Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
1-бөлім Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі 1. 1 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру ұғымы және оның
түрлері
2-бөлім Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың тәсілдері және ерекшеліктері
2. 1 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру тәсілдері
2. 2 Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері
2. 3 Азаматтық құқықтарды қорғау және жүзеге асыру мерзімдері
2. 4 Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың азаматтық құқықтарын
қорғау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына 1990 жылғы Қазақ ССР-інің егемендігі туралы Декларация мен 1991 жылғы Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы қабылдануы қоғамның жаңа даму бағытына құқықтық негіз болды. Бірақ бұл актілер жаңа қоғам құруда жетіліксіз болды және мемлекеттің, қоғамның ішкі жүйесі мен құрылысын бірден түбегейлі өзгерте алмады. Өйткені жарты ғасырдың үстінде билік құрған кеңестік психология мен өлшемдер, қағидалар, жоспарлы экономикалық жүйе, әкімшілік-әміршілдік көзқарастағы бір орталықтан басқару аппараты үлкен кедергі болды. Сондықтан мемлекеттің кезекті міндеттеріне саяси, экономикалық және құқықтық реформаларды жүзеге асыру қойылды.
Бұл үшін мемлекетіміздегі анықтайтын «Конституциялық құрылыс проблемасын» шешу қойылып, ол 1995 жылғы конституция қабылдаумен тәмамдалды.
Адам құқықтарының Конституцияда бекітілуі, қоғамда адам проблемалары түпкілікті, толық түрде шешімін тапқан емес. Себебі, конституция қоғамдық қатынастарды реттеудің негіздерін ғана бекітеді, ол оның қағидалары мен нормалары іс жүзінде сақталынуы мен қорғалуы, нақты қамтамасыз етуі қолданыстағы заңдарға тікелей байланысты. Бұл жөнінде мемлекет басшысы «Елдегі жағдай мен 1997 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» баяндамасында «Мемлекет негіздерін қалыптастыру аяқталғаннан кейін бізге басқару тетіктерін жолға қою жөнінде тындырымды жұмыс істеуге тура келеді. Бұл тетіктерді іске қосатын дәнекер тек заңдар ғана болуы керек. Заң шығару жүйесінде заңдарды көбейте бермей, олардағы қайшылықтарды жою проблемасы көкейкесті күйінде қалып отыр, олар үйлесімді, әрі конституцияға сай болуы тиіс. Бұл проблеманы шешу құқықтың барлық салаларын қамтитын, барлық заң жүйесін жетілдіре отырып, кешенді әрі жүйелі тұрғыдан келуді керек етеді.
Аталған міндет басқа құқық салаларымен қатар азаматтық құқығына да қатысты болатын. Өмірде көп кездесетін мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі қабылданып 2007 жылғы 7-тамыздағы өзгерістерімен қолданылып жүр.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру - құқықтың қатынастарға қатысушылардың белгілі бір қажеттерін қанағаттандыру үшін азаматтық құқықтар мен міндеттер белгіленеді. Субъективтік құқықтың мазмұнын құрайтын әрекеттер жасауды құқықтарды жүзеге асыру деп түсінеді.
«Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру түсінігі және түрлері» тақырыбындағы дипломдық жұмыстың таңдалу себебі және осы тақырыптың мәнін ашудағы алға қойған міндеттер мен мәселелер болып: азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың жалпы ерекшеліктерін көрсету, азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдерін талдау, азаматтық құқықтарды қорғауды жүзеге асыру мерзімдері, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың азаматтық құқықтарын қорғау және меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды қорғаудың ара жігін ашу болып табылады.
Осы зерттеу жұмысында тақырыпқа талдау жүргізген М. К. Сүлейменов; Ю. Г. Басин; П. И. Төлеуғалиев; С. П. Гришеева; Г. К. Пралиева; Г. И. Мауленов; К. С. Сарсенбаев; А. П. Сергеев; О. Н. Садыков; З. И. Цибуленко секілді ғалымдар еңбегі және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері қолданылды.
Бұл тақырыпты зерттеудің өзектілігі болып азаматтық құқықтық қатынасқа түсуші субъектілердің азаматтық құқықтарын жүзеге асыру ауқымы мен шегін айқындау болып табылады.
1-бөлім Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі
1. 1 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру ұғымы және оның түрлері
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру - осы құқық мазмұнындағы мүмкіндіктерді құқыққа уәкілетті адамның іске асыруы немесе уәкілетті субъект ондағы заңды мүмкіндіктерімен материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру нәтижесіндегі процесс.
Азаматтық заңнамалармен азаматтық құқықтарды жүзеге асыру тәсілдері белгіленген. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне тиесілі азаматтық құқықтармен, оның ішінде қорғауға құқықпен өздерінің қалауынша билік етеді.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың оларға тиесілі құқықты жүзеге асырудан бас тартуы заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың қсқаруына әкеп соқтырмайды.
Азаматтар және заңды тұлғалармен азаматтық құқықтың жүзеге асуы өзге құқық субъектілерінің заңнамамен қорғалатын мүдделерін және құқықтарын бұзбауы тиіс, қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс.
Азаматтар мен заңды тұлғалар оларға тиесілі құқықтарды жүзеге асыруда заңнамадағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ол кәсіпкерлер -іскерлік этика ережелерін сақтай отырып, адал, әділ және ақылға қонымды әрекет жасаулары тиіс. Бұл міндетті шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды, өйткені азаматтық құқық қатынастарын қатысушылардың адал, парасатты және әділ әрекет жасауы көзделген.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тарапқа зиян келтіруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ оның мақсатына қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді, ал осы талаптарды орындалмаған жағдайда сот ол адамның тиісті құқығын қорғаудан бас тарта алады. Яғни, ҚРАК-нің 8 бабына сәйкес азаматтар және заңды тұлғалармен азаматтық құқықты жүзеге асыру тәсілдеріне мыналар жатады: қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермеу; азаматтық құқықты іске асырудағы адалдық, парасаттылық, әділдік; қоғамның адамгершілік қағидаттарын, заңды талаптарын сақтау; кәсіпкерлік қызметте іскерлік этика ережелерін сақтау; басқа тарапқа зиян келтіруге бағытталған әрекеттерге жол бермеуі; құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға жол бермеу; оның мақсатына қайшы келетіндей етіп құқықты жүзеге асыруға жол бермеу;
Субъективтік азаматтық құқықты жүзеге асырудың тәсілдері деп мәміле жасау белгілері мен немесе өзге де заңды әрекеттермен иемденбейтін құқыққа өкілетті адамның әрекеттер жүйесі немесе әрекеті түсіндіріледі.
Субъективтік азаматтық құқықты жүзеге асырудың заңды тәсілдері деп мәміле жасау белгілерімен немесе өзге де заңды әрекеттермен иемденген әрекеттер жүйесі немесе әрекеттер түсіндіріледі.
Субъективтік азаматтық құқықтың жүзеге асу шектері - осы құқықтағы мүмкіндіктерді іске асыру бойынша уәкілетті адамның заңды түрде шектелген қызметі. Заңнамамен соның ішінде қайсібір құқық жүзеге асырылатын мерзім белгіленеді.
Субъективтік азаматтық құқықтың жүзеге асыру шектері қайсібір жүзеге асыру тәсілдерінің жол берілу немесе жол бермеу берілмеу жайлы ережелерімен анықталады
Азаматтық заңнамалардағы қолданыстағы ережелермен кәсіпкерлік еркіндігіне қиянат жасауға жол бермеу көзделген, яғни заңды бәсекелестікті шектеу немесе болдырмауға бағытталған, тұтынушылардың заңды мүдделері мен құқықтарына зиян келтіру, негізсіз басымдылық алуға бағытталған кез келген монополистік немесе өзге де қызметтерге жол берілмейді
Заңнамалық актілерді көзделген жағдайлардан басқа, сондай-ақ кәсіпкерлердің азаматтық құқықты бәсекелестікті шектеу мақсатында пайдалануларына жол берілмейді, оның ішінде: кәсіпкерлердің өздерінің басымдылық жағдайларын нарықта теріс пайдалануы, ішінара, тапшылық жасау немесе баға көтеру үшін тауарларды айналымнан алып тастау немесе өндіруді тоқтату немесе шектеу жолымен; кәсіпкерлік қызметке ұқсас баға жайлы мәмілені, нарықты бөлуді, басқа кәсіпкерлерді шетету және өзге де жағдайларды жүзеге асыратын тараптардың орындауы және қортындылауы бәсекелестікті елеулі шектелуі, ұқсас кәсіпкерлік қызметке, және тұтынушыларға (теріс пиғылды бәсеке) әкелетін, тұлғаның заңды мүдделеріне зиян келтіруге бағытталған жазықсыз әрекеттер жасау, оның ішінде, тауар өндірушіге, өндіру орны, тәсілі және мақсатына қатысты жаңылысуға тұтынушыларды әкеп соқтыратын жолмен, тауарларды жарнамалық және өзге де ақпараттармен сыпайы емес салыстыру, бөтен тауарлардың сыртқы безендірілуін көшіру және өзге де тәсілдер жолымен. Сондай -ақ теріс пиғылды бәсекелестікпен күресі бойынша шаралар заңнамалармен белгіленеді.
Субъектитік азаматтық құқықтық жүзеге асыру шекаралары, уәкілетті тұлғаға қорғаудың нақты түрлері мен тәсілдері қатаң түрде ұсынылады. Азаматтық құқықты жүзеге асыру шектері сондай-ақ әлеуметтік зиянды мақсаттарға қол жеткізу үшін құқықты пайдалануға тиым салумен шектелген. Азаматтық құқықты жүзеге асыру шектерін бекітудің негізгі тәсілі қоғамдық зиянды тәсілдерге заңды тиым салу, осы құқықтардың жүзеге асуындағы мақсаттар мен тәсілдерге зияндыларына тиым салу болып табылады. Заңнамада азаматтық құқық, осы құқықтың мақсатына қайшы келетін жағдайлардан басқасы заңмен қорғалатын ереже бекітілген, яғни кез келген субъект үшін олардың әлеуметтік мақсатына қайшы келетін азаматтық құқықтардың жүзеге асуына тиым салу белгіленген. Бұл принциптік тиым салуды бұзу азаматтық құқық бұзушылық болып табылады, тіптен субъективті құқықты жүзеге асырумен байланысты, құқық бұзушылықтың дәл осы түрік қарастыратын арнайы норма болмаған жағдайд да. Азаматтық құқықты жүзеге асырудың құқыққа қайшылығы жайлы қортындысы, бұзылуына азаматтық құқықты қорғау тиым салу түрінде тиісті нақты санкция көзделген нормаға сүйенеді.
Құқықты теріс пиғылдаа пайдалану оның іске асуында рұқсат етілмеген түрлерді пайдаланумен байланысты, жүзеге асыруда құқыққа уәкілетті адаммен жасалған азаматтық құқық бұзушылықтың ерекше түрі, бірақ тәртіптіңжалпы типі шеңберінде осы құқықтың мазмұнымен анықталады. Азаматтық құқық бұзушылық ретінде құқықты теріс пиғылда пайдалану ерекшелігі мынада, яғни субъективті құқық басқа тарапқа зиян келтіру мақсатында пайдаланылады.
Қорғануға құқық құқыққа өкілетті адамның құқық қорғау сипатындағы арнайы шараларды пайдалануға заңды бекітілген мүмкіндік беретінін білдіретін субъективті азаматтық құқық болып табылады. Егер міндеттеме ерікті түрде орындалмаған жағдайда, азаматтар және ұйымдар өздерінің субъективтік құқықтарын талап қою мерзімі ішінде аралық сот немесе төрелік сот, сот арқылы мәжбүрлі түрде жүзеге асыруларына болады.
2-бөлім Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың тәсілдері және ерекшеліктері
2. 1 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру тәсілдері
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру. Құқықтық қатынастарға қатысушылардың белгілі бір қажеттерін қанағаттандыру үшін азаматтық құқықтар мен міндеттер белгіленеді. Субъективтік құқықтың мазмұнын құрайтын әрекеттер жасауды құқықтарды жүзеге асыру деп түсінеді. Мәселен, билік ету өкілеттігі субъективтік меншік құқығының мазмұнын құрайды, ал аталған өкілеттікті әр түрлә мәмілелер (сату, сыйға тарту, айырбастау, жалға беру және т. б. ) жасау жолымен жүзеге асыруға болады.
АК-ның 2-бабы азаматтық заңдардың негізгі бастаулары (принциптері) ретінде азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүдделерін көздей отыра ие болып, оларды жүзеге асыратынын (2 тармақ), азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру қажеттігін (1 тармақ) баянды етеді. /1/
Азаматтық құқық субъектілері өздерінің құқықтарына өз еркімен және өз мүдделерін көздей отыра ие болу приципін жүзеге асыруы үшін АК-ның 8-бабының 1-тармағы азаматтар мен заңды тұлғаларға өздеріне берілген азаматтық құқықтарды, оның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдалану мүмкіндігін береді. Ең алдымен, құқықты жүзеге асыру немесе жүзеге асырмау құқығы құқық берілген тұлғаға байланысты. Мәселен, мүліктік зиян келтірілетін жағдайда жәбірленуші зиян келтірушіден оның орнын толтыруды талап етуге құқылы, алайда зиян келтірушіге мұндай талап қоюды немесе қоймауды жәбірленушінің өзі шешеді. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырудан бас тартуы, заң құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқтырмайды (АК-ның 8-бабының 2-тармағы) . Құқықты жүзеге асырудан бас тартуды құқықтан бас тартудан айыра білу керек. Адам заң актілерінде тыйым салынған жағдайлардан басқа реттерде өзіне тиесілі құқықтардан бас тарта алады. Мәселен, сот арқылы қорғалу құқығынан бас тартуға жол берілмейді. Құқықтан бас тартқанда ол тоқтатылады, ал құқықты жүзеге асырудан бас тартқанда, заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде, құқық тоқтатылмайды.
Құқықты жүзеге асыру осымен бір мезгілде құқық берілген адамның міндеті бола алмайды, өйтпеген жағдайда құқық мәжбүрлі түрде жүзеге асырылған болар еді. Алайда құқықты жүзеге асырмау, заң актілерінде көзделген жағдайларда, құқықтың тоқтатылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Мәселен, жалға алушы дәлелді себептерсіз тұрғын үйде алты айдан астам тұрмайтын жағдайда сот оны тұрғын үйді пайдлану құқығынан айрылған деп тануы мүмкін/2/.
Құқықты нақты жүзеге асыру әдістері оның түріне байланысты. Субъективтік құқық мүмкін болатын мінез -құлық өлшемі ретінде құқық берілген адамның белгілі бір тәртіппен өз бетінше әрекет ету (өз әрекеттеріне құқығы) мүмкіндігі не міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап ету (талап ету құқығы) мүмкіндігі болуы мүмкін. Құқық берілген адамның белгілі бір әрекеттер жасауы нәтижесінде субъективтік заттық құқық жүзеге асырылады. Заттық құқықты (өз әрекеттеріне өзге құқықты) жүзеге асыруда құқық субъектісінің мінез-құлық нұсқаларын таңдау еркіндігі мол болады. Мұндай жағдайда, әдетте, ол заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген әрекеттерді жасауға құқылы болады. Міндетті адамның белгілі бір әрекеттерді жасауы арқылы міндетті субъективтік құқық жүзеге асырылуы мүмкін.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шегі. Заң азаматтық құқық субъектілеріне өздерінің құқықтарын жүзеге асыру бостандығын бере отырып, осымен бірге оларды жүзеге асыруға белгілі бір талаптар қояды. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыруға қойылатын талаптар АК-ның 8-бабында баяндалған. Ең алдымен, субъективтік азаматтық құқықтар құқықты жүзеге асу құралдарына, әдістеріне, оның субъектілеріне, оны қорғаудың мүмкін болатын әдістері мен нысандарына қатысты заңдардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құқықтарды жүзеге асыру қоғамның ізгілік принциптерін бұзбауы тиіс, ал кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда, сонымен қатар, іскерлік әдеп ережелері сақтауға тиіс. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне тиесілі құқықтарын адал, парасатты әрі әділ жүзеге асыру тиіс. Заң теріс пиғылды, қисынсыз не әділетсіз әрекеттердің бәріне бірдей сипаттама бере алмайды.
Алайда, кейбір жағдайларда заң азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың белгілі бір әрекеттерін теріс пиғылды әрекеттер деп таниды. Мәселен, осындай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамның заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған мынадай әрекеттер теріс пиғылды бәсеке деп танылады: жарнамалық және өзге ақпараттарды тауарларды әдепсіз салыстыру арқылы басқа кәсіпкер тауарының жасалуы, жасалу орны мен әдісі, сапасы және өзге де қасиеттері жөнінде тұтынушыларды жаңылыстыру, бөгде тауардың сыртқы безендірілуін көшіріп алу. Құқық берілген адамның өз құқығын жүзеге асыруда адал, парасатты, әділ болуы көзделеді. Демек, құқық берілген субъектінің теріс пиғылды, әдепсіз әрі әділетсіз әрекеттеріне шағымданған адам мұны дәлелдеуі тиіс.
Құқықты жүзеге асыру барысында басқа субъектілердің құқықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылмауға тиіс. Мәселен, меншік иелерінің біреуі бұған қалғандарының келісімін алмастан, жалпы мүлікке (мысалы, осы мүлікті сатып) билік етеді, сөйтіп, ол басқа меншік иелерінің осы мүлікке құқығын бұзады.
Заң құқықты өзінің тікелей мақсатына қайшы бағытта жүзеге асыруға тыйым салады. Құқықтың мақсатын заң, құқықтық қатынастарға қатысушылардың келісімі белгілеуі мүмкін немесе ол субъективтік құқықтың мәнінен туындайды және көзделген нысана болып табылады. Құқықты жүзеге асыру қоршаған табиғи ортаға залал келтірмеуі тиіс.
Басқа адамдарға зиян келтіруге тыйым салу құқықты жүзеге асыру жағдайларына да таралады. Құқықты жүзеге асыру барысында зиян келтіру құқықты теріс пайдалану деп танылады. Құқықты тек басқа адамға зиян келтіру мақсатында пайдалану құқықты теріс пайдаланудың жеке жағдайы (шикана) болып табылады. Құқықты теріс пайдаланудың өзге де түрлеріне, атап айтқанда, тауарлар және қызмет көрсету рыногында өзінің монополиялық жағдайын асыра пайдалануға да тыйым салынады. АК-ның 11-бабына сәйкес, заңды бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, негізсіз артықшылықтар алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға бағытталған монополистік және қандай болса да басқа қызметке жол берілмейді. Демек, субъект өзіне тиесілі құқықты мақсатына қайшы не өзінің монополиялық (үстемдік) жағдайын басқаларға «қастандықпен» пайдаланатын жағдайларда құқық теріс пайдаланылатын болады. Құқықты теріс пайдалану оны бұзушылық болып табылады да, азаматтық-құқықтық жауапкершілік туғызады.
Құқықты жүзеге асыруға қойылатын талаптарды сақтамау субъективтік құқықты қорғаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін, ал құқықты теріс пайдалану - жауапқа тартуға негіз бола алады.
Азаматтық міндеттерді атқару. Субъективтік міндеттерді атқару азаматтық құқықтарды жүзеге асырумен тығыз байланысты. Тиісті мінез-құлық шарасы ретінде субъективтік міндет белгілі бір әрекеттер жасау немесе оларды жасамау міндеттерінен тұруы мүмкін. Заттық азаматтық-құқықтық қатынастарда міндетті субъект әлде бір әрекеттер жасамауға тиіс, оған құқық берілген адамның өз құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау міндеті жүктеледі. Мұндай міндетті атқару міндетті адамның енжар әрекет етуін көздейді. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда, керісінше, міндетті адам құқық берілген адамның пайдасына белгілі бір әрекеттер жасауға тиіс. Белгілі бір әрекеттер жасаудан тартыну да міндеттемелік құқықтық қатынастардың мазмұнына кіруі, тек белгілі бір әрекеттерді (жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті беру) жасау міндеттерімен қоса кіруі мүмкін.
2. 2 Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері
Қорғау құқығы құқыққа өкілетті тұлғаға мүмкіндіктің үш тобын ұсынады: мүліктік және мүліктік емес құқықтарды және мүдделерді өзіндік қорғау; түзелмейтін контрактепіне оперативтік әсер ету шараларын қолдану; құзыретті мемлекеттік органдарға өздерінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін бұзушыға мемлекеттік -мәжбүрлеу сипатындағы шараларды қолдануын талап ете отырып жүгінуі.
Азаматтық құқықтарды қорғау арнайы қарастырылған заңнамалық актілер жағдайында (өзін-өзі қорғау) құқықтары бұзылған тікелей заңды немесе нақты тұлғалар әрекетімен жүзеге асуы мүмкін. Азаматтық құқықты өзіндік қорғау деп оның жеке және мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған, заңнамамен тиым салынбаған нақты немесе заңды сипаттағы әрекеттерді құқыққа өкілетті тұлғаның жасауы түсіндіріледі.
Қорғау әрекеттерінің басқаларымен салыстыру бойынша - бұл қорғау азаматтық құқықты қорғауды жүзеге асыруды сотқа немесе өзге де органдарға жүгінбестен қорғау. Сонымен қатар осы тәсілді (өзін -өзі қорғау) үш жағдай жиынтығында пайдалануға рұқсат етіледі: құқықтың бұзылуы немесе оның бұзылуының (қауіптілігіне) мүмкіндіктері; бұзылуын жолын кесу (алдын алу) қажеттілігі; құқық бұзушылық сипаты мен мазмұнына сәйкес келетін шараларды қолдану. /3/
Құқыққа өкілетті субъект басқа тараптардың заңды мүдделері мен құқықтарына қысым келтірмейтіндей, өзін-өзі қорғау шараларын ғана пайдалануға құқылы.
Азаматтық құқықты өзіндік қорғау тәсілдерінің бірі қажетті қорғану болып табылады. Мысалы, қажетті қорғану кезінде келтірілген зиян өтеуге жатпайды, егер сонымен қатар оның шектерінен аспауы болса. Яғни қажетті қорғану деп оның бұзушыларына зиян келтіретін, бірақ қорғанған адамға оны өтеуге міндеттеме жүктелмейтін, өйткені құқықтылықты деп танылған құқықты қорғау шаралары танылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz