Тас жол салуға қолданылатын бетондар
КІРІСПЕ 9
1 ӘДЕБИ ШОЛУ 11
1.1. Тас жол салуға қолданылатын бетондар 12
1.1.1. Асфальтбетон. Құраушы материалдар мен оларға қойылатын талаптар 13
1.1.2. Цементбетон 19
1.2. Асфальтбетонды өндіру технологиясы 20
1.2.1. Асфальтбетон өндіру кезіндегі қауіпті және зиянды факторлар 22
1.3. Асфальтбетонды төсеу технологиясының қауіпсіздігі 23
2 ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 25
2.1 Битумның физикалық.химиялық қасиеттерін зерттеу 25
2.2 Құмның физикалық.химиялық қасиетін анықтау әдістері 26
2.3 Қиыршықтастың қасиетін анықтау әдістері 27
3 ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ 28
3.1 Тас жол салуға қолданылатын асфальтбетон массасын құраушы материалдар құрамымен танысу 28
3.2 Асфальтбетон өндіру технологиясымен танысу 33
3.3 Тас жол жасау материалдарының сапасын стандартқа сәйкестігін тексеру 37
3.3.1 Битумның сапасын стандартқа сәйкестігін тексеру 37
3.3.2 Қиыршықтастың физикалық қасиетін стандартқа сәйкестігін тексеру 45
3.3.3 Минералды ұнтақтың сапасын тексеру 46
3.3.4 Асфальтбетонның сапасын стандартқа сәйкестігін тексеру 49
3.4 Тас жол салу технологияларының қауіпсіздігін анықтау 51
3.4.1 Тас жол төсеу орнын және төсемесін дайындау кезіндегі қауіпсіздік 51
3.4.2 Асфальтбетон қоспасын төсеу кезіндегі қауіпсіздік 52
3.4.3 Асфальтты жол катоктарымен нығыздау кезіндегі қауіпсіздік 54
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 57
ҚОСЫМША 59

Кез-келген мемлекеттің тарихы, оның дамуы көлік жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Жол жоқ жерде, қайнаған өмір де жоқ. Қазақстандағы тас жол сапасы шетелдік жолдарға қарағанда әлдеқайда төмен болып келеді, себебі шетелде тас жол жасаудың озық технологиялары мен жол салуға қажетті сапалы материалдар қолданылады, сонымен қатар елімізде жол сапасын тексеретін мамандардың және заманауи технологиясы бар зертханалардың тапшылығын да жоққа шығаруға болмайды. Алайда соңғы жылдары Қазақстан тас жолдың сапасына көңіл бөле бастады және тас жол салуда Ресей, Қырғызстан мен Украинаны озып кетті. Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингінде 2013 жылы Қазақстан жол сапасы бойынша 144 елдің ішінен 117-орын алды. Эксперттер жеті балдық жүйемен есептегенде Қазақстанның жолдарына 2,7 деген баға қойды. Солай бола тұра, Қазақстанда жол салуға кететін шығын басқа елдерге қарағанда әлдеқайда көп. Қазақстандағы тас жолдардың жалпы ұзындығы 128 мың шақырымды құрап отыр. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Жапонияда аталған көрсеткіш 1 млн. шақырымға жетті.
Алматы облысы жолдарының жалпы ұзындығы 9472 км құрайды, соның ішінде: республикалық маңызы бар – 2519 км; облыстық және аудандық маңызы бар – 6953 км.
Автомобиль жолдарындағы басты мәселе – жол төсеніштерінің ескіріп, тозуы. Облыстың көптеген автомобиль жолдарының бөлігі 1960-1980 жылдары салынған. Сол кездегі нормативтер алты тоннадан аспайтын болса, ол норматив қазіргі кезде он тоннаға дейін артып отыр. Бірақ та, облыстың жолдарымен аталған жүктемеден бірнеше есе артық ауыр жүк тасымалдайтын және жол төсеніштерін бұзатын көліктер жүреді.
Тас жол сапасын 5 техникалық дәрежемен есептегенде, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың басым бөлігі 4-ші техникалық дәрежеге жатады, ал кейбір ауылдық елді мекендерге кіреберіс жолдары 5-ші техникалық дәрежеге жатады. Бұл көрсеткіш автожолдардың сапасының төмендігін көрсетіп отыр. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың шамалы бөлігі жақсы күй жағдайда – 11%. Қалған жолдарды қанағаттанарлық жағдайда деп бағалауға болады - 49 % және қанағаттанарлықсыз жағдайда - 40 %.
Көлік қатынасының жиілігі, ауа райының және жолдың барлық қабаттарының сапасы автомобиль жолдарының жоғарғы қабатының тозуына әсер етеді. Сондай-ақ, жолдармен жүк көтергіштік қабілеті шамадан тыс жүк автомобильдерінің және шынжыр табанды техникалардың жүруі айрықша кері әсерін тигізуде, нәтижесінде жол төсемінде жолдың сапасын төмендететін сүрлеулер, жарықтар және кедір-бұдырлар пайда болып, жүргенде қолайсыздық келтіреді және көлік құралдарының жүруіне қауіп тудырады. Автомобиль жолындағы жарықтар, автокөліктердің ізінен басылып төмендеген тегіс емес жерлері көлік қатынасына зардабын тигізеді. Автокөліктердің ізінен басылып төмендеген жерлеріне жиналған сулар автокөліктердің сырғанауына байланысты автокөліктердің қозғалысына үлкен қауіп келтіруде.

1. «Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары.
2. Матуа В.П., Чирва Д.В., Мирончук С.А. Испытание материалов //Автомобильные дороги. – 2013. С. – 86-89.
3. Полякова С.К. Важная роль вяжущих материалов //Автомобильные дороги. - 2014. С. – 56-59.
4. Радовский Б.С. Хрупкость битума определяет прибор //Автомобильные дороги. – 2014. С. - 60-61.
5. Иванов Ф.М. Цементный бетон. Популярная техническая библиотечка рабочего дорожника. – Автотрансиздат, М.: - 1957
6. Қопаева К. Жолдар мен жобалар //Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси газет. – 2014. – №11(27).
7. Сатеков Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары: жоғары оқу орындарындағы өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс және құрылыс индустриясы мамандықтарында оқитын студ.бакалавр және магистратураға арналған оқулық. – Тараз: Сенім.
8. ГОСТ 8267-93 «Щебень и гравий из плотных горных пород для строительных работ» //Межгосударственный стандарт.
9. К СНиП 3.06.03-85 И СНиП 3.06.06-88 Пособие по строительству асфальтбетонных покрытий и оснований автомобильных дорог и аэродромов. – Москва.
10. ГОСТ 8736-93 «Песок для строительных работ» //Межгосударственный стандарт.
11. СТ РК 1374-2005 «Битумы и битумные вяжущие. Метод определения растяжимости» //Межгосударственный стандарт.
12. ГОСТ 22245-90 «Битумы нефтяные дорожные вязкие. Технические требования» //Межгосударственный стандарт.
13. Бетоны для автодорожного строительства //Промышленный Казахстан путеводитель по рынку технологий и оборудования. – 2014. - №7(103) июль., - 14с.
14. ГОСТ №135-85 взамен СНиП 111-40-78 «Правила производства и приемки работ. Автомобильные дороги».
15. СТ РК 1227-2003 «Битумные и битумные вяжущие. Определение точки размягчения методом кольцо и шара».
16. СТ РК 1226-2003 «Битумные и битумные вяжущие. Метод определения глубины проникания иглы».
17. СТ РК 1217-2003 «Песок для строительных работ. Методы испытаний».
18. СТ РК 1213-2004 «Щебень и гравий из плотных горных пород и отхдов промышленного производства для строительных работ. Методы физико-механических испытаний». – Астана.
19. Ворожейкин В.М. Научная база асфальтбетона //Автомобильные дороги. - 2013. - №08(981).
20. ГОСТ 9128-97 «Смеси асфальтбетонные дорожные, аэродромные и асфальтбетон» //Межгосударственный стандарт.
21. «Жол – құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарын» бекіту туралы Қазақстан үкіметінің регламенті. – 2008.
22. Майданова Н.В. Модификация нефтяных битумов приодными асфальтитами. – Санкт-Петербург, 2010. – 210с.
23. Майданова Н.В., Розенталь Д.А., Куликова В.А. Влияние мелкодисперсной гранитной пыли на состав и свойства битума //ЖПХ. – 2008. Т. 81, Выпуск 10. С. - 174-175.
24. Интернет-журнал о строительстве дорог. Источник: RoadMasters.ru.
25. Кенбеилова С.Ж. Радиационно и химический функционализированный атактический полипропилен для модификации битума: диссертация на соискание ученой степени доктора философии (PhD). – Алматы. - 2003.
26. Радовский Б.С., Суперпейв: Требования к вяжущему //Автомобильные дороги.- 2014. - №06(991).
27. Кенбеилова С.Ж., Бойко Г.И., Любченко Н.П., Шайхутдинова Е.М., Каганович Е.В., Исмайлова Г.Г. Новые композиционные органические вяжущие для дорожных покрытий //Доклады девятых международных научных надировских чтений «Научно-техническое развитие нефтегазового комплекса». – Алматы. - 2011. С. – 328-334.
28. Ижорин Г.А. Порошок порошку рознь //Автомобильные дороги. – 2013. - №5(978). С. – 62-63.
29. Бочков Н.Н, Шепелев И., Алгебраистова Н.К. Методика определения степени гидрофобности активированного минерального порошка для асфальтбетона //Международный научный журнал «Инновационная наука». - УДК 669.71:622.023.
30. ГОСТ 16557-78 «Порошок минеральный для асфальтбетонных смесей» //Межгосударственный стандарт.
31. Дубина С.И., Никольский В.Т., Дударева Т.В. Надежные покрытия. Модифицированные битумные вяжущие и асфальтбетоны, устроенные на их основе (современный аспект). Основные положения повышения сдвигоустойчивости асфальтбетона. //Автомобильные дороги. – 2013. - №4(977). – 52с.
32. Воейко О.А., Васильев Ю.Э., Субботин И.В., Царьков Д.С. Как улучшить стойкость асфальтбетона? //Автомобильные дороги. 2014. - №12(997). С. – 74-77.
33. Строительные машины и оборудование //Справочник.

ТҮЙІНДЕМЕ
Диплом жұмысы 59 беттен, 6 суреттен, 16 кестеден, 33 әдебиет көздерінен тұрады.
Кілт сөздер: асфальтбетон, цементбетон, битум, сапа, өндіру, қауіпсіздік, технология, тас жол, минералды ұнтақ, қиыршықтас, құм.
Жұмыстың мақсаты: ЖШС Фирма Талдықорған жолдары тас жол жасау материалдарының сапасын анықтау және тас жол салу технологияларының қауіпсіздігін тексеру.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады: тас жол салуға қолданылатын асфальтбетон массасын құраушы материалдар құрамымен танысу; асфальтбетон өндіру технологиясымен танысу; тас жол жасау материалдарының сапасын стандартқа сәйкестігін тексеру; тас жол жасау технологияларының қауіпсіздігін анықтау.
РЕФЕРАТ
Дипломная работа изложена на 59 страницах и состоит из 6 рисунков, 16 таблиц и содержит 33 список используемой литературы.
Ключевые слова: Асфальтобетон, цементобетон, битум, качество, производства, безопасность, технология, асфальт, минеральный порошок, щебень, песок.
Цель работы: Определить качество материалов асфальтобетонной смеси и проверить безопасность технологии укладки асфальтной дороги на ТОО Фирма Талдықорған жолдары.
Задачи исследования: ознакомиться с составляющими материалами асфальтобетонной смеси, которые используются для укладки асфальтной дороги; ознакомиться с технологией производства асфальтобетона; проверить соответсвия стандартам качество материалов используемых для асфальтной дороги; определить безопасность технологии укладки асфальтной дороги.
ABSTRACT
Diploma work consist of 59 page and 6 picture, 16 tables and contains the 33 list of the used literature.
Key words: Asphalt concrete, cement concrete, bitumen, quality, productions, safety, technology, asphalt, mineral powder, crushed stone, sand.
The purpose of work: Determine the quality of materials and asphalt mix test the safety technology of laying asphalt road on LLP Company Taldykorgan zholdary.
Research problems: preview of the components of the asphalt mix materials used for asphalt paving of the road; to familiarize with the technology of asphalt concrete; check the conformity of quality standards of materials used for asphalt road; to determine the safety technology of laying asphalt road.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1. ГОСТ 8267-93 Щебень и гравий из плотных горных пород для строительных работ Межгосударственный стандарт.
2. ГОСТ 16557-78 Порошок минеральный для асфальтбетонных смесей Межгосударственный стандарт.
3. ГОСТ 22245-90 Битумы нефтяные дорожные вязкие. Технические требования Межгосударственный стандарт.
4. СТ РК 1374-2005 Битумы и битумные вяжущие. Метод определения растяжимости Межгосударственный стандарт.
5. СТ РК 1227-2003 Битумные и битумные вяжущие. Определение точки размягчения методом кольцо и шара.
6. СТ РК 1226-2003 Битумные и битумные вяжущие. Метод определения глубины проникания иглы.
7. СТ РК 1217-2003 Песок для строительных работ. Методы испытаний.
8. СТ РК 1213-2004 Щебень и гравий из плотных горных пород и отхдов промышленного производства для строительных работ. Методы физико-механических испытаний. - Астана
9. ГОСТ №135-85 взамен СНиП 111-40-78 Правила производства и приемки работ. Автомобильные дороги.
10. ГОСТ 8736-93 Песок для стриотельных работ Межгосударственный стандарт.
11. СТ РК 1218-2003 Материалы на основе органических вяжущих для дорожного и аэродромного строительства. Методы испытаний.
ГОСТ 9128-97 Смеси асфальтбетонные дорожные, аэродромные и асфальтбетон Межгосударственный стандарт.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АБЗ
-
асфальтбетон зауыты
БАЗ
-
беттік - активті заттар
ШРК
-
шекті рұқсат етілген концентрация
ЖШС
-
жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ПБТ
-
полимерлі битумды тұтқыр
ОАПП-Н
-
азқышқылданған атактикалық полипропилен
БНД
-
жол мұнайлы битумы
СТ РК
-
Қазақстан Республикасының стандарты
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
9
1
ӘДЕБИ ШОЛУ
11
1.1.
Тас жол салуға қолданылатын бетондар
12
1.1.1.
Асфальтбетон. Құраушы материалдар мен оларға қойылатын талаптар
13
1.1.2.
Цементбетон
19
1.2.
Асфальтбетонды өндіру технологиясы
20
1.2.1.
Асфальтбетон өндіру кезіндегі қауіпті және зиянды факторлар
22
1.3.
Асфальтбетонды төсеу технологиясының қауіпсіздігі
23
2
ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
25
2.1
Битумның физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу
25
2.2
Құмның физикалық-химиялық қасиетін анықтау әдістері
26
2.3
Қиыршықтастың қасиетін анықтау әдістері
27
3
ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ
28
3.1
Тас жол салуға қолданылатын асфальтбетон массасын құраушы материалдар құрамымен танысу
28
3.2
Асфальтбетон өндіру технологиясымен танысу
33
3.3
Тас жол жасау материалдарының сапасын стандартқа сәйкестігін тексеру
37
3.3.1
Битумның сапасын стандартқа сәйкестігін тексеру
37
3.3.2
Қиыршықтастың физикалық қасиетін стандартқа сәйкестігін тексеру
45
3.3.3
Минералды ұнтақтың сапасын тексеру
46
3.3.4
Асфальтбетонның сапасын стандартқа сәйкестігін тексеру
49
3.4
Тас жол салу технологияларының қауіпсіздігін анықтау
51
3.4.1
Тас жол төсеу орнын және төсемесін дайындау кезіндегі қауіпсіздік
51
3.4.2
Асфальтбетон қоспасын төсеу кезіндегі қауіпсіздік
52
3.4.3
Асфальтты жол катоктарымен нығыздау кезіндегі қауіпсіздік
54
ҚОРЫТЫНДЫ
56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
57
ҚОСЫМША
59
КІРІСПЕ
Кез-келген мемлекеттің тарихы, оның дамуы көлік жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Жол жоқ жерде, қайнаған өмір де жоқ. Қазақстандағы тас жол сапасы шетелдік жолдарға қарағанда әлдеқайда төмен болып келеді, себебі шетелде тас жол жасаудың озық технологиялары мен жол салуға қажетті сапалы материалдар қолданылады, сонымен қатар елімізде жол сапасын тексеретін мамандардың және заманауи технологиясы бар зертханалардың тапшылығын да жоққа шығаруға болмайды. Алайда соңғы жылдары Қазақстан тас жолдың сапасына көңіл бөле бастады және тас жол салуда Ресей, Қырғызстан мен Украинаны озып кетті. Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингінде 2013 жылы Қазақстан жол сапасы бойынша 144 елдің ішінен 117-орын алды. Эксперттер жеті балдық жүйемен есептегенде Қазақстанның жолдарына 2,7 деген баға қойды. Солай бола тұра, Қазақстанда жол салуға кететін шығын басқа елдерге қарағанда әлдеқайда көп. Қазақстандағы тас жолдардың жалпы ұзындығы 128 мың шақырымды құрап отыр. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Жапонияда аталған көрсеткіш 1 млн. шақырымға жетті.
Алматы облысы жолдарының жалпы ұзындығы 9472 км құрайды, соның ішінде: республикалық маңызы бар - 2519 км; облыстық және аудандық маңызы бар - 6953 км.
Автомобиль жолдарындағы басты мәселе - жол төсеніштерінің ескіріп, тозуы. Облыстың көптеген автомобиль жолдарының бөлігі 1960-1980 жылдары салынған. Сол кездегі нормативтер алты тоннадан аспайтын болса, ол норматив қазіргі кезде он тоннаға дейін артып отыр. Бірақ та, облыстың жолдарымен аталған жүктемеден бірнеше есе артық ауыр жүк тасымалдайтын және жол төсеніштерін бұзатын көліктер жүреді.
Тас жол сапасын 5 техникалық дәрежемен есептегенде, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың басым бөлігі 4-ші техникалық дәрежеге жатады, ал кейбір ауылдық елді мекендерге кіреберіс жолдары 5-ші техникалық дәрежеге жатады. Бұл көрсеткіш автожолдардың сапасының төмендігін көрсетіп отыр. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың шамалы бөлігі жақсы күй жағдайда - 11%. Қалған жолдарды қанағаттанарлық жағдайда деп бағалауға болады - 49 % және қанағаттанарлықсыз жағдайда - 40 %.
Көлік қатынасының жиілігі, ауа райының және жолдың барлық қабаттарының сапасы автомобиль жолдарының жоғарғы қабатының тозуына әсер етеді. Сондай-ақ, жолдармен жүк көтергіштік қабілеті шамадан тыс жүк автомобильдерінің және шынжыр табанды техникалардың жүруі айрықша кері әсерін тигізуде, нәтижесінде жол төсемінде жолдың сапасын төмендететін сүрлеулер, жарықтар және кедір-бұдырлар пайда болып, жүргенде қолайсыздық келтіреді және көлік құралдарының жүруіне қауіп тудырады. Автомобиль жолындағы жарықтар, автокөліктердің ізінен басылып төмендеген тегіс емес жерлері көлік қатынасына зардабын тигізеді. Автокөліктердің ізінен басылып төмендеген жерлеріне жиналған сулар автокөліктердің сырғанауына байланысты автокөліктердің қозғалысына үлкен қауіп келтіруде. Жол бойының жоғарғы қабатындағы үлкен ойықтар автомобиль жолының мерзімінен бұрын істен шығуына және жүргізушінің автокөлікті басқаруына кері әсерін тигізеді, жол апаты жиілеп, соның есебінен адам өлімінің артуы орын алады. Аталмыш жағдайлардың болмауы үшін сапалы жол салып, уақытылы қайта жөндеуден өткізіп отыру қажет [1].
Жолдың сапасын жоғарылату үшін сапалы және тиімді асфальтбетон қоспасын өндіру қажет, ал ол үшін заманауи технологиялы асфальтбетон зауыттары мен жергілікті ресурстарды қолдану керек. Сонымен қатар, тас жол салу технологияларының қауіпсіздігіне басты назар аудару қажет. Себебі әрбір өндіріс орнындағы жұмысшылардың қауіпсіздігі ең маңызды мәселе болып табылады. Тас жол сол салу - үйдің еденін салу емес, ол - бірнеше сатылы жұмыстардан тұратын күрделі процесс. Ең алдымен, асфальтбетон массасын төсеуге дайындық жұмыстары орындалады, төселетін жердің климаты, жер бедері, грунтты - геологиялық жағдайлары, гидрологиясы мен гидрогеологиясы, топырағы, өсімдік пен жануарына дейін зерттеліп, барлық талаптарға сәйкестендіріліп салынады.
Асфальтбетон массасын құраушы материалдардың сапасын тексеру - сапалы тас жол жасаудың бірден бір кепілі, ал сапалы тас жол салу еліміздің дамыған елдер қатарына еніп, халқымыздың жақсы өмір сүруіне мүмкіндік туғызары мәлім. Тас жол салу технологияларының қауіпсіздік талаптарын орындау адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - ЖШС Фирма Талдықорған жолдары тас жол жасау материалдарының сапасын анықтау және тас жол салу технологияларының қауіпсіздігін тексеру.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
1. Тас жол салуға қолданылатын асфальтбетон массасын құраушы материалдар құрамымен танысу;
2. Асфальтбетон өндіру технологиясымен танысу;
3. Тас жол жасау материалдарының сапасын стандартқа сәйкестігін тексеру;
4. Тас жол салу технологияларының қауіпсіздігін анықтау.
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
Қазіргі кезде барлық мемлекеттерде автомобиль жолдарында барлық техникалық талаптарды сақтай отырып салынған жолдардың өзінде 2-3 жыл өткен соң шұқырлар пайда болады. Жолдың мерзімінен ерте бұзылуына есептеулер мен жол төсемелерін конструкциялау әдістерінің нашарлығы ғана емес, сонымен қатар жол салуға қолданылатын материалдарды зерттеудің дұрыс жүргізілмеуі де себеп болып табылады. Негізінде асфальтбетонның іздердің пайда болуына тұрақтылығын лабораторияда түрлі әдістермен - сығу, кесу, бұрғылау және т.б зерттеу түрлері нақты нәтиже бермейді және шартты немесе салыстырмалы сипатқа ие. Шет елде асфальтбетон төсемесінде іздердің пайда болуына зерттеу әдістерінің ішінде - дөңгелекті жүктеме арқылы анықтау әдісі: жылдамдатылған жүктеме қондырғысы көмегі арқылы зерттеу әдісі; төсемені іздердің пайда болуына зерттеуге арналған франциялық құралды қолдану арқылы зерттеу әдісі; Гамбургский құралымен зерттеу әдісі кең таралған. Қазіргі кезде асфальтбетонның тек беткі төсемесін зерттеу қолданылады, алайда іздердің пайда болуына тек төсеме беті ғана емес, сонымен қатар жер асты грунттары да әсер етеді. Соның әсерінен зерттеу оң нәтиже бермейді. Осы кемшілікті ескере отырып, іздердің пайда болына төзімділігін зерттейтін лабораториялық қондырғыны жасап шығарды. Қондырғының жұмыс істеу принципі үлгіге әр уақыт аралығында сыналатын материалға жүктеме түсіруге негізделеді. Үлгілердің диаметрлері 250 мм-ге дейін және биіктігі 150 мм болатын көрсеткіштері рұқсат етіледі. Материалдарды әр түрлі температурада зерттеу үшін арнайы температура камерасы орнатылған. Қондырғыда материалдарды зерттеу нәтижесі мыналарды көрсетті: асфальтбетонның деформацияға ұшырауға төзімділігіне басқа факторлармен қоса, оның құрылымының типі де әсер етеді; Деформацияға төзімді үлгі - қиыршықтасты-құмды қоспаның минералды байланыстырғышпен байланысы, ал ұсақ тасты-құмды қоспаның минералды байланыстырушымен байланысы диформацияға ұшырады [2].
Битумды тұтқыр материалдардың сапасын арттыру - жол конструкцияларының ұзақ мерзімді қызмет етуін арттыру саласындағы ең маңызды сұрақтардың бірі. Сапасын анықтау мақсатында Ресей жолдарында қолданылатын БНД 6090 және БНД 90130 маркалы битумдар зерттелген. Лабораториядағы салыстыру арқылы зерттеу жүргізу келесіні көрсетті: ең жоғары қолданысқа ие битум маркасы - БНД 6090 маркасы; бақылайтын ұйымның лабораториясында зерттелген битум келесі көрсеткіштері бойынша ГОСТ 22245 - 90 талаптарына сай келмеді: 0°С кезінде иненің бату тереңдігі, қыздырудан соң жұмсару температурасының өзгеруі, 0°С кезіндегі созылу. Алайда ұйым берген паспортта айтарлықтай ауытқулар көрсетілмеген. Асфальтбетон төсемесінің сапасын жақсартуға септігін тигізетін бағыттардың бірі - жол битумдарының физикалық-химиялық қасиетін арттыру (ГОСТ 22245-90), полимер-битумды тұтқырларды (ГОСТ Р 52056-2003) және әр түрлі беттік-активті заттарды қолдану. Қазіргі кезде әр түрлі полимер қоспаларын қосу тиімділігін, резеңке ұнтақты қолдану мүмкіндігі, синтетикалық көміртекті талшықтарды пайдалану тиімділігіне баға беретін түрлі зерттеулер жүргізілуде. Битумға қажетті сапаны қамтамасыз ету тек дұрыс ұйымдастырылған жоспарлы жұмыстарда жүзеге асырылуы мүмкін. Битумның қыздыру температурасын арттыру битумның ескіруіне әкеледі және полимердің бұзылуына себеп болады. Зерттеу нәтижесі БНД маркалы жол битумымен салыстырғанда полимерлі-битумды тұтқыр маркаларын пайдалану тиімділігін растады [3].
АҚШ-та битумның морттық қасиетін анықтайтын құрал жасап шығарды. Құрал асфальтбетон төсемесінде көлденең жарықтардың болуымен күресетін битумның жарамдылығын бағалау үшін қажет. Көлденең жарықтар суық мезгілдерде пайда болады. Бұндай көлденең жарықтардың бар болуы немесе жоқ болуы байланыстырғыштың қасиетіне байланысты. Бұл қарсыласудың сипаттамасының бірі - сынғыштық температурасы, ол ГОСТ 11507-78 бойынша Фраас құралында анықталады. Фраас әдісі бойынша зерттеу жүргізу кезінде болат пластинканың үстіне жұқа қабат (0,5) битумды жағып, 11 с майыстырып, содан соң шығарады. Зерттеу барсында біртіндеп температураны төмендетіп отырады. Битумды пленкада жарықтың пайда болған температурасын Фраас бойынша сынғыштық температурасы деп алады. Әдістің негізгі кемшілігі - битумды қабаттың үзілуі суыту жүктемесінен емес белгілі температурада механикалық әсерден болады. Ал Огайо штатындағы университет қызметкері ұсынған жаңа құрал бұл кемшілікті жоя отырып зерттеуге арналған. Құрал қарапайым: Силикон формаға салынған металл сақина - ішінде температура датчиктері мен деформация датчиктері орналасқан, ал металл сақина мен силикон форма арасындағы бос орынға битум құйылады. Құйылған битумды бөлме температурасына дейін суытады, содан соң бастапқы берілген температурада термокамерада ұстайды да, үнемі бір жылдамдықпен суытады - әдетте 10Ссағ. Температура және деформация датчигі компьютерге қосылған және зерттеу нәтижесі сол жерден көрінеді. Құралдың артықшылығы - тез арада битумның сынғыштық қасиетін нақты анықтауға мүмкіндік береді [4].
4.1 Тас жол салуға қолданылатын бетондар
Бетон - табиғи тас материалдарды - құм, ұсақ тастар немесе қиыршықтастарды монолитті мықты тасқа біріктіру нәтижесінде алынатын жасанды материал. Бетондар табиғи тас материалдары біріктірілетін тұтқыр затқа байланысты ажыратылады. Ең кең қолданысқа ие түрі - тұтқыр зат ретінде цемент алынатын цементті бетон. Жол құрылысында тұтқыр зат битумдар мен дегттер болып табылатын асфальтбетон мен дегтбетон кеңінен қолданылады. Бетонның сыртқы бейнесіне қарағанда, ол көпірдің тіреуі болсын, су өткізгіш құбыр болсын немесе жолдың бетонды төсемесі болсын сұр тастардан жасалған секілді көрінеді. Тас сөзін естігенде, әдетте өлі, қозғалмайтын материал елестейді. Цементті бетон туралы айтатын болсақ, шын мәнінде - бұл жасанды материал, оның ішінде үздіксіз өсу, қартаю процесстері жүреді. Бетонды дайындап қана қоймай, оны нығыздау қажет, содан соң жоғары төзімділікке ие болатын жағдайлар жасау керек [5].
Қазақстанда тас жол салуда бірнеше бетон түрлері қолданылады. Қазақстанның батысындағы жолдарға қиыршық тасты-мастикты асфальтбетон жамылғысымен қоса геоторлар пайдаланылады. Геотор -- жол-құрылысы материалдарының қауіпсіздігін сақтайды, суды әрі қарай өткізбейтін қасиетке ие. Қазіргі салынып жатқан жолдардың салмақ көтеретін қалыңдығы -- 73 сантиметр. Оның 27 сантиметрі битум қосылған материалдар болса, қалғаны -- қиыршықтас. Бұндай жолдар 10-15 жылға дейін жақсы сақталады. Әр бес жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталмыш жолдарда ауыр жүк көлігінің бір білігі 13 тоннаны тартуы тиіс.
Жалпы жол құрылысында материалдар ауа райына, аймақтың климатына байланысты пайдаланылады. Суық аймақтардың жолдарына негізінен қиыршық тасты-мастикты асфальтбетон жамылғысын төсеген тиімді. Ал 20-25 жылға дейін сыр бермейтін цементті-бетон жамылғысы ол аймақ үшін қолайсыз. Себебі цементті-бетоннан жасалған жол тегіс болғандықтан, мұз қатса тайғақ келеді. Сондықтан бұндай жолдар еліміздің оңтүстік өңірлерінде салынады [6].
Цементті бетон әсіресе сығу кезінде жоғары мықтылыққа ие: 10 сантиметрлі бетонды шаршы 20 - 40 тонна жүктемеге төзімді. Қазіргі заманғы бетондар одан да жоғары төзімділікке ие, әрбір квадратты сантимер ауданға 500-600 килограмм жүктемеге төзімді. Цементті бетонның созуға төзімділігі әлдеқайда төмен [5].
Асфальтті бетондар цементтіге қарағанда коррозияға айтарлықтай төзімдірек, алайда сұйық жанар - жағармай мен майлардың әсеріне төзімсіз. Тозуға төзімділік қабілеті цементті бетондарға қарағанда жоғары болғандықтан, асфальтбетонды кеңінен өндіруді қолға алу көзделіп отыр.
Қазақстан өңірлерінде тас жол жасауда асфальтбетон массасын төсеу кеңінен қолданылатындықтан, жұмыс барысында асфальтбетон туралы толығырақ тоқталынатын болады.
4.1.1 Асфальтбетон. Құраушы материалдар мен оларға қойылатын талаптар
Асфальтты бетон (асфальтбетон) - органикалық ұстастырғыштары (битум немесе дегт) бар минералды толықтырғыштардың (қиыршық тас, құм, ұсақталған минералды ұнтақ) тығыздалған қоспасының қатуы нәтижесінде алынатын жасанды құрылыс материалы. Асфальтбетонды ірі толықтырғышсыз (қиыршық тас) құмды асфальт немесе асфальтті ерітінді деп атайды.
Асфальтбетонды қоспаны өндіру - бұл жол құрылысындағы ең энергия жұмсағыш үдерістердің бірі. Жанар-жағармай, энергетикалық ресурстардың шығыны, барлық автокөліктер мен қондырғылардың жағдайына тәуелді.
Асфальтбетонды кеңінен құрылыста магистральді, қалалық, аэродромдық, жол, жабындық және тағы да басқа төсемелер кезінде, гидротехникалық, көпір, өндірістік, тұрғын-азаматтық және басқа ғимараттар мен құрылыстар кезінде қолданады. Асфальтбетонның қолданысы оның құрамына байланысты болып табылады. Атап айтқанда ірі магистральдар үшін төселетін асфальтқа құм немесе басқа да ұсақ материалдар қосылмайды, тек ірі және ауырлыққа төзімді материалдарды пайдаланады, ал аса қатты ауырлық түсірмейтін жолдарға, мысалы тратуарлар мен тек адамдар, велосипедтер және сол сияқтылар жүретін жолдарға құмды немесе ұсақ материалдарды қолданады.
Асфальтбетонды төсеу үдерісі кезінде және асфальтбетон мен ерітінділерді нығыздау кезінде асфальтбетон массасының технологиялық белгісіне байланысты қатты, иілгіш, құйылған деп бөлуге болады.
Қатты және иілгіш массаларды нығыздау үшін ауыр және орташа ауыр катоктарды қолданады. Құйылған асфальтбетон массасын жиі арнайы қаумалағыштар (валками), жеңіл катоктар көмегімен нығыздайды немесе мүлдем нығыздамайды.
Асфальтобетонның түрлеріне жылы, суық, құйылған, түрлі - түсті түрлері жатады. Құрылыста сирегірек қолданылатын түрі - дегтебетон.
Жылы асфальтбетонды төсеме төменгі қабатты төсеу кезінде қолданады. Жылы асфальтбетонды дайындау үшін БНД 200300 және БНД 130200 маркалы тұтқыр мұнай битумдарын немесе сұйық битумдарды; сонымен қатар ыстық қоспалардағыға қарағанда ұсақталған әкті ұнтақ; қиыршық тас, жасанды құм, төзімді қож (шлак) қолданады. Дайын жылы массаның араластырғыштан шығар кездегі температурасы 90 - 130°С болу керек. Төсемеде нығыздау кезінде массаның рұқсат етілген температурасы: төменгі - 50°С, жылы ауа-райында және СГ 70130 маркалы битум кезінде; жоғарғы - 100 °С, суық ауа-райында жұмыс істегенде және СГ 130200 маркалы битумды қолданғандағы температурасы. Нығыздауды жеңіл және ауыр (12т) катоктармен жүзеге асырады; суық ауа-райы кезінде массаны суытып алмау үшін және оның ыңғайлы өңделгіштігін жоғалтып алмау үшін массаны төсеген соң бірден нығыздау ұсынылады. Нығыздалмаған қабат қалыңдығын жобаланған қалыңдықтан 15-20%-ға көбірек тағайындайды.
Суық асфальтбетон сұйық асфальт массасын қоршаған ауа температурасы кезінде төсеуге мүмкіндік беретін сұйық немесе сұйылтылған тұтқыр битумнан тұрады. Суық асфальтбетонды дайындау ыстық және суық күйде жүзеге асырылады. Ыстық күйде массаны дайындау үшін сұйық немесе сұйылтылған битумды, ал суық күйде - битумды эмульсияны қолданады. Суық асфальт жолдың жоғарғы қабатын жасау үшін және жөндеу жұмыстарын жасағанда қолданылады. Ылғал ауа-райында жұмыс істеген кезде битумды эмульсияда жасалған суық асфальтті қолданады. Суық асфальт суыққа төзімді карбонатты заттардан (әктастан, доломиттардан) жасалған қиыршықтасты және сығу кезінде беріктігі 8 МПа-дан кем емес шектегі доменді шлактарды қолданумен дайындалады. Сұйық немесе сұйылтылған битумның тұтқыр және жабысқақтық әсерін арттыру үшін суық асфальт құрамына минералды (әктасты) ұнтақты қосады.
Суық асфальт қоймада (8-10 айға дейін) ұзақ уақыт бойы борпылдақ түрде сақталуға қабілетті. Сондықтан суық асфальтобетонды массаны қыстыгүні дайындайды. Массаны қыста дайындау АБЗ-қа жыл бойы жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Суық асфальттың борпылдақ массасын өте ұзақ уақыт сақтағанда асфальтбетон ақырындап басылып қалады да, үйінділер пайда болады, бұл жағдайда қайтадан оны борпылдақ жағдайға келтіреді. Массаны араластырудың соңғы кезеңінде оның басылуын азайту үшін 2-3% хлорлы темір мен басқа арнайы заттарды (қоспаларды) қосу керек. Алайда механикалық жұмсарту оның сапасын төмендетеді.
Суық асфальт құрамында тұтқыр заттың бөлігі оптималды құрамды жобалаумен орнатылады. Төсеу кезінде суық асфальттың сапасы оның 20°С-та, сәйкесінше 1,5 -- 2,0 және 1,0 -- 1,5 МПа-да құрғақ және суға қаныққан жағдайында сығу кезінде төзімділігімен, суға төзімділік коэффициенті 0,6 - 0,8 кем емес көрсеткішімен және басқа да көрсеткіштермен сипатталады. Жалпы, асфальтбетонның бұл түрі органикалық мөлшерде қолданылады, бірақ оны төсеу перспективті болып табылатындығын атап кету керек.
Асфальтбетонды құраушы материалдар және оларға қойылатын талаптар. Асфальтбетон массасын дайындау кезінде қиыршықтас, ірі құмдар, құмдар, минералды ұнтақ және битумды қолданады.
Қиыршықтас - өлшемі 5-70 мм (гидротехникалық құрылыс үшін 150 мм) тас кесектері. Оны берік және аязға төзімді тау жыныстарынан жасалған тасты уату арқылы алады. Ұсақ тас (дресва) деп аталатын табиғи қиыршықтас та кездеседі. Тау жыныстарын қиыршықтасқа ұсақтау үшін жиі граниттар, диабаздар, базальттар, әктастар немесе доломиттар, сонымен қатар мықты доменді шлактар қолданылады. Қиыршықтас немесе ірі құмдар таза, 20 ... 40, 10...20 және 5...10мм фракцияларға бөлінген, суыққа төзімділігі Мрз25-тен кем емес, жұмсақ климаттық жағдайда - Мрз15-тен кем емес болуы керек.
Жол құрылысында төсем тасты, жарылған немесе жұмыр тасты, ернеулі тастарды қолданады. Бұл бұйымдарды атқылаған немесе шөгінді тау жыныстарынан жасайды, олардың беріктігі жоғары, суды сіңіруі төмен, соққылық және уатылған жүктемелерге жақсы қарсыласуы, аязға төзімді болуы, сондай - ақ мүжілумен бұзылмауы тиіс [7].
Техникалық талаптар. Қиыршықтас пен ұсақ тастар өндіруші өнеркәсіппен бекітілген технологиялық құжаттарға сай дайындалуы тиіс. Қиыршықтас пен ұсақ тастарды 5(3) - тен 10 мм-ге; 10 - нан 15 мм-ге; 10 - нан 20 мм-ге; 15 - тен 20 мм-ге; 20 - дан 40 мм-ге; 40 - нан 80(70) мм-ге дейін және қоспа фракциясы 5(3) - тен 20 мм-ге дейін фракцияда шығарады. Өндірушінің тұтынушымен келісуімен қиыршықтасты және ұсақ тастарды жеке фракциядан құралатын басқа да қоспа түрінде шығарады. Қиыршықтас пен ұсақ тастар суыққа төзімділігіне қарай келесідей марка түріне бөлінеді: F15, F25, F50, F100, F150, F200, F300, F400. Қиыршықтас пен ұсақ тастар қоспаға кедергі жасайтын бөгде заттарды құрамауы тиіс [8].
Қиыршықтастың түйіршіктері куб түрде немесе тетраэр формалы болуы қажет. Қиыршықтас инелі және жаңғақты формалы түрі нығыздау кезінде жоғары ұсақталу қасиетіне ие. Асфальтбетонды қоспаның А және Б типті түрлерінде негізгі жүктеме 65%-ды құрайтын қиыршықтасқа түсетін болғандықтан, инелі және жаңғақты формалы түрлерінің мөлшері сәйкесінше 15 және 25 % -бен шектеледі. Түйіршіктердің формасы асфальтбетонның қозғалуға төзімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Асфальтбетонның суға және суыққа төзімділігі битумның минералды материал бетімен, сонымен бірге қиыршықтастың жабысуы арқылы анықталады. Ең жақсы жабысатын қиыршықтас түрлеріне негізгі және ультранегізгі тау жыныстарының атқылауынан пайда болатын қиыршықтастар мен карбонатты шөгінді жыныстардан жасалған қиыршықтастар жатады [9].
Құм - түйіршіктерінің ірілігі 5 мм-ге дейін болатын бейорганикалық сусымалы материал. Құм өндіруші өнеркәсіппен бекітілген технологиялық құжаттарға сай дайындалуы тиіс. Құм сапасының нормаланған көрсеткіштеріне (түйіршіктердің құрамы, шаң тәріздес және балшықты бөлшектердің болуы) байланысты екі классқа бөлінеді. Ұсақтағыштың қалдықтарындағы құмдарды тау жыныстарының төзімділігіне тәуелді маркаларға бөледі. Атқылаған және метаморфты тау жыныстар 60 МПа-дан кем емес қысу кезінде, ал шөгінді жыныстар 40МПа-дан төмен емес қысымда төзімділік шегіне ие болуы керек. Бетонды құраушы ретінде қолдануға арналған құм цементтің сілтілерінің химиялық әсеріне тұрақты болуы қажет. Құмның тұрақтылығын минералды-петрографиялық құрам бойынша және зиянды компоненттер мен қоспалардың болуына байланысты анықтайды. Табиғи құм натрий гидроксиді (ГОСТ 8735 бойынша органикалық қосылыстарға колориметриялық сынама) ерітіндісімен өңдегенде қоспаға эталонға сәйкес келетін немесе эталон түсінен қоюлау түс бермеуі қажет. Құмға қолдану аясына байланысты радиационды-гигиеналық баға берілуі тиіс [10].
Минералды ұнтақ сығу кезінде 20,0 МПа - дан кем емес төзімділік шегі бар және саздық қоспасы 5% аспайтын әктастарды және доломиттарды, сонымен қатар доменді шлактар немесе асфальтті түрлерін ұсақтау жолымен дайындалады. Ұсақтау деңгейі бойынша ұнтақ (ылғал кезінде) 1,25 мм тесіктері бар тор арқылы өту қажет, ал 0,071 мм - дан ұсақ бөлшектердің болу 70%, ал 0,315 мм - ден кем бөлшектер - 90% болу керек. Активтендірілген ұнтақтың кеуектілігі аз, асфальтбетонда біркелкілікпен араласқан болады және асфальтбетонның битум сыйымдылығын азайтуға, мықтылығын, тығыздығын, жылу тұрақтылығын, су өткізбейтіндігін жоғарылатуға септігін тигізеді. Оның үстіне, активтендірілген ұнтақты пайдаланғанда бетон қоспаның температурасын төмендету, араластыру уақытын қысқарту және ыңғайлы төсемділігін жақсарту мүмкіншілігі туады [7].
Техникалық талаптар. Минералды ұнтақ өндіруші өнеркәсіппен бекітілген технологиялық құжаттарға сай дайындалуы тиіс. Минералды ұнтақ борпылдақ болуы керек. Активтендірілген минералды ұнтақ түсі мен құрамы бойынша біркелкі болуы қажет. Бір партияда ұнтақ сынамасына қосылатын активтендіргіш қоспаның мөлшері ұнтақ массасына +- 0,15 % - тен аспауы керек.
Кесте 1.
Минералды ұнтақтың физикалық-химиялық қасиеті
Ұнтаққа арналған норма
Көрсеткіш атауы
активтендірілген
Активтендірілмеген
Түйіршік құрамы, % массасы бойынша, кем емес:
1,25 мм - ден аз
100
100
0,315 мм
95
90
0,071 мм*
80
70
Кеуектілік, % көлемі бойынша, артық емес
30
35
Ұнтақ қоспасын үлгілерінің битуммен ұлғаюы, % көлемі бойынша, артық емес:
Ұнтақта балшықты қоспалардың болуы 5%-дан жоғары емес (бір жарымдық Аl2O3 + Fe2O3 қышқылдары массасына сәйкес 1,7 %-дан жоғары емес)
1,5
2,5
Ұнтақта балшықты қоспалардың болуы 15%-дан жоғары емес (бір жарымдық Аl2O3 + Fe2O3 қышқылдары массасына сәйкес 5 %-дан жоғары емес)
Битумсыйымдылық көрсеткіші, г, артық емес:
2,5
(34)

50
65

Ылғалдылық, % массасы бойынша
0,5
1,0
Активтендірілген минералды ұнтақ гидрофобты болуы қажет [11].
Битумдар табиғи және мұнайлы болады. Табиғи битум мұнайдың жасанды түр өзгерту өнімі болып табылады. Олар кейде таза күйінде көлдерді құрайды, қатты қалдықтар түрінде - асфальтиттер, бірақ жиі тау жыныстары - әктастар, доломиттар, құмдар сіңіреді. Битум мөлшері 10-80 %. Бұл жыныстардан битумды әр түрлі еріткіштер көмегімен экстракциялау арқылы алады.
Негізінен жол салу үшін өндірілетін асфальтбетон үшін мұнайлы битумды қолданады. Олардың бағасы табиғи битумға қарағанда, 5 - 6 есе төмен болып табылады [7].
Кесте 2.
Битумның физикалық-химиялық қасиеті [12]
Көрсеткіштер атауы
БНД 200300
БНД 130200
БНД 90130
БНД 6090
БНД
4060
БН
200300
БН 6090
Зерттеу әдістері
Иненің бату тереңдігі, 0,1 мм:
25°С кезінде
0°С кезінде, кем емес
201-300
45
131-200
35
91-130
28
61-90
20
40-60
13
201-300
24
60-90
10
ГОСТ 11501
КиШ бойынша жұмсару темп, °С, төмен емес
35
40
43
47
51
33
45
ГОСТ 11506
Созылмалылығы, см, кем емес
25°С кезінде
0°С кезінде
-
20
70
6,0
65
4,0
55
3,5
45
-
-
-
70
-
ГОСТ 11505
Сыну температурасы, °С, жоғары емес
-20
-18
-17
-15
-12
-14
-6
ГОСТ 4333
Асфальтбетон массасын дайындау үдерісі кезінде көрсетілген компоненттерден басқа кей жағдайда беттік активті заттар (БАЗ: анионды - және катионды органикалық ерітінділер) қосады, олар дайын асфальтбетон сапасын арттырады. Анионды БАЗ өкілдері ретінде жоғары карбонатты қышқылдарды және олардың тұздарын, катионактивтілерден - төртіншілік аммонийлік негіздерін, амин тұздарын түзеді. Анионактивті БАЗ битумның карбонатты түйіршіктермен ілінісуін жақсартады. Әсіресе, ылғалды минералдық толтырушыларды қолданғанда, асфальтбетон массасының қызу температурасын төмендетіп, араластыру ұзақтығын қысқарту үшін, битумның ескіруін азайту және жол жабыны тезірек қалыптасуы үшін БАЗ қолдану өте тиімді. Бұл заттар құрылыс мезгілінің уақытын ұзартады, техникалық операцияларды жеңілдетеді және материалдың сақталу мерзімін ұзартады [7].
4.1.2 Цементбетон
Цементті бетон туралы айтпас бұрын, цементтің өзімен танысып алған жөн. Цемент - ұсақталған минералды ұнтақтар, олар сумен әрекеттескенде иілгіш массаны құрап, уақыт өте келе қатты тасты денеге айналады. Кеңінен қолданылатын портланд - цемент деп аталатын цементтің түрін мергель түріндегі табиғи шикізатты немесе әктасты балшық және басқа материалдармен араласқан жасанды қоспасын жоғары температурада (1400-1500°С) күйдіру арқылы алады. Күйдіру арнайы пештерде жүргізіледі. Әдетте цементті күйдіргіш пеш - үлкен, ұзындығы 100 -150 метр, іші отқа төзімді кірпішпен қапталған және ақырын айналатын көлденең орналасқан цилиндр.
Жол құрылысында әдетте портланд цементті қолданады. Алайда бұл цемент жоғары төзімділікке, атмосфералық жағдайларға (суыққа төзімділікке) төзімділікке және температуралар ауысуына тұрақтылыққа ие болуы тиіс. Аталмыш талаптарға сай портланд - цементті барлық зауыттар шығара алмайды. Жол құрылысында қолданылатын цементке қойылатын техникалық жағдайлар тұрақтылығы төмен минерал - үш кальцийлі алюменаттың мөлшерін (9% - ке дейін) шектеуді қарастырады. Жол цементінің маркасы 500-ден кем емес болуы қажет. Портланд - цемент 300; 400; 500; 600; және 700 маркалы түрде шығарылады. Цемент маркасы - шартты шама және стандартқа сәйкес келетіндігі зерттелген және цементті қоспадан дайындалған үлгілерді сығу кезінде төзімділігі маркаға сәйкес сандардан төмен болмайтындығын білдіреді.
Төзімді, ұзақ мерзімді, тозуға төзімді цементті бетон - жол төсемесі мен жабынына қолданылатын жақсы материал. Есептер цементті бетонды қолданған кезде халық шаруашылығына үлкен үнемдеу әкелетінін көрсетті. 1913 жылдың өзінде Тифлиста ең алғаш бетонды жабын қолданылған бірінші жол салынды. Тікелей экономикалық тиімділікпен қатар, жолды эксплуатациялау кезінде бетонды төсеме айтарлықтай техникалық - экономикалық артықшылықтарды береді. Бетонның жоғары ұзақ мерзімділігі жөндеу жұмыстарының шығынын минимумға дейін қысқартады. Жақсы салынған цементбетонды төсеме қолданылатын жолдар жөндеу жұмыстарынсыз бірнеше ондаған жылдар бойы қызмет көрсете алады. Цементбетонды жол жабыны 18-24 сантиметрлі қалыңдықтағы тақталар болып табылады [5].
Қазіргі уақытта тас жол жасау құрылысында цементті бетондар кеңінен қолданылады. Бұл автомобиль жолдарының негізіне және төсеуге қойылатын талаптардың жоғарылауына негізделген. Сапалы және арзан жол төсемесін алу үшін автомобиль жолдарын салу технологиясын, цементбетонның сапасын арттыруды жоғарылату қажет, сонымен қатар өндірістің қалдықтарын қолданған жөн. Цементті бетондарды қолданған кезде аз энергия жұмсалады, байланыстар арасындағы (швами) қашықтық өседі, аз шөгінді қамтамасыз етіледі және құрылыс ұзақтығы қысқарады. Нығыздалатын бетондардағы темірлі кварциттердің ылғал магнитті сеперациясының қалдықтары негізінде аз су қажет ететін тұтқыр мен ұсақталған цементті қолдану құрылыс аймағының ерекшеліктері мен нақты жағдайларына байланысты оның мықтылығын өзгертіп, бетон құрамын модельдеу мүмкіндігін туғызады және бетонды қоспаның ең қымбат тұратын компоненті - цементті үнемдеуге мүмкіндік береді.
Шет елде ХХ ғасырдың 80 жж.-нан бері төселетін бетонды зерттеулер алғашқы рет жүргізіле бастады. Бастапқы кезде оны плотина құрылысында қолданды (қазіргі заманда да қолданылып жүр) [13].
Цементті бетон - маңызды құрылыс материалы, бірақ одан жасалған құрылыстар шын мәнінде ұзақ мерзімді және төзімді болу үшін бұл ерекше материалды жақсы білу қажет. Цементті бетонның басқа материалдардан ерекшелігі - оның сапасы төсеу кезінде құралады. Цементті және бетонды дайындау техникасы үздіксіз дамып келеді. Бұның негізінде жол жасау құрылысының техникасы да даму үстінде. Әрбір құрылысшы - жол жұмыскерлеріне қойылатын тапсырма - цемент пен бетонның қасиетін жақсы меңгеріп, бұл материалдарды рационалды және тиімді түрде қолдану [5].
4.2 Асфальтбетонды өндіру технологиясы
Асфальтбетонды массаны өндіру тұрақты және уақытша зауыттарда жүзеге асырылады. Тұрақты асфальтбетон зауыты (АБЗ) - массаны көп мөлшерде шығарады және ірі құрылыс нысандарында бірнеше жылға шыдайтын асфальтбетон жабынының құрылысы үшін, мысалы қалалық жол жабынын салу үшін арналған АБЗ. Уақытша АБЗ үлкен емес немесе ірі объекттілерді, бірақ бір бағытта созылған - магистральді автомобильді жолдар және басқаларын асфальтбетон массасымен қамтамасыз ету үшін арналған.
Асфальтбетон массасын өндіру зауыттары жоғары механикаландырылған өнеркәсіптерге жатады. Заманауи зауыттарда технологиялық процесстерді толық механикаландыру мен автоматтандыруға қол жеткізілген. Зауыт құрамына мыналар кіреді: араластырғыш цех, асфальтбетон массасын дайындауға арналған машиналар мен қондырғылар, қиыршықтас дайындау үшін ұсақтағыш-бөлгіш цех, минералды ұнтақты дайындау үшін ұнтақтағыш цех, битумды шаруашылық цехы, энергияқуатты және буқуатты бөлім, қоймалық шаруашылық, жөндеу - механикалық ұстахана және сапаны техникалық бақылау бөлімі ішіндегі лаборатория.
Технологияның негізгі операциясы - жобалық құрам бойынша белгілі бір мөлшерде алынатын бастапқы және дайындалған материалдарды араластыру. Араластырғыш аппараттан шығатын массаның температурасы 15 - 180°С (жылы массаларда жоғары, ал суық массаларда төмен) болады. Кейде асфальтбетон массасының құрамына битуммен бірге арнайы дозатор көмегімен дозаланған беттік-белсенді заттарды енгізеді.
Үздіксіз жұмыс істейтін араластырғыштарда қоспаны дайындаудың технологиялық үдерісі келесі негізгі жұмыстардан тұрады: минералды материалдарды дайындау (қиыршықтас пен ұсақ тастарды қажет температураға дейін құрғату және қыздыру, алдын-ала фракциялары бойынша дозалау және жіберу); суық минералды ұнтақты дозалау және жіберу; битумды дайындау (жұмыс температурасына дейін қыздырып, қажет жағдайда беттік активті заттарды қосу, тұтқыр затты дозалап араластырғышқа жіберу); ыстық минералды материалдарды суық минералды ұнтақпен және тұрақтандырғыш қоспалармен құрғақ араластыру, араластырғышқа битумды жіберу; минералды материалдарды битуммен ылғал араластыру, содан соң дайын асфальтбетон қоспасын жинағыш бункерге немесе автомобиль-самосвалдарға жіберу.
Суық минералды материалдарды (қиыршықтас, ұнтақталған құм және ұнтақ қалдықтарынан алынған құм) қоймадан ленталы тасымалдағыштар арқылы салмақтық дозатор немесе көлемдік дозаторлары бар қабылдағыш бункерлерге, құрғатқыш барабанға материалдарды дозалау үшін жібереді.
Ескерту: минералды материалдардың әр фракциясы сәйкес келетін бункерлерге жіберіледі. Бункер қабырғасының биіктігі материалдарды көршілес бункерге шашыраудан қорғайтындай болуы тиіс. Зауыт жұмысы барысында барлық бункерлерге материалдар бірдей уақытта жіберілуі қажет.
Дозаланған суық және ылғал минералды материалдар құрғатқыш агрегаттың барабанына түседі. Ол жерде материалдар құрғатылып, 150-160 °С -қа дейін қыздырылады.
Ескерту: құрғатқыш барабанның температурасын реттеу форсунка арқылы жүзеге асады. Егер құрғатқыш барабанға түсетін минералды материалдардың ылғалдылығы жоғары болса, оның ылғалдылығын форсункаға жіберілетін жанар-жағармайды көбейту арқылы емес, құрғатқыш барабанға жіберілетін ылғал материалдарды шектеу арқылы азайту керек.
Құрғатқыш барабаннан қиыршықтас пен құм іріктегіш-дозалаушы қондырғыға жіберіледі, мұнда ыстық минералды материал виброгрохот жүйесі арқылы асфальтараластырғыштың ыстық бункеріне жеке - жеке фракциялары бойынша жеткізіледі. Белгілі бір фракциядағы минералды материалдар жиналатын бункерлерден салмақтық бункер-дозаторға жіберіледі. Фракцияланған ыстық минералды материалдарды дозалау салмағы бойынша жүзеге асады. Минералды ұнтақты суық күйінде жеке дозалайды.
Алдын-ала құрғатылған жұмыс температурасына дейін қыздырылған тұтқыр битумды битум сорабы арқылы асфальтараластырғышқа салмақтық немесе көлемдік дозалайтын қондырғы арқылы береді.
Ескерту: Үздіксіз жұмыс істейтін сорап битумды жұмыс қазандығынан сорады немесе дозалайтын қондырғыға немесе қайтадан битумсақтағышқа жібереді.
Битумды резервуарлар араластырғыштармен немесе коллоидты араластырғыштармен қамтамасыз етілуі тиіс.
Тұтынушыға жіберілетін дайын асфальтбетон қоспасының температурасы ауаның температурасына сәйкес келуі керек (+25 °С -тан жоғары емес).
Асфальтараластырғыш қондырғыда жұмыс кезінде минералды материалдың ылғалдылығын есепке алу қажет. Минералды материалдардың ылғалдылығын үнемі бақылап отыру жанар-жағармайдың және электрэнергияның шығынын бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Қоспаны дайындау кезінде қателік қиыршықтас пен құм үшін +-3%, ал минералды ұнтақ пен битум үшін +-1,5%-дан аспауы тиіс.
Суық асфальтбетон қоспасын жазғы уақытта ашық штабельде 2 айдан аспайтын уақытқа дейін сақтауға болады. Қыста қоспаны сақтауды жабық қоймада немесе шатырдың астында сақтаған жөн.
Асфальтбетон массасын суытып алмау үшін оны төсейтін жерге барар жолда автомобиль - самосвал кузовын брезент, ағаш қалқандар және тағы басқалар арқылы жауып қою керек [7].
4.2.1 Асфальтбетон өндіру кезіндегі қауіпті және зиянды факторлар
Асфальтбетон және басқа түрлі қоспаларды дайындайтын техникалық қондырғылар шығатын зиянды газдардан тазалау жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс. Шаң-газ тазартқыш жүйелер ылғалдылық өзгерген кезде және материалдарды жіберу сатысында, шығарылатын қоспаның құрамы өзгерген сәтте, қондырғыны өшіру немесе қосу кезінде үздіксіз тазартуы қажет. Тазартудың тиімділігі жүйелі түрде тексеріліп отыруы тиіс. Асфальтбетон қоспасын өндіруде адам ағзасына кері әсерін тигізетін зиянды және қауіпті факторлар болады.
Асфальтбетон зауытының аймағында зиянды заттар негізінен келесі цехтарда шығарылады: битумды дайындау цехында; минералды материалды дайындау мен өндіру цехында (қиыршықтас пен құмның қоймаларында, ленталы тасымалдағыштар, діріл); қазандықтарда, гаражда, ГСМ қоймаларында.
Жұмыс аймағында негізінен келесідей заттар шығуы мүмкін: құрамында әр түрлі қостотықты кремнийі бар бейорганикалық шаң, көмірсутектер, карбит көміртегінің оксидтері, күкіртті ангидрит, күкірт оксиді, күл, қорғасын және оның бейорганикалық қосылыстары.
Асфальтбетон зауытында қауіпті және зиянды факторларға тастардың, минералды материалдардың ленталы тасымалдағыштан сыртқа ұшуы, жоғары кернеумен жұмыс істейтін қондырғылардан ток соғу қауіпі, битумсақтағыш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz