Стратегиялық жоспарлау


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАҚЫРЫБЫ: СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ.

ЖОСПАР:

  1. Жоспарлаудың негізгі жіктеулері. Стратегиялық жоспарлау.
  2. Кәсіпорын деңгейіндегі стратегия.
  3. Стратегиялық жоспарды орындау жолы.
  4. Кәсіпорынның стратегиялық жоспары.
  5. Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері.

1 ЖОСПАРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖІКТЕУЛЕРІ.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ.

Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірибесінде стратегиялық жоспарлау, тактикалық жоспарлау, индикативті жоспарлау және ұйым ішіндегі жоспарлау орын алады.

Стратегиялық жоспарлау.

«Стратегия» ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында «генерал шеберлігін» береді.

Стратегиялық жоспарлау - ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберінде шектеулі ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлесімділікті орындау және тұйымдық стратегияны ұғыну әрекеттері орындалады.

Ресурстарды бөлу қызметі барлық қоғамдық ресурстардың шектеулілігімен байланысты. Яғни, ұйымдағы қолда бар еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды мақсат барысында тиімді бөле отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағытталады.

Сыртқы ортаға бейімделу. Басқару ісінің барысы көп жағдайда қоршаған ортадағы экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени, техникалық факторлардың әсерінде болады. Жоспарды жүзеге асыруда басшылық ұйым тарапынан тысқары факторларды зерттеп, солар тарапынан төнетін қауіп-қатерді анықтайды.

Ішкі үйлесімділікті орнату дегеніміз - стратегияны іс жүзіне асырудағы ұйымның ішкі мүмкіндіктерін, жетістіктер мен әлсіз тұстарын басшылық зерттеу, бағалау арқылы мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету. Осыған орай басқарушылық зерттеуге ұйымдағы өндіріс, қаржы, маркетинг, қызметкерлер және мәдениет бөлімі қызметтері енгізіледі.

Ұйымдық стратегины ұғыну басқарудағы осыған дейінгі орын алған тәжірибе, кешенді жоспарлар мен деректерге сүйене отырып дамудың бағытын белгілеуді ұсынады.

2 КӘСІПОРЫН ДЕҢГЕЙІНДЕГІ СТРАТЕГИЯ.

Өндіріс:

  • Өндірістің талап етілетін деңгейі қандай?
  • Қор мөлшері қанша мерзімге алдын ала есептелгені орынды?
  • Қаржы салуды қалайша тиімді орындауға болады?
  • Өндіріс барысына оған еңбек күшінің біліктілігі сай келеме?
  • Жабдықтау, құрастыру бөлшектерін кімнің жасағаны дұрыс?

Қаржы:

  • Ағымдағы және күрделі шығындар мөлшері қандай?
  • Айналым қаражатын қалайша арттыруға болады?
  • Қаржы жағдайын талдауды дамыту жолдары қандай?
  • Қаржы көздері, ресурстар ауқымы қандай?

Маркетинг:

  • Нарықтағы қай сегментке, үлкен көңіл бөлу қажет?
  • Өнімді өткізу саласындағы қаражат қалай бөлінуі керек?
  • Ұсынылатын өнімнің сапасы мен құрамы қандай болуы тиіс?
  • Баға саясаты қалайша тиімді жүзеге асырылады?
  • Нарық үлесі мен бәсекелесу қабілеті қандай деңгейде?

Қызметкерлер:

  • Персоналды оқыту мен дамытудың тиімді шаралары қандай?
  • Басшы қызметкерлерді даярлауға қойылатын талаптар?
  • Іс-әрекетті бағалау, ынталандыру мұқият орындалама?
  • Болашақта қызметкерлерге қандай талаптар қойылады?
  • Басқаруға қатысуды қалайша дамытуға болады?

Стратегиялық жоспар қабылданған кезде ол бүкіл ұйымның болашағын анықтайтындай, нақтылы деректермен негізделіне отырып, кәсіпорын айқындылығын білдіретіндей жағдайда жоғары басшылықтың ұйғарымымен жүзеге асады. Аталған жоспар ұйымның барлық дамуын белгілей отырып, тек қана тұтас, кешенді жиынтық қана емес, сонымен қатар, жағдайға қарай икемді де болуы тиіс. Міне, осының барлығы стратегиялық жоспардың белгілерін анықтап береді.

3 СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРДЫ ОРЫНДАУ ЖОЛЫ.

Стратегилық жоспарды жүзеге асырудың үлкен маңызы бар, себебі қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана отырып, мақсатты орындағанда ғана жоспардың маңызды сипаты болады. Жоспар қабылданғаннан кейін оны орындау бағдарлама, бюджет, әдістермен қатар, тактика, саясат, іс-жосығы (процедура) және ереже арқылы жүзеге асырылады.

Тактика - ұзақ мерзімді, кешенді стратегияны орындаудағы нақтылы іс-қимылдың қысқа мерзімді үйлестірілуі.

Саясат - мақсатқа жетуді жеңілдету үшін шешім қабылдау мен іс-қимылды жалпы ұйымдастыру шаралары. Стратегияны жүзеге асыру саясаты мақсатты орындаудағы тиянақты да түпкілікті шешім қабылдауда тәуекел мен ізденістерді пайдалануға, еңбек ресурстарынтиімді пайдалануға және оларды әлеуметтік қорғауға жағдай тудырады.

Іс-жосығы (процедура) ұйым қызметінің барысы қайталанатын жағдайда алдын-ала қарастырылған нақтылы бір іс-қимылды басшылықтың орнықты деп ұғынып, қалыпты шешімдер қабылдауын білдіреді. Осындай шешімдер басшылыққа бірқатар ұтыстар әкеледі. Дегенмен, осыған дейінгі іс-қимылды толық қайталауға болмайды, себебі әр жағдайдың өз ерекшелігі болады. Және де процедура нақтылы жағдайдағы іс-қимыл жиынтығын беретін болғандықтан орындаушыға аз мөлшерде еркіндік пен балама (альтернатива) беріледі, ал бұл бірқатар кедергілер мен келіспеушіліктер тудырады.

Кішігірім міндеттер мен шектеулі сұрақтарды шешуде орын алатын іс-әрекеттердің нақтылы жиынтығы ереже деп аталады. Ереже арқылы басшылық орындаушының міндеттерін нақтылы белгілеп, барлық күш-жігерді тек шектеулі мақсатты орындауға бағыттайды.

Ереже мен процедура міндеттерді орындауда қызметкерлерге жоғары ықтималды нәтиже беруге тиісті бағытты белгілеудк, қажетсіз шешімдердің қайталануына жол бермеуде, нақтылы жағдайда орындаушының қимылын болжауда және тура салыстырулар жүргізуде маңызды орын алады. Атап көрсететін бір жағдай, 1994 жылы АҚШ-та өнімді шығарудың қарқынды өсуін қамтамасыз етуге тиісті өндірісті дамытудың бесжылдық жоспары қабылданған. Сонымен қатар, батыстағы ірі концерндер өз кәсіпорындарына орта мерзімді жылдық тапсырмалар беріп отырады.

4 КӘCІПОРЫННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

Кәсіпорын стратегиясын жоспарлау кезінде ұзақ мерзімде дамудың альтернатив стратегияларын анықтады.

Кез келген кәсіпорынның стратегиялық жиынтығын 3 деңгейге қарастыруға болады:

  1. Корпоративтік стратегияларжалпы базалық және партфельді деп аталады және дамудың жалпы бағытын көрсетеді. Корпоративтік стратегиялар 3 түрге бөлінеді:

А) өсу стратегиялары оның өзі кері интеграция стратегиясы яғни жеткізіп берушілерді юақылау және оларды сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

Б) Тікелей индустрациялау стратегиясы тарату және өткізу жүйесіндегі кәсіпорындарға бақылай жасау және олардың қызметін сатып алу (делдал кәсіпорындар дүкендер)

В) горизанталды интеграциялау стратегиясы яғни ұқсас өнімдер өндіретін бәсекелес кәсіпорындарды сатып алу және оларды біріктіру

2. Тұрақтану стратегиялары

А) лидерлік яғни шығындарды төмендетудегі лидерлік стратегиялар (қосымша құн болады) осының есебінен пайда көбейеді.

Б) Өнімді виференсациялау

В) нарықтың белгілі бір сегментіне қызмет жасау яғни кәсіпорын өз қызметін нарықтың бір біріне және тұтынушылардың белгілі бір бөлігін бағыттайды. Жас ерекшелігі бойыншатабыс деңгейінің көлемі бойынша әлеументтік топтарға бөледі.

Жоғары табыс

Орташа табыс

Төмен табыс

  1. Қысқарту бағыттар бойынша жүргізіледі
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірісті Басқару фуңцялары
Менеджменттегі стратегиялық және тактикалық жоспарлау
Стратегиялық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
Стратегиялық жоспарлау мәні
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Стратегиялық менеджмент
Менеджмент жүйесін жоспарлаудың мәні мен қажеттілігі
ИНДИКАТИВТІК ЖОСПАРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ
Маркетингті стратегиялық жоспарлау
Кәсіпорынды дамытуды стратегиялық жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz