Алматы метрополитеніндегі жаңа технология және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы : Алматы метрополитеніндегі жаңа технология және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету

«6М073100- Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі

және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы

Орындаған

1 курс магистрантыАлимбетов Қ. М.

Ғылыми жетекшісі,

б. ғ. к., доцент Н. С. Бергенева

Алматы- 2013

РЕФЕРАТ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уинверситетінің география және табиғатты пайдалану факультеті энергоэкология кафедрасының «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының 1 курс магистранты Әлімбетов Қ. М. «Алматы метрополитеніндегі жаңа технология және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты курстық жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Мазмұны бетте терілген компьютерлік бетте ашылған. Библиографияда әдеби көз бар.

Кілтті сөздер: мұнай, мұнай өнімдері, мұнайды тасымалдау, мұнай құбырлары, қауіпсіздік технологиялары.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: қауіпсіздікті арттыратын технологиялық құралдарды жетілдіру, метрополитенде қолданылатын технологиялық құрал-жабдықтар қауіпсіздігін салыстырып, қазіргі күйіне талдау жасау.

Курстық жұмыста келесі сұрақтар қарастырылған: Алматы метрополитені және ондағы заманауи құралдармен технологиялары, құрылыс жұмыстары кезіндегі қауіпсізік, пайдалану кезіндігі қауіпсідік. Күтілетін нәтиже - метрополитенінде қолданылатын технологиялардың қауіпсіздігін бағалау.

Мазмұны:

Кіріспе

  1. Әдеби шолуАлматы метрополитені және ондағы заманауи құралдар мен технологиялар . . . Метрополитеннің құрылыс жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік . . .

1. 2. 1 . Жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары . . .

1. 2. 2. Жобалау-техникалық құжаттамасына қойылатын талаптар . . .

1. 2. 3 . Метрополитендер желілерінің трассаларына қойылатын талаптар.

1. 2. 4. Тоннелдердің габариттеріне қойылатын талаптар . . .

1. 2. 5 Ашық тәсілмен салу кезіндегі қауіпсіздік талаптары . . .

1. 2. 6 Жер асты тәсілімен салу кезіндегі қауіпсіздік талаптары . . .

1. 2. 7. Жер асты қазбаларын желдету . . .

1. 2. 8 Электр қауіпсіздігі . . .

1. 2. 9 Аварияға қарсы қорғау . . .

1. 3 . Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары . . .

1 . 3. 1 . Жолаушылар стацисы . . .

1. 3. 2 Дабыл және байланыс . . .

1. 3. 3 Станцияның техникалық жұмысын ұйыдастырудағы қауіпсіздік талаптары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Өзектілігі - метрополитенде қолданылатын қазіргі заманғы технологиялық құралдардың қауіпсіздігін арттыру.

Мақсаты - қауіпсіздікті арттыратын технологиялық құралдарды жетілдіру.

Міндеттері:

1 Метрополитенде қолданылатын технологиялық құрал-жабдықтар қауіпсіздігін салыстырып, қазіргі күйіне талдау жасау.

2. Эксплуатациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін перспективті техникалық шешімдерді талдау негізінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын жіктеу.

Зерттеу нысаны - Алматы метрополитені

Зерттеу құралы -талдау әдістемесі, қауіптердің қалыптасуына ықпал етуші факторлар, заңдылықтар, тәуелділіктер.

Зерттеу әдістері : математикалық модельдеу мен жүйелік талдау және аналитикалық талдау.

Кіріспе

Қала халқының көбеюіне байланысты үлкен қалаларда жер бетіндегі жолаушы легінің тығыздығы арта түседі. Сондықтан да көшеден тыс жолаушыларды жылдам таситын қоғамдық көліктер қажеттілігі пайда болады. Мұндай проблеманың ең дұрыс шешіміне метрополитен құрылысы жатады.

Метрополитен деп қаланың көшеден тыс теміржол көлігін атайды. Көпшілік қалаларда метрополитендердің желілері жер астында орналасқан. Қaзipri уақытта 30 елдің ең үлкен қалаларында желілерінің жалпы ұзындығы 3530 км болатын 71 метрополитен жұмыс істейді. Жақын жылдарда осыған қосымша 13 қалада метролар қосылады деп жоспарлануда.

Бірінші метрополитен 1863 жылы Лондонда іске қосылды, бұрынғы КСРО-да Москвада метрополитен 1935 жылдың 15 маусымында пайдалануға өткізілді.

Егер жолаушы қаланың сырт жерінен орталыққа 30 минут ішінде жететін болса, қаланың жолаушы тасымалдайтын көлігі қанағаттанарлық дәрежеде жұмыс істейді деп санауға болады.

Осы шарттарды есептей отырып, тұрғындары 1 миллион адамнан асатын қалаларда метрополитендерді пайдалану жөн деп саналады.

Осындай қалаларға еліміздің мәдени, қаржы және экономикалық орталығы болып саналатын ең үлкен қаласы Алматы жатады. Алматы метрополитенінің бірінші кезегінің жобасын АлматыГипроТранс, ГидроСпецСтрой, АлматыГипроГор институттарының қатысуымен МетроГипроТранс институты 1981 жылы дайындап бекіткен. Қaзipri уақытта бірінші болігі пайдалануға берілді, екінші көлік желісінің құрылысы жүргізілуде, оның құрылыстық ұзындығы 8, 3 км, пайдаланылатыны - 7, 67 км, станциялар саны - 7.

Метрополитен желілерін әдетте жер бетінен төменде орналастырады. Тоннелдердің жер астында орналасуының екі түрін -таяз және терең деп бөледі. Метрополитен тоннельдерінің орналасу тереңдігін қала жоспарына және құрылыс ғимараттарының, жерасты коммуникацияларының орналасу жағдайларына байланысты тағайындайды, сонымен қатар құрылыстың топографиялық және гидрогеологиялық жағдайлары да есептеледі.

Метрополитеннің таяз жерлерде салынатын желілері 7-6 м тереңдікте орналастырылады.

Таяз орналасқан метроның нысандары жолаушыларға ең ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етеді, пайдалану және экономикалық жағынан жақсы көрсеткіштерге ие. Таяз жүргізілетін нысандар қаланың жаңадан құрылыс жүргізіліп жатқан аудандарында ең тиімді болады, мұнда тоннелдердің желілері кең көше магистральдарының астына орналасады. Терең орналастырылатын метрополитен желілерінің жоларналарын қаладағы құрылыс ғимараттарының орналасуын есептемей-ақ станциялардың арасындағы ең қысқа бағыттармен жобалауға болады. Тоннельдердің орналасу тереңдігін нeгiзгі орнықты болғанша су өткізбейтін жыныстарда орналастыру шарттары бойынша анықтайды. Тоннелдердің төбесіндегі осындай жыныстардың қалыңдығы 4-5 метрден кем болмауы тиіc. Сонымен, терең салынатын тоннельдерді жер бетінен 30-50 м төмен орналастырады.

Тоннелдердің жоларнасының айналма иіндерінің жоспардағы радиустары метрополитен желілерінің пайдалану жағдайымен шектеледі. Мерополитеннің басты жолдарындағы ең аз радиусын 500 метрге тең деп қабылдайды, поездардың айналу иіндерінде біркелкі жүруін қамтамсыз етеді.

Метрополитен желілерінің профилін жоларнадан геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларына байланысты анықтайды. Жолдың өтпелі 6өлімшелерінің ұзына бойындағы еңкеюі 3%-ке тек деп қабылдайды, ең үлкен еңкеюі 4%.

Жер асты станцияларын әдетте жолдық еңкеюі 3%-тен көп емес тура бөлімдерінде орналастырады немесе көбінесе жазық алаңшаларда, ұзындығы отыратын платформаның ұзындығынан кем емес жоларнаның «өркешінде», ал өте сирек жағдайларда, станциялар жоларнасының «шұңқырында» орналасқанда отыру платформасының ұзындығы 20 м үлкейтіледі.

Метро станцияларын «өркеште» орналастыру орынды деп саналады, ceбeбi поездар станцияға жақындаған кезде көтеріліп, оның жылдамдығын басады, ал станциядан алға қарай жүрген кезде жылдамдықты тез жинайды.

1. 1Алматы метрополитені және ондағы заманауи құралдар мен технологиялар

Алматы метрополитені - Алматы қаласында салынып жатқан метрополитен жүйесі. Алғашқы бөлігінің ашылуы 2011 ж. Кейбір басылымдар бойынша 1 желтоқсан 2011 жылдан ерте емес. Заманауи технологияларды енгізу бойынша жоспарды жүзеге асыру үшін Алматы метрополитенін салу барысында «Herrenknecht AG» неміс компаниясының «Herrenknecht S-320» жоғары өндірісті тоннел қазушы кешені сатып алынған. Алматы метрополитені еліміз үшін стратегиялық маңызды нысан болып табылады. Жоба бойынша, метроның алғашқы кезегі Фурманов пен Райымбек даңғылының қиылысы мен Абай және Гагарин көшелерінің қиылысын жалғайды. Бұл жұмыстар ресейлік «Лайтон» ААҚ қоғамының еншісінде. Туннельдерде рельс салу, бейне-теле бақылау жұмыстары да ресейліктердің еншісінде Алматы метрополитені Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда екінші (Ташкент метрополитенінен кейін) және ТМД-дағы 17-ші метрополитен болмақшы. Алғашқы кезеңде вагондарды жөндеу мен техникалық тұрғыдан қызмет көрсету жұмыстары депода жүргізіледі. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға беріледі.

БАМ-нан 80 жылдардың соңында арнайы техника мен құралдар әкелінді, сонымен қатар, ылди (экскалаторлы) өткелдерді орнатуға арналған қазу кешендері әкелінді. «Бамтоннельстрой» ҚҚТБ «Като» экскаваторының негізінде құрастырылған кешеннің тоннелдік экскаватор және тоннелдік дуалды әрлеу жұмыстарын атқара алады және де тоннелдің бойымен басқа да қосымша жұмыстар жасауға мүмкіндік береді.

Замауни технологияларды енгізу бойынша жоспарды жүзеге асыру үшін Алматы метрополитенін салу барысында Herrenknecht AG неміс компаниясының Herrenknecht S-320 жоғары өндірісті тоннелқазушы кешені сатып алынған.

Herrenknecht AG компаниясының ТҚМК метрополитеннің өткелдік тоннелдің көлік құралдарының үзіліссіз жүруін қамтамасыз ететін және жоба талаптарына сай, тынымдылығы мен беріктігі жағынан және құрылымдарының ұзақ мерзімділігі бойынша, қала аумағын экологиялық тұрғыдан қорғау және апаттар болмауы жағынан сапасы сәйкес болатын.

Қолданыстағы тоннелдік өткелдерді қазу технологиясы заманауи компьютерлік навигациялау және басқару жүйелерімен қамтамасыз етілген, ол өз кезегінде қалқанды бейімі мен жоспары бойынша болар-болмас ауытқулармен жүргізуге мүмкіндік береді. Алматы метрополитені тоннелдерінің қабырғаларының жоғары сапалы әрленуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жер қойнауынан қазылып алынған топырақты тасымалдау үшін тоннелдік таспа конвейері қолданылады, ал оны жер бетіне шығару үшін экскалатор тоннелінде орнатылған арнайы көлбеу конвейер пайдаланылады

Бірінші кезек бекеттерін уақытында іске қосу үшін «Алматыметроқұрылыс» АҚ қызметкерлері құрылыстың заманауи құралдары мен жаңа технологиялар қолданды. «Жібек Жолы» бекетін салу барысында ТМД аумағында алғаш рет жаңаавстриялық тоннелді қазу әдісі қолданылды. Бұл әдіс тереңде орналасатын қалған төрт бекеттің де құрылысы барысында қолданылуда.

ЖАҚӘ технологиясы дәстүрлі құрылыс әдістерімен салыстырғанда тереңде орналасатын бекеттердің негізгі көтеруші құрылымдарын аса қысқа мерзімде тұрғызуға мундайда түпкі беттің шөгуі болар-болмас, сонымен бірге үңгішілер еңбегін барынша қауіпсіздендіруге және механикалындыруға мүмкіндік берді

Аталған технологияны қолдану нәтижесінде уақытша бекітіліндегі бекеттік тоннелдерді салу жылдамдығы айына 24 метрді құраса, қабырға бетінің әрлеу жұмыстары айына 30 метрлік қашықтықты қамтуға мүмкіндік береді.

Бекеттік тоннелдерді ЖАҚӘ әдісі бойынша салу үшін келесі құралдар қолданылады

1. Atlas Copco бұрғылау қондырғысы

2. MAI V400 NT ерітінді нассосы

3. Meyco Suprima торкреттеуге арналған қондырғы;

4. Liebherr тоннелдік экскаватор;

5. геотехника және геодезиялық бақылауға арналған құрал.

Алматы метрополитенінің қауіпсіздігі «ҒЗО» ҚҒЗИ ААҚ «Тоннелдер мен метрополитендер» (Мәскеу) сейсмикалық жағынан берік тоннелдік құрылымдардың қолданылуынан және бекеттік тоннелдерді салу барысында «Бетон унд Мониербау» (Австрия) фирмасының алдыңғы қатарлы әзірлемлерінің пайдаланылумен қамтамасыз етілген.

Алматы метрополитені - құрылыс барысында рельсті көлік қолданылмайтын аз ғана құрылыстардың бірі. Жер қыртысының топырақтарын шығару мен материалдарды тасымалдау өзі жүретін техниканың - КамАЗ, ТСШ-4Б кіші габаритті самосвалдармен, PAUS, ПД-2, ЛК-1жүк тасымал көліктерімен жасалады, барлық техника екі сатылы түтінді тазалау қондырғыларымен жабдықталған

Өткелді тоннелдердің құрылыс аумақтарында - Жароков көшесі мен Гагарин даңғылының қиылысында - қорғаныс экрандарын орнату үшін көшелерді қазбай, микротоннелдеу технологиясын қолдану туралы шешім қабылданған

Экранды қондыру үшін «Herrenknecht AG» кәсіпорнының AVN-600 кешені қолданылған.

Тоннельдің дөңес бөлігінде қорғаныс экрандарын Ø 820мм кәріздерден орнату жұмыстары жасалып, Жароков көшесінің астынан тоннел салынды. Гагарин даңғылының астында қорғаныс экрандарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде

1. 2 Метрополитеннің құрылыс жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік талаптар

«Метрополитендердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламенті «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі заңдарын іске асыру мақсатында әзірленген. Техникалық регламент метрополитендерді жобалауға, салуға, пайдалануға, консервациялауға қолданылады және мынадай:

  • Тау-кен қазбаларын консервациялау мен жоюдың;
  • Қолданыстағы метрополитеннің жол, станциялық шаруашылық, жылжымалы құрамын пайдалануды;
  • метрополитенді салу және пайдалану кезінде тіршілікті қамтамасыз етудің, знергиямен қамтамасыз етудің, желдетудің, су ағызудың, өрт қауіпсіздігінің, дауылмен байланыстың өндірістік үдерістерін орындау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

Жолаушылар мен қызмет көрсетуші персонал үшін кез келген бүркеме қауіптілікті қоса алғанда, қауіпті жағдайларды теңестіруді және қауіпті факторлардың әсер ететін болжалды қауіп-қатерін бағалауды жобалау және метрополитенді пайдалану кезінде қолданылатын жабдықты дайындаушылар өткізеді.

Метрополитен салуды жүзеге асыратын ұйымдардың тиісті лицензиялары, жобалау-техникалық құжаттамасы, жұмысты ұйымдастыру жобасы болады. Жобаларда өндірістік үдерістердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауа ортасының ластануын, сәулелену деңгейін, шу мен дірілді төмендету, микроклиматты бір қалыпқа келтіру, жұмыс орнын жарықтандыру, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі техникалық және санитарлық-гигиеналық іс-шаралар кешені әзірленеді.

Метрополитеннің жабдығы мен тетіктері санитарлық ережелерге сәйкес келеді және жұмысшыларға улы химиялық, физикалық және биологиялық әсер ету көздері болып табылмайды. Жер асты құрылыстарын салуда пайдаланатын жабдық, машиналар, тетіктер, аспаптар мен материалдар оларды пайдаланудың нақты жағдайларына сәйкес болады. Салынатын метрополитен обьектілеріне кәсіби авариялық құтқару қызметтері мен құрамалары қызмет көрсетеді. Обьектіде бірнеше ұйым жұмыс жүргізген кезде қауіпсіз жұмыс жүргізу және міндеттер мен жауапкершіліктерді шектеу бойынша бірлескен іс-шаралар әзірленеді.

Жер асты құрылыстарын салу кезінде қазбаға түскен және жер бетіне шыққан тұлғаларды есепке алу ұйымдастырылады. Есепке алуды ұйымдастыру үшін бас мердігер ұйымның басшысы жауапты болып табылады. Метрополитенді салуды жүзеге асыратын ұйымның өндірістік бақылау туралы әзірленген ережесі болады. Әрбір жер асты құрылысының обьектісі үшін аварияларды жою жоспары құрылады.

Жер асты жұмыстарымен айналысатын тұлғаларды авария туралы құлақтандыру үшін авариялық жеке құлақтандыру (жарық, дауыс зорайтқыш, сымсыз радиобайланыс) дабылы жабдықталады. Жер асты жұмыстарындағы жұмыс орны қалыпты желдетумен, жарықтандырумен, авария туралы құлақтандыру құралдарымен қамтамасыз етіледі, толық қауіпсіздік күйде ұсталады және жұмыс басталар алдында ұйымның бақылаушы тұлғасы тексереді.

Жай күйі адамдар үшін қауіп келтіретін немесе жұмысы тоқталған тау-кен қазбалары қоршалады, оларға өтетін барлық кіру жолдарына тиым салу белгілері ілінеді. Әрбір жұмыс орнына баратын қауіпсіз жолдар қамтамасыз етіледі. Жер асты қазбалары мен олардың тармақтары жарықтандырылған жер бетіне шығу бағытын көрсеткіштермен жабдықталады.

Автоматты және қашықтықтан басқарылатын машиналар мен тетіктерден басқа, жұмыс істейтін машиналар мен тетіктерді олар жұмыс істеп тұрған уақытта қараусыз қалдыруға болмайды.

Метрополитеннің құрылыс алаңын ұйымдастыру жұмысшылар еңбегі мен адамдардың кез келген жқмыс түрлерін орындаудың барлық деңгейінде өту қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Құрылыс алаңының аумағы саланынп жатқан жер асты құрылыстарынан атмосфералық және техникалық суларды шығаруға арналған құрылғылар мен жоспарланады және жабдықталады.

Тау кен машиналарын жөндеу жоспарлы алдын ала жөндеу кестесінде қарастырылған мерзімде жүргізіледі. Негізгі жабдықты жөндеудің барлық түрлеріне технологиялық регламенттер құрылады. Жарылыс жұмыстарын жүргізу, жарылғыш материалдарды сақтау, тасмалдау және есепке алу жарылыс жұмыстары кезіндегі өнер кәсіптік қауіпсіздік ережелері нормаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Кен соққыларына беиімді массивтерде жұмыс жүргізу кезінде жұмыс уакілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүргізіледі. Қолданыстағы электр беру, темір жол және автомобиль жолдары, мұнайгаз өнімі құбырлары, жер асты комуникациялары желілерінің күзету аймағындағы жұмыстар осы комуникацияларды пайдаланатын ұйымның жазбаша рұқсаты мен рұқсат нарияды болған жағдайда жобаға сәйкес орындалады.

Жер бетіндегі қауіпті аймақ шектерінде және қарқынды көлік қозғалысы орындарында, тиеу түсіру жұмыстарын жүргізу, материалдарды, құрылымдарды жинау орындарында, жоғары вольтты электр беру желілерінің аймағында негізгі геодезиялық желі бекетін салуға жол берілмейді. Кабельдердің, газ өткізгіштер мен басқада жер асты комуникацияларының жанына геодезиялық белгілерді орнату комуникациялар иесі-ұйымы өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Жер асты құрылыстарын салушы ұйымдардың өз құрамында мынадай:

  • Тау жыныстары мен жер бетінің сырғуын, қазбалардың, жер бетіндегі ғимараттар мен құрылыстардың өзгеруін аспап арқылы бақылауды;
  • Қауіпті жер асты жұмыстарын жүргізу шектерін жер бетіне шығаруды;
  • Жер асты жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді, ғимараттар мен құрылыстарды осы жұмыстардың әсерлерінен қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралардың орындауын бақылауды;
  • Қауіпті аймаққа дейін 20м бұрын оған жақындағаны туралы, белгіленген шекаралардан өту және олардан шығу туралы дер кезінде хабарландыруды қамтамасыз ететін маркшейдерлік қызметтері болады.

5 баллдан жоғары жер сілкінісінен кейін тау-кен қазбаларының, бекіткіштердің, комуникациялардың, шахта үстіндегі ғимараттардың жай-күйін тексергеннен және нәтижелерін акті мен рәсімдегенннен кейін жұмысты қайта қалпына келтіруге болады. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде ұйым басшылығы персоналдың табиғи сәулелену көздерінен радияциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауға міндетті. Персоналды сәулемен емдеудің болжалды мөлшері, радиациялық бақылау көлемімен мерзімділігі, сондай-ақ радиациялық қорғау шаралары жобалық құжаттамамен анықталады.

1. 2. 1 Жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары

Жобалау кезінде ұқсас объектілердегі авариялықтың статистикалық деректерін, құрылыс салу мен пайдаланудың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, авариялар, тоқтап қалулар, сыртқы әсерлер, персоналдың болжалды қателіктері кезіндегі барлық ықтимал қауіптіліктер теңестірілуі қажет.

Барлық теңестірілген қауіптіліктер үшін есептеу, экспериментті немесе талдау әдістермен қауіп-қатерді бағалау жүргізіледі.

Жүргізілген қауіп-қатерді бағалауды ескере отырып, метрополитенді пайдалану кезінде қауіп-қатерді жою немесе оны шекті деңгейге дейін төмендету үшін шаралар кешені анықталады. Шекті қауіп-қатерлерді анықтау кезінде жобалау ұйымы мыналарды:

  • Метрополитеннің ерекшелігін;
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын ;
  • Сыртқы табиғи әсерлерді;
  • Метрополитендердің пайдалану қасиеттерін;
  • Персоналдың теріс әрекеттерін;
  • Құрылыс салу, қайта жаңарту, консервациялау және тарату кезіндегі қоршаған ортаның ластануының ықтимал салдарының әсерлерін құнарлы топырақ қабатының, өсімдік жабынының бұзылуын;
  • Аварияның зақымдаушы қауіп-қатерлерін және аварияларды шектеу және оның салдарларын жою кезінде құнарлы топырақ қабатының, жабынының бұзылуын ескереді.

Қауіп-қатерді шекті деңгейден төмендету мүмкін болмаған кезде жобада адамның өмірі мен денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар жүйесі қарастырылады. Метрополитенді Рихтер шкаласы бойынша 7 баллдан астам аудандарда жобалау кезінде ғимараттардың, құрылыстар мен жер асты қазбаларының сейсмикалық тұрақтығы бойынша қосымша шаралар қарастырылуы қажет.

1. 2. 2. Жобалау-техникалық құжаттамасына қойылатын талаптар

Метрополитенді жобалау екі сатымен жүргізіледі: желі жобасы әзірленеді және бекітіледі; бекітілген жобаның негізінде жұмыс құжаттамасы әзірленеді. Метрополитен желісінің жобасында оны салу мен пайдалануға қатысты барлық мәселелердің шешімдері беріледі:

- техникалық-экономикалық мақсатқа сәйкестігі және құрылыстың қажеттілігі;

- желі трассасы, оның жоспары мен кескіні, тоннелдердің габариттері;

- құрылыстың инженерлік-геологиялық шарттары;

- станциялар мен бір орыннан келесісіне отырғызу тораптарының орналасу орны;

- тоннелдік құрылыстардың құрылымдары, жол және байланыстырушы рельстің құрылымы, қолданылатын электр жабдығының, байланыс, автоматика және телемеханика құрылғылары, желдеткіш және сантехника;

- құрылысты ұйымдастыру, жұмысты жүргізу кестелері, құрылыстың сметалық құны мен техникалық-экономикалық көрсеткіштері.

Техникалық жобаға түсіндірме жазбада қабылданған техникалық шешімдердің негіздемесімен жобаның барлық бөлімдері бойынша қысқаша мәліметтер және негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер - трассаның ұзақтығы, станциялардың саны, пойыздардың қозғалыс жиілігі, 1 км желінің сметалық құны келтіріледі. Жиынтық сметасы бар метрополитен желісінің бекітілген жобасы құрылысты қаржыландыру, жабдықтар мен тетіктерге тапсырыс беру және жұмыс құжаттамасын әзірлеу үшін негіздеме болып табылады. Жұмыс құжаттамасын жобалау ұйымы бекітілген жобамен тапсырыс берілген жабдық бойынша тапсырыс беруші беретін тезникалық деректер негізінде әзірлейді.

Метрополитердерді салу жобасы құрылысты тұрғызу үшін техникалық-экономикалық негіздемелерді; құрылыстың құнын анықтау үшін түсіндірме жазбалары бар инженерлік есептерді құрылысы және технологиялық сұлбаларды және өзге де материалдарды қамтиды.

1. 2. 3 Метрополитендер желілерінің трассаларына қойылатын талаптар

Метрополитен желісі барлық қалалық көлікті дамыта отырып, байланыста әзірленген қала метрополитенінің желісін дамытудың бас сызбасы негізінде жобаланады. Метрополитеннің жобаланатын желісі бас сызбасына сәйкес станциялардың, депоның бағытын, ұзақтығын, күні мен орналасу орнын белгілейді. Трасса екі: көлденең және тік проекциямен анықталады.

Метрополитеннің трассасын жобалау кезінде құрылыс жағдайларын, желілерді төсеу треңдігін, сәулет және тарихи ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз етуді станциялар мен бір орнынан екіншісіне ауыстыру тораптарының орналасу орнын анықтайды. Жоспарда және кескінде трассаларды жобалау жер бедерін, метро мен қала құрылысының болашақ желісі құрылысының инженерлік-геология шарттарын ескере отырып жүргізіледі. Ұсақ төсемді метрополитен желілерін жобалау кезінде трасса қаланың жалпы көше магистралдарында немесе құрылысы аз аймақтарында орналастырылады. Метрополитен станциялары трассаның тікелей учаскелеріндегі жоспарда, ал станциядан кететін пойыздың екпінінің жеңілдету және оғанк келген пойыздың жүрісін бәсеңдету үшін кескінде кескіннің жоғарғы жерінде орналасады.

1. 2. 4. Тоннелдердің габариттеріне қойылатын талаптар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршілік қауіпсіздігі сабағындағы ақпараттық технологиялар
Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны
Еңбек жағдайларының кестесін толтыру
КӘСІПОРЫННЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігі бойынша аттестаттау картасын ресімдеу
Заманауи оқыту технологияларының түрлері
Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Еңбекті қорғау саласының мақсаты, міндеті және қағидалары
Еңбекті қорғаудың түсінігі және пәннің мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz