Қазақстан Республикасында жерге меншіктіктің көп түрлілігіне көшу, жер реформасының дамуы мен ерекшеліктері

Қоғам өміріне қажетті материалдық жағдайлардың ішінде жер негізгі орын алады, ол экономикалық әрекеттер төңірегінде маңызды қызметтерді атқарады. Ауыл шаруашылығында жер-өндірістің басты бөлігі, өндірістік және басқа әлеуметтік істердің негізі. Табиғи объектісі және адамзат әрекеттерінің кеңістік орны ретінде жер қызметтерінің әмбебаптығынан жерді меншіктеу мәселе көпжақты, күрделі, бір мағыналы емес болып келді. Жерге меншік қатынастарын реформалау мәселелері жер қатынастарының іргелі бастауын қамтиды.
Меншіктік қатынастарды өзгерту мағынасы келесі фактілермен себептеледі. Ескі меншік қатынастарын өзгерту, нарықтық экономикаға көшу шартты нарықтық қатынастарының міндетті қасиеті, белгісі болып келеді. Сонымен қатар бірыңғай мемлекеттің меншігінде болған республиканың аса көп жер қоры өте-мөте азған,тозған күйде. Жерлердің басым бөлігі, әсіресе егіндік жерлер құнарлығын жоғалтты, ал сондай-ақ көптеген жер алқаптары былғанып, зиянды, соның ішінде радиоактивтік заттармен ластанды. Осы экологиялық қауіпті қатерлердің шын аумағы тек қана мамандарға белгілі. Республикамыздың барлық халық шаруашылық кешені жүйелі жағдайда аграрлық бөлімдегі жекеленудің іс-әрекеттері жер пайдалануды жақсартуға әкелген жоқ. Керісінше кей жағдайда жыртылған құнарлы учаскелер және суармалы ауыл шаруашылық жерлері айналымнан шығып қалды.
Қазақстанда халықтың көпшілігі, нарықтық экономиканың барысын дұрыс түсініп, кіші және орта бизнес, соның ішінде аграрлық бизнестік іске кірісіп кетті. Нарық қатынастарында өз орнын тауып жатқан әр саланың кәсіпорындар саны күннен күнге өсіп келеді.

Жер қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігі нарықтық экономиканың туындап, дамуымен себептеліп отыр. Бірақ, мұнда жерге жеке меншік құқығын тек қана жариялаумен шектелмегені жөн. Мұнда жеке меншіктікті енгізе отыра, жалпы мемлекеттік, ұлтық, әр жеке азаматтың мүддесі ескерілуі және жер қатынастары дамуында әділеттік принцип іске асырылуы керек. Республика ерекшеліктерін ескере отыра, санатқа нысаналы арналуына, жерге меншік құқығының субъектісіне жерлерді жеке меншікке беру шартын, негізін, тәртібін, құқықтық режімін жеке зерттеу қажет. Осы мәселелер дұрыс және әділетті шешілсе, жерлерді жекешелендіруден туындауы мүмкін қолайсыздықтар азаяды және тіпті жойылады. Мұндайда заң актілерінде жерге мемлекеттік және жеке меншік түрлерінің теңдік және қатарлық принципі сақталуы керек. Кейін, аздап жеке меншік түрі кеңейтілгені жөн. Сөйтіп, жерлерді қайта құруға эволюциялық сипат беру керек.

Қазақ Республикасында жерге меншік құқығының түсінігі
Меншік құқығы Қазақстан құқық салаларының негізгі институты болып табылады. Нарық қатынастарының дамуымен, жерге жеке меншік құқығы қалыптасуымен байланысты жер құқығында бұл институт мағынасы өсіп отыр.
Адамзаттың өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктің жалғыз қайнар көзіне қоғамдық өндіріс процесі жатады. Бірақ жердің өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Мысалы, жер адам еңбегінің нәтижесі, өнімі емес, ол табиғаттың бір бөлігі, жер беті көлемін адам өзінің қажеттілігі үшін өзгерте алмайды. Табиғаттан материалдық игілік алу үшін, адамдар бір-бірімен өзара қатынастарға түседі қоғамдық қатынастар. Ол қатынастардың мәні - сол материалдық игіліктерді өздеріне меншіктеп алу. Меншік - қоғамдық қатынастардың бір түрі. Мұнда бір тұлға белгілі заттарға иелік жүргізіп, басқа тұлғаларды осы билікке араластырмайды. Меншіктің барлық түрлеріне бірдей құқық құзыреті тән, олардың мазмұндары және аумақтары әр түрлі.
Жерді иемдену құқығы - Қазақстанның жер учаскесін немесе жер қорының белгілі бөлігіне заң негізінде нақты қожалық ету мүмкіндігі.
Заңға сыйса, меншік иесі емес те жерге ие бола алады. Қарсы жағдайда, жерге өз еркімен иелік жасау, басып алу немесе өз еркімен жерді беру, заң жүзінде жауапкершілікке тартылады.
Кәдімгі мүлікті меншік иесі өзінің қажетіне қарай оларды ауыстыруға мүмкіндігі бар басқа мекенге апару, қоймаға жабу және т.б.. Ал жерді иемдену дегеніміз - белгілі шарттылық ұғым, жерді басқа жерге ауыстыруға болмайды, сондықтан оған қожалық жасау шектеліп отырады. Жерді иемдену жерді үйлестіру жобасын натураға көшіру-жер учаскесі шекараларын бекіту жолдарымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар жерлерді аймақтарға бөлу, бас жоспарларына, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына және мекендерде қала салу құжаттардың басқа түріне сәйкес пайдалану жолымен оларды иемденуге болады.
Жерді пайдалану құқығы - жерлерді шаруашылық және басқа пайдаға асыру, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру мақсаты үшін оның пайдалы қажеттерін алу заң жүзіндегі мүмкіндік. Бұл құқық екі негізгі түрлерде байқалады:
а) жер учаскесін пайдалану бойынша меншік иесінің құқығы және жер иесінің құқығын іске асыруға болатын тәсіл;
б) құрылыс, ғимараттар салу және мелиоративтік жүмыстар жүргізу жолымен жерде еркін шаруалау.
Жерге билік ету құқығы - осы нысаны заңдық тағдырын заң жүзімен анықтау.
Меншік иесі емес жалға алушы жер иесінде бұл құқық жоқ немесе ол шектелген және тек қана меншік исінің келісуі бойынша ғана жүзеге асады.
Жерге билік етудің үш негізгі түрі болады:
а) жердің жер учаскесінің нақты жай-күйінің өзгеруі;
оның, әсіресе жердің заңдық статусының өзгеруі;
б) жерлердің құқықтық тәртібінің өзгеруі жерді меншік
иесінің сатуы;
в) жер учаскелерінің меншік иелері болып табылатын тұлғалар құрамындағы өзгерістер.
Осы аталған жерге меншік құқығының жерді иелену, пайдалану және билеу құқылылық субъективтік мағынада құқықтың әр-түрлі сапалары нормаларында кездеседі:
1 мемлекеттік құқық нормаларында;
2 әкімшілік құқық нормаларында мемлекеттік кәсіпорын басқару бойынша министрліктердің және ведомстолардың құқылықтары;
3 азаматтық құқық нормаларында жерді мұра етіп қалдыру, сату, сатып алу, кепілдікке беру және жермен басқа операциялар жасау құқықтарын жүзеге асыру тәртібі бекітілген;
4 қаржылық құқық нормаларында жерлерді пайдалану бойынша шараларды қаржыландыру және жер учаскелеріне меншік қатынастарын жүзеге асыру қолданатын қаржы-құқылық жазалау шараларын қолдану ережелері анықталады;
5 қылмыстық құқық нормаларында жер учаскелерін өз еркімен алып қою, жерлерді иемдену, пайдалану және жер учаскелерімен мәміле жасаудағы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленеді.
Жер қатынастарын жерге жеке және басқа нысандағы меншігіне негізделінген мемлекеттік реттеу әртүрлі өзгерісте барлық дамыған шет мемелкеттерге тән. Мемлекеттің даму деңгейі жоғары болған сайын, онда жерге жеке меншіктікті реттеу қатаңдай түседі.

Шет елдегі АҚШ, Англия, Франция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер учаскелерінің меншік иелерінің құқықтары
Жерді кадастрлық аймақтау, бағалау және жер салығын салу
Қазақстан Республикасында жерге меншік қатынастарының құқықтық реттелуі
Қазақстан Республикасындағы жерлерге меншік қатынастарын құқықтық реттеу
Жер кадастрі туралы түсінік және Қазақстан Республикасында жер реформасы жағдайындағы оның мазмұны
Жерге жекеменшіктің орнауы
Қазақстандағы жекешелендіру бағдармаламысының теориялық мәселелері
Адамзаттың тарихқа дейінгі тарихы
Салық құрылымының реформалануы
Қазақстан Республикасында жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың құқықтық проблемалары
Пәндер