Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару қызметтінің теориялық негіздері және талдау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Мемлекеттік қызмет мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Мемлекеттік басқару қызметтің ұғымы, құрлымы және қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Мемлекеттік басқару қызметтің заңнамалық негіздері ... ... ... ... ... .11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫН СИПАТТАЙТЫН ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Мемлекеттік қызметті дамыту мен экономикалық жағдайдың өзара байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Әлеуметтік саланың дамуындағы мемлекеттік органдардың іс.әрекетін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
2.3 Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін көтеру жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформалардың басымдылықты бағыттары мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.
Осыған байланысты Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында еліміздің даму басымдықтарының бірі ретінде кәсіби үкімет пен мемлекеттік басқару және мемлекеттік басқару қызметтің тиімді жүйесін құруды анықтады.
Қазақстан Республикасы егемендік алған кездің алғашқы жылдарында–ақ мемлекеттік қызметті дамыту мәселесі қолға алынған болатын. Бірақ оның заңнамалық негізі әлі де болса жетілдірілмеген еді. 1999 жылы қабылданып, 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қызметтің осы түрінің кеңінен дамуына жол ашып берді. Содан бері қарай мемлекеттік қызмет саласында көптеген нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданып, іске асырылды да.
Қазақстан кең көлемді территорияны иеленеді, осыған байланысты еліміздің аймақтары табиғи байлықтарының қалыптасуына, климаттық жағдайларына және т.б. негізделген әртүрлі экономикалық әлеуетке ие. Сонымен қатар аймақтар демографиялық, этникалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Осыларға байланысты мемлекеттік қызметті дамытуда да басқа елдермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері болады. Осыған орай мемлекеттік басқару қызметтің даму барысын зерделей отырып, оны болашақта дамыту мәселелерін қарастыруға деген қажеттілік туындайды.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құруға қойылып отырған жаңа талаптар мемлекеттік басқару қызметтің жағдайын зерттеу, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің мәртебесіне қатысты мәселелерді зерделеу қажеттігін негіздейді. Осылардың барлығы да курстық тақырыптың өзектілігін негіздейді.
Елбасымыз «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткенiндей: «Үкімет әкімшілік реформада көзделген Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс».
Курстық жұмысының мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздерін қарастыру негізінде қазіргі жағдайдағы мемлекеттік басқару қызметтің даму барысын талдау және оның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.

1. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы. Алматы, 1997
2. “Қазақстан Республикасының Конситуциясы” Алматы “Жеті жарғы”, 2003ж
3. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы. /Егемен Қазақстан, 1999ж. 6 тамыз
4. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері). - //Егемен Қазақстан, 2005 ж. 5мамыр.
2. Концепция разграничения полномочий между уровнями государственного управления и совершенствования межбюджетных отношений. Одобрена постановлением Правительства РК от 10 февраля 2003 года №147 // Собрание актов Президента РК и Правительства РК, №7, 2003.
3. Қазақстан Республикасының Статитика Агенттігі Қазақстан 1991-2002. Бет 502.
4. Статистикалық жылнама, Алматы, 2007 ж.
5. Баянов Е. Мемлекеттік қызмет. Оқу құралы – Алматы, 2005. – 40 б.
6. Уваров В.Н. Государственная служба и управление. Учебник – Петропавловск: Сев. Каз. юрид. академия, 2004. – 416 с.
7. Уваров В.Н. Государственная служба. – Алматы:КазГУЮ, 1996.
8. Государственная служба: организация, кадры, управление. М., 1994.
9. Лазарев Б.М. Государственная служба. М., 1993.
10. Овсянко Д.М. Государственная служба Российской Федерации. Учебное пособие. – М.:Юрист, 1996.
11. Совершенствование принципов государственного управления //Казахстанская правда, 13. 03. 2003 г.
12. Ғали Ә. Қазақстан қоғамын демократияландыру деген не? // Мемлекет, №15 (2801). 11.04.2003ж. бет 3.
13. Адасбаев Е, Кантарбаева А. Децентрализация государственного управления в Казахстане: проблемы и пути решения //АльПари №3-4, 2000 г. бет 27.
14. Уваров В.Н. Теория государственного управления. Часть 2. Учебное пособие. Алматы, 2001г. бет 6.
15. Мүсіреп Ғ. Орталықсыздандыру біртіндеп жүзеге асады // Егемен Қазақстан, 18. 01. 2002 ж. №11 (22914). бет 2.
16. Децентрализация: эксперименты и реформы. Под редакцией Тамаша М.Хорвата. Органы местного самоуправления в Центральной и Восточной Европы. Том 1. Отпечатано в Будапеште, Венгрия, май, 2000г.
17. Козбаненко. В. Формы и методы государственного управления //Проблемы терии и практики управления, №2, 2000г. бет 46.
18. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства //Транзитная экономика, №4, 2001ж. Бет 49-50.
19. Чиркин В.Е. Государственное управление. Юристъ, Москва, 2002. б.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Мемлекеттік қызмет мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Мемлекеттік басқару қызметтің ұғымы, құрлымы және қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Мемлекеттік басқару қызметтің заңнамалық негіздері ... ... ... ... ... .11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫН СИПАТТАЙТЫН ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Мемлекеттік қызметті дамыту мен экономикалық жағдайдың өзара байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Әлеуметтік саланың дамуындағы мемлекеттік органдардың іс-әрекетін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.3 Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін көтеру жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .36
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформалардың басымдылықты бағыттары мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.
Осыған байланысты Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында еліміздің даму басымдықтарының бірі ретінде кәсіби үкімет пен мемлекеттік басқару және мемлекеттік басқару қызметтің тиімді жүйесін құруды анықтады.
Қазақстан Республикасы егемендік алған кездің алғашқы жылдарында - ақ мемлекеттік қызметті дамыту мәселесі қолға алынған болатын. Бірақ оның заңнамалық негізі әлі де болса жетілдірілмеген еді. 1999 жылы қабылданып, 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы қызметтің осы түрінің кеңінен дамуына жол ашып берді. Содан бері қарай мемлекеттік қызмет саласында көптеген нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданып, іске асырылды да.
Қазақстан кең көлемді территорияны иеленеді, осыған байланысты еліміздің аймақтары табиғи байлықтарының қалыптасуына, климаттық жағдайларына және т.б. негізделген әртүрлі экономикалық әлеуетке ие. Сонымен қатар аймақтар демографиялық, этникалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Осыларға байланысты мемлекеттік қызметті дамытуда да басқа елдермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері болады. Осыған орай мемлекеттік басқару қызметтің даму барысын зерделей отырып, оны болашақта дамыту мәселелерін қарастыруға деген қажеттілік туындайды.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құруға қойылып отырған жаңа талаптар мемлекеттік басқару қызметтің жағдайын зерттеу, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің мәртебесіне қатысты мәселелерді зерделеу қажеттігін негіздейді. Осылардың барлығы да курстық тақырыптың өзектілігін негіздейді.
Елбасымыз Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткенiндей: Үкімет әкімшілік реформада көзделген Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс.
Курстық жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздерін қарастыру негізінде қазіргі жағдайдағы мемлекеттік басқару қызметтің даму барысын талдау және оның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекеттік қызмет мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру құралы ретінде
Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның алғашғы жылдарында басымдылықты көңіл мемлекеттілікті бекіту, күшейтуге, халықаралық аренада орын алуға, әлеуметтік экономикалық сферда реформалар жүргізуге аударылды. Дамудың қазіргі кезеңінде, яғни тәуелсіздіктің жалпы ұлттық негізі құрастырылған кезде басымдылықты тапсырмалардың бірі мемлекетік қызметті дамыту болып табылады.
Мемлекеттік басқару қызметтің даму барысын зерттемес бұрын, мемлекеттік басқару, оның қағидалары мен қызметтері, әдістері және т.б түсініктерін анықтауға тоқталған жөн.
Нарықтың азаттық, бәсеке және демократиялық тәртіп барын сипаттайтын қазіргі экономикада маңызды орын мемлекеттік ықпалға берілген.
Осыған байланысты мемлкеттік басқару нарықтық механизмнің тиімді қызмет етуін; таза нарықтық механизмдерді қолдану мақсатсыз және тиімді емес әлеуметтік, экологиялық және басқа сфераларды ретеуді; әлемдік масштабында мемлекеттілікті және мемлекет позициясын бекітуді күшейтуге қызмет етуі керек.
Мемлекеттік басқару - мемлекеттің өзінің органдар және лауазымды тұлғалары арқылы қоғамдық процесстерге, адамдардың танымына, іс-әрекеттеріне және қызмет етулеріне бағытталған, ұйымдастырушылығына әсер етуі керек. Ол қоғамда субьективті фактор шегінде жүзеге асырылады және билікті құрылым негізінде ұйымдасқан адамдардың материялдық әлеуметтік және басқа өнімдерінің (тұтыну құндылықтарының) ұдайы өндіріс салаларында қызмет ететін адамдарды басқару әсерін білдіреді .
Мемлекеттік басқару тероиясындағы атақты маман Г.В Атаманчук осы мәселе бойынша келесі мәселені береді: мемлекеттік басқару бұл - мемлеукеттің адамдардың қоғамдық өмірін реттеу, сақтау немесе қайта құру мақсатында тәжрибелік, ұйымдастырушылық және реттеушілік әсері.
Бұл анықтама мемлекеттік басқарудың үш қасиетін қамтиды: а) іс-әрекеттін жүзеге асыру кезінде ол билікке басымдылық беретін ұйымдастырушылық күшіне сенеді; б) басқарушылық әсерінен оның маңызды тамырлы процестерін құбылыстарын, өзара байланысын реттей отырып, қоғамға өзінің ықпалын көрсетеді; в) жүйелі қызмет етеді себебі екі күрделі құрылымдардың, мемлекеттік басқару аппараты мен қоғамның жариялы қызмет етуін біріктіреді.
Француз ғалымы Р.Грегори монографиясында мемлекеттік басқаруға мемлекеттік биліктің арнайы агенті болып қызмет ететін барлық қоғамның мүдесіне дамуды реттеуге бағытталған ерекше әлеуметтік қызмет - деп анықтама берген.
Қазіргі уақытта мамандардың көпшілігі мемлекеттік басқару мен мемлекеттік әкімшілік биліктің үш сферасын - заң шығарушы, атқарушы және сотпен байланысты деп санайды. Мұндай бағытты Д. Вильсон, У.Дмон, Р.Горд, Д.Гринбурд, Р.Григори, Л.Нигро, Ф.Нигро, М.Роскин, ұсынады.[17] Бұл көзқарас әсіресе американ ғалымы Л.Нигро мен Ф. Нигронның Қазіргі мемлекеттік әкімшілік атты монографиясында анық бейнеленген. Авторлар мемлекеттік қызметке жан-жақты анықтама берген: мемлкеттік әкімшілік - мемлекеттік істердегі 1) заң шығарушы, атқарушы, сот және олардың өзара әсерімен байланысты. 2) мемлекеттік саясатты қалыптастыруағы маңызды мәнге ие және саяси процестердің бір бөлігі болып табылатын 3) жеке секторлардың әкімшіліктер ерекшеліктерін; 4) әртүрілі компаниялар мен ұймдарда жұмыс істейтін жеке топтармен және индивиттермен тығыз байланысты ұйымдастырылған топтық әрекеттерді білдіреді .
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғамдағы әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруды зерттейтін ғылыми пәнді білдіреді. Мемлекеттік басқару пәні саяси жүйе мен территроияның жалпылығымен байланысты адамдардың өндірістік, әлеуметтік және рухани өмір сүруіне әсер етудің нысандары мен әдістері болып табылады.
Мемлекеттік басқару ұдайы өндірістердің барлық жақтарына әсер етеді; өнірістік қатынастардың негізіне мемлекеттік нысандарын қояды.
Мемлекеттік басқару мемлекеттің саясатын жүзеге асыру, олардың қызығушылықтарын қамтамассыз ету бойынша мемлекеттік органдардың тәжрибелік қызмет етуінде көрінеді. Ол табиғи еңбек матиралдық ресурстарды қолданады, халық шаруашылығы және әлеуметтік сфера салаларын басшылыққа алуда, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті қорғауды жақсартуға бағытталған. Мұнда ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, талдау қызметтері орындалады және сендіру,ынталандыру, күштеу, жазалау әдістері қолданылады.
Мемлекеттік басқару жүйесінің әдістері - бұл қағидалар құралддар мен тәсілдердің органикалық жиынтығы. Талдаудың негізгі әдістері - жүйелі талдаулар, синтез, анология, салыстыру, байқау тәжрибе және т.б..
Мемлекеттік басқару саяси, құқықтық экономикалық әдістер жүйесі ретінде адамдардың қоғамдық қызметін оптималдауға және олардың қажеттіліктерін максималды қанағаттандыруға бағытталуы керек. Жоғарғы ирархиялық құрылымның басқарушылық әсері басқарушы жүйесімен тікелей байланыстар арқылыы жүзеге асырылады. Басқарушы әсерге баламалы ықпал байланыс бойынша түсетін ақпаратпен анықталады.
Мұнда басқару субьектісі - мемлекеттік басқару органдар жүйесі мен оларда қызмет ететін лауазымды тұлғалар, ал объектісі - қоғамдық процесстер адамдар, шаруашылық етуші субьектілер және т.б болып табылады.
Ресей ғалымы А.В Пикулькин мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаларын көрсеткен:
1. Өкілеттіліктің жауапкершілікпен үйлесімділігі;
2. Бас звеноны бөлу;
3. Кешенділік;
4. Басқарушылық;
5. Бірлестік;
6. Иницативтік;
7. Мақсатпен оған жету құралдарының сәйкестігі;
8. Шешім қабылдау уақыттылығы;
9. Сызықтық және функциялларды үйлесімділігі;
10. Жаңа мәселелер туындайтындай басқарушылық тапсырмалар шешілуі керек.
Отандық экономист Дауранов Н.Н мемлекеттік басқарудың келесі қағидаларлын атап көрсететді;
1. Мақсатқа бағытталғандық;
2. Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың оптималды қатынасы;
3. Бәсекелі таңдау, басқарушылық кадрлерді дайындау және бекіту;
4. Басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен уақытылығы;
5. Басқару мақсаты мен қызметтерімен ақпаратың сәйкестігі;
6. Динамикалық тепе-теңдік;
7. Қабылданған шешімдердің дұрыстығы;
8. Жауапкершілік;
9. Кезеңдік пен кері байланыс;
10. Кешенділік
11. Иерархиялық пен бөлінушілік;
12. Басқаруды ұйымдартырудың ескі нысандарынан жаңасына көшу . Мемлекеттік билік органдары жүйесі ішкі және сыртқы қызметтерді ұйымдартырушылық және орындау мақсатында қалыптасады.
Жалпы қабылданған квалификациялауға сай, ішкі қызметерге жатады: экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық салық салу және қаржылық бақылау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен тәртіпті қамтамассыз ету.
Сыртқы қызметтер қамтиды: әлеуметтік экономикаға интеграция, мемлекет қорғанысы, қандайда бір мәселені (экогогиялық, шикізаттық, энергетикалық, демографиялық және т.б) шешудегі еліміздің басқа мемлекеттермен қарым қатынасы. [15].
Отандық ғалым Кубаев К.Е мемлекеттің келесі қызметтерін бөліп қарастырады: қорғаныс пен құқық қорғаушылық қызметі және конфликтерде үшінші жақ болады; қоғамдық игіліктерді өндіру; меншік құқығы спецификасы мен оны қорғау; ақпаратық құрылымды қалыптастыру; тауар қозғалысы арналарының инфрақұрылымын құру; ақша айналысы жүйесін қосқандағы шара мен әдістердің меншік стандарттарын жасау.
Атқарушы билік органдары оларға басқару элементтері берілген жиынтық бойынша бөлінеді және өзінің статусы бойынша министрлік, комитет, агенство және басқа да болуы мүмкін. Әртүрілі критериялар - қызмет ету нысаны, билікті бөлу қағидасы, ирархия, өкілеттілік мерзімі құзретін жүзеге асыру тәжрибесі және т.б бойынша мемлекеттік органдарды топтау нұсқасы суретте берілген.
Әлемнің барлық елдеріндегідей біздің мемлекеттің басқару құрылымы шығындар мен оған қарсы әдістер жүйесін қолданатын билікті бөлу қағидасына негізделген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабында; Республикада мемлекеттік билік жалпыға бірдей, конституция және заңдар негізінде жүзеге асырылады - делінген. Оны келесідей бейнелеуге болады.
Қазақстан Президенті - мемлекет басшысы
Заң шығарушы билік
Қазақстан Республикасы Парламенті (Сенат, Мәжіліс)
Соттар
Атқарушы биліктің орталық органдары
ҚР Үкіметі
Маслихаттар
Атқарушы билік
әкімшіліктер
Сот билігі
Жоғары сот
Cурет 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бөлінуі
Мемлекеттің мәні, адамдар өміріндегі оның орны мен рөлі жөнінде өткен ғасырда либералдар мен этатистер арасында туындаған пікірталас жалғасын табуда. Мемлекетті бұрынғыдай күштеу машинасы, қысым көрсету құралы ретінде біржақты түсіндіру әлі де болса сақталуда. Қазіргі кезде мемлекет көбінесе қолында билігі бар саяси күштердің немесе тұлғалардың меншігі ретінде қарастырылады. Кейбір мемлекеттанушы ғалымдар мемлекетті әрбір адамға қайырым жасауға міндетті, жалпыға бірдей игілікті қамтамасыз ететін құрылым ретінде сипаттайды.
Мемлекет көптеген ғылыми пәндермен: мемлекет және құқық теориясымен, әкімшілік құқық, саясаттану, әлеуметтік басқару ғылымымен зерделенетін көпқырлы құбылыс. Әрбір ғылым мемлекеттік басқару органдарының қызметінің белгілі бір аспектісін, олардың құрылымын, мазмұнын, бағытталуын зерттейді.
1.2 Мемлекеттік басқару қызметтің ұғымы, құрлымы және қағидалары
Мемлекеттік басқару - адамдармен, басқа адамдардың арасындағы қатынас негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан, мемлекеттік басқаруға барлық азаматтар қатысады. Қоғамды басқарудағы адам статусы, оның басқару объектісі немесе субъектісі ретінде қатысумен ерекшеленеді. Мемлекеттік басқарудың субъектісі - қоғамда мемлекет атынан, мамандандырылған негізде мемлекеттік қызметті , басқарушылық функцияларын жүзеге асыратын тұлға. Бұл функциялар басқарудың объектісі болып табылатын түрлі ұйымдық - құқықтық нысандағы адамдар қатысымен іске асады. Сондықтан мемлекеттік басқару персоналының сапалы құрамы қоғамды басқаруды тиімді, жоғары деңгейде жүргізудің көзі болып табылады.
Мемлекеттік аппарат кадрлары материалды және рухани игіліктерді өндірмейді. Бірақ олардың рөлі өндірісті ұйымдастыруда, қоғамның басқа да салаларында өте маңызды.
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік билік міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған өкіметтіктерін атқаруы бойынша қызметі [2]. Мемлекеттік қызметшілердің мамандандырылған қызметінің өзіне тән сипаттары бар.Оның бірі қызметтік функция, яғни оның жұмысы қызметтің белгісі бір түріне негізделеді. Келесі сипаты мемлекеттік орган қызметінде мемлекеттік қызметшінің жеке еңбектік қатысуы. Басқа сипаты - мемлекеттік органның регламентіне, ішкі еңбек тәртібіне тұлғаның мойынсынуы, тәуелді болуы. Ол өз кезегінде заңмен реттеледі. Ішкі еңбек тәртібінің ажырамас элементі- субординация жүйесі, яғни қызмет бабы бойынша төменгі сатыдағы қызметшінің жоғарыдағыларға бағынуы. Соңғы сипаты - қызметшінің еңбек ақысы. Еңбек ақының келесі ерекшеліктері бар: еңбек сапасы және мөлшеріне байланысты төленеді, алдын-ала белгіленген нормалармен жасалады, төлемнің негізгі бөлігі мемлекеттік органның штаттық тәртібімен анықталады, ал қосымшасы мемлекеттік қызметшінің мамандық деңгейіне, басқа да шарттарға байланысты.
Мемлекеттік басқару қызметтің жалпы сипаттарымен қатар, арнайы ерекшеліктері белгілі:
мемлекеттік қызмет- мемлекеттің міндеттері мен функцияларының ел ішінде, сондай-ақ елден тыс жүзеге асуымен байланысты;
экономика салалары, әлеуметтік сфера және әкімшілік-саяси құрылыс дамуы бойынша мемлекеттің міндеттері мен функциялары мемлекеттік қызметшілер іс-әрекеті арқылы жүзеге асады;
қоғамда басқару функцияларының жүзеге асуын қамтамасыз ететін, арнайы құрылған аппарат шеңберінде мемлекеттік қызмет жүзеге асады;
мемлекеттік қызмет спецификасы басқарушылық функциялардың жүзеге асуымен байланысты;
мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік - биліктік өкілеттерге ие;
мемлекеттік қызмет қатаң түрде Конституция нормаларына, ҚР Президентінің Жарлықтарына, заңдарға негізделеді;
мемлекеттік қызмет - практикалық, ұйымдастырушылық қызмет, атқарушылық сипатқа ие;
мемлекеттік қызмет- бөлгіштік сипаттағы қызмет. Бөлгіштік қызмет - қажетті жағдайда басқару актілерін шығару;
мемлекеттік қызмет - саяси емес сипатта, яғни мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.
Жоғарыда келтірілген сипаттар өз жиынтығында мемлекеттік қызметті күрделі мамандандырылған қызмет ретінде көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет адамдардың спецификалық мамандандырылған қызметі ретінде белгілі бір қағидаларға негізделеді:
1. Заңдылық, яғни мемлекеттік қызметшілердің Конституцияның, заңдардың жүзеге асырылуын міндетті түрде қамтамасыз етуі;
2. Қазақстандық патриотизм. Мемлекеттік қызметтегі адамдар өз халқының салт- дәстүрін сақтап, өз елінің патриоттары болуы керек;
3. Мемлекеттік өкіметтің заң шығырушылық атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
4. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделері алдындағы басымдығы;
5. Жалпы қол жетімділік, яғни Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы;
6. Азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;
7. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен жоғары білімділігі;
8. Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу;
9. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындайдың бағынысты мемлекеттік қызметшілермен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі;
10. Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі;
11. Мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;
12. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;
13. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;
14. Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;
15. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу қағидасы.
Көрсетілген қағидалар өзара байланысты, бір-бірін толықтырады және мемлекеттік қызмет институты құрылып, қызмет атқаратын негіз салушы талаптарының бірегей жүйесін құрайды.
Енді мемлекеттік қызметті атқару барысында орындалатын мемлекеттің түрлі негізгі функцияларына тоқталайық.
Экономикалық функцияда шаруашылық жүргізу саласындағы мемлекеттің рөлі толық көрініс тапқан. Бұл функция Қазақстанның экономикалық механизімін түбірлі өзгеріске ұшыратқан нарықтық реформаға негізделген. Өткен жылдарда нарықтық қатынастардың кейбір маңызды элементтері: экономикалық бостандық, меншік құқығы, тауарлар мен қызмет нарығы белгіленген болатын. Сонымен қатар экономикалық процестерге мемлекеттің араласуының оңтайлы әдістерін іздестіру, нарықтық механизмге сәйкес келетін тиімді мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Экономикаға толық басқару жүргізген әміршіл-әкімшіл мемлекеттің шаруашылық-ұйымдастырушылық функциясымен салыстырғанда қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық функциясының басты ерекшелігі де осы.
Бүгінде экономикалық функция адамға, мемлекетке, әлемдік нарыққа аса қажетті өнімдерді өндіретін экономиканың құрылымын қайта құру, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және Қазақстан үшін стратегиялық, әлеуметтік маңызды өндіріске қолдау көрсету, өндірушілерді, оның ішінде шағын кәсіпкерлікті қолдау, мақсатты бағытталған инвестициялық саясат, ішкі және әлемдік нарықта қазақстандық компаниялардың мүдделерін қорғау, аграрлық секторда жүргізілген реформалар, ең алдымен, жерге деген жеке меншік құқығын қамтамасыз ету, инфляция қарқынын төмендету және баға өсуін тежеу сияқты мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.
Әлеуметтік функция адамның еркін дамуына және оның тіршілік етуінің қалыпты жағдайын жасауға бағытталған. Елдегі адамдардың еңбегі мен денсаулығын қорғауды, еңбекақының кепілденген төменгі мөлшерін белгілеуді, отбасына, ана мен балаға, мүгедектер мен қарт адамдарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытуды, мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік қорғау кепілдіктерін белгілеуді мемлекет өз мойнына алады. Сонымен бірге мемлекеттің әлеуметтік функциясы халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыруға, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жүргізуге бағытталған.
Мемлекеттің мәдениет, ғылым мен білім беруді дамыту функциясы мәдениет пен әдебиеттің, өнер, театр, кино, музыка, денешынықтыру мен спорттың, радио, телевидение және басқа бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына мемлекеттік қолдау көрсетуді, тарихи-мәдени мұраны, тарихи кешендерді, қорықтық аумақтарды, музейлерді сақтауды және қорғауды қамтиды. Ғылымның дамуына, нарықтық жағдайда оның табиғи интеграциялануына мемлекеттік қолдау көрсету, ғылыми ұжымдар мен әр түрлі бағыттағы мектептердің шығармашылық қызметіне тиімді жағдайлар жасау, жаңа технологиялар мен фундаментальды теориялық зерттеулердің дамуын қолдау, жоғары мектептің ғылыми потенциалын тиімді қолдану, жалпы білім беретін мектептердің жұмыстарын жақсарту жөнінде шаралар белгілеу де мемлекеттің аталған функциясына жатады.
1.3 Мемлекеттік басқару қызметтің заңнамалық негіздері
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарында оның әлеуметтік-экономикалық өмірінде, экономикалық және саяси жүйелерінде ауқымды әрі оң бағытта өзгерістер болды. Әрине, мемлекеттік қызметпен байланысты да көптеген өзгерістер орын алды. Оларды жеке-жеке қарастырып өтейік.
Соңғы кезге дейін заңнамаларда „мемлекеттік қызмет" ұғымының түсінігі болмады. Заң әдебиеттерінде бұл ұғымға мемлекеттік ұйымдардың (органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және т.б.) қызметшілерінің қызметтік лауазымдарына сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған және мемлекет ақы төлейтін еңбек қызметін орындауы жатқызылды. Сонымен кез-келген мемлекеттік ұйымдағы барлық қызметшілер мемлекеттік қызметшілер болып саналады.
Мұндай жағдай 1995 жылға дейін сақталып келді. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік қызметке кірудің және мемлекеттік қызметші лауазымына үміткерге қойылатын негізгі қағиданы белгіледі. 1995 жылы желтоқсанда ҚР Президентінің „Мемлекеттік қызмет туралы" Заң күші бар Жарлығы шықты - бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бір інші норматив тік-құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999 жылғы 23 шілдеде қабылданған „Мемлекеттік қызмет туралы" Заңмен және оған „өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған Заңда „мемлекеттік қызметші" мен „мемлекеттік қызмет" ұғымдарына жаңа мән-мағына берілген. Мемлекеттік қызметшілерге тек мемлекеттік органдарда, кез-келген мемлекеттік ұйымдарда емес (мысалы, мемлекеттік жоғары оқу орындарының қызметшілері мемлекеттік қызметшілер болып саналмайды), мемлекеттік лауазымдық қызмет атқаратын тұлғалар жатады.
Мемлекеттік органдардың практикалық әрекеті басқарушылық кадрлардың жеке құрамына, оларды дұрыс таңдап, орналастыруға байланысты. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегін пайдалану сферасы өте кең: Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінен жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға дейін.
Мемлекеттік органның құрылымына сәйкес қызмткерлердің үш тобын бөлуге болады.
1. Орган жетекшілігі құрамына кіретін,
2. Органның құрылымдық бөлімшелерінде негізгі қызметті жүзеге асыратын;
3. Көмекші топ.
Кейде оларды басқарушы, оперативті және қызмет көрсетуші персонал деп атайды. Қызметкерлер қызметінің бірегей номенклатурасында еңбек сипатына байланысты: жетекшілер,мамандар және техникалық атқарушылар деп бөлінген.
Мемлекеттік органның жетекшілік құрамы мемлекеттік мекеме туралы ережені дайындау бойынша нұсқаумен анықталады. Салалық және функционалдық бөлімшелерде мемлекеттік органның негізгі қызметімен байланысты қызметтер біріктірілген және мұнда мамандар жұмылдырылған. Жұмысшылардың үшінші тобына келсек, мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ететін, техникалық қызмет көрсететін қызметшілер (лаборанттар, редакторлар, методистер т.б.) мемлекеттік қызметкерлерге жатпайды.
Мемлекеттік қызметтердің жіктелімі еңбектің функционалды бөлінісі негізінде оларды топтарға бөлу. Жіктелімнің пәні нақты тұлғалар емес (қызметкерлер), қызметтің өзі болып табылады. Қызмет міндеттер, функциялар және құқықтар жиынтығынан тұратын мемлекеттік органның тұрақты құрылымдық бірлігі. Қызмет штаттық тәртіпке сәйкес атауға ие. Белгілі бір қызметке тұрған тұлға қызмет атауына ие болады (кадрлар бөлімінің басқарушысы және т.с.с)
Мемлекеттік қызметтердің жіктелуі белгілі бір шарттарға байланысты. Шарттардың негізгілері:
1. Мемлекеттік қызметкер өзінің функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыратын органның ұйымдық-құқықтық деңгейі;
2. Нақты қызмет үшін белгіленген компетенция көлемі мен сипаты;
3. Мемлекеттік орган құрылымында қызметтің рөлі және алатын орны.
Мемлекеттік қызметкер - заңмен белгіленген тәртіпте республикалық немесе жергілікті бюджеттен, РеспубликаныңҰлттық банкінен еңбек ақысы төленетін мемлекеттік орган жұмыскері.
Заңнамада Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңы кімге таралатыны анықталған. Олар: Республика Президентінің әкімшілігіндегі мемлекеттік қызметкерлер; Парламент аппаратында, Үкімет және Жоғары сот, республиканың басқа да соттары, Конституциялық кеңесі, Республиканың орталық сайлау комиссиясы аппараттарында; Республика Президентіне тікелей бағынатын мемлекеттік органдар қызметкерлері; министрліктер, жергілікті атқарушы органдар және олардың құрылымдық бөлімшелері, маслихаттар және әкімдер аппаратындағы қызметкерлер. Сонымен қатар, бұл заң Қазақстан Республикасының Президентіне, маслихаттар депутаттарына таралмайды.
Республика азаматтарының мемлекеттік қызметте кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қызметінің басшысы - мемлекеттік басқарудағы атқарушы билік органдар жүйесінің бірінші жетекшісі болып табылады. Мемлекеттік қызмет басшысы арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізілетін саясатты іске асырады. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметкерінің жетекшілері - сәйкес мекемелерде жетекшілік жүргізеді.
Үкімет әр министрдің саяси міндеттерін анықтайды және мемлекеттік комитеттің төрағасының міндеттерін белгілеп, бұл міндеттерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қызмет басшысына береді. Қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуын бақылауға сәйкес министерлер арқылы Қазақстан Республикасының Премьер- Министрімен, сонымен қатар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет жетекшілері арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қызмет басшысымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қызмет басшысын Премьер - Министр ұсынысымен, Қазақстан Республикасы Президенті тағайындайды. Осыған байланысты Премьер - Министр кеңсесінің құрылымына тоқталып өтейік:
Премьер- Министрдің жеке секретариаты Премьер- Министрдің персоналды жұмысын қамтамасыз етуге жауапты, әкімшілік- шаруашылық қызметті қоса, ақпарат құралдарымен байланыс, Парламетпен байланысты қызмет етеді.
Кадрлар бөлімі - Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараттарында кадрларды таңдау және орналастыру қызметін атқарады.
Ұйымдастырушылық бөлім халыққа қызмет көрсетудің жалпы ұлттық стандарттарын дайындауға жауапты. Координация бөлімі жүргізілетін саясатық даярлану және жүзеге асу процесінде атқарушы билік органдарының координациясы мен интеграциясын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет бөлімі - жетекшілік қызметке тағайындау, жоғарғы ранг басшыларының дайындау және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабы бойынша көтерілуін жоспарлау мәселелерімен айналысады.
Мемлекеттік аппарат құрылымында мемлекеттік лауазымдар құқықтық статус көзқарасынан бірдей емес. Сондықтан заңнамада мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдарының жіктелімі көрсетілген.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді.
Саяси лауазымдарға:
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
Қазақстан Республикасының Президентінің палаталары және олардың Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік қызметшілер;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметшілері, олардың орынбасарлары;
орталық атқарушы органдармен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.
Мемлекеттегі әкімшілік қызметтер үшін санаттар белгіленеді. Лауазымдардың санаттар мен әкімшілік лауазымдарды санаттарға жатқызу тәртібін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Республиканың Президенті бекітеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді А,В,С,Д және Е категорияларына бөледі. А санаты тобына - республика Президенті әкімшілігінің лауазымдары; В санаты тобына - Парламент палаталары, Премьер-Министр Кеңесі, Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі және Республика Президентінің жұмыстарын басқару аппараттары, Жоғарғы Сот аппараты лауазымдары; С санаты тобына - тікелей республика Президентіне бағынышты мемлекеттік органдардың, орталық атқарушы органдардың, ведомстволардың және аймақтық органдардың лауазымдары; Д санаты тобына - облыс, аудан әкімдері аппаратының, облыс, аудан соттары аппаратының лауазымдары; Е санаты тобына - жергілікті атқарушы органдардың лауазымдары жатады.
Мемлекеттік саясы қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді.
Жалпы, мемлекеттік қызметшіледің негізгі құқықтары мен міндеттері заңмен белгіленеді. Мемлекеттік қызметшінің негізгі құқықтыры:
өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы;
белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға құқылы;
лауазымдық міндеттерді атқару үшін ұйымдарда болуға құқылы;
тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға құқылы;
қызметі бойынша жоғарылауға құқылы;
әлеуметтік және құқықтық қорғалу;
мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босау т.б.
Құқық көлемі мен сипатына байланысты құқықтық санаттар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпыға - Конституциямен, заңнамалық актілермен белгіленген құқықтар мен міндеттер, ал арнайыға- мемлекеттік қызметшінің басқарушылық қатынастарымен белгіленетін құқықтар мен міндеттер жатады.
Мемлекеттік қызметшілерге құқықтарымен қатар, негізгі міндеттер жүктеледі:
ҚР Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын беру;
мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау;
басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындау;
мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау;
мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру және т.б.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫН СИПАТТАЙТЫН ҮРДІСТЕРДІ ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттік қызметті дамыту мен экономикалық жағдайдың өзара байланысы
Қазақстан бүгін кәсiби мемлекеттiк қызметтің қалыптасуының сапалы жаңа кезеңiн бастан кешуде. Қазақстандық жаңа модельде мемлекеттiк қызметтi кәсiбилендiруге жәрдемдесетiн институциональдық шаралар бекiтiлген. Мемлекеттiк қызметке үмiткерлердi конкурстық iрiктеу және мемлекеттiк қызметшілердi жылжыту жүйесi жасалып, әрi пәрмендi жұмыс iстеуде. Мемлекеттiк қызметтiң лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарының нормативтерi, кадрларды iрiктеу мен жылжытудағы басты өлшем - жоғары кәсiби деңгейді айқындайды.
Қазақстандағы мемлекеттiк қызмет кадрлары корпусының сапалық жағдайын талдау, мемлекеттiк басқару жүйесiнiң алдында тұрған мiндеттерге шенеунiктердiң кәсiби деңгейiнiң мардымсыз сәйкестiгiн көрсеттi.
Қазiргі уақытта мемлекеттiк қызметте мамандар әртүрлi бiлiммен жұмыс iстеуде. Рыноктық басқару әдiстерiне көшу жағдайында мемлекет рөлінің өзгеруi, жаңаша ойлайтын мамандарды тарту қажеттiлiгiн талап етедi. Кадрларды үздiксiз оқыту реформа тиiмдiлiгiнiң аса маңызды шарты болып табылады.
Жоғары кәсiби бiлiм алғаннан кейін бiрде бiр оқытудан өтпеген кадрлар барлық мемлекеттiк органдарда басым. Сонымен, орталық мемлекеттiк органдарда қызметкерлердiң жартысына жуығы (49,7 %) жұмыстан қол үзiп оқудан өтпегендер, ал жұмыс орнында оқығандар - жартысынан астамы (51,4%). Жастарына қарай топтарда 50 жасқа дейiнгілердiң саны 60 % және одан да астам құрайды. Яғни, мемлекеттiк қызметшiлердiң неғұрлым белсендi бөлігі бiр рет алынған бiлiм базасымен жұмыс iстеуде.
Төменгі деңгейде әлдеқайда қолайсыз жағдай қалыптасқан. Бұған басқарудың төменгі буынындағы басшылар - поселкелiк және ауылдық округтер әкiмдерiнiң 60 пайызының жоғары бiлiмi жоқ екенiн айтсақ жеткiлiктi. Негізінен, олардың арасында педагогтар мен ауыл шаруашылығының мамандары басым. Ал экономистер, заңгерлер, менеджерлер, коммерция және қаржы саласындағы мамандар небәрi 8 % құрайды. Облыстық, аудандық және поселкелiк деңгейдегi мемлекеттiк қызметшiлердiң басым көпшiлiгiнiң, мемлекеттiк қызметке кiрген уақыт iшiнде бiлiктілiктерiн көтеруге мүлде мүмкiндiктерi болмады.
Сөйтiп, мемлекеттiк қызметшілердiң көпшiлiгiнiң кәсiби деңгейi мемлекеттiк қызметке кiргенге дейiнгі алынған не бiр жоғары бiлiм, не арнаулы орта бiлiм базасымен айқындалады. Бүгін мемлекеттiк қызметшiлер өздерiнiң кәсiби деңгейлерiн, әдетте, пара-пар мүмкiндiктер болмаса да, өз бетiмен бiлiм алу және тәжiрибе жинақтау жолымен көтеру қажеттiгіне келіп тiрелдi.
Қазақстан өткен жүзжылдықтың 90-жылдарының соңынан бастап мемлекеттік басқару қызметтің тиімді және ашық жүйесін жұмыс істету үшін институционалдық және құқықтық негіздерді құруға бағытталған терең әкімшілік реформаны жүргізуге кірісті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылды, Мемлекеттік қызмет туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, Әкімшілік рәсімдер туралы Заңдар, Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі қабылданды.
Азаматтардың мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу конституциялық құқығын жүзеге асыруға бағытталған, мемлекеттік қызметке қабылда уда конкурстық жүйе енгізілді. Саяси және әкімшілік лауазымдарының бөлінісі жүргізілді.
Халықаралық үйымдар мен сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан мемлекеттік қызметті реформалау аясында өзінің заңнамасы мен рәсімдерін халықаралық стандарттарға жақындатып, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізді.
Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне және жұмыстарының тиімділігіне кері әсер ететін бірқатар мәселелердің бар екендігін, қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімінің төмендегенін, және жалпы ел экономикасының дамуына және бәсекелестігіне теріс әсер ететінін біз жақсы білеміз. Бұл:
1) Мемлекеттік басқару қызметтің корпоративті сектормен салыстырғанда бәсекелестігінің әлсіздігі;
2) кадрлардың ағымы және олардың саяси басшылықтың ауысуы кезіндегі орын ауыстырулары;
3) мемлекеттік қызметшілердің адал және әділ қызметке ықыластарының төмендігі;
4) мемлекеттік аппаратының негізсіз үлкендігі және функциялардың қосарлануы;
5) жетілдірілмеген құрылымдар мен басқару әдістері;
6) төмен басқару мәдениеті мен төрешілдік;
7) мемлекеттік қызмет сапасының төмендігі;
8) әкімшілік кедергілер мен жемқорлық.
Агенттік тапсырмасы бойынша САНДЖ зерттеу орталығы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әкімшілік кедергілердің диагностикасы жөнінде зерттеулер жүргізді.
Сонда тек түрлі инстанциялардағы кезектерден 2006 жылы кіші бизнес кәсіпорындарының жалпы ысыраптары 50 млрд. теңгені немесе 407 млн. долларды құраған. 72 % кәсіпорындар мен 62 % азаматтар өз мәселелерін ресми емес жолдарымен шешуді қолданады.
Қазақстандағы жемқорлық қызметтердің жалпы көлемі 156 млрд.теңге шамасында бағаланды, мұнда ең жоғарғы жемқорлық - кеденде (17 млрд.) және соттарда (13 млрд.). Келесілер көлеміне қарай - қаржы полициясы, әкімдіктер мен әділет органдары, полиция, жерді тіркеу және қозғалмайтын мүлікті тіркеу орталықтары (7-10 млрд.).
Қазақстанда қазір тек мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің штаттың саны 100 мың бірлікті құрап отыр.
Мемлекеттік және жеке сектордың қызмет көрсетуіне талдау жасау нәтижесі, соңғы жылдары жеке сектордың қызмет көрсету аясы айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Сондай-ақ, жеке сектордың қызмет көрсету сапасының жақсаруының басты факторы бәсекелестік болып табылады.
Мемлекеттік сектордың қызмет көрсетуі монополиялық негізде болғандықтан, оларды ұсынудың арнайы стандарттарын жасамай, сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге қол жеткізу мүлдем мүмкін емес.
Бүгінгі таңда тікелей халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету Тізілімінің жобасы әзірленді. Тізілімнің жобасына барлығы 511 қызмет көрсету түрлері енгізілді, оның ішінде 279-ын жергілікті атқарушы органдар және 232 қызметті орталық органдар және олардың аймақтық бөлімшелері көрсетеді.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі отандық экономиканың тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға, елдің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырды.
1 кесте
Қазақстан Республикасының 2004-2008 жылдардағы ІЖӨ өзгерісінің динамикасы
Көрсеткіштер
Жылдар
2008 жылды % шаққанда
2004
2005
2006
2007
2008
2004
2007
ІЖӨ, млн. тенге
3776277,3
4611975,3
5870134,3
7590593,5
9738000,8
257,8
128,3
Физикалық көлем индекс, өткен жылдық пайызбен
109,8
109,3
109,6
109,7
110,6
100,7
10,1
Дефлятор, өткен жылдық пайызбен
105,8
111,7
116,1
117,9
116,0
109,6
98,4
ІЖӨ адам басына, тенге
254141,6
309338,0
391003,8
501127,5
762154
299,9
152,1
Доллар курсы, 1 АҚШ доллар теңгеге
153,28
149,58
136,04
132,88
127,00
82,8
95,5
Көзі: Статистикалық жылнама, Алматы, 2007 ж.
Кестені талдай келетін болсақ, 2008 жылдың қаңтар-желтоқсанда жалпы ішік өнім көлемі жедел деректер бойынша ағымдағы бағаларда 9738,8 млрд. теңгені құрады. ЖІӨ-нің нақты өсуі 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 110,6% құрады. ЖІӨ-нің құрылымында тауарлар өндіру үлесі ЖШӨ-ден 43,9%, қызмет көрсету 52,6% болды.Тұтыну бағаларының индексі 2007 жылғы қаңтар 2006 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,1% құрады. Азық-түлік тауарлар бағасы 1,6%, азық-түлік емес тауарлар 0,3%, ақылы қызметтер 1,1% өсті. Өнеркәсіп өнім өндіруші кәсіпорындар бағасы 2007 жылғы қаңтарда 2006 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,1% өсті. ЖІӨ-нің 10,6%-ға өсуі экономиканың барлық салаларында нақты көлемнің: өнеркәсіпте -6,9%-ға, ауыл шаруашылығында-70%, құрылыста-35,6%, көлікте-7,0%, байланыста-20,4%, саудада-9,8% өсуімен байланысты. 2006 жылдың қаңтар желтоқсанында дефлятор - индекс жалпы экономика бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116% құрағаны, соның ішінде тауарлар өндіруде-114,6%, қызмет көрсетуде-116,9% жетті. Ағымдағы кезеңде ЖІӨ құрылымында тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің үлесі тиісінше 43,9% және 52,6% құрады. ЖІӨ өндіруде негізгі үлесті өнеркәсіп алады (29,5%) алады. 1991 жылға қарай Қазақстандағы әлеуметтік - экономикалық ахуал әлдеқайда қиындады. ІЖӨ 12 пайызға төмендеп кетті.
2008 жылы өткен жылдардағы сияқты экономика өсуінің жеткілікті түрде жоғары қарқыны сақталды. Бұл ретте 2006 жылы экономика 2005 жылға қарағанда неғұрлым жедел қарқынмен дамыды. 2005 жылы экономика өсуінің қарқыны нақты мәнде 9,7 %-ті құрады. 2006 жылы ЖІӨ-нің көлемі 9,7 трлн-нан астам теңгеге жетті, ал нақты өсім болжамды мәннен 2,1 проценттік пунктке артып, 2007 жылдың деңгейіне қарағанда 110,6 %-ті құрады. Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшері 2008 жылдың қорытындылары бойынша 5046 АҚШ долларын құрады, бұл 2007 жылдың көрсеткішінен 1,3 есеге жоғары.
Нақты жағдай Қазақстанның 2010 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарында қойылған ЖІӨ-нің 2000 жылдың деңгейіне қарағанда екі еселеу жөніндегі міндет 2008 жылдан кешіктірмей орындалатын болады.
Өнеркәсіптік өндірісі көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 7%-ті, өңдеуші өнеркәсіпте - 7,3 %-ті, тау-кен өнеркәсібінде - 7 %-ті құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 7 %-ті құрады. Көлік қызметтері 5 %-ке, байланыс қызметтері 20,4 %-ке, құрылыс жұмыстарының көлемі 20,1%-ке ұлғайды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10,6 %-ке ұлғайды.
Сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 37%-ке, оның ішінде экспорттың көлемі 37,3 %-ке, импорт 36,4 %-ке өсті.
Еңбек нарығында халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін және жалақы деңгейін одан әрі арттыру байқалды. Жұмыссыздардың саны 2,4 %-ке азайды. Жұмыссыздық деңгейі 2007 жылмен салыстырғанда 0,3 проценттік пунктке азайды және 7,8 %-ті құрады. Халықтың нақты ақшалай кірістері 10,7 %-ке өсті. Орташа айлық жалақы экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша 2006 жылы 40775 теңгеге жетті және нақты мәнде 10,2 %-ке ұлғайды.
Қаржы нарығы экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан секторларының бірі болып табылды. Ел экономикасына тартылған кредиттердің көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 82,7 %-ке ұлғайды және 4,7 трлн. теңгені құрады. Резиденттердің екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерінің жалпы көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 88,4 %-ке - 3,1 трлн. теңгеге дейін ұлғайды.
2008 жылы инфляциялық әлеуеттің ұлғаюын болдырмау және экономиканың қызып кету қаупін төмендету үшін ақша-кредит саясатын қатаңдату жөнінде шаралар қабылданды. Есепті кезеңде қайта қаржыландырудың ресми ставкасы екі рет: 2006 жылғы 1 сәуірден бастап - 8,0 %-тен 8,5 %-ке дейін, 1 шілдеден бастап 9,0 %-ке дейін арттырылды. Екінші деңгейдегі банктерден тартылатын депозиттер бойынша ставкалар 3,5 %-тен 4,5 %-ке дейін кезең-кезеңімен ұлғайды. Қысқа мерзімді ноталар бойынша кірістілік 2007 жылдың аяғындағы 2,24 %-тен 2008 жылдың аяғында 4,76 %-ке дейін өсті.
Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, 2008 жылы инфляция деңгейі 2007 жылдың орташа жылдық көрсеткішінен 1 проценттік пунктке (7,6 %) және 2008 жылға жоспарланған шаманың жоғары шегінен 6,9 - 8,5 % дәлізінен 0,1 проценттік пункт артып, айтарлықтай жоғары деңгейде - 8,6 % болып қалыптасты.
Теңгенің АҚШ долларына орташа өлшемді биржалық айырбас бағамы бір жылда номиналды мәнде 5,06 %-ке нығайып, 2008 жылы орта есеппен 1 АҚШ долларына 126 теңгені құрады.
Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оны халықаралық капитал нарығымен кіріктіруді қамтамасыз ету, елдің экономикасына инвестициялар тарту мақсатында Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы, сондай-ақ оның қызметін реттейтін Агенттік құрылды.
Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, қолайсыз сырткы факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құруға кірісті.
Ұлттық қордың активтері жыл басынан бастап 74,5 %-ке ұлғайып, 2006 жылғы 31 желтоқсанда 14,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Алтын-валюта резервтерінің көлемі оларды есепке алғанда 33 млрд-тан астам АҚШ долларына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz