Мәдениет тарихы мен өркениет тарихы



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
А. Мәдениет туралы әртүрлі ғылыми концепциялар, тұжырымдар
Ә. Өркениет туралы ой.пікірлер
Б. Мәдениет және өркениет арақатынасы, байланысы, зандылықтар, ерекшеліктері
3. Қорытынды
Мәдениет тарихы мен өркениет тарихының бірін-бір толықтырушы ұғымдар екенінін, өркениеттің бүгінігі күннің өмір сүру формасы екендігіне ғылыми талдау жасау.
Мәдениет және өркениет ұғымы көбінесе бір-бірінен ажыратылмай, тең қаралады. Олар шынында да ұқсас болып келеді, бірақ олардың арасында едәуір өзгеріс бар.
«Өркениет» термині «мәдениет» терминіне қарағанда кеш ХVIII ғасырда ғана пайда болды. Оның авторы, бір версия бойынша шотланд философы А. Ферпоссон болып саналады, ол адамзат тарихын жабайылық, варварлық және өркениет деп бөлді, соңғысын ол қоғамдық дамудың жоғары дәрежесі ретінде түсіндіреді. Басқа версия бойынша «өркениет» терминін француздың ағартушы-философтары ойлап тапқан және екі мағынада қолданылған, кең және тар мағынада. Біріншісі Ферпоссонның тұжырымымен үндес, ақыл-парасат, әділдік және діни шыдамдылық бастауына негізделген жоғары дамыған қоғам дегенді білдіреді. Екінші мағынасы «мәдениет» ұғымымен тығыз байланысты және адамның нақты қасиеттері – ақылдылықтың, білімділіктің, сыпайлылықтың жиынтығын білдіреді. Оны игеру ХVIII ғасырдың элитарлы париж салондарына жол ашты.
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін үғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
1. И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва, 1977, с. 252.
2. Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет.
3. Мәдениеттану. Ғабитова Т.Х., Мүтәліпов М., Құлсариева А., А., 2004
4. Мәдениеттану сөздігі. Құлсариева А., т.б А., 2001
5. Мәдени-философиялық энциклопедия. Ғабитова Т.Х., т.б А., 2004
6. Қазақстан мәдениеті теориясы мен тарихының кейбір мәселелері – А., 2001.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
А. Мәдениет туралы әртүрлі ғылыми концепциялар, тұжырымдар
Ә. Өркениет туралы ой-пікірлер
Б. Мәдениет және өркениет арақатынасы, байланысы, зандылықтар, ерекшеліктері
3. Қорытынды

Кіріспе
Мақсатым: Мәдениет тарихы мен өркениет тарихының бірін-бір толықтырушы ұғымдар екенінін, өркениеттің бүгінігі күннің өмір сүру формасы екендігіне ғылыми талдау жасау.
Мәдениет және өркениет ұғымы көбінесе бір-бірінен ажыратылмай, тең қаралады. Олар шынында да ұқсас болып келеді, бірақ олардың арасында едәуір өзгеріс бар.
Өркениет термині мәдениет терминіне қарағанда кеш ХVIII ғасырда ғана пайда болды. Оның авторы, бір версия бойынша шотланд философы А. Ферпоссон болып саналады, ол адамзат тарихын жабайылық, варварлық және өркениет деп бөлді, соңғысын ол қоғамдық дамудың жоғары дәрежесі ретінде түсіндіреді. Басқа версия бойынша өркениет терминін француздың ағартушы-философтары ойлап тапқан және екі мағынада қолданылған, кең және тар мағынада. Біріншісі Ферпоссонның тұжырымымен үндес, ақыл-парасат, әділдік және діни шыдамдылық бастауына негізделген жоғары дамыған қоғам дегенді білдіреді. Екінші мағынасы мәдениет ұғымымен тығыз байланысты және адамның нақты қасиеттері - ақылдылықтың, білімділіктің, сыпайлылықтың жиынтығын білдіреді. Оны игеру ХVIII ғасырдың элитарлы париж салондарына жол ашты.
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін үғым -- өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің -- civilis сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды варварлықтар деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, өркениет олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі үғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор).
2. Өркениет -- мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
3. Өркениет -- мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
4. Өркениет -- тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган).
5. Өркениет -- этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және т.б.).
6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен.
Мәдениет (араб тілінде маданият - қала деген мағынаны білдіреді) - адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және осы қызметтің жемістері мен нәтижелері.
Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бүлардың арасында ең түбегейлісі -- мәдени әрекет. Әрекеттену -- жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.
Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. Салт-дәстүр, -- дейді белгілі философ Гердер, -- тіл мен мәдениет бастауларының анасы. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: Олар -- терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі.
Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі үлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн.
Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды үғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді апиын деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты.
Ал шындығында діни Ренессанс (ренессанс -- француз сөзі -- қайта жаңғыру) мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ.
Мәдениеттің өзекті бөлігі -- өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз.
Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі -- оның әсемдікке, сұлулыққа үмтылуы.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет -- адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам -- хайуани мадани, яғни, Мәдениетті жан. Адам -- табиғат туьндысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет пен өркениеттегі ғылым
Қазақ ұлты және өркениет
Қазақстан және Әлемдiк өркениет
Философия мен мәдениет
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынасы
Мәдениет философиясы туралы
Ғылым және мәдениет
Мәдениет және өркениет туралы
Мәдениет құрылымының негізгі анықтамалары, ізденушіліктің негізі
Батыс пен Шығыс әлемі
Пәндер