Адам ағзасына әсер ететін фаторлар



1. Электромагниттік өріс әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2. Сыртқы электромагниттік әсер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3. Радиобайланыс кедергісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
4. Компьютерлік сырқат белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
5. Лазер сәулесінің әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
6. Еңбек ету қабілетінің сараптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
7. Адам ағзасына лазерлі сәуленің әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
8. Алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам организміне өте үлкен зардап тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталып, қалаларда өзіне қол жұмсау фактілері көптеп тіркеле бастады. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникацияның дамуына байланысты, элекетромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан.
Мысалы, электромагниттік өріс толқыны¬ның үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағ¬за¬ның ор¬та¬лық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, кө¬ру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар, жыныстық органдардың және эм¬брионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құр¬сағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана¬ ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің элек¬тромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге¬ ұрын¬дыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, іс¬ті бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пай¬даланған абзал.
Біріншіден, аталған қондырғыларды тұ¬йық¬тау жүйесіне міндетті түрде енгізу қа¬жет. Екіншіден, компьютерлер мен ойын автоматтарының және тағы да бас¬қа құралдардың орналастыру талабы мен пайдала¬ну уақыты сақталынуы ти¬іс. (Күндік тиісті уа¬қыты – 5 сағат). Пайдалану барысында үлкендер әрбір са¬ғат сайын, балалар әр 30 минут са¬йын үзі¬ліс жасауы, мұнымен қоса жұмыс орнын¬дағы электро¬магниттік өріс дең¬гейінің көрсеткішін бақылау барысында зертханалық өлшеулер жүргізіп тұ¬руы қажет. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың «өзінде» соткасыз» үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «сотка» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды? Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын болды.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
1. Электромагниттік өріс әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Сыртқы электромагниттік әсер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
3. Радиобайланыс кедергісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
4. Компьютерлік сырқат белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..5
5. Лазер сәулесінің әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
6. Еңбек ету қабілетінің сараптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
7. Адам ағзасына лазерлі сәуленің әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 9
8. Алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

Электромагниттік өріс пен Лазер сәулесінің әсері
Электромагниттік өріс әсері
Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам организміне өте үлкен зардап тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталып, қалаларда өзіне қол жұмсау фактілері көптеп тіркеле бастады. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникацияның дамуына байланысты, элекетромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан.
Мысалы, электромагниттік өріс толқыны - ның үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағ - за - ның ор - та - лық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, кө - ру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар, жыныстық органдардың және эм - брионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құр - сағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана - ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің элек - тромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге - ұрын - дыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, іс - ті бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пай - даланған абзал.
Біріншіден, аталған қондырғыларды тұ - йық - тау жүйесіне міндетті түрде енгізу қа - жет. Екіншіден, компьютерлер мен ойын автоматтарының және тағы да бас - қа құралдардың орналастыру талабы мен пайдала - ну уақыты сақталынуы ти - іс. (Күндік тиісті уа - қыты - 5 сағат). Пайдалану барысында үлкендер әрбір са - ғат сайын, балалар әр 30 минут са - йын үзі - ліс жасауы, мұнымен қоса жұмыс орнын - дағы электро - магниттік өріс дең - гейінің көрсеткішін бақылау барысында зертханалық өлшеулер жүргізіп тұ - руы қажет. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың өзінде соткасыз үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы сотка дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды? Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын болды. Осыдан екі жыл бұрын екіқабат әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді деп иондық емес сәулелерден қорғану жөніндегі Ресей ұлттық комитеті де дабыл қаққан болатын. Сотка балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе ,жастар күндіз-түні соткаға жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен.
Сыртқы электромагниттік әсер - Қазіргі электр энергиясын тарататын электр тізбектерінде бейнесі мен бағыты әр түрлі электр және магнит өрістерін алады. Осы жоғары кернеу жолының маңайында орналасқан әуе байланыс жолы мен кабель байланыс жолы тізбектерінде ток пен кернеу пайда болады. Жоғары кернеу жолының маңайына орналасқан байланыс жолдарында электромагниттік әсерден басқа гальваникалық байланыстың болуынан ток пен кернеу пайда болады. Осы сыртқы әсер етуші энергия көздерінен байланыс жолдарының тізбектерінде пайда болатын ток пен кернеу өздерінің мелшеріне қарай қауіпті немесе бөгеуіл туғызады. Сыртқы әсер етуші энергия көздеріне жататындар: электр энергиясын тарататын энергия жолдары; электрленген темір жолдар; атмосфералық (найзағай) әсерлер; радиостанциялар; электр қуатымен жұмыс істейтін әндірістік тұрмыстық қондырғылар, т.б. Кейбір жағдайларда сыртқы электромагниттік әсерден байланыс жолдарында пайда болатын токтар мен кернеу шамаларының үлкен болатыны сонша, олар сол байланыс жолымен және оларға қосылған құрал қондырғыларға, сонымен қатар қызметкерлердің оміріне қауіп туғызуы мүмкін. Мұндай әсерлерді "қауіпті әсер" дейді. Электр энергиясын тарататын жолдар мен найзағай қауіпті әсер туғызады. Сыртқы әсерден байланыс жолдарында пайда болатын ток пен кернеу шамалары қауіп туғызарлықтай үлкен болмаса, бірақ сигнал таратып жеткізуғе бөгеуіл жасаса, оны "бөгеуіл әсері" деп атайды. Байланыс кабел салынған жердегі гальваникалық әсер туғызатын қыдырма токтар кабельдердің металл қабығын тотықтырып, бұзылуына себеп болады.
Радиобайланыс кедергісі -- байланыс аппараттары, құрылғылары мен кешендерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін және әр түрлі техникалық құралдардың жұмыс өлшемдерінің есептік (нақтылы) мәндерінің ауытқуын тудыратын құбылыстардың кең аумағы.Кедергілер байланыс жүргізуді, мәліметтерді беруді және т.б. қиындатады.
Радиобайланыс кедергісінің арнайы техникалық құрылғылармен және қарсыластың әрекеттерімен ұйымдастырылуы, сондай-ақ өз әскерлерінің әр түрлі техникалық құралдары, аппараттары және құрылғыларының бір уақытта жұмыс істеуінен пайда болуы мүмкін.
Радиобайланыс кедергісі мынадай негізгі белгілері бойынша топтастырылуы мүмкін: кедергі тудыратын физикалық алқаптар;
* пайда болу көздері;
* таралу ортасы;
* қолдану аумағы мен тәсілдері,
* жиілік диапазондары және басқа да өлшемдері бойынша.
Радиобайланыс кедергісі тудыратын физикалық алқаптар бойынша электрлік, магниттік, электрмагниттік болып бөлінеді. Пайда болу көздері бойынша кедергілер әдетте, жасанды және табиғи болып бөлінеді.
Жасанды кедергілер электрмагниттік және басқа қуаттарды сәулелендіру құрылғыларымен немесе осы қуатты ыдырататын шағылдырғыштар арқылы тудырылады. Сонымен қатар, олар арнайы жасалған (ойластырылған немесе ұйымдастырылған) және арнайы емес (өзара, жүйе ішіндегі) болуы мүмкін. Арнайы жасалған кедергілер тобы өнеркәсіптік деп аталады. Ол көліктік құралдардың әр түрлі электрқозғалқыштары және тұрмыстық аспаптар, электрбайланыс аппараттары, электр тасымалының жоғары вольтты желілері, жоғары жиіліктегі аппараттар жұмыстарынан және т.с.с. пайда болады.
Өзара кедергілердің тууына біртекті техникалық құралдардың бір уақытта жұмыс істеуі, ал жүйе ішіндегі кедергілерге механикалық және радиотехникалық құрылғылардың өз шулары себеп болады. Табиғи кездерден пайда болатын табиғи кедергілер болып келеді.
Радиобайланыс кедергісі таралу ортасына қарай ғарыштық, атмосфералық болып бөлінеді.
Ғарыштық кедергілер галактикалық сәулелер мен бөлшектердің, Күн, Ай радиосәулеленуінің және галактикадан тыс топтар әсерінің нәтижесі болып табылады.
Атмосферадағы Радиобайланыс кедергілері найзағайлық разрядтардан, ультракүлгін және ғарыштық сәулелер ықпалымен электрлік зарядтардың атмосферадағы жылжуынан, түрлі ұшу аппараттарының электрленген үшкір қырларынан электр тарауынан және басқалардан туындайды.
Қолдану аумағы мен тәсілдеріне, жиілік диапазондарына және басқа өлшемдеріне қарай радиоэлектрондық (радио және радиотехникалық) құралдар (РЭҚ), сымды байланыс құралдарының кедергілері болып бөлінеді.
РЭҚ кедергілері белсенді немесе енжар болады.
Белсенді кедергілер арнайы таратқыштардан пайда болады және әсер ету сипатына қарай РЭҚ бүркемелеуші және ұқсатушы (жалған хабарлаушы), көздеу және бөгет, бағытталған және бағытталмаған, үздіксіз және импульсті болып бөлінеді.
Енжар радиобайланыс кедергіслері объектілердің электрмагниттік толқындар қуатының табиғи және жасанды шағылдырғыш пен объектілерден шағылуы салдарынан пайда болады. Олар шағылған электрмагниттік толқындарды қабылдау принципінде жұмыс жасайтын РЭҚ-ға қарсы қолданылады.
Сымды байланыс құралдарының радиобайланыс кедергісі берілетін хабарларды бұрмалайтын немесе аппараттың жұмыс істеу қабілетін бұзатын, сым (әуелік, кабельдік) желілеріне ықпал ететін сыртқы электрмагниттік әсерлер болып келеді.
Компьютерлік сырқат белгілері
Негізінен, компьютердің алдында отырып, жұмыс істейтіндердің шағымданатын сырқат белгілері екі топқа бөлінеді: 1. Көздің көру қабілетінің нәшарлауы. 2. Бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы. Көру қабілетінің нәшарлауы оның бұлдырап, анық көрмеуі, өзіне түскен салмақтан күйген тәрізді ашып, қызаруы.
Көздің барлық көру қабілеті белгілерін біріктіріп, мамандар оны компьютерлік көру қабілетінің синдромы деп атайды. Дәрігерлердің айтуынша, компьютерлік көру қабілетінің синдромдары уақытша рефракцияның нашарлауына немесе күшеюіне, аккомодация көлемінің кішіреюіне, қарама-қарсылық сезімталдығының, сезіну қабілетінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады.
Жалпы, бейне монитордың, жазу столының, отыратын орындықтың, тағы да басқаларының орналастырылуы дұрыс болуға тиісті. Орындықтың биіктігін, арқалығының дұрыс тұруын, клавиатураның тұрған орнын, дисплейдің көлемін, экранмен ара қашықтықта жұмыс істейтін адамның өзіне ыңғайластырып қойғаны абзал. Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, көп жағдайда дисплей өте жоғары тұрады, жүйелік блоктың үстіне қойылады. Соның салдарынан, басты үнемі көтеріп отыруға тура келеді де, мойын омыртқа тұсы ауыратын болады.
Жарыққа да мән берген жөн. Мамандар бөлмеге жарықтың 300-500 люкс шамасында біркелкі түсуіне ақыл-кеңес береді. Негізінен, жарықтың қапталдан түскені қолайлы және бөлменің төбесі қабырғасына қарағанда ашық, ақ болуы шарт.

Лазер сәулесінің әсері
Лазерлі құрылғылар, күшті жарық көзі болып табылады, оптикалық диапазондағы электромагниттік сәулелермен, ол қалыпты жарық көздерінен монохромдылығымен, когеренттілігмен, сонымен қатар күн сәулесінен бөлінетін энергияға тең 109 Вт көлеміндегі энергияның жоғарғы қарқындылығымен бөлінуі.
Лазерлі сәулелермен сәулелену кезінде ағзада, мүшелерде, тіндерде, тірі жасушаларда дамитын, биологиялық нәтиже, лазерлі сәулелердің арнайы ерекшеліктеріне жатады.
Лазерлі сәулелердің биосубстраттармен әсерінің нәтижесіне, лазерлі сәулелердің белгілерінен басқа, сәулелену құрлымының арнайы қасиеттері, олардың жылу сыйымдылығы және жылуды өткізгіштігі, пигменттер және сумен қанығуы, олардың механикалық және акустикалық қасиеттеріде белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Тіндердің биологиялық сәулелену қабілеті жұтылған және нәтижесінде көрінетін энергияның көлеміне байланысты.
Лазерлі сәулелер үшін көрінбейтін ағзадағы тіндер мен клеткалар жоқ. Бірақта жұтылған лазерлі сәулелердің деңгейінің энергиясы біршама ерекшеленеді. Пигменттелген тіндер мен жасушаларда көп мөлшерде жұтылу байқалынады. Аққа қарағанда қара тері энергияны көп жұтады. Лазерлі сәулелер гемоглобин, меланин, мидың ақ затымен салыстырғанда сұр затында, роговицамен салыстырғанда нұрлы қабатында белсенді түрде жұтылады.
Биосубстраттармен жұтылған лазерлі сәулелердің энергиясы жылынып, фотохимиялық процестерге қолданылатын флюоресценциялды ұзын толқын түрінде бөлініп, электр өтімділіктерін қоздырып, өз кезегінде сәулеленген тіндердің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Лазерлі сәулелердің жылу және термиялық нәтижелері өте жақсы оқылған, ол әсіресе пигменттелген тіндерде ерекше көрінеді және жұтылған энергияның көзіне байланысты зақымдалған жердегі заттың бір мезгілде жоғалып кетуіне немесе әр түрлі деңгейдегі айқындылықтағы күйікиердің пайда болуына әкеледі. Лазерлі сәулелердің қысқа уақыттық әсерінен, температураның тез қалыптасуынан және көптеген биологиялық құрылымдардың аз жылу өтімділігінен пайда болған күйіктер қоршаған тіндерден өте жақсы шектелінеді, олар электро тоқтар және найзағай кезіндегі зақымдануларды еске түсіреді. Термиялық нәтиже қатаң түрде шектелінеді, бірақта зақымдалмаған тері кезіндегі, сәуленің өту жолы бойынша, зақымдану ошақтары тереңірек орналасуы мүмкн. Бұл сәуле жолы бойындағы пигменттенулердің деңгейіне байланысты, және сәулелену нәтижесінің тереңдігіндегі сәуле фокусының мүмкіндігіне байланысты. Мысалы, көздің әйнекті денесімен лазерлі сәулелердің фокустануының әсерінен зақымдалған ошақ көздің торлы қабатында орналасады.
Лазерлі әсердің соққы эффектісі жылу эффектісімен тығыз байланысты, себебі жылу энергиясы лазерлі сәулелермен бірге бөлініп, сәулеленген тіндердің көлемді жылуын шақырады, ол қоршаған тіндерге қысым тудырып, оның деформациясына әкеледі. Тіндердің бөліктерін бір сәтте жоғалтып жіберетін толқындардың соққылы эффектісінің дамуына аз көңіл аударылады.
Зақымдалған ошақта пайда болған толқындардың соққысы қоршаған тіндерде алғашында ультрадыбыспен, сосын дыбыспен, және соңында дыбыстан аз жылдамдықпен таралады. Сондықтан толқындар соққысының эффектісі сәулелену жерінің аз қашықтығындада анықталуы мүмкін.
Сәулелер толқындарының соққысы өте жоғары биіктерге дейін жетуі мүмкін (106 атм дейін). Әсіресе жабық қуыстардағы (бас сүйек, көз, кеуде клеткасы және т.б) толқындардың соққысының әсерінен пайда болған жылу көлемінің кеңеюі өте қауіпті, егерде осы жағдайларда толқындардың соққысының әсері будың түзілуімен жүретін болса.
Тіндерде ультрадыбыстардың тарауынан, толқындардың соққысы кавитацияны тудыруы мүмкін, яғни заттардың бөлшектерінің тез жоғалып кетуінің нәтижесінен қуыстар түзіледі. Пайда болан қуыс, толқындардың соққысынан кейін төмендеп, өз кезегінде қосымша компрессорлық толқынды тудырады.
Лазерлі сәулелердің жылулық және соққылық эффектісінен басқа, электрлі және магнитті аймақтардағы биообьектілердің өзгерістерін тудырады. Күшті сәулелердің әсерінен пайда болған электрлік аймақ 107 Всм2 жетуі мүмкін, ол химиялық байланыстың әлсіреуі мен үзілуіне, бос радикалдардың түзілуіне, әртүрлі химиялық реакциялардың катализіне жеткілікті болады. Осыған орай, лазерлі сәулеленудің әсерінен әртүрлі фотоэлектрлік және фотохимиялық нәтижелер пайда болады.
Лазерлі сәулелер биологиялық обьектілерге күшті әсер етуіне байланысты, бұндай жағдайлар өндірістердегі техникалық қауіпсіздік бұзылыстарының күрделі бұзылыстары кезінде кездеседі. Лазерлі құрылыстармен жұмыс істейтін адамдар ұзақ , созылмалы аз күштіліктегі тура сәулелердің әсері адам ағзасында әлі күнге дейін оқылмаған. Өндітірсте жұмыс істейтін адамдарға өндірістік ортадағы бірқатар қолайсыз факторлардың әсері бар:
1. Жұмысшылар бірқатар технологиялық операцияларды орындау кезінле қолдарына тура лазерлі сәулелердің әсер етуі. Сонымен қатар, юстировка үшін қолданылатын, аз күштіліктегі гелий-неонды лазерлердің әсерінен тура лазерлі сәулелер жұмысшының көзіне түсуі мүмкін.
2. Диффузды көрінетін және жайылмалы лазерлі сәулелер, минималды тура сәулелену кезінде көру ағзасын тура зақымдау деңгейін жоғарлатады.
3. Факел және лампаларды үрлеу кезіндегі жарық светтерден пайда болған жарық импульстарының жиілігі бір лазеолік құрылымда бір тәулік ішінде 230 000-250 000 жетуі мүмкін.
4. Жұмысшылардың кей жағдайларда жартылай немесе толық жарығы жоқ мекемелерде лазерлі сәулелермен жұмыс істеуілері керек.
5. Технологиялық операциялардың бірқатар ерекшеліктеріне байланысты қөру ағзасына жоғары мөлшерде көру ағзасына күш түсіреді (микроскоптың көмегімен лазерлі сәулелердің юстировкасы кезінде, микросхемаларды пайкалау кезінде және бинокулярлы ұлғайғыштардың бақылауымен тастардағы тесіктерді тігу және т.б).
6. Лазерлі құрылымдардың жұмысы кезіндегі тұрақты және импульсті шулар.
7. Лазерлі сәулелердің әсерінен жұмыс орындарындағы ауаның ионизациясы өзгереді, озон, азот қышқылы және металл және қосындыларының конденсациясының аэрозолдары. Осы заттардың барлығының ауадағы РБК жоғарлаған кезде адам ағзасына токсикалық әсер етеді.
8. Лазермен жұмыс жоғарғы электрлік тоқтың кернеулігімен, тура лазерлі сәулелердің қауіптілігі және үлкен жауапкершілігіне негізделген, нервтік эмоционалдық бұзылыстармен жүреді.
Клиникасы. Көз және тері жабындылары лазерлі сәулелердің әсеріне ұшырайтын критикалық ағзаларға жатады. Бұл жағдайларда көздің зақымдануларының арнайы белгілері болмайды, ол көздің басқа аурулары түрінде көрінеді. Лазерлі сәулелермен шыны дененің күйігі катарактаны шақыруы мүмкін, ол туа пайда болған немесе жасына сай өзгерістер түрінде болады, нұрлы қабаттың күйігі меланоманы тудырады.
Көздің тура немесе айналы көріністегі сәулелермен сәулелену кезіндегі зақымданулар ауыспалы қызметтерінің бұзылысчтарымен сипатталуы мүмкін: қараңғылық адаптациясының бұзылулары, мүйізді қабаттың сезімталдығының өзгерістері, ауыспалы соқырлық және т.б.
Ауыр жағдайларда лазерлі сәулелердің қарқынды түрде ұзын толқынды көрінетін жәнеде жақын инфрақызыл спектрлердің көру аймағына түсуі ауырсынусыз көрудің шектелуімен (скотоманың дамуымен) жүреді. Бұндай жағдайларда көз түбінде торлы қабаттың ісінуі және әртүрлі деңгейдегі айқындылықтағы күйіктер, әйнекті денеге және торлы қабатқа қан құйылулар анықталынады. кейін хориоретиналды күйіктің орнында, әдетте макулярлы немесе парамакулярлы аймақта көрудің төмендеуімен жүретін тыртық пайда болады.
Ультрафиолетті лазерлі сәулелер және спектрдің инфрақызыл бөліктері негізінен оптикалық жүйенің беткей элементтерімен жұтылады: роговицца, хрусталик, әйнекті дене. Сондықтан ультрафиолетті диапазонда жұмыс істейтін лазерлер роговицаның ауырсынумен жүретін күйіктерін тудыруы мүмкін, ол доғалы сваркілеу кезіндегі күйіктерге ұқсайды.
Ұзақ уақыт бойы лазерлі сәулелермен қатынаста болған жұмысшыларда көру аймағы жағынан әртүрлі органикалық және функционалды бұзылыстар болуы мүмкін. Қараған кезде науқастар жұмыстың соңында көздерінің шаршауына, көз алмасындағы тұйық және кесіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стресске анықтама, кезеңі, дамуы
Экономикалық талдауда факторлардың жіктелуі
Жеке тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның маңызы
Стресс туралы ілім
Гендерлік стереотиптер Қазақстанның азаматтардың мамандануға әсері қандай
Нарық жағдайындағы Қазақстандағы қонақ үй шаруашылығының жағдайы және оның туризмде алатын орны
Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар туралы ақпарат
Жерасты ерітінділеу ( ЖЕА )»
Адам - биоәлеуметтік жан
Ұйымдағы персоналды басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Пәндер