Несиелік ақшалар және олардың сипаттамасы



І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
1 .Несие ақшалардың түрлері және олардың сипаттамасы
2. Қазақстан Республикасында несиелік ақшаның түрі ретінде вексельдің даму барысы
Қорытынды
Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналысы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi.
Осы ақша айналысының тұрақтылығын, бірқалыпты айналысын реттеуге мүмкіндік беретін ақща түрі және экономикалық шаруашылықтардың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен өнімдердің ақысын кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беретін айналыс құралдары несиелік ақшалардың маңызы зор балып табылады. Несиелiк ақшалар – тауар өндiрiсiнiң дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешiктiрiп төлеуге берiлуiмен байланысты пайда болған ақшалар. Несиелiк ақшалардың шығуы банктердiң несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемдi ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкiндiк жасау.
Несиелік ақшаны айналысқа шығару және оны қолданудан алып тастау, несиелік операцяларды жүзеге асыратын кез келген банктің қолында . Шаруашылықтарға несие бергенде, болмаса вексельдерді есепке алғанда, не қайта есептегенде банктер қарыз алушылардың банкнотын береді. Мұндай несиелік ақша шығару ешқандай Үкіметтің артық шығынымен, болмаса бюджеттің тапшылығымен байланыспайды. Тек тауар өндірумен, оны өткізідің анық қажеттілігімен байланысты шығарылады. Бұл ақшаның қағаз ақшамен салыстырғанда үлкен артықшылығы бар. Бұлай болудың ең басты себебі несиенің материалыдық құндылықтар мен шаруашылық наты қозғалысына қарай беіріліп және қайтарылып отыратыны. Өйткені мұндай құндылықтар мен шаруашылық шығындар несиенің уақытында қайтарылуын қамтасыз етеді. Сондықтан несиелік ақша шығару ақша айналысына ешқандай зиян келтірмейді, керісінше, айналымғда жүрген ақшаның санын азайтуға, сөйтіп, оның құндылығын арттыра түсуге әсер етеді.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Қаржы кафедрасы

Тапсырма №5
Тақырыбы: Несиелік ақшалар және олардың сипаттамасы

Орындаған: Таласбек М.
Тобы: Ф13К1
Тексерген: Керімбекова Н.Н

2015ж.
Несиелік ақшалар және олардың сипаттамасы
Жоспар

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
1 .Несие ақшалардың түрлері және олардың сипаттамасы
2. Қазақстан Республикасында несиелік ақшаның түрі ретінде вексельдің даму барысы
Қорытынды
Кіріспе
Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын - ақша айналысы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi.
Осы ақша айналысының тұрақтылығын, бірқалыпты айналысын реттеуге мүмкіндік беретін ақща түрі және экономикалық шаруашылықтардың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен өнімдердің ақысын кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беретін айналыс құралдары несиелік ақшалардың маңызы зор балып табылады. Несиелiк ақшалар - тауар өндiрiсiнiң дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешiктiрiп төлеуге берiлуiмен байланысты пайда болған ақшалар. Несиелiк ақшалардың шығуы банктердiң несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемдi ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкiндiк жасау.
Несиелік ақшаны айналысқа шығару және оны қолданудан алып тастау, несиелік операцяларды жүзеге асыратын кез келген банктің қолында . Шаруашылықтарға несие бергенде, болмаса вексельдерді есепке алғанда, не қайта есептегенде банктер қарыз алушылардың банкнотын береді. Мұндай несиелік ақша шығару ешқандай Үкіметтің артық шығынымен, болмаса бюджеттің тапшылығымен байланыспайды. Тек тауар өндірумен, оны өткізідің анық қажеттілігімен байланысты шығарылады. Бұл ақшаның қағаз ақшамен салыстырғанда үлкен артықшылығы бар. Бұлай болудың ең басты себебі несиенің материалыдық құндылықтар мен шаруашылық наты қозғалысына қарай беіріліп және қайтарылып отыратыны. Өйткені мұндай құндылықтар мен шаруашылық шығындар несиенің уақытында қайтарылуын қамтасыз етеді. Сондықтан несиелік ақша шығару ақша айналысына ешқандай зиян келтірмейді, керісінше, айналымғда жүрген ақшаның санын азайтуға, сөйтіп, оның құндылығын арттыра түсуге әсер етеді.

Несие ақшалардың түрлері және олардың сипаттамасы

Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар:
-вексель;
-банкнота;
- чектер;
- несиелік карточкалар;
Вексель - белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық міндеттемесін білдіреді.Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы вексель.
Вексельдің түрлері ҚР-дағы вексель айналысы туралы ҚР заңында мынадай түсініктемелер берілген:
Жай вексель (соло) - вексельдің ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тратта) - вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға төлеу туралы үшінші бір тұлғаға вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент көмегімен айналыста жүре берді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
Жай және аудармалы вексель - коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырады.
Вексельдің мынадай өзіне тән қасиетттері бар:
-дерексіздік, яғни вексельде мәмлені нақты түрінің көрсетілмеуі;
-дауыссыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрге төленуге тиістігі;
-айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.
Вексель айналысын бірінші болып қолданушылардың қатарына Казкомерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы астық вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ, сыртқы астық сатумен айналысатын Астық акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде Қазақстан темір жолы ҰК-ның 200 млн теңге бағалаған вексельдерін өтеді.
Банкнота (ағыл. сөзінде bank-note аударғанда банк билеті) - орталық банктың айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:
мерзімділігіне қарай, егерде вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса, ал банкнота - мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды. Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.
Чек - ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Чектің мынадай түрлері бар:
-ақшалай чек - банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
-ордерлі чек - бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
-мәлімдеуші чек - чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
-есеп айырылысу чегі - заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;
-жол чегі - туристік сапарларға арналған төлем құралы;
-кепілдендірілген чек - банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.
Чектің экономикалық жаратылысы мынадай: біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді; екіншіден; ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады; үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу құралы.
Электрондық ақшалар - компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка - банкте арнайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі несие және қағаз ақшалардың айналымынан туындайтын проблемалар
Меншік ұғымы, түрлері және Қазақстан Республикасының меншік қатынастарының дамуы
Ақша массасы және ақша базасы
Несие ақшалар және олардың экономикалық маңызы
Ақшаның формалары мен түрлері
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері
Ақша айналысының жалпы сипаттамасы
Ақша туралы дәріс
Ақша белгілерінің түрлері мен типтері
Пәндер