Әкімшілік құқық бұзушылық – әкімшілік жауаптылық негізі: ұғымы, ерекшеліктері



Кіріспе

1. Әкімшілік құқық бұзушылық . әкімшілік жауаптылық негізі: ұғымы, ерекшеліктері

2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері

3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің жалпы сипаттамасы

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі
Әкімшілік құқық бұзушылық(теріс қылық) – әкімшілік жауаптылық негізі ретінде ұғымы, ерекшеліктері Оның құрамы (объекті,объективтік жағы,субъекті,субъективті жағы).
Әкімшілік жауаптылықтың қылмыстық, азаматтық құқықтық және тәртіптік жауаптылықтан айырмашылығы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:құқыққа қайшылығы,кінәлілігі, көп тарағандығы,жазаланатындығы,қоғамға қауіптілігі.
Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік құқықтық нормаларды бұзғандығы
үшін әкімшілік жауаптылық пен жазаға тартылатын заңға қайшы, қоғамға қауіпті, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.
Әрекет дегеніміз – белсенді түрде заң талаптарын, міндеттерін орындамау және тиым салынған әрекеттерді жасау. Әрекетсіздік дегеніміз - өзіне жүктелген міндеттерді орындамау (енжар түрде).
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың фактілік негізі болып есептеледі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:
1) құқыққа қайшылығы.
2) кінәлілігі.
3) көп тарағандығы.
4) жазаланатындығы.
5) қоғамға қауіптілігі.
Құқыққа қайшылығы – құқық нормаларын бұзатын әрекетті жасаудан тұрады. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтың ғана емес, басқа да құқық салаларының нормаларын бұзады. Мысалы: еңбектік, азаматтық, қаржылық құқық нормалары.
Кез-келген әрекеттің кінәлілігі, оның қасақана немесе абайсызда жасалғандығын білдіреді. Кінәнің болуы - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгісі.
Әрекеттің көп тарағандығы қоғамдық қатынастарға зардап келтіру қаупін туғызатын болса, заң шығарушы бұл қатынастарды қорғауға алады және оны бұзғаны үшін жауаптылық тағайындайды.
Әкімшілік жазаланатындығы - әкімшілік құқық бұзушылық деп – тек қана әкімшілік заңмен жауаптылық көзделген әрекет ғана есептелетінін білдіреді. Қылмыс сияқты әкімшілік құқық бұзушылықта қоғамға қауіпті. Ол қауіптілік деңгейі бойынша ажыратылады. Көбінше қылмыс та, әкімшілік құқық бұзушылық та бір объектіге қол сұғады. Көптеген біртектес әкімшілік құқық бұзушылықтар бірнеше рет жасалған жағдайда қылмыс деп есептеледі. Сонымен қатар қылмыс ретінде де әкімшілік құқық бұзушылық ретінде де сараланатын құқық бұзушылықтар бар. Мысалы: бұзақылық, жол (жүру) әрекеті ережесін бұзу
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы дегеніміз – қоғамға қауіпті әрекеті үшін әкімшілік жауаптылыққа тартуға толық негіз беретін белгілердің жиынтығы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы мына 4 элементтен тұрады:
1) Объект;
2) Объективтік жағы;
3) Субъект;
4) Субъективтік жағы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ PHD ДОКТОРАНТУРА ИНСТИТУТЫ

ҚҰҚЫҚТАНУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Әкімшілік құқық бұзушылық - әкімшілік жауаптылық негізі: ұғымы, ерекшеліктері

Орындаған: Садыкова Т.Е.,6МО30100
құқықтану мамандығының
1-курс магистранты
Тексерген: з.ғ.к., доц. Тайторина Б.А.

Алматы, 2012
ЖОСПАР

Кіріспе

1. Әкімшілік құқық бұзушылық - әкімшілік жауаптылық негізі: ұғымы, ерекшеліктері

2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері

3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің жалпы сипаттамасы

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі

1. Әкімшілік құқық бұзушылық - әкімшілік жауаптылық негізі: ұғымы, ерекшеліктері

Әкімшілік құқық бұзушылық(теріс қылық) - әкімшілік жауаптылық негізі ретінде ұғымы, ерекшеліктері Оның құрамы (объекті,объективтік жағы,субъекті,субъективті жағы).
Әкімшілік жауаптылықтың қылмыстық, азаматтық құқықтық және тәртіптік жауаптылықтан айырмашылығы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:құқыққа қайшылығы,кінәлілігі, көп тарағандығы,жазаланатындығы,қоғамға қауіптілігі.
Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз - жалпыға міндетті әкімшілік құқықтық нормаларды бұзғандығы
үшін әкімшілік жауаптылық пен жазаға тартылатын заңға қайшы, қоғамға қауіпті, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.
Әрекет дегеніміз - белсенді түрде заң талаптарын, міндеттерін орындамау және тиым салынған әрекеттерді жасау. Әрекетсіздік дегеніміз - өзіне жүктелген міндеттерді орындамау (енжар түрде).
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың фактілік негізі болып есептеледі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:
1) құқыққа қайшылығы.
2) кінәлілігі.
3) көп тарағандығы.
4) жазаланатындығы.
5) қоғамға қауіптілігі.
Құқыққа қайшылығы - құқық нормаларын бұзатын әрекетті жасаудан тұрады. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтың ғана емес, басқа да құқық салаларының нормаларын бұзады. Мысалы: еңбектік, азаматтық, қаржылық құқық нормалары.
Кез-келген әрекеттің кінәлілігі, оның қасақана немесе абайсызда жасалғандығын білдіреді. Кінәнің болуы - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгісі.
Әрекеттің көп тарағандығы қоғамдық қатынастарға зардап келтіру қаупін туғызатын болса, заң шығарушы бұл қатынастарды қорғауға алады және оны бұзғаны үшін жауаптылық тағайындайды.
Әкімшілік жазаланатындығы - әкімшілік құқық бұзушылық деп - тек қана әкімшілік заңмен жауаптылық көзделген әрекет ғана есептелетінін білдіреді. Қылмыс сияқты әкімшілік құқық бұзушылықта қоғамға қауіпті. Ол қауіптілік деңгейі бойынша ажыратылады. Көбінше қылмыс та, әкімшілік құқық бұзушылық та бір объектіге қол сұғады. Көптеген біртектес әкімшілік құқық бұзушылықтар бірнеше рет жасалған жағдайда қылмыс деп есептеледі. Сонымен қатар қылмыс ретінде де әкімшілік құқық бұзушылық ретінде де сараланатын құқық бұзушылықтар бар. Мысалы: бұзақылық, жол (жүру) әрекеті ережесін бұзу
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы дегеніміз - қоғамға қауіпті әрекеті үшін әкімшілік жауаптылыққа тартуға толық негіз беретін белгілердің жиынтығы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы мына 4 элементтен тұрады:
1) Объект;
2) Объективтік жағы;
3) Субъект;
4) Субъективтік жағы.
Әкімшілік құқық бұзушылық объектісі - әкімшілік құқықпен қорғалатын және реттелетін қоғамдық қатынастар. Объект - жалпы, тікелей(түрлік) болып бөлінеді.
Жалпы объект мемлекеттік басқару аясында пайда болатын және әкімшілік, бірқатар жағдайларда конституциялық, экологиялық, кеден, еңбек, жер, қаржылық және өзге де құқық салаларының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар болып табылады. Объектіге жеке адам, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық қауіпсіздік, меншік, мемлекеттік және қоғамдық тәртіп, экономика аясындағы қатынастар, басқарудың белгіленген тәртібі жатады.
Тікелей объект бұл әрбір нақты теріс қылықтың қол сұғатын құндылығы, игілігі. Мысалы: ар намыс, азаматтың абыройы, қоғамдық өнеге ұсақ бұзақылықтың тікелей объектісі болып табылады. Азаматтардың тыныштығы түнгі уақытта айқай шу болған кезде тікелей объект болып табылады.
Объективтік жағы - әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы жағын сипаттайды. Объективтік жағы әрекет не әрекетсіздіктен, нәтижеден және олардың арасындағы себепті байланыстан көрініс табады. Сонымен қатар, құқыққа қарсы қол сұғушылық қайталанушылық, созылып кету сияқты белгілермен ле сипатталады. Мысалы, 330 бап - ұсақ бұзақылық қоғамдық орындарда балағат сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиісу, тұрғын жайларды немесе ортақ пайдалану орындарын қорлау, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу, айналасындағыларды сыйламаушылық, арнайы қызметтерді (полиция, медициналық жедел жәрдем, өрт сөндірушілер, авариялық қызметтерді) көрінеу жалған шақыру сияқты әрекеттерден көрініс табады.
Субъектісі - әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бұлардан басқа арнайы субъектілер - яғни, лауазымды тұлғалар, әскери қызметшілер, шетел азаматтары да болуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективтік жағы - қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Құқық бұзушы қасақана іс әрекет жасай отырып, өзінің іс әрекетінің не әрекетсіздігінің құқыққа қарсы сипатын сезінеді, оның залалды салдарын алдын ала біледі және осы салдардың туындауын қалайды (тікелей қасақаналық). Ал жанама қасақаналықта құқық бұзушы өзінің іс әрекетінің құқыққа қайшылығын сезінеді және оған саналы түрде жол береді немесе оған немқұрайдылықпен қарайды.
Әкімшілік теріс қылық абайсызда істелуі де мүмкін. Абайсыздық менмендік және немқұрайдылық болып екіге бөлінеді. Менмендікте құқық бұзушы құқыққа қарсы зиянды салдар тууы мүмін екенін алдын ала біледі, бірақ оны болдырмаймын деп өз күшін негізсіз тым артық бағалайды. Мысалы бағдаршамның қызыл түсі жанған кезде жүргізуші қатты келе жатқандықтан тоқтай алмай қалады да, жол ережесін бұзады. Менмендікте кінәлі адам өзінің іс әрекетінің зиянды салдары болады деп ойламайды, ол өзінің біліміне, тәжірибесіне, күшіне сене отырып, жағымсыз салдарларды жеңемін деп ойлайды. Немқұрайдылық құқыққа қарсы салдардың мүмкін болатынын алдын ала білмеу, бірақ тиісті назар аударған жағдайда олардың алдын алуға тиіс және мүмкін болуы. Мысалы механик машинаның жөндеу сапасын тексермей оны жолға шығаруға өкім береді, жол үстінде автоинспектор одан айтарлықтай техникалық кемістік табады. Бұл механиктің немқұрайдылығын не салақтығын көрсетеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы толық болғанда ғана, оны жасаған адам әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босату негіздері көрсетілген. Бұл негіздерге - құқық бұзушының жеке тұлғасы, құқық бұзушылықтың сипаты мысал бола алады.
Мұнда жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар, құқық бұзушылық кінәсінің деңгейі, оның мүліктік жағдайы, шын жүректен өкінуі, зиянды зардаптарын жоюы және тағы басқа ескеріледі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері құқық бұзушылықтың біртектес объектісіне және теріс қылықтың салалық бағытына байланысты топтастырылады. ӘҚБтКодексінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың барлық түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
- Жеке адамның құқықтарына қол (80 - 97 баптар)
сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- Азаматтардың сайлау құқықтарына (98 - 110 баптар)
қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- Кәмелетке толмағандардың құқығына қол (111 - 117 баптар)
- Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық (118 - 136 баптар)
- Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық (137 - 158 баптар)
- Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық (159 - 204 баптар)
- Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық (205 - 219 баптар)
- Өнеркәсіп, жылу, электр энергиясын пайдалану (220 - 230 баптар)
саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы (231 - 239 баптар)
әкімшілік құқық бұзушылық
- Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды (240 - 306 баптар)
пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- Карантиндік ережелер мен мал дәрігерлік (307 - 311 баптар)
қадағалауда әкімшілік құқық бұзушылық
- Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың (312 - 329 баптар)
денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- Білім беру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
- Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа (330 - 341 баптар)
қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- Баспасөз және ақпарат саласындағы (342 - 352 баптар)
әкімшілік құқық бұзушылық
- Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын (353 - 388 баптар)
әкімшілік құқық бұзушылық
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы (389 - 399 баптар)
режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол
сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- Кеден істері саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық (400 - 438 баптар)
- Көлікте, жол шаруашылығында және (439 - 502 баптар)
байланыста әкімшілік құқық бұзушылық
- Жалпыға бiрдей әскери міндеттілік, әскери (503 - 512 баптар)
қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- Мемлекеттік билік институттарына қол (513 - 531 баптар)
сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
- Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық (532 - 537 баптар)
Сонымен,әкiмшiлiк құқық бұзушылық жеке адамның әкiмшiлiк жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасалған) iс-әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы iс-әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.
Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану заңды тұлғаны осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты заңды тұлғаның әкiмшiлiк жауапқа тартылуы да кiнәлi жеке адамды осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды.
ӘҚБтКодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның залалды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиiстi назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.

2. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері деп ҚР заңдарына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға қатысушы тұлғаларды айтамыз. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері жеке және ұжымдық субъектілер болып екіге бөлінеді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың жеке субъектілеріне - ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, лауазымды тұлғалар жатады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұжымдық субъектілеріне - ҚР Үкіметі, Министрліктер, агенттіктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, қоғамдық және діни бірлестіктер кәсіпорындар және коммерциялық емес ұйымдар жатады.
Жеке субъектілерді қарастыру ең алдымен азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесінен басталады. Сондықтан азамат деген түсінікті анықтап алу қажет. Азаматтық дегеніміз - адамның адамгершілігін, негізгі құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделген олардың өзара байланысты құқықтарының, міндеттері мен жауапкершілігінің жиынтығынан көрініс табатын адамның мемлекетпен тұрақты түрдегі саяси құқықтық байланысы. Азаматтық белгісі бойынша жеке тұлғалар бірнеше топқа жіктеледі: ҚР азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, қос азаматтығы бар адамдар. Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі дегеніміз - азаматтардың әкімшілік құқық нормаларымен бекітілген субъективтік құқықтарының, заңды міндеттерінің және жауаптылығының жиынтығы.
Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі азаматтардың әкімшілік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінен, олардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен міндеттерінен тұрады. Құқық қабілеттілігі азаматтардың әкімшілік құқықтық қатынастарға түсуге мемлекет белгілеген және қорғайтын мүмкіндігі.
Азаматтардың әкімшілік әрекет қабілеттілігі - азаматтың құқығымен берілген өзінің іс-әрекетін жүзеге асыруға, өзінің жүріс-тұрысына заңды жауапты болуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және оның ерекшеліктері
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін тағайындалатын жауаптылық
Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері
Әкімшілік жауаптылықтан босату институтындағы құқықтық қатынасты ізгілендіру мәселесі
Әкімшілік құқық бұзушылықтар
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы және белгілері
Әкімшілік жазалардың түрлері
Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Пәндер