Коммерциялық банктердің мазмұны, құрамы, құрлымы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І Коммерциялық банктер активтер портфелінің мазмұны және оны қалыптастырудың теориялық негіздері

  1. Активтер портфелін қалыптастыру және оның мақсаты
  2. Активтер портфелін қалыптастыруды ұйымдастырудың негіздері
  1. Коммерциялық банктердін активтер портфелін құрамы мен құрлымы және оларға талдауНесиелік портфель және оны қалыптастыру тәжірибесіАҚ «Банк Центр Кредит» несиелік портфельдің сапасын талдауКоммерциялық банктердің инвестициялық портфелі және оның мазмұны
  2. Коммерциялық банктердің активтер портфелін қалыптастыру мен басқаруды жетілдіру жолдарыНесиелік портфелді қалыптастыруды жетілдіру жолдарыИнвестициялық портфелді қалыптастыруды жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі - коммерциялық банктердегі активтер портфелің банктің табыс көздерінің бірі болып табылғандықтан, оны дұрыс сапалы түрде бағалай білу, сол сияқты басқару бұл - банк қызметінің ажырамас бөлігі, және басты мақсаттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан экономикалық өзгерістердің негізгі бағыттарының бірі - халық шаруашылығы механизмінде қаржы сферасының алатын орнының өзгеруімен байланысты болып табылады. Жоспарлы экономика тұсында ақша - несие ағымдары шаруашылық айналымда айтарлықтай рөл атқарған жоқ,, ол тек өндіріс сферасының жоспарланған мақсаттарын орындауға қажетті құрал ретінде ғана қарастырылды. Бірақ нарықтық экономикаға өту жағдайында қаржы ағымдарының мәні күрт өзгерді. Нарықты экономика тұсында шаруашылық жүргізу субьектілерінде қаржы ресурстарының қажетті мөлшері қолда болуы немесе болмауы шаруашылық қызметтің жүзеге асырылуының негізін қалаушы фактор болып табылады.

Бүгінгі таңда нарықтық экономикада несие - банктік жүйеде ерекше орын алып отыр. Жүйе арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ақшалай төлемдері мен есеп айырысуларының аса зор көлемі халықтың жинақтары мен табыстарын, уақытша бос ақшалай қаражаттарын жұмылдырып, оны белсенді қызмет ететін капиталға айналдырады. Сонымен бірге, бұл жүйе көптеген қызметтерді несиелік сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, трасталық қызметтерін көрсетеді.

Қазақстанның нарыққа өтуі көбінесе несиелік қатынастар потенциалының жүзеге асырылуымен байланысты. Бүгінгі таңда біздің елімізде несиелік қатынастар бірқатар өзгерістерге ұшырап отыр, Сонымен бірге жалпы несиелердің ішінде өтімділігі жоғары қысқа мерзімді несие ерекше көзге түседі. Кәсіпкерлер арасында қысқа мерзімді несие қызығушылық туғызып отыр.

Қазақстанда несиелеу келесі заңдар мен ережелерге сүйеніп жүзеге асырылып реттеледі: ''Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” және ''Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметтер туралы'' заңдары, 1994 жылы ақпанның 11 жұлдызында Ұлттық банкпен бекітілген ''Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережелері''. Бұл заңдар мен нормативті актілер барлық меншік формасындағы банктермен қолдануға тиесілі.

Диплом жұмысының мақсаты - коммерциялық банктердің активтер портфелін және оның сапасын бағалаудың теориялық негізін ашу, сондай-ақ «Банк Центр Кредит» АҚ-ы мысалға ала отырып, оның активтер портфелін басқару саясатының ерекшелігін қарастыру болып табылады.

Сол себептен диплом жұмысында келесі міндеттер қарастырылады:

- активтер портфелі туралы түсінік беру;

- коммерциялық банктердің активтер портфелінің сапасына ықпал ететін факторларды талдау және активтер портфельді басқарудың шетелдік тәжірибесін қарастыру;

- коммерциялық банктердің пайдасын құруда несиелік саясаттын алатын орнын анықтау;

- «Банк Центр Кредит» АҚ активтер портфелінің сапасына талдау жасап, оны басқару саясаттарының мақсаттарын анықтау;

- активтер портфельдің сапасын жақсарту жолдарын сипаттау;

- коммерциялық банктерде несиелік саясаттының даму барысы, мәселелері мен жетілдіру жолдарына тоқталу болып табылады.

Диплом жұмысымда жүргізілген зерттеу коммерциялық банктерде активтер портфельдің қалыптасу ерекшеліктерін түсінуге жүргізілетін несиелік операциялардың көлемін келешекте кеңейту үшін алғышарттар жасау және бұл қадамдардың банктер мен жалпы экономика үшін маңыздылығы мен салдарын анықтауға, несиелеу процесінде туындайтын тәуекелділік деңгейін төмендету жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Бірақ Республикадағы банктердің қызметі әртүрлі факторлардың ықпалынан аса күрделі жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының дефициті және т. б. Осы факторлардың әр қайсысы берілген банктік несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкіншілігінің төмендеуінен банктердің несие және пайыздық саясатын хеджирлеу стратегиясы және т. б. мүмкін тәсілдер механизмдерін әзірлеу көмегімен несие тәуекелдігін бәсеңдетуге ұмтылады.

Осы проблеманың маңыздылығы мен тәжірибе жүзіндегі мәнділігі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Дипломдық жұмыстың объектісі болып «Банк Центр Кредит» Акционерлік Қоғамы болып табылады.

І Коммерциялық банктер активтер портфелінің мазмұны және оны қалыптастырудың теориялық негіздері

  1. Активтер портфелін қалыптастыру және оның мақсаты

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443 заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты.

Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты пайда-табу.

Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан өз қаражатына, қайырымдылық, мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айрысу, тағы басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген.

Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір жағынан шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншңлңк жасайды, екінші жағынан жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субьектілер мен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға берді. Сонымен қатар, банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілен қаржы үшін тиісті өсім (процент) алады. Обьективтік процесс ретінде, банктердің мұндай портфеліның эконмикалық негізі болып, қарызға беретін құнды қалыптастыруға және пайда табуға әсер ететін ақшалай қаржылардың қозғалысы болып табылады.

Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның сыртында, өздерінің бөлімшелерінің еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да заңдармен және олардың негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің құзіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық актілермен реттелінеді.

Әдетте, банк операциясын жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы туады. Мысалы, несие операциясының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған сомасы оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп айрысу операциясы да жүргізіледі-сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің тауар жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін (болмаса орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін) есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір субьектілерден екінші субьектіге ауысады. Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде нақты ақша, банкінің кассасынан шаруашылық жүргізуші субьектінің кассасына ауысады және керісінше, шаруашылықтың кассасынан банктің кассасына түседі. Ақша аудару операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан аларманға ауысады т. б.

Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы сейфтік операцияларды жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының күшімен банкноттарды, монеттерді кассаға жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды. Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де, түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді. Осының негізінде банктің портфелі, олардың қызметтерінен өзгеше деп түсіну керек және оларды бөлек қарау (зерттеу) керек. Бірақ қазіргі жағдайда банктердің өз жұмыстарын коммерциялық жолға көшіргенде, барлық портфелі да қызметтері де төлемді болғандықтан бұл екі ұғымды бір бірінен ажырату оңай емес. Дегенмен де, теориялық еңбектерде бұларды бөліп қарау керек.

Банктің портфелін жүргізгенде, немесе, банк қызметтерін көрсеткенде туатын банктер арасындағы, немесе банк пен оның клиенттерінің арасындағы қарым қатынастың бәрі, екі жақтық шарттасу негізінде реттелінеді.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңның 41 бабына сәйкес банктің қаржы жөніндегі орнықтылығын сақтау, депазиторлардың мүддесін қорғау және де елдің ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк банктердің қызметін мынадай жолдармен реттейді:

-Екінші дәрежелі банктерге пруденциялық (экономикалық) нормативтер басқа да міндетті түрде орындалуға тиісті мөлшерліктер мен шектемелер, оның ішінде резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы қоятын мәжбүрлі шығындарды бекіту;

-Екінші дәрежелі банктер үшін міндетті түрде орындалуға тиісті нормативтік, құқықтық актілер шығару;

-Екінші дәрежелі банктердің жұмысын инпекциялау (тексеру) және оның нәтижесінде, банктің қаржы жағдайын сауықтандыруға бағытталған ұсыныстар енгізу, немесе ықпалын тигізетін шаралар қолдану, ең ақыры, лицензиясын алып қоюға дейін;

Нарықтық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық портфелін үш негізгі топқа бөлуге болады:

-Пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру) ;

-Активтер операциялар (қаржыны орналастыру) ;

-Активтер-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер) .

Пассивтік операциялар. Бұл портфелінің басты мақсаты, банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл операцыялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивтік операциялар қатарына мыналар жатады:

-Заңды немесе жеке тұлғалардың есеп, немесе ағым шоттарына қаржы жұмылдыру (талап етілмелі депозиттер) ;

-Басқа банктерден қарыз алу (банкаралық несие) ;

-Заңды және жеке тұлғалардың қаржыларын мерзімді салымға жұмылдыру;

-Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;

-Орталық (Ұлттық) банктен орталықтандырылған несие алу т. б.

Банктің ресурстары дегенде ойымызда болатыны, басқаларға уақытша пайдалануға беріле алатын болмаса басқа да активтер операцияларды жүргізуге пайдалануға болатын банктің бос қаржысы.

Мұндай бос қаржы ресурстар меншікті капиталы мен қарызға алған жұмылдырылған қаржыдан құралады.

Банктің меншікті капиталы бастапқыда сатылған акциялардан түскен ақшадан немесе акционерлердің кіріс жарнасынан құралады. Олар банктік қызметтерді атқаруды қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан оны, кейде акционерлік капиталл деп те атайды. Жаңадан ашылатын банктер үшін Ұлттық банктің басқармасының 1997 жыл 5 желтоқсандағы №412 қаулысы бойынша, меншікті капиталдың төменгі шегі миллион теңге. Оның, банкті есепке алыну тұсында кем дегенде 50% төленуі керек. Қалғаны банк есепке тұрғаннан кейінгі, бір календарлық жылдың ішінде төленуі керек. Бұл талапты орындамаған күнде, Ұлттық банк есепке отыруға өзінің тұжырымын бермейді.

Қазақстан Республикасының заңдарының бір ерекшелігі-банктің құрылтайшылары мен акционерлері алған акцияның құнын түгелімен ақшалай төлеулері керек деген талап (аталмыш заңның 16 бабының 2тармағы) . Басқа елдерде банктің меншікті капиталы тек ақшалай емес, басқа да материалдық және материалдық емес активтер мен үшінші тұлғаның құнды қағаздарымен де төленуі мүмкін. Мысалы, кезінде, кейбір Ресейлік банктердің меншікті капиталының 70%-ке дейінгісі материалдық активтер болды. Бірақ, мұны қолайлы жағдай деп айтуға болмайды. Өйткені банктің меншікті капиталын несие берудің көзі ретінде пайдалану мүмкіншілігі азаяды. Сондықтан Ресейдің Орталық банкісінің 1994 жылы 11-желтоқсанда орнатқан тәртібі бойынша, банктің меншікті капиталының 10, 0%-ке дейінгі бөлігі материалдық емес активпен құралуы мүмкін.

Банктің меншікті капиталының әрі қарай көбеюі банктің таза пайдасынан аударым жасаумен немесе жаңадан акция шығарып, оны орналастырумен іске асырылады. Банктің меншікті капиталын көбейтудің тағы бір көзі, оның өткен жылы бөлінбей қалған пайдасы.

Егемендік алғаннан кейінгі бастапқы жылдарда мұндай тәртіп Қазақстанда да болған, кейін жойылды.

Банктің ресурстарының құрамына меншікті капиталдың үлесі онша көп емес-10-12%-тің шегінде, 88-90%-ті жұмылдырылған қаржылар. Мұның өзі, банктің пассивтік операциясының қандай маңызы бар екенін тағы да дәлелдейді. Жұмылдырынған резервтің ішінде елеулі орын алатындар депозиттік ресурстар. Олар мерзімді және талап етілмелі депозиттер болып бөлінеді. Депозиттің бұл түрінің өзара айырмашылықтары бар. Оның бастысы: мерзімді депозит белгіленген мерзімге салынады. Сол мерзім өткенге дейін оның иесіне банктен ол депозитті алу өте тиімсіз. Онда ол көп табыс жоғалтады. Сондықтан банк, бұл қаржыны мерзімі өткенге дейін ешбір қауіпсіз активтер операцияларға пайдалана алады.

Ал, талап етілмелі депозитте олай істеуге болмайды. Өйткені оның иесі кез келген уақытта қаржысын түгелімен немесе жартылай талап етуі мүмкін. Сондықтан банк, қаржысын сұрап келген депозиттердің талабын орындау үшін талап етілмелі депозиттың сомасын көбінесе бос ұстауға тырысады.

Олар құру әдістерімен де бірінен бірі ерекшеленеді. Егер мерзімді депозит банкіге табыс табу үшін арнаулы шарт жасалып салынатын болса, талап етілмелі депозит, банктегі есеп, немесе ағымдағы және басқа да арнаулы шоттарына бос ақша жиналғанда құрылады. Бұл шот иесінің әдейі істейтін ісі емес, шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос ақшаларын банкіде сақтау керек деген талаптан туатын іс.

Активтер операциялар. Бұл портфелінің көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын қолдауды қамтамасыз ету үшін орналастырады.

Бұған жататындар:

-Шаруашылық жүргізуші субъектілерге әр түрлі қажеттерін қанағаттандыру үшін қысқа, орта, ұзақ мерзімді несие беру;

-Халыққа тұтынулық несие беру (үй құрылысын жүргізу, пәтер, үй және басқа да ұзақ мерзімде пайдалынатын мүліктерді сатып алуға) ;

-Құнды қағаздар сатып алуға несие беру;

-Лизингілік операцияларға несие беру;

-Факторингілік операцияларға несие беру;

-Басқа банктерге несие беру (банкаралық несие) .

Көрсетілген активтер портфелінің ішіндегі ең бастысы қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу опреациясын жүргізу болып табылады. Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы, барлық табысының 80%-інен асып кетеді. Соңғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен қатар көптеген жаңа түрлері пайда болды. Олар пәтер үй салып алуға берілетін несие, үйді қайта тұрғызуға, немесе үйге күрделі өңлар пәтер үй салып алуға берілетін несие, үйді қайта тұрғызуға, немесе үйге күрделі өңдеу жүргізу үшін берілетін несие, сақтандыру қағазын кепілзатқа алып беретін несие, фермерлерге жер төлемін жақсартуға берілетін несие, оқуға және сынақ мерзімін өткізуге беретін несиелер. Сонымен қатар заңонымен қатар заңды тұлғаларға кәсіпкерлік ұйымдастыруға, басқа фирмалардың активін сатып алуға кредит беретін болды.

Банктің активтер портфелі экономикалық мазмұнына қарай төмендегідей болып бөлінеді:

-Несиелеу портфелі-(есептеу-несиелеу) ;

-Есеп айырысу портфелі;

-Кассалық операциялар;

-Инвестициялық, қорлық операциялар;

-Кепілді операциялар.

Несиелеу портфелі- қарызгерге қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық негізінде қаржы беру портфелі. Вексельдерді сатып алу (есептеу) немесе вексельдерді кепілзатқа қабылдаумен байланысты несиелеу портфелі да есеп (есеп-несие) операциясының қатарына кіреді;

Есеп айырысу портфелі- қаржыны клиенттің есеп шотына есептеу немесе оны шоттан шығару, оның ішінде клиенттің контрагенттерінің алдындағы міндеттемелерін өтеумен байланысты операциялар;

Бос қаржыны депозитке жұмылдырумен қатар несиелеу және есеп айрысу портфелі банктің өте маңызды портфелі болып табылады.

Кассалық операциялар- қолма-қол ақша беру немесе оларды қабылдаумен байланысты операциялар. Кеңейтіп айтқанда, бұл қолма-қол ақшаның қозғалысымен қаржыларды қалыптастыру, орналастыру және пайдаланумен байланысты операциялар деуге болады.

Инвестициялық қорлық операциялар- банктің күрделі қаржысын құнды қағаздарға салу және басқа құрамдармен бірігіп шаруашылық жүргізу үшін жарнаға салумен байланысты операциялар. Бұл жерде ескеретін нәрсе «Қазақстандағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңның 8-бабына сәйкес, Қазақстандағы банктерге пайда табу үшін басқа шаруашылықтардың негізгі капиталына жарна салуға болмайды.

Кепілді опреациялар- кепілдеме (кепілгерлік) беру, белгіленген жағдай болғанда, клиенттің үшінші тұлғаға бережағын өтеу портфелі.

Соннымен қатар, банкінің активтер портфелі: қауіптілік дәрежесіне қарай-қауіпті және қауіпті-бейтарап портфелі; орналастыру түріне (бағытына) қарай бірінші және екінші; пайдалылық дәрежесіне қарай: пайда келтіруші және пайда келтірмеуші операциялар болып та бөлінеді.

Активтер-Пассивтік операциялар:

-Банкіге комиссиялық сыйақы әкелетін комиссиялық операциялар (дебиторлық берешекті инкассалау, ақша аудару, сауда комиссиялық, сенімділік) ;

-Белгілі ақыға, клиенттің тапсырмасымен орындалатын делдалдық операциялар;

-Ішкі және халықаралық есеп айырысумен байланысты есеп айырысу қызметтері;

-Сенімгерлік қызметтері (клиенттің тапсырмасымен құнды қағаздарды, басқа елдердің валюталарын, асыл металдарды алып сату) ;

-Бухгалтерлік және консультациялық қызметтер.

Осы операцияларды банкінің көрсететін қызметтері деп атайды.

Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі-экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банктің актив портфеліна жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.

Несиелік операциялар-бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншісінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік, және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік портфелі активті және пассивті болады. Активтер несиелік операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер керісінше, банк қарыз алушы ролінде, ал клиеттер-несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік портфелінің екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.

Банктің активтер қарыздық портфелін қарастырайық.

Кәсіпорын, фирма, концерндер қарызды өздерінің тауарлық қорларын толықтыру, жалақыны төлеу, жабдық сатып алу үшін және тағы басқа, ауыл шаруашылық кәсіпорындар, фирмалар-өздерінің тұқым, жанар жағар май және тыңайтқыш сатып алу шығындарын жабу үшін; бір реттік тұтынушылар (халықтар) -автомобиль, үй, ұзақ пайдалынатын тауарлар және тағы басқа сатып алу үшін; үкімет-ағымдағы шығындарды қаржыландыру үшін алады. Бұл қарыз алушылардың барлығы қарызды, негізінен табыс алу мақсатында шоғырландырған ақша қаражаттарын (депозиттік немесе депозиттік емес) орналастыратын коммерциялық банктерден алады.

Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салымшылардан ақша қаражаттарын қабылдап және оларды қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық делдалдар ролін атқарады. Банктің бұл қызметі несиелік қатынастардың барлық қатысушыларына (салымшылар, қарыз алушылар және банк) тиімді. Бұл қатынастарда өзара мүдде көзделеді: әркім өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.

Несиенің екі нысаны белгілі: ақшалай жіне тауарлай. Сәйкесінше несиелендірудің екі түрі бар: бастапқыда шаруашылық субьектілерінің несиелік қатынастары банкпен қатынастар секілді пайда болатын тікелей банктік несиелендіру және несиелік қатынастар алғашқыда шаруашылық субьектілерінің арасында пайда болып, соңынан банкпен қатынастарға трасформацияланатын жанама несиелендіру.

Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілермен тікелей қарыз алушыларға ұсыналады. Несие беруші банк, ал қарыз алушы-шаруашылық субьектісі болып табылады. Банкаралық несиеде несие беруші де және қарыз алушы да банктер болып табылады, яғни бір банк басқа банкіге несие береді.

Коммерциялық несиелендіруде несие беруші де және қарыз алушы да шаруашылық субьектілері болады, яғни бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға тауар нысанында несие береді, бұл мәміле вексельмен рәсімделеді, яғни қарыз алушы несие бершіге тауар нысанында несие алуын растайтын құжат-вексельді береді. Одан әрі несие беруші осы вексельдің кепілдігіне қарыз (ссуда) ақша бер деп банкіге барады. Осылайша комерциялық несие банкілік несиеге түрлендіріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің инвестиция сферасындағы инвестициялық қызметі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінде бөлшек банкингтің теориялық негіздері
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы
«Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
Несие –ақша қатынастарын қалыптастыру
Банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару әдістерін зерттеп, оның жетілдіру жолдарын іздеу
Коммерциялық банктерді құру, олардың қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы
Коммерциялық банктерде активтер портфелін басқару
Несиенің мәні мен қажеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz