Екінші деңгейдегі банктердің кірістері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастар Қазақстан экономикасына үлкен өзгерiстер енгiздi. Бұрынғы уақытта экономикалық қатынастар бiрыңғай мемлекеттiк меншiктiң негiзiнде құралса, ендi есеп айырысу, пайда, тиiмдiлiк негiзiнде құрыла бастады.

Банктердiң қаржылық-шаруашылық қызметтерiнiң негiзгi және басты көрсеткiшi болып кiрiстердiң шығындардан артуы негiзiнде анықталатын және барлық құрылымдық бiрлiктердiң тиiмдiлiгiн көрсететiн қаржылық нәтиже болып табылады.

Банк қызметiнiң қаржылық нәтижесi оның есептi кезеңдегi меншiктi капиталының өзгеруiне байланысты. Банктiң меншiктi капиталының бiртектi өсуiн қамтамасыз ету қабiлетi қаржылық нәтиже көрсеткiштерi арқылы сипатталады. Қаржылық нәтиже көрсеткiштерi, кiрiстер банктiң шаруашылық нәтижесiнiң барлық бағыт бойынша абсолюттiк тиiмдiлiгiн көрсетедi. Банк қызметiнiң жалпылама тиiмдiлiгiн рентабельдiлiк коэффициент көрсетедi.

Сәйкесiнше, кiрiстердiң өсуi пайданың артуына алып келсе, таза пайда өзiн өзi қаржыландыруға, персоналдарды материалды және әлеуметтiк қолдау мәселелерiн шешу, нарықтағы позициясын нығайту секiлдi мәселелерге негiз болады. Сонымен қатар, пайда жергiлiктi және мемлекеттiк бюджеттiң негiзгi құралу көзi болып табылады. Кiрiс - сенiмдiлiк деңгейi мен қаржылық игiлiк секiлдi банктердiң iскерлiк қасиеттерi мен нәтижелерiн бағалау жүйесiндегi маңызды көрсеткiшi.

Банктердiң кiрiсiнiң есебi және оны талдау, оның қызметiнiң тиiмдiлiгiнiң негiзгi факторы болып табылады. Кез келген коммерциялық ұйымдар секілді «БанкПозитив Қазақстан» АҚ-ның негізгі мақсаты пайда табу арқылы өз қызметін жалғастырып, тұтыншуларға банктік қызметті ұсыну болып табылады. Себебі, банк үшін қызметін ары қарай жалғастыруының негізгі ынталандырушы факторы -кірістер және олардың бухгалтерлік есеп шоттарында қалай көрсетілетіні банк үшін өте маңызды. Сонымен қоса, банктің кірістерін талдау, олардың алдыңғы жылмен салыстырғандағы өзгеруін, даму тенденциясын анықтау, кіріс түрлері бойынша жеке-жеке талдау жүргізу банк үшін маңызды және тұрақты түрде жүргізуді талап ететін үрдіс болып табылады. Банк кірістерінің өзгерісіне әсер ететін факторларды анықтау және оларды, банк қызметіне кері әсерін тигізіп жатқан жағдайда, жою мәселелері қарастырылады. Ал егер, керісінше, белгілі әсер ету фактор банк қызметіне оң әсерін тигізіп жатқан болса, сол әсер етуші фактордың әсер ету ықпалын сақтап қалу немесе одан әрі дамыту қажет. Егер де, банк өз қызметінен ешқандай да, экономикалық пайда алып жатқан жоқ болса, онда банк өз қызметін тез арада тоқтату мәселелерін қарастырады. Сондықтан да таңдап алынған тақырыбым өзекті болып табылады.

Сенімділік деңгейі мен активтерінің өтімділігін сақтай отырып, барынша жоғары пайда табу мақсаты болып табылатын банктер үшін, мақсатына жету үшін қызметінің қаржылық нәтижесі туралы толық және сенімді ақпараттың болуы маңызды. Ақпараттардың толықтығы, дұрыстығы және үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін кез келген банкке қажет құрал болып- банктегі бузгалтерлік есеп табылады. Банктің кірістері мен шығындары банктің қаржылық нәтижесінің негізгі элементтері болып саналатындықтан, банктің кірістерінің есебін дипломдық жұмыста қарастыру тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты банктiң кiрiстерi есебi мен талдау ерекшеліктері мәселесiн қарастыру болып табылады. Осы аталған мақсатқа жету мақсатында келесiдей мiндеттер қойылады:

  • Банктiң қаржылық нәтижесiнiң қалыптасуындағы кiрiстердiң рөлi мен экономикалық маңызын ашып көрсету.
  • «БанкПозитив» АҚ -ның кiрiстер есебiнiң ұйымдастырылуын зерттеу
  • Қарастырылып отырған банк мысалында кiрiстердiң шығындардан көп болуын бақылауды ұйымдастыру
  • АҚ «БанкПозитив» шаруашылық қызметiнiң қаржылық нәтижесiн қалыптастыратын абсолюттi және қатысты кiрiс көрсеткiштерiне талдау жүргiзу.
  • Банктiң рентабельдiлiгi мен кiрiстердiң артуы резервiн бағалау
  • Кiрiс көрсеткiштерiнiң базалық жылмен, өткен есептi кезеңдермен салыстыра отырып талдау жасап, қорытынды жазу.
  • Қызметінің тиімділігі, активтерінің тиімділігін талдау және олардың жылдар аралығында өзгеру тенденциясын анықтау.
  • Банк қызметіне жан-жақты талдау жүргізе отырып, анықталған қателіктер немесе кері әсер ететін факторларды анықтап, олары жою шараларын, жалпы банк кірістерінің артуы үшін ұсыныстар беру болып табюылады.

Зерттеу пәнi болып «БанкПозитив» АҚ қаржылық нәтижесiн көрсететiн кiрiстер есептеледi. Банкте кірістердің мынадай түрлері қарастырылған: пайыздық кірістер, комиссиялық кірістер және өзге де кірістер.

Банктiң негiзгi мақсаттары:

  • ҚР нарығында банктiк сапалы қызмет көрсету және нарықта өз орнын иелену;
  • Қазiргi таңда банктiң негiзгi мақсаттарының бiрi -өзiнiң филиалдарын Қазақстан территориясында көбейту арқылы банктiк саладағы өз үлесiн арттыру.
  • Корпоративтiк клиенттердiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыру арқылы қаржы-шаруашылық қызметтерiнiң нәтижесiнде кiрiстердi арттыру арқылы таза пайданы жоғарылату.
  • Нарықта белсендi түрде даму мен мемлекеттiк және халықаралық деңгейде әр түрлi банктiк операцияларды ұсыну.

Банк корпоративтiк клиенттерге және жеке тұлғаларға қаржылық қызмет көрсетуге бағытталған. Сол үшiн банктiң мақсатының бiрi филиалдарын максималды түрде арттыру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдiснамалық негiзiне банктiң кiрiстер есебi мен талдауы мәселесiне қатысты отандық және шетелдiк ғалымдардың ғылыми еңбектерi жатады.

Осы дипломдық жұмысты жазу барысында бухгалтерлiк есепке байланысты нормативтiк-құқықтық актiлер, мақалалар, статистикалық мәлiметтер, талданатын кезең iшiндегi банктiң қаржылық есептiлiгi қолданылған.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кiрiспе, үш негiзгi бөлiмнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер көзiнен, қосымша және 43 кестеден және 40 суреттен тұрады. Бірінші бөлімде банктің кірістерінің теориялық негіздемесі құралу көздері мен жіктелімі. Банктің технико-экономикалық көрсеткіштері мен есеп саясаты талданған. Екінші бөлімде банк кірістерінің есебі мен ұйымдастырылуы көрсетілсе, үшінші бөлімде кірістерін талдау ерекшелітері қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектiсi болып «БанкПозитив» АҚ болып табылады.

  1. ЕКIНШI ДЕҢГЕЙДЕГI БАНКТЕРДIҢ КIРIСТЕРIНIҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРIЕкінші деңгейдегі банктердің кірістері, олардың құралу көздері және жіктелуі

Коммерциялық банк кез келген коммерциялық кәсiпорындар секiлдi кiрiстi негiзгi және қосымша қызметпен қатар, басқа да кiрiстер санатына жататын кездейсоқ көздерден де алады. Сәйкесiнше банктiң кiрiстерiнiң құралу көзiне оның негiзгi және қосымша қызметi жатады. Банктiң негiзгi қызметiне «Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы» заңнамасында көрсетiлген операцияларды орындау және клиенттерге банктiк қызметтердi көрсету жатады. Басқа да кiрiс әкелетiн банк қызметтерi қосымша қызмет деп аталады. [1. 179 ]

Екiншi деңгейдегi банктiң кiрiстерi- банктiң операциялық, қаржылық және инвестициялық қызмет түрлерiнен түскен ақша қаражаттары.

Банктің жалпы кірістері

Пайыздық емес кірістер

Пайыздық кірістер

Банктің жалпы шығындары

Пайыздық емес шығындары

Пайыздық шығындары

1-Сурет. Банктің жалпы кірістері және шығындары

Келесі суретте ресейлік ғалым, экономика ғылымының докторы Коробова Галинаның «Банковское дело» оқулығындағы банктің кірістерінің мынадай бөліну схемасы көрсетілген. [1. 182 бет]

:
:
:
:

Бағалы қағаздармен операциялардан

түсетін кірістер

Өзге де кірістер

:

Шетел валютасымен оперциялардан алынатын кірістер

Акциядан бөлек, алынған дивиденттер

Комиссиялық операциялардан түсетін кірістер

:

Несие беруден, депозит немесе басқа орнатылған қаражжатардан түсетін пайыздық кірістер

Алынған тұрақсыздық айыбы, штраф, өсімпұл

2-Сурет. Банк кірістерінің бөліну схемасы

Коммерциялық банктердiң кiрiс көздерiне мынадай банктiк бизнес түрлерiн жатқызуға болады:

  • Несие бизнесi;
  • Дисконттық бизнес;
  • Сақтау бизнесi;
  • Банктiк кепiлхат беру қызметi;
  • Бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;
  • Салымдарды қабылдау және клиенттердiң тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесi;
  • Басқа банктермен корреспонденттiк қатынасқа негiзделген бизнес;
  • Дәстүрлi емес қызметтердi көрсету бизнесi;

Несие бизнесi екi элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) ссуда беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Несиелiк бизнестiң екiншi бөлiгi кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегi депозит формасында болуы мүмкiн. Несиелiк бизнестен пайыз формасында табыс түседi.

Дисконттық бизнес, төленбеген векселдьдердi, чектердi және талаптарды банктiң белгiлi бiр төменгi бағамен- дисконт негiзiнде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестiң түрiне факторинг операциясы жатады.

Сақтау бизнесi банктiк трасталық және агенттiк қызметтерiне негiзделедi. Бұл бизнес клинеттiң мүлкiн ( жылжымайтын мүлiк, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшiн немесе осы мүлiкке байланысты клиенттiң тапсырмаларын орындағаны үшiн алатын комиссия формасындағы табыс түрiнде банкке табыс әкеледi.

Банктiң кепiлхат беру қызметi клиенттерге есеп айырысу үшiн және несие алу үшiн банктiң әр түрлi формаларындағы берген кепiлхаты мен кепiлдемесiнен түсетiн ақшалай сыйақы түрiндегi табыс әкелетiн банктiң қызметiн сипаттайды. [2. 371, 373 беттер]

Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерден құралады: банктiң бағалы қағаздарын шығаруы және оларды нарықта сату, жекешелендiруге байланысты қызмет көрсету. Аталған қызметпен байланысты банктiң кiрiстерiне: бағалы қағаздарды, дивиденттердi, қарыз мiндеттемесiнен пайыздық кiрiстердi сатуда бағам айырмасынан түскен кiрiс, бағалы қағаздарды қайта сатудан түскен кiрiстердi, жекешелендiруге байланысты түскен комиссиялық кiрiстер және т. б. [3. 84, 85 беттер]

Салымдарды қабылдау және клиенттердiң тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесi - банкке мынадай формаларда табыс алуға мүмкiндiк бередi.

  1. Комиссиондық сыйақылар:
  1. Шот ашқаны үшiн;
  2. Шотты жүргiзгенi үшiн;
  3. Шот бойынша операциялар туралы көшiрме бергенi үшiн;
  4. Шотты жабу үшiн;
  5. Қолма-қол ақша беруге немесе есеп айырысуға байланысты операцияларды жүргiзгенi үшiн.
  1. Банктiң корреспонденттiк қатынас бойынша басқа банктердегi корреспонденттiк шоттарындағы кредиттiк қалдық үшiн алатын пайызы;

Дәстүрлi емес табыс түрлерiне банктiң басқа да қызметтерi жатады. Олардың қатарына лизингтiк операцияларын, ақпараттық, валюта айырбастауға байланысты, кеңес беру, клиенттердi оқытқаны үшiн және т. б. [3. 83]

Банктiң кiрiстерiнiң жiктелуi отандық әдебиеттерде жалпы кiрiстердi 3 топқа бөлген:

  1. Пайыздық кiрiстер;
  2. Комиссиялық кiрiстер;
  3. Басқа да кiрiстер;

Пайыздық табыс комиссиялармен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комиссияларға иеленеді.

Несиелік пайыз- пайыздық табыстың басты көзі ретінде банктің берген ссудалары үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады.

Несиелік пайызды мынадай белгілерге байланысты жіктеуге болады:

  • несие формасына қарай: коммерциялық, банктік, тұтыну несиелерінің пайызы және т. б
  • несиелік мекеменің түріне байланысты: Орталық Банктің есепке алу пайызы, банктік, ломбардтық.
  • Несие мерзіміне қарай: қысқа мерзімді ссуда бойынша пайыз, ұзақ мерзімді ссуда бойынша пайыз.
  • Несие түріне байланысты: овердрафт бойынша айналым құралдарына берілген ссудалар, вексельдерді есепке алу, мақсатты ссудалар бойынша пайызы.
  • Операциялар түрлеріне байланысты: ссуда бойынша пайыз, банкаралық несие бойынша пайыз, депозиттік пайыз.
  • Есептеу тәсіліне қарай: жай және күрделі, қарапайым және тура және т. б.

Комиссия - банктік операция үшін сыйақы, латын тілінен аударғанда «соmissiо» сөзі тапсырма дегенді білдіреді. Оның мөлшеріне көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны мен қажетті пайда жатады. .

Өзге кірістерге: бағамдық айырма, яғни баланстық және нарықтық құндары арасындағы айырма, алынған айыппұлдар, пенялар және т. б жатады.

Ресейлiк ғалым, экономика ғылымының доокторы Коробова Г. Г -ның «Банковское дело» оқулығына сәйкес банктiң жиынтық банктiң кiрiстерi есептi кезеңдегi банктiң барлық кiрiстерiнiң қосындысы. Жалпы кiрiстердiң құрамындағы кiрiстердi келесiдей жiктеуге болады:

  1. Операциялық табысПайыздық кiрiсКомиссиялық кiрiсҚаржы нарығындағы операциялардан түскен кiрiсБасқа да операциялық кiрiстер;
  2. Банктiң қосымша қызметiнен түскен кiрiстер
  3. Өзге де кiрiстер

Операциялық табыстар. Екiншi деңгейдегi банктердiң кiрiстерiнiң көп үлесiн операциялық кiрiстер деп аталатын негiзгi қызметтен түскен кiрiстер құрайды. Операциялық кiрiстер өз кезегiнде пайыздық және пайыздық емес кiрiстер болып бөлiнедi.

Банк қызмет аясына сәйкес кiрiсiнiң көп бөлiгi пайыздық кiрiстер құрайды. Көбiнесе бұл кiрiстерге клиенттерге несие беру, уақытша бос ақша қаражаттарын Ұлттық банкте немесе басқа да коммерциялық банкте сақтағаннан немесе қарыздық мiндеттемелерге қаржы құйғаннан түсетiн кiрiстер құрайды. Пайыздық кiрiстер көбiнесе кiрiстердiң 70-80% құрайды.

Пайыздық емес кiрiстерге комиссиялық кiрiстер, қаржы нарығындағы операциялардан түскен кiрiстер және құралдарды шетел валютасында қайта бағалаудан түскен кiрiстер жатады.

Банктiң клиенттерге несиелiк емес қызмет көрсетуiнен түскен табыстар екiншi маңызды кiрiс көзiне жатады. Бұл кiрiстердi комиссиялық кiрiстер деп атаймыз және оларды көрсетiлген қызметтер үшiн алады. Комиссия сомасы жасалынып жатқан операция сомасының белгiлi бiр пайызы ретiнде анықталады. Банктiң көрсететiн қызмет аясы жыл сайын жаңа қызмет түрiмен ұлғаюда. Банкке комиссиялық кiрiс әкелетiн негiзгi қызметтерiне келесi операцияларды жатқызуға болады:

  1. Заңды және жеке тұлғаларға есеп айырысу-кассалық операциялары
  2. Пластикалық картамен операциялар
  3. Банктiк кепiлхатты ұсыну
  4. Конверсиялық операциялар
  5. Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлiк және депозиттiк қызмет

Қазiргi таңда, жалпы банк кiрiстерiнiң iшiнде комиссиялық кiрiстердiң өсу тенденциясы байқалуда. Оның себебi комиссиялық кiрiстердiң тұрақтылығында. Бұл кiрiстер үшiн банк тәуекелге бармайды (тек банктiк кепiлхатты санамағанда) .

Келесi кiрiстердiң маңызды түрi- қаржы нарығындағы қызметтен түскен кiрiстер. Оларға: бағалы қағаздарды, шетел валюталарын, бағалы металлдарды және т. б-ларды сату-сатып алу операциялары жатады. Бұл операциялар саудамен байланысты болғандықтан, негiзгi принципi «арзан бағада сатып алу- қымбат бағада сату» болып табылады. [1. 181, 183 беттер]

Банктiң қосымша қызметiнен түскен кiрiстер. 7-шi Халықаралық Қаржылық Есептiлiктiң Стандарты (IAS 7) сәйкес кез келген ұйымның негiзгi қызмет - операциялық қызмет, ал қосымша қызметтерiн қаржылық және инвестициялық қызмет деп атаймыз. [4. ХҚЕС (IAS ) 7]

Инвестициялық қызмет - ақша баламасына жатпайтын айналыстан тыс

активтердi жəне басқа инвестициялары сатып алу жəне сату.

Инвестициялық қызмет нəтижесiнде пайда болатын ақша лектерiнiң

мысалдары:

  • негiзгi құрал-жабдықтарды, материалдық емес активтердi жəне айналымнан тыс активтердiң басқа түрлерiн сатып алумен байланысты ақша төлемдерi. Оларға сондай-ақ материалдық емес активтердi əзiрлеуге капиталдандырылған шығындармен, сондай-ақ өз өндiрiсiнiң негiзгi құрал- жабдықтарымен байланысты төлемдер жатады.
  • негiзгi құрал-жабдықтарды, материалдық емес активтердi жəне айналымнан тыс активтердiң басқа түрлерiн сатудан түскен ақша түсiмi.
  • басқа ұйымдарға заемдар беру.
  • басқа ұйымдарға бұрын берiлген заемдар бойынша осы заемдардың негiзгi сомаларын өтеумен байланысты түскен ақша түсiмi.
  • басқа ұйымдардың үлестiк немесе борыштық құралдарын сатып алуға жiберiлген ақша (ақша баламасы болып табылатын үлестiк немесе борыштық құралдар сатып алу мен байланысты төлемдерден, сондай-ақ кейiннен сату үшiн сатып алынған сол үлестiк немесе борыштық құралдар үшiн төлемдерден басқа) .
  • басқа ұйымдардың үлестiк немесе борыштық құралдарын сатудан
  • түскен ақша түсiмi (ақша баламасы ретiнде жiктелетiн сол үлестiк немесе
  • борыштық құралдар сатудан алынған түсiмнен, сондай-ақ əрмен қарай сату
  • үшiн сатып алынған сол үлестiк немесе борыштық құралдарды сатудан алынған түсiмнен басқа) .
  • салымдары қатысу əдiсi бойынша есепке алынатын тəуелдi жəне бақыланатын ұйымдардың жарғылық капиталына қатысудан алынған дивидендтер. [5. 78, 79]

Қаржылық қызмет - меншiк капиталдың жəне компаниялардың заем

қаражаттарының мөлшерiнде жəне құрамында өзгерiстерге жеткiзетiн қызмет.

Қаржылық қызмет нəтижесiнде пайда болған ақша легiнiң мысалдары:

  • акциялар (акцияға сыйлықақының мөлшерiн қоса) эмиссияларынан немесе басқа үлестiк құралдардан ақша түсiмi.
  • меншiк акциялар сатып алу (ие болу) .
  • қысқа мерзiмдi жəне ұзақ мерзiмдi кредиттер мен заемдар сияқты заем қаражатын тартумен байланысты ақша түсiмi.
  • заем қаражатын өтеуге жiберiлген ақша төлемi.
  • лизинг алушының жалдау ақысын аударуы.
  • алынған заем қаражаты бойынша сыйақы төлемi.
  • дивидендтер төлеу.

Өзге де кiрiстер . Жоғарыда аталған кiрiстерге жатпайтын кiрiстердi өзге де санатына жатқызамыз.

  • Клиенттерден алынған штраф, өсiмпұл, айыппұл
  • Резерв сомасын қалпына келтiру
  • Есептi кезеңде анықталған өткен кезеңдердiң кiрiсi
  • Артығымен төленген пайдаға салынатын салық сомасының бюджеттен қайтарылуы;
  • Жұмыскерлердiң жеке қажеттiлiктерi үшiн телефонмен сөйлескенi үшiн төлем. [3. 86, 87]

Отандық және щетел әдебиеттерiндегi банк кiрiстерiнiң жiктелуiн кiрiстiрiп, мынадай кесте жасауға болады.

1-кесте.

Коммерциялық банктiң кірістерінің жіктелуі

Жiктелу белгілері
Кiрiстер
Жiктелу белгілері: 1
Кiрiстер: 2
Жiктелу белгілері: Алыну формасына қарай
Кiрiстер:

Пайыздық

Пайыздық емес (комиссиондық)

Өзге

Жiктелу белгілері: Экономикалық мазмұнына қарай
Кiрiстер:

Операциялық

Операциялық емес (инвестициялық, қаржылық)

Өзге

Жiктелу белгілері: Тұрақтылығына қарай
Кiрiстер:

Тұрақты

Тұрақты емес

Жiктелу белгілері: Қызмет түрiне байланысты
Кiрiстер:

Несиелеу қызметiнен

Бағалы қағаздармен қызметiнен

Шетел валютасы қызметiнен

Касса-есеп айырысу қызметiнен

Банк филиалдары қызметiнен

Резервтердi қалпына келтiруден

Өзге

Жiктелу белгілері: Ескерту - кесте отандық және шетел авторларының кірістерінің жіктелімі негізінде жасалған.

Кірістер тобының толық жіктелімін мынадай сипатта ұсынуға болады:

2-кесте.

Кірістердің мен шығындардың толық жіктелімі

Банктің кірістер
Банктің шығындары
Банктің кірістер: А. Банктік операциялар және басқа да келісімдердер нәтижесінен алынатын кірістер
Банктің шығындары: А. Банктік операциялар және басқа да келісімдердер нәтижесіндегі шығындары
Банктің кірістер:
  1. Пайыздық кірістер, оның ішінде:
Банктің шығындары: 1. Пайыздық шығындар, оның ішінде:
Банктің кірістер:
  1. Берілген несиелер бойынша:

- Заңды және жеке тұлғалар ға берілген несие (ҚР резиденттер және резидент емес тұлғалар) ;

- несиелік ұйымдар және резиедент емес банктерге берілген

Банктің шығындары:

1. 1 Алынған несиелер бойынша:

- Ұлттық Банктегі;

- Несиелік ұйымдардан;

- Резидент емес банктерден;

- Басқа да кредиторлардан.

Банктің кірістер:

1. 2 Басқа да орналасқан салымдар бойынша:

- Мемлекеттің меншігіндегі қаржылық ұйымдарда;

- Қаржылық ұйымдарда;

- Ұлттық Банктегі;

- Заңды резидент емес тұлғаларда ;

- резидент емес банктерден;

Банктің шығындары: 1. 2. Заңды және жеке тұлға клиенттердің банктік шоттарындағы ақша қаражаттарынан

2-кестенің жалғасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Банктердің шығыстары мен кірістері»
Банктың операциялық қызметтері
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасының банк жүйесі: қазіргі жағдайы және даму перспективасы
Қаржылық жоспарлау, болжау
Коммерциялық банктердің қаржылық тұрақтылығы
Коммерциялық банктердің табыстары мен шығыстары: басқару қағидалары және әдістері
Банктегі несиелік тәуекелдерді басқару
Банк кірістері мен шығындарының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz