Жайық өзені туралы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Облыстың солтүстігінен оңтүстігіне қарай кесіп өтетін басты су көзі-Жайық өзені. Жайық өзені бастауын Орал тауының 600 м биіктегі оңтүстік-батыс сілемдерінің бірінен алады. Облыс аумағына Жайықтың төменгі сағасындағы 300 шақырымнан астам бөлігі ғана енеді. Өзеннің жалпы ұзындығы 2534 шақырым. Арнасының ені 305-500 метр аралығында ауытқып отырады. Өзен суының деңгейі негізінен облыстан тыс жердегі су жинау алабы беретін суға тікелей байланысты болып келеді. Жайық өзенінің 500 шақырымы ғана облыс территориясымен өтеді. Ол Каспий маңы ойпатын кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Негізгі арнасына Батыс Қазақстан облысының жерінде бірнеше салалары қосылады. Өзеннің орта бөлігінде көктемгі тасқын судың артығы қолдан қазылған Көшім каналы арқылы төрт су қоймасына құйылып, шабындық және жайылымдық жерлерді суаруға пайдаланылады. Көшім каналы осы облыс еңбеккерлерінің қажымас қайратының белгісі. Отызыншы жылдары елімізде техникалық құралдар жетпей жатқан кезде еңбекші бұқара бұл каналды қолмен қазған болатын.

Жайықтың бір жылғы орташа су шығыны секундына 320 текше м 3 . Соңғы жылдары құрғақшылық пен шаруашылық мақсатына алынатын су мөлшерінің артуы өзеннің орташа су көлемінің жылына 7-8 текше м 3 шақырымға дейін азайуына әкеліп соқтырады. Жайық өзенінің тағы бір ерекшелігі-оның төменгі ағысында салалары жоқ. Сондықтан су деңгейінің түсуі немесе көтерілуі жоғары жақтан келетін су мөлшеріне байланысты болады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Жайық өзенінің қазіргі экологиялық ахуалын, тіршілігіне адам ағзасына, кәсіпорындардың лас қалдықтармен ластануын және өзен суының сапасының төмендеуі көптеген проблемаға әкелуде.

Дипломдық жұмыстың мақсатты. Жайық өзенінің тіршілігін тұрақтандыру, балық қорларын сақтау және ластаушы көздерді ШРК-на сай талаптарды орындау.

Дипломдық жұмыстың міндетті. Жайық өзенің экологиялық ахуалын, жақсарту үшін кәсіпорындардың лас қалдықтардың тастау жолдары, құрамындағы ауыр металдар, балықтардың және бекіре балықтардың азайуы себебі қарастырылу.

1 Әдебиетттерге шолу

  1. Жайық өзеніне жалпы түсінік

Бұл өзен өзінің басын Орал тауының 600 м биіктігінен алады. Оның жалпы ұзындығы 2354 шақырым, оның 500 шақырымы ғана облыс территориясымен өтеді. Жайық өзені Каспий маңы ойпатын кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Негізгі арнасына Батыс Қазақстан облысының жерінде бірнеше салалары қосылады. Оның оң жақ салаларына-Ембулатовка, Быковка, Рубежка, Шаған және Деркөл, ал сол жақ салаларына- Елек, Шыңғырлау, Барбастау және Ащы өзендері жатады. Соңғысы басын Шалқар көлінен алады да, Жайық өзеніне су мол жылдары ғана қосылады.

Өзеннің орта бөлігінде көктемгі тасқын судың артығы қолдан қазылған Кешім каналы арқылы терт суқоймасына құйылып, шабындық және жайылымдық жерлерді суаруға пайдаланылады. Көшім каналы осы облыс еңбеккерлерінің қажымас қайратының белгісі. Отызыншы жылдары елімізде техникалық құралдар жетпей жатқан кезде еңбекші бұқара бұл каналды қолмен қазған болатын. Жайықтың бір жылғы орташа су шығыны секундына 320 текше метр. Соңғы жылдардағы құрғақшылық және шаруашылық мақсатына алынатын су мөлшерінің артуы өзеннің орташа су көлемінің жылына 7-8 текше шақырымға дейін азайуына әкеліп соқтырады [1] .

Жайық өзенінің тағы бір ерекшелігі, оның төменгі ағысында салалары жоқ. Сондықтан су деңгейінің түсуі немесе көтерілуі жоғарғы жақтан келетін су мөлшеріне байланысты болады. Жайық езенінің бастауында жер бетінің деңгейі 637 м биікте, ал Каспий теңізіне құяр жері - теңіз деңгейінен 27-28 метр төмен жатыр. Сондықтан Жайық езені арнасының құлау бұрышы әрбір шақырым сайын 30 см. төмендеп отырады. Ал көршілес жатқан Еділ өзенінің құлау бұрышының деңгейі Жайықтан 4 есе аз. Осы құлау деңгейінің салыстырмалы биіктері үлкен болғандықтан, күз кезінде су ағысының жылдамдығы сағатына 4-5 шақырым болса, ал көктемгі су тасыған шағында 10 шақырымға дейін жетеді. Жайықтың арнасы ғасырлар бойы көп өзгеріске ұшырап отырған. Бір кездегі көптеген ескі арналар мен салалар бүгінде Жайық өзенінен өгейсіп, бөлініп қалған. Оған дәлел - XVII ғасырда алғаш көшіп келіп өзеннің жағасына коныстанған қазақ селолары қазір жағалаудан мүлдем жырақ жатыр. Жайық өзені онша енді емес, бірақ көктемде тасыған кезде бірнеше шақырымға жайылып кетеді. Жайық өзенінің тасуы сәуір айының екінші жартысынан басталады да, мамыр айының орта кезінде су ең жоғарғы деңгейге жетеді. Өзеннің көктемдегі деңгейі әр жылдары бірдей емес. 1942 жылы Жайық өзенінің тасу мөлшерінің су шығыны 1933 жылмен салыстырғанда 20 есе көп болды. Бұл кезде су шығыны секундына 18400 текше метрге дейін жетті. Ал суының ең аз кезі ақпан айында су шығыны бар болғаны бір секундта 100 текше метр. Алайда өзеннің бір қалыпты орташа сабасының кезінде ені 150-200 метрден, терендігі қайраңда бір, негізгі арнасында үш метрден аспайды. Жайыққа қарашаның аяқ кезінен бастап мұз қатады да, наурыз айының соңы мен сәуір басында мұздар сөгіліп, өзен ағысы еркіндік алады. Мұздың қалыңдығы орташа 60-80 см-ге дейін жетеді. Мұз құрсану уақыты 130-120 тәулікке созылады. Өзеннің екі жағасы көбіне тік жарқабақ болып келеді. Өзен суы біршама лайлы. Жайыққа Көшім саласының қосылар жерінде судың лайлануы бір текше метрде 290 грамм. Осы жердегі қатты шайынды жыныстардың мөлшері жылына 1900 мың тоннаға тең. Өзен суының химиялык, құрамында карбонатты кальций тұздарының қоспасы басым болып келеді. Жайық езенінде су жол қатынасы ХХ-ғасырдың бірінші жартысында күшті дамып, оның аяғында мүлдем тоқталды деуге болады. Өйткені Жайық сонау тарихи заманнан бері балық кәсіпшілігі өркендеген, әсіресе «қызыл балықтың» негізгі мекені болып келеді.

1977 жылы Жайық өзені бассейнінің табиғи ресурстарын қорғау, тиімді пайдалану және оны молайту жөнінде Республика аралық қоғамдық тұрақты комитет құрылды. Оның құрамында Ресей Федерациясы, Орал және Ақтөбе облыстарының өкілдері енгізілді. Жыл сайын комитет мүшелері бас қосып, Жайық өзені мәселелерін талқылайды. Ал мәселелер аз емес. Елдің халық шаруашылығы комплексінде Жайық бассейні маңызды орын алады. Бұл аймақта 4 миллионнан астам адам тұрады. Еліміздің балқытылған металдың әр он тоннасының бірі, әр он текше метр газдың бірі осында өндіріледі. Жайық ерте кездерден бері бағалы қызыл балықтың өркендеген мекені болып табылады.

Жайық өзені-Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен. Өзен Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларынан бірге шекара болып есептеледі.

Екі мың шақырымға созылып жатқан Жайық өзені ұзындығы бойынша облыстары және Башқұртстан Республикасы мен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының аумағымен ағып өтеді.

Жайық бассейні

1-сурет. Жайық өзеніне шекаралас мемлекеттердің картасы

Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы, Челябі, Орынбор және Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінен ағып, Атырау қаласы орналасқан Каспий теңізінің бөлігіне құяды. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км², Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км. Орал тау жотасынан басталып, жоғарғы бөлігінде Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арнасында қайраңдар бар. Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөлігінде Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Ор салалары құяды. Су тасу кезінде орта ағысы тұсында арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге дейін жайылады. Өзен жоғарғы ағысында - қарашаның басында, орта, төменгі бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады.

Ural river.jpg

2-сурет. Жайық өзенінің жалпы көрінісі

Климаты қатты континенталды, жазда құрғақ, ыстық, ал қыста ылғал қармен сипатталатын салқындық. Жазы жауын-шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар аз жауып, суық болады. Атырау қаласы кеңдігі 47, -07 С., ұзақтығы 51-53 болатын жазы ұзақ, қысы қысқа күндермен сипатталады. Қаңтар айындағы орташа температура -8 0 С-ден бастап -12 0 С-ге дейін, ал шілде айындағы орташа температура +24 0 С-ден бастап +26 0 С-ге дейін. Ең төменгі температура -38 0 С, ең жоғары температура +45 0 С. Каспий теңізіне құйып, облыс орталығынан өтіп жатқан Орал өзенінің арқасында ол жердегі температура судан алыс жердегі аудандардың температурасымен салыстырғанда төмен болып келеді. Жауын-шашын болар-болмас деңгейде, жылына орташа 150 мм, 200 мм шамасында болады.

  1. Экологиялық жағдайы

Жайықтың жасыл желегі, орманды алқабы соңғы жылдары 8-10 есе азайып кетті. Егін тәуір шыққан жылдары 8-10 миллион тонна астық жиналады. Жыл сайын әр суы 1, 2 миллион гектарға дейін шалғынды шайып өтеді. Өзен ондаған мың гектар еістікті суарады, жүздеген мың гектар жайылымға су шығарылады. Дүние жүзінде ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 3/1 жуығы Жайықтан ауланады [2] .

Жайық-Каспий балық өнеркәсібі Қазақстан Республикасының ішкі су қорлары арасында жетекші орынға ие. Балық саласының дамуына бекіре тектес бағалы балық түрлерінің Жайық және Каспий теңізінде болуы уылдырық пен балықты дүниежүзілік рынокка шығара алады. «Атырау балық» Атырау қаласы ірі уылдырық өндірудің арқасында көптеген елдерде экспортталады. Каспий теңізінің жақын орналасуы өндіріс салаларының, яғни балық шаруашылығы, балық өндіріс өнеркәсібі, кеме шаруашылығы өндірістерінің дамуына жағдай жасайды. Облыстың бас экологы Роберт Сүйербаев кезекті есеп беру кездесуін өткізді. Бөрлі ауданында өткен жүздесуге Ақсай қаласының тұрғындары мен Бөрлі ауданының тұрғындары қатысты. Сонымен қатар, бұл алқалы жиынға үкіметтік емес ұйым жетекшілері, аудан басшылығы мен ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Тұрғындар сауалы денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік санипед қадағалау қызметіне де арналды. Жайық өзенінің экологиялық жағдайы, Қарашығанақ кенішінен бөлініп шығатын өндірістік қалдықтар, «Капустин Яр», «Азғыр» әскери полигондарының залалды әсері күн тәртібінен түсер емес. Бұл проблемалар Батыс Қазақстан облысы, соның ішінде Бөрлі ауданына да қатысты облыстың бас экологы экологиялық заңнаманың табиғатты пайдалану, ауада тіркелген зиянды заттар мөлшерініңде нақты есебін шығару, экологиялық процедураларды тіркеу бөлімінде көптеген кемшіліктер бар екенін атап өтті. Ал аудан басшылығы Қарашығанақ кенішін игеру барысында бөлінетін күкіртті сутек, көмірсутегі мен азот қоспалары қалдықтарынан тұрғындар денсаулығына айтарлықтай әсері жоқ екенін алға тартты. Кеніштен бөлінетін залалды қалдықтардың зияндылығы да бекітілген нормадан аспайды деген пікірлер айтылып, тұжырым жасалды.

Жайық өзенінің экологиялық ахуалы да экологтардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Биылғы жылы өзеннен 200 тоннаға жуық қауіпсіздігі жөнінен 1, 2-класқа жатқызылған лас қалдықтар шығарылады. Улы заттарды сақтауға арналған полигон құрылысына қатысты мәселелер де шешімін таппай отыр. Полигон құрылысына қажетті 250 млн теңгенің 60 млн өткен жылы, ал 80 млн ағымдағы жылы ғана бөлінді. Есеп беру кездесуінде денсаулық сақтау департаментінен келтірілген мәліметтерге сәйкес бөрліліктердің денсаулық жағдайы, елді-мекендердегі ауаның ахуалын бағалау нәтижелері республиканың өзге аймақтарынан ерекшеленбейді.

Жайық өзенінің балық байлығы тарихта көптеген адамдарды қызықтырған. Орал қаласының өлкетануі музейінде ұшы жыртқыш құстың тұмсығына ұқсас багор деп аталатын құралмен 1837 жылы 17-шілде орыс ақын Василий Андреевич Жуковский балық аулаған. 1752 жылы патша Жайық өзенін қазақтардың меншігіне берді. 1902 жылы Санкт- Петербургта өткізілген көрмеде тұмсығына ұқсас багор деп аталатын құралмен 1837 жылы 17-шілде орыс ақын Василий Андреевич Жуковский балық аулаған. 1752 жылы патша Жайық өзенін қазақтардың меншігіне берді. 1902 жылы Санкт- Петербургта өткізілген көрмеде аулау кәсібі бойынша Ресей дүниежүзінде алдыңғы орын алады. Осы себепті жануарлардың балық қоры азайды. Сондықтан 1803 жылы Жайық өзенінен балық ұстау тәртібі 1828 жылы заңсыз балық ауламауға 1835 жылы балықтардың уылдырық шашатын жерін қорғау үшін патша арнайы жарлық шығарды.

Өзеннің табиғат қалыптастырған арнасы ондағы жануарлар мен басқа да тірі ағзалардың тағдыры көпшілік жағдайда табиғат құбылыстарына тәуелді болғанымен тепе-теңдіктің бұзылу тарихы қоғамдық антропогендік құбылыстармен тікелей байланысты болады.

619349263.jpg

3-сурет. Жайық өзенінің лас қалдықтармен ластануы

Аулау кәсібі бойынша Ресей дүниежүзінде алдыңғы орын алады. Осы себепті жануарлардың балық қоры азайды. Сондықтан 1803 жылы Жайық өзенінен балық ұстау тәртібі 1828 жылы заңсыз балық ауламауға 1835 жылы балықтардың уылдырық шашатын жерін қорғау үшін патша арнайы жарлық шығарды.

Жайық өзенінің тазалығы, экологиялық ахуалы жергілікті атқарушы биліктің қатаң бақылауында. Соңғы уақытта облыста қолға алынған шаралардың бірі-қаладағы Жайықты жағалай салынған коттедждердің кәріз жүйесін ортақ желіге қосу жұмыстары аяқталып келеді. Оған қоса бұрын ара-тұра науқандық шара кезінде ғана болмаса, назардан тыс қалып келген Жайық жағалауының тазалығы талапқа сәйкестендірілді. Су рәсуа болмауы үшін жағалаулар бекітіліп, абаттандырылып, жарық пен бейнебақылаулар орнатылып, қазір бұл жерлер қала халқының демалып, серуендейтін тамаша орындарына айналды. Алайда, Жайықтың арнайы мәртебесінің болмауы оның экологиялық тағдырына әсер етіп, өсімдік және жануарлар дүниесіне зиян келтіріп отыр. Бұл алдымен, балық шаруашылығына қатысты Кезінде бекіре тұқымдас балықтардың әлемдік қорының 33 пайызы Жайықта шоғырланып, өндірілетін қара уылдырықтың 40 пайызы осынан шыққан екен. Бекіре тұқымдастардың уылдырық шашып, шабақтардың тіршілік ететін негізгі аймағы болған. Ол кездегі Атыраудың мақтанышы мұнайдан бұрын уылдырық болатын. Қазір бұның барлығы келмеске кетті. Бүгінде Жайық өзеніндегі әйгілі бекіре тұқымдастардың таралуы 30 есе кеміген. Өзенде балық та, уылдырық та тіршілік етпейді. Балдыр басқан лайлы су да аса бағалы емес, ұсақ балықтар ғана қалды. Олардың өздеріне де жойылып кету қаупі төніп тұр. Ғалымдардың пікірінше, бекірелердің Каспийден жоғары көтерілмеуіне браконьерлік әрекеттер ғана емес, су деңгейінің төмендеп, шамадан тыс ластануы да кесірін тигізіп отыр. Каспийдің бекіре балықтары тайыз суларда емін-еркін тарай алмай, жейтін жеміне, уылдырық шашатын қорларына жете алмауда. Бүгінде Жайық бойындағы 68 уылдырық шашатын және қыстайтын жердің 13-і ғана пайдаға жарамды. Осылардың салдарынан балық аулау көрсеткіштері еселеп кеміді. Бұрын он мың тонналап есептелетін балық енді ондаған тоннамен мөлшерленеді. Сонымен қатар, қара балық та қырғынға ұшырауда. Соңғы жылдарда қыс қатты болып, өзен қалың мұз құрсануда. Ауа келмеуіне байланысты мыңдаған балық қырылып, олардың өліктері көктемгі су көтерілген кезде жағаға шығып қалуы жиілеп кетті. Облыстық бюджеттен жыл сайын үкі жасап, балықтың тыныс алуына жағдай жасау үшін қомақты қаражат бөлінуде. Дегенмен, бұл жұмыстар жеткіліксіз, мәселеге қаражат республикалық деңгейде қаралуы керек. Бүгінде өзенге балықтың бұрынғыдай келуі саябырсыды. Қазір өзеннің түбі түрлі аулар мен қармақтардың қалдықтарына толы. Бұл-заңсыз балық аулаушылардан қалған мұра. Бұл суға түсем деген адамдарға да қауіп туғызады.

  1. Жайық-Каспий су бассейнінің ахуалы

Жайық-Каспий су бассейнінің ахуалы ол күн тәртібінен түспейді. Алайда, бұл бір облыстың көлеміндегі, тек әкімдіктің құзырындағы шаруа емес.

Жайық өзенін сақтап қалу мақсатында арнайы қор құру керек. Екі елге ортақ проблема екенін ескеріп, осы қорға жергілікті ірі кәсіпорындар мен бизнес құрылымдары үлес қоссын. Қазір бір-екі үкіметтік емес ұйым болмаса, экология проблемасын басқа ешкім көтеріп отырған жоқ. Билік органдары, ұйым, кәсіпорын, мекемелер, барлық су пайдаланушылар, қоғамдық ұйымдар бірігіп жұмыс істемейінше, суды үнемдеу мен сақтау жолын, дұрыс пайдалану мен басқару жолын таппайынша бұл проблема келешекте қайталана бермек және күрделене түспек. Облыс үшін ең басты су көзі саналатын Жайық өзені проблемасын шешу мақсатында бірінші кезектегі шараларды жүзеге асыруымыз керек:

- Ең бастысы, Жайық өзенін мемлекеттік ерекше маңызы бар объектілер тізіміне қосу, оған ерекше қорғалатын аймақ деген мәртебе беру керек. Сонда бұл мәселені жедел түрде шешуге мүмкіндік аламыз.

- Сондай-ақ, Үкіметке өзен астын тазарту және тереңдету жұмыстарына қаржы көлемін көбейту мәселесін шешуді ұсынып отырмыз.

- Ең басты, шешуші фактордың бірі-Жайық өзені бойында ғылыми зерттеулерге негізделген контрегулятор құрылысын салуды ойластыру қажет.

0_a0be_7a9303da_XL.jpg Облыстағы негізгі су қоры- Жайық өзені. Өзен негізінен қар және жер асты суымен қоректенеді. Көп жылдық деректер бойынша 19-20 қарашада Жайық қатады, орташа есеппен өзен бетін жылына 121 күн мұз құрсап жатады.

http://www.atr.kz/wp-content/uploads/2012/07/120728-05.jpg

4-сурет. Жайық өзенінің жағалауына орналасқан елді мекен жайы

Көктемде 7 наурыз бен 14 сәуір аралығында мұз еріп су беті ашылады. Жайықтың төменгі ағысында көкектің 2-жартысынан маусымға дейін су тасқыны болады. Өзен деңгейі бастауында 3-4 метр, орта және төменгі ағысында 9-10 метр, атырауында 3метрге жуық ауытқиды. Жайық өзенінің орташа көп жылдық ағын мөлшері Махамбет аулы тұсында (1985) 7, 92 текше км/жыл мөлшерінде, орташа су шығыны 51 мың текше метр секундына дейін. Адамдардың шаруашылық қажеттеріне байланысты өзен деңгейі жылдан-жылға төмендеп келеді: сондай факторлардың бірі-өзен суымен егістікті суару, шабындық пен жайылымды суландыру болып табылады.

Егістік суаруға Жайықтан жылына 0, 6 текше км, суландыруға 0, 2 текше км суы кетіп, арнаға қайтып оралмайды. 1972-1973 жылдары шаруашылықтың қажетіне 1, 8 текше км су жұмсалып өзен арнасына қайта құйылмаған. Жайық өзені суының кемуі жер асты су деңгейінің төмен түсуіне, сөйтіп гидрографиялық жүйенің жойылуына, өзен жайылмасының құрғауына және жағалаудағы ағаш пен бұталардың азаюына әкеліп соқтырады. Облыс аумағындағы кіші өзендерге дұрыс бақылау болмағандықтан өзен бойындағы кез келген шаруашылық жергілікті қажетке суды есепсіз шығындап, бөгет, тоғандар жасау арқылы көп жағдайда судың тартылып қалуына дейін жеткізеді.

Бұрындары жоғарыдан келетін көлемді судан өзен арнасынан тасып, егіс алқаптарын, елді мекендер мен мұнай шарушылығы ошақтарын басып кету жағдайы жиі болатын. Енді ластанып, лайланған өзен жайылмаларын өзгертіп, тіпті кей жерлерде су тартылып, арна кеуіп қалып жтыр. Жайылымдар соңғы жылдары жауынсыз жазды аса қиындықпен өткізуде. Нәтижесінде малға жем-шөп қоры күрт кеміп барады. Өзен бойын қуалай өскен жасыл белдеу-қалың тоғай қурап, жойылу алдында. Осы арада бассейннің өсімдік және жануарлар дүниесін сақтау мен қорғау мәселелерін де ұмыт қалдырмауымыз керек. Жоғарыда айтылған проблемалардың ушығуына өзен табанын тазалауға қажетті қаржының жоқтығы да себеп болып отыр. Жайық суын тазалауға көңіл бөлінбеу себебі-оның Үкімет қаулысымен бекітілген Қазақстанның «ерекше маңызды өзендер» қатарына кірмей қалуы. 2004 жылдың 21 қаңтарында № 59 Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің тізбесін және ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілеріндегі шаруашылық қызметті реттеу құқықтық режимінің ерекшеліктерін бекіту туралы» қаулысы жарық көрген. Ал, осы тізімге жағдайы Жайыққа қарағанда әлдеқайда тәуірлеу өзендер енгізілгенімен, бұл өзенге ондай атақ берілмеген [3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жайық өзенінің орналасуы
Географиялық жағдай
Жайық өзенінің экологиялық жағдайы
Жайық өзені
Жайық өзені: «табиғаты- халқы- шаруашылығы» мектеп жобасы
Жайық өзенінің экологиясы
Жайық өзені табиғатты-халқы-шаруашылығы
Жайық өзені атырауының ландшафтық құрылымы
Жергілікті мұнай және газ өнеркәсіптерінің Жайық өзенінің экологиялық жағдайына әсерін анықтау
Батыс Қазақстан облысы маңындағы Жайық өзенінің аңғарындағы халықтың қоныстануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz