Құрылымдық кәбілдік жүйесін жобалау принцинтеріне шолу және талдау жасау


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

90 жылдардың басынан бастап жаңа өндірістік өнім құрылымдық кәбілдік жүйе (ҚКЖ) дами бастады. Оларды электрондық, коммуникациондық және электротехникалық компаниялар шығара бастады. Жалғағыштар, кәбілдер, құрастырушы құрылғылар мен аксессуарлар жасайтын фирмалар пайда бола бастады. Кәбілдік жүйелердің пайда болуы 1984-1986 жылдардан бастау алды. Бұл салада елеулі өзгерістер мен дамулар 1991 жылы EIA/TIA-568 стандартын және оған қатысты құжаттардың жасағаннан кейін басталды. Онда ҚКЖ-ның әр түрлі мүмкіндіктері көрініс тапты. Сонымен қатар стандарттардың келесі дамуы мысты жұптың және талшықты-оптикалық кәбілдердің номенклатураларын кеңейтуге, құрылымның интелектті басқаруға және мультимедиялық қосымшаларға 1 Гбит/с жылдамдыққа дейін қажетті өткізу жолағындығы сигналды тарату ортасын алуға бағытталды.

ҚКЖ таралуы - кәбілдік жүйелерді орнату іс-тәжірибесінде елеулі өзгерістер енгізген, даму жолы. ҚКЖ құрамына концентраторлар, аустырып-қосу панелі, бағандар, розеткалар және басқаруды жеңілдететін, сонымен бірге желінің құр тұрып қалу уақытын қысқартатын, бір тұтас желі құруға мүмкіндік беретін басқада элементтер қосыла бастады.

Кең түрдегі номенклатура және өнімдердің жоғарғы сапасы ҚКЖ-ның танымалы болуына көмектесті. Олар тек қана күшті электржелілерін тарту және телефон желілерін жаңғырту үшін емес, сонымен қатар автоматтандыру жүйелерінің коммуникациясын құру кезінде және технологиялық құрылғыларды басқару кезінде, күзет-өрт дабылының желілерін тарту кезінде, компьютерлік желілер және ақпараттық жүйелер, бұларға қоса дыбыстық, бейнебайланыс, компьютерлік ақпараттарды тарату кезінде, күзет және өндірістік телевидениеде қолданылады.

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КӘБІЛДІК ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ ПРИНЦИНТЕРІНЕ ШОЛУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ

1. 1 Құрылымдық кәбілдік жүйеге қысқаша шолу

Қазіргі өндірістік ғимараттар «интеллектті» болып келе жатыр. Маңызды инженерлік жүйелерден (энергиямен, сумен, желдетумен қамтамасыз ету) бөлек ҚКЖ төртінші күрделі жүйені құруды қажет етеді.

Шынында, қазіргі таңда ғимарат ішінде келесі жүйелер кабельді төсеуді қажет етеді:

  • телефондық (қалалық және жергілікті)
  • компьютерлік (жергілікті есептегіш желі),
  • телевидение (қалалық және офистік)
  • өрт дабылы және өрт сөндіру
  • күзет дабылы және бақылауы
  • климаттық бақылау шарттары және оларды басқару

Қазіргі таңда көпшілік жүйелік интеграторлар қолданатын құрылымдық тәсіл құрылымдық кабелдік желінің (ҚКЖ) негізінде ИНТЕЛЕКТТІ ҒИМАРАТ инфрақұрылымын құру болып табылады. Олай болса алғашқы кезеңді алдымен ғимараттың ҚКЖ-сы жобаланып, құрылады. Келесі кезең тапсырыс берушінің қалауы бойынша құрылымдық кабельдік жүйеге қажетті функционалды жүйелер қосылады. Мұнда тапсырыс берушінің қалауы немесе қажеттіліктер тізімі болады. Осы жүйелерді білгілі бір "организмге" біріктіру жобалаушының міндеті.

Ғимараттың ҚКЖ жүйесін жобалаған кезде, оның барлық қызметтері азғана шығынмен (қаржылық, уақыт және еңбек қиындылығы жағынан) бір бірімен қосыла алу керек, ал олардың қызмет ету уақыты ыңғайлы түрде ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар, өзгерту кезінде жаңа қызметтер пайда болғанда оларды қосуда қарастырылады. Біріктіру принципін қолдану елеулі технологиялық артықшылықтырға ие болуға мүмкіндік береді:

  • өзгерістерге жылдам, әрі анық әрекеті
  • автономды жүйелерді қолдану жағдайында мүмкін болмаған жаңа қызметтерді енгізу
  • қазіргі жағдайды толығымен баяндау, бұл өз кезегінде өте сапалы түрде бақылау жасауға көмектеседі
  • қателіктер немесе қызметкерлердің қаскүнемдік әрекеттерімен байланысты қауіп-қатер азайтады

1. 2 Құрылымдық кәбілдік жүйелерге анықтама

Құрылымдық кәбілдік жүйе (ҚКЖ) деп келесі кәбілдік жүйені айтамыз:

  • стандартталған құрылымға және топологияға ие
  • стандартталған элементтерді қолданатын (кәбілдер, қосқыштар, коммутациалық құрылғылар және т. б. )
  • стандартталған параметрлермен қамтамасыздандыру (ақпарат тарату жылдамдығы, өшулік және т. б. )
  • стандартталған түрде басқару

Айта кететін жайт мұндағы «стандартталған» термині «бірдей» дегенмағынаны білдірмейді, тек қана әртүрлі ҚКЖ ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бірдей принциптер мен ережелермен құрылады дегенді білдіреді. Кәбілдік жүйенің жоғарыда айтылып өткен қасиеттердің біреуі болмаса ерекше кәбілдік жүйе (ЕКЖ) деп атаймыз. Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде ҚКЖ үшін "generic" (универсальді) және "structured" (құрылымдық) термині, ал ЕКЖ үшін "proprietary" (жеке) термині қолданылады.

ҚКЖ ЕКЖ-ға қарағанда келесі артықшылықтарға ие:

  1. әмбебаптығы: бір кәбілдік жүйе ғимараттағы қажетті жүйелерге қызмет етеді: телефондық, компьютерлік, өрт, күзет және т. б.
  2. сыртқы шарттардың өзгеруіне жоғарғы икемділік:
  • мекеменің ұйымдық құрылымының өзгерістеріне (жаңа бөлімшелерді ұйымдастыру және ескісін тарату) .
  • қызметкерлер мен бөлімшелерді көшіруге
  • құрылғылардың түрлерін аустыруға, сонымен қатар оның жеткізушісін ауыстыруғада, ал белгілі бір жеткізушіге тәуелсіз болу - әрқашанда пайдалы.
  1. ҚКЖ қызмет ететін қызметкерлердің санының аздығы және небольшую численность и жеке маманды қажет етпейтіндігі (өрт, күзет, телефон және басқада жүйелерді өткізу үшін арнайы бір маманның орнына ҚКЖ-ның администраторы болса жеткілікті) .
  2. Жоғары тиімділігі. ҚКС-ға кеткен қығынның орнын жабу мерзімі 3-5 жыл.

1. 3 Құрылымдық кәбілдік жүйенің дамуы және стандарттау

Жергілікті есептегіш желі (ЖЕЖ) қарқынды дамуы кезінде компьютерлерді бір-бірімен біріктіру қажеттілігі, түрі және сипаттамалары әр түрлі элементтерді қолданып, белгілі бір қасиеттерімен кәбілдік жүйелер компьютерлік компанияларды құра бастады. Мұндай жағдайдың бұлайша жалғасуы мүмкін болмады. Осыған байланысты кәбілдік жүйелерді стандарттауға деген қажеттілік туындады.

1986 жылдан 1991 жылдар аралығында IBM стандарыт жасалынды және қолданыла бастады. Бұл стандарт кәбілдердің электромагниттік сипаттамалары бойынша бес деңгейінен тұрды.

Стандарттың болмауына байланысты телекоммуникациялық және компьютерлік компаниялардың проблемалары көбейе берді. Сонда Computer Communication Industry Association (CCIA) америкалық ассоциация Electronic Industry Association (EIA) ассоциациясынан негіз болатын бір стандарт жасауын өтінді. Нәтижесінде 1991 жылы шілді айында АҚШ және дүние жүзіндегі ең алғашқы коммерциялық ғимараттардағы телекоммуникациондық өткізгіштерге артналған стандарт "Commercial Building Telecommunication Standard EIA/TIA - 568" пайда болды. Осы типті құжаттарды жетілдіру жалғаса берді, сонымен бірге жаңалары пайда бола бастады. Қазіргі таңдағы ҚКЖ жүйесін құруды регламенттейтін құжаттар 1-кестеде көрсетілген. Өкінішке орай Қазақстанда жоғарыда айтылып өтілгендерге ұқсайтын стандарт жоқ, сондықтан ҚКЖ жобалау кезінде ISO стандарттарына, дәлірек айтсақ ISO/EEC 11801:1995 (Е) стандартына сүйенетін боламыз.

1-кесте. ҚКЖ жасау кезінде ұсынылатын құжаттар

Құжаттың аты
Қысқартылған аты
Шыққын жылы
Мемлекет
Қосымша
№: 1.
Құжаттың аты: Commercial Building Telecommunications Wiring Standard
Қысқартылған аты: EIA/TIA-568
Шыққын жылы: 1991 шілде
Мемлекет: США
Қосымша: Қазірге дейін қарастырылған
№: 2.
Құжаттың аты: Administration Standard for the Telecommunication of Commercial Buildings
Қысқартылған аты: TIA/EIA-606
Шыққын жылы: 1993 ақпан
Мемлекет: АҚШ
Қосымша:
№: 3.
Құжаттың аты: Commercial Building Grounding and Bonding Requirements for Telecommunications
Қысқартылған аты: TIA/EIA-607
Шыққын жылы: 1994 тамыз
Мемлекет: АҚШ
Қосымша:
№: 4.
Құжаттың аты: Information technology - Generic cabling for customer premises
Қысқартылған аты: ISO/IEC 11801
Шыққын жылы: 1995 мамыр
Мемлекет: Халықаралық стандарт
Қосымша:
№: 5.
Құжаттың аты: Information Technology: Generic Cabling Systems
Қысқартылған аты: EN 50173
Шыққын жылы: 1995 тамыз
Мемлекет: Еуропалық стандарт
Қосымша:
№: 6.
Құжаттың аты: Transmission Performance Specifications for Field Testing of Unshielded Twisted - Pair Cabling Systems
Қысқартылған аты: TSB67
Шыққын жылы: 1995 қазан
Мемлекет: АҚШ
Қосымша: Ресми стандарт емес
№: 7.
Құжаттың аты: Commercial Building Telecommunications Cabling Standard
Қысқартылған аты: TIA/EIA-568-A
Шыққын жылы: 1995 қазан
Мемлекет: АҚШ
Қосымша:

Халықаралық ISO/IEC 11801 стандартына қысқаша анықтама бере кетейік. "Ақпараттық технология - тапсырыс берушінің ғимараты мен территориясына арналған әмбебап кәбілдік жүйе".

1995 жылы Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) және Халықаралық электротехникалық комиссияның (IEC) біріккен техникалық комитетінің #1 (JTC 1) ішінде 25 (SC 25) шағын комитетінің #3 (WG 3) жұмыстобы International Standard ISO/IEC JTC1/SC25/WG3/11801 "Information Technology -Generic Cabling for Customer Premises" стандартын жасап шығарды.

Стандарттың атын қазақ тіліне Халықаралық ISO/IEC JTC1/SC25/WG3/11801 "Ақпараттық технология - тапсырыс берушінің ғимараты мен территориясына арналған әмбебап кәбілдік жүйе" стандарты деп аударуға болады.

Бұл стандарт 105 бетті тексттен, 35 суреттен, 38 кестеден тұрады және Алғы сөз, Кіріспе, 11 бөлім және алтауы тек қана ақпарат үшін арналған 9 қосымшадан құрылған. Стандартты жасаушылардың айтуы бойынша әмбебап кәбілдік жүйе 10 жыл көлемінде өз күшінде болады.

Бұл стандарт төмендегілерді қамтамасыз етеді:

  • тұтынушылыр - әмбебап кәбілдік жүйені қолданудан және оның компоненттерінің ашық нарығынан тәуелсіз
  • тұтынушылыр - бейімді кәбілдік үлгіге ие, сондықтан оны өзгерту оңай және тиімді
  • құрылысшы-профессионалдар - ерекше талаптар белгілі болардан алдын ғимаратты кәбілдерге икемдейтін басқарушы
  • өндірісте және қолданыстағы стандарттаушылар - шығарылатын өнімдерді қолдайтын кәбілдік жүйе

ISO/IEC 11801:1995 (Е) стадарты учаскеде бір немесе бірнеше құрылыстан тұратын коммерциялық аумақ ішінде қолдануға арналған әмбебап кәбілдік жүйені анықтайды. Бұл стандарт географиялық кеңдігі 3000 метрге дейін, офистік ауданы 1 000 000 шаршы метрге дейін және "адамдар саны" 50 ден 50 000 адамға дейінгі көлемде тиімді. Бұл стандарттардың прициптері осы стандарт шегінен шықпайтын қондыруларға қолдану ұсынылады.

Осы стандарт арқылы анықталған құрылымдық кәбілдік жүйе дыбыс, сандық ақпараттарды, текстті, кескін және бейнеақпаратты өңдейтін кең көлемді жүйені қолдайды.

Бұл стандар ҚКЖ-ға келесі негізгі үлкен талаптар тобын анықтайды:

  • ҚКЖ-ның құрылымдық және минималдық кескін үйлесімі
  • ҚКЖ-ның іске асырылуына деген талап
  • Аранайы кәбілдік желілердің сипаттамаларына деген талаптар

1. 4 ҚКЖ құрылымы және жобалау принциптері

Жалпы кәбілдік жүйе келесі қызметтік элементтерден тұрады:

  • Басты таратушы пункт (БТП)
  • Аумақтың магистралдық кәбілі
  • Ғимараттың таратушы пункті (ҒТП)
  • Ғимараттың магистралдық кәбілі
  • Қабаттың таратушы пункті (ҚТП)
  • Горизонталды кәбіл
  • Өте нүктесі (ӨН)
  • Телекоммуникациалық қосқыш (ТҚ)

Бұл элементтердің топтары бірнеше жүйеастылардан тұрады. ҚКЖ халықаралық ISO/IEC 11801 стандартына сай, бірнеше жүйеастыларға бөлінеді:

  • Жұмыс орнының жүйеастын
  • Горизонталь жүйеастын
  • Магистраль жүйеастын
  • Техникалық бөлмелердегі әкімшілік жүйеастындағы коммутациялық құрылғыларын
  • Әкімшілік жүйеастының соңғы, коммутациялық және кростық баулары

Осы қарастырылып өтілген жүйеастыларына бақылау жасайтын болсақ, онда ҚКЖ жүйесін мұндай жүйеастыларына бөліп қарастыру ҚКЖ жүйесін жобалау барысын жеңілдететінін байқау қиын емес. Әр бір жеке жүйеастын жобалау рет-ретімен орындалады. Осыған байланысты, жабалау шаралары «жекеден жалпыға» принципі арқылы жүргізіледі, ал ҚКЖ құрылымы ол орнатылатын ғимараттағы жұмыс орындарының санына тең.

1. 4. 1 Жұмыс орнының жүйеастын жобалау

Жұмыс орнының жүйеастын жобалау барысында қарастырылатын мәселелер:

  • Ақпараттық розеткалардағы электрлік розеткалық модульдің категориясын және оптикалық қосылыстардың типін анықтау
  • Тұтынушылардың жұмыс орындарында орнытылатын ақпараттық розетканың пішінін беру
  • Шеткі баулардың, адаптерлердің, переходниктердің және басқада аналогтық элементтердің типін және санын анықтау
  • Ақпараттық розеткалардың түрін таңдау
  • Ақпараттық розеткалардың санын анықтау
  • Бекіту механизмін таңдау

Тұтынушылардың жұмыс орындарына АР орнату жоғары ұқыптылықпен жүзеге асырылуы тиіс. Өйткені, егер АР дұрыс орнатылмаған болса, бұл кәбілдік жүйені пайдалануға берген сәттен бастапа кері нәтижелерге алып келуі мүмкін.

Қазіргі таңда бұл мәселені шешу үшін 3 түрлі әдіс қолданылады:

  • аудан бойынша біркелкі үлестіру
  • жиһаздарды орналастыру жобасына сай
  • ішін-ара орналастыру

Осылардың ішінде кең тарағаны АР аудан бойынша біркелкі үлестіру болып табылады. Санитарлық (СанПиН) қағидаларға сай жұмыс станциясын орнататын жұмыс үстелінің ені 800, 1000, 1200 және 1400 мм. Ал әр адамға келетін минимальді орындықтың ауданы 400x400 мм құрайды. Осыған байланысты әрбір жұмысшыға келетін аудан 3, 96м 2 .

Практикада АР тұтынушылардың жұмыс бөлмелерінде орнатутың келесі қолданыстары кең тараған:

  • декоративтік қораптарды қолдану
  • қабырғалық корпусты қолдану
  • қабырғада жасырын түрде
  • еден астындағы люктер мен қораптарда

Біздің елде бұл қолданыстардың ішінде кең тараған түрі бұл - декоротиптік қораптарды қолдану. Бұл АР-ды қорабқа қатысты орналасуына байланысты қорабтың ішіне, қораптың үстіне немесе жанына орнатылуы мүмкін және АР еденнің бетінен есептегенде 80 см биіктікте тұруы тиіс. (1-сурет) .

1-сурет. а) қораптың ішіне, б) қораптың үстіне, с) қораптың жанына орналастыру

Біздің ғимараттың бөлмелерінде АР-дың дерлік барлығы еденнен 80 см биіктікте орналасады, тек қана кассаның АР-лары еден астындағы қорапта орналасады.

Бөлмелерде пайдаланушыларды орналастыру үшін қолданылатын бұл типті баулардың көмегімен АР розеткалық модуліне әр түрлі желілік құрылғылар қосылады. Шеткі бауларды есептеу өзіне келесі сатыларды қамтиды:

  • осы түрдегі өнімнің санын анықтау
  • баулардың ұзындықтарын белгілеу

Белгілі бір желілік құрылғылардың жұмысын істеуін қамтамасыз етуге арналған баулардың жалпы санын анықтау үшін 4 түрлі әдіс қолданылады: детерминирленген, қызмет көрсетілетін жұмыс орындарының санына байланысты, активті желілік құрылғылардың сызықты порттарының санына байланысты, статистикалық әдіс.

Шеткі баулардың ұзындықтарын анықтау екі түрлі параметрге байланысты: бірінші жағдайда ҚКЖ порты мен электр көзінің розеткалары бір-біріне жақын орналасуына байланысты, екінші жағдайда СанПиН бойынша жұмыс үстелінің ұзындығы 1400 мм аспайтынына байланысты. Сондықтан АР және желілік құрылғыларды қосу үшін қажет шеткі баулардың ұзындықтары 2м деп алынады.

1. 4. 2 Горизонталды жүйеастын жобалау

ҚКЖ жүйесін жасау кезінде осы горизонталды жүйеастын жобалау ең маңызды болып табылады. Осы жұмыстарды жасау барысында жасалынған шешімдер мен қабылданған қаулылар, құрылатын құрылымдық кәбілдік жүйенің техникалық-экономикалық тиімділігін айқыпдап береді. Бұл тұжырым ҚКЖ-ның номенклатурасы, саны, сонымен қатар бағасы бойынша да көпшілік телекоммуникациялық құрылғылары осы горизонталды жүйеастында орналасқандығына байланысты түсіндіріледі.

Горизонталды жүйеасты екі түрлі талшықты-оптикалық және есілген жұптық кәбілдер негізінде іске асырылады. Біз горизонталды жүйеастын жобалау кезінде есілген жұпты кәбілді қолданамыз. Өйткені біріншіден оптикалық талшық құрылғылары мен кәбілдері есілген жұпты мыс кәбілдерге қарағанда қымбатырақ, екіншіден біздің ғимараттың ҚКЖ жүйесінде жоғарғы жылдамдықты қажет ететін құрылғылар көп емес.

ҚКЖ бөлек бір объектісінің сипаттамасына сай горизонталды жүйеастын жобалау барысында, сигналды тарату трактысының сызықты бөлігіндегі барлық элементтердің санын есептеу және типін анықтау жүргізіледі. Техникалық, яғни кростық және аппараттық бөлмелерде орнатылатын құрылғылардың санын есептеу және түрін анықтау әкімшілік жүйеастын жобалау барысында жүргізіледі. Практикада кең тараған есілген мыс жұбы негізінде іске асырылатын горизонталды жүйеастын жобалау үрдісінің диаграммасы 2-суретте келтірілген.

Горизонталды жүйеастын жобалау үрдісі арнайы жұмыс орындарын кростық бөлмемен қосудан басталады. Кростық бөлмелердің орналасу орны мен саны жобалаудың архитектуралық кезеңінде анықталады. Кростық этаж қызмет ететін жұмыс бөлмесінің ауданы ISO/IEC 11801 және EN 50173 стандарттары бойынша 1000м 2 аспауы тиіс. Жалпы бір кростық этаж тек ең көп 167-250 жұмыс орнына қызмет жасайды.

Біздің ғимаратта екі қабат болғандықтан, бізде бірінші қабатта аппараттық және кростық этаж бір бөлмеге біріктірілген, ал екінші қабатта тек қана екінші қабаттағы жұмыс орындарына қызмет көрсететін кростық бөлме бар.

2-сурет. Горизонталды жүйеастын жобалау үрдісінің диаграммасы

Активті желілік құрылғылардың электрлік порттарын кәбілдік жүйеге келесі үш түрлі жол арқылы қосуға болады:

  • коммутациялық қосылыс
  • коммутациялық байланыс
  • кростар арасында байланыс сызбасын қолдану арқылы

Құрылымдық кәбілдік жүйені басқаруды жеңілдету үшін коммутациялық байланыс арқылы жұмыс орындарындағы АР-ды активті желілік құрылғыларға қосамыз. Коммутациялық байланыс кезінде белгілі бір желінің АР-ы сол желінің активті желілік құрылғыларымен екі коммутациялық панелі арқылы қосылады. Бір панель активті желілік құрылғыларға қосылса, ал екінші панель жұмыс орнындағы АР-ға қосылады. Бұл екі панель өзара коммутациялық баулар арқылы қосылады. (3-сурет)

1. 4. 3 Магистралды кабельдік жүйеастын жобалау

Магистралды кәбілдік жүйеастын жобалау кезінде келесі мәселелер шешілуі керек:

  • магистралдық жүйеастының құрамын нақтылау, сызықты кәбілдің түрін және категориясын анықтау
  • магистралды кәбілдердің сыйымдылығын анықтау, сонымен қатар жалпы ұзындық бойынша шығынын анықтау
  • жеке кәбілдің желілерді резервтеудің қажеттілігін бағалау

3-сурет. Желілік құрылғылардың ҚКЖ-ға қосылу әдісі

Горизонталды жүйеастын жобалаған сияқты магистралды жүйеастын жобалау бірнеше сатыдан тұрады. (4-сурет)

4-сурет. Магистралды жүйеастын жобалау үрдісінің диаграммасы

Магисталды кәбілдік жүйе үшін кәбілдің категориясы мен түрін таңдау таратылатын сигналдың түріне байланысты таңдалады. ISO/IEC 11801 стандарты бойынша магистралды жүйеасты симметриялық электрлік немесе талшықты-оптикалық кәбілдер арқылы құрылуы мүмкін.

2-кестеде. ҚКЖ-ның магистралды жүйеастын құру үшін ұсынылатын кәбілдің түрлері

Магистралды жүйеастының трактісінің ұзындығы, м
Субгигабиттік және гигабиттік қосымшалар
Жоғары жылдамдықты қосымшалар
Төмен жылдамдықты қосымшалар
Магистралды жүйеастының трактісінің ұзындығы, м: 0-90
Субгигабиттік және гигабиттік қосымшалар: Категориясы 5е-ден кем емес горизонталды кәбіл немесе көпмодалы оптикалық кәбіл
Жоғары жылдамдықты қосымшалар: 5 категориялы көпжұпты электрлік кәбіл
Төмен жылдамдықты қосымшалар: 3 категориялы көпжұпты электрлік кәбіл
Магистралды жүйеастының трактісінің ұзындығы, м: 0-300
Субгигабиттік және гигабиттік қосымшалар: Дәстүрлі құрылымдағы талшықты көпмодалы оптикалық кәбіл
Магистралды жүйеастының трактісінің ұзындығы, м: 300-500
Субгигабиттік және гигабиттік қосымшалар: Кең жолақты жарық өткізгішті көпмодалы оптикалық кәбіл
Жоғары жылдамдықты қосымшалар: Дәстүрлі құрылымдағы талшықты көпмодалы оптикалық кәбіл
Магистралды жүйеастының трактісінің ұзындығы, м: 500-1500
Субгигабиттік және гигабиттік қосымшалар: Бірмодалы талшықты оптикалық кәбіл
Магистралды жүйеастының трактісінің ұзындығы, м: 1500-3000
Субгигабиттік және гигабиттік қосымшалар: Бірмодалы талшықты оптикалық кәбіл

Сонымен ҚКЖ-ң жалпы құрылымы иерархиялық жұлдыз топологисына ие. Оны төмендегі суреттен байқауға болады (5-сурет) :

pic1_6.gif (18209 bytes)

5-сурте. Құрылымдық кәбілдік жүйенің топологиясы

Жүйеге қосылатын жүйеастылардың саны мен түрі мекеменің аумағының таралуына және өлшеміне, сонымен қатар пайдаланушының стратегиясына да байланысты. Мысалы бір ғана ғимараттан тұратын аумақ үшін орталық нүкте ғимараттың таратушы тармағы болып табылады, ал аумақтың магистралдық жүйеастына деген қажеттілік болмай қалады. Екінші жақтан, үлкен ғимарат басты таратушы тармағынан және ғимараттық таратушы тармағынан тұратын аумақ ретінде қарастыруға болады.

Кейбір қолданбалы жүйелер үшін ғимараттың және қабаттың таратушы тармақтарының өзара қосымша байланыстыруға рұқсат немесе кей жағдайларда міндетті болып табылады. Магистралды жүйеастының кәбілдері мұндай байланыстарды қамтамасыз ете алады. Бірақ бұл қосылыстар ұсынылған негізгі құрылымға қатысты артық болады.

Әр түрлі таратушы тармақтардың қызметтері бір таратушы тармаққа біріктірілуі мүмкін. Төмендегі 6-суретте мысал келтірілген.

pic2_6.gif (19149 bytes)

6-суретте. ҚКЖ жүйесінің таратушы тармақтары

Алдынғы сызбада тұрған ғимаратта әр таратушы тармақтар жеке көрсетілген. Ал, артында тұрған сызбада өзіне ғимараттың және қабаттың таратушы тармағының қызметін байланыстырантын таратушы тармақ көрсетілген. Таратушы тармақтар құрылғыларға арналған шкафтарда немесе бөлмелерде орналасады. Төмендегі 7-суретте қызметтік элементтердің әдеттегі орналасуы көрсетілген. Кәбілдерді төсеу үшін ғимараттың ауа енгізу, тоннелдер, кәбілдік лотоктар және т. б. сияқты құрылымдар қолданылады.

Сыртықы қызметтермен байланыс кәбілі таратушы тармақтарға қосылуы мүмкін. Құрылғыларды қосу үшін кросс арқылы байланыспен қоса, тікелей қосылыстар қолданылуы мүмкін. Сыртқы қызметтен басты таратушы тармаққа дейінгі аралық мағызды рөл атқарады. Осы екі нүкте аралығындағы кәбілдердің сипаттамалары пайдаланушы қосымшалары тарапынан ұқыпты түрде ойластырылуы және іске асырылуы тиіс.

Ғаламдық желілердің интерфейстері ғаламдық телекоммуникациялық қызметтерге қосылу нүктесі болып табылады. Бұл нүктелерді орналастырумен қатар қажетті құрылғыларға талаптар ұлттық, аумақтық және жергілікті нормативтік құжаттарды талқылаудың маңызды себебі болуы мүмкін. Егер ғаламдық желі интерфейсі жалпы желінің интерфейсіне тікелей қосылмаса, аралық кәбілдердің сипаттамалары назарға алынуы тиіс. Кростық байланыс және аралық кәбілдің түрі ұлттық ережелер бойынша реттелуі мүмкін. Бұл ережелер желіні жобалау барысында есепке алынуы қажет.

pic3_6.gif (21125 bytes)

7-суретте. ҚКЖ жүйесінің қызметтік элементтернің орналасуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылымдық кәбілдік жүйеге шолу
Талшықты оптикалық байланыс желілерінде қолданылатын технологияларға шолу
“Жергілікті есептеу желілерін жобалау”
Аммиак - тоңазытқыш цехы
Желілік топологияға шолу
Деректерді тасымалдау ортасы
Жергілікті есептеу желілерін жобалау туралы ақпарат
Желілік камералармен желілік бейнежүйелер
Кәбіл трассасын ескеріп желі топологиясын таңдау
Аудиттің мәні, мазмұны және даму тенденциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz