Жаңа енгізулерді басқару



МАЗМҰНЫ
Бет.
КІРІСПЕ 3

1 ЖАҢА ЕНГІЗУЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инновация түсінігі, оның мәні және мазмұны 6
1.2 Әлемдік технологиялық нарықтағы инноввацияларды басқарудың бәсеке қабілеттілікті қалыптастырудағы ролі 10
1.3 Инновация және ұлттық технологияның дамуының ерекшеліктері 18

2 ТАЛГАР ҚАЛАСЫНЫҢ «ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ ЕМХАНАСЫ» МҚКК.ДАҒЫ ЖАҢА ЕНГІЗУЛЕРДІ БАҒАЛАУ
2.1 Кәсіпорын қызметінің жалпы сипаттамасы және оның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау 29
2.2 Кәсіпорындағы жаңа енгізулерді басқару жүйесін бағалау 49

3 «ОАА» МҚКК.ДАҒЫ ЖАҢА ЕНГІЗУЛЕРДІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР ЖОБАСЫ
3.1 Кәсіпорынды басқару жүйесін реструктуризациялау бойынша шаралардың сипаттамасы 53
3.2 «ОАА» МҚКК.ның шаруашылық бөлімінің ұйымдық құрылымын жаңа енгізулерді басқаруға бейімдеу мақсатында өзгерту 58
3.3 «ОАА» МҚКК шаруашылық бөлімін реструктуризациялаудың әлеуметтік әсерін анықтау
60

ҚОРЫТЫНДЫ 63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
Тақырып өзектілігі. Қазақстан ғылымды, технологияны және инновациялық қызметті жоспарлаудың мәні 17 мамыр 2003 жылы №1096 ҚР Президентінің Жарлығымен қабылданған «2003-2015 жылдарға Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму сратегиясын бекіту туралы» бағдарламасына байланысты инновацияны іске асыру болып табылады.
Стратегия елімізде инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясатты белсенді жүргізуді қарастырады. Индустриялық –инновациялық саясаттың басымдылықтарына шикізаттық емес бағыттағы экономика салаларында экспортқа бағытталған өндірісті құру және дамыту болып саналады. Индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру үшін өндірістің технико-технологиялық деңгейін және экономиканың әртүрлі салаларындағы инновациялық қызмет жағдайын объективті түрде айқындайтын статистикалық көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып алу қажет [1].
Қазақстан бет бұрып отырған индустриялық қоғамның оған дейінгі қоғамнан айырмашылығы қайта индустрияландырылған өнеркәсіптің күрт өсу салдарынан табыс көлемінің қарқынды түрде артуы болмақ. Көптеген салаларда механикалық, автоматты, ақпараттық технологиялар енгізу арқылы инновациялық тауарлар өндіруге қол жеткізу нәтижесінде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге мүмкіндіктер пайда болуға тиіс. Әрине бұл ұзақ мерзімді алатыны сөзсіз. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында бәсекеге қабілетті елді қалыптастыру жөнінде нақты міндеттер қойылған. Әртараптандырылған және сапасы жоғары өнімді өндіретін экономиканы, оның секторлары мен жеке салаларын дамыту басты мақсат болып саналады. Оған индустриялық- инновациялық саясат бағытталады.
Қазақстан осыған байланысты жоғары нәтижеге жету үшін ең үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуді қолға алып отыр. Индустрияны дамытудың кластерлік тәсілін пайдалану әлемдік және аймақтық нарықтарда бәсекеге қабілетті дайын өнім өндіруге қол жеткізу үшін өндіріс факторларын бір жерге жинауға мүмкіндік береді. Демек, бұл бәсекеге қабілетті салалардың жиынтығын құрау деген сөз. Қазіргі кезде отандық өнеркәсіптің тұрақты дамуына келтірер кедергілер көп. Соның біріне өнеркәсіп өндірісіндегі техника сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі капиталдың моральдық және табиғи тозуының басымдығы кәсіпорын өндірісінің ескі құрал-жабдықтармен жұмыс істеуі импорттық баламалармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық жүктелмейді. Қазіргі кезде қолданылмай бос тұрған техниканың ішінде де моралдық және табиғи тозығы жеткен құралдардың үлесі көп деп айтуға болады.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауы;
2. Закон РК от 23 марта 2006 года №135 «о государственной поддержке инновационной деятельности»// «Егемен Қазақстан» 30.03.2006г.№71-72.
3. Б.А.Алдашов, Е.В.Ткач «Инновационная инфраструктура: понятие, основные элементы и направления развития»//НПЖ «Транзитная экономика» №2-2006, 110-114 бб.
4. 2005 жылғы 25 сәуірдегі ҚР Үкіметінің №387 « ҚР-ның ұлттық инновациялық жүйесін құру мен дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған Бағдарламасы»
5. Т.И.Исахметов «Инновационная деятельность в Республике Казахстан:состояние и перспективы»//ҚазҰУ хабаршысы-Экономика сериясы.№1(53). 2006.
6. Е.З.Сулейменов, Н.В.Васильева «Инновационная деятельность в РК»:аналитический обзор.- НЦ НТИ РК-Алматы 2006,С 7-53 бб.
7. Иленькова С.Д.,Гохберг Л.М.,Ягудин С.Ю.Инновационный менеджмент. - банки и биржи,ЮРИТИ – 1997. – 327 б.
8. Гончарова Н.П.,Перерва П.Г.Маркетинк инновационного процесса.- Киев,1998.- 264 б.
9. Абдыгаппарова С.Б.Инновационный потенциял Казахстана:механизмыактивизации. - Алматы Экономика,2001. -158 б.
10. Абдыгаппарова С.Б.Инновационный менеджмент:Алматы, Экономика,2003. – 164 б.
11. Нарибаев К. Джумамбаев С.К. Нусупова А.Инновационный менеджмент: Алматы, 2000. – 60 б.
12. Инновационный менеджмент И.В.Афонин Москва, 2005. – 168 б.
13. Перлаки И. Нововведения в организациях М:Экономика, 2001– 144б.
14. Балабанов И.Т.Иннавационный менеджмент – Спб:Питер,2001- 304б.
15. Кембаев Б.А. Айтмағамбетов Р.М. Ордабаева С.И. Динамика научно– технического потенциала. Алматы, 2001- 74 б.
16. Борис Санто. Иновация - бұл экономиканы дамыту негізі ретінде. Москва, 2000 – 296 б.
17. Сахал Д. Технический прогресс: концепции, модели, оценки. Москва, 2005 – 366 б.
18. А.Қ Мейірбеков., Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы», Алматы «Экономика», 2003 жыл.- 320 б.
19. Под.ред. В.Я. Горфинкеля, Экономика предприятия. «ЮНИТИ»М:2001.- 285 б.
20. Кейлер В.А. Экономика предприятия: Курс лекций. – М.: Инфра-М, 2000 –132 б.
21. Менеджмент: уч.п. / под ред. Ю.В. Кузнецова, В.И. Подлесных – С-П.: Бизнес- пресса, 2001 г –80б.
22. Голубева А.П., Старикова Т.В., Михайлов Л.А. Учет, оценка и анализ клинико-экспертной деятельности лечебно-профилактического учреждения. Методические рекомендации// под ред. члена-корреспондента РАМН, проф. В.З.Кучеренко. – Качество медицинской помощи, №3 2003. – 16-18 бб.
23. Кораблев В.Н., Ратманов П.Э. Методика интегральной оценки деятельности системы здравоохранения и учреждений здравоохранения. Методические рекомендации для специалистов здравоохранения. – Хабаровск, 2006. – 113 б.
24. Дьяченко В.Г., Капитоненко Н.А., Киселев С.Н., Пригорнев В.Б., Солохина Л.В., Ципкина С.В., Гончарова О.П. Менеджмент в здравоохранении (социально-экономические проблемы организации медицинской помощи населению, способы разрешения, методы и функции управления). Учеб.-метод. пособие// под ред. проф. В.Г.Дьяченко. – Изд. ДВГМУ – Хабаровск, 2002. – 140 б.
25. Вардосанидзе С.Л., Восканян Ю.Э. Управление качеством медицинской помощи в многопрофильном лечебно-профилактическом учреждении. Методические рекомендации//под ред. Проф. В.А.Воробъева. – М. НИИ общественного здоровья и управления здравоохранением ММА им. И.М.Сеченова, 2002. -170 б.
26. Косжанов.Т.Н. “Промышленная и инновационная политика в долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика, № 7.2005 г.-19-23 бб.
27. «ОАА» МҚКК-ның жылдық есеп мәліметтері
28. Мацюк Н.Г. Логистический подход к рационализации использования ресурсов лечебно-профилактических учреждений / Н.Г. Мацюк // Вестник Саратовского государственного технического университета. 2007. № 1 (22) Вып. 2. 89-95 бб.
29. Мацюк Н.Г. Совершенствование организационной структуры управления лечебным учреждением с применением логистики / Н.Г. Мацюк // Инновационные подходы в логистике : сб. науч. трудов. – Саратов: СГТУ, 2006. 84-90 бб.
30. Мацюк (Филиппова) Н.Г. Роль логистики в определении целей и задач обслуживания клиентов медицинских учреждений / Н.Г. Мацюк (Филиппова) // Мировое сообщество: проблемы и пути решения: сб. науч. ст. – Уфа: Изд-во УГНТУ, 2004. № 17. 213-215 бб.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Бет.
КІРІСПЕ 3

1 ЖАҢА ЕНГІЗУЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инновация түсінігі, оның мәні және мазмұны 6
1.2 Әлемдік технологиялық нарықтағы инноввацияларды басқарудың 10
бәсеке қабілеттілікті қалыптастырудағы ролі
1.3 Инновация және ұлттық технологияның дамуының ерекшеліктері 18

2 ТАЛГАР ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ ЕМХАНАСЫ МҚКК-ДАҒЫ ЖАҢА
ЕНГІЗУЛЕРДІ БАҒАЛАУ
2.1 Кәсіпорын қызметінің жалпы сипаттамасы және оның негізгі 29
экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 Кәсіпорындағы жаңа енгізулерді басқару жүйесін бағалау 49

3 ОАА МҚКК-ДАҒЫ ЖАҢА ЕНГІЗУЛЕРДІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША
ҰСЫНЫСТАР ЖОБАСЫ
3.1 Кәсіпорынды басқару жүйесін реструктуризациялау бойынша 53
шаралардың сипаттамасы
3.2 ОАА МҚКК-ның шаруашылық бөлімінің ұйымдық құрылымын жаңа 58
енгізулерді басқаруға бейімдеу мақсатында өзгерту
3.3 ОАА МҚКК шаруашылық бөлімін реструктуризациялаудың әлеуметтік 60
әсерін анықтау

ҚОРЫТЫНДЫ 63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі. Қазақстан ғылымды, технологияны және инновациялық
қызметті жоспарлаудың мәні 17 мамыр 2003 жылы №1096 ҚР Президентінің
Жарлығымен қабылданған 2003-2015 жылдарға Қазақстан Республикасының
индустриалдық-инновациялық даму сратегиясын бекіту туралы бағдарламасына
байланысты инновацияны іске асыру болып табылады.
Стратегия елімізде инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған
мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясатты белсенді жүргізуді
қарастырады. Индустриялық –инновациялық саясаттың басымдылықтарына
шикізаттық емес бағыттағы экономика салаларында экспортқа бағытталған
өндірісті құру және дамыту болып саналады. Индустриялық-инновациялық
саясатты жүзеге асыру үшін өндірістің технико-технологиялық деңгейін және
экономиканың әртүрлі салаларындағы инновациялық қызмет жағдайын объективті
түрде айқындайтын статистикалық көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып алу
қажет [1].
Қазақстан бет бұрып отырған индустриялық қоғамның оған дейінгі
қоғамнан айырмашылығы қайта индустрияландырылған өнеркәсіптің күрт өсу
салдарынан табыс көлемінің қарқынды түрде артуы болмақ. Көптеген салаларда
механикалық, автоматты, ақпараттық технологиялар енгізу арқылы
инновациялық тауарлар өндіруге қол жеткізу нәтижесінде бәсекеге қабілетті
өнімдерді өндіруге мүмкіндіктер пайда болуға тиіс. Әрине бұл ұзақ мерзімді
алатыны сөзсіз. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында бәсекеге
қабілетті елді қалыптастыру жөнінде нақты міндеттер қойылған.
Әртараптандырылған және сапасы жоғары өнімді өндіретін экономиканы, оның
секторлары мен жеке салаларын дамыту басты мақсат болып саналады. Оған
индустриялық- инновациялық саясат бағытталады.
Қазақстан осыған байланысты жоғары нәтижеге жету үшін ең үздік әлемдік
тәжірибелерді енгізуді қолға алып отыр. Индустрияны дамытудың кластерлік
тәсілін пайдалану әлемдік және аймақтық нарықтарда бәсекеге қабілетті
дайын өнім өндіруге қол жеткізу үшін өндіріс факторларын бір жерге жинауға
мүмкіндік береді. Демек, бұл бәсекеге қабілетті салалардың жиынтығын құрау
деген сөз. Қазіргі кезде отандық өнеркәсіптің тұрақты дамуына келтірер
кедергілер көп. Соның біріне өнеркәсіп өндірісіндегі техника сапасының
төмен деңгейі болып отыр. Негізгі капиталдың моральдық және табиғи тозуының
басымдығы кәсіпорын өндірісінің ескі құрал-жабдықтармен жұмыс істеуі
импорттық баламалармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге
әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық
жүктелмейді. Қазіргі кезде қолданылмай бос тұрған техниканың ішінде де
моралдық және табиғи тозығы жеткен құралдардың үлесі көп деп айтуға болады.
Тоқтап тұрған құрал-жабдықтарды іске қосу шараларын ұйымдастыру
жұмыстарының дәрежесі өте төмен. Жалпы алғанда, моральды және табиғи тозығы
жеткен өндірістік аппарат басым.
Нельсон Р. және Розенберг Н. “Ұлттық инновациялық жүйе” деген кітабын-
да “Инновация” немесе “Инновациялық қызмет” дегеніміз фирмалардың жаңа
өндіріс және өндірістік үрдісті құру немесе игеруін айтады– деп жазады,
сөйтіп олар негізгі назарды технологиялық инновацияға аудару керектігін
айтады.
Ресей ғалымдары – Инновациялық қызмет дегеніміз жаңа және
жетілдірілген өнім, қызмет, технология, шикізат пен материалдардың түрлерін
ойлап табу, сатып алу, игеру және іздестіру, өндірісті ұйымдастыру мен
басқару әдістері бойынша барлық шаралар жиынтығын құрайды - деп жазады.
И.Шумпетер, нағыз инновацияны экономикаға динамикалық мінездеме беретін
фактор ретінде қарастырады, сонымен қатар, жаңалықты іске асырғысы келетін
немесе оны жасаушыны, құрастырушыны қолдайтын институттық механизм
(банк).
Дипломдық жұмыстың мақсаты – денсаулық сақтау мекемесінің қызметінде
жаңа енгізулерді басқарудың аспектілерін айқындау және нақты кәсіпорын
мысалында талдау, оны басқарудың тиімділігін арттыру ғылыми-теориялық және
тәжірибелік тұрғыдағы ұсыныстарды әзірлеу.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылды:
– жаңа жағдайларды енгізуді басқарудың теориялық аспектілерін
қарастыру;
– ОАА МҚКК қызметіне сипаттама беру, оның экономикалық
көрсеткіштерін талдау;
– ОАА МҚКК-дағы жаңа жағдайлардың енгізілуін талдау, оларды
басқару жүйесіне баға беру;
– ОАА МҚКК-дағы жаңа жағдайларды енгізуді басқарудың тиімділігін
арттыру бойынша ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі. Дипломдық
жұмыстың теориялық-әдіснамалық негізін инновацияны тиімді ұйымдастыру мен
қызмет етуін жандандыру бойынша және оны қолдау мен реттеу жөніндегі
кәсіпкерлік теориясы, ұдайы өндіріс теориясы, экономикалық тиімділік
теориялары мен осы мәселелерге қатысты еңбектер құрайды. Зерттеуді жүргізу
барысында дипломдық жұмыста келесі негізгі әдістер мен тәсілдерді қамтитын
ғылыми сипаттағы кешендік әдістемелер қолданылды: абстрактілі-логикалық,
талдау және топтарға бөлу, экономикалық-статистикалық мәліметтерді
өзгермелі-статистикалық өңдеуден өткізу және оны бағалау әдістері, жүйелік
әдістер, қаржылық-экономикалық талдау әдістер.
Зерттеу объектісі – Талғар қаласының Орталық аудандық ауруханасы
Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны болып табылады. Зерттеудің
ақпараттық негізін Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін
қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған
бағдарламалар Заңы және кәсіпкерлік салаға қатысты басқа да заңнамалар
құрайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ғылыми басылымдары, ҚР
Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдаулары мен Жарлықтары, ҚР
Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
Министрлігінің кәсіпкерлерге арналған әдістемелік нұсқаулықтары құрайды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы аурухананың шаруашылық бөлімінің
ұйымдық құрылымын қайта құру арқылы жаңа жағдайларды басқару тиімділігін
арттыруға қол жеткізу болып табылады.

1 ЖАҢА ЕНГІЗУЛЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инновация түсінігі, оның мәні және мазмұны

Инновация түсінігі алғаш рет ХІХ ғасырда ғылыми зерттеулерде пайда
болды, ол бір мәдениеттен екіншіге кейбір элементтерді енгізу деген
мағынаны білдіреді. Ол кезде африкалық және азиаттық қоғамның ұлттық
тәсілдері мен еуропалық салт-дәстүрді енгізу ғана қаралған. Техникалық
инновация заңдылықтары ХХ ғасырдан бастап зерттеле бастады. 1911 жылы
жарық көрген Экономикалық даму теориясы атты оқулықта, И. Шумпетер
дәстүрлі экономикадан бас тарта отырып, мықты экономиканың нормасы
бастапқы нақты экономикалық теория мен тәжірибенің тепе-теңдігі немесе
белсенділігі емес, табыс көзіне тек бағаның өзгеруі мен шығындарын үнемдеу
ғана болып қоймай, сонымен қатар шығарылатын өнімді түбегейлі алмастыруда
кәсіпкердің жаңашылдық әрекетімен шақырылған динамикалық ауытқу жатады
деді. [2, 89б].
Қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси даму деңгейі ғылыми
-техникалық прогрестің деңгейіне байланысты екені бәрімізге белгілі. Өз
кезінде австриялық экономисит Йозеф Шумпетер инновациялық дамудың циклдық
үлгісін ұсынған, әрбір циклдың ұзақтығы оның пікірінше 50-60 жыл құрайды.
Кезекті циклдың басталуы өнеркәсіптік ревалюциямен байланыстырылады, сөйтіп
сол қоғамдағы жаңа өндірістік-экономикалық ортаның пайда болуын дәлелдейді.
Жекелеген кәсіпкерліктегі инновациялық басты қызметі, ревалюцияланған және
реформаланған өндіріс әртүрлі мүмкіндіктермен жаңа немесе ескі (жаңа
тәсілмен) ойлап табу арқылы жаңа тауарлар шығару, жаңа шикізат көзін табу,
нарық өтімі, өндірістің ұйымшылдығы және т.б. Шумпетердің түсінігі бойынша
инновация төмендегі бес жағдайды қамтиды:
1) Жаңа сапа немесе басқа үшін, тұтынушылар білмейтін жаңалық дайындап
шығару;
2) Өнеркәсіптік аймақта белгісіз, өндірістік әдіс (тәсілге жаңашылдық
енгізу;
3) Елдегі танымал өнеркәсіптің, нарықта ертеді болғанына немесе
болмағанына қарамастан, жаңа нрықтық өтімін меңгеру;
4) Бұрын соңды болғанымен ескерілмеген немесе шектеулі немесе жаңадан
енгізу керек болатын шикізат немесе жартылай шикізат өнімдерінің
жаңа көздерін табу;
5) Қайта қалыптастыруға сәйкес өткізу, мысалы, монополияны қамтамасыз
ету немесе монаполияны басқа кәсіпкерлікке бөлу [2, 159б].
И.Шумпетер, нағыз инновацияны экономикаға динамикалық мінездеме беретін
фактор ретінде қарастырады, сонымен қатар, жаңалықты іске асырғысы келетін
немесе оны жасаушыны, құрастырушыны қолдайтын институттық механизм
(банк).
Инновация экономикалық динамикаға екі жақты әсер етеді: біріншіден,
экономиканың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады; екіншіден, дәстүрлі бағытта
дамудың жалғасуын шектейді. Жаңалық енгізу экономикалық тепе-теңдікті бұза
отырып, ашу-ызасын келтіріп экономикалық динамиканы бұзады. Шумпетердің
пікірінше жаңалық енгізу экономикалық жүйені бұза отырып, бір жағдайдан
екіншіге өтуді қиындата түседі деді. Бұл кезең экономикалық кезең
экономикалық динамика көрсеткіштерімен байланысты.
Ал Ф.Хайеканың көзқарасы бойынша, анықталмаған білім негізгі роль
ойнайды. Әрбір тұлға, өздері шешім қабылдау кезінде немесе оның қатысуымен
белсенді шешім қабылдауда олар бірегей біліммен үйлестірілген. Барлық
процестер жиынтығының координаттарының ақпарт күштерін пайдаланушы нарық
болып табылады. Нарықтық ақпараттарын анықтай алмаған кейбір орталар Хайкин
үшін бәсекелестер бар жерден, тұтынушылар өз ойларынан шығатын,
қанағаттандыратын құралдар іздеу үстіндегі болашақтан үзінді аренасы деп
есептеді. Бұл жағдайда экономикалық екі типті бөліп көрсетуге болады –
инновациялық (творчествалық – іздену) және қалпына келтіру (ескішілік
үлгі). Экономикалық инновация, экономикалық бостандық болған жағдайда ғана
бола алады.
Ресей ғалымдары – Инновациялық қызмет дегеніміз жаңа және
жетілдірілген өнім, қызмет, технология, шикізат пен материалдардың түрлерін
ойлап табу, сатып алу, игеру және іздестіру, өндірісті ұйымдастыру мен
басқару әдістері бойынша барлық шаралар жиынтығын құрайды - деп жазады [3,
37б]
Шетелдік зерттеуден кейін инновациялық мәселені екіге бөлуге болады:
біріншіден, инновация тек техниканы қамтып ғана қоймай, экономикалық немесе
әлеуметтік құбылыста болады. Инновациялық шешімнің мақсаты – ресурстарға
салымды ұлғайту. Екіншіден, инновациямен кәсіпкерлік тығыз байланысты, ол
экономикамен әлеуметтік теорияға негіделген, олар үшін экономикадағы
өзгеріс бірқалыпты немесе ұтымды құбылыс болуы да мүмкін. Бұл өзгерісті
жетістікке жеткізу үшін пайдаланса да болады. Кәсіпкерлік экономикалық
сферада туындап, сонымен шектеліп қана қоймады. Ол әртүрлі адамзат
баласымен қарым – қатынаста болады. Отандық ғылымға жаңалық енгізу
проблемаларында көп зерттеулер арналды – ғылымға жаңалық енгізу, ғылыми –
техникалық прогрес концепциясы шеңберінде жасалды.
Инновация ағылшын тілінен аударғанда – жаңалық енгізу, жаңашылдық
деген ұғымды білдіреді. Яғни жаңа өндірістік үрдісті, өнімді немесе
қызметті игеру әйтпесе жаңалықты инвестициялау деген ұғымды білдіреді. Ал,
бұл термин баламаланып, бұдан бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық
қажеттіліктерін қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсінікті ұғындырады.
Көптеген анықтамаларды жиақтай келе инновациялық өтімділігі жоғары жаңа
өнім ойлап табу екендігін түсінуге болады.бұл тұрғыдан алғанда ашылған
жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айта өткен жөн. Атап айтқанды,
ілгері міндеттерді шешуге негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып
келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық
игіліктер өндірмейтіндіктен ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана
есептеледі.
Қазіргі уақытта әлемдік – ғылыми техникалық прогресті инновациялық
қызметтің интелектуалдық өнімінсіз елестету мүмкін емес екендігіне
байланысты, бұл саланың өзіндік ғылыми жүйесі қалыптасуда. Бұған орай
кейбір ғалымдар: Инновация – жаңа техника мен технологияға салынған
капиталдан алынған материалдық игілік, қызмет көрсету, басқару және т.б. да
жүйелер бойынша еңбек өндірісін ұйымдастырудың жаңа формулалары деген ұғым
туады. Инновациялық процес тек жаңалық енгізумен ғана шектелмей, жаңа
технологиялардың қызметтері мен нарыққа жаңа өнім түрлерінің пайда болуына
себеп болады. Бұл процес енгізілгеннен кейін, тоқтап қалмай, әрі қарай
таралып жаңалықты жетілдіре отырып оны тиімді етіп, жаңа құрамын ашып оны
қажет ететін жаңа нарық тұтынушыларын табады. Жаңалық енгізуді негізгі
екіге бөліп көрсетуге болады:нарықтық жаңалық және ғылыми техникалық
жаңалық. Бұл екі аспект тығыз байланысты, жаңалық - жаңа өнімге енгізілген
кезде, ғылыми техникалық аспект нарықтық сұранысы бар экономикалық факторға
айналады. Жаңалық енгізу ғылыми – техникалық жаңашылдықпен сипатталады.
Тұтынушыны ғылыми – техникалық пікірдің сапалық деңгейі емес, оның тиімді
жақтары қызықтырады. Ғылыми – техникалық сфера мен матнриалдық өндірістік
бірігуде, ғылыми – техникалық жаңалық нарықпен сипатталып отыр [4, 16б].
Жаңалық енгізуді екі негізгі топқа бөлуге болады: заттық (материалды-
техникалық) және әлеуметтік. Материалдық жаңаландыруға техниканы жатқызамыз
(құрал-жабдықтар), технологияға (өнеркәсіптік процстер), өндірістік
материалдар (шикізат және соңғы өнім). Жаңалық енгізудің өндіріске немесе
инновациялық потенциялға әсерін келесі түрлерге бөлуге болады:
- үлкен инновация – экономикалық даму темпі, басқару модельдері,
өндірістік құрылымның - түп тамырымен өзгеру нәтежиесі. Олар ғылыми зерттеу
нәтежиесінен құралған ғылыми ашылымдарды ойлап табу. Оларға әртүрлі
этаптағы көмкір және темір, булы двигательдер, болат, электорэнергетика,
двигательдер, атомдық физика;
- негізгі (базалық) инновация, технологиялық жүйенің сапасының
өзгеруінің негізінде, жаңа өндіріс аумақтарының пайда болуы. Бұл ғылыми
зерттеудегі және өңдеу ізденуіндегі қолданбалы сипаттағы инновация;
- принципалдық инновация, бұрыннан келе жатқан техниканы алмастыруға
әкеледі, техниканы алмастыра отырып шығарылымын берік сақтап қалады.
Қолданбалы зерттеулер мен өңдеулердің нәтежиесімен жаңа техника мен
технологиялар жаңа сұраныстарды қанағаттандыруға мүмкіндік береді;
- жақсартушы инновация, жақсартуға бағыттайды, бар технологияларды,
техниканы немесе өнімді толықтырады;
- қарапайым инновация, өндірістік процесте қолданылатын екінші деңгейлі
техно – экономикалық, техника мен технолдогиялардыңдеңгейін жақсартуды
қолдауды мақсат етеді;
Инновация мен кәсіпкерлік проблемаларға арналған зерттеулерде
инновациялық топтауларға басқаша әсер етуді табу. Инновациялық ой түптеріне
байланысты, мысалы, П.Дуркер инновацияның келесі түрлерін ұсынады [4, 16б]:
- күтпеген жағдайлардан туындайтын инновация (жетістік, сәтсіздік және
тағы да басқа күтпеген жағдайлар);
- ойдағы мен нақтылық инновацияның сәйкес келмеуі;
- сұраныс процесіне негізделген инновация;
- инновация, аймақ немесе нарық құрылымының өзгеру нәтежиесі;
- инновациялық, демографиялық өзгеру нәтежиелері;
- білімге жаңалық енгізуге негізделген инновация.
Білімге жаңалық енгізу үлкен кірістер әкеле отырып, көңіл бөлуден тыс
қалдырмайтын обьект болып табылады. Жаңалық енгізу үлесі, жаңа білім
негізіне жаңалық енгізу көлемі жоғары. Сонымен қоса білім ғылыми және
техникалық болуы міндетті түрде емес. Әлеуметтік білімге негізделген
жаңалық енгізу кішкене болмаса да, үлкен тиімділігін тигізуі мүмкін. Жаңа
білімге негізделген жаңалық енгізу, басқалардан өзінің негізгі
мінездемесімен ерекшеленеді: уақытша қамту, сәтсіздік пайызы. Екіншіден,
жаңа білімнің пайда болуы мен оның технологиялық қолданыс деңгейіне жеткізу
арасындағы уақытта үзіліс жалғасын табады. Жаңа технология, жаңа өнімге,
қызметке немесе процестерге, нарыққа ұсынуға жарамды материалға дейін
бірнеше уақыт өтеді. Жаңа білімге, ғылыми – техникалық жетістіктерге
негізделген жаңалық енгізу шектелген уақыт ішінде айналысқа шығуы мүмкін.
Инновацияны әртүрлі түсінікпен қарай отырып келесі шешімдерді қабылдайды.
Инновация, ұйымдар жүйесі үшін жаңа материалдық обьектілер мен жаңашыл
ойларды ұсынады. Әлеуметтік және материалдық ортаның өзгеруімен
инновацияның пайда болуымен таралуы кездеседі. Экономиканың біріншіден
басқаға өтуі, кейбір аймақтар мәжбүрлі өтуі мүмкін, сонымен қатар
технологиялық принциптар бұрын салынған инвестициялар мен қымбат алынған
массалық лицензияларды құнсыздандыруы мүмкін [5, 22 б]. Жаңа технология мен
өндірістік тауар құрылымына өтуі, біріншіден ішкі бәсекеге қабілеттілікті
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сырқы нарықтағы азық-түлік инновациясынан
хабардар болып меңгерумен байланысты. Бұл өтпелі кезеңнің өзгермелілігіне
жауап береді [6, 84 б].
Дәл осы нарықтағы сұраныстың әсерінен жаңа технологиялық даму моделіне
өту, базалық азық-түлік инновациясынан басталады да, басқа да өндіріс
технологияларға жаңалық енгізуге бірден бір себебін тигізеді.
Технологиялық жылжудың жалпы заңнамасында экономикадағы төрт секторға
жаңалық енгізу өзара байланысты болады: электр қуаты, еңбек құрал өндірісі,
транспорттық ақпараттық инфроқұрылыммен материалдарды қайта өңдеу. Бұл
болашақта еңбек ресурстарын қолдануда олардың сапасын бағалаумен
қалыптастыру сәйкестілігін анықтауда, өндірістік емес қажеттіліктерін
көрсетеді. Энергетика базасына сәйкес жаңа инфроқұрылымды қалыптастыру жаңа
құрылыс материалодарының таралуы, технологиялық – экономиканың дамуы,
ғылыми – зерттеу және тәжірибелі өңдеуді қалыптастыру, сонымен қатар жаңа
технологиялар.
Инновациялық процесс ішкі заттық қисынын белгілі – бір жүйе секілді,
тұтас құрылыммен динамикаға ие. Инновациялық процесс қоршаған ортадағы
әртүрлі жүйелермен қарым-қатынаста болады – табиғи, технологиялық,
экономикалық, әлеуметтік, мәдени.
Экономикалық әдебиеттердін инновация (жаңалық ашу, жаңалық енгізу)
терминінің көптеген анықтамасын кездестіреміз. Оларға жататындар:
– жаңа немесе жетілдірілген өнім, технологиялық үрдіс түрінде
жүзеге асырылатын санаткерлік және өнімділік қызметтің соңғы
нәтижесі;
– жаңа немесе жетілдірілген нарыққа енгізілген өнім түрінде, жаңа
немесе жетілдірілген технологиялық тәжірибеде қолданыс табатын
үрдіс түріндегі инновациялық қызметтің соңғы нәтежиесі;
– қоғамның әртүрлі аясындағы қызметтің үрдісін және оның
нәтежиелерін жетілдіруге бағытталған интелектуалдық қызметтің
нәтежиелерін қолдану;
– жаңа және жетілдірілген тауар түріне немесе экономикалық
айналымда қолданылатын технологиялық үрдіс ретінде алынған
санаткерлік шығармашылық еңбектің соңғы нәтижесі.
Нельсон Р. және Розенберг. Н. Ұлттық инновациялық жүйе деген
кітабында Инновация немесе Инновациялық қызмет дегеніміз фирмалардың
жаңа өндіріс және өндірістік үрдісті құру немесе игеруін айтады - деп
жазды, сөйтіп олар негізгі назарды технологиялық инновацияға аудару
керектігін айтады [7, 4б].
Жоғарыда келтірілген бірқатар пікірлерді жинақтай отырып, Инновация
терминін кәсіпорын қызметіне қатысты өзіміздің анықтамамызды беріп көретін
болсақ, онда оның мазмұны былай түсіндіруге болады. Өндірістік кәсіпорынның
бәсекелік қабілетін көтеру мақсатында жаңа және жетілдірілген тауар
өндіруді ұйымдастыруға бағытталған техникалық, технологиялық ғылыми
жаңалықтарды енгізу бағытында жүргізілетін шаралардың жиынтығын және соның
нәтежиесінде қол жеткізуге болатын экономикалық және әлеуметтік салаларын
айтады. Соған орай, жаңа ой-пікірлерді, ғылыми жаңалығы бар білімді,
технологияны, өнімнің жаңа түрлерін енгізу мақсатында жүргізілетін қызметті
инновациялық қызмет деп айтамыз.
Инновациялық үрдісті ұйымдастырудың бір түріне бастамалық топтар
жататыны да белгілі. Олар ғылыми – техникалық, кеңестік басқару және
әкімшілік көмегімен жаңалық ашушыларды, техникалық және басқа да
жаңалықтарды игеру үшін құрылған шағын фирмаларды қаржыландырумен
айналысады. Мұндай ұйымдастыру және экономикалық тетіктерінің мәні
инновациялық үрдістің спецификациясына, әсіресе оның ең бастапқы
сатыларындағы, анықсыздықты болдырмауға әсерін тигізеді. Мұнда негізгі
сенім адам факторына жасалады.
Инновациялық жаңалықтардың тиімділігі келесі көрсеткіштер жүйесімен
анықталады: инновациялық циклдың сатылары бойынша ресурстарға қажеттілікті
анықтау үшін инновацияны инвестициялаудың сыртқы және ішкі факторларын
кешенді түрде есепке алу; Қазақстан өнеркәсібінің салалық құрылымындағы
ұтымы үйлесімнің болмау себебінен техника, құрал-жабдық, агрегаттар мен
станок өндіруші машина жасау салаларының артта қалуы, жалпы өнеркәсіптің
баяу дамуына әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты инновациялық қызметті
жүргізуде кәсіпорындар негізгі капиталды импорттауға мәжбүр болып отыр.
Отандық кәсіпорында шығарылған техникадан гөрі шетелден алу әлдеқайда
тиімдірек. Сондықтан инновациялық инфроқұрылым құру арқылы осы үрдістерді
жеделдету мемлекеттік бағдарламада айтылған. Инновациялық инфроқұрылыммен
қатар, біздің ойымызша, ең бірінші құрал-жабжықтың үрдістерін жүргізу
керек. Технологиялық қайта жарақтандыру инновациялық дамудың жаңа сатысына
өтудің негізгі шарты болып саналады - деп есептейді бір топ қазақстандық
ғалымдар [8, 52б].
М.Портер ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолдарын
төрт сатыға бөледі.
- факторлар арқылы жететін саты;
- инвестицияны пайдалану арқылы жететін саты;
- инновация негізінде жететін саты;
- жан-жақты даму арқасындағы саты.
Сонымен, біз индустриалды –инновациялық даму стратегиясын жүзеге
асыруды білім, ғылым, қаржы, фискалдық және тарифтік саясаттардың
жиынтығынан құралатын жүйелі саясатты жүргізу қажет деп ұғамыз. Егер де
жаңаша технологиялық базистегі жоғары тиімді өнеркәсіпті құруды нарықтық
қатынастарға қатысты қарастыратын болсақ, онда басым инновациялық бағыт
ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
– ғылыми-техникалық дамудың басымдылықтарын анықтау және оған
сәйкес мемлекеттік ресурстарды бөлу;
– инновациялық ахуалды қалыптастыру, инновацияға қабілетті жоғары
сұранысты қалыптастыру;
– ғылыми – техникалық сферада кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай
жасау;
– еліміздің санаткерлік, ғылыми-техникалық әлеуетіне байланысты
белсенді протекционизм саясатын жүргізу [9].
Әлемдік талаптарға жауап беретін жаңа өнімдер шығаруға халықаралық
стандарттарға көшу жүйесі қолға алынуда. Мұның бәрі қазақстандың
инновацияның өркендеуге жасалған алғашқы қадамдары болса керек.
Неоклассикалық мектептің өкілдері шағын кәсіпорындардан тұратын
өнеркәсіптердегі қатаң бәсекелестік ғылыми-техникалық прогресті тиімді
түрде ынталандырады дейді. И.Шумпетер де бастапқы кезде инновациялық
прогрестің негізгі қозғаушы күшіне шағын кәсіпкерлер жатады деп есептеген.

2. Әлемдік технологиялық нарықтағы жаңа
енгізулерді басқарудың бәсеке
қабілеттілікті қалыптастырудағы ролі

Бәсекелестік - нарық шаруашылығының басты ерекшеліктерінің бірі.
Ұлттық және халықаралық бәсекелестіктің глобальді процесі бірінші қатарға
қойылып отыр. Көп мемлекеттер өздерінің тауарлық бәсекеге
қабілеттіліктерін инновация арқылы көтеруді қамтамасыз етіп отыр, жоғары
технологиялық өнімдерді қайта өңдеу, ғылыми-техникаларды пайдалануды
дамытыу арқылы жетістіктерге жету.
Жоғары технологиялық өндірістік саланың дамуы, ғылыми технологияны
пайдаланумен байланысты, қазіргі жағдайларда әлемдік нарықтағы
технологиямен әлемдік шаруашылықта мемлекеттің орнын жалпы жағдайларына
қарай анықтайды. Әлемдік нарықтағы ғылыми салалардың өнімдерінің жалпы
көлемі жылына 2,5 – 3 трлн. долл. құрайды. Қазіргі әлемдік экономиканың
дамуында, ғылыми өнімді өндіріші, қайта өңдеу салаларының тенденциясы
тұрақты алға шығып отыр.
1980-1995 жылдар арасындағы қайта өңдеу өнеркәсібінің жалпы сату
көлемі индустриалды мемлекеттерде салыстырмалы бағасы 50%-ға, ал жоғары
технологиялық сектор - 137%-ға өсті. Қайта өңдеу өндірісінің құрылымдағы
алатын орны сәйкесінше 7,6%-дан - 12%-ға өсті. Эксперттық бағамен, 1996
жылы АҚШ-та кейбір Батыс Еуропа мемлекеттерінде жоғары технологиялық
өндірістің алға шығуына байланысты ЖІӨ 15-25%-ға өсті [9.34]. АҚШ және
Жапония мемлекеттерінде ғылыми –технология жүйесінің арқасында ұлттық кіріс
65-80%-ға жетіп отыр. Әлемдік нарықта ғылыми өнімнің бүтіндей көлемі
бүгінгі күде 2,5-трлн.долларға бағаланып, шикізат пен электроэнергетиканы
айналып алдыңғы қатарға шығып отыр.
ҒЗТКЖ инновациялық жүйенің нәтежиесі жаңа технологиялар мен
тауарларды өңдеу тәртібі болып табылады.кірісі жоғары елдерде ол тәжірибе
түрде жүр, ал шектеулі елдерде Азия және Латын Америкада. Дамыған елдерде
әлемнің 14%-ын алатын аймақтан және бүкіл әлемнен түскен арыз потенттері
86% құрайды. Бұл елдер ҒЗТКЖ-ға көп құралдар салды: орта есеппен 2,4%-ын
ЖІӨ –нен Қазақстанмен салыстырғанда 0,22%. Бұл көрсеткіш АҚШ- 2,6%,
Швецияда-3,8%, Кореяда-2,8% құрайды [10].
Консерваттық салалардың даму типтеріне қарағанда, ғылыми өндірістің
табыстылығы барлық кезеңдерде жоғарылап отыр. Ең ірі және алдыңғы қатарлы
ғылыми өндірістің ерекшелігі – көп аймақтардың қажеттілігін
қанағаттандыруға негізделген өнімнің көп бөлігі. Рентебельділіктің
көрсеткіштерінің жоғары болуы осы себепті (өздеріңізге белгілі, әлемдік
эеономикадағы инновациялық капиталдың рентабельділік деңгейінің орташа
көрсеткіші 7-8%). 2001 жылғы адамзаттың дамуы атты баяндамада, әлемдік
индустриядабасты позицияны рентабельділік деңгейі жағынан 15%құрайтын
инвестициялық капиталды фармацевтика компаниялары алды. 50 лидерлік
компаниялардың ішінде лидер көбіне ғылыми –техникалогиялық тәртіп бойынша
өнімөндіргендер болып табылады.
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы әлемдік аренада елдердің
мамандануын бәсекеге қабілетіне қарай анықтауға әкеледі. АҚШ көбінесе
бәсекеге қабілетті салалары, авияция және аэрокосмостық қызмет, бірегей
машина құрастыру, автокөлік құрастыру, компьютерлер жасап шығару,
программаларды қайта өңдеп шығаруды қамтамасыз ету. Жапонияның әлемдік
нарықтағы бәсекеге қабілетті салалары-электрондық және электротехникалық
қызмет, кеме жасау қызметі, станок жасау қызметі, (қызмет көрсету) және
тағы басқа. Жаңа Индустриялық елдер Азия (Корея Республикасы, Тайвань,
Гонконг, Сингапур; Малайлия, Тайланд) бәсекеге қабілетті тауарларын
өндірді. Ал сонымен қатар тұтыну бұйымдарын олар жетістіктер мол ұқсас өнім
Жапония және Батыс Еуропа елдерінің бәсекелестері. Көбіне ғылыми –
техниканың және технологиялық потенциялдық бес алдыңғы орынды – АҚШ,
Жапония, Германия және Ұлыбритания. Жоғары технологиялы елдер қатарына жаңа
индустриялы мемлекеттер жақындап келеді Азияттық Тұнық мұхит аумағы.
Бүгінгі күнде ирархия әлемінде технологиялық нарықтың дамуы жүйелік
қаржыландыру мен инновацияның нарыққа жылжуы жатады.бұл, жүйеде үш негізгі
субьектіні бөліп көрсетуге болады: мемлекет, венчурлық компания мен ұлттық-
транс компаниясы. Қазіргі әлемде ҰТК, ҒЗТКЖ-ның маңызды субьектісі болып
табылады. Бұл бірнеше себептермен келісілген. Біріншіден, Ұлттық-Транс
Компаниясы көп жағдайды мемлекеттік тапсырыстарды орындаушы (өнім өндірісі)
сонымен қатар әскери өнеркәсібі болып табылады. Екіншіден, ҰТК инновациялық
өніммен шығуға дайындық үстіндегі шағын компанияларды сіңіру тәжірибесін
қолданады. Үшіншіден, ірі ҰТК өндіруді тиімді іске асыруда стратегиялық
альянстарды пайдаланады. Олар жоғары зерттеу жұмыстарының тоқтап қару
тәуекелдерін азайтуға негізделген. Бұл ғылыми – техникалық кооперация
менәрелдің өндірістік компаниялары арасындағы ұйымдық форма болып табылады.
Осыған орай екі қатысушы жақ келесі талаптарға жауып береді:
- таңдалған қызметтес облас шеңберінде жаңа ғылым мен технологияның
білімді алуға өздерінің салымдарын енгізуді немесе өздеріне бар
технологиялар мен алмастырк жасайды;
- қызметтестен түскен табысты өзара бөліседі және оның іске араласуын
бақылауға құқылы болады;
- толық дербестігі мен тәуелсіздігін сақтай отырып,
серіктестіктерінен тек қажеттілікті сезінеді.
Дәл қазіргі уақытта инновациялық қызмет ҰТК-на екі процестің сезінеді
– ұлттық бірлестік және глобализация. ҒЗТКЖ-ны жүргізуші үлкен фирмалардың
пайда бола бастауы, елден тысқары жерде негізделеді.
Көбінесе ірі ұлттық транс компаниялардың интернацияоналдық
тенденциясын инвестициялық қызметінде жалпы бір нақты стратегиясы болады,
Жапония, америкалық және еуропалық фирмалардың қолдануы өзгеше.
Негізгі компаненттердің араласуын бақылау арқылы ұлттық транс
корпарациялардың әлемдік өндіріс инновациясына үстемдік әсерін көрсете
отырып, қажетті инновациялық қажетті жобаларды іске асырады:
Венчурлық капитал, білікті мамандар кадры, жаңа ойлар мен өңдеулер. Осы
арқылы, ҰТК-сын инновациялау қызметін іске асыра отырып, елдің бәсекеге
қабілеттілігі мен әлемдік шаруашылық жүйесіндегі лидерлердің алатын орнын
анықтауға мүмкіндік береді.
ҰТК интернационалдық инновациялық қызметі, шетелдік зерттеу
орталықтарын салу жолында, қабылдаушы елдің бәсекеге қабілеттіліктеріне оң
әсерін тигізуі мүмкін. Елге венчурлық капиталдың келіп құйылуын, қабылдаушы
елдің ғылыми-техникалық потенциялдың таралуы мен халықаралық аренада
бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы оның артықшылығы артықшылығы деп
қарауға болады.
ҰТК басқа елдердің ақпараттық ресурстарына кіру мүмкіндігі, елге
негізгі жаңа білімдер мен технологияларды алуға мүмкіндік бере отырып,
сонымен қатар өмірлік мерзімін ұзартады және өздерінің инновациялық
технологияларын қайтарып беруді жоғарылатады. Бірақта, иеленумен жаңа
білімді шетелде туындату, ол инновациялық қызметтің нәтежиесін иемденудің
маңызды факторы болып табылады.
Соңғы 10 жыл бойы бекітіліп келе жатқан экономикалық өсу тұрақтылығы
атты концепциясы, экономикалық және экологиялық саясатты ажырамас үйлесімді
деп санайды. Экономиканың дамуының жаңа моделі елдің технологиялық даму
мүмкіндігіне сәйкес болуы керекжәне 21 ғасырдың басында негізгі
инновацияның нұсқасын қалыптастыру. Олардың ішінде: ақпараттық және
телекоммуникациялық технология, медицина және денсаулық сақтау орталығы мен
қоршаған ортаны қорғау орталығы. Бұл бағыттар қазіргі әлемде, тұтынушылар
сұранысының жоғары деңгейі мен мемлекеттік қолдау.
Әлемде технологияның қарқынды түрде дамуы, нарықтардың жаһан-
дандырылуы, техникалық және ғылыми экспертизаның аймақтандырылуы,
стратегиялық альянстардың құрылуы инновациялық теорияны әрі қарай
жетілдіруді талап етуде. АҚШ, Жапония сияқты өнеркәсібі күрт дамыған
елдерде өнімнің жалпы құнында өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу
шығындарының үлесі бүгінде 5%-дан аспайды, оның орнына негізгі қорлардың
амортизациялық аударымдар үлесі жоғары болып отыр. АҚШ-та инженерлік-
техникалық және әкімшілік-басқару персоналының үлесі соңғы 40 жыл ішінде
екі есе өскен.
Француз ғалымы Эминэльдің пікірі бойынша техникалық прогресс тек
экономикалық заңдарды қолдануды жаңартып қоймай, сонымен бірге
олардың мазмұнын да өзгертіп отырады, экономикалық билік ірі
корпорациялардың, яғни ірі кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Ал, постиндуст-
риялық қоғам тұжырымдамасын тұңғыш рет американ социологы Даниель
Белл әзірлеген. Онда индустрияландыру үрдістерін толық аяқтағаннан кейін
қоғамда экономикалық ерекшеліктерге басты назар аударылады, сөйтіп ол
постиндустриялық қоғамның бес белгісімен анықталады:
1) экономиканың тауар өндіруден қызмет көрсету сферасына бет бұруы;
2) жұмыскерлердің жалпы санында білікті мамандар мен техниктер үлесінің
артуы;
3) теориялық білімнің маңызының күшеюі;
4) технико-экономикалық ортаның технологияны бақылауға бейімделуі;
5) қоғамның жаңа санаткерлік технология үрдісін дамытуға бет
бұруы.
Жаңа индустриялық қоғам теориясы американдық көрнекті экономист-
ғалымы Джон Гелбрейттің бірқатар еңбектерінде, соның ішінде Жаңа
индустриялық қоғам (1967 жыл) еңбегінде орын алған. Онда жаңаша
капитализмнің экономикалық жүйесі екі түрлі сектордың жиынтығынан
тұратындығы қарастырылған. Біріншісіне, баға, шығындар, технологияға
негізделген қоғам және мемлекеттегі билігі үстем ірі корпорациялар
жататын болса, екіншісіне ұсақ фирмалар, азайып бара жатқан
қолөнеркәсібі, қызмет көрсету аясы және т.б. жатады.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі
өнімдегі үлесі белгілі бір деңгейге дейін көтерілді. Мысалы жедел
дамыған елдерде оның деңгейі 60 жылдардың аяғында 13-15 мың АҚШ
долларына дейін жетіп, содан кейін оның тұрақтану немесе төмендеу
үрдістері қалыптасқан. Едәуір қысқару 60-жылдардың ортасында АҚШ-та,
Ұлы Британияда, Францияда байқалды. Индустрияландыруды кеш бастаған
елдерде (Жапония, Италия) өңдеу өнеркәсіп салаларының үлесі 70
жылдардың басына дейін өсіп, содан кейін қайта құлдырай бастаған.
АҚШ-та, Жапонияда, Францияда жалпы ішкі өнім көлемінде өнеркәсіпке
қарағанда қызмет көрсету аясындағы өнім көлемі жоғары болған.
Экономикасы дамыған АҚШ-та 1960-1996 жылдар аралығында жалпы ішкі
өнімнің құрылымында ауыл шаруашылығының үлесі 4% дан 2%-ға, өнеркәсіпте 34%-
дан 28%-ға дейін төмендесе, қызмет көрсету аясында, керісінше 58% дан 70%-
ға дейін артқан, Жапонияда ауыл шаруашылығының үлесі 13%-дан 2%-ға ,
өнеркәсіптің үлесі 37%-дан 32%-ға дейін азайып, қызмет көрсетуде 45%-дан
60%-ға дейін көтерілген. Ал, Германияда ауыл шаруашылығында 6%-дан 2%- ға,
өнеркәсіпте 46 %-дан 34%-ға түскен, қызмет көрсету аясында 40%-дан 59%-ға
көтерілген, Францияда сәйкес 9%-дан 3%-ға, 40%-дан 24%-ға түсіп, қызмет
көрсетуде 43%- дан 68%-ға артқан. Демек, индустриялық деңгейі жоғары
мемлекеттердің бәрінде де ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке қарағанда қызмет
көрсету аясының жалпы ішкі өнімдегі үлесі көтеріліп отырған [11, 34б].
Одан кейінгі онжылдықта көптеген бағыттар бойынша әлемде алға суырылып
шыққан аралас экономикаға негізделген “жаңа индустриялық елдер” (Тайвань,
Сингапур, Оңтүстік Корея, Гонконг) пайда болды. Мәселен, Оңтүстік Корея
экономикасының өркендеуіне себепкер болған – мемлекеттік экономикалық
жоспарлау Кеңесінің дайындаған шаруашылықты дамытудың бес жылдық жоспары
еді. Қазіргі кезде оларда экономиканы мемлекет тарапынан реттеудің басты
бағытына экономикалық өсуді, өнеркәсіп өнімдерінің экспортын ұлғайтуды
ынталандыру жатады. Осы елдерде экономи-калық ынталандыру әдістерін жүйелі
түрде қолдану өз нәтижесін беріп отыр.
Аталған елдерде мемлекет араласатын экономика салаларында импорттық
саясат пен қаржы-несие жүйесі қамтылмаған. Көпшілік сұранымдағы тауарларға
(ұн, қант, кофе, дәрі, телевизор), сонымен қатар, көптеген өндірісі
монополияландырылған немесе өмірге қажетті экономиканың дамуында маңызды
орын алатын (электр қуаты, отын, болат, химиялық өнімдер) тауарларға баға
белгілеу орталықтан қатаң бақылауға алынған.
Демек, ондай елдерде өнеркәсіптің салалық құрылымында кен өндіру
салаларының үлесі төмендеп, өңдеуші өнеркәсіптің үлесі жоғарылап
отырады. Әсіресе, машина жасау және химия өнеркәсібінің үлесі артып
келеді. Дамыған елдердің өңдеу өнеркәсібінде капитал және материал
сыйымдылығы жоғарғы салалардан (металлургия, химия өнеркәсібі) ғылыми
сыйымдылығы жоғары салаларға (электроникаға) қарай ауысуы жүріп жатыр.
Соның әсерінен әлемдік нарықта “босаған қуысты” жаңа индустриялық дамыған
мемлекеттер иемденуде. Олар дәстүрлі еңбек сыйымдылығы жоғары салаларды
орташа және төмен деңгейде дамушы елдерге қарай ығыстыруда.
Әлемдік шаруашылықта құрылымдық өзгерістер негізінен салалық
кешендердің ішінде қалыптасып, салаішілік пропорцияларды жетілдіруге
ықпалын тигізіп отыр.
Н.Назарбаев “... ауыл шаруашылығы өнімінің мамандандырылуы мен бәсекеге
қабілеттелігін арттыруға айрықша талаптар қояды. Біз бұған дейін ауыл
шаруашылығы шикізатын өндіру мен ұқсату саласындағы кластерлік
бастамашылықтарды іске асыру арқылы аграрлық өнідірісті индустрияланған
жағдайда ған сәйкес клктін боламыз” деп атап өтеді [12, 2б]. Тұтас өндіріс
блоктарын жүйелі түрде өзгертетін әртүрлі кезеңдердегі макрожүйені
қалыптастыратын технологиялық құрылыс жөнінде технологиялық
кластерлер бойынша дайындамалар бар. Экономикалық ғылымда
индустриялы және басқа да дәуірлерде кездесетін бес негізгі
технологиялық құрылысқа сипаттама берілген [13, 129б].
Онда әлемдегі басым технологиялық құрылыс 60-70 жылдардағы
тұтас ұдайы өндірістік жүйе ретінде қалыптасса, 70 жылдардағы
құрылымдық дағдарыстан кейінгі дамыған елдердегі экономикалық өсудің
технологиялық базасын құрады. Бұл технологиялық құрылыстың
анықтаушы компоненті ретінде микроэлектроника, бағдарламамен
қамтамасыз ету, есептеуіш техника, ақпаратты өңдеу, өндіріс пен
басқарудағы үрдістерді автоматтандыру, космостық байланыстың жаңа
түрлеріне жету саналады. Болашақта жаңа технологиялық құрылыстың
компоненттеріне биотехнология, жасанды интеллект жүйесі, ауқымды
ақпараттық жүйе, жоғары жылдамдықтағы тасымалдаудың кешенді түрлері
және т.б. жатады. Технологиялық құрылыстағы өзгерістер экономиканың
эволюциялық теориясында елеулі орын алды [14, 34б].
1990 жылдардан бастап постиндустриалдық қоғам термині қолданысқа
енуіне байланысты дамыған елдердің бәрінде өнеркәсіптің үлесі қызмет
көрсету секторының үлесінен төмендеу қалып, азая түсуін жалғастырды.
Халықтың аз ғана бөлігі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарындағы нақты еңбекпен айналысты. Мысалы, АҚШ- та өндірістік
сектор экономиканың 17%- ын ғана құрайды.
Кейбір елдердегі ғылыми сыйымды жоғары технологиялық құралдарды
пайдалану көрсеткіштерін қарайтын болсақ, онда 1997-2000 жылдар аралығында
едәуір артқанын байқауға болады .
Жоғарыда қарастырып өткен экономикасы дамыған АҚШ, Жапония,
Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия секілді мемлекеттерде ғылыми
сыйымдылығы жоғары өнім өндіретін өндірістің жалпы өнеркәсіптегі үлесі 1997
жылы АҚШ-та - 14,7%, Жапонияда - 15,7%, Ұлыбританияда - 11,7%, Германияда
-8,3% құраған, ал технологиясы жоғары өндірістің үлесі АҚШ-та - 32%,
Жапонияда - 22%, Ұлыбританияда - 4,4%, Германияда - 6%, Францияда-3% болса,
жалпы ішкі өнімнің нақты өсімшесіндегі ақпараттық-коммуникациялық
капиталдың үлесі 1985-1990 жылдар аралығында АҚШ-та 13%, Жапонияда – 5,8%,
Ұлыбританияда – 7,4%, Германияда – 7,5%, Францияда – 6,4%, Италияда –
10,2%, 1990-1995 жылдарда – 14,6%, 1995-2000 жылдарда – 18,7% болған [15,
21б].
Санаткерлік өндірістің мазмұнының артуына байланысты ХХ1 ғасырда
елдердің бәсекеге қабілетінің ең маңызды сипаттамасына компьютерлер
мен ақпараттар жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлер саны мен үлесінің
артуы, телекоммуникацияның пайдалануға қолайлығы, таратылуы, сапасы,
ұлттық ақпараттық супермагистралдардың тез жұмыс істеу әрекеттері
жатады.
Әлемде ақпараттық технологияларды пайдалануда болып жатқан өзгерістер
Қазақстанды айналып өткен жоқ. Алматы қаласында компьютерлерді
құрастыру, компьютерлік жүйелерді монтаждау, компьютерлік және сеттік
қызмет түрлерін көрсету, интернет және ақпараттық технология,
телефондар мәліметтерін тарату және пайдалану, бағдарлама құралдарын
дайындау жөніндегі көптеген кәсіпорындар шоғырланған. Бұл сектор
прогрессивті ұлттық және шетел кәсіпорындарының тарапынан сұраныс
болуына байланысты пайда болды және дами бастады.
Мұндай жетістіктердің бәрі әлемдік даму тенденциялары мен
халықаралық бәсекелестіктің шиеленісуі және жаһандандыру жағдайында
Қазақстан экономикасының индустрияландыру деңгейін көтеруге барлық жағынан
негіздің бар екендігін көрсетеді. Бұл, өз кезегінде, өнеркәсіпті қайта
индустрияландыруға, салааралық және салаішілік өндірісті әртарап-
тандыруға, қайта өңдеудің жаңа деңгейіне жетуге, халықаралық
корпорациялардың технологиялық өндірістік тізбектілігіне кіруге (мысалы,
өндірістің энерго және материал сыйымдылығы жөнінде) жаңа мүмкіндіктерге
жол ашатыны сөзсіз.

3. Инновация және ұлттық технологияның дамуының ерекшеліктері

Қазақстанда ғылымды, технологияны және инновациялық қызметті
жоспарлаудың мәні 17 мамыр 2003 жылы №1096 ҚР Президентінің Жарлығымен
қабылданған ”2003-2015 жылдарға Қазақстан Республикасының индустриялық-
инновациялық даму стратегиясын бекіту туралы” бағдарламасына байланысты
арта түсті.
Стратегия елімізде инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған
мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясатты белсенді жүргізуді
қарастырады. Индустриялық –инновациялық саясаттың басымдылықтарына
шикізаттық емес бағыттағы экономика салаларында экспортқа бағытталған
өндірісті құру және дамыту болып саналады. Индустриялық-инновациялық
саясатты жүзеге асыру үшін өндірістің техника-технологиялық деңгейін және
экономиканың әртүрлі салаларындағы инновациялық қызмет жағдайын объективті
түрде айқындайтын статистикалық көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып алу
қажет .
Көптеген салаларда механикалық, автоматты, ақпараттық технологиялар
енгізу арқылы инновациялық тауарлар өндіруге қол жеткізу нәтижесінде
бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге мүмкіндіктер пайда болуға тиіс. Әрине
бұл ұзақ мерзімді алатыны сөзсіз.
Еліміздің ТМД елдері арасында көшбасшылық бағытын ескере отырып, әрі
қалыптасқан экономикалық және геосаяси факторларға сәйкес Үкімет машине
жасау, құрылыс материалдарының өндірісі, химия және мұнай-химия өнеркәсібі,
ақпараттық технологиялар, металлургия, аэроғарыштық салаларда жаңа жоғарғы
технологиялық өндірістерді дамытуға басымдық беріп отырғаны белгілі. Бұл
үшін бірінші кезекте бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру
трансұлттық корпорациялар мен ірі шетелдік және отандық компа-
ниялармен ынтымақтастықты арттыруға үлкен мән беріліп келеді. Мәселен,
Үкімет тапсырмасы бойынша Индустрия және сауда министрлігі Даму
институттарымен бірлесіп, Франция, Италия, Германия; АҚШ, Швейцария,
Англия сияқты дамыған мемлекеттердегі және Ресей Федерациясындағы
Орал, Сібір өңірлері мен Татарстан еліндегі жетекші өнеркәсіп
компания-лармен келіссөздер жүргізді. Әлемде өндірістік салада
көшбасшы болып саналатын 200-ге тарта трансұлттық компанияның 50-нің
басшыларымен қысқа мерзім ішінде кездесулер өткізіліп, Қазақстан
мүдделі болып отырған өнімдер шығару жөніндегі уағдаластықтарға қол
жеткізілді.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында бәсекеге қабілетті елді
қалыптастыру жөнінде нақты міндеттер қойылған. Әртараптандырылған және
сапасы жоғары өнімді өндіретін экономиканы, оның секторлары мен жеке
салаларын дамыту басты мақсат болып саналады. Оған индустриялық-
инновациялық саясат бағытталады [16, 2б].
Инновацияны енгізуді жеделдету көзіне инвестиция жататынын, бірақ бұл
екі үрдіс әруақытта қатар жүргізіле бермейтінін байқадық. Кәсіпорын немесе
фирмада инвестиция көлемі көп болғанымен, олар көп жағдайда ескірген құрал-
жабдықтарды жаңартуға жұмсалады. Керісінше, инвестицияның аз көлемін
кәсіпорын басшылары инновациялық өнім өндіруге жұмсайды. Сондықтан
инвестицияның көп көлемі инновациялық өнім шығаруды көбейтуге алып келе
бермейді.
ҚР “Инвестициялар туралы” Заңында - “инвестицияны мемлекеттік қолдаудың
мақсатына экономиканы дамыту үшін қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру
және жаңа технологияны қолдана отырып, кеңейтілген және жаңартылған
өндірістер құруда инвестициялауды ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын
құру, қолданыстағы қорларды сақтап қалу, сонымен бірге қоршаған ортаны
қорғау жатады”- деп жазылған [17, 2б].
Көптеген ғылыми ізденістерде, соның ішінде еліміздегі экономикалық
әдебиеттерде инновация ғылыми-зерттеу үрдісінің тікелей жалғасы ретінде
қарастырылған. Бірақ, экономикасы инновацияға қарай бет бұрған көптеген
елдер тәжірибесінен инновацияның ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструк-
торлық жұмыстарды жүргізумен ғана емес, сонымен қатар оның нәтижелерін
пайдалануда қол жеткен табыстарымен анықталатынын байқауға болады.
Инновациялық жаңалықтар ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, тауар
өндірушілердің тұтынушылармен, жабдықтаушылармен және бәсекелестермен нарық
конъюнктурасына сәйкес ақпараттары байланыста болуын қажет етеді.
Осыған байланысты инновацияны әзірлеу үшін қажетті білімнің ғылыми
үрдістің жүру барысындағы білімнен айырмашылығы болады. Бұл айырмашылық
инновациялық қызметтегі өзара байланысты қызметтердің жиынтығынан тұрады.
Ол технологиялық сынақтар, нарық мониторингін негізге алады. Әрине, бұл
жерде кәсіпкерліктің рөлі жоғары.
Экономикасы дамыған елдерде 20 ғасырдың аяғында жаңа немесе
жетілдірілген технология, өнім, жаңа білім немесе шешімдерді қамтитын
құралдардың үлесіне жалпы ішкі өнім өсімшесінің 70-тен 85 % - дайы келді.
Дамыған елдердің инновациялық қызметінің қарқынды дамуы экономикалық
дамудың деңгейін анықтайтыны белгілі. Қазақстанда соңғы он жылдықта
экономиканың технологиялық деңгейін анықтаушы әлеуетті инновациялық
салалардағы (машина жасау, электронды және электротехникалық, қорғаныс,
жеңіл, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары) өндіріс көлемі 5-15 есе
төмендеп кетті. Сондықтан да өнеркәсіп кәсіпорындарындағы инновациялық
әлуетті көтеру және күрделі шаралар жүргізу мақсатында бірқатар құжаттар
әзірленді. Олардың қатарына 1999 жылы мақұлданған Қазақстан Республика-
сындағы инновациялық қызметті дамыту тұжырымдамасы (20 июль 1999 №19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісі хаттамасымен бекітілген), 2001
жылы Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасы (10 мамыр
2001 жылғы № 617 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген),
2001 жылдың 9 шілдесінде “Ғылым туралы” Қазақстан Республикасының заңы
қабылданды, онда инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы бабы бар,
2002 жылы “Инновациялық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының заңы 2002
жылдың 3 шілдесінде қабылданды. Онда мемлекеттік инновациялық саясатты
жүзеге асырудың қағидалары, бағыттары және нысандары белгіленген.
“2003-2005 жылдарға инновациялық өндірісті ғылыми-техникалық қамтамасыз
етудің бағдарламасын бекіту жөнінде” ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды
(18.03.2003ж. № 263).
Жоғарыдағы келтірілген бірқатар пікірлерді жинақтай отырып, “иннова-
ция” терминін кәсіпорын қызметіне қатысты өзіміздің анықтамамызды беріп
көретін болсақ, онда оның мазмұны былай түсіндіруге болады. Өндірістік
кәсіпорынның бәсекелік қабілетін көтеру мақсатында жаңа және жетілдірілген
тауар өндіруді ұйымдастыруға бағытталған техникалық, технологиялық ғылыми
жаңалықтарды енгізу бағытында жүргізілетін шаралардың жиынтығын және соның
нәтижесінде қол жеткізуге болатын экономикалық және әлеуметтік салдарын
айтады. Соған орай, жаңа ой-пікірлерді, ғылыми жаңалығы бар білімді,
технологияны, өнімнің жаңа түрлерін енгізу мақсатында жүргізілетін қызметті
инновациялық қызмет деп атаймыз.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық әлеуеті
(өнеркәсіп, сала, кәсіпорын бойынша) инновациялық қызметті жүзеге асыруға
қажетті интеллектуалдық, ғылыми, ғылыми-техникалық, материалдық, өндіріс-
тік, қаржы-инвестициялық және басқару ресурстарының жиынтығын білдіреді.
Шетелдің өнеркәсіптік кәсіпорындар тәжірибесінен кәсіпорын
басшыларының инновациялық үрдісті жүргізуге, жаңалықтарды ашу мен енгізуде
стратегиялық бағыт ұстануы басты мақсат болып табылады.
Жаңа тауарларды өндіруде кәсіпорындар тәуекелге баратыны сөзсіз.
Өндірілетін өнімнің жаңалығы неғұрлым көп және күрделі болса, соғұрлым оны
тұтынушылардың қабылдау немесе қабылдамау анықсыздығы жоғары болады. Жаңа
өнімді дайындау үрдісі бірнеше кезеңдерден тұрады: идеяның тууы, идеяны
жүзеге асыру үшін талдау, тексеру, сынау, бақылау.
Қазақстанда дайын өнім өндіруге, өндірісті дамытуға салымдардың аз және
несиелік ресурстардың пайыздық ставкаларының жоғары болуына қарай оларды
алуда жоғары шектер қойылған. Мұндай кедергілерді жою мақсатында Даму
институттарының құрылтайшысы болып мемлекет табылады.
Отандық өнеркәсіпті технологиялық тұрғыдан индустрияландыру үшін
алдыңғы қатарлы ғылыми және техникалық шешімдерді жүзеге асыратын салалар
мен кәсіпорындардың белсенділігін арттыру және дамыту басты мәселеге
айналуы тиіс деп ойлаймыз. Бұл үшін өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындары
трансұлттық корпорациялармен, ірі шетелдік және отандық компаниялармен
қауымдастықты күшейткен жағдайда біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге
асыруға мүмкіндігі жоғары болады.
Шетелде жаңа технологиялардың үлгісін демонстрациялау механизмі жолға
қойылған, оған көптеген қаржы, тіпті бюджеттен де бөлінеді.Ондағы
инвестициялық қорларды қалыптастырудың дәстүрлі көздеріне:
- жеке инвесторлардың қаржылары;
- инвестициялық институттары;
- зейнетақы қорлары;
- сақтандыру компаниялары;
-әртүрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«инновация», «жаңа құбылыс», «жаңа енгізулер»
Менеджмент, менеджмент түрлері
Өндірісті ғылыми – техникалық дайындауды ұйымдастыру
Инновация процесін басқару жүйесінің ерекшелігі
Access дерекқорының құрылымы туралы қосымша мәлімет алу
Оқушыларды шығармашылық жоба жұмыстарын орындау барысында инновациялық технологияларды пайдалану
Халықаралық сапа
Салық әкімшілендіру жүйесін жетілдіру
Pycharm бағдарламалау тілі
Кәсіпорын деректері
Пәндер