Ауыз су. дистильденген су


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ХХ ғасыр өнеркәсіптің қарқынды дамуымен және халық санының өсуімен сипатталса, ХХІ ғасырдың басында қоршаған ортаны ластайтын өнеркәсіптің кейбір салалары таза суға, өсімдіктерге және т. б. зиянын тигізе отырып, жылдамдықпен дами бастады. Адамзаттың бүгінгі іс әрекеті, күнделікті тіршілік жерге, ауаға, суға орны толмас жарақаттар салды. Және адамның табиғатқа тоқтаусыз әсер етуі оның өзінің өміріне қауіп төндіреді. Осы тұста бабаларымыз «Су тіршілік көзі» деп бекер айтапаған. Өйткені адам баласының күнделікті тіршілігін сусыз елестету мүмкін емес.

Су- тіршілік көзі. Су аса бағалы табиғи ресурс, біз тыныс алатын ауамен байланысы бар, адамзаттың дамуында маңызды роль атқарады, себебі сусыз өмір сүру мүмкін емес екендігі белгілі. Адам денесі 70%-тен жоғары судан тұрады, ол ешқандай затпен алмастырылмайды. Су- табиғи зат, жер беті температурасында үш түрлі физикалық күйде келеді. Ол қатты зат түрінде (мұз), сұйық және газ түрінде кездеседі. Судың сапасына байланысты көптеген анықтамалар бар, соның ішінде үш негізгі кеңінен қолданылатыны:

Ауыз су - Ұлттық біріншілік стандартқа сай болу керек, оны Америкалық қоршаған ортаны қорғау агентствасы (National Primary Drinking Water Standards US EPA) . Оның құрамында патогенді бактериялар мен улы химикаттар кездеспейді.

Дистильденген су-бір немесе бірнеше конденсация және буланудың циклдарының нәтижесінде алынады.

Тазартылған су- АҚШ-тың Фармакологиясы бекіткен тазалық стандартына сәйкес келу керек.

Тұрмыста суды көптеген тамақ өнеркәсібінде, сусындар жасауда, сонымен қатар гигиенада: шомылу, жуу, ыдыс-аяқ жууда т. б кеңінен қолданады. Қоғамдық мақсатта және өндірістік жағдайларда қолданады.

Енді судың ластануына келетін болсақ, жаңбыр суы- ол атмосфера арқылы өтіп оттегі, азот, көмірқышқыл газын өзінде ерітеді. Ол сонымен қатар шаңмен, түтінмен және т. б ластанады, олар суда ерітінді күйінде болады. Бұған сонымен қатар бактериялар мен микроскопиялық организмдердің споралары түсуі мүмкін.

Ауыз су - органолептикалық қасиеттері ( иісі, дәмі, мөлдірлігі , т. б. ) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Олардың негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек ; түсі 200-тан төмен, мөлдірлігі 30 см-ден артық; лайлығы 2 мг/л-ден аз, кермектілігі 7 - 100 ммоль болуы керек . Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магний тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Фтордың ауыз судағы мөлшері 0, 7 - 1, 5 мг/л -ден төмен болуы - флюороз және кариес, темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі - анемия, бордың аз болуы асқазан, никельдің кем болуы - көз ауруларына шалдықтырады. Ауыз судың температурасы 8 - 15 0 С аралығында, минералдығы 1 г/л-ге дейін болуы тиіс. Ауыз суға сондай-ақ нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1 л судағы ішек таяқшаларының саны ( коли-индекс ) бойынша т. б. талаптар қойылады. Ағын сулар, көлдер мен бөгендердің ластануына, олардың табиғи гидрологиялық және гидрохимиялық режимдерінің антропогендік өзгеруіне байланысты Қазақстанның көптеген өлкелерінің (Арал өңірі, Батыс, Орталық Қазақстан) тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өткір қойылып отыр.

Ауыз судың стандарты.

Ауыз судың нормативтерін Батыс Европа мен АҚШ, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен отандық стандарт мәліметтері негізінде таблица арқылы көрсетті. Ол «ауыз су» терминін анықтайды, қандай компоненттер суда кездесетін және қандай мөлшерде болу керек екендігін көрсетеді. ЗЗД (ПДК) - зияны заттар дозасы (доза вредного вещества), сумен бірге өміріннің соңына дейін пайдаланатындар. Ауыз судың параметрлерін 3 топқа бөлеміз: органолептикалық құрылысы, бактериалды және санитарлы- химиялық ластануды көрсетеді. Органолептика- бұл иістің, дәмнің, түстің және мөлдірліктің белгісін көрсететін баға. ЗЗД бактериалдық ластану кезінде қарапайым көрінеді, ЕС, СШ және ВОЗ нормативтері бойынша анықталады. Ресейлік стандарт бойынша бір куб сантиметрге жүзден аса микроорганизмдер және бір литр суда бактерия типінің ішек таяқшаларын көрсетеді. Сонымен жоғары сапалы ауыз су: бұл су органолептикалық көрсеткіштерге мөлдірлік, иіссіз, жағымды дәмге сай келеді. рН= 7-7, 5. Бұнда ауру туғызатын бактериялар мен вирустар жоқ.

Ауыз судың негізгі сапасын көрсетеін көрсеткіштер:

  • органолептикалық;
  • химиялық;
  • бактериалдық, вирусологиялық, паразитарлық;
  • радиологиялық.

Дистильденген су - айдау арқылы тазартылған су, ол кұрамы бойынша жаңбыр суына жақын болады. Дистильденген су арнайы зерттеу жұмыстарында, дәрі-дәрмек өндірісінде және автокөліктердің аккумуляторларына электролиттер дайындауда қолданылады. Өмір бойына ластанған суға тап болған адам оны ішу үшін суды қандай тәсілмен сүзу керек екендігін ойластыра бастады. Бұдан шығу жолын судың өзі көрсетті. Судың жоғары температура кезінде буға айналу қасиеті бар. Осындай тәсілмен судың құрамында бар көптеген өзге бөлшектерден бөлу шешілді. Бұндай суды тазалау үрдісі дистиляция, ал құралдың өзі дистилятор деп аталды. Тазартылған су толық сүзілген сұйықтық болып саналады. Бұнда қоспалардың, тұздар мен қатты бөлшектердің ең аз мөлшері ғана бар. Дегенмен тазартылған суда қосымша құрауыштар толық жоқ деп айтуға болмайды. Судың өзге құрауыштармен тез өзара қарым-қатынасқа түсу қасиеті бар. Ал бұл суды дистиллятор арқылы айдағанда, осы металдар атомы ең кішкентай мөлшерде суға түсуі мүмкін. Дегенмен бұл судың таза болуына кедергі келтірмейді. Су жүз пайыз ешқандай қоспасыз болуы үшін суды деиондайтын арнайы қондырғылар пайдаланылады. Сондай-ақ өте таза суды дистиллятордан бірнеше рет өткізу арқылы да алуға болады. Солайша бидистиллят алынады. Әдеттегідей, өнеркәсіпке немесе медицинаға алады. Осылай тазартылған су негізінде кейбір дәрілер жасалады. Ал кішкентай электр өткізу қабілетінің арқасында дистиденген су өндірісте таптырмайтын зат. Дистелденген суды адам үшін тұрақты түрде қолдануға қатысты әр жақты пікірлер бар. Көптеген адамдар дистилденген су адам ағзасы үшін пайдалы емес, өйткені ол пайдалы құрауыштардан толық тазартылған деген пікірде. Дистилденген су ағзадан минералдық құрауыштар мен витаминдерді алып шыққандықтан денсаулыққа зиян келтіретіндігін куәландыру да жүргізілген. Дегенмен бұл ұйғарымдары даулауға және дистилденген суды қорғауға дайын адамдар да бар. Өйткені дистилденген судың зияндылығы туралы еш жерде ғылыми дәлелденген жоқ. Шындығында да ол өз құрамы бойынша ерекшеленеді, бірақ қарапайым сумен де минерал тапшылығын толықтыру қиын. Ал дистилденген су ең болмағанда ауру қоздырғыш бактериялардан сақтай алады.

Дистильденген су - тазартылған су, арнайы дистиллятор аппаратынан алынған. Дстелденген судың электрөткізгіштігі 5мкОм/см-дан төмен емес. Егерде бұдан да таз суды пайдаланатын болса, онда деионизироваланған суды қолданады. Оның электрөткізгіштігі 0, 05 мкОм/см. Дистелденген суды электролит тығыздығының корректировкасында, аккумулятор эксплуатациясының қауіпсіздігінде, салқындату жүйелерінің қондырғыларына т. б қолданады.

Дистильденген суға қойылатын талаптар: рН 5, 4-6, 6, ρ \rho при 20 °С не менее 2. 10 5 Ом. м (ГОСТ 6709-72) қажетті мөлшерде көрсетілгендер кесте.

061_080-82.jpg

Дистильденген су - бұл таза су. Медицинада немесе зерттеу жұмыстарында қолданылады. Дистильденген су - ол өте таза келген, минералды тұздар мен артық заттардан тазартылған су. Дистильденген суды көбінесе емдеу- сауықтыру орталықтарында, ағзадан әртүрлі шлактарды шығару кезінде қолданады.

Төменгі минерализацияланған ауыз суды қолданған кезде ағзада тұздардың өзгерісі болады. Ағзадағы су-тұз балансының өзгерісі деминерализацияланған суды қолданған кезде ғана өзгермейді, сонымен қатар 50 ден 75мг/л суды минерализацияланған кезде де өзгереді. Сондықтан 1980 жылы отчет дайындаған зерттеуші топтар тамақ мақсатында минерализациясы 100мг/л-ден төмен емес суды қолдануды ұсынды. Сонымен қатар зерттеушілер мынандай қорытынды шығарды: хлорид-сульфатты судың жоғары (максимальды) минерализациясы 200-400мг/л, ал гидрокарбонатты су 250-500мг/л құрайды. Егеуқұйрық, иттер мен адамдар қатысқан экспериментальды зерттеулер нәтижесінде мәліметтер алынған. Москва қаласының суканалдарынан деминерализоваланған және минерализоваланған 10мг/л-ге жуық және лабораторияда дайындалған (минерализация 50, 100, 250, 300, 500, 750, 1000 және 1500мг/л ) мынандай иондардың қолданылуымен Cl - (40%), HCO 3 - (32%), SO 4 2- (28%), Na + (50%), Ca 2+ (38%), Mg 2+ (12%) үлгілер алынды.

Көптеген көрсеткіштер зерттелді: дене массасының динамикасы, негізгі метаболизм және азот метаболизмі, ферменттік активтілік, су-тұз алмасуы және оның айналым функциясы, ұлпалармен ағза сұйықтығындағы минеральды заттардың мөлшері, антидиуретикалық гормонның активтілігі. Минералды тұздардың жоғары мөлшері кезінде егеуқұйрықта да, итте те, адамда да ешқандай да негативті өзгеріс болмады, бұндай су жоғары органолептикалық көрсеткіштерге ие, шөлдеуді жақсы басады, корризионды активтілігі жоғары емес. Сонымен қатар судың оптимальды минерализациясымен қатар кальцийдің мөлшерімен де көрсетілді. Кальцийдің төмен концентрациясы кезінде кальций мен фосфор айналымы бұзылады және сүйек ұлпасында минералдардың төмендеуі байқалады. Сонымен қатар, суда кальцийдің концентрациясы мөлшері 30мг/л-ге жетсе, оның коррозиондық активтілігі төмендейді және су стабильді күйде болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суды зерттеу
Судың физика-химиялық қасиеттерін анықтау
Тұщы судың қасиеттері мен экологиялық жағдайы
Ауыз суды және тазартылған сарқынды суларды зарарсыздандыру
Жер асты сулары
Су құрамы
Суды тазарту жолдары
Жер үсті суларының негізгі ластану көздері және ластаушы заттардың түрлері
Табиғи орта жағдайын бақылау - студенттер үшін зертханалық практикум
Балалар тіс пасталары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz