Мемлекеттік тілдің ақпарат құралдарындағы қызметі


Мемлекеттік тілдің ақпарат құралдарындағы қызметі
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І тарау. Қазақ тілі − мемлекеттік тіл . . . 7
1. 1. Мемлекеттік тіл ұғымы және оның құқықтық аспектілері . . . 8
1. 2. Мемлекеттік тілдің корпустық лингвистикадағы қызметі . . . 19
ІІ-тарау. Мемлекеттік тілдің электронды ақпарат құралдарындағы қызметі . . . 35
2. 1. Ғаламтор, терминал, банкоматтағы мемлекеттік тілдің қызметі . . . 35
2. 2. Телефон тілі . . . 53
Қорытынды . . . 61
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 66
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі заманғы қоғам, тауарлар, қызметтер және еңбек нарығы көп жағынан алғанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қарқынды дамуымен байланысты өзгерістермен сипатталады. Кәдімгі адам өміріндегі компьютердің қызметі екпінмен артып келеді. Компьютер қоғамдық өмірдің барлық дерлік: білім беру мен медицинада, телевизия және радиода, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және т. б. тиімді көмекші құрал бола алатын салаларында қолданылады. Бүгінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар шағын кәсіпорындардың, дүкендердің, мекемелердің, жұмысқа орналастыру бюроларының, тіпті фермалардың да ажырамас жабдығына айналып отыр. Компьютерлік жүйелер көмегімен құжаттар жүргізіп, электронды пошта және мәліметтер банктермен қатынас қамтамасыз етіледі. Компьютерлер кең ауқымды өндірістік міндеттерді атқаруда қолданыс тауып, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің, тіпті әлемнің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады. Тәуелсіздігімізді енді алған жас мемлекетіміздің алдында жаһандану процесстері тудырып отырған осы тектес тенденциялар мемлекеттік тілімізді де еріксіз осы алаңдарға тартып отыр. Ал біздің қолымызда мемлекеттік тіліміздің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңістігінде, яғни электрондық кеңістікте барынша өміршең әрі қолданбалы болуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл өз кезеңінде тіл мамандарының да еріксіз осы алаңға тартылатынын айғақтайды. Біздің бүгінгі еңбегіміз де осы бағытта жасалған алғашқы қадамдардың бірі болмақ.
Мәселенің тағы бір жағы еліміз тәуелсіздік алған соңғы он бес жыл ішінде қоғам өмірінің барлық саласында қалыптасқан стереотиптер бұзылып, көптеген өзгерістер орын алғаны айқын. Осындай өзгерістер жаңалық жаршысы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарында айрықша көрініс берді. Мұның өзі жалпы ақпараттық кеңістікте көптеген ізденістер мен шығармашылық әдістердің алуан түрде қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдайға жарты ғасырдан астам үстемдік еткен Кеңестік цензураның алынып тасталуы, егемендікпен қатар қол жеткізілген шығармашылық еркіндік, нарық жағдайындағы баспасөз қызметіндегі жаңаша үрдіс, БАҚ түрлерінің көбеюіне байланысты ақпараттық кеңістіктегі бәсекенің артуы бір себеп болса, бұқаралық сананың жаңа сатыға көтерілуі, алдыңғы ұсынылған нәрсені оқып бас шұлғуға мәжбүр болған тізгіндеулі күйден өткен аудиторияның БАҚ-қа қойылатын талаптадың арта түсуі, жалпы оқырман, тыңдарман, көрерменнің қабылдаушы ретіндегі талғамының да өсуі екінші себеп болды. Бұл ретте де электрондық ақпарат құралдарының осы кезеңде қарыштап дамуы тіл алаңында жаңа тенденциялардың белең алғанын көрсетіп берді. Бұл тенденциялардың басты белгісі ретінде тағы да ұлттық тілдердің халықаралық процесстерге, жаһандану тенденцияларына төтеп беріп өміршеңдігін сақтай алуымен көрініс тапқанын айта аламыз.
Осы ретте біздің де «Мемлекеттік тілдің ақпарат құралдарындағы қызметін» саралаған дипломдық жұмысымыздың өзектілігі танылса керек. Себебі, аса ауқымды ақпараттық кеңістікті қамтитын медиа-мәтін бүгінде социумның когнитивтік санасын құрайтын діни, саяси, әлеуметтік, мәдени, тарихи т. б. факторлардың барлығын тілдік санада айшықтай отырып; бұқаралық санаға ықпал етуші қуатты құралға айналды. Бұл жерде медиа-мәтінді бұқаралық сананы реттеп, қажетті идеологиялық бағытқа бейімдеп отыратын саяси тетік деуге де болады. Мұны күнделікті баспасөз бетінде көрініс табатын саяси дискурстан байқауға болады. Бұл пікіріміз бүгінгі ресми басылымдардың тақырыптық-құрылымдық өзегін құрайтын саяси мәтіндерге лингвопрагматикалық талдау жасағанда қуаттала түседі.
Зерттеу нысанасы. Қазіргі қазақ ақпараттық кеңістігіндегі мемлекеттік тілдің қызметі, даму перспективасы мен бүгінгі жай күйі, қолданыс аясы мен технологиялық мүмкіншіліктері диплом жұмысының негізгі обьектісі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу мақсаты - қоғамдағы саяси-әлеуметтік ахуалға байланысты мемлекеттік тілдің бүгінгі даму кезеңінде орын алған өзгерістердің қазіргі қазақ ақпараттық құралдарындағы көрінісін жан-жақты қарастыра отырып бүгінгі технологиялық прогресске мемлекеттік тіліміздің қаншалықты ілесіп отырғанын анықтау, болашақ даму бағыттарын бағамдау болып табылады. Бұл үшін мынадай міндеттер қойылды:
- Мемлекеттік тіл ұғымын халықаралық келісімдер мен конвенциялар, саяси-құқықтық аспекті бойынша анықтап, лингвистикалық, концепциялық талдау арқылы дефинициялық негіздемесін жасау;
- Мемлекеттік тіліміздің тарихына саяси-әлеуметтік аспектіде шолу жасау;
- Мемлекеттік тілді тіл біліміндегі компьютерлік лингвистиканың жаңа саласы корпустық лингвистика ғылымымен байланыстыра отырып, оның электрондық ақпараттық кеңістіктегі мүмкіндіктеріне тоқталып, осы мүмкіндіктерге жету жолындағы негізгі мәселелерді сипаттау;
- Корпустық лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі қалыптасу, даму жолын саралау;
- Корпустық лингвистиканың әлемдік тіл біліміндегі жетістіктері мен олардың қазақ корпустық лингвистикасына қолдану мүмкіншілігін бағамдау;
- Жаһандану тенденциялары мен технологиялық прогресстердің нәтижесінде құлаш жайған электрондық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдің рөлін сипаттау;
- Ақпараттық сайттар, порталдар, блогтардағы мемлекеттік тілдің қолданысын саралау;
- Терминал, банкомат, чектердегі мемлекеттік тілдің қолданысын сипаттау;
- Техникалық құралдардың ішіндегі қазірде кең қолданысқа ие болып отырған ұялы телефондардағы мемлекеттік тілдің жай күйін бағалау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Дипломдық жұмысымыздың бірінші бөлімінде мемлекеттік тілдің статусын белгілеп берген саяси құжаттар мен заңдар, энциклопедиялар, корпустық лингвистика бойынша отандық ғалымдар мен шетелдік ғалымдар еңбектері негізге алынса, екінші бөлімде қазақ тілді ақпаратық сайттар, «тіл жанашыры» жобасы келтірген мәліметтер мен статистика комитеті келтірген деректер қолданылды.
Жұмыста қолданылған зерттеу әдістері мен тәсілдері . Дипломдық жұмыста тілдік материалды жинақтау, салыстыру, саралау, жүйелеу, талдау, қорытындылау, сипаттау, компоненттік (семалық) талдау әдісі және концептуалды, мәтіндік - контекстуалдық, ұғымдық талдау, интерпретациялық талдау, эксперименттік сауалнама әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Осы күнге дейін құрылымдық лингвистика тарапынан бірнеше ғылыми еңбекте қарастырылған тілдің ақпарат құралдарындағы қызметі жұмысымызда алғаш рет антропоөзектілік дискурс тұрғысынан қарастырылып отыр. Одан бөлек мемлекеттік тілдің терминалдар мен банкоматтардағы қызметі, телефон функцияларымен үйлесімі талданды. Осыған орай жұмысымызда тіл білімінің қолданбалы қырлары танылды және жұмысымыздың практикалық мәніне көп көңіл бөлінді.
Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар :
- бүгінде ақпараттық құралдар биліктің төртінші тармағы деген атауға лайық екені баршаға мәлім, қоғамдағы бұқаралық коммуникацияны жүзеге асырушы маңызды құрал болғандықтан оның бүкіл қызметі мемлекеттік тілді әлеуетін арттыруға, қоғамдық бірлікті сақтауға жұмылдырылуы тиіс;
- мемлекеттік тіл қоғамдық бірліктің ең басты кілті;
- корпустық лингвистика − мемлекеттік тілді электрондық ақпараттық кеңістікке жетелейтін алғашқы әрі негізгі саты;
- корпустық лингвистика − мемлекеттік тілдің ұлттық электрондық қорын жасауға мүмкіндік беретін қолданбалы ғылым саласы;
- электрондық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдің қолданысындағы негізгі тосқауылдар көбіне қазақ тіліне тән қаріптердің орнатылмауы мен аударманың қателіктерінен болады;
- мемлекеттік тілдің ұялы телефон, терминал, банкоматта болмауы немесе болған күнде сапасы төмендігі оларға қойылған мемлекеттік стандарттың бекітілмеуінен туындап отыр;
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу қорытындысы бойынша жасалған тұжырымдар жалпы тіл біліміндегі және қазақ тіл біліміндегі корпустық лингвистика саласының әрі қарай дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің электрондық ақпараттық құралдарында даму тұжырымдамасын жасауда теориялық негіз қызметін атқарады.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарында « Қазақ баспасөзі тарихының қазіргі кезеңі», «Корпустық лингвистика», «Компьютерлік лингвистика», «Прагмалингвистика», «Сөз мәдениеті», «Журналистік шеберлік» сияқты ғылыми курстар мен арнаулы семинарлар жүргізуге, сондай-ақ қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін құрастыру барысында пайдалануға болады. Одан бөлек мемлекеттік тілдің корпусын құруда, электрондық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдің қызметін арттыруға, мемлекеттік тілдің электрондық ақпарат құралдарына қатысты халықаралық техникалық стандартын жасауда да осы жұмыстың теориялық базасын негізге алуға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы . Дипломдық жұмыс құрылымы кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Қазақ тілі − мемлекеттік тіл
1. 1. Мемлекеттік тіл ұғымы және оның құқықтық аспектілері
Бүгінде тәуелсіздігін алып қанатын кеңге жая бастаған мемлекетіміз өзінің өткені мен өткергенін түгендеп, бүгінін, болашағын бағдарлап келелі саясат жүргізіп келе жатыр. Осы ретте кез-келген ұлттың ұлттығын танытатын негіздердің бірі ұлт тілін ұлықтау бағыттарындағы жұмыстар да қайта қолға алына бастады. Бірақ барлық кезде мұндай кеңдік бола қойған жоқ. Себебі бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміз кешегі орталықтандырылған КСРО мемлекеті ыдырап, ұлттық қажеттілікке орай, демократиялық негізде тәуелсіз мемлекеттер бірі ретінде құрылды. Бұл орныққан жаңа әлеуметтік-саяси ахуал қоғамның да, оның халқының да санасына айтарлықтай сілкініс туғызды. Қоғамға, халық пен оның тарихына деген көзқарас та түбегейлі өзгеріске ұшырады. Шын мәнісіне келгенде тәуелсіз елдің тілі де тәуелсіз дамуы тиіс болды. Сондықтан тәуелсіздік алған көптеген елдер бұрынғы кіріптарлықтан, ұлттық кемітушіліктен арылу үшін өз ұлтының тіліне мемлекеттік мәртебені беріп, сол арқылы ұлттық сананы, өзіндік мемлекеттік сәйкестілігін (идентичность) қалыптастыруға ұмтылды. Дегенмен, бұл көпұлтты болып келетін республикаларда біреулер үшін қуаныш сезімін тудырса (республиканың титулдық ұлттары үшін), енді бірқатарына (орыс, орыстілділер үшін ) салмақты қауіп-қатер әкелетіндей көрініп, тілдік өмірді шиеленіссіз қалдырмады. Бұл алдымен мемлекеттік тіл ретінде жарияланған байырғы халық тілдерінің (республиканың титулды ұлты) өз мәртебесіне лайық қызмет атқаруына айтарлықтай кедергілер жасады. Мұның себебі біріншіден, «мемлекеттік тіл» ұғымының дағдылы түрде қалыптаспағандығына байланысты болса, екіншіден оның өз мәнінде жұртшылыққа дұрыс ұғындырылмауынан, үшіншіден оны жариялаған Конституция, Тіл туралы заңдардың халықаралық құжаттарға (БҰҰ, ЕҚЫҰ т. б. ) сәйкестенбеуінен болып отыр.
Сондықтан еліміздегі мемлекеттік тіл категориясының мәнін дүниежүзілік тілдік процесс деңгейінде ала отырып анықтаған жөн. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік жүйедегі орнын анықтап алу қажет. Бұл жөнінде алдымен кешегі КСРО-дағы және бүгінгі ТМД елдеріндегі тәжірибелерге шолу жасайық.
«Мемлекеттік тіл» ұғымы жарты ғасырдан ұзақ уақыт бойы кеңестік республикалардың не конституцияларында, не заң ғылымдарында, не лингвистикалық әдебиеттерінде де жете зерттелмегені былай тұрсын, өз мәнінде де қарастырылмады. Қарастырылған күннің өзінде ол бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда қарама-қайшы мағынамен түсіндірілді.
Мемлекеттік тіл идеясы кеңестік идеологияға жат, қанау, кіріптар ету немесе күштеп ассимиляциялаудың басты айыпкері ретінде түсіндіріліп, оны шет елдерге тән адамды адамның қанауы, бір ұлттың екінші ұлтқа билік жүргізу құралы деп ұғындырылды. Мысалы, Үлкен Кеңестік Энциклопедияда оған: «Государственный язык, эксплуаторских многонациональных государствах язык, признанный в законадательном порядке обязательном в данной стране, для ведения делопроизводство в учереждениях, преподавание в школах, державной нации устанавливает в принудительном порядке свой национальный язык, всячески стесняя и ограничевая языки других народов», - деп анықтама береді [1, 236] .
Міне, осылайша біртіндеп мұндай анықтамалар «мемлекеттік тіл» терминін кеңестік өмір салтына сыйыспайтындай етіп көрсетуі арта түсті. Бұл сөз жүзінде тілдер теңдігін мойындаған, ал іс жүзіне келгенде орыс тілінің үстемдігін жүргізуге бағытталған кертартпа тіл саясатының бірі еді. Сондықтан мемлекеттік тіл проблемасын қозғауға батылы жетпеушілік немесе бұл ұғымның осындай түсініктемелеріне үнсіз ғана бас изеушілік түрлі саладағы мамандардың (социолингвистердің, құқықтанушылардың, тарихшылардың т. б. ) еріксіз оның аса маңызды қызметтік мәнін назардан жіберіп алды. Сол себептен де Кеңес үкіметі жылдарындағы заң құжаттарында «мемлекеттік тіл» термині кездеспейді.
Төңкерістен кейінгі кезеңде, бірінші бесжылдықта Одаққа қараған республикаларда мемлекеттік іс-қағаздарды заңды түрде оларды мемлекеттік тіл деп арнайы жарияламай-ақ, орыс немесе республиканың байырғы халқының тілінде жүргізіліп отырды. Бұл кезеңде тілдердің еркін қолданылуы мен дамуына біршама жақсы жағдайлар жасалынды. Мысалы, бұған Қазақстан аумағында қабылданған мынадай заңды құжаттарды атауға болады:
1. 1919 жылғы 10 шілдесіндегі Бүкілресейлік Атқару комитеті (ВЦИК) мен Халық Комиссарлары Кеңесінің (СНК) декреті негізінде қабылданған «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» (1920 жыл, 26 тамыз) декреті;
2. Қазақ КСР-і Кеңестерінің бірінші құрылтай сьезі қабылданған ҚАЗ ССР еңбекшілері правасының декларациясы (1920 жыл, 6 қазан) ;
3. 1921 жылы, 2 ақпандағы Қазақ АССР Халық Комиссарлар Советі қабылданған «Қазақ, орыс тілдерін мемлекеттік мекемелерде қолдану жөніндегі» декреті;
4. 1923 жылы, 22 қарашада қабылданған «Қазақ тілінде іс жүргізу туралы» деп аталатын Қазақ КСР Орталық атқару Комитетінің декреті;
5. 1924 жылы 18 ақпандағы Қазақ АССР-нің Орталық Атқару Комитеті қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы т. б.
Бұдан кейінгі жылдарда, яғни 1924 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылданып, ондағы тілдердің мәртебелері айқындалды, бірақ мұнда «мемлекеттік тіл» емес, «одақтас республикаларда жалпы қолданылатын тіл» туралы айтылды, ал оның қандай мағына беретіндігі, қолданылу аясы түсіндірілмей, жұмбақ түрінде қалды.
Соңғы жарты ғасыр (1938-1987) аралығында «мемлекеттік тіл» ұғымы республика жұртшылығының өмірінде көрініс бермейді. Бұл тіл теңдігі мен ұлт тілдерін дамыту мәселесі сөз жүзінде сақталып, ал іс жүзінде саналы түрде тежеуге бағытталған саясаттың белең алған кезі еді. Осы кезеңде не заң актілерінде, не ел Конституциясында заңды түрде мемлекеттік тіл ретінде жарияланбай-ақ орыс тілі КСРО аумағында барлық өмір салаларында жеке дара «ұлы» тіл болып шықты. Бұл жағдайға белгілі дәрежеде түрткі болған 1938 жылдың 13 наурызындағы КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі мен БК (б) Орталық Комитетінің «Ұлттық республикалар мен облыстардағы мектептерде орыс тілін міндетті түрде оқыту» жөніндегі қаулы болды. Қаулының мәтінін көріп тұрғанымыздай не жергілікті тілдерге қысымшылық көрсету жөнінде, не орыс тілінің нақтылы мәртебесі туралы ештеңе айтылмаған. Алайда, оның күнделікті өмірде, білім беру саласында өзге тілдердің қызметінің жарты ғасырға тежелуіне және онымен байланысты қалған өмір салаларында да күйзеліске түсуіне әкеп соқты. Осының ізімен дәл осындай, яғни орыс тілін үйренуді міндеттеген арнаулы қаулылар 1948, 1961, 1978, 1983 жылдары қабылданып, іс жүзіне асырылды. Бұл ұлттық тілдердің өз сөйлеушілері үшін тастанды тілге айналуына, тіпті кейбіреулерінің мүлдем тіл ретінде жойылуына әкеліп соқты. Мысалы, Кеңес үкіметі орнаған кезде РСФСР-да тұратын халықтар 193 тілде сөйлесе, 1937 жылғы көрсеткіш - 90. Ал 1988 жылғы дерек бойынша КСРО-да оқу процесі бар-жоғы 39 тілде жүргізілген. Сонда арадағы елу бір жылда 51 тіл жойылған екен.
Осындай қатты күйзеліске ұшыраған тілдердің бірі - қазақ тілі. Қазақ тілі бұрынғы Одақтағы өзге тілдер секілді өзінің қызметін көптеген өмір салаларында қысқартты, өз сөйлеушілерінің екінші тіліне айналып, тұрмыстық-отбасылық қатынасқа дейінгі сатыға ысырылды. Оған тағы себеп бір сөзбен айтқанда Кеңес үкіметі мен Компартия жүргізген зорлап ұйымдастыру саясаты кезіндегі халықтың аштан қырылуы мен жөн-жосықсыз өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға жаппай қоныстандырылуында еді. Сол жағдайдың кесірінен қазақ тілі өз этникалық отанында көп ұлттылық жағдайға душар болды. Ұлтаралық қатынас құралы ретінде қазақтардың келісімінсіз икемделген орыс тілі өз өктемділігін жүргізді. Соңында қазақ тілінің табиғи тілдік ортасы бұзылды. Қазақ жерінің солтүстігі мен орталығында, барлық қалаларында қазақтың азшылық болып қалуы желеу етіліп, ана тілі шет қақпай көрді. Мысалы, 1938 - 1985 жылдары аралығында қазақ мектептерінің саны 4391-ден 2400-ге дейін азайған, басқаша айтқанда елу жылға тола толмас уақытта 1901 мектеп жабылған екен [2, 181] . Бұл қазақ халқының тілдік мүддесінің ескерілмегенін көрсетеді.
Қазақ халқы есін жиып, 1986-1987 жылдардан бастап азаттық үшін күреске шықты, ол тілден басталды десе де болғандай. Орталықтан тегеурінді әкімшілдігіне төтеп беріп, ана тілін дамыту күн тәртібіне қойылды. Осыған қарай қазақ халқы зиялылыларының талап етуі бойынша 1987 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министірлер Советінің «Қазақ тілін оқып - үйренуді жақсарту туралы» қаулысы қабылданды.
Бұдан кейінгі жылдарда КСРО-ның ыдырауы мен бұрынғы Одаққа қараған республикалардың егемендік алуымен сол республикалардың негізгі тілдері мен мемлекеттік тіл болып жарияланды. Кейбір республикаларда өз тілдерімен қоса орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде қабылдады. Мысалы, Қазақстанның 1989 жылғы Тіл заңында: «Қазақ ССР-інде орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып табылады. », -деп көрсетілген болса, сол заңның екінші бабында: «Қазақ ССР-і орыс тілінің мемлекеттік тілімен бірдей еркін қолданылуын қамтамасыз етеді», - деп жазылған.
Бірақ, қабылданған конституцияларда да, шыққан заңдарда да «мемлекеттік тіл» ұғымының анықтамасы берілмеді. Айталық сол тұстағы, яғни 1989 жылы өз тілдері мен орыс тілін қатар мемлекеттік тіл ретінде жариялаған Прибалтика республикаларының, Тәжікстан, Украина, Белорусия, Қырғыз, Өзбек, Қазақ республикаларының тіл туралы заңдарынан мемлекеттік тілдің анықтамасын табу қиын. Дегенмен, олардың әрқайсынан көмескі түрде болса да мемлекеттік тілдің қолданылатын кейбір өмір салаларының тізімін аңғаруға болады. Мысалы, Молдавия Конституциясының 70-бабына сәйкес қабылданған тіл туралы заңында Молдавияда мемлекеттік тіл - молдаван тілі деп жазылғаннан кейін, оның анықтамасы ретінде мынадай сипаттама берілген: «Государственный язык действует политической, экономической, социальной и культурной жизни и функционирует на основе латинской графики», - делінген. Ал Өзбекстанда өзбек тілін мемлекеттік тіл ретінде жариялаған заң бабында мемлекеттік тілдің өмір сүруі мен дамуындағы республиканың міндетін айырықша атап көрсетеді. Ол заң бабында Өзбек ССР-і өзбек тілінің республикадағы саяси, әлеуметтік, эканомика және мәдени өмірде дамуы мен қызмет етуін қамтамасыз етеді деп жазылған. Мемлекеттік тіл туралы бұлардан сәл бөлектеу түсінікті Қырғыз заңы береді. Олардың тіл туралы заңында мынадай тұжырым жасалады: «В качестве государственного языка киргизискии язык является одним из символов государственного сувернитета Киргизиской ССР и функцонируест во всех сферах государственной и общественной деятельности, в области экономики, науки и техники, народного образования и культуры, общения граждан республики». Ал қалған республикалардың заңдары осыларды қайталайды, енді біреулерінде мұндай сипаттамалар да кездеспейді.
1989 жылдың басында «КСРО халықтары тілдері туралы» заңның мәтінін даярлау мен талқылау басталды. Талқылау түрлі заң аспектілері бойынша, оның ішінде көпшілік бөлігінің ана тілі болып табылатын орыс тілінің заңдылық мәртебесі төңірегінде жүрді. Заң басынан бастап оның жасаушылардың ойлауымен және солардың көзқарастарына сәйкес сол уақыттағы іске асырылып отырған тіл саясатының органикалық компоненті ретінде қарастырылды, оны тіпті аз мөлшерде де өзгертпеуді көздеді. Осы мақсатпен 1990 жылы 24 сәуірде қабылданған «КСРО халықтарының тілдері туралы» заңның 4-бабында орыс тілі КСРО аумағында ресми тіл болып жарияланды. Бұл заңда да «мемлекеттік тіл» ұғымына ерекше мән бере қойған жоқ. Керісінше, ол «мемлекеттік тіл» терминіне тағы бір ұғымды - «ресми тіл» терминін ендіріп, шатастырушылық туғызды. Мұнда «ресми тіл» терминін «мемлекеттік тіл» терминінен бөлектеп көрсетіп, былай деп түсіндірді: « . . . очерчивает определенную сферу его применение как средства офицальных отношений, процесса государственной деятельности и межнационального общения» [3, 19] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz