Алматы қаласындағы аудандық орталық аурухана


«Денсаулық сақтаудағы менеджмент және фармация» факультеті
«Денсаулық сақтаудағы менеджмент және құқық ісіндегі фармация» кафедрасы
Өнідірістік тәжірибе
КҮНДЕЛГІ
Алматы 2010
«Денсаулық сақтаудағы менеджмент және фармация» факультеті
«Денсаулық сақтаудағы менеджмент және құқық ісіндегі фармация» кафедрасы
Студенттің аты- жөні
050507 «Менеджмент» мамандығы
Топ
Өнідірістік тәжірибенің басталуы «» «» 2010жыл
Факультет деканы Токмурзаева Г. Ж
Өнідірістік тәжірибенің басталуы «» «» 2010жыл
Ұйымдағы өндірістік жетекшісі
(Аты - жөні)
(мөр орны)
МО Ұйымдағы өндірістік жетекшісі
(Аты - жөні)
С. Д Асфендияров атындағы КазҰМУ 050507 «Менеджмент» мамандығының сырттай оқу бөлімінің курс студентінің өндірістік тәжірибеден өтуіне
Сын- пікір
Тәжірибеден өтуші
(Фирманың, ұйымның аты- жөні)
- Тәжірибеден өтуде студенттің қызметке қабылдануы және қызметінің аты жөні
- Студентпен қызметтік міндеттері орындауына қысқаша сын- пікір және оның кәсіптік даярлығы
1. Мекеменің жалпы сипаттамасы және оның қызметі
Аудандық орталық аурухана Қазақстан Республикасының территориясында Алматы қаласында орналасқан.
Аурухана өз қызметінде Қазақстан Республикасының қаулысымен басқарылып, басқару органдармен орындаушы және заңға сәйкес актілерінің Қазақстан Республикасының заң аясында қызмет көрсетеді
Аудандық орталық аурухана заңды тұлға болып табылады. Ұйымның заңды мекен жайы, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,,
Аудандық орталық аурухананың жеке меншік мүліктері бар.
Аурухананың мүліктерінің қалыптасуы және қаржылай ресурстары болып табылатындар:
- бюдеттік және бюжжеттік емес қаражаттар;
- жеке меншік және атқарушы органдармен берілген мүліктер;
- кызмет көрсетуден түскен кірістер, сонымен қатар түрлі қызмет үшін аурухана берілген шаруашылық түрлері;
- амортизациялық аударымдар;
- банк несиелері және т. б несиелендірушілер
- капиталдық салымдар және бюджет жәрдем қаржысы;
- қайтарымсыз және қайырымдылық қаржылар;
-ҚР заңына сәйкес қаржыландыру көздері;
Аурухананы құрудағы мақсаты мамандандырылған және білікті мамандардың аудан тұрғындарына медициналық көмекті көрсетуі болып табылады.
Аудандық орталық аурухана қызметінің негізігі мақсаттары болып:
- азаматтардың қажеттілігін толық қанағаттандыруда аурухананың жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету;
- тұрғындарға казіргі заманға сай білікті көмек көрсету;
- әлеуметтік экономикалық дамуға ағымды және перспективалық бағдарламаларды жасау
- қызмет көрсерту территориясында саланың қызметінің кеңеюін қамтамасыз ету және тұрғындарға көмек көрсетуде жаңа қызметтің түрін енгізуді жетілдіру;
- жедел және күтпеген жағдайларға қатысты іс шараларды жүзеге асыру
Осы мақсаттар негізінде аудандық орталық аурухана келесі қызметтерді атқарады:
- жұмыстың тиімділігін арттыруда өмірге іс - шараларды енгізеді, ұйымдастыру әдістерін жетілдіреді, өндірістік процесте және қызмет көрсетуде техниканының жаңа түрлерін игеру, өндірістік, еңбектік, материалдық және қаржылық қорларды қолдануды жетілдіру;
-бухгалтерлік есепті, статистикалық есепті, есеп беру мен бақылауды игеру бойынша жұмыс атқару. Есептік мәліметтерді берілген уақытта талап ететін мекен -жайға тапсыру;
Сонымен қатар көздеген мақсатқа жетуде аудандық орталық аурухана өздігінен қызмет атқара алады:
- өндірісті материалдақ- техникалық қамтамасыз ету және мекеме саласын дамтыту сонымен қатар қызметін жоспарлау;
- қалыптасқан тәртіп бойынша штаттық кесте құру және бекіту;
- ҚР мемлекеттік билік субьектілерінің және жергілікті органдардың заңды тәртібімен бекітілген салықтық және басқа дай жеңілдіктерді пайдалану;
- аудандық орталық аурухана өндірістік және қаржылық қызметінің талдауын жасайды, есеп берудің уақтылы және толық, сенімді болуына жауапкершілікті алады;
Медициналық мекеменің негізігі бағдарламасы амбулаторлы -емханалық және стационарлық қызмет көрсету.
Мұнда келесі қызметтің түрін бөліп көрсетіге болады:
- дәрігерлердің емдік- диагностикалық қабылдауы, диагностикалық зерттеулер, емдік үрдістер;
-тіс емдеу;
-үйге көмекке келу;
-жедел медициналық көмек;
-дәрігер мамандардың қарауы, кеңес беруі және т. б кәсіптік қызметтер, еңбекке жарамсыз қағаздарын құжаттау, емдік дәрі- дәрмек алуда нұсқаулар;
-қазіргі заман әдістерімен ем алудың емдік үрдістері, электорлық және лазерлік терапия, ультрадыбыс, массаж, мануалды терапия, рефлекстік терапия және т. б
- рентгенолдық, электрографикалық, ултьрадыбыстық, эндоскопиялық және т. б жаңа әдістердің құралдық диагностикасы;
- жалпы емханалық, биохимиялық, гематологиялық, бактериологиялық, гормоналдық, иммунологиялық және т. б лабораторлық зерттеулер;
- көлік жүргізуді растайтын, қару ұстауға рұқсат беретін, санаторлы-курорттық қарталар, санитарлық кітапшалар және т. б анықтамаларды құжаттау;
Тісті емдеуге қызмет көрсету. Тісті алу, тасын, пародонтасын емдеу, ауыз қуысы ауруларын қабынуларын емдеу, тісті гиперистензинін қатты ұлпаларын лакпен қаптау. Протездеу және косметикалық үрдістер.
Дәрігерді үйге шақыру. Медициналық қызметтің бұл түрі аурудың асықынған түрін басу, егерде ауырған адам денсаулығына байланысты емхананың емдеу бөліміне келе алмаса, кеңес беру және қажет медициналық тексеру жүргізіледі.
Жедел медициналық жәрдем. Жедел көмек көрсету бригадасының құрамына: көлік жүргізуші, дәрігер және фельдшер кіреді. Мұнда ең бастысы- ауырған адамға керек уақытысында көмек көрксету.
Стационарлық қызмет көрсетуге жедел госпитализациялау немесе жедел және жоспарлы госпитализациялау, сонымен қатар профилактикалық госпитализациялау.
Аудандық орталық аурухана келесі қызметтің түрін көрсетеді:
- бастапқы медициналық - санитарлық көмек;
- амбулаторлы- емханалық көмек;
- стационарлық көмек;
- тұрғындарды санитарлы- гигиеналық тәрбиелеу және салауатты өмір салытын құруға тәрбиелеу;
- азаматтық қауыпсіздікті қамтамасыз етуге қызметі;
- қаржы - шаруашылық қызмет;
- фармацевтикалық қызмет;
Амбулаторлы - емханалық көмек келесі қызметтің түрлерін ұсынады:
- терапевтикалық, хирургиялық; педиаторлық, офтальмологиялық;
- акушерлі-гинекологиялық, отоларингологиялық, неврологиялық;
- психиатриялық, наркологиялық, онкологиялық, стоматологиялық;
-физиаторлық, дерматовенерологиялық, рентгенологиялық, физиотерапевтикалық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық және қызметтік диагностикалық, жанұяны жоспарлау, емдік егілерді ұйымдастыру және жоспарлау, тұғындарды диспансеризациялау, профилактикалық тексерулер, медициналық куәландырулар және реабилитациялық көмек;
- зертханалық тексерулер
2. Басқару құрылымының талдауы
Басқару - бұл жоспарлау процессі, ұйымның мақсатын құру және оған жетудегі ынталандыру және бақылауды қалыптастыру. Ұйымның құрылымын жоспарлау негізінен стратегиялық жоспарға негізделеді. Ұйым жетекшісінің басты мақсаты барлық мақсаттар мен міндеттерге толық жауап беретін ұйым құрылымын таңдау. Ал құрылымдық жүйе бойынша ең тиімдісі ұйымның ішкі орта мен қарым қатынасы, өз қызметкерлерін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттай отырып, жоғары тиімділікпен өз мақсаттарына жету.
Қазіргі замандық мекемелерді басқаруды ұйымдастыру көп жақты қызметтерді атқарады: нарық құрылымын зерттеуді талдау жұмысы, ұсыныс пен сұраныс қызметі, стратегиялық жоспарлау, өндірістік қызметті ұйымдастыру, персоналдардың жұмысын ынталандыру, ұйымның басқару жүйесін жобалау.
Мекеменің басқару құрылымын ұйымдастыру түсінігі өкілеттіліктің үйлесімі, қызмет, құқық, міндет, басқарушылық және өндірістік бөліктер арасындағы жауапкершілікті қарастырады.
Аудандық орталық аурухананың басқару құрылымы мекеме алдында тұрған мақсатқа жетуді қамтамсыз етді:
- өндіріс шығындары мен өндіріс сыйымдылығын төмендету,
- әріптестерінің белсенділігін көтеру;
- көрсетіліген қызметтің сапасын жоғарлату
Технологиялық процесті басқару мекеменің нақты құрылымдық жағдайына, сонымен қатар кәсіпорынның қызметтік жүйесінің әдісіне де байланысты.
Аурухананы басқару ҚР заңына сәйкес каулысымен жүргізіледі. Жоғарығы қызметтік тұлға бас дәрігер болып табылады. Бас дәрігер ұйымның қаулысы және ҚР заңы аясында қызмет атқарады.
Сонымен қатар жетекшілердің құрамына: бас дәрігердің емдік бөлімі бойынша орынбасары, ұйымдық -әдістемелік жұмысы бойынша, емдік - экспертік жұмысы бойынша орынбасары, бас бухгалтер, әкімшілдік шаруашылық бөлімі бойынша жетекшінің орынбасары кіреді.
Дәрігерлер жоғары мамандандырылған дәрігерлер (хирург, терапевт, акушер-гинеколог, педиатр) және қысқа мамандандырылған дәрігерлер (стоматолог, отоларинголог, офтальмолог, нарколог, инфекционист, дерматовенеролог, фтизиатр, невропатолог, рентгенолог, психиатр, анестезиолог) бөліп бөлінеді.
Осы мамандардың қарамағында барлық қызметтік міндеттемелері бойынша жұмыс атқаратын орта және кіші медициналық персоналдар қызмет жасайды.
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері бөлімшелердің қызметін қамтамсыз ету мақсатында келесі қызметтер мен міндеттерді орындайды:
- мекемедегі жетекшіліктің заңға сәйкес қызмет атқарылуын қамтамсыз етді;
- осы аурухананың соттық және басқадай органдар алдында көзқарасын қорғайды;
- ұжымның жұмысын ұйымдастырады;
- өндірістік, әкімшілдік шаруашылық және қаржылық қызметтің ұйымдастырылуына жауап береді;
-бағалау көрсеткіштері жұмыстары негізінде мекеменің қызметіне талдау жасайды және жұмыстың әдістері мен түрлерін жақсарту негізініде қажетті шешімдерді қабылдайды;
- ішкі мөлшерлер және бекітілген тәртіптердің, еңбекті қорғау және техникалық сақтандыруды бойынша, құрал- жабдықтар мен құрылғылардың техникалық эксплуатациялануының орындалуына бақылау жасайды;
- штаттық ксетені бекітеді
- аурухана жүмысшыларына міндетті болып табылатын бұйрықтар, тапсырмалар береді;
Мекеменің және бөлімшелердің жұмысшылары басқарудың нақты қызметін атқарушы техникалық, экономикалық, өндірістік, шаруашылықтың ішкі байланыстары және басқарудың әлеуметтік жүйесін бөліп көрсетеді.
Мекеменің жұмысын басқару қызметі жеке жұмысшылар мен бөлімшелер арасында жүргізіледі, соныман қатар экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, психологиялық қатынаста бір- бірімен байланысқа түседі. Қызметтік байланыстардың көптігі және олардың бөлімшелері мен жұмысшыларының арасындағы басқару құрылымының ұйымдық түрлерін бөлістірудің мүмкін әдістерін қарастырады. Бұл түрлер негізігі төрт ұйымдық құрылымдарға негізделеді:
- сызықтық;
- қызметтік;
- сызықтық - қызметтік;
- матрицалық;
Сызықтық түрі өндірісті басқару жүйесінің бөлімінде қолданылады. Ол үлкен кәсіпорынды басқаруға негізделген, сонымен қатар ғылыми ұйымдар, тұтынушылар және жабдықтаушылармен байланысын жүйесін жасамайды.
Қызметтік түрі. Оның сипаттамалық белгісі қызметтік бөлудегі басқару еңбегін тереңдету, қызметтің жан -жақтылығы және бөлімшелерді басқаруға мамандану. Ол бірақ тәжірибеде қолданылмайды өйткені басқару бірілігінің қағидаты бұзылады, орындауға жауапкершілік төмендейді.
Аралас түрі - құрылымда көп қолданылады. Онда қызметтік бөлімшелер сызықтық жетекшілік штабында қызмет жасайды және олар басқарушылық есепті шешуге көмектеседі.
Матрицалық түрі - басқару құрылымының ұйымдастырылуы дәстүрлі сызықтық - қызметтік түрлерінің үйлесімділігімен құрылады, мамандар топтарының мәселесінің тақырыптарын жасайды.
Нақты иерархиалық еңбектің бөлінісі және басқару аппаратының бөлімшесінің мамандандырылған ұйымдық құрылымның жаңа бағытын құру болып табылады.
Аурухананың құрылымында келсі бөлімшелерді бөліп көрсетуге болады:
- жалпы ауруханалық, емхана, стационар, көмекші, бухгалтария, архивтік шаруашылық бөлім
Сызықтық - басқару құрылымы денсаулық сақтау сияқты салаларды басқарғанға ыңғайлы. Осыған байланысты жұмыс нақты және сапалы.
Аудандық орталық аурухана мекемесінің басқару құрылымын келесі сызбада көрсетуге болады:
Сурет 1. Мекеменің басқару құрылымын ұйымдастыру
Аурухананың бас дәрігері:
- мекеменің барлық жұмысын ұйымдастырады;
-ұжымының еңбек жағдайын және оның жұымысына толық жауап береді;
-барлық мекемелері мен ұйымының атынан қызмет атқарады;
- еңбек заңына сәйкес мекемелерге бұйрық береді, жұмысшыларды қабылдайды және шығарады;
- марапаттау шараларын жасайды және мекеме жұмысшыларнан алымдар алынады:
- мекеме банктерден счет ашады
Бас дәрігерлердің орынбасарлары:
- бас дәрігерге толық бағынады;
- жетекшілер эксплутациялық қызметпен айналысады;
- біліктілігін көтеру мақсатында медициналық персоналдарды оқытуды ұйымдастырады;
Бас бухгалтер:
-материалды және ақша ресурстарына байланысты шаруашылық операциялардың және мекеменің қаражатарынаң есебін жүргізеді;
-мекеменің қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесін қалыптастырады;
-штаттық кесте жасайды;
- еңбек және еңбек ақы бойынша жылдық, кварталдық, айлық жоспарлар жасайды, сонымен қатар оның орындалуын бақылауға алды;
- еңбек өнімділігі және еңбек ақының прогрессивті жүйесін енгізу бойынша іс- шаралар ұйымдастырады;
Экономист:
- жылдық жоспар және болашақтағы жобаны дайындаудаға жетекшілік жасайды;
- құрылымдық бөлімшелерді бекітілген жоспар бойынша қамтамасыз ету;
-мекеменің барлық қызметінің түрі бойынша экономикалық талдау жүргізумен қамтамсыз ету, материалдық, еңбектік және қаржы ресурстарын тиіміді пайдалануға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, өндіріс табыстылығын жоғарлатуға, қателіктерді жөндеу және шығындарды азайту жөнінде уақтылы іс шараларды жасау.
Ауруханадағы қалған қызметтер және бөлімшелер қызметтік нұсқаулықтар бойынша жұмыс атқарады, өздерінің толық қызметтік міндеттерін толық біледі, жұмысқа мамандандырылған.
Мекемеде мынадай қызметтер орталықтандырылған материалды техникалық жабдықтау, медикаментоздық қамтамасыз ету, көлікпен қамтамасыз ету, тамақтандыру, электрлік, су, жылу жүйесіне капиталдық жөндеу жүргізу.
3. Мекеменің персоналдарының сипаттамасы
Аудандық орталық ауруханада 2009 жылдың аяғында 216 адамдарды құрайтын жұмысшылардан тұрды. Оның ішінде ерлер 29 адам, яғни 13, 4%, әйелдер 187 адамды, яғни 86, 6% құрайды.
Жұмысшылар көлемі бойынша орталық аурухана аудандағы ең ірі мекеме болып саналады.
Нақты мекемедегі медициналық персоналдардың орташа тығыздығы 175 адам немесе 81, 02% құрайды, басқа да персоналдар 41адам, яғни 18, 98% құрайды.
Кәсіпорындағы жалпы жұмысшылардың ішіндегі 7 адам басқару аппаратын құрайды, яғни орташа тығыздығы 3, 24% құрайды
Аудандық орталық ауруханада мекемесінің басқару құрылымының аппаратына кіретіндер:
-Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері;
- Бас дәрігердің емдік бөлімі бойынша орынбасары
- Бас дәрігердің емдік - экспертік жұмысы бойынша орынбасары
- Бас дәрігердің ұйымдық -әдістемелік жұмысы бойынша
орынбасары
- Бас дәрігердің әкімшілдік шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары
- Бас медициналық бике
- Бас бухгалатер
Ұйымдағы персоналды басқару қызметі
- Бас дәрігер
- Бас дәрігердің емдік бөлімі бойынша орынбасары
- Бас медициналық бике
- кадр бөлімінің инмпекторы
Медициналық персоналдар ішіндегі дәрігерлер - 36 адам, орташа тығыздығы 16, 67%. Оның ішінде әйелдер саны 25% орташа тығыздығы 11, 57%.
Орташа медициналық персонал - 106 адам, яғни орташа тығыздығы 49, 07%.
Кіші медициналық персонал 43 адам, немесе 19, 91%.
Басқадай персонал - 31 адам, 14, 35% құрайды.
Аудандық орталық ауруханада мекемесінің персонал құрылымының сызбасын сурет 2 көруге болады.
49, 07%
Орташа медициналық персонал
19, 91%
Кіші медициналық персонал
16, 67%
Дәрігерлер
14, 35%
Басқадай персоналдар
Сурет 2. Аудандық орталық аурухананың персоналдар құрылымы
Штаттық кесте құрылымға сәйкес келеді. Аудандық орталық аурухананың жұмысшыларның орташа жасы катергориялары бойынша:
Басқару аппараты - 43 жас.
Дәрігерлер - 37 жас.
Орташа медициналық персоналдар - 35 жас.
Кіші медициналық персоналдар - 34 жас.
Басқа да персоналдар - 33 жас.
43 жас
Басқару аппараты
37 жас
Дәрігерлер
35 жас
Орташа медициналық персоналдар
34 жас
Кіші медициналық персоналдар
33 жас
Басқа да персоналдар
Сурет 3. Аудандық орталық аурухананың персоналдарының орташа жасы.
Мекемедегі жұмысбасты 35 адамның жоғарғы білімі бар, жалпы жұмысшылар санан орташа тығыздығы 17, 59% құрайды.
Олардың ішінде:
- медициналық 16, 58%
- медициналық емес 1, 01%
111 адамның - орташа кәсіптік білімі бар. Олардың ішінде:
- медициналық 48, 24%
- медициналық емес 7, 54%
Ұйымдағы персоналдар саны 2006 жылы 9 адамға өсті, бұл штаттың және қорлардың кеңейтумен байланысты:
- орташа медициналық персонал +4 адам;
- кіші медициналық персонал +4 адам;
- басқадай персоналдар + 1 адам;
Ұйымдағы персоналдар саны 2007 жылы 6 адамға төмендеді. Кіші және басқадай персоналдарға штаттың қысқаруына байланысты болды.
- дәрігер +1 адам;
- кіші медициналық персонал- 6 адам, соның ішінде
Жүктілік демалыста 3 адам, пенсияға шыққандар саны 3 адам
- басқадай персоналдар - 1 адам, соның ішінде 1 адам өз еркімен.
Ұйымдағы персоналдар саны 2009 жылы 8 адамға төмендеді. Бұл кіші және басқадай персоналдарға штаттың қысқаруына байланысты болды. Соның ішінде 2 пенсияға шықты, 6 адам өз еркімен жұмыстан кеткен (еңбек ақы көлеміне қанағаттанбағандықтан) .
Аудандық орталық аурухананың персоналдар қозғалысын талдай отырып келесі қорытындыларды жасауға болады:
-2009 жылы аудандық орталық ауруханда персоналдармен қамтылу 96, 3% құрады.
- 55, 78% орта кәсіптік білімі бар мамандар, ал а 17, 59% жоғары білімі бар мамандар бұл көрсеткіш ұйымның потенциялының жоғары екенін және осы салада болашақта бәсекеге қабілетті болу мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді
- персоналдардың орташа жасы кәрілеу екенін көрсетеді бұл денсаулық сақтау саласында жиі кездеседі және дұрыс
4 Мекемедегі еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру
Кадрларды дайындау және жұмыстарды орындауды ұйымдастыру тәртібті бойынша еңбекті квалификациялық бөлудің маңыздылығы бар.
Ол жұмыстың әртүрлі күрделілігіне байланысты қарапайым аз біліктілікті жұмыстан күрделіге, яғни оның орындалуы жұмысшыдан жоғары тәжірибе мен білімді қажет етеді.
Категория бойынша жұмысшылардың құрамы әрқашан өзгеріп отырады және жетілдіріледі, ал техникалық процесстің жағдайын байланысты және тұрғындар денгейінің жалпы мәдени денгейінен жоғарлауына қарай жұмысшылардың біліктілік денгейі де көтеріледі, жаңа мамандықтар пайда болады.
Жылдан жылыға жұмысшылардың саны өсуде, өндірісті оқытудың барлық түрі, бірақ техникалық процесске байланысты жаңа құралдар мен құрылғылардың жаңа түрін игеру, қиындатылған технологиямен жасалған болуына байланысты кадрларға деген қажеттілікті төмендетпейді.
Білікті мамандардың саны өсуде. Тәжірибе алушы мамандардың құрамы жүйелі түрде, техникалық денгейінің жоғарлауы, кешкі және сырттай түрде оқуға тартылуы жақсарып келетіндіген көрсетеді. Өнідірістің сипаттамалық белгісі еңбекті материалдық - моралдық марапаттау. Материалдық ынталандыру еңбек өніміділігінің жоғарлауына үлкен әсерін тигізеді, кадрлардың мәдини - техникалық өсуіне және оларды елдің аудандары бойынша, халық шаруашылығының салалары бойынша, мекемелер, қызметтер және жұмыс орындары бойынша біркелкі жоспар негізінде бөлу. Осы аталған ерекшеліктерге байланысты еңбек ақы төлеу көптеген принциптерге сай келуі керек. Еңбек өнімділігін өсу темпі еңбек ақының өсуі темпін басып озуы керек. Ұдай өндірістің кеңейуі тек осылай жүзеге асырылады. Еңбек ақы төлеу өнідірілген өнімнің саны және сапасына сай нәтижесіне толық сәйкес болуы тиіс. Еңбек ақыны еңбек біліктілігін және теориялық денгейін көтеруге ынта ретінде болуы тиіс. Еңбек есебі және еңбек ақы жұмысшының еңбек белсенділігін көтеруге септігін тигізіп, жұмыс уақытын және өнідірістік корларды жақсы қолданғандарға еңбек өнімділігінің жоғарлайтыны сөзсіз.
Еңбек есебі және еңбек ақының алдында мақсатты орындауда мекеменің жеке құрамының нақты есебін жүргізу қажет, кеткен жұмыс уақыты, орындалған жұмыстың сапасы мен саны, жұмысшыларға уақытылы еңбек ақысын дұрыс санап беруді қамтамсыз ету, еңбек ақы қорларының дұрыс жұмсалуын қадағалау болып табылады.
Жұмысшылардың жіберілген уақыт шығындарын біліп отыру үшін ұйым табелдік есеп жүргізеді. Табелдік есепте жұмысшының жұмысқа келген, кеткен уақтысы және кешіккен уақыты тіркеледі. Табелдік есеп жұмысшылардың жұмыс орынындағы жұмыс күнін бақылауға алады. Табелдік есеп еңбек тәртібін бұзғандардың еңбек ақысына әсер ету арқылы жүргізіледі.
Аудандық орталық аурухананың еңбек төлемі бірыңғай тарифтік жүйесі негізінде жүзеге асырылады.
Еңбек төлемі жүйесі ҚР үкіметінің 14 желтоқсан 1992 жылдың № 785 қаулысы негізінде « Бюджеттік сферадағы жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуді дифференциациялау» бұйрығы № 48 от 24. 02. 1998 года «ҚР денсаулық сақтау жұмысшыларына еңбек ақы төлеу» бойынша жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау саласындағы бюджеттен бірыңғай тариф бойынша қаржыландырылатын қағидатты қарастырады, сонымен қатар ынталандыруды сипаттайтын өтемдік беріледі, яғни атқарылып жатқан жұмысының күрделілігі берілетін бірыңғай тарифтік жүйенің негізінде анықталатын еңбек ақы мөлшерлемесінде ескеріледі.
1. Жалпы жағдай
1. 1. Аудандық орталық аурухананың барлық жұмысшыларына еңбек ақының төлеудің тарифтік жүйесі бойынша қаулысы толық таралған;
1. 2. Қаулы жұмысшылардың төлем ақы жүйесінің ұжымның соңғы нәтижелерімен байланысын көрсетуге негізделген;
1. 3. Тарифтік жүктеме мөлшерінің біріншілік разряды ҚР қаулысымен қалыптастырылады.
Жүктеме және қалған жұмысшылар разрядының еңбек ақысының тарифтік жүктемесі біріншілік разряды сәйкесінше тарифтік коэффициентке көбейту арқылы жүзеге асырылады.
2. Еңбек ақының жалпы қорымен штаттық кестеге сәйкес ай сайын бекітілген мөлшерлеме бойынша қалыптасып анықталады.
2. 1. Еңбек ақының мөлшері экономистермен аудандық орталық аурухананың бас дәрігеріне бір жылға кварталдарға бөлу арқылы беріледі.
2. 2. Еңбек ақының мөлшері қалдық принципі бойынша қалыптасады: еңбек ақының жалпы қорынан ҚР ұжымдық келісімшарты бойынша кепілденген төлемдер алынып тасталынады.
3. Еңбек төлемінде әр түрлі сапаның қарым- қатынасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz