Қазақстан Республикасы көлік логистикасының маңыздылығы мен техникалық сенімділігінің теориялық негіздер және даму жолдарыі


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК ЛОГИСТИКАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІҚазақстан Республикасындағы көлік жүйесіндегі автомобильдердің маңыздылығыАвтокөлік логистикасы жүйесінің сенімділігін арттыруды модельдеудің теориялық техникалық дайындығы мен тасымалдау түрлерін сәйкестендіру амалдары
  2. АВТОКӨЛІК ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ («Transinter tim group» ЖШС мысалында) Автокөліктің техникалық жағдайына сәйкес пайдалану тиімділіктерін арттыру амалдарыАвтокөлік логистикасының сенімділігінің тасымалдау шығын-дарына байланысты өзгеруін анықтау
  3. АВТОКӨЛІК ТАСЫМАЛДАУ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫАвтокөліктерді тиімді пайдалану амалдары мен жетілдіру жолдарыКөлік жүйесінің бүгінгі күйі мен даму перспективалары.

Қорытынды

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК ЛОГИСТИКАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІҚазақстан Республикасындағы көлік жүйесіндегі автомобильдердің маңыздылығы

Мемлекеттің көлік жүйесінің дамуы оның экономикасының, әлеуметтік саласының және жалпы өсіп-өнуінің маңызды белгілерінің бірі. Жоғары дамыған көлік жүйесіне деген сұраныс европалық және әлемдік экономикаға бет бұрған сайын, одан да күштірек қарқын алуда. Көлік жүйесі Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа тиімді кіруі үшін және онда жоғары дамыған мемлекет ретінде орын алуы үшін негіз болады. Қазақстан Республикасы аумағында жүк және жолаушылар тасымалдауды қамтамасыз ететін анықтаушы жүйенің бірі сапасына, реттелуіне, көліктік байланыстарының сенімділігіне, жүктердің бүтіндігі мен жолаушылар тасымалдау қауіпсіздігіне, жеткізудің уақыты мен бағасына қатысты жоғарғы талаптар қойылатын көліктік жүйе.

Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының көлік коммуникациясының жағдайы Еуропа интеграциясының талаптарына жауап беру керек.

Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің әлем көлік жүйесіне интеграциялану көрсеткіші болып, жұмыс істеп тұрған көлік желілерін тиімді қолдану және олардың географиялық орналасуы мен коммуникациялық мүмкіндіктерінің артықшылықтарын жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Республикасының көлік жүйесі әлемдік деңгейге жетуі үшін барлық көліктік комплексті модернизациялауды іске асыру керек.

Еліміздің бірыңғай көлік жүйесі құрамына темір жол, әуе жолы, су жолы, тасымалдау құбырлары және автомобиль көліктер енеді. Темір жол көлігі алыстан жүкті тасымалдауға қолайлы, сондықтан жүйеде жетекші орын алады. Темір жолмен тасымалдау өзіндік құнын салыстырмалы түрде алғанда ең арзаны. Бірақ автомобиль көлігімен жүк және жолаушы тасымалдау көлемі көлік жүйесі бойынша бірінші орында (кесте 1. 1) .

Кесте 1. 1- Көліктермен жүк тасымалдау және жүк айналымы [6]

Көрсеткіштер
2010
2011
2012
2013
2014
Көрсеткіштер:

Көліктің барлық түрлері, млн. т.

соның ішінде автокөлікпен

пайызбен:

Көліктің барлық түрлері

млрд. т. км.

соның ішінде автокөлікпен

пайызбен:

2010:

1531, 1

1219, 3

79, 63

232, 3

37, 6

16, 20

2011:

1687, 5

1318, 2

78, 12

258, 5

40, 2

15, 55

2012:

1840, 5

144, 8

78, 50

283, 1

43, 9

15, 51

2013:

1926, 9

1511, 1

78, 42

269, 3

47, 1

17, 50

2014:

2024, 0

1582, 5

78, 20

328, 8

53, 8

16, 36

Ел басының Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауы, мемлекеттің болашақтағы даму жолдарының айқын ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыттарын атап берді. Ал он бірінші бағыты-Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің негізінде стратегиялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ осы саладағы басқару сапасын көтеру. Соның ішінде « . . . көлік-логистикалық кластерді дамыту ауқымында Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен жалғастыратын Қазақстанның аумағы арқылы өтетін автомобиль жолы салынуға тиіс. Сонымен бірге, Қазақстанның ең шалғай елді мекендеріне жетуімізді жеңілдетін жергілікті маңызы бар жолдар желісін жедел кеңейтуіміз қажет»- деп атап өткен. Президент тапсырмасын іске асыру бағытында Үкімет арнаулы бағдарлама қабылдап, нақты іс-шаралар басталып кетті. Өйткені дүние жүзіндегі дамыған елдердің іс тәжірибелері көрсетіп отырғандай, ел ішіндегі жүк тасымалдау және жол қатынастарының даму деңгейімен ел экономикасының көрсеткіштері біріне бірі сәйкес. [7]

Еліміздегі автокөліктермен жүк тасымалдаушылар тек қана ішкі емес, сонымен сыртқы тасымалдау жұмыстарынада етене араласып келеді. Бұл мақсатта пайдалануға жарамды, яғни Еуро-2, 3 стандарт талаптарына сәйкес келетін, 2014 жылғы 15 мамырдағы мәліметтер бойынша, Еуропадан шығарылған және елімізде халықаралық тасымалдау жолдарына шыға алатын 4744 жүк автомобильдері бар. Дегенмен тауар тасымалдауда басқа көлік түрлерімен салыстырғанда автокөлікпен сыртқы тасымалдау жұмыс көлемі 3 пайыз, ал баға жағынан салыстырғанда 10, 4 пайыз құрап отыр (1. 1 сурет) . [7-9]

а б

а - тасымалданған жүк көлеміне байланысты; б -тасымалданған жүктердің бағаларына сәйкес тасымалдаушы көлік түрлерінің үлес салмақтарының бөлінуі.

1. 1-сурет. Еліміздің сыртқы сауда жүк айналымындағы тасымалдаушы көліктердің үлес салмақтары

Аталған көрсеткіштің төмен болар бірнеше салдары бар, солардың бастыларының бірі, ол-көптеген шет мемлекеттердің Қазақстаннан барған жүк автокөліктеріне тапсырыс бермей, жүкпен барған автомобильдерге ретсіз талаптар қойып, екі мемлекет аралық келісімдерге қарамастан, әртүрлі қиыншылықтар тудыруында. Мысалы ұлтымызға етене жақын түрік мемлекетінің өзі, қазақстандық жүк тасымалдаушы автокөліктерге әкімшілік кедергілер арқылы екі ел арасындағы автокөліктермен тасымалданған жүк көлемінің 7-9 пайызын ғана Қазақстан жүк тасымалдаушыларына беріп, қалғандарын тек қана өз автомобильдерімен тасымалдауда. Соның салдарынан 2007 жылы түрік жағынан 9556, ал 2014 жылғы алты айда 3349 жүк тасымалдау жұмысы атқарылса, қазақстандық тасымалдаушылар жағынан бұл көрсеткіштер -361 және 231 болып отыр. Сондықтан халықаралық автокөлікпен жүк тасымалдау мәселесі күн тәртібіндегі шешуі табылмаған экономикалық мәні зор мәселелердің бірі. Бұл көрсеткіштер төмендегі 1. 2 суретте берілген.

а б

а - елімізден сырт мемлекеттерге жүк тасымалдаудаудағы көлік түрлерінің үлес салмақтары; б - сыртмемлекеттерден елімізге тасымалданған жүктерді тасымалдаудағы көлік түрлерінің үлес салмақтары.

1. 2-сурет Ішке және сыртқа тасымалдаулдағы көлік түрлерінің пайдалану көрсеткіштер

Бүгінгі таңдағы баға бойынша есептегенде автокөлікпен тасымалдау жұмыстарының бағасы темір жолмен салыстырғанда 4 есеге қымбат, бірақ кейбір жүк тапсырушылар әртүрлі себептерден, автокөлікпен тасымалдау түрлерін таңдап отыр. Тағы аса көңіл бөлер жағдай ол, еліміз екгеменділік алғаннан бері сыртқы тасымалдау жұмыс көлемінің негізгілері, сырт мемлекеттерге жүк тасымалдау болып келеді. Мысалы соңғы 7 жыл аралығында сыртқа тасымалдау көлемі 81, 5 пайызға өсіп отыр, 2000 жылы 82876, 8 мың тоннадан 2007 жылы 150451, 2 мың тонна болды. Ал басқа мемлекеттерден келген жүк 277 пайызға өсті, 11942, 9 мың тоннадан 2000 жылы, 2007 жылы 45091, 2 мың тоннаға жетті. Аталған жүктерді тасымалдаудағы көлік түрлерінің үлестері келесі (1. 3) суретте берілген.

1. 3-сурет. Еліміздегі сыртқы сауда жүк айналымындағы автокөліктердің көрсеткіштері

Еліміздің транзиттің мүмкіндігін пайдалануы, бірақ бұл мәселе автокөліктер жөнінде ауыз толтырып айтарлықтай болмай отыр. Оның басты себебі еліміздегі автокөлік жолдарының нашарлығы, оның бойындағы инфрақұрылымдардың заман талабына сәйкес еместігі мен мүлдем болмауы. 1980 жылдары Қытай мемлекеті Еуропадан тауарлар сатып алудан дүние жүзіндегі мемлекеттер арасынан 25-ші орында болатын, ал өз тауарларын Батыс Еуропаға шығарудан 22-ші орын алған. Енді 2006 жылғы мәлімет бойынша Еуропалық одақ мемлекеттерге тауар шығару көлемі 191 млрд. евро, ал тауар айналымы-254 млрд. евро құрап, Еуропадан өздеріне тасымалдау тауар көлемі 63 млрд. евро болды. Сонымен қатар Қытай мемлекеті Америка Құрама Штаттары арасындағы тауар айналымын 250 млрд долларға жеткізді.

Бұл аталған тауар айналымын тасымалдау мәселесі, бүгінгі күндегі ең шешуі табылмаған мәселеге айналым отыр. Мысалы Шанхайдан Ресейдің шығыс теңіз порттарына дейін келген жүк ағымы, Трансібір темір жолымен батыс Еуропаға тасымалдау, мұхит арқылы тасымалдағаннан 10 000 км жолды қысқартады, бірақ Трансібір темір жолының тасымалдау немесе темір жолының жарамдығы 80 пайызға кеміген, кейбір тұстары Свердловска маңы түгелдей жарамсыз күйге түскен. Сонымен бірге бұл бағдар бойынша жүк тасымалдауда баға мәселесінің шешілмегені де біраз тосқауылдар болып, тасымалдау көлемі 5 пайызға кеміді, ал тасымалдау жүк көлемі 48 пайызға артып отыр. Соған қарамастан Қытай мемлекеті шекара маңында орналасқан елді-мекендеріне көп қаржы бөліп, тиісті инфрақұрылымдарын, соның ішінде логистикалық орталықтарды ұйымдастыру арқылы, осы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеріп келеді. Осы аталған кемшіліктер мен жүк тасымалдау бағытын анықтау мәселесіне келгенде, автомобильмен тасымалдау мүмкіндігі шығады. Ерте кезде «Жібек жолы» арқылы түйелермен тасымалданған жүк ағымын, бүгінгі таңдағы автомобильдерімен тасымалдау мүмкіндігін арнаулы зерттеулер мен жобалар арқылы талдағаннан, осы бағытта автокөліктерді пайдалану тиімділігін анықтауға болады. Соның ішінде Қытай-Өзбекстан-Қазақстан-Ресей-Беларусь-Еуропа Одағы арқылы ұйымдастыруға болатын, ұзындығы 6500 км бағыт бойынша текстиль, ауылшаруашылық өнімдері, өндіріс құрал-жабдықтары, тағамдар мен дәрі-дәрмек өнімдерін тасымалдауға болады және оның тасымалдау уақыты 10-12 күннен аспайды.

Елімізде 2014 жылдың басындағы мәліметтерге сәйкес 110, 7 мың шақырым жол қатынастары бар, оның 15, 1 мыңы- темір жолға, 13, 6 пайыз, өзен мен теңіз жолдарының ұзындығы 4, 0 мың 3, 6 пайыз, автомобильдер жолдары 82, 8 пайыз немесе 91, 6 мың километр. Егер мемлекетіміз егемендік алған жылдары арасындағы жол қатынастарының талдау жүргізсек темір жол ұзындығы 500 км., 3, 4 пайыз, су жолдары 400 км қысқарған 9, 1 пайыз, ал автокөлік жолдары 13, 1 пайызға өскен, яғни 10, 6 мың км (1. 3 кесте) .

Кесте 1. 3- Республикадағы автомобиль жолдарының үстіңгі қабат түрлеріне сәйкес бөлінуі [11]

Жылдар

Барлығы,

км

Соның ішінде үстіңгі қабаттары түрлері

Асфальто-

бетон

Қара-

гравийлы

Қара-

щебеночное

Черно-

грунтовое

Гравийно-

щебеночное

Грунто-

вое

Жылдар: 2000
Барлығы,км: 23011
Соның ішінде үстіңгі қабаттары түрлері: 5614
9605
5574
139
1769
310
Жылдар: 2011
Барлығы,км: 24046
Соның ішінде үстіңгі қабаттары түрлері: 5734
9599
5577
55
1833
248
Жылдар: 2013
Барлығы,км: 23044
Соның ішінде үстіңгі қабаттары түрлері: 7475
8645
4884
55
1789
196
Жылдар: 2014
Барлығы,км: 23508
Соның ішінде үстіңгі қабаттары түрлері: 9302
7604
4488
34
1936
144
Жылдар:

Үлестері

1. 01. 2014 ж

Барлығы,км: 100, 0
Соның ішінде үстіңгі қабаттары түрлері: 39, 6
32, 3
19, 1
0, 1
8, 3
0, 6
Жылдар:

Өзгеруі,

пайыз

Барлығы,км: 102, 2
Соның ішінде үстіңгі қабаттары түрлері: 165, 7
79, 2
80, 5
24, 5
109, 4
46, 5

Бұл жобаны іске асыру мақсатында, ең жоғарғы деңгейде әртүрлі жобалар қаралып, нақты шешімдер қабылдану үстінде. Осы мақсат негізінде Қазақстан Республикасында 2006-2012 жылдары арасында автокөлік жолдарын дамыту мемлекеттік бағдарламасы бекітіліп, оған бюджеттен 254 млрд-тан астам тенге, соның ішінде 2014 жылға -85, 5 млрд. тенге бөлінді. [13]

Кесте 1. 2-Қазақстан Республикасының жүк тасымалдайтын негізгі бағыттарының сипаттамасы [10]

п/п

Бағыттырдың аты
Қазақстан Республикасы бойынша жолдың қашықтығы, км.
Жол бетінің жамылғы түрі
Категория

Жал-

пы

Тиянақ-

ты

Жеңіл-

детілген

Өтпе-лі

Жамылғы-

сыз

1
2
3
4
5
№п/п: 1
Бағыттырдың аты: Қорғас-Алматы-Ташкент
Қазақстан Республикасы бойынша жолдың қашықтығы, км.: 1176
6557
519
-
-
322
564
290
-
-
№п/п: 2
Бағыттырдың аты: РФ шекарасы-Орал-Ақтөбе-Қызылорда-Шымкент
Қазақстан Республикасы бойынша жолдың қашықтығы, км.: 2065
243
1748
74
-
33
140
1708
184
-
№п/п: 3
Бағыттырдың аты: РФ шекара-Қостанай-Алматы-Қырғызстан
Қазақстан Республикасы бойынша жолдың қашықтығы, км.: 2270
866
1313
4
87
97
628
1458
-
-
№п/п: 4
Бағыттырдың аты: РФ(Омбы) -Павлодар-Майқапшағай
Қазақстан Республикасы бойынша жолдың қашықтығы, км.: 1105
174
919
12
-
52
426
627
-
-
№п/п: 5
Бағыттырдың аты: РФ(Челябинск) -Қызылжар-РФ(Новосибирск)
Қазақстан Республикасы бойынша жолдың қашықтығы, км.: 220
220
-
-
-
-
220
-
-
-
№п/п: 6
Бағыттырдың аты: РФ шекарасы-Қызылжар-Рузаевка-Жезқазған-Қызылорда-Өзбекстан
Қазақстан Республикасы бойынша жолдың қашықтығы, км.: 1105
174
919
12
-
52
426
627
-
-
№п/п: 7
Бағыттырдың аты: РФ(Астрахань) -Атырау-Бейнеу-Түркменбашы
Қазақстан Республикасы бойынша жолдың қашықтығы, км.: 217
367
217
545
-
89
558
699
-
-

Кесте 1. 4-Жылдар бойынша және жұмыс түрлеріне сәйкес қаржылардың бөлінуі, млн. тенге [12]

№№
Атқарылатын жұмыстар
2008-2014 жылдарға жоспарланған бюджет

Барлы

ғы

Бюджет жобасы2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
№№: 1.
Атқарылатын жұмыстар: Жөндеуге жоспар (км), соның ішінде:
2008-2014 жылдарға жоспарланған бюджет: 2698
Барлығы: 3137
3412
3853
4037
4118
4410
25665
№№: 1. 1
Атқарылатын жұмыстар: Құрылыс, қайта өңдеу және және жаңарту
2008-2014 жылдарға жоспарланған бюджет: 488
Барлығы: 737
882
1203
1277
1228
1390
7205
№№: 1. 2
Атқарылатын жұмыстар:

Күрделі және орташа

жөндеу

2008-2014 жылдарға жоспарланған бюджет: 2210
Барлығы: 2400
2530
2650
2760
2890
3020
18460
№№: 2.
Атқарылатын жұмыстар: Қаржы көлемі (млн. тг. ), соның ішінде,
2008-2014 жылдарға жоспарланған бюджет: 61606
Барлығы: 93066
112503
125176
133157
143755
160326
829589
№№: 2. 1
Атқарылатын жұмыстар: Құрылыс және қайта өңдеу
2008-2014 жылдарға жоспарланған бюджет: 44283
Барлығы: 69166
85253
95026
100557
107805
121526
623616
№№: 2. 2
Атқарылатын жұмыстар: Күрделі жөндеу
2008-2014 жылдарға жоспарланған бюджет: 4128
Барлығы: 9000
10350
11250
11700
13050
14400
73878
№№: 2. 3
Атқарылатын жұмыстар: Орташа жөндеу
2008-2014 жылдарға жоспарланған бюджет: 7800
Барлығы: 8800
9800
10800
11800
12800
13800
75600
№№: 2. 4
Атқарылатын жұмыстар: Ағымдағы жөндеу, көгалдандыру және күту жұмыстары
2008-2014 жылдарға жоспарланған бюджет: 5349
Барлығы: 6000
7000
8000
9000
1
10500
55849
№№: 2. 5
Атқарылатын жұмыстар: Ғылыми-зерттеу жұмыстары
2008-2014 жылдарға жоспарланған бюджет: 46
Барлығы: 100
100
100
100
100
100
646

Кесте 1. 5-Облыс және аудан деңгейіндегі автокөлік жолдарына керекті қаржы көлемдері (млн. тенге)

Жұмыс түрлері
2008-2014 жылдары
Соның ішінде
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
Жұмыс түрлері: Құрылыс, барлығы
2008-2014 жылдары: 8724
Соның ішінде: 376
1385
1496
972
1194
1697
1604
Жұмыс түрлері: Соның ішінде РБ есебінен арнаулы трансферт
2008-2014 жылдары: 6457
Соның ішінде: 0
873
907
792
1009
1472
1404
Жұмыс түрлері: Соның ішінде ЖБ
2008-2014 жылдары: 2267
Соның ішінде: 376
512
589
180
185
225
200
Жұмыс түрлері: Қайта өңдеу, барлығы
2008-2014 жылдары: 69042
Соның ішінде: 676
6482
9873
13796
13901
11954
12360
Жұмыс түрлері: Соның ішінде РБ есебінен арнаулы трансферт
2008-2014 жылдары: 58532
Соның ішінде: 0
5807
8754
12232
12048
9482
10209
Жұмыс түрлері: Соның ішінде ЖБ
2008-2014 жылдары: 10510
Соның ішінде: 676
675
1119
1564
1853
2472
2151
Жұмыс түрлері: Күрделі жөндеу, барлығы
2008-2014 жылдары: 110967
Соның ішінде: 2842
11762
13179
16436
19553
22656
24539
Жұмыс түрлері: Соның ішінде РБ есебінен арнаулы трансферт
2008-2014 жылдары: 76084
Соның ішінде: 0
8638
9544
11357
13268
15528
17749
Жұмыс түрлері: Соның ішінде ЖБ
2008-2014 жылдары: 34883
Соның ішінде: 2842
3124
3635
5079
6285
7128
6790
Жұмыс түрлері: Орташа жөндеу, барлығы
2008-2014 жылдары: 41322
Соның ішінде: 3279
4113
4940
5480
5965
7228
10317
Жұмыс түрлері: Соның ішінде ЖБ
2008-2014 жылдары: 41322
Соның ішінде: 3279
4113
4940
2480
5965
7228
10317
Жұмыс түрлері: Ағымдағы жөндеу, көгалдандыру және күту жұмыстары, барлығы
2008-2014 жылдары: 40963
Соның ішінде: 3662
4502
5005
5614
6364
7360
8456
Жұмыс түрлері: Соның ішінде ЖБ
2008-2014 жылдары: 40963
Соның ішінде: 3662
4502
5005
5614
6364
7360
8456
Жұмыс түрлері: Барлық қаржы көлемі
2008-2014 жылдары: 271018
Соның ішінде: 10835
2844
34493
42298
46977
50895
57276
Жұмыс түрлері: Соның ішінде РБ есебінен арнаулы трансферт
2008-2014 жылдары: 141073
Соның ішінде: 0
15318
19205
24381
26325
26482
29362
Жұмыс түрлері: Соның ішінде ЖБ
2008-2014 жылдары: 129945
Соның ішінде: 10835
12926
15288
17917
20652
24413
27914

Автокөлік жолдарының нашарлығынан жанар-жағар майлар шығыны 30 пайызға, техникалық күтім мен жөндеу жұмыстарына 2, 5 есеге артық қаржы жұмсалып, автомобильдердің пайдалану жылдарының мөлшері 30-50 пайызға қысқарып отыр. Мемлекеттік мәліметтерге жүгінсек автокөлік жолдарының нашарлдығынан автомобилдьдер паркі бойынша елімізде жыл сайын 5-5 млрд тенге қаржы ретсіз жұмсалып келеді (1. 6 кесте) .

Кесте 1. 6-Автомобиль шығындарының өзгеруі [14]

Шығындардың өзгеруі еселіктері:
Жанар-жағар майлар
Техникалық күтім мен жөндеу
Автомобильдің желінуі
Дөңгелетің желінуі
Жүргізушінің еңбек ақысы
: I
Шығындардың өзгеруі еселіктері:: 1, 00
1, 00
1, 00
1, 00
1, 00
: II
Шығындардың өзгеруі еселіктері:: 1, 10
1, 10
1, 05-1, 10
1, 10
1, 00-1, 05
: III
Шығындардың өзгеруі еселіктері:: 1, 25
1, 20
1, 10-1, 20
1, 20
1, 10-1, 20
: IV
Шығындардың өзгеруі еселіктері:: 1, 40
1, 35
1, 20-1, 35
1, 35
1, 20-1, 30
: V
Шығындардың өзгеруі еселіктері:: 1, 50
1, 40
1, 3, 5-1, 40
1, 40
1, 30-1, 40

Кесте 1. 7 - Орталық қолданысты жүк автокөліктерінің саны [13]

Жыл

Облыс

2010
2011
2012
2013
2014
ЖылОблыс:

Қазақстан

Республикасы

2010: 74175
2011: 39385
2012: 18060
2013: 13537
2014: 11061
ЖылОблыс: Ақмола
2010: 4481
2011: 2200
2012: 1377
2013: 1108
2014: 880
ЖылОблыс: Ақтөбе
2010: 2756
2011: 1334
2012: 859
2013: 738
2014: 692
ЖылОблыс: Алматы
2010: 7316
2011: 3648
2012: 2035
2013: 1077
2014: 620
ЖылОблыс: Атырау
2010: 1977
2011: 910
2012: 215
2013: 263
2014: 352
ЖылОблыс: Шығыс-Қазақстан
2010: 7659
2011: 4702
2012: 1482
2013: 1072
2014: 863
ЖылОблыс: Жамбыл
2010: 4586
2011: 2639
2012: 937
2013: 535
2014: 318
ЖылОблыс: Батыс-Қазақстан
2010: 2508
2011: 1502
2012: 801
2013: 854
2014: 709
ЖылОблыс: Қарағанды
2010: 7400
2011: 3766
2012: 2178
2013: 1638
2014: 1188
ЖылОблыс: Қостанай
2010: 7355
2011: 4200
2012: 1369
2013: 977
2014: 782
ЖылОблыс: Қызылорда
2010: 2413
2011: 1175
2012: 603
2013: 679
2014: 538
ЖылОблыс: Маңғыстау
2010: 1365
2011: 791
2012: 799
2013: 706
2014: 753
ЖылОблыс: Павлодар
2010: 5246
2011: 2959
2012: 1001
2013: 711
2014: 647
ЖылОблыс: Солтүстік-Қазақстан
2010: 5547
2011: 3357
2012: 981
2013: 774
2014: 722
ЖылОблыс: Оңтүстік-Қазақстан
2010: 7587
2011: 3182
2012: 1277
2013: 670
2014: 670
ЖылОблыс: Астана қаласы
2010: -
2011: -
2012: 632
2013: 368
2014: 306
ЖылОблыс: Алматы қаласы
2010: 5879
2011: 3021
2012: 1514
2013: 1367
2014: 1021

1. 2Автокөлік логистикасы жүйесінің сенімділігінің теориялық негіздері

Автомобильдермен жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру ісі - автомобиль көліктерінің жылжымалы құрамы мен басып-түсіру құралдарын техникалық қайта жарақтандыру, жүк тасымалдауды ұйымдастыру жұмысын жетілдірумен тікелей байланысты. Техникалық жетілдіру жылжымалы құрамның жылдамдығын арттыруды, басып-түсіру кезіндегі тоқтап тұру уақытын кемітуді, тасымалданатын жүк көлемін арттыруды және т. б. қамтамасыз етеді. Технологияның мақсаты - атқарылатын жұмыс санын және тасымалдау үрдісінің сандық ретін кеміту арқылы жүк тасымалдау ұзақтығы мен еңбек сіңірімділігін кеміту.

Автомобильмен жүк тасымалдаудың артықшылығы: тасымалды ұйымдастыруға жұмсалатын қаржының аздығы, көліктің оралымдылығы, жоғарылығы және жүкті жөнелтушіден қабылдаушыға дейін түсіріп қайта тиемей, бірден баратын жеріне жеткізіп бере алатындығы және көліктің теміржол, су жолы түрлеріне қарағанда жүкті, айтарлықтай жылдамдықпен тасымалдау мүмкіндігі және тасымалдаудың өзіндік құнының төмендігі. Бірақ автокөлікпен тасымалдау тиімділігі көптеген ұйымдастыру мен басқару жүйелеріне тікелей байланысты. Төмендегі (2. 1) суретте автокөлікпен тасымалдау тізбегінің еңбек өнімділігіне, ұйымдастыру жұмыстарынан байланыстылығы берілген. [32]

мұндағылар:

- өндіруші кәсіпорынның өкілі;

- тұтынушылар одағының өкілі;

-дайын бұйымды немесе шикізаттарды дайындап тиеу

жұмыстарын атқаратын бөлімше жетекшісі;

- тасымалдаушы мекеменің басшысы;

-жүктерді қабылдап, түсіріп, сақтауға қабылдап алатын мекеменің жетекшісі;

- тасымалдаушы мекеме немесе жеке автокөлік жүргізушілері;

- жергілікті тұтынушылар, (сауда орындары, базар т. с. с) .

2. 1-сурет. Өндіруші кәсіпорынмен тұтынушылар арасындағы көлік логистикасы жүйесіндегі ұйымдастыру факторларының жүйесі

Кез келген жұмыстың ұйымдастыру және басқару жүйесінің тиімділігі олардың атқарылған уақыт мерзімімен өлшенеді. Сол себепті келесі (2. 2) суретте қарастырып отырған тасымалдау тізбегінің атқару уақытының құрамдары берілген.

Т1 - өндіруші мен тұтынушылар арасындағы келіс - сөздер уақыты.

Т 2 - тұтынушы мен тасымалдаушылар арасындағы келіс - сөздер уақыты.

Т 3 - тұтынушы мен қабылдаушы жетекшілермен келісім уақыт.

Т 4 - тұтынушы мен негізгі тұтынушылармен келісім уақыты.

Т 5 - тұтынушылар мен тасымалдаушылар арасындағы келісім уақыты.

t 1 - тасымалдаушы көлікке жүктерді дайындап, тиеуге жұмсалар уақыт.

t 2 - тасымалдаушы көліктің ара қашықтықты жүріп өтуге кетер уақыт.

t 3 - жүкті қабылдап түсіріп алу уақыты.

t 4 - жүкті негізгі тұтынушыларды қабылдап, тасымалдап түсіру уақыты.

2. 2-сурет. Өндіруші кәсіпорыннан дайын немесе шикізаттардың тұтынушыларға жеткізудегі тасымалдау тізбегінің басты сүлбесі.

Нарықтық қарым - қатынаста, жалпы бәсекелестік кеңестігіндегі басты фактор уақыт, яғи сұраныстың керектігін дәл уақытында орындап, жоғарғы бағамен өткізу болады. Бұны мынандай математикалық өрнекпен келтіруге болады (2. 1 формула) : [33]

НТ=f (П, Б) (2. 1)

Мұндағылар:

НТ -нарықтағы тасымалдау жұмыстары;

П - нақты дайын бұйымның немесе шикізаттардың нарықтық сұранысы, бірлік;

Б - нақты дайын бұйымның немесе шикізаттардың бағасы.

Автокөлікпен тасымалдау логистикалық жүйесінің тізбегінің беріктігі, яғни «дәл мерзімінде» атқарылуының мүмкіндігі көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Олар логистикалық циклды құрайтын жеке операцияларды орындаудың уақыттық аралықтары, жол бойындағы әсер етер жағдайлар кездейсоқ шамалар болғандықтан, бүкіл циклда бөлінісітің белгілі бір заңына бағынатын кездейсоқ шама болып табылады.

Тасымалдау логистикасының сенімділігін арттыру мақсатында көлік логистикасының жүйелік талдау негіздеріне қарастырамыз. Логистикалық жүйе деген ұғым өнідіріс саласының арнаулы бір жүйелері болатыны белгілі, бірақ сол жүйелер ішінен логистикалық жүйені анықтап, оны талдауға, талқылауға және ықшамдау амалдарын іске асыру үшін пайдалануға болады. Логистикалық жүйе жоғарыда аталып өткендей үлкен өнідіріс саласының бір бөлшегі немесе құрастырушы-құрылымы.

Ал тасымалдау уақыты екі бөліктен тұрады. Біріншісі нарықтағы өзара байланыстары мен мұқтаждықтары бар кәсіпорындар, мекемелер немесе кәсіпкерлер арасындағы келіс - сөздер мерзімі және толықтай ұйымдастыру жұмыстарына кейбір уақыт ΣТ i, екіншісі алдын - ала келісілген іс - шараларды толықтай атқару уақыты ΣТ i (2. 2 формула) :

T 0 =

\[\sum_{i=1}^{n}\]
T i +
\[\sum_{j=1}^{m}\]
t i . (2. 2)

Тасымалдау жүйесін орнату бірнеше амалдармен атқарылады. Алғашқы жалпы классикалық шешім, яғни жеке тұлғалардың мақсаттарына, ниеттеріне мүмкіндіктеріне қарай олардың бастарын қосып, тұтастай бір көрсеткішке жұмылдырады. Ол үшін қаржыдай, ақпараттық, адам күштері мен автокөліктерін біріктіру арқылы орталықтан басқаратын және түскен пайданы әркімнің үлесіне сәйкес бөлетіндей негізде тұтастай жүйе құрылады. Демек классикалық жүйелік шешім қабылдаудың соңғы мақсаты әркім өз пайдасын алу. Осы аталған логистикалық циклдарға келер қауіп-қатерлердің сенімділік теориясына әсерін келтіреміз. Баршаға аян, жол жағдайы ең бірінші автомобильдің техникалық ахауына әсер етеді. Алыс жол үстінде кездесетін қауіп-қатерлерімен техникалық ахауларға байланысты кедергілер және олардан шығу амалдары әр қилы болып келеді. Жол үстіндегі қолайсыздық қандай жағынан болса да сәтсіздік әкеліп (сурет 2. 3) [35-39], логистикалық жүйесінің орындалу сенімділігін нашарлатады. Бірінші жағдайда жоспарланған қозғалыс жылдамдығын және кездейсоқ жөндеуге жұмсалған уақытты, қалған жолда жүргізушілердің кәсіби дайындығы деңгейіне, денсаулықтары мен жүйелерінің орнықтылығына байланысты жүріс жылдамдығын өсіріп, әрі демалыс уақыттарын қысқарту арқылы тапсырыс уақытында орындалуы мүмкін. Ал екінші жағдайда қосалқы бөлшек немесе арнаулы сайман керек болғанда, тасымалдаушы өте ауыр жағдайда қалады, жеткізуде төмен коммерциялық жылдамдықтардың негізгі себептерінің бірі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автокөлік логистикасының техникалық сенімділігін тиімдендірілуінің жетілдіру жолдары
Кәсіпорындағы логистика
Логистиканың теориялық негіздері
Дистрибуциядағы қорларды басқару
Өткізудегі қорларды басқару
Логистикалық теорияның аспектілері: мәні және міндеттері
Қазақстан Республикасында автокөлік тасымалдауды ұйымдастырудың қазіргі жағдайы (Алматы қаласы мысалында)
Транзиттік жүк тасымалдаулары саласындағы көліктік-логистикалық орталықтардың дамуы
Автокөлік тасымалдаудың техникалық сенімділігін қамтамасыздандыру
«Ақтау теңіз порты» АЭА-ның даму концепциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz