Қазгидромет



Қазгидромет - Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы – орталық басқару мекемесі. Ол гидрометеорология және экологиялық мониторинг, сондай-ақ су қорының мемлекеттік есебін және су кадастрын жүргізетін респуббликалық мемлекеттік кәсіпорнын біріктіреді. Қазақстанда алғашқы аспаптық метеорология бақылаулар 1848 жылы Қазалыда, 1854 жылы Семейде, 1856 жылы Ырғыз бен Қызылордада жүргізіле бастады. Гидрология бақылаулар алғаш рет (1890) Ертіс өзенінде басталды. 1917 жылы Қазақстан аумағында 94 метеорологиялық станция мен 49 бекет, 123 гидрометеорология бақылау пункттері жұмыс істеді. 1922 жылдың 23 қаңтарында Бас физика обсерваториясының Орынбор облысы метеорология бюросы құрылған. Ол 1925 жылы Қазақстанның Орталық метеорология бюросы болып, ал 1931 жылы Қазақ гидрометеорология болып қайта құрылды. Оның негізінде 1933 жылдың мамыр айында Қазақ гидрометеорология қызметінің біртұтас басқармасы құрылды. Оның бірінші басшысы Қазақстанның белгілі саяси қайраткері – О.Жандосов болды. 1992 жылдың 7 ақпанында Гидрометеорология жөніндегі бас басқарма болып қайта құрылды. Қазіргі кезде «Қазгидромет» жүйесіндегі метеорология, агрометеорология, гидрология, көл және теңіз станциялары мен бекеттерінің саны 750. «Қазгидрометтің» негізгі міндеттері: республикада гидрометеорология және табиғи орта мониторингі саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу; әр түрлі өнеркәсіптер мен шаруашылықтарды, халықты қазіргі және болашақтағы климат пен табиғи орта мәліметтерімен қамтамасыз ету; қауіпті және апатты гидрометеорология құбылыстарды алдын ала болжап хабарлау; қоршаған ортаға адамзат әрекетінің теріс әсерін болдырмау, т.б. «Қазгидромет» табиғи ортаның мониторингін жүргізу барысында аса улы 20-дан астам заттарды анықтау үшін республиканың 26 қаласындағы 94 тұрақты пункттерде атмосфера ауаның құрамына бақылау жүргізеді. Бақылау материалдары бойынша дерекқор қалыптастырылады және ақпараттық-экология бюллетеньдер, анықтамалар, шолулар жарияланады. 1873 жылы Бірінші халықараралық метеорология конгресте халықаралық метеорология ұйым құрылды. Ол 1947 жылы БҰҰ құрамындағы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) болып қайта құрылды. ДМҰ-ның шешімімен 23 наурыз Халықаралық метеорология күні болып тағайындалған.ДМҰ-ның толыққанды мүшесі болып табылады.
1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы
2. Сайттар: www.kazhydromet.kz

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазгидромет
Қазгидромет - Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы - орталық басқару мекемесі. Ол гидрометеорология және экологиялық мониторинг, сондай-ақ су қорының мемлекеттік есебін және су кадастрын жүргізетін респуббликалық мемлекеттік кәсіпорнын біріктіреді. Қазақстанда алғашқы аспаптық метеорология бақылаулар 1848 жылы Қазалыда, 1854 жылы Семейде, 1856 жылы Ырғыз бен Қызылордада жүргізіле бастады. Гидрология бақылаулар алғаш рет (1890) Ертіс өзенінде басталды. 1917 жылы Қазақстан аумағында 94 метеорологиялық станция мен 49 бекет, 123 гидрометеорология бақылау пункттері жұмыс істеді. 1922 жылдың 23 қаңтарында Бас физика обсерваториясының Орынбор облысы метеорология бюросы құрылған. Ол 1925 жылы Қазақстанның Орталық метеорология бюросы болып, ал 1931 жылы Қазақ гидрометеорология болып қайта құрылды. Оның негізінде 1933 жылдың мамыр айында Қазақ гидрометеорология қызметінің біртұтас басқармасы құрылды. Оның бірінші басшысы Қазақстанның белгілі саяси қайраткері - О.Жандосов болды. 1992 жылдың 7 ақпанында Гидрометеорология жөніндегі бас басқарма болып қайта құрылды. Қазіргі кезде Қазгидромет жүйесіндегі метеорология, агрометеорология, гидрология, көл және теңіз станциялары мен бекеттерінің саны 750. Қазгидрометтің негізгі міндеттері: республикада гидрометеорология және табиғи орта мониторингі саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу; әр түрлі өнеркәсіптер мен шаруашылықтарды, халықты қазіргі және болашақтағы климат пен табиғи орта мәліметтерімен қамтамасыз ету; қауіпті және апатты гидрометеорология құбылыстарды алдын ала болжап хабарлау; қоршаған ортаға адамзат әрекетінің теріс әсерін болдырмау, т.б. Қазгидромет табиғи ортаның мониторингін жүргізу барысында аса улы 20-дан астам заттарды анықтау үшін республиканың 26 қаласындағы 94 тұрақты пункттерде атмосфера ауаның құрамына бақылау жүргізеді. Бақылау материалдары бойынша дерекқор қалыптастырылады және ақпараттық-экология бюллетеньдер, анықтамалар, шолулар жарияланады. 1873 жылы Бірінші халықараралық метеорология конгресте халықаралық метеорология ұйым құрылды. Ол 1947 жылы БҰҰ құрамындағы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) болып қайта құрылды. ДМҰ-ның шешімімен 23 наурыз Халықаралық метеорология күні болып тағайындалған.ДМҰ-ның толыққанды мүшесі болып табылады.

Кәсіпорын туралы
Қазақстан гидрометқызметінің негізі 1922 жылдың қаңтарында салынған. Қазіргі таңда бұл қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің ірі ғылыми-өндірістік кәсіпорыны. ҚР Үкіметі 1999 жылдың 2 науырызындағы №185 Қаулысымен оған Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын - РМК Қазгидромет мәртебесі берілген. Бүгінгі күні РМК Қазгидромет құрамына Қазақстан Республикасы әр облысының және Алматы мен Астана қалаларының 14 еншілес мемлекеттік кәсіпорындары кіреді, онда 2 мыңнан астам жұмыс істейді. Елімізде 260 метеостанса, оның 65 халықаралық мәртебеге ие және ғаламдық желіге кіреді. Осы стансаларда бақыланған ауа-райы әлемдік дерек орталығына беріледі. Сонымен қатар, РМК Қазгидрометте 291 гидрологиялық бекеттер бар, онда химиялық талдауға су сынамалары алынып, өзендер мен көлдердің су мөлшерлері есептелінеді. Зертханалық жағдайда гидрохимиялық және гидробиологиялық саралаулар ластаушы элементтердің 70өтен аса түріне жасалынады. Сондай-ақ, РМК Қазгидромет қоршаған орта жағдайына агрометеорологиялық және экологиялық ақпарат береді, және бекітілген бағағаа сай жұмыстың жеке түрлеріне қызмет көрсетеді.
РМК Қазгидромет 189 елдің гидрометеорологиялық Қызметтерімен бірге Бүкіләлемдік Метеорологиялық Ұйымға (БМҰ) - қоршаған ортаны қорғау және бақылау бойынша мемлекеттік емес біріккен ұлттар ұйымына мүше.
РМК Қазгидромет тәулік бойы мониторинг жүргізеді, яғни табиғаттың түрлі ортадағы құбылыстарын, атап айтқанда ауа, су, топырақты бақылайды, сараптайды, болжайды және ескертеді.
РМК Қазгидромет - қауіпті және апатты табиғат құбылыстарына дауылды ескертулер жасайтын, кез келген ұйымдарға ресми ақпаратпен қаматамасыздындыратын құқылы заңды орган.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2008 жылдың 6 ақпанындағы жолдауында Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеру - мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты делінген, РМК Қазгидромет ішкі және сыртқы саясаттың негізгі мақсаттарын жүзеге асыруына белсенді қатысады. Сонымен қатар БМҰ мүше-мемлекеттермен бірге Қазақстан 21 ғасырда адамзатқа төнген табиған қауптермен күреске белсенді қатысуда.

Тарихи анықтамалық
Адамға ауа-райына деген қызығушылық әрдайым тән болған және келешекте де оны сол қызығушылық басылмайды. Гидрометеорология ең ежелгi бiлiм саласы болып табылады. Ауа райына, әсiресе қазiргi әлемде барлығы тәуелдi. Адам баласы баяғы заманнан табиғат құбылыстарын болжауға тырысты, өйткені сонын салдарынан келетін шығынды болдырмауға ұмтылды. Қазiргі кезде гидрометеорологиялық зерттеулер барлық жер шарында жүргізілуде, және олардың нәтижелерi кеңінен қолдану табуда.
Қазақстан аумағында алғашқы метеорологиялық бақылаулар 19 - жүз жылдықтың ортасынан жүргiзiле бастады, олар 1848 жылы Қазалыда, 1854 жылы Семейде, 1856 жылы Ырғызда және Қызылордада, Алматы мен Оралда 1859 жылы басталды. 20- жүз жылдықтың басында қазiргi Қазақстанды қамтитын аумақта 28 станса жұмыс iстедi.
Бақылаулар қарапайым жабдықтарда жүргізілді және тек ауа температурасы, жауын-шашын мен желмен шектелді. Кадрлар дайындықсыз болды, стансаларда көбiнесе қоса атқарушылар және Санкт-Петербургтің Бас геофизикалық обсерваториясының (БГО) ерiктiлерi жұмыс жасады. Мысалы, Семейде алғашқы бақылауларды дәрiхана провизоры А.Г.Аникеев, Ырғызда аурухана меңгерушісі дәрiгер Виткевич жүрізді. БГО жазбаларынан басқа метеостансаларда бiрiншi бақылаушылар мұғалiмдер, оқушылар, дәрiгерлер, орманшылар, кеңсе хатшылары және тағы басқа сол уақыттың интеллигенция өкiлдерi болды.
Төңкерiлiске дейiнгі мерзiмде метеорологиялық стансалар желiсi өте баяу дамыды. 62 жылдың ішінде (1854 жылдан1918 жылға дейiн ) метеорологиялық желi 43 метеорологиялық стансаға дейiн ғана өстi. Сол уақытта метеорологиялық желiмен Екатеринбург обсерваториясы басшылық еттi.
Қазақстандағы гидрология бақылаулары одан да ақырынырақ дамыды. 20 ғасырдың басында су деңгейін бақылайтын тек 4 тармақ, оның өзі бір су объектісі - Ертісте жұмыс істеді. Қазан төңкерілісіне дейінгі мерзімде гидрологиялық пост саны 25 болса, оның біреуінде ғана су ағыны өлшенді.
Аэрологиялық және агрометеорологиялық бақылаулар сол кезде жүргізілмеді. Сонымен бiрге, жедел болжау бөлiмшелерi де болмады.
Тек Ұлы Қазан социалистiк төңкерiсінен кейін ғана гидрометеорологиялық қызметтiң дамуына жаңа мүмкiндiктер жасалынды. Расында, Кеңес өкіметінің бірінші жылдарында (1917...1920 жж.) жас Кеңес республика iшкi және сыртқы контрреволюция күресімен, Гидромет қызметiне жеткiлiктi көңiл бөле алмады.
1922 жылдың қаңтарында Орынборда Қазақстандық метеорологиялық бөлім (Қазметбюро) құрылды. Сол уақытта метеорологиялық желiмен Республика Метеорологиялық бөлімі Наркомзема басшылық етті, ал гидрология желiсi Су шаруашылық Басқармасы құзырында болды. Желiлердің көбi әр түрлi мекемелердiң құрамында болды. 1925 жылдың қаңтарында Қазақ автономды республикасының құрылуымен Қазақ АССР Наркомземi ұйымдастырылды. 1925 жылдың аяғында жаңа метеобекеттер ашылып, агрометеорологиялық бақылаулар жүргізіле бастады. Аэрологиялық бақылаулардың басы да осы кезеңге жатады, және сол кезеңде Гурьев метеобекетінде шар пилоттық бақылаулар ұйымдастырылды, кешірек Алматы және Семей метеобекеттерінде де пайда болды. 1929 жылы Қазақстандағы метеорологиялық станцалардың желiсі соғысқа дейiнгi көлемде ойдағыдай қалпына келтiрiліп, едәуір кеңiтілген. Олардың саны бұл сәтте 96 жетті.
1930 жылы Қазақстанда Метеобюро Наркомзем және Казводхоз гидрологиялық бюросы негізінде (ГИМЕИН) Гидрометеорологиялық комитеті ұйымдастырылды. ГИМЕИН сол уақытта профессор В.В.Келлерман жетекшілік етті, ол (ГИМЕИН) Гидрометеорологиялық институтына да басшылық жасаған, нәтижесінде Алматы геофизикалық обсерваториясына ауыстырылды. Қазақ АССР Гидрометеорологиялық Комитетінің алғашқы төрағасы болып белгiлi қоғамдық-саяси қайраткер Ораз Кикимович Жандосов тағайындалды.
Қазгимеком 1933 жылдың 9 мамырында Қазақ гидрометеорологиялық қызметінің Бірлескен Басқармасына ауыстырылып, 1937 жылдың сәуірінде алдымен Алматы Басқармасы болып, ал 1940 жылы Қазақ гидрометеорологиялық қызметі Басқармасы болып аталуын өзгертті. Алматы гидрометқызметі басқармасының бастығы болып 1938 жылдың қазанында Иван Федорович Порфирьев тағайындалды. Иван Федорович осы қызмет орнында 32 жыл жұмыс істеді. Ол шебер жетекші, білгір маман, елеулi азамат болды.
30 жылдың басында ГИМЕКОМ- ға басқа мекемелерді енгізу мақсатында 102 гидрологиялық постар және 20 шақты метеобекеттер тапсырылды. Стансалардың және постардың елдi мекендерде ашулуымен қатар сол кезеңде шөл станциялардың құрылысы басталды. 1930 жылы Күртi бірінші шөл метеорологиялық стансасы ашылды. 1934 жылы Найман-Суек және Алгазы, кешiрек - Байрқұм, Бектау-Ата, Бетпақ - Дала метеобекеттері ашылды.
Метеорологиялық желiнің дамуымен қатар атмосфераны радиологиялық барлап байқау әдiсі дамыды. Әлемде алғашқы радиозондты 1930 жылдың 30 қаңтарында Ленинградта кеңесi ғалымы -профессор П.А.Молчанов ойлап тапты.
Қазақстандағы бiрiншi радиозонд 1936 жылы Алматыда П.Г.Фасттың жетекшілігімен аэрологтер тобымен іске қосылды, ал 30 жылдардың соңында 20 - ға жуық шар пилоттық пункттері жұмыс істей бастады.
Қазақстанның 11 метеорологиялық стансаларында 1935 жылдан бастап агрометеорологиялық бақылаулар жүргізілді. 1936 жылы агрометеорологиялық бақылаулар жүргізетін метеобекеттердiң саны екі есеге артты, 5 метеобекеттерде топырақтың дымқылдығын аспапты анықтау ұйымдастырылды. Мамандандырылған агрометеорологиялық стансаларды 1938 жылдан бастап ұйымдастыра бастады. Сол уақытта халық шаруашылығын гидрометеорологиялық қамтамасыз ететін ұйымдар мен жедел органдар және туралы сұрақ өткiр болды.
1932 жылы ауа райының Алматылық бюросы ұйымдастырылып және осы жылы Алматы қаласы үшін синоптикалық карталар және ауа-райының болжамдары құрастырылды. Бiрiншi синоптикалық карта және бiрiншi ауа-райы болжамы 1932 жылдың желтоқсанында Ауа-райы бюросының бастығы М.Д.Пономаревпен және 1940 жылға басқа синоптиктармен бiрлесiп ауа райының үш күнге ауа-райының болжамдары құрастырыла басталды.
1940 жылы 210 метеорологиялық станцсалар, 175 гидрологиялық постар, 20 аэрология пункттері, жетекші шар пилоттық бақылаулар және радио барлап байқаудың бiр тармағы жұмыс iстеді. Агрометеорологиялық бақылаулар 89 метеобекеттерде, соның iшiнде 23 метеобекетте топырақтың дымқылдығын аспапты анықтаулары жүргiзiлдi.
Қазақстандағы алғашқы қысқа мерзiмдi гидрология болжамдарын Ертiс алқабы бойынша 1936 жылы және ұзақ мерзiмдi болжамды -1940 жылы Г.Р.Юнусов шығара бастады. ҚАЗУЕГМС 1935 жылдың қантарынан бастап декадалық агрометеорологиялық бюллетенді жүйелi шығара бастады
Әуе көлiгiнiң дәуiрлеуi авиаметеорологиялық стансалар (Амсг) желiсін жылдам дамуын талап етті. Қазақстандағы алғашқы АМСГ 1933 жылы Алматы мен Қостанайда ұйымдастырылды, Қарағанды, Семей, Ақтөбе мен Жамбылда - 1934...1936 жылдар аралығында пайда болды, ал 1940 жылы олардың саны 13-ке жетті.
АМСГ ұйымдарымен қатар халық шаруашылығының басқа жетекшi салаларына қызмет көрсететін арнайы жедел органдар құрылды. Осы мақсатпен 1936 жылы облыстық Гидромет қызметі Басқармалары: Ақтөбе, Шығыс - Қазақстан, Батыс- Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан және Алматыда ұйымдастырылды
Отан соғысы кезінде гидрометқызметтің дамуы бiрнеше жылға тоқтатылды. Фашистiк Германиямен соғыста жеңiске жетудегі Қазақстан гидрометеорологтарының сіңірген үлесі аз емес.1941 жылдың шілдесінде гидрометеорология қызметі Басқармалары (ГУГМС) өзінің барлық құрылымдарымен КССР Қарулы куштер құрамына кірзгізілді. ГУГМС бастығы Е.К.Федоров КССР Қарулы күштердiң бас штабына тiкелей бағынды.
1941 жылдың қыркүйегінде Қазақ гидрометқызмет Басқармасы Орта - Азия Әскери округі (САВО) құрамына енгізіліп, САВО Қазақ Гидромет қызмет Басқармасы болып аталды.
Табиғи құбылыстар мен су объектілері жағдайын метеорологиялық және гидрологиялық болжам мәліметтеріне сүйеніп, қолбасшылар белгіленген операцияларды және олардың мінездемелерін айқындады. Конструкторлар әскери шарттар үшiн қолайлы әр түрлi құралдардың өңдеулерiн жалғастырды. Алғашқы автоматты метеобекеттердi сол кезде жасалды.
Соғыстың басында Қазақ гидрометқызмет Басқармасынан майданға 30 адам жұмылдырылып іссапарға жіберілді. 1941...1942 жылдар аралығында майданға жіберілген Гидромет қызметінің жұмылдырылған қызметкерлерiнiң тiзiмi едәуiр ұлғайды, тәжiрибелi жетекшi мамандарды жіберілді. Тылдағы жұмысты майданға кеткен әке, жар, ағаларды алмастырған әйелдер атқарды. Мысалы, Пақтаарал метестаса жұмысшылары Н.Д.Кушнаренко және Горковенко екеуі және Фурмановка, Мынжылқы, Ақтоғай, Бақанас, Жарма метеостанция қызметкер әйелдер жүктелген міндетті және жұмыс көлемін өте сапалы орындады
Ауа-райы Бюросында қалған инженерлер Е.А.Новикова, Н.Ф.Бендюкова, В.Р.Кибасова, Е.Д.Кувалдина, М.Н.Шамасова бұрынғы жұмыс көлемдерiн қамтамасыз еттiп отырды.
50-шi жылдардың орталарына дейін Қазақстан шөл және тау аудандардағы метеобекеттер желiсiнiң дәуiрлеуi жүрдi. Өйткені Қазақстан еліміздің негiзгi мал шаруашылық өлкелерiнiң бiрi болды.
Алматы геофизикалық обсерватория негізінде 1950 жылы, республиканың отарлы мал шаруашылығын гидрометеорологиямен қамтамасыздыру және оның жем базасы мәселелерiн шешу мақсатында Қазақ гидрометеорологиялық ғылыми-зерттеу институты (КазГҒЗИ) құрылды. Ол 1995 жылы Қоршаған Орта және Климат мониторингі ғылыми-зерттеу институтына (КазҚОМҒЗИ) атауын ауыстырды және 1999 жылы РМК Қазгидромет құрамына еншiлес кәсiпорын болып енгізілді. 2003 жылы экология және климат ғылыми-зерттеу институты болып, Қазгидромет құрамынан бөлініп, Қоршаған Ортаны қорғау министрлігінің құзырына бағынатын болды
КОКП ОК (ЦК КПСС) қыркүйектегі (1953 ж.) алқалық мәжілісінің шешімімен 1954...1956 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Қазақстандағы жаңа тың совхоздардың ашылуымен жыл сайын көптеген агрометеорологиялық бақылаулар мен қызмет көрсету мақсатындағы метеостанциялар ашылып жатты. Тек 1954 жылдан 1956 жыл аралығында астық өлкесінде 47 метеостанса ашылды. Метеорологиялық және агрометеорологиялық бақылаулармен қатар су қорларын зерттеу дамып, қосымша гидрологиялық бақылау пунктері ашылды.
1966 жылдан бастап қар жамылғысын және Iле Алатауындағы қар көшкінін бақылау басталып, қар көшкін станциялары ұйымдастырылды, ал Шығыс-Қазақстан облысының және т.б. облыстардың тауларында қар өлшеу топтамалармен бақыланды.
70-шi жылдардың басында Қазақстанның гидрометеорологиялық желісі қалыптаса бастады және зерттеу мақсаттары мен халық шаруашылығының практикалық сұраныстарына жауап берді. Метеорологиялық стансалар саны көбейіп 295 жетті, 240 метеостансада агрометеорологиялық бақылаулар, олардың 180 топырақ дымқылдығын аспапты бақылаулармен жүргізілді. Гидрологиялық бекеттердің жалпы саны 418 жетті, олардың 338 су ағынын, 146 тасындылар ағынын, 193 судың химиялық құрамын бақылады. Су бетiнен булануды өлшейтін 47 пункт жұмыс iстейдi. Iрi сужиналымдар тәртібін және ағынның құрылу ерекшеліктерін зерттеу мақсатында мамандандырылған обсерваториялар, кешенді станциялар ұйымдастырылуда.
70-шi жылдардың басында табиғи ортаның ластануын Жалпы мемлекеттік бағдарлау және бақылау жүйесі (ЖМББЖ) құрылды. Бұл кезеңде Қазақстанда табиғи ортаның ластануын бақылайтын 9 зертхана жұмыс істейтін. 22 тұрақты тармақта 5 ластаушы ингредиенттер бойынша ауа сынамалары алынатын. 67 тармақта ауа бассейнінің 12 ингредиенттермен ластануы анықталады. 231 тармақта 12 ингредиенттер бойынша жер беті суларының ластануы анықталады.
Қазақ КСР гидромет қызметi Басқармасы 1979 жылдың 14 наурызында Гидрометеорология және табиғи ортаны бақылау Қазақстан Республикалық Басқармасы болып өзгерді. 1980 жылдың қазанында Алматы табиғи ортаны зерттеу және бақылау орталығы ұйымдастырылды. Бақылау жүйесі кеңейтіліп, деректердi өңдеудiң қазiргi әдiстерi ендiрілді.
1978...1998 жылдарда табиғи қоршаған ортаның Мемлекеттік мониторинг жүйесі және атмосфераның ластану көздерiн мемлекттік бақылаулары ұйымдастырылды. Мәлiметерді жедел қабылдау және тапсыру программалық кешені алынды, телекоммуникациялық жүйе кешенi, бақылау құралдары, гидрометеорологиялық мәліметтерді өңдеу жаңартылды. Ресейдiң Гидрометорталығынан ауа райының сандық карталары, сонымен бiрге Вашингтон және Рединг дүниежүзілік метеорология орталықтарынан бариялық топографияның болжам карталары қабылдана бастады. ГИС-Метео геоақпараттық жүйесi ендiрілді.
1993 жылдың 13 сәуiрiнде Қазақстан Бүкіл әлемдік Метеорологиялық Ұйымға мүше болып, Қазгидромет бас директоры Қазақстан Республикасының БМҰ тұрақты өкілі болды.
Гидромет қызмет 1995 жылдан 1999 жыл аралығында бірнеше рет жаңартылып, мемлекеттiк органдар жүйесiнде мәртебесi өзгердi. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 2 наурызындағы № 185 қаулысымен республикалық гидромет қызмет Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын Қазгидромет болып қайта құрылды.
Қазгидромет қазiргі таңда гидрометеорологиялық қызмет көрсетудi жақсартуға, қоршаған ортаға мониторинг жүйесін дамытуға, телебайланыс құралдарын және мәліметтерді өңдеуді жаңғыртуға, бақылау желінің қәзіргі техникалық жабдықтарын дамытуға, сонымен қатар жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазгидромет» кәсіпорны және кәсіпорынды метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
Су ресурстары жағдайының және жер қойынауының мониторингі
Ауаның ластануын талдау әдістері
Мониторинг түсінігі
ТМД елдеріндегі гидрометриялық зерттеулердің даму тарихы
Көгалдандыру жұмыстарының ерекшеліктері мен экологиясы
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
Сырдария өзені бойындағы бекеттердің сипаттамасы
Көгалдандыру жұмыстары
ЖЕР БЕТІ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Пәндер