Кәсіпкерлік қызметте өнім сапасын басқару



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.1 Өнім сапасы түсінігі мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Кәсіпкерлік қызметте өнім сапасын басқару ерекшеліктері ... ... ... ... ... ...16

2. «МКЖ» ЖШС ӨНІМ САПАСЫН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

2.1 «МКЖ» ЖШС қызметін экономикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 «МКЖ» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда сапаны басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

3. «МКЖ» ЖШС.ДЕ ӨНІМ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

3.1 Өнім сапасын басқарудың шетелдік озық тәжірибелері ... ... ... ... ... ... ... .29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі өнім сапасын жетілдіру мәселесін шешудің қажеттілігінен туындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпкерлік қызметтегі өнім сапасын басқарудың ерекшеліктерін анықтау, бағалау, талдау.
Осы мақсатқа жету үшін курстық жұмысты жазу барысында алдыма келесі міндеттерді қойдым:
- «өнім сапасы» түсінігінің мәнін ашу;
- Қазақстандағы өнім сапасының бәсекеге қабілеттілігін талдау және оған баға беру;
- Өнім сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсыну.
Аталған міндеттер курстық жұмыс бөлімдерінде мазмұнын толық
ашамын деп ойлаймын.
2 "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. 2009. 6 наурыз
3 Халқымаұлы Х. Халықаралық өнеркәсіп саясаты: Қазақстандағы реиндустрияландыру стратегиясы // Аль-Пари. – 2004. - №3. - С. 17-19.
4 Есентугелов А.В. Экономике наметились тенденции к росту, необходимо их закрепить и развить // Аль-Пари. – 2000. - №2. - С. 13-17.
5 Оразалы Сәбден . Бәсекелестік экономика, Алматы, 2007, 121 б
6 Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы. Экономика баспасы, Алматы, 2008
7 Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. Менеджмент негіздері. Ақтобе-Орал, 2005
8 Калияскарова Э.А. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда сапаны басқару // КазЭУ хабаршысы – 2007. - №2
9 Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы Алматы: Экономика, 2003
10 Карчиганова Ж. Бәсекелестікке қабілеттіліктің маңызды факторы ретінде сапаны басқару // ҚазЭУ хабаршысы – 2007. - №2
11 Есімжанова С.Р. Маркетинг. Алматы.Экономика 2003
12 «ПолимерМеталл -Т» ЖШС баланс деректері – 2007-2008жж.
13 Веблен Т. Менеджмент в подразделениях фирмы / Пер. с англ. – Москва: ИНФРА-М, 1996. – 288 с.
14 Баумоль У. Экономика / Пер. с англ. - 2 - е изд. - Москва: Дело ЛТД, 1993. - с. 135-137.
15 Егемен Қазақстан, 2005, 20 қыркүйек.
16 Келимбетов К. Основные направления экономической политики до 2010г. // Аль Пари, 2001, №1-2, Б.2-7.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Кәсіпкерлік қызметте өнім сапасын басқарудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1. Өнім сапасы түсінігі мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.4
2. Кәсіпкерлік қызметте өнім сапасын басқару
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. .16

2. МКЖ ЖШС өнім сапасын
БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

2.1 МКЖ ЖШС қызметін экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .19
2.2 МКЖ ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда сапаны
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

3. МКЖ ЖШС-де өнім сапасын жақсартудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

3.1 Өнім сапасын басқарудың шетелдік озық
тәжірибелері ... ... ... ... ... ... ... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .33

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..35

Кіріспе

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі өнім сапасын жетілдіру мәселесін
шешудің қажеттілігінен туындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпкерлік қызметтегі өнім сапасын
басқарудың ерекшеліктерін анықтау, бағалау, талдау.
Осы мақсатқа жету үшін курстық жұмысты жазу барысында алдыма келесі
міндеттерді қойдым:
- өнім сапасы түсінігінің мәнін ашу;
- Қазақстандағы өнім сапасының бәсекеге қабілеттілігін талдау және
оған баға беру;
- Өнім сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсыну.
Аталған міндеттер курстық жұмыс бөлімдерінде мазмұнын толық
ашамын деп ойлаймын.

1 Кәсіпкерлік қызметте өнім сапасын басқарудың теориялық негізі

1.1 Өнім сапасы түсінігі мен маңызы

Сапа – нарықтық экономикаға тән емес категория. Ол адамдар санасында
кез–келген көзқараста, кез–келген жағдайларда жоғарыда айтылған факторларға
байланысты жоғарылап немесе төмендеп өзгеріп отырады. Дегенмен, адам үшін
қиын жағдайдың өзінде тауардың жеке түрінде де сапаның шегі болады, ол
кезде адамдар өнімді тауар ретінде қабылдамайды. Бұл адамдар үшін сапаның
үлкен маңызын көрсетеді. Олар оны белгілі бір деңгейлер бойынша бағалайды:
- бірінші деңгей – стандартқа сәйкестігі;
- екінші деңгей - пайдалану сәйкестігі;
- үшінші деңгей – нарықтық нақты талаптарға сәйкестігі;
- төртінші деңгей – жасырын қажеттіліктерге сәйкестігі.
Сапа бірінші деңгейде мемлекеттік стандарттың, техникалық жағдайдың,
коммерциялық келісімдердің талаптарына сәйкес бағаланады.
Екінші деңгей тек қана өндірістік технологияның стандарттарына
сәйкестігіне емес, сонымен қатар тұтынушының эксплуатациялық талаптарына
да сәйкес болуы керек.
Үшінші деңгей арзан баға мен жоғары сапа талабының орындалуын
көрсетеді.
Төртінші деңгейде тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыратын
тауарларды өндіру.
Енді сапаны басқару кезеңдерінің мазмұнына толығырақ тоқталайық.
Бірінші кезеңде, сапа тауар немесе фирма қызметінің оның, ішкі
техника шарттарына сәйкестік деңгейін білдіреді. Сапаның бұл аспектісін
оның техникалық шарттарына сәйкес белгілейді.
Екінші кезеңде, конструкция сапасы бағаланады. Сапа өнім
конструкциясына деген фирманың техникалық талаптарына жауап бере алады.
Бірақ конструкцияның өзі жоғары және сонымен қатар төмен көрсеткіштермен
бағаланады.
Үшінші кезеңде, фирма тауарларының немесе қызметінің жүзеге асырылуы
немесе жұмысқа деген тұтынушылардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру
деңгейін білдіреді. Өнімнің сапасын басқару жүйесі келесі басқарудың өзара
байланысты категорияларына негізделеді: өнімнің объектісі, субъектісі,
мақсаты, факторы, әдістері, функциясы, құралдары, қағидалары, түрлері,
типтері, критерийлері.
Нарықта тауар сапасы - сатып алушының негізгі
техникалық–экономикалық көрсеткіштері бойынша анықталады: дизайн, ұзақ
мерзімділігі, үнемділігі, пайдаланудағы ыңғайлылығы. Жетекші елдерде
ғалымдар мен фирмалар өз қызметтерінде бірінші деңгейде тауар сапасына
назар аударады. Мысалы, Ұлыбритания ғалымы Д. Билдач, атақты профессор
Гарвардың бизнес мектебінен Г. Левитт сапаның өзіне ғана емес, тауар
сапасына қатысты бағыттайды. Аталмыш зерттеушілер мен әлемнің атақты
менеджер Ли Яккока тауарлардың сұраныс тиімділігін қарастырды. Яғни
өндірістік дизайн бейнесіндегі еңбек өнімділігі мен өнім сапасын айтты.
Кембридждегі стратегиялық жоспарлау институты да тауардың бәсекелестерден
артықшылығы сапасына қатысты болуы керек деп есептейді.
Жаһандану нәтижесіндегі ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі
әлемдік табысты бөлуге қатысу мүмкіндігінің міндетті шарты болып табылады.
Ал, бәсекеге жарамдылықтың негізі - сапа және төмен баға болып табылады.
Әлемдік шаруашылықтың жаһандануы кезінде елдердің ашық экономикалық
(мәселен, Қытай, АҚШ-пен экономикалық байланысы) трансұлттануы жүзеге
асырылады.
Өнім сапасын басқару - өнім дайындауда сапаның тиімділігін және оны
тұтастай пайдалануды қамтамасыз ететін факторлар мен шарттарға тұрақты,
жоспарлы, мақсатты әсер ету процесі ретінде түсіндіріледі. Өнімнің сапасын
басқару жүйесі келесі функцияларды қамтиды:
- стратегиялық, тактикалық және оперативті басқару функциясы;
- ақпараттық - бақылау, талдау және есептік, әсер етуді басқару бойынша
шешім қабылдау функциясы;
- ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік факторлар
мен шарттар бойынша басқару функциялары.
Ал стратегиялық функциялар төмендегілерден құралады:
- сапаның базалық көрсеткіштерін талдау мен болжау;
- жобалық және конструкторлық жұмыстардың бағытын анықтау;
- өндірістің қол жеткізген сапа нәтижелерін талдау;
- жарнамалау туралы ақпаратты талдау;
- тұтынушылардың сұранысы жайлы ақпаратты талдау.
Тактикалық функциялар:
- өндіріс сферасын басқару;
- сапа көрсеткіштерін белгілі деңгейде ұстау;
- басқару объектілері мен сыртқы ортаның өзара қызметі.
Өнімнің сапасын басқару жүйесі - өнім сапасының жоғары деңгейін
белгілеп, қамтамасыз етіп және ұстауға бағытталған әдістер мен құралдардың,
басқару органдарымен басқару объектілерінің жиынтығы болып табылады.
Сондай-ақ, өнімнің сапасын басқару жүйесі төмендегідей талаптарды
қанағаттандыруы қажет:
- өнімді зерттеу мен бақылау жүйесіне, сенімділікті
сертификациялауды;
- өндірісті ұйымдастыруды;
- жобалаудан эксплуатациялауға дейінгі сапаны басқаруды.
Қоғамдық қажеттіліктердің қанағаттануы бойынша мүмкіндік дәрежесі өсіп
көбейіп, түрленген және дамыған сайын сапа да дамып отырады.
Н.Ф. Прокопенко өзінің еңбектерінде сапаны экономикалық тұрғыдан:
Сапаның экономикалық теориясын құру сапаны жоғарлатудың теориялық негізін
өңдеуді және одан бұрын оның экономикалық мазмұнын ашып қарастыруды
ұсынады, - деп қарастырады.
Сапаның экономикалық теориясын жүргізу кезінде тұтыну құнының
қатынасын талдау және онымен қоса өнім сапасын талдаудың үлкен мағынасы
бар. Әрбір тұтыну құны нақты сапаға ие болады. Егер тұтыну құны қажетті
заттарды көрсететін болса, онда сапа нақты, анықталған қажеттілікті
қанағаттандыруға қабілеттілік мөлшерін көрсетеді. Дегенмен, өнім сапасы
табиғи қасиеттермен сипатталатын болса, онда ол техникалық пәндермен
оқытылады. Сондықтан да оны экономикалық категорияға жатқызуға болады.
Тұтынушының назарына өнім табиғаты емес, қажеттілік қасиеттері бар
тауарға айналуы түседі. Сатып алушы үшін сапалы тауар бұл жоғары класты
тауар деген сөз емес. Бұл оған ұнайтын тауар, яғни топтың қажеттіліктеріне
сәйкес келеді. Сол себепті, әлемдік кеңістікте сапаның келесі тұжырымдамасы
таралған: Сапа дегеніміз – тауардың белгілі қасиеттерінің жиынтығына
сәйкес дәрежесі көрсетіліп, бағасы ескеріліп, сатып алушының
қажеттіліктерінің жиынтығы ретінде қарастыру. Яғни, сапаның толық құнды
бағасы бірдей деңгейдегі бағалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталады.
Өнім сапасының экономикалық және қосымша көрсеткіштері де өнімнің
сапасына ықпал етеді. Экономикалық көрсеткіш жеке өнім сапасын емес, сол
өнімнің сапасын жақсартуға байланысты өңдеп, дайындағанда жұмсалған
шығындарды сипаттайды. Экономикалық көрсеткіштер құрамына негізінен
еңбектің, жұмыстың өзіндік құны жатады қарастырылып отырған көрсеткіштер
өнімнің бүкіл өмірлік цикліне экономикалық баға береді. Өңдеу, дайындау,
қолдану, өткізу, тұтыну және қайта өңдеу кезеңдерінің құндылығын анықтайды.

1-сурет - Өндірушілер мен тұтынушылар қөзқарасы негізіндегі
өнімнің сапасы

Әрбір өнімнің сапасы екі түрлі көрсеткішпен бағаланады - абсолюттік
көрсеткіш - сол заттың өзі, ақшалай құны - жеке қасиеті. Салыстырмалы
көрсеткіш - бұл коэффициент пайыз есебінде басқа сандық қатынастармен
теңестіру.
Сонымен бірге, сапа көрсеткіштері жеке дара және кешенді болып екіге
бөлінеді. Жеке дара көрсеткіштер өнімнің бір ғана жеке қасиетін көрсетеді.
Ал кешенді көрсеткіштер - жалпылама, топтық, интегралды және индексті болып
бөлінеді.
Интегралды көрсеткіш сол өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жиынтығын
тұтынушының бағалауына байланысты.
Индексті көрсеткіш өнімнің ақау коэффиценті мен индексін көрсетеді.
Мұнда өндіру процесі, дайындау деңгейі, технология, ұйымдастыру, басқару
жұмыстары және жұмыс істейтін адамдардың да қатысы ескеріледі.
Әрбір заттың, өнімнің сапалық көрсеткіштері оның пайдалану деңгейі
мен қажеттілігіне байланысты функционалдық, эргономикалық, эстетикалық,
технологиялық, тасымалдау ыңғайлылығына, экологиялық құқықтық, қауіпсіздік
қасиеттері мен ерекшеліктеріне қарай әртүрлі бағаланып, іріктеледі.
Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан
алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік – техникалық
өнімдер үшін негізгі көрсеткішретінде өнімділік көрсеткіші алынады.Ол
бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылытын өнімнің жалпы көлемін
анықтауға қажет.
Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақтауын,
жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.
Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек
өнімділігін арттырудың конструкторлық – технологиялық шешімдердің
тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға,
өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында
материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай
жасайды.
Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы
арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физикалық,
гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (температураның, шудың, вибрацияның,
газдың, будың және т.б. ылғалдықтың әсерлері).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық
түрін қамтамасыз етеді.
Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға
биімділігін, шыдамдылығын көрсетеді.
Патеттік – құқықтық көрсеткіштер – патеттік тазалық, патеттік
қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық белгі мен
өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді.
Экономикалық көрсеткіштер - өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда
қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді
сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың,
газдардың, радияциялық сәулелердің болу мүмкіндігі).
Өнім сапасының көрсеткіші белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру
жарамдылығын сандық сипаттайды. Сапа көрсеткішінің номенклатурасы өнімнің
арнауына байланысты болады. Көп мақсаттарға арнаулы өнімнің бұл
номеклатурасы көп санды болуы мүмкін.
Сапа көрсеткіші әр түрлі бірліктерде айқындалуы мүмкін. Өнім сапа
көрсеткішін қарастыру кезінде айыра білу керек:
- көрсеткіш атауы;
- көрсеткіштің сандық мәні.
Сапа деңгейі – салыстырмалы сипаттама. Талданылатын өнімнің сапа
көрсеткіштерін үлгі-өнімнің ұқсас көрсеткіштерімен салыстыру арқылы
есептелінеді. Үлгі ретінде стандарттар, техникалық шарт, болашақ жаңа
бейнедегі үлгі, шетелдік ұқсас өнім алынады.
Сапаны қалыптастыруға кеткен шығындарға байланысты сапа деңгейі
төмендегідей болып бөлінеді:
- өнімнің абсолюттік сапа деңгейі, өнімнің өндірісі толып жатқан
экономикадан тыс ұғымдармен, соның ішінде, елдің қорғаныс
қабілеттілігін, оның әлемдік нарықтағы беделін қамтамасыз ету
шарттарымен, ғарыштық техниканың дамуымен т.б. ықпалымен
жүргізілуі мүмкін;
- қауіпсіз сапа деңгейі, мұнда өнімді пайдалану қауіпсіздігі
қамтамасыз етіледі;
- сапаның экономикалық оптимальды деңгейі, яғни өнім өндірісі мен
тұтынуға өте аз шығындар жұмсай отырып, қажеттілікті ең жоғары
деңгейде қанағаттандыру. Азаматтық өнімнің көптеген түрлері үшін
сапаның дәл осы оңтайлы (оптимальды) деңгейі қолайлы.
Өнім сапасының интегралды көрсеткіші. Өнімді құрастыру қолдануға
немесе пайдалануға шығындар соммасына өнімді қолданудан, пайдаланудан
немесе тұтынудан болған пайдалы эффект соммасына қатынасы болып табылатын
өнімнің сапа көрсеткіші.
Өнім сапасының индексі. Қарастырылатын мерзім ішінде өндірілген
әртүрлі өнімдердің орташа алынған салыстырмалы сапа көрсеткіштерінің мәніне
тең өнімнің кешендік көрсеткіші.
Өнімнің сапа көрсеткішінің салмақтық коэффиценті. Өнімнің сапасының
басқа көрсеткіштер арасындағы берілген сапа көрсеткішінің мәнділігінің
сандық сипаты.
Өнімнің сапа көрсеткішінің базалық мәні. Сапаны салыстырып бағалауда
негізгі алынатын өнім сапасының көрсеткіш мәні.
Өнімнің сапа көрсеткішінің салыстырмалы мәні. Бағаланатын өнімнің сапа
көрсеткіш мәнінің осы көрсеткіштің базалық мәніне қатынасы.
Өнім сапа көрсеткішінің регламенттелетін мәні. Нормативті құжаттамамен
белгіленген өнім сапасының көрсеткішінің мәні.
Өнім сапасының көрсеткішінің номиналды мәні. Өнім сапасы көрсеткішінің
ең көп немесе ең аз регламенттелген мәні.
Өнім сапасы көрсеткішінің оптималды мәні. Өнімді өндіру, пайдалану
немесе тұтынуға кеткен шығындар бола тұра, сол өнімді пайдаланудан немесе
тұтынудан алынатын ең көп тиімділікке жетуді, болмаса шығындармен берілген
тиімділікке жетуді және бір жолы шығындардың тиімділікке деген ең жоғарғы
қатынасына жетуді белгілейтін өнім сапасы көрсеткішінің мәні.
Өнім сапасы көрсеткішінің жіберілетін ауытқулар. Нормативті
құжаттармен белгіленген шектерде номиналдық мәнінен жіберілетін өнім сапасы
көрсеткішінің нақты мәнінің ауытқулары.
Өнім сапасының кешенді көрсеткіші. Кешенді көрсеткіш бірнеше жай
қасиеттерінен немесе бір өнімнің күрделі қасиеттерінен тұрады. Кешенді
көрсеткішке өнімнің сапасының дайындық коэффицентін Кг мына формуламен
есептейді:

Кг=ТТ+Т
(1)

мұнда: Т - бұйымдардың бастартушылыққа жұмыс істеулілігі;
Тв - қайта құрудың орташа уақыты.

Формуладан дайындық коэффицентінен екі бұйымның қасиеттерінің мазмұнын
көруге болады, бастарту молшылығы және өңдеуге жарамдылығы.
Орташа әдісімен шығарылатын басқа өнімнің кешенді сапа көрсеткіші Ко
формуламен есептеледі.

Ко= Σⁿ Кi αi
(2)

Мұндағы: Кi - көрсеткіші i-өнімінің бағалау қасиеті αi - салмақтық
көрсеткіштің коэффиценті Кi (2) формуладан Ко - өнімнің әртүрлі қасиеттерін
сипаттайды. Ко-көрсеткіші орташа алынған, әдістермен шығарылатын барлық
кешенді көрсеткіштер сияқты арифметикалық, геометриялық және т.б.
көрсеткіштері физикалық баллмен және нақты физикалық мазмұны болмайды.
Өнімнің сапасының біртектік және кешендік көрсеткішінің бөлінуі шартты
өнімнің қасиеттері жай және күрделі болып бөлінеді. (1) формулаға
қолданған Тв өңдеуге жарамдылық көрсеткіші мына формуламен анықталады:

Тв= То+Ту
(3)

Мұндағы: То - бастартушылықты табу үшін жұмсалатын орташа уақыт. Ту-
бастартушылықты жоюға арналған орташа уақыт. (3) формуладағы жөндеуге
жарамдылық бұйымның күрделі қасиеттерін бастартушылықты табуға икемділігін
жоюға икемділігі сияқты жай қасиеттерге байланысты, яғни К1, Tв
көрсеткіштерін бірлік ретінде қарастырылады, ал То және Ту кешенді
көрсеткіш ретінде қарастырылады.
Белгіленетін көрсеткіштерімен анықтау қасиеттері өз ретінде өнімнің
бірліктік және кешендік көрсеткіштерімен сипатталады. Егер анықтау
көрсеткіші кешенді болса, онда жалпы болады. Өнім сапасын жалпы көрсеткішін
абайлап қолдану тиіс. Өйткені басқа бірлік көрсеткіштерімен сипатталатын
жетіспеушілік бірліктің көрсеткішін жабылуын жібермеу керек. Егер бірлік
көрсеткіші 0-ге тең болса онда жалпы көрсеткішті 0-ге тең деп алады, яғни
өнім сапасы қанағатсыз деп белгіленеді.
Өнім сапасының интегралды көрсеткіші. Өнімнің сапалық көрсеткішінің
интегралды И мына формуламен есептеледі:

И=ЭЗс+Зэ
(4)

мұндағы: Э - пайдаланудың немесе өнімді пайдаланудың жалпы жағымды
эффектісі;
Зс - өнімді өндіруге кеткен жалпы көлемі;
Зэ - өнімді пайдалануға кеткен жалпы көлем.
Берілген формула бір жылдан аспайтын өнімге қойылады. Бұл жағдайда бір
уақыттағы және ағымдағы шығындар жай қосылады. Қызмет мерзімі бір жылдан
асатын өнім үшін бір уақыттағы шығындары Зс өнімнің аяқталуын белгілейтін
нормативтік коэффициентін қолданумен өнім қызмет мерзімін соңғы жылына
келтіреді.
Өнім сапасының интегралды көрсеткішімен қатар, оған керісінше
тиімділік бірлігіне жұмсалған салмақтық шығындар атты шама қолдануға
болады.
Өнім сапасының индексі - өнім сапасының индексін анықтауының екі
нұсқауына мысал келтірейік:
1 мысал: Қарастыратын Кі және і=1,2...S мерзім ішіндегі кешендік
көрсеткіштері белгіленген әртүрлі S өнімдері, сонымен қатар әр қайсына
сәйкес көрсеткіштердің базалық мәндері. Сонда салмақтың коэффиценті Ві мына
формуламен есептелінеді:
Ві = СіΣСі
(5)

мұндағы: Сі - і-түрлі өнімнің қарастырылған мерзімдегі құны.

Өнім сапасының (U) индексін осы мерзім ішінде мына формуламен
есептеледі:

U=Σ ві КіКіб
(6)

Өнімнің барлық түрлері үшін В1, В2, В3 балдармен анықталатын сапаның
үш тобы белгіленген. Егер қарастырылған мерзім ішінде осы топтарға өнімдер
С1, С2, С3 құнымен өндірілсе, онда салмақтың коэффиценті (Ві) тең болады:

Ві= С1 С1+ С2+ С3
(7)

Өнімнің орташа балы (Вср) мына формуламен анықталады:

Вср=в1В1+в2В2+в3В3
(8)

Ал сапа индексі (І) тең болады:

І = Вср Вб.ср
(9)

Вб.ср – базалық мерзім ішіндегі өнімнің орташа балы.

Өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау әдістері:
- Өнімнің сапа көрсеткішін өлшеу әдісімен анықтау:
- техникалық өлшеу құралының негізінде жүргізілетін өнімнің сапа
көрсеткішін тіркеу әдісімен анықтау;
- белгілі бір заттарды, шығындарды, жағдайларды бақылап, олардың
сандарын есептеуге негізделген өнімнің сапа көрсеткіштерінің мәнін
анықтау әдісі.
o Өнімнің сапа көрсеткішін есептеу әдісімен анықтау:
- өнімнің сапа көрсеткіштері өнімнің параметіріне табынышты теориялық
және эмпириктік байланысына негізделген өнімнің сапа көрсеткішінің
мәнін анықтау әдісі.
- Өнімнің сапа көрсеткішін сараптық әдісімен анықтау:
o сарапшылардың шешіміне негізделген өнімнің сапа көрсеткішінің
мәнін анықтау әдісі.
- Өнімнің сапа көрсеткішін әлеуметтік әдіспен анықтау:
- нақты немесе болуы мүмкін тұтынушылардың пікірлерін жинастырып,
талдауға негізделген өнімнің сапа көрсеткішінің мәнін анықтау әдісі.
Өнімнің сапа көрсеткіштерін өлшеу әдісімен анықтау. Өлшеу әдістерінің
көмегімен мынадай сапа көрсеткіштері мен бұйым салмағы, тоқ күші,
автомобиль жылдамдығы және т.б. анықтайды.
Өнімнің сапа көрсеткіштерін тіркеу әдісімен анықтау. Тіркеу әдісі
белгілі жағдайлар санын тіркеуден алынатын ақпараттарға базаланады. Мысалы,
сынақ кезінде бұйымдардың істемей қалуы, партиядағы ақаулық бұйымдардың
санының есебі және т.б.
Өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтаудың есептік әдісі. Есептік әдіс
тәсіл өнімді жобалау кезінде басты түрде қолданады. Бұл тәсілмен өнім
сапасының бөлек көрсеткіштері арасындағы тәуелділіктер бекітілуі мүмкін.
Есептік әдіс бұйымның массасының мәндерін, оның өндірілу көрсеткіштерін,
мықтылығын, күштілігін және т.б. анықтау кызметін жасайды.
Өнім сапасы көрсеткішін анықтаудың органолептикалық тәсілі. Бұл
тәсілмен анықтау кезінде адамның сезім мүшелері сәйкес сезім алғандығы
туралы ақпарат береді.

1.2 Кәсіпкерлік қызметте өнім сапасын басқару ерекшеліктері

Сапа түсінігі ИСО 8402-94 стандарты бойынша бекітілген және
қарастырылатын тұтынушылық мүмкіндіктерді орындауға бағытталған бұйым
немесе қызметінің ерекшеліктері мен сипаттамаларының жиынтығы деп
анықталған. Сапа техниканың көмегімен тиісті ойлау үлгісінің негізінде
қалыптасады. Осы тұрғыда тәсілдеме сапаны түсінуден жалпы сапаны басқару
танымына алып келеді. Сапа ұғымының басқа қалыптасқан түсінігі әр түрлі
пікірлердің негізінде қалыптасқан және олардың көмегімен, осы түсініктің
жан-жақтылығын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
Өнім сапасы - өзінің тағайындалған қызметіне байланысты белгілі бір
талаптарды қанағаттандыруға бағытталған өнім қасиетінің жиынтығы. Жалпы
сапаны басқару дегеніміз - территориялық қағидалар ғана емес, сапаны
жоғарлатудағы процесстерді басқару технологиясы. Өнім сапасын басқару
механизмі деп - өнімді дайындау, тұтыну, пайдалану кезінде өнімнің қажетті
сапа дәрежесін қамтамасыз етілуін айтамыз. Өнімнің сапасына әсер ететін
факторлар, жағдайлар және оның өмірлік циклының әр түрлі кезеңдерінде өнім
сапасын қалыптастыру процесстерін сипаттайтын көрсеткіштері басқару
объектілері болып табылады. Басқару субъектілері басқару әдістері мен
принциптеріне сәйкес сапаны басқаратын әртүрлі басқару органдары мен жеке
тұлғалар жатады. Өнім сапасын басқару механизмі бір–бірімен байланысты
басқару объектілері мен субъектілерінің жиынтығынан тұрады. Олар өз
жұмыстарының барысында, өнімнің әртүрлі өміршеңдік кезеңі барысында басқару
әдістерін, функцияларын қамтиды.
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында кез-келген өндірілетін өнімнің
сапасына қоятын талаптар ерекше. Себебі, кез-келген кәсіпорын қызметінің
табысы, өнім өндіру немесе қызмет көрсету бойынша нарықта алатын орны
бәсекелестік деңгейі арқылы анықталады. Бәсекелестік екі көрсеткішпен тығыз
байланысты - баға деңгейі және өнім сапасы. Өнімнің сапасы неғұрлым жоғары
болса, соншалықты бағасы да жоғары болатыны заңды. Әдетте еңбек өнімділігін
арттыру, ресурстарды үнемдеу мәселелері сапа мәселесінен кейін тұрады. Ал
шындығына келсек, өнімнің жоғары сапасы-ұйымның беделі, пайданың көбеюі,
яғни ұйымдағы сапаны басқару жұмыстарының нәтижесі, бірінші басшыдан
бастап, қатардағы жұмысшының да абыройы болып табылады. Сапаны басқаруға
қатысты жағдайлар өнімдерді дайындау кезінде пайдалануға қажетті және
жоғарғы сапа деңгейін қамтамасыз етуші іс-әрекеттер болып табылады.
Өнімдердің сапасын басқаруға барлық елдерде айтарлықтай көңіл
бөлінуде, бұрынғы тұжырымдарға қоса соңғы жылдары сапаны басқарудың жаңа
стратегиясы қалыптасуда.
Осы аталған шаралар тұтынушы мүддесі үшін сапаны жақсартуға арналып
ұйымдастырылған нақты басқару жүйесінің болуы, барлық бөлімдегі
жұмысшыларды қамти отырып жұмыс атқарғанда ғана жүзеге асады. Нарықтық
экономика жағдайындағы күшті бәсеке күресінде әрбір кәсіпорын тек қана
сапаны жүйелі басқару арқылы дамиды. Адамдардың талғамының өсуі,
талаптарының барған сайын күшеюі, әлемдік нарыққа тән қасиеттердің бірі
болып табылады. Сондықтан өнімдердің сапасы, сыртқы түрі, дизайны, азық
-түлік өнімдерінің ыңғайлы мөлшері қазіргі заманғы талаптарға сай
жетілдіруді қажет етеді.
Жаңа өнімді дайындау жүйесі мынандай талаптарға сай болуы керек:
1. өнімнің сапасы өнімнің пайда болу кезінен бастап, барлық
жаңалықтарына сай болуы
тиіс;
2. жаңа өнімдерді өндіру кезінде ғылыми зерттеу жұмыстарына шек қоймауы
керек;
3. әрбір жаңа өнімді дайындау жұмыстары барынша жедел атқарылуы тиіс,
жеделдік сапаның негізгі өлшемі.
Өнімнің сапасы эканомикалық категория ретінде, “тұтынушылық құны”,
“пайдалылығы”, “тұтынушылықты қанағаттандыру” ұғымдарымен өте тығыз
байланысты. Сондықтан өнімнің пайдалық өлшемі оның сапасы арқылы
анықталады. Өнімнің сапасын экономикалық тұрғыдан бағалауда өндіріске
жұмсалған шығындармен бірге сапасын арттыру жолындағы жұмыстардың
экономикалық тиімділігі де ескеріледі. Өнімнің сапасы, сапалыққа қатысы бар
бірнеше іс-әрекеттерді қамтиды.
Сапаны басқару - басқарудың басқа жалпы принциптерімен бірге тауардың
өмірлік циклының кезеңдерін ескеру, оның ішінде өсу кезеңінің ұзақ болуына
қалайда өз ықпалын тигізу болып табылады.
Өнім сапасын басқару – сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде
жобалау-конструкторлық және өзара шаттық талаптарға сай келуі үшін
пайдаланылатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.

2 МКЖ ЖШС өнім сапасын бағалау

1. МКЖ ЖШС қызметін экономикалық талдау

МКЖ ЖШС өз қызметін жүзеге асыру үшін келесі қызмет түрлерін
орындайды:

- тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы қызметтер;
- коммерциялық, сыртқы экономикалық қызмет;
- көтерме, бөлшек және комиссиялық сауданы ұйымдастыру;
- транспорттық қызметті ұсыну;
- жарнамалық қызмет;
- делдалдық қызмет;
- импорт-экспорттық қызмет;
- дүкендер, супермаркеттер, сауда орындары мен сауда үйлерінің
жүйесін ұйымдастыру;
- азық-түлік, халық тұтыну тауарлары, өндірістік-техникалық өнімдерін
өндіру, сатып алу, сақтау, өңдеу және сату;
- автосервис, автожуу, ЖЖМ мен мұнай өнімдерін өткізу;
- құрылыс, жөндеу-құрылыс, құрастыру, қалпына келтіру жұмыстарын
жүзеге асыру;
- құрылыс материалдары мен құрылымдарды өндіріп, сату;
- қоғамдық тамақтану жүйесін (ресторандар, жазғы алаңдар, барлар және
т.б.) ұйымдастыру;
- серіктестіктің ойын және шоу бизнес саласындағы қызметпен
шұғылдануға құқы жоқ;
- Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған басқа да
әрекеттер;
Серіктестіктің әрекетінің негізгі мақсаты болып мекемелер мен
азаматтардың өнімдегі (жұмыстар мен қызметтердегі) қажеттіліктерін барынша
толық әрі сапалы өтеу, келесі әрекет түрлерін жүзеге асыру барысында
барынша жоғары табыс табу. Лицензиялауға жататын қызмет түрлерін жүзеге
асыру үшін серіктестік лицензияны заңмен белгіленген тәртіп бойынша алуы
тиіс. Серіктестік өз қызметін толық шаруашылық есеп негізінде жүзеге
асырады. Өз атынан келісімшарттар жасайды, мүлікті және мүлікті емес
құқықтар мен міндеттемелерге ие болады, сот орындарында даушы әрі жауап
беруші болады.
Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы – қатысушылардың Жалпы
жиналысы;
Атқарушы орган – Бас директор;
Тексеру органы – Тексеру комиссиясы.
Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы болып қатысушылардың жалпы
жиналысы табылады, оның ерекше құзыретіне мыналар жатады:
1) серіктестік Жарғысын өзгерту, сонымен қатар жарғы капиталының
мөлшерін, орналасқан мекен-жайын, фирмалық атауын өзгерту немесе
серіктестік жарғысын жаңа редакцияда бекіту;
2) серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін мерзімнен
бұрын тоқтату;
3) серіктестіктің тексеру комиссиясының, бақылау кеңесінің өкілеттігін
тағайындау және мерзімнен бұрын тоқтату;
4) жылдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ТУРИЗМДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Кәсіпкерлік қызметті дамытуда маркетингтің ролі туралы
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Қонақ үй кәсібінің нарықтағы ішкі және сыртқы факторларының дамуы
Туристік қызметтер өндірісі мен демалыс орнының жайлылығы, қызметкерлердің жақсы қызмет көрсетуінің үйлесімділігі
Қазақстандағы комерциялық кәсіпорындардың қаржылық жағжайы мен оларды талдау
Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, ұйымдық-құқықтық нысандары
Пәндер