Герман тайпаларының діні мен әдет-ғұрыптары


Герман тайпаларының діні мен әдет-ғұрыптары
Страбонның айтуынша, герман тайпаларында болашақты болжайтын ақ шашты әйелдер болған. Олар өзіне бағынышты адамдардың тамағын кесіп, одан аққан қанның күміс кесеге толғанын қарап және өлген құлдардың ішкі ағзасын қарау арқылы болашақты болжаған. Герман тайпалары негізіен күнге, отқа, айға, яғни тек табиғат тылсымдарына ғана табынған. Тек көзбен көрген құдайларына ғана сенген, ал басқа Құдай туралы олар естімеген. Олар соларға арнап құрбандықтар шалған. Құрбандардың ішінде адамдар да болған. Германдықтардың ойынша Жер олардың Құдайы Туистонды туған және оның баласы Манн германдықтарды туған. Және де германдықтардың Құдайларының қатарынан Меркурий, Марс, Геркулес атауларын да байқауға болады. Олар әйелдерде құдіретті күш бар деп есептеген. Әр тайпаның өз дәстүрі және өз Құдайлары болған. Олар Құдайларға арнап храм соқпаған, тек қасиетті орындарды аралаған. Құдайлардың айтқаны ағашқа жазылған белгілерден, құстардың дауысынан, ақ жылқылардың кісінеуінен көрінген.
Баварлар (нем. Bayern, лат. ) - герман тайпасы. Қазіргі Германиядағы Бавария жерін және оның Оңтүстік мен шығыс өңірлерін мекендейді. Баварлар 480 - 550 жылы Рим провинциялары РецияНорика жеріне келіп қоныстанған. Негізінен роман тектілерден (маркомандардан) құралған. Баварлар аты алғаш 6 ғасырдағы остгот тарихшылары Кассиодардың “Готтар тарихы” мен Йорданның “Геттердің шығу тегі мен әрекеттерінде” аталады. Бабырнама 6 ғасырда дербес герцогтық құрады. 591 жылы Баварлар мемлекеті Франк мемлекетіне тәуелді болады, кейін оның құрамына енеді (788) . 7 ғасырдан бастап франктер Баварлар арасына христиан дінін тарата бастайды. 10 ғасырдыңбасында герцогтық болып қайта құрылды. 10-13 ғасырлардың аяғында Баварлар герцогтығы ыдырады да, герцог Альбрех ІV тұсында (1467-1508) қайта бірікті. Баварлар отыз жылдық соғысқа (1618 - 1648) араласты. 17 ғасырда князьдық қалыптасты. Испан мұрагерлігі (1701 - 1714) мен Австрия мұрагерлігі үшін болған (1740-1748) соғыстарда Францияны жақтап, ал 18 ғасырдыңаяғында Францияға қарсы соғыстарға қатысты. 1806 жылы корольдық болып құрылып, Рейн одағына кірді. Наполеон соғыстары кезінде Баварлар жері Солтүстік-батысқа қарай біршама кеңіді. 19 ғасырда Баварларда нарықтық қатынастар қалыптаса бастады. 1871 жылы Баварлар Герман империясына қосылды. Германияда 1918 жылғы Қараша революциясы нәтижесінде Баварларда Республикасы үкімет құрылды. Кеңес Одағының араласуымен 1919 жылы сәуірде коммунистер басқарған Бавар кеңес республикасы құрылды. Бірақ ол герман өкіметі тарапынан тез жаншылды да, сол жылы Веймар конституциясына сәйкес Баварлар Герман Республикасының құрамына енді; қаласының Немістер.
Вандалдар - шығыс германдық тайпалар тобы. Алдымен Скандинавия түбегінде тұрды. Б. з. б. 2 - 1 ғ-ларға дейін Балтық т-нің оңт. жағалауына, 3 ғ-ға дейін Дунайға, 335 ж. Паннонияға қоныс аударды. 5 ғ-дың басында аландармен бірге Батысқа жылжып, Галлияны талқандап, 409 ж. Испанияға қоныстанды. 429 - 439 ж. В. Рим провинциясы Африканы (439 ж. Карфагенді) жаулап алып, өз корольдігін құрды. Жерорта т-нің батысындағы аралдар мен жағалауларға бірнеше рет шабуыл жасады (455 ж. Римді тонады) . 533 - 34 ж. В. корольдігін Византия басып алды да, В. жергілікті халықтардың арасына сіңісіп кетті.
Кимврлер (лат. Gіmbrі) (лат. Cimbri) - Ютланд түбегін мекендеген герман тайпасы. Б. з. б. 2 ғ-дың аяғында К. оңт-ке қарай қозғалды. Б. з. б. 113 ж. Норе аймағының түбінде римдіктерді жеңіп, Галлияға беттеді, римдіктерге бірнеше рет (б. з. б. 109, 107, 105 ж. ) соққы берді. Тевтондармен, гельветтермен, т. б. тайпалармен біріккен Кимврлер Галлияны түгелдей өзіне қаратты. Б. з. б. 102 ж. Римге бет алып, бүкіл Солт. Италияны басып алды, бірақ Верцелла түбінде римдіктерден күйрей жеңіліске ұшырады.
Сакстер - герман тайпаларының бірі. Алғашқыда қазіргі Германияның Шлезвиг аймағында өмір сүрген. Батыс Рим империясы тұсында қарақшылықпен айналысатын тайпа ретінде аты шықты. 5 ғасырда римдіктер Британиядан өз әскерлерін алып кеткен кезде, сакстердің бір бөлігі келесі бір герман тайпасы - англдармен бірге Британ аралдарына келіп, тұрақты қоныстанып қалды. 6 ғасырда сакстер Оңтүстік Англияда Эссекс, Уэссекс, Сассекс деп аталатын бірнеше корольдіктер құрды. Уэссекс осылардың ішіндегі ең құдіреттісіне айналып, басқаларын өзіне қосып алды. 871 - 899 ж. Уэссекстің королі Ұлы Альфред болды. Англдер мен сакстер қазіргі ағылшын ұлтының негізін қалады. Олар ағылшын тілі мен мәдениетінің әр түрлі аспектілеріне үлкен ықпал етті. Германияда қалған сакстер 9 ғасырда Саксония герцогтігін құрды. Кейіннен бұл аймақ біртұтас Германияның құрамына кіріп, қазіргі неміс ұлтын қалыптастырды. [
Тевтондар (латынша teutonі немесе teutones) - герман тайпалары. Тевтондар географ Пифидің (біздің заманымыздан бұрын 4 ғасыр) жазған еңбегінде тұңғыш рет аталады. Біздің заманымыздан бұрын 2 ғасырда тевтондар Ютландия түбегінің батыс жағалауынан Галлияға басып кіріп, кимвралармен біріккен. Содан соң тевтондар кимвралармен, гельветтермен, амброндармен және басқа герман тайпаларымен бірге оңтүстікке бет алып, Солтүстік Италияға жорық жасады. Біздің заманымыздан бұрын 102 жылы Рим әскербасшысы Г. Марийдың әскері тевтондарды жеңіліске ұшыратып, Солтүстік Италиядан қуып шықты. Мұнан кейін тевтондар атауы аталмайтын болды. Тек кейбір жағдайда тевтондар атауы герман тайпаларының жалпылама ортақ атауы ретінде қолданылады.
Франктер - орта ғасырлардың бас кезінде Орталық Еуропада тұрған батыс герман тайпалар тобы. Оларға хамава, бруктер, усибет, тенктер, сугамбар, т. б. тайпалар кірген. Франктер 2 топқа бөлінеді: 1) Төменгі немесе Солтүстік Франктер (кейінірек Батыс Франктер) деп аталған сали Франктері; 2) Рейн өзіні жағалауынан жоғары Майн өзініне дейін қоныстанған Франктер. Дерек көздерінде олар алғаш рет 3 ғасырдың ортасында аталынады. Сали Франктерін 4 ғасырда римдіктер талқандап, Токсандрияда федераттар құқығында қалдырады. Жазба деректерде олар 451 ж. ғұндарға қарсы Каталаун қырғынына қатысады. 5 ғасырдың бас кезінде сали Франктері Соммаға дейінгі Галлияны бағындырды. Кейінірек өздеріне бағынышты аумақтағы билікті нығайта әрі кеңейте отырып, 5 ғасырдың соңында Франк мемлекетін құрды. Франктер Батыс Еуропадағы бірқатар халықтардың этногенезінде өзіндік рөл атқарған.
Франктердің пұтқа табынушылығы олардың Галлиядағы билігін нығайтуына көмектесе алмады. Ондай көмекпен халық арасындағы ықпалы мен беделі күшті христиан шіркеуі ғана қамтамасыз ете алатындығын франк басшылары түсінді. Сондықтан Хлодвиг 498 жылы өзінің жасақшыларымен бірге христиан дініне енді. Алғашында бұл дінді қабылдағысы келмеген франктер оған Хлодвигтен қорыққанынан кірді. Христиан діні франктер мен римдіктерді жақындастырып, бір халыққа айналдырды. Шіркеу басшылары жарлықтар шығаруға көмектесіп отырды. Хлодвигтің кеңесшілеріне айналып, оның беделін көтеріп, билігін нығайтты. Хлодвиг оның қарымтасы ретінде шіркеудің байлығын қорғап, оған жер үлесі мен бағалы сыйлықтар беріп отырды. Әрбір елді мекенде шіркеулер ашылды. Дінбасылары халыққа құдай сөзін жеткізіп, оларды құдайға құлшылық етуге шақырды. Христиан дінінің арқасында франктер римдіктердің бай мәдениетін меңгерді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
↑ Лампрехт К., История германского народа, т. 1, 1894; Boff H., Bajuwaren Schmuck der Agіlolfіngerzeіt, 1952.
↑ Қазақ Энциклопедиясы, 1 том
Терминдер
Этимология (грек. etymos - ақиқат, шындық, logos - білім) - сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы болып табылады. Этимологияның зерттеу нысанына, негізінен тілдегі жеке сөздер, сөз тіркестері, граммат. тұлғалар жатады. Этимологиялық зерттеу нысаны тек мағынасы ұмыт болуына, не күңгірттенуіне байланысты жеке-дара қолданылмайтын сөздер, тұлғалар ғана емес, сонымен қатар тілімізде дербес те жүйелі түрде қолданылатын жалпы лекс. -граммат. мағынасы айқын сөздер мен сөз тұлғалары да бола береді. Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсілі, морфемдік-модельдік талдаулар, түбірін індете зерттеу, т. б. Этимологиялық зерттеулер мен сөздіктер алдына қойған мақсатына байланысты бір тілге, не бір топтағы туыстас бірнеше тілдерге бағындырылуы мүмкін. Этимологиялық зерттеулердің қай түрі болмасын, қандай тілге бағытталмасын ғыл. тұрғыдан үш түрлі, атап айтқанда, фонет., морфол. және семант. принцип-критерийге сүйенуі шарт. Сөз төркінін дұрыс та дәл анықтаудың нәтижелі тәсілі болып саналатын бұл принцип-критерийлер жалпы түрде емес, нақтылы тілдердің өзіндік ерекшеліктері мен сол тілдердің қалыптасу, даму заңдылықтары негізінде қолданылады. Осы орайда синхронды және диахронды бағыттағы Этимологиялық зерттеуге қойылатын тағы бір шарт - тарихи факторлармен санасу. Фонет. принцип - әрбір тілдің немесе бір топтағы туыс тілдердің дыбыстық жүйесіне тән (сингармонизм - үндестік пен ассимиляция, дыбыс алмасу мен дыбыстық сәйкестігі, дыбыстың түсіп қалуы мен қосымша дыбыстың пайда болуы, дыбыстардың қосарлануы мен әлсізденуі, дыбыстардың ұзаруы мен қысқаруы, орын алмастыру мен апокопа, элизия мен парагогия, флексия мен фузия, т. б. ) сан алуан фонет. заңдылықтарды қатаң ескеруді талап етеді. Морфол. принцип - сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтарына негізделеді. Лексемаларға жасалатын морфол. талдаудың басты мақсаты, мәселен, түркі тілдерінің жалғамалық құрылысына сәйкес, олардың ілкі түбір, жай түбір, туынды түбір және граммат. тұлғалардың ара-жігін ажырату болып саналады. Сондай-ақ морфол. принцип-критерий сөзжасам процесіне негіз болушы көптеген модель-үлгілер мен сан алуан граммат. тұлғалардың ішінен Этимологиясы анықталуға тиісті лексиканың табиғатын тап басып тану үшін, өзіне ұқсас басқа сөздерден айыру үшін қажет. Семант. принцип - сөздердің мағынасын анықтауда Этимологияның негізгі критерийлерінің бірі болып саналады. Өйткені мағынасыз сөз болмайтыны белгілі және ол мағына сол сөздің дыбыстық не морфол. тұлғасына да тікелей қатысты. Сөз мағыналарының көнеруі, күңгірттенуі, ұмыт болуы, тоғысуы, іштей жіктеліп, көп мағынаға, тіпті біртекті омонимдерге айналуы, т. б. сөз табиғатына тән семант. заңдылықтар - Этимологиялық принцип. Тарихи принцип - Этимологияның тарихи лексикологиямен, этнолингвистика және этнография, т. б. тоғысар бір туысы. Өйткені тіл абстракция емес, ол белгілі этностың туындысы, ал этнос белгілі бір геосаяси аумақта, тарихи кеңістікте жасап келген феномен. Оның болмысын анықтайтын өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, өмір тіршілігі, т. б. рухани-материалдық мәдениеті болады. Бұл аталған этимол. принцип-критерийлер өзара тығыз байланыста, қатыстырыла қолданылады. Этимологияның түрлері үш топқа (ғыл., қызықты, халықтық) бөлінеді. Ғыл. Этимология - жоғарыдағы аталған төрт түрлі принципке, яғни тіл дамуының объективті заңдылықтарына сүйеніп жасалған. Қызықты Этимология- сөз төркінін ашуда аталатын принциптерге тереңдеп бара білмейтін, дәйектілігі белгілі бір деректермен шектелген, сөздердің сыртқы тұлғасы және бөлігі контекстегі мағынасымен қанағаттанатын, бірақ өзінің сиқырлы сырымен жұртшылықты қызықтырып, қалың бұқара арасына тез тарап кететін Этимологиялар жатады. Халықтық Этимология - сөз бен сөз тіркестерінің табиғатын оларға тән өзгеру, түрлену, даму, жасалу, т. б. заңдылықтарымен, Этимологияның ғыл. принциптерімен санаспай, табиғатын басқа зат пен құбылыс атауларының кездейсоқ, не тым
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz