатады.

Тікелей инвестиция ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

Ішкі - бұл шаруашылық субьектінің қаражаты өзінің өндіріс факторына өзінің қаржы-қаражатын қаржыландыру.

Сыртқы - бұл шаруашылық субъектілерге керек инвестициялық институттардың инвестиция құралдарын өндіріс факторына шоғырландыру.

Тікелей инвестицияға жалпы және нетто-инвестиция, брутто-инвестицияларды жатқызуға болады. Жалпы инвестиция негізгі капитал көлемін ұлғайтатын және модернизацияға жұмсалатын жаңа инвестициялардың сомасы.

Нетто - инвестицияларға инвестициялық жобаның негізінде немесе фирма (кәсіпорын) сатып алу кезінде жүзеге асатын бастапқы инвестициялар сомасы жатады. Нетто-инвестициялар мен реинвестициялар брутто-инвестицияларды құрайды. Ал реинвестиция дегеніміз - өндірістің жаңа құралдарын жасауға немесе сатып алуға не басқа да мақсаттарға жұмсалатын қайта босатылған инвестициялық ресурстар.

Реинвестициялар пайдаланыстағы негізгі қорларды жандандыруға т. с. с. мақсаттарға қолданылады. Реинвестиция - бұл инвестиция, түскен пайдадан бос ақшаны қайта жаңа құрал жабдықтарды алуға, және жаңа өндіріс құралдарына құю, бұл кәсіпорынның негізгі қорларын ұстауға жұмсалады.

Ауыстыру инвестициясы - бұл ескі құрал - жабдықтарды жаңа құрал жабдықтарды ауыстыру.

Инвестицияны рационализациялау - бұл инвестицияны техника және технологиялық процестерді модернизациялау болып табылады .

Диверсификация - бұл маңызды шығындардың тәуекелін төмендету құралы. Әртүрлі құнды қағаздар арасында капиталды бөлгенде, тәуекел төмендейді.

Инвестицияны кәсіпорында тоқтап қалмауын қамтамасыз ету, ҒЗТКЖ- ға (ғылыми - зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар) жіберу, кадр дайындау, жарнама, қоршаған ортаны қорғау үшін қолданады.

Тәуекел инвестициялар немесе венчурлық капитал инвестициясы, жаңа акциялар шығару түрінде, жаңа қызмет саласында шығаралатын үлкен тәуекелмен байланысты . 7

Венчурлық күрделі инвестицияны бір-бірімен байланысты емес обьектілерге құйылады, бұл салынған ақшаның тез ауқуын, білдіреді. Мұндай күрделі салымдар өндірушіден неше акциясын алумен жасалады, сонымен бірге соңғы акциялардың конверсиялық құқығы бар.

Капиталдың енгізілуі тәуекел ескерту қажеттілігі кішігірім кәсіпорындарда қаржыландыруға, жаңа технологиялар облысында қолданылады. Тәуекел капиталдың өзінде бірнеше түрлері бар: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол жарғылық фирмалардың арасында дәлме-дәл болады.

Салым уақыты бойынша инвестициялар қысқа мерзімдік инвестициялар және ұзақ мерзімдік инвестициялар болып бөлінеді.

Аннуитет - инвестиция әр бір уақыт мерзім ішінде бір пайда алып келеді. Жалпы ол қаржыны зейнеттік сақтандыру қорларға енгізеді. Сақтандыру компаниялар мен зейнеттік қорлар ұзақ мерзімді міндеттемелерді шығарады. Болашақта кездесетін шығындарды жабу үшін иелері инвестицияларды құяды.

Анри Кульман - жанама және тікелей инвестициялар инвестицияның түрлену мәселесін мүлде басқа аспектіде қараған. Ол жанама инвестиция, ал тікелей инвестицияны жасауға болады деп ойлаған.

Екінші түрдегі еңбек өнімін тікелей өндіру құрылымына ауыстыру капиталдың ақшалай форма этапына аттап кетеді. Мұндай инвестицияның механизімі көбінесе ауыл шаруашылығында жасалады. Мысалы: фермер ірі қара малмен өз отарында бұзауларын тек қана амортизацияны жабу үшін ғана емес одан көп бұзаулар бар олар отардың санын үлкейуіне әсер етеді. Бұл кезде тікелей қаржыландыру жүргізіледі. Тағы бақташыны алсақ, ол да өзінің барлық гүлдерін, жемістерін өткізбей тек қана 75 % сатады, ал 25 % тұқымға кетеді, өзі өзінің шаруашылығын ұлғайтады.

Тікелей инвестиция өте аз қолданылады, өйткені өндірісте зауыт өз кірпіштерін өз жеріне тағы зауыт салмайды және осы қағида таралмаған

В. В. Бочаров «Инвестиция нарығынын қаржы-несие әдістерімен реттеу» еңбегінде: «Инвестицияларды тұрақты қалыпта емес, қозғалыста карастыру қажет».

В. В. Бочаров бойынша инвестициялаудың негізі:

Күрделі салымдарға қорларды қайта құру. Яғни, инвестициялық қызметтің нақты объектілеріне инвестицияларды ауыстыру процесі.

Салынған қаражаттарын капитал құнынан өсуіне айналдыру. Бұл инвестициялардың қайта құруын және жаңа тұтыну құнын сипаттайды.

Табыс немесе әлеуметтік түрде капитал құнының өсуі. Яғни, инвестициялық қызметінің соңғы мақсаты жүзеге асады.

Инвестиция ілімінде инвестициялық процестің объектілері және субъектілері инвестициялық саясатты жүргізудегі мемлекеттің рөлі жөнінде мәселелерді нақты көрсету қажет. Олардың құрамын және өзара байланысын төмендегі суреттен көруге болады.

Инвестициялық қызметте инвестор маңызды орын алады.

Инвестор - инвестициялық жобаларға меншікті қаражаты мен қарыз қаражатын салушы, бағалы қағаздарға өз атынан және өз есебінен сатып алушы заңды және жеке тұлға.

Инвестор болып:

- мемлекеттік және белгілі аумақты мүліктерге немесе мүліктік құқыққа ие мекемелер;

- азаматтар, соның ішінде шетелдік тұлғалар;

- кәсіпорын, кәсіпкерлік бірлестік және басқа да заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік заңды тұлға, мемлекет және халықаралық ұйымдар.

В. В. Бочаров бойынша инвестициялық саясатты жүргізудің мемлекеттік рөлі жөніндегі мәселелерін кестелі түрде көрсеткенді жөн көрді, автор ойын төмендегі 1-кестеден көруімізге болады. (1-кесте)

1-кесте-Инвестиция нарығындағы объектілер мен субъектілердің өзара іс-қимылы *

* Ескерту [7, 37б. ] 8

Инвестициялық процестің екінші қатысушысы болып тапсырыс беруші болып есептелінеді. Тапсырыс беруші болып, инвестициялар және инвестициялық жобаны жүзеге асыруға инвестициямен куәландырылған, рұқсат берген кез-келген заңды және қабілетті тұлға бола алады. Бұл жағдайда тапсырыс беруші, егер басқадай мәселелер олардың арасында шартта қаралмаса, онда инвестициялық жобаға басқа кәсіпкерлер және басқа қатысушылар ісіне араласуына болмайды.

Егер тапсырыс беруші инвестор болмаса, онда инвестиция мен мүліктерді иемдену, пайдалану, басқару үлесінің құқығы шартта көрсетілген кезіңде, күші бар заң көлемінде, бөлісіп қолданылады.

Инвестициялық процеске үшінші қатысушылар - инвестициялық қызметтің объектісін пайдаланушылар болып табылады. Инвестициялық қызмет объектісін пайдаланушы инвестормен қатар, басқа да жеке, заңды тұлғалар, мемлекеттік және жергілікті мекемелер, шетелдік мемлекет, халықаралық ұйымдар бола алады. Инвестициялық қызметтің субъектілеріне (адамдар немесе әлеуметтік топ) инвестициялық қызметке қатысушыларды екі немесе одан да көп қызметін үйлестіріп атқаруға болады.

Біздің ойымызша, инвестициялық қызмет мынандай негізгі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы қажет:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтың инвестициялық тартымдылығын бағалау мен мемлекеттік реттеу
Инвестициялық әрекеттің объектілері
Қаржылық инвестицияның маңызы және жіктелуі
Кәсіпорындардың қаржылық инвестициясын басқару
Нарықтың аты нарық
Инвестициялық жобаның жалпы принциптері
Нақтылы инвестициялық мысалдарды бағалау
Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық қызмет
Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі
Экономика пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz