Экологиялық таза өнім



Біздің пікірімізше экологиялық таза тамақ өнімі дегеніміз – адам денсаулығына өмір бойы зиянын тигізбейтін, болашағына кері әсер етпейтін өнім және оның құрамында әр түрлі уытты заттардың, агрохимикаттардың, ауыр металдар мен радионуклидтердің болмауы тиіс.
Экологиялық таза өнімді өндірілуіне байланысты келесідей бөлуге болады:
1. Экологиялық таза өнім – бұл құрамында зиянды заттар дәстүрлі өнімдерге қарағанда аз, (жол берілетін шекті шамадан аспайтын) сапасы бойынша нормативті құжаттарға сәйкес өнімдер;
2. Экологиялық таза өнім – экологиялық таза аумақта қосымша минералды тыңайтқыштарсыз, қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиялар көмегімен табиғи шикізаттан алынған өнім.
Ауыл шаруашылығында экологиялық таза өнім алу үшін, 3–5 жылға дейін химикаттар әсері байқалмайтын топырақ пайдаланылады.
Экологиялық таза өнім ұғымы 1924 жылы Р. Штайнердің теориялық негіздеуімен қалыптасты, ол кезде тәжірибе жүзінде биодинамикалық аграрлық қызметтер жүзеге асырыла бастады. 1930–1940 жылдар аралығында бұл идея Швейцарияда Г. Мюллердің, Ұлыбританияда Э. Бэлфер мен А. Ховордың, Жапонияда Фукуокойдың бастамасымен дами бастады (1-кесте ).
Органикалық тауарларды тұтыну Одағының экологиялық ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жасауы генетикалық құрамы өзгертілген ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықта пайда болуына қарсы күрес жүргізуіне мүмкіндік туғызды. Ал қазіргі кезде органикалық және агроөндірістің басқа да әдістерін нақты жолға қою қажеттілігі пайда болуда. «Био» сауда белгісі тұтынушыға өнімнің нақты белгіленген әдістерді қолдана отырып өндірілгендігін көрсетеді, яғни талаптарға сай келетінін бейнелейді. Бұл органикалық секторда өсірілетін өсімдік түрі мен сорты, мал, аң, құс тұқымы және балық түрлері дәстүрлі секторларда да өсірілетінін көрсетеді. Дегенмен органикалық өнімдердің тұтыну құндылығы дәстүрлі өнімдерге қарағанда ерекшеленеді. Мысалы, органикалық және дәстүрлі секторларда өсірілген, алманың элемент құрамы, түсі, көлемі бірдей болмайды, органикалық секторда өндірілген өнімде химиялық заттардың болмауы өнімнің тұтынушы үшін тартымдылығын көрсетеді.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Біздің пікірімізше экологиялық таза тамақ өнімі дегеніміз - адам денсаулығына өмір бойы зиянын тигізбейтін, болашағына кері әсер етпейтін өнім және оның құрамында әр түрлі уытты заттардың, агрохимикаттардың, ауыр металдар мен радионуклидтердің болмауы тиіс.
Экологиялық таза өнімді өндірілуіне байланысты келесідей бөлуге болады:
1. Экологиялық таза өнім - бұл құрамында зиянды заттар дәстүрлі өнімдерге қарағанда аз, (жол берілетін шекті шамадан аспайтын) сапасы бойынша нормативті құжаттарға сәйкес өнімдер;
2. Экологиялық таза өнім - экологиялық таза аумақта қосымша минералды тыңайтқыштарсыз, қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиялар көмегімен табиғи шикізаттан алынған өнім.
Ауыл шаруашылығында экологиялық таза өнім алу үшін, 3 - 5 жылға дейін химикаттар әсері байқалмайтын топырақ пайдаланылады.
Экологиялық таза өнім ұғымы 1924 жылы Р. Штайнердің теориялық негіздеуімен қалыптасты, ол кезде тәжірибе жүзінде биодинамикалық аграрлық қызметтер жүзеге асырыла бастады. 1930 - 1940 жылдар аралығында бұл идея Швейцарияда Г. Мюллердің, Ұлыбританияда Э. Бэлфер мен А. Ховордың, Жапонияда Фукуокойдың бастамасымен дами бастады (1-кесте ).
Органикалық тауарларды тұтыну Одағының экологиялық ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жасауы генетикалық құрамы өзгертілген ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықта пайда болуына қарсы күрес жүргізуіне мүмкіндік туғызды. Ал қазіргі кезде органикалық және агроөндірістің басқа да әдістерін нақты жолға қою қажеттілігі пайда болуда. Био сауда белгісі тұтынушыға өнімнің нақты белгіленген әдістерді қолдана отырып өндірілгендігін көрсетеді, яғни талаптарға сай келетінін бейнелейді. Бұл органикалық секторда өсірілетін өсімдік түрі мен сорты, мал, аң, құс тұқымы және балық түрлері дәстүрлі секторларда да өсірілетінін көрсетеді. Дегенмен органикалық өнімдердің тұтыну құндылығы дәстүрлі өнімдерге қарағанда ерекшеленеді. Мысалы, органикалық және дәстүрлі секторларда өсірілген, алманың элемент құрамы, түсі, көлемі бірдей болмайды, органикалық секторда өндірілген өнімде химиялық заттардың болмауы өнімнің тұтынушы үшін тартымдылығын көрсетеді.

1 кесте - Экологиялық таза тамақ өнімі өндірісінің қалыптасу кезеңдері мен ерекшеліктері

Қалыптасу кезеңдері
Мәні
Сипаттамалары
1. Алғашқы кезең
1930 - 1940 жылдар
Экологиялық таза өнімнің қалыптасуының алғашқы кезеңі әртүрлі иеленушіктер жерді пайдалана отырып, экологиялық таза өнім өндіретін аз ғана тәжірибе жүргізетін шаруашылықтың пайда болуымен байланысты.
Бұл кезеңде шаруашылықтағы тауар өндіру деңгейі өте төмен болатын.
2. Екінші кезең
ХХ ғасырдың
60-жылдары
Органикалық агроөндірісті
қарқынды дамытуымен
байланысты.
Органикалық фермаларда тауар деңгейі көтеріліп, өндіру көлемі және шаруашылықтар саны артты, экологиялық таза өнім өндіруге бағытталған мемлекеттердің саны артты.
3.Үшінші кезең ХХ ғасырдың
90-шы жылдары
Оның алдыңғы екі кезеңнен
басты ерекшелігі Батыс
Еуропа, Азия және
Солтүстік Америка мемле-
кеттерінде сұраныстың
артуына сәйкес
органикалық тауарлармен
байланысты халықаралық сауда орындарының кеңейтілуі және органикалық ауыл шаруашылығын реттеу мен мемлекеттік қолдау.
Осы кезеңде экологиялық таза өнім жөніндегі ұлттық және халықаралық ұйымдар құрыла бастады, мұнда тұтынушы талғамын тұрақты қалыптастыруға мүмкіндік беретін ақпараттық және ағартушылық жұмыстар күшейтілді.
4. Қазіргі кезең
Экологиялық таза - саудалық маркасымен берілетін, бірақ таза емес баламадағы экологиялық таза тамақ өнімдерінің пайда болуы.
Экологиялық таза тамақ өнімінің нарығын дамытуға назар аударылып, мемлекеттік талаптар қойыла бастады.

Экологиялық таза өнім бұл - құрамында зиянды заттар дәстүрлі өнімдерге қарағанда аз (жол берілетін шекті шамадан аспайтын), сапасы бойынша нормативті құжаттарға сәйкес өнімдер;
Экологиялық таза өнім - экологиялық таза аумақта қосымша минералды тыңайтқыштарсыз, қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиялар көмегімен табиғи шикізаттан алынған өнім.
Экологиялық таза тамақ өнімдерін тұтынудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің маңызы - мемлекеттің, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін бейнелейтін көрсеткіштердің жақсаруында. Халықтың денсаулығы мен болашақ ұрпағының денсаулығына көп көңіл бөлу қажеттілігіне байланысты, экологиялық таза өнімге деген сұраныс та артуда, сондықтан оларды өндіруді дамыту керек. Алайда, бүгінгі күні экологиялық таза өнім нарықтағы барлық өнімдер ішінде онша үлкен мәнге ие емес. Бұл саладағы өндірістік мүмкіндік жеткілікті пайдаланылмайды, бұл тауарға деген сұраныс өнімдер мөлшерінің аздығы мен қымбаттылығына байланысты толық қанағаттандырылмайды. Сондықтан зерттеу жұмысында экологиялық таза өнімдердің бағасының шегі анықталды, ол дәстүрлі саладағы тауарларды өндіру деңгейіне дейін кәсіпкердің қызығушылығын көтеруге, сондай-ақ кәсіпкерге қосымша пайда әкелетін экологиялық таза өнім бағасын арттыруға мүмкіндік береді;
Экологиялық таза тамақ өнімі өндірісінің динамикасы онда уақыт өте келе оларға деген сұраныстың біртіндеп артатынын көрсетеді. Бұл тұтынушылардың төлем мүмкіндіктерінің баяу болса да өсуімен байланысты. Тұтынушылардың көпшілігі экологиялық таза тамақ өнімін алуға ұмтылады. Кәсіпорындар экологиялық таза өнімге деген сұраныстың артуын ескере отырып, оның өндірісін ұлғайтады, нарыққа бұл тауар түрін кең көлемде шығарып отырады. Өндірістің артуы бұл тауардың әрбір бірлігін дайындауға кететін шығынды азайтуға әкеп соғады, есесіне экологиялық таза өнім бағасы төмендеді де, экологиялық таза тамақ өніміне деген сұраныстың өсуін қалыптастырады.
Экологиялық таза өнім өндірісінің кезең бойынша қалыптасуы, экологиялық таза тамақ өнімдерін тұтынушылардың әртүрлі ұлттық және халықаралық ұйымдарының құрылуы, олардың қызметі - сатып алушыларды ақпараттандыруы нәтижесі болып табылады.
Экологиялық таза тамақ өнімі өндірісі мен тұтынудың әлемдік тәжірибесінде аталмыш тауарларға деген сұраныс пен өндіріс мөлшерінің өсу тенденциясы байқалады. Қазақстанда әлі бұл жағдай қалыптаспаған, ол отандық кәсіпкерлік құрылымдардың әлсіздігімен байланысты, ең алдымен бұл қаржы жетіспеушілігімен түсіндіріледі. Сондықтан диссертациялық жұмыста экологиялық таза өнім өндірушілер үшін қаржы көздері анықталды және оларды тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар берілген.
Экологиялық таза өнімдерді өндіру мен тұтынудан өндіруші де, тұтынушы да, жалпы мемлекет те пайда алады: экологиялық таза өнім өндірушілердің шығыны дәстүрлі өнімге қарағанда жоғары болғанымен, өнім бірлігінің бағасы да артады, олар өндіріс шамасының артуы есебінен қосымша пайда алады. Сонымен бірге экологиялық таза өнім өндірісі бәсекелестікке қабілетті, ол қазақстандық кәсіпкерлік құрылымдарына шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде олар қосымша пайда табады және мемлекетке салық есебінен пайда әкеледі. Экологиялық таза өнімді өндірген жағдайда мемлекеттің отандық кәсіпкерлерді жеңілдетілген несие беру, салық төлеудегі жеңілдіктер, инвестициялау жағдайымен ынталандыруы маңызды рөл атқаруы керек. Бұл шаралар кәсіпкерлердің көпшілігін экологиялық таза өнім саласын дамытуға тартады, бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру мен тұтыну тек қана экономикалық тиімділікке қол жеткізіп қоймай, әлеуметтік тиімділікке де қол жеткізеді: халықтың ауруының азаюы, өмір ұзақтығы, балалар мен нәрестелер өлімі деңгейінің төмендеуі т.б.Мемлекет пен кәсіпорынның бір жағынан ұтатыны, әлеуметтік қамту қорларынан бөлінетін төлемақылар азайып, аурухана, емхана, емдеу мекемелеріне кететін шығындардың азаюы, екінші жағынан - іскерлік белсенділік пен еңбекке жарамдылықтың артуы, аурудың азаюы есебінен өнімділіктің артуы.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Экологиялық таза өнімдерін өндірудің экономикалық проблемалары
Нарықтық экономика ауыл шаруашылығы өндірісінің барлық салалары,әсіресе азық-түлік өнімдерін өндіруді және оны өңдеуді,екпінді түрде жүргізілуін талап етеді. Өйткені:
-біріншіден,өз халқымызды азық-түлікпен қамтамасыз ету;
-екіншіден,импорттан әкелінетін азық-түлік саны мен түрін азайту;
-үшіншіден,Қазақстанның 35 миллион гектар ауыл шаруашылық дақылдары өсетін егістік көлемін тиімді де ұтымды пайдалану;
-төртіншіден,еліміздің жер ресурстары мен ауыл шаруашылығының ұшан-теңіз мол мүмкіндігін пайдалану арқылы нарықтың сұранысына лайықты азық-түлік өнімдерінің сан түрлері мен сапалық деңгейін көтерумен тек Қазақстан халқын қамтамасыз жасап қоймай,экспортқа өңделген азық-түлік тағамдарын барынша көбірек шығару,бүгінгі күннің кезек күттірмейтін проблемасы.
Еліміз аграрлы бола тұра,импорттан азық-түлік өнімдері біздің Қазақстанға ағылуда.Жүргізілген экономикалық талдаулар көрсеткендей, тек 2004 жылдың 8-айында Түркия елінен елімізге 14 миллион 266 мың доллардың азық-түлік өнімдері әкелінген. Базарлардағы шет елден әкелінген азық-түлік әртүрлі елдердікі: сары май-Ресей,Өзбекстан,Қырғызстан; конфет,печенье-Иран,Түркия Қытай,Пәкістан; шұжық пен ірімшік-Франция,Голландия; бөұтырылған сиыр еті-Балтық елдерінен , Венгрия,Польша,Украинадан; қалбырдағы балық пен сүт-Ресей,Беллоруссия,Украинадан; тауық сираұтары-АҚШ; ұнтақталған спалы тұз-Ресейдің Пермь облысынан тасылуда. Ал,осы қызанақты Алматы,Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан облыстарында қаншалықты өсіріп,өңдеп өз рыногымызғыа тұрмақ , Орталық Азия елдеріне,сондай-ақ басқа елдерге экспортқа шығаруға толық жер ресурстарымыздың мүмкіндігі мен жақсы климаттық жағдайымыздың бар екенін ешқашан естен шығармауымыз қажет.
Зерттеулер корсеткендей, шет елден өкелінген азық-түлік тағамдарының базарларымызда көптеп сатылуының әр түрлі обьективті себептері бар екенін көреміз:
-әсем безендіріліп, әдемі қағаздармен оралуы тұтынушыларды қызықтырады;
-ассортименттің бай болып, салмағы кіші-үлкенді ыдыстарда болып, алушылар көңілінен шығуда;
-қалыптасқан адамдар психологиясы біздікінен шет елдердікі жқсырақ болып көрінуі;
-шет елдік азық-түлік бағасы арзандау болуы;
-тамақ өнеркәсібі нарықтық экономика қиыншылығына төтеп бере алмай, өндірістің тоқтауы;
-ұжымшалар, кеңшарлар жекешеленіп және шаруа қожалықтары қаржы тапшылығынан, бұрыннан қалыптасқан өсіріп келе жатқан ауыл шаруашылық дақылдарын өсіре алмауы;
-шаруа қожалықтарының өсірген өнімін өткізетін,тұрақты қабылдау орталықтарының жоқтығы;
-біздің тұтыну кеңістігімізде отандық азық-түліктің санаулы ғана өнім түрлері өндірілуі;
-мипорттан келетін азық-түлік өнімдерін бәсекеде басым түсіп, тұтыну кеңістігінде қазақстандық тағамдары ығыстырып бара жатуы;
-шет елдік азық-түлік тағамдарымен айналысатын кәсіпкерлердің, біздің ішкі сұранысымызды шұғыл және белсенді түрде игеру т.б.
Тұтыну кеңістігіндегі шет елдік азық-түлік тағамдары біздің экономикамыздың салаларының дамуына тигізіп жатқан экологиялық зиян-зардабы баршылық екенін көреміз:
-азық-түлік тағамдарының 50-60 пайызы жасанды болып келуі;
-тағамдардың құрамында бояғыш заттардың шамадан тыс көп болуы;
-жылына 9 миллион декалитр арақ-шарап пен спасы өте нашар спирттің алыс және жақын мемлекеттерден тасылуы;
-еліміздің ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі салаларын дамытуға жұмсалатын қаржының басқа елдің экономикасында қалып қоюы;
-импорттан келетін азық-түлік өнімдерінің көбінесе отандық және халықаралық стандартқа сай келмеуі т.б.
Қазақстан екі қуатты мемлекеттің ортасына орналасқан. Бір жағы Қытай мемлекеті,халқы - 1 миллиардтан астам, екінші жағы Ресей мемлекеті, халқы -150 миллион. Көршілес Орталық Азия мемлекеттерінде Қызғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстанда 50 миллион халықпен көрші тұрады. Осындай геосаяси жағдайымыз, ауыл шаруашылық өнімдерін қазіргі нарықтық экономиканың талабына сай бәсекеге төтеп бере алатындай өңдеуімізді қажет етіп отыр. Сонда, өз еліміз ғана емес, жоғарыдағы келтірілген елдердің кең рыногы мен көп халқының сұранысын қанағаттандыру мүмкіншілігіне ие боламыз.
Нарықтық экономика еліміздің тамақ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар жұмысын дамыған елдердегідей дамыту керектігін ,күрделі құрылымдық енгізу мәселесін қойып отыр. Өйткені біздердегі үлкен комбинаттар, зауыттар көп энергия, газ, көлік басқару шығындарын қажетсінеді. Ет, сүт, шарап, қант, жеміс-жидек, көкөніс өңдейтін тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын дүниежүзілік танымал, қалдықсыз жұмыс жасайтын технология мен таза тезникамен жабдықталуы керек.
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмысы ауыл шаруашылығы өнімдеріне тікелей тәуелді.
Осы екі саланы нарықтық экономиканың талабына лайықты дамыту үшін мемлекет тарапынан қолдау және көп жылғы жеңілдетілген несиелер болу,шешуін кейінге қалдыруға болиайтын проблема. Бұны әлемнің дамыған елдерінің өздерінің ауыл шаруашылығын әр жыл сайынғы нақты қаржылай қолдауы куә.
Ауыл шаруашылығында өндірілетін өнім, оған кеткен шығынды толық ақтап, шаруа иссіне пайда әкелуі қажет. Бірақ та,көпшілік жағдайларда шаруа қожалықтары өзін-өзі ақтай алмауда. Әлемнің дамыған елдерінде: Австралия, АҚШ, Англия, Германия мемлекеттері фермерлерге, яғни азық-түлік өнімдерін өндірушілерге қаржылай, арнайы мақсатқа арналған жеңілдетілген көмектер береді. Бұндай көмектер жерді құнарландыруға, жанар жағар-майға, техника мен спалы тұқым сатып алуға, селекция жұмыстарына кеткен шығындарды өтеуге жұмсалады.
Америка Құрама Штаттарында үкімет:
ауыл шаруашылық өндірісі мен инфрақұрылым дамуын ынталандыруға;
фермерлердің табысын қорғауға;
селекция жұмыстарын жүргізу мен ғылым жетістіктерін ауыл шаруашылығына енгізуге;
жер ресурстарын қорғау мен құнарландыруға;
ел ішінде азық-түлік өнімдеріне сұранысты реттеуге;
мұқтаж адамдарға азық-түлікпен көмек көрсетуге;
экспортқа шығарылатын ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу рыногын қалыптастыруды ынталандыруға.
Сонымен қатар, үкімет ауыл шаруашылығына жанама механизмдер арқылы көмектеседі. Ауыл шаруашылық білімдері мен озық тәжірибелерді насихаттау және фермерлерді статистикалық мәліметтермен жабдықтау. Осының нәтижесінде фермерлер қай штатта қандай ауыл шаруашылық дақылдары егілген, олардың нақты көлемін біліп отырады. Бұл азық-түлік дақылдарын өсіруші, өңдеуші фермерлер үшін бағдарлама десе болады.
Жоғарыдағы келтірілген тікелей және жанама механизмдер арқылы АҚШ үкіметі көптеген жылдар бойы фермерлердің өнімін мемлекет тарапына реттеу тәжірибесін жүзеге асырып келеді. Бұндай саясат елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен болашақтағы оның деңгейінің төмен түспеуін қамтамасыз жасайды. Бұл елде ауыл шаруашылығын қолдау және азық-түлікпен қамтамасыз жасау жөнінде 50 бағдарлама бар көрінеді, соның ішінде: несие жеңілдігі мен фермерлердің табысын сақтандыру - 2; ауыл шаруашылық ресурстарын қорғау - 7; өнімнің жеке өзгеше түрін өндірушілер табысын қорғау - 16; өсірілген көкөніс пен дақылдарды сақтау - 1; тұрғындарға азық-түлікпен көмектесуге - 16; тұтынылатын азық-түлік тағамдарының сапасын бақылау - 3. Аталған барлық бағдарламалар іс жүзінде біртұтас, экономиканы мемлекеттік реттеудің кешенді шарасы болып есептелінеді. Елдің конгресі бағдарламаларды жүзеге асыруға 547 миллиард доллар қаржы жұмсаған. Жылына 55 миллиард доллар, бұл федералдық бюджеттің 4,5 пайызы, елдің ауыл шаруашылық өнімінің жылдық құнының 27 пайызы. Әр жыл сайын АҚШ конгресі 1 гектар егістікке 410 доллар бөліп отырған, нәтижесінде 12 миллион гектар жерді ауыл шаруашылық айналымынан шығып қалуынан қорғап қалған. Мемлекет қолдауының арқасында Американың ауыл шаруашылығы дүниежүзіндегі алдыңғы орындардың қатарында. Бұның дәлелі: Американың орташа бір тұрғыны өзінің 11 пайыз табысын азық-түлікке жұмсайды немесе Нермания, Франция тұрғыны жұмсаған шығыннан 105 есе аз, ал Италия, Жапония, Норвегия, Швейцария елдеріндегіден 2-2,5 есе аздау. Жылдан жылға АҚШ мемлекеті ауыл шаруашылығын қаржылай қолдауын арттыруда, бұл қоғамның тұрақтылығының кепілі. Нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімдерін бүкіл әлемдік рынокқа шығарып, олардың нарық бәсекеде өзінің сапалық деңгейінің жоғары болуы.
Көптеген елдерде соңғы жылдары өзінің ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан қаржылай көмектесуде Жапония 49,3 млрд.доллар, Канада 4,7 млрд.доллар, Швеция - 1,8 млрд., Франция - 3,1 млрд.доллар бөлген.
Күншығыс елі- Жапония елінде ауыл шаруашылығына мемлекет жарамды жерлер жеке шаруалар қарамағында. Бұл елдегі заң бойынша жер тек ауыл шаруашылық мақсатында пайдалануға сатылады. Жер иесі өз жерін сатқысы келсе, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіремін деген адамдарға ғана сата алады. Сондықтан, сатып алған ауыл шаруашылық жерлеріне инфрақұрылымдар,кәсіпорын тұрғызуға болмайды. Жергілікті әкімшілік тарапынан қатаң бақыланып отыратын көрінеді.
Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласындағы жүргізілген жекешелендіру, көптеген кеңшарларды, ұжымшаларды, шаруа қожалықтарын қаржы дағдарысына әкеп тіреп, өздерінің өсіріп жүрген дақылдарын өсіруге алмасуда.
Ауыл шаруашылық шикізаттарының көлемінің кемуі, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмысын жартылай немесе кейбір аймақтарда мүлдем тоқтатуға мәжбүр болуда. Бұрынғыдай жеміс, көкөністі қабылдап, өңдейтін тамақ кәсіпорындары да мүлдем аз. Нәтижесінде тамақ кәсіпорындары, шаруа қожалықтары өткізген азын-аулақ өнімнің өзін өңдей алмай, жұмсалған еңбек шығынын қайтару мүмкіншілігінен айырылып отыр.
Еліміздегі ауыл шаруашылық жерлері мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын жекешелендірудің экономикалық механизмдерін жетілдіре түсуімізді қажетсінеді:
-егістік дақылдар жерлері тек ауыл шаруашылық мақсатына пайдаланылатын болсын;
-тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарына өндіріс бағытын өзгерту немесе жабуға тиым салынсын.
Қазақстан мемлекеті мен үкіметі ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін шағын тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын қолдауды тезірек қолға алып, саналы түрде олардың жұмысын жандандыруымыз қажет. Сонда ғана шаруашылық қожалықтары өздерінің өсірген көкөністері мен жемістерін өткізе алу мүмкіндіктеріне ие болып, өсіруге кеткен шығынын өтей алмақ.
Біздің ел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық таза тамақ өнімі өндірісінің экологиялық-экономикалық тиімділігі (Оңтүстік Қазақстан облысы материалында)
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері
Экологиялық стандарттарды басқару бастамалары
Тағам өндірісінің ағынды суларының экологиялық қауіптілігі
Өндіріс қалдықтары және оларды жіктеу
Консервілеу әдістері. Жеңіл тағамдық консервілер
Тері өнімдерінің сапасын арттыру
«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау
Aуылшapуaшылық өндіpіcіндe биологиялық тaзa өнімдepді aлу тeхнологияcын жәнe қaлдықтapды aзaйту пpоблeмaлapын зepттeу
Пәндер