Қылмыстық процесте сот сараптамасын тағайындау, жүргізуді ұйымдастыру, зерттеу


Қылмыстық процесте сот сараптамасын тағайындау, жүргізуді ұйымдастыру, зерттеу
Жоспар
1. Сот сараптамасын жіктеу
2. Сараптама тағайындаудың негіздері
3. Сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру
4. Сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары
5. Сарапшылық зерттеу нәтижелерін ресімдеу
Сот сараптамасын жіктеу
Тергеу және сот практикаларына талдау жасай отырып, көптеген жағдайда тергеуші және судья тағайындалатын сот сараптамасының атауын дәл анықтай алмауы және олардың тегін, түрін, түршесін ауыстырып тағайындалуына көз жеткізуге болады. Бұл үшін сот сараптамасының топтастырылуын жақсы білу керек.
Сот сараптамасын топтастырудың ғылыми және практикалық маңызы бар. Сараптаманы топтастырудың практикалық маңызы: сот сараптамасының түрін, тегін таңдауға, оны жүргізетін сот сараптамалық органдар мен сарапшыны анықтауға көмектеседі. Сараптаманы топтастырудың теориялық маңызы: оның тектерінің, түрлері мен түршелерінің жалпы сот сараптамасында алатын орны, олардың пәнін, обьектілерін, зерттеу әдістемелерін анықтауда және сараптаманың түрі, тегі, түршесіне байланысты жеке заңдылықтар мен теориялар құруға көмектеседі. Сондай - ақ сот сараптамасын топтастыру сарапшының қорытындысын бағалау кезінде елеулі роль атқарады.
Сот сараптамасы әртүрлі негіздер бойынша топтастырылады. Қылмыстық сот өндірісі үшін және сот сараптама органдарының қызметін ұйымдастыру үшін де сот сараптамасын сараптамалық зерттеудің пәніне байланысты топтастырудың маңызы зор1.
Криминалистика, іс жүргізушілік және сот сараптамасы әдебиеттерінде сот сараптамасын топтастырудың ең жиі кездесетіні, әрі толығы, келесі негіздер бойынша топтастыруы: арнайы білім саласы, жүргізудің кезеңділігі, зерттеудің көлемі, сарапшылардың құрамы бойынша топтастыру жатады. 2
Кей ғалымдар сот сараптамасын топтастыру негізін топ, тек түр және түрше бойынша бөледі. 3
С. Ф. Бычкованың айтуы бойынша сараптаманы топтастырудың критерийі ретінде сараптамалық зерттеудің пәні, яғни сараптама жүргізу арқылы анықталуға жататын мән - жайларын атайды.
Бұл салада пән кең мағынада қолданылады, яғни іс үшін маңызы бар және тиісті білім саласына жататын сұрақтарды шешу мақсатымен сараптаманың осы саласының құралдары, әдістемелерімен зерттейтін сараптама обьектісінің жақтары, қатынастары.
Сот сараптамасы туралы ғылымда пәні бойынша барлық сараптамалар сыныпқа, текке, түрге, түршеге бөлінеді.
Мысалы, бұл жүйеде ең ірі элементтері класс (топ, сынып) болып саналып, ол теорияда онға бөлінеді:
- Сот криминалистикалық;
- Сот - медициналық және психофизиологиялық;
- Сот инженерлік - техникалық;
- Сот инженерлік - транспорттық;
- Сот инженерлік - технологиялық;
- Сот экономиялық;
- Сот биологиялық;
- Сот экологиялық;
- Сот ауыл - шаруашылық;
- Сот - өнертанымдық.
Өз алдына бұл класстар текке, түрге, түршеге бөлінеді.
- Криминалистикалық сараптама өзіне тән дәстүрлі тектерге бөлінеді:
- Баллистикалық;
- Трассологиялық;
- Суық қаруды зерттеу;
- Фототехникалық;
- Жазу мәнерін зерттеу;
- Авторды зерттеу;
- Құжаттарды техникалық - криминалистикалық зерттеу;
- Портреттік зерттеу;
- Фоноскопиялық;
- Материалдарды, заттарды және бұйымдарды зерттеу.
- Трасологиялық сараптаманың түрі бойынша топтастырылуы:
- Дактилоскопиялық;
- Көлік - трасологиялық;
- Аяқ және аяқ - киім іздерін зерттеу;
- Тіс, ерін және адамның басқа бөліктерінен қалған іздерді зерттеу;
- Бұзу құралдарының іздерін зерттеу;
- Пломбаларды, құлыптарды және жабылатын басқа да құралдарды зерттеу.
- Дактилоскопиялық сараптаманың түршесі бойынша топтастырылуы:
- Папилляроскопиялық(қолдың саусақтары мен алақандарын зерттеу) ;
- Пароскопиялық;
- Эджескопиялық;
- Биологиялық (із қалыптастыру обьектісі бойынша дактилоскопиялық сараптаманың түршесіне жатқызылу себебі: қолдың саусақтарынан дақ түрінде із қалуы) ;
ҚР-ң ҚІЖК заңнамаларында сот сараптамасы процессуалдық негіз бойынша келесідей топтастырылады (К. Н. Шакиров, С. Ф. Бычкова берген топтастыру бойынша бұл негіздерді басқа да негіздер деп атайды. ) :
- Сарапшылардың саны бойынша :
- Жеке;
- Комиссиялық;
- Қолданылатын білімдердің құрамы бойынша:
- Біртекті;
- Кешенді;
- Жүргізу кезеңділігі бойынша:
- Алғашқы;
- Қайталама;
- Зерттеудің көлемі бойынша:
- негізгі;
- қосымша;
- Жүргізу орны бойынша:
- Сот сараптама органдарында;
- Сот сараптама органдарынан тыс;
- Жүргізудің міндеттілік қағидасы бойынша:
- Міндетті;
- Міндетті емес.
Енді бұл сараптама түрлеріне жеке - жеке тоқталып өтейік.
Жеке сараптама. Жеке сараптаманы сарапшы бір өзі жүргізеді. Сарапшы бұл сараптаманы жүргізу барысында сараптамалық зерттеуде өзінің арнайы ғылыми біліміне сүйенеді. Әдетте бұндай сараптаманың түрі қарапайым, жеңіл обьектілер бойынша жүргізіледі. Сараптамалық зерттеуді жүргізу барысында, егер оған жіберілген материалдар жеткіліксіз болса, онда ол қасымша материалдарды талап етеді немесе сараптамалық зерттеу жүргізуден бас тартуы мүмкін. Сараптамалық зерттеудің нәтижесін қорытындымен бекітіп, оған өзі қол қояды және қорытындының толықтығы мен дұрыстығына жауапты болады.
Комиссиялық сараптама. Комиссиялық сараптама жүргізілгенде, оның өзіне тән белгілері бар. Олар келесідей:
- Сараптаманы бір мамандықтағы не бірдей арнайы ғылыми білімі бар бірнеше сарапшының жүргізуі;
- Сараптама зерттеу кең көлемді болса, аса күрделі болса немесе оның қылмыстық іс үшін маңызды болса жүргізіледі.
ҚР ҚІЖК заңнамаларында қайталама сараптаманы міндетті түрде комиссиялы жүргізу тәртібі көрсетілген. Сондай - ақ барлық жағдайда есі дұрыстығын анықтау үшін сот - психиатриялық сараптама тағайындалып, комиссия құрылады, оған кемінде үш сарапшының міндетті қатысуы керек.
Осыған орай, комиссиялы сараптаманың құрамы қанша сарапшыдан тұруы керек екендігіне байланысты сұрақ туады. Егер сот - псхиатриялық сараптаманы тағайындағанда ол емінде үш сарапшыдан тұрғаннан кейін барлық комиссиялы сараптаманың құрамы кемінде үш сарапшыдан тұруы керек деп бұл сұраққа жауап беруге болады.
Комиссиялы сараптама жүргізгенде комссия мүшелері бір-бірімен кеңесуне құқығы бар.
Біртекті сараптамада оны жүргізуде қолданатын арнайы ғылыми білімдердің біртектігімен сипатталады. Біртекті сараптамаға қойылатын талаптар жеке сараптама жүргізуде қойылатын талаптармен бірдей.
Кешенді сараптама. Кешенді сараптаманы тергеуші және сот үшін маңызы бар мән - жайларды анықтау үшін білімнің түрлі саласы негізінде зерттеуді жүргізудің қажеттілігі туындағанда тағайындайды және оны жүргізуге әртүрлі мамандықтағы сарапшылар тағайындалады.
Қосымша сараптама. Қосымша сараптама тек негізгі сараптама жүргізілгеннен кейін тағайындалады. Қосымша сараптаманы жүргізудің мақсаты - сараптаманы тағайындаған тұлғаның қорытындының толықтығына және айқын болмауына келіспеуі, сондай - ақ бұрын зерттелеген обьектілерге қатысты жаңа сұрақтардың пайда болуы. Қосымша сараптама тек екінші, үшінші ғана болмай, ол есеп бойынша кете беруі мүмкін.
Сарапшы қорытындысының анық болмауы оның тұжырымының түсініксіз болуында болып табылады және ол қорытындыны түсіндіру арқылы жойылады. Сарапшының қортындысын түсіндіру деп - оның жауап беруі арқылы сарапшының таңдаған әдістемесін, оның қолданған ғылыми техникалық құралдарын, анықтаған белгілерін, жеке терминдердің мәнін және маңызын ашуы.
Сарапшы қорытындысының толық болмауы оның алдына қойылған кейбір сұрақтарды шешпей қалдырып, олардың көлемін кішірейтіп және барлық обьектілерді зерттемегенде орын алады. Бұл көрсетілген қорытындының толық еместік, оған қойылған сұрақтарды кішірейту өз алдына сарапшы нәтижесіне күдік тудырмайды.
Қорытындының қосымшаларына жүргізілген зерттеулерден туындаған, оған кірмеген нәтижелер мен оның негіздері деп танылады. Қосымша сұрақтарды қою кей кезде тергеушінің қажеттіліктерінің кеңеюінен туындайды.
Заңи әдебиеттерде қосымша сараптамалық зерттеулердің табиғаты туралы сұрақтар бірдей шешілмейді. Кей авторлар оны қосымша десе, ал екіншілері жаңа, дербес сараптама деп атайды. 4
Бұндай мәселені дұрыс шешудің жолын Ю. К. Орлов ұсынды. Оның айтуы бойынша біз бұл мәселені қосымша сараптаманың мақсаты тұрғысынан қарастырмауымыз керек, яғни оның мақсаты үнемдеу. Бұндай жағдайда обьектіні қайталама зерттеу жүргізбей, тек алғашқы қорытындыға сілтеме жасауға болады.
Сондықтан да егер жаңа сұрақтарды шешкенде қандай да бір көлемде алдыңғы зерттеудің нәтижелері қолданылатын болса, онда сараптама қосымша болуы керек. 5
Бұл ереже ҚР ҚІЖК - нің 255 бабының 1 бөлігінде көрініс тапқан және онда қосымша сараптама қорытынды жеткілікті түрде айқын болмаған, сондай - ақ бұрын зерттелеген жағдайларға қатысты жаңа мәселелер пайда болған кезде тағайындалады деп көзделген.
Қосымша сараптаманы жүргізу сол сарапшының өзіне немесе басқа сарапшыға тапсырылады, бірақ бірінші сарапшыға тапсырған орынды. Оны тағайындаған кезде сарапшының қарамағына негізгі сараптаманың материалдары және қорытындысы ұсынылуы тиіс.
Алғашқы сараптаманы жүргізуге қойылатын талаптар жеке және негізгі бір текті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптармен бірдей.
Қайталама сараптама. Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысының жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған жағдайларда дәл сол мәселерді шешу үшін тағайындалады.
Қайталама сараптаманы тағайындаған кезде сарапшының алдына бұрын қолданылған зерттеу әдістерінің ғылыми негізділігі туралы сұрақтар қойылуы мүмкін.
4. 1 Сараптама тағайындаудың негіздері.
Заңға сәйкес сараптаманы анықтаушы, анықтау органы, тергеуші, прокурор, сот тағайындауы мүмкін. Тергеуші сараптаманы қылмыстық істі қозғау сатысында және алдын ала тергеу жүргізу кезінде тағайындайды. Анықтау органы, анықтаушы сараптаманы қылмыстық істі қозғау сатысында және алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес сол істер бойынша анықтау жүргізу кезінде, қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін оның нәтижелері қажет болған жағдайда прокурор тағайындауға құқылы. Сараптама тағайындаудың негізі нақты және заңды деп бөлінеді.
Сараптама тағайындаудың нақты негізі іс бойынша іс жүргізу барысында, бір жағынан, қылмыстық процесті жүргізуші органның қарамағындағы бар іс бойынша ақпаратты, екінші жағынан, оның істің мән-жайларын арнаулы ғылыми білім негізінде анықтау қажеттілігін сипаттайтын проблемалық танымдық ситуациялардың туындауы болып табылады.
Сараптаманы тағайындаудың заңды негізі арнаулы ғылыми білімдерді пайдаланумен мәселелерді шешудің қажеттілігі расталатын іс материалдары болып табылады.
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сараптама істі қозғау туралы шешім қабылданған кезде, сондай-ақ анықтау немесе алдын ала тергеу сатысында тағайындалады.
Комиссиялық сараптама бір мамандықтағы сарапшылардың күрделі сарапшылық зерттеу жүргізу қажеттілігі жағдайында тағайындалады.
Кешенді сараптама іс бойынша бір мән-жайды анықтау үшін әр түрлі сарапшылық мамандықтардың негізінде зерттеулер жүргізу қажет болғанда тағайындалады.
Қосымша сараптама қорытынды толық және жеткілікті түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зерттеумен байланысты туындаған қосымша мәселелер туындаған жағдайда негізгі жүргізілгеннен кейін тағайындалады.
Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған не сараптама тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда дәл сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады.
4. 2 Сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру
Сот сараптамасы органының сот сараптамасын жүргізуі. Сот сараптамасы органы басшысының өкілеттігі.
Қазақстан Республикасында сот сараптамасын сот сараптама органдары немесе сот сараптама органдарының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар жүргізе алады. Олардың толық тізбесі «Сот сараптамасы туралы» заңының 4-бабында көрсетілген:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медецинасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қылмыстық қудалау функциясы жүктелген мемлекеттік органдар бөлімшелерінен басқа, Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес функцияларына сот сараптамасын жүргізу жатқызылған мемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлімшелері жатады.
Сот сараптамасы органының басшысы дегеніміз - Сот сараптамасы орталығының директоры, Сот медецинасы орталығының директоры, олардың орынбасарлары мен Орталықтардың аймақтық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функциясына сот сараптамасын жүргізу жатқызылған мемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлімшелерінің басшылары болып табылады. Сот сараптамасы органының басшысы сараптаманы тағайындау туралы қаулы мен ұсынылған материалдарды, егер олар тиісінше ресімделмеген және бұл сараптама жүргізуге мүмкіндік бермесе, сондай-ақ егер сараптама жүргізу осы сот сараптамасы органдарымен көзделмеген немесе ол тиісті мамандар мен құрал-жабдықтары болмаса, себептерін көрсете отырып орындаусыз қайтаруға құқылы.
Сараптама тағайындау туралы қаулыны қабылдау кезінде сот сараптамасы органының басшысы:
- сараптаманы жүргізуді сарапшыға немесе сарапшылар комиссиясына тапсырады;
- сараптама жүргізудің мерзімін белгілейді, олардың сақталуына бақылау жасайды;
- сарапшы тәуелсіздігінің принциптерін бұзбай, сарапшылық зерттеудің толықтығы мен сапасына, сараптама объектілерінің сақталуына бақылау жасайды;
- сарапшыларға қажетті әдістемелік көмек көрсетеді және оларды құрал-жабдықтармен, аспаптармен, материалдармен қамтамасыз етеді.
Сараптама жүргізудің мерзімі алдағы зерттеулердің қиындық дәрежесіне қарай ведомстволық нормативтік актілер талаптарын ескере отырып белгіленеді.
Сарапшының қорытындысы екі данада жасалады. Бірінші данасы сараптама тағайындаған органға жіберіледі, екіншісі - сот сараптамасы органының мұрағатында сақталады. Сарапшының қорытындысына сот сараптамасы органының басшысы қол қойып сараптама тағайындаған органға жолданған ілеспехат қоса тіркеледі, онда сараптаманы шығару күні, оны жүргізудің құны, қорытынды мәтіні мен бейнелі материалдардың бет саны туралы мәліметтер болады.
4. 3 Сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары.
Сарапшылық зерттеу - сарапшының сараптамаға ұсынылған объектілерді зерттеу процесі. Ол жеке міндеттердің сипаты бойынша ажыратылатын, бір-бірін жүйелі түрде ауыстырып тұратын сатылардын тұрады:
- дайындық (сарапшылық тексеруді қосқанда) ;
- сот сараптамасының объектілерін бөлек зерттеу сатылары;
- салыстырмалы зерттеу сатылары;
- зерттеу нәтижелерін бағалау және сарапшының қорытындыларын тұжырымдау сатылары.
Сарапшылық зерттеудің дайындық сатысы - сот сараптамасын жүргізудің бірінші сатысы, оның мазмұны сараптама жүргізу үшін негіз болатын іс жүргізу шешімімен және сарапшылық міндеттерді шешудің технологиясын анықтау үшін сарапшыға ұсынылған материалдармен танысу, сондай-ақ сарапшылық болжамдар көтеру, зерттеу бағдарламасын жасау және қажетті техникалық, аспаптық, ақпараттық базаны дайындау болып табылады.
Бөлек сарапшылық зерттеу сот сараптамасы объектілірінің белгілерін бөлек оқып-зерттеуден тұрады. Осы сатысының барысында сот сараптамасының әрбір объектісін жекелендіретін ортақ, содан соң жеке белгілері анықталады. Мұнда дәлелдемелерді, содан кейін, қажет болғанда салыстырмалы материалдарды оқып зерттеу қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде әрбір объектіні жекелендіретін, оның мәнін, сапалық және сандық сипаттамасын, тиісті белгілерде көрінетін объекті қасиеттерінің пайда болуын анықтауға мүмкіндік беретін белгілер кешенін қалыптастыру жүзеге асырылады.
Салыстырмалы зерттеу объектілердің анықталған белгілерінің сәйкес келуі немесе айырмашылығы анықталатын саты болып табылады. Ол салыстырылатын объектілер белгілерінің сәйкес келуі мен айырмашылығын анықтаумен аяқталады. Салыстырмалы зерттеу екі кезеңнен құралады:
-объектілердің айырмашылығын немесе олардың бір топқа қатыстылығын анықтаумен аяқталатын объектілердің жалпы белгілерін салыстыру;
-объектілердің жеке белгілерін салыстыру.
Сарапшының зерттеу нәтижелерін бағалау және қорытындысын тұжырымдау сатысы болады, өйткені сарапшы зерттеуді объектілер белгілерінің сәйкес келу немесе айырмашылық фактілерін атап көрсетумен аяқтамауы керек. Ол алынған деректерге ғылыми бағалау жүргізуге міндетті. Осы сатыда сарапшы өзінің ішкі сенімі негізінде анықталған белгілерді бағалайды және қорытындыны тұжырымдайды. Сонымен бірге логикалық жинақтап-қорыту әдістері, ықтималды-статистикалық әдістер мен модельдеу кеңінен пайдаланылады. Саты сарапшылық зерттеу барысы мен нәтижелерін бейнелейтін іс жүргізу құжаты ретіндегі сарапшының қорытындысын техникалық рәсімдеумен аяқталады.
4. 4 Сарапшылық зерртеу нәтижелерін ресімдеу.
Сарапшының қорытындысы - іс жүргізу құжаты, онда жүргізілген зерттеудің нәтижелері баяндалады, қойылған сұрақтардың біреуіне болса да жауап өз мәнісі бойынша беріледі немесе тұжырымның біреуі болса да сарапшының бастамасы бойынша жасалады. Сарапшы өз атынан жазбаша қорытынды жасап, оның өз қолын қоюы және жеке мөрі арқылы растап, сараптама тағайындаған органға жібереді.
Сарапшының қорытындысы үш бөлімнен тұрады, олар: кіріспе, зерттеу және тұжырым.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz