Машина жасау


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

  1. Машина жасау - кешенді сала.
  2. Мысал
  3. Ауыр машина жасау салалары
  4. Металл бұйымдар мен конструкциялар өндірісі
  5. Ауылшаруашылық машина жасау
  6. Көліктік машина жасау
  7. Автомобиль жасау
  8. Прибор жасау өнеркәсібі

Қуатты машина жасау базасы бар мемлекет басқаларға қарағанда өз экономикасын тезірек ең жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Дүниежүзілік экономикада ең жаңа техникасы, ең жақсы машинасы бар елдер озық тұрады.

Машина жасау
Энергетикалық : қазандық, құбыр, генератор, мотор, трансформатор, энергетикалық блоктар
Металлургиялық : блюминг, слябинг, пеш жабдықтары
Кен өндіру : мұнай, көмір, газ, кен өндіруге арналған комбайндар, машиналар, экскаваторлар
Көліктік : локомотив, вагон, кеме, ұшақ, автомобиль, құрылыс-жол машиналары
Прибор жасау : өлшегіш, автоматика, телемеханика приборлары
Станок жасау : металл өңдейтін пресс-автоматтар. Жону, тегістеу, станоктары және т. б. аспап жасау өнеркәсібі
Ауылшаруашылық : тұқымсепкіш, дестелегіш, комбайн, трактор, дән тазалағыш, емшөп цехтары және т. б.
Тұрмыстық техника : Теле және радиоаппаратура, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, ас үй комбаиндары және т. б.

Қандай машиналары бар, олар қанша, оларды қаншалықты тез өндіретіндігіне қарап, қайсыбір елдің экономикалық жағынан қаншалықты дамығандығы туралы қорытынды жасауға болады.

Машина жасау өндірісі болмайынша, ел шаруашылығының бірде-бір саласы дамып, жұмыс істей алиайды. Шаруашылықтың жаңа техника және озық технологиямен жарақталуы машина жасау өндірісінің деңгейіне байланысты.

Машина жасау - кешенді сала. Ол машиналар мен механизмдер артық бөлшектер мен робот техникасы, космостық техника, электр техникасы мен электрондық өнеркәсіп салалары бар машина жасау кешені ғылыми-техникалық прогрестің өзегі болып табылады. Машина жасау өнеркәсібі, ең алдымен, өзін-өзі техникалық жағынан қайта жарақтандырады. Сондықтан машина жасау өнеркәсібінің өсу қарқыны технологиясы мен пайдаланатын шикізаты жағынан өзіне ұқсас басқа салалардың өсу қарқынынан жоғары болуы тиіс.

Машина жасау кешенінің әрбір саласы машиналар, механизмдер, артық бөлшектер, аспаптар сияқты белгілі бір өнім түрін шығарып, жөндеу жұмыстарын атқарады. Машина жасау зауыттарының әрқайсысы өзі маманданған өнім түрін шығарады. Яғни, олар өздері шығаратын дайын қнім түрлері (автомобиль, станок, экскаватор, трактор, т. б ) бойынша маманданады. Мұндай мамандану бұйымдық мамандану деп аталады. Дайын бұйымның жеке тетіктері мен бөлшектері (мотор, шина, аккумулятор, подшипник, т. б) бойынша мамнадану тетіктер бойынша мамандану деп аталады. Кез келген машина өндірісі тетіктерді дайындаған кезде және станоктарда өңдеген кезде кіші метеллургиямен (құю, соғу) байланысты болады. Бұл - технологиялық мамандану.

Машина жасауүшін көп металл, пластмасса, бояу, резеңке, мата, ағаш және т. б. керек. Машина жасауда пайдалынылатын шикізаттың көп түрлі болуы және машина, механизм т. б. құрылымының ерекшеліктері көптеген машина жасау зауыттары мен шикізат және тетіктер жеткізіп беретін зауыттыр арасында өндірістік байланыстар орнатуды немесе басқаша айтқанда, оларды кооперативтендіруді қажет етеді.

Мысал. Кез келген машина жүздеген, тіпті мыңдаған тетіктерден тұрады. Электровоз жасау үшін 210 мың тетік, бір ұшақ жасауға 120 мың тетік керек. Осы тетіктердің барлығын бір зауытта жасау ыңғайсыз әрі тиімсіз. Сондықтан негізгі зауыт дайын өнім жасауға бірлесе қатысатын басқа кәсіпорындармен бірігеді.

Дайын өнім шығаруға маманданған машина жасау зауытында негізінен тетіктер құрастырылады. Құрастырушы зауытқа тетіктер мен құрал-жабдықтарды филиал-зауыттар жеткізіп тұрады. Ал филиал-зауыттардың өзі тетіктер жасауға қажет дайындамалар өндіретін зауыттармен тығыз байланысты. Сөйтіп, машина жасау кешенінің тарамдалған салааралық және салаішілік байланыстары болады.

Машина жасау кешені дегеніміз - шаруашылықтың барлық салалары үшін құрал-жабдық, сондай-ақ халық тұтынатын бұйымдар өндіретін өнеркәсіп салаларының жиынтығы.

Қазақстанның машина жасау өнеркәсібі - өндірістің жаңа саласы. Қазан революциясына дейін мұнда зауыт құрал-жабдықтары мен ауылшаруашылық саймандарын жөндейтін шағын механикалық шеберханалар ғана жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы кезінде бұрындағы Кеңес Одағының батыстағы аударынан Қазақстанға көшірілген кәсіпорындар республика машина жасау өнеркәсібінің негізін қалады.

Олар шикізат, жұмысшы күшінің және дайын өнімді тұтыну аудандарының жақындығына қарай орналастырылады. Машина мен құрал-жабдықтар жасауға көп металл жұмсалатындығы мәлім. Сондықтан машина жасау зауыттарын орналастыруға шикізат және тұтыну факторлары үлкен әсерін тигізеді.

Металды қажет етуі жағынан машина жасау салаларының бір-бірінен айырмашылығы бар. Металды көп қажет ететін машиналарға кен комбайындары, трансформаторлар жатады. Бұндай зауыттар көбіне шикізат көзіне жақын орналасады.

Шығаратын өнімнің түріне қарай машина жасау өнеркәсібі ауыр машина жасау, көліктік машина жасау, ауылшаруашылық машиналарын жасау, энергетикалық машина жасау, құрылыс-жол машиналарын жасау, өнеркісәп үшін техникалық құрал-жабдық жасау және т. с. с. болып бөлінеді.

Ауыр машина жасау салаларына бірқатар ірі металлургия және кен өндіру құрал-жабдықтарын өндіретін зауыттар жатады. Қарағанды ауыр машина жасау зауыты кеніш-шахта құрал-жабдықтарын (автоматтандырылған бұрғылау машиналары, өзі жүретін крандар, кен комбайындары) шығарады. Зауыт республика көмір алаптарын қажетті техникамен қамтамасыз етеді. Өскемендегі зауыт түсті металлургия мен электр станциялары үшін қажет машина, құрал-жабдықтар өндіреді. Алматы ауыр машина жасау зауыты түсті және қара металлургия, химия комбинаттары үшін күрделі прократтық құрал-жабдықтарын жасайды. Зауыт сонымен бірге созу арқылы болат, мыс, алюминий сымдарын және шағын диаметрлі құбырлар жасайды. Зауытта жасалатын сымдардың диаметрі әр түрлі. Ол үшін орайтын және жазатын аппараттардың көп түрі бар. Сондай-ақ зауытта кокс-химиялық құрал-жабдықтар, электроаппаратуралар өндіріледі. Зауытта мұндай әр алуан өнімді көп өндіру жаңа техника мен технологияны, озық тәжірибені кеңінен өндіру нәтижесінде мүмкін болды. Мұнай және газ өндіру өнеркәсібі үшін қажет құрал-жабдықтар Атырау, Ақтөбе, Павлодар қалаларындағы зауыттарда жасалады.

Кентау қаласында жоғары өнімді, көп ожаулы үздіксіз жұмыс істейтін экскаваторлар шығаратын зауыт жұмыс істейді.

Ауыр өнеркәсіпте станок жасау, соның ішінде машина жасау өнеркәсібінің дамуын қамтамасыз ететін станок-автоматтар, құю құрал-жабдықтары мен аспаптары өндірісі ерекше орын алады.

Шымкент қаласында алып пресс-автоматтар шығаратын зауыт жұмыс істейді. Бұл ірі станок жасайтын зауыт басқарушы құрылғылары мен автоматты желілері бар жоғары жәрежеде автоматтандырылған станоктар шығарады.

Павлодарда трактор зауыты орналасқан. Онда дүниежүзілік стандарттардан кем түспейтін, жетілдірілген қуатты шынжыр табанды «ДТ-75» тракторлары шығарылады. Шынжыр табанды трактор ауылшаруашылық жұмыстарының барлық түрін атқара алады. Оның құрылысының ерекшелігі сондай, көптеген операцияларды орындауға икемді келеді: жерді жыртады, жаңбырлатқыш агрегат орнатып, егін суаруға болады, жол құрылысында қиыршақ тасты күрейді.

Экономикалық-географиялық жағынан алғанда трактор жасау тұтыну аудандары мен шткізат көздеріне қарай бағыттала орналасуымен сипатталады. Павлодар қаласында ірі трактор зауытының салынуы сол облыстардағы ірі егін шаруашылығы аймағының орналасуына және шикізат пен энергия көздерінің жақындығына байланысты.

Республикада электр энергетисы өнеркәсібінің дамуына байланысты электр жабдықтарын өндіру артып, энергетикалық машина жасау зауыттарының саны көбейді. Соңғы үш онжылыдықта көптеген ірі және шағын электр станциялары салынды, автомобиль және трактор паркінің саны өсті. Бұлар әр түрлі двигатель, электр жабдықтарын өндіруді ұлғайтуды қажет етті. Электр энергетикасы өнеркәсібі республиканың көп қалаларында дамыды. Алматыда төмен вольтты аппаратура мен электр жабдықтары зауыттары, Қарағанды электр моторлары зауыты, Шымкентте жоғары вольтты аппаратура шығаратын зауыты, Семейде-кабель зауыты, Өскеменде-“Полимермаш” зауыты, Павлодар мен Талдықорғанда республиканың ең ірі электр станцияларын қамтамасыз ететін конденсатор зауыттары, Кентауда-күш трансформаторлары зауыты, Алматыда автомобильдер мен тракторларға двигательдер және басқа қосалқы бөлшектер шығаратын құю-механикалық зауыты жұмыс істейді.

Металл бұйымдар мен конструкциялар өндірісі тұтыну аудандарымен байланысты орналасқан. Республикада бірқатар арматура зауыттары бар. Өскемен мен Семейдегі арматура зауыттары өнеркәсіптік құбыр аппаратурасын, Қостанайдағы зауыттар металл құрылымдары мен кеніш-шахта жұмыстары үшін металл бұйымдарын жасайды.

Орал арматура зауыты, мұнай, су, бу құбырлары үшін арматура шығарады.

Ауылшаруашылық машина жасау. Ауылшаруашылық техникасын өндіретін зауыттар негізінен астықты аудандарда, тұтынушыға жақын орналасқан. Салмағы ауыр және көлемі үлкен болғандықтан оларды тасымалдау қиын. Астанада «Қазақауылмаш» және «Тыңауылмаш» зауыттары орналасқан. Олар ауылшаруашы-лық құрал-саймандарының тұтас жиынын - егіншілік пен мал шаруашылығындағы жұмастарды механикаландыруға арналған машиналар, соның ішінде аспалы кең алымды дестелеуіштер, сондай-ақ жел эрозиясымен күресуге арналған машиналар шығарады. Шөп жинайтын, астық тазалайтын машиналар және басқа ауылшаруашылық құрал-саймандары жасалады.

Әрбір облыс орталығында дерлік ауылшаруашылық машиналарына қосалқы бөлшектер өндіретін зауыттары бар.

Көкөніс, жеміс, жүзім шаруашылығын, жемшөп өндіру жұмыстарын механикаландыруға арналған механизмдер мен құрал-жабдықтар өндіруді ұлғайту жоспарлануда.

Мамандыру мен кооперативтендірудің арқасында машина жасау кәсіпорындарын, әсіресе өнімі барлық жерге қажет металл өңдеу зауыттарын орналастыруда көлік аса маңызды орын алып отыр.

Көлік машина жасау. Аса ірі темір жол және автомобиль жолы тораптарында вагон жөндеу, автомобиль жөндеу, шина жөндеу зауыттары жайғасқан. Ірі көлік жолдары тораптары - Алматы, Шымкент, Ақмола. Республикамыздың байтақ жерін игеріп шаруашылық жүктерін жеткізу үшін көп мөлшерде көлік құралдары қажет. Қазірге дейін Қазақстанда көліктік машина жасау зауыттары жоқ.

Шетелдік инвесторлар автомобиль, ұшақ және вагон жасау өнді-рістеріне мүдделік танытуда. Ол, ең алдымен, таяу болашақта ірі байланыстырушы буынға айналатын Қазақстанның Азия мен Еуропа елдерінің аралығында орналасуына байланысты. Қазақстанда көлік жүйесін дамытуға мүдделік танытқан жапон мамандары жетілдірілген вагондар жасауға өз қаржыларын жұмсады. Алматыдағы ескі Депоға жолаушы вагондарын жөндеу басталды. Онда жөнделген вагондардың іші де, сырты да ашық түсті, аса тартымды, жолаушыларға аса қолайлы. Қайта жаңартылған вагондардың шығарылуы вагон жөндейтін Депоның вагон жасайтын зауыт болып қайта жабдықталуының басы болып табылады.

Автомобиль жасау. Қазақстан жағдайында автомобиль көлігінің маңызы зор. Ол аса икемді болғандықтан жүкті жақынға да, алысқа да жеткізе алады. Павлодарда қазіргі трактор зауытының базасында «Фиат» концернінің көмегімен итальяндық компания автомобиль зауытын салуды көздеп отыр. Қазақстандық шағын литражды автомобильдің базалық моделіне фиаттық «Панда» автомобилі алынды. Зауыт алғашқы кезде жылына 200 мың, содан кейін 300 мың автомобиль, соның ішінде фермер шаруашылықтарына арналған 23 мың шағын (микро) жүк автомобильдерін шығарады.

Көптеген шетел мемлекеттері, солардың ішінде күрт өркендеп дамыған Оңтүстік Корея, өздерінің автомобиль өнеркәсібін автомобиль мен басқа да техника құрал-жабдықтарды жинастырудан бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Машина жасау өнеркәсібі
Қазақстан Республикасы машина жасау өнеркәсібінің қазіргі даму жағдайы мен болашағы
Машина жасау өнеркәсібі кешені
Машина жасау өндірісінің салалары
Машина жасау салаларының орталықтары
Қазақстандағы машина жасау кешенінің дамуы
Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу
Машина жасау технологиясының даму бағыттары
Ресейдің машина жасау кешенінің құрылымы
Көлік геграфиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz