Формациялық көзқарастар


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Формациялық көзқарастар

Орындаған:Сырбеков Б. О (УиА11к2)

Тексерген : Табеев Т. П

Алматы 2013

Формациялық көзқарастар

Қоғамдағы экономикалық қатынас - күрделі ұғым. Бір жағынан, олар адамдардың табиғатқа қатынасын, адамның табиғатпен өзара әрекетпен көрсетеді. Бұл қатынас табиғи ресурстарды рационалдық пайдалану бойынша.

Оларды техника-экономикалық қатынас ретінде белгілеуге болады. Басқа жағынан экономикалық қатынас - бұл қатынас өндірістің факторларына меншік ретінде анықталатын (өндірістік қатынас) адамдар арасындағы қатынас. Бұл әлеуметтік - экономикалық қатынас.

Техника-экономикалық және әлеуметтік экономикалық қатынас экономиканың екі жағынан бірлігін бейнелейді. Бұл бірлік ұйымдастыру - экономикалық қатынаспен бекітілген, яғни барлық экономика мен оның бөлек бөліктерімен ұйымдастыру және басқару жүйесі.

Экономикалық жүйе - бұл қоғамның белгіленген тұтастықты, қоғамның экономикалық құрылымын бейнелеуші өзара байланысты экономикалық элементтер жиынтығы; өндіріс туралы жинақталатын қатынас бірлігі, бөлу, айырбастау мен тұтыну, экономикалық игілік.

Экономикалық жүйеден тыс сипаттамасы экономикалық заңдылықты жүзеге асырушы экономикалық қатынас пен институтты ұдайы жарыққа шығара алмас еді, экономикалық құбылыстар мен процестердің теориялық мәнін түсіну үйлеспеуі мүмкін.

Қоғамның даму кезеңдерін әр түрлі көзқараста түсіндіруге болады. Экономика ғылы-мында экономикалық даму кезеңіне деген детерминистік көзқарас және индетерминистік көзқарастар бар. Қоғамның негізгі экономикалық жүйеден тұрады. Экономикалық жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады. Экономикалық жүйе-материалдық игіліктермен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы реттелген байланыс жүйесі экономикалық жүйе көпфакторлы болып табылады. Негізгілері:

1. Мемлекеттегі шаруашылық шешімді қабылдау жүйесі;

2. Меншік құрылымы;

3. Информациамен қамтамасыз ету механизмі;

4. Адамды еңбекке тарту механизмі.

Детерминистік көзқарастан басқа қоғамдық кезеңдерге бөлудің формациалық және цивилизациалық көзқарастары бар. Бұлар қоғамның кезеңдерге өту себептерін өзінше түсіндіреді.

Детерминизм-материя және рухани әлемдегі құбылыстардың өзара байланысы мен олардың арасындағы шартты заңдылықтарды объективті түсіндіретін философиялық ой. Детерминизмнің негізін себеп-салдар түсіндіреді. Мұнда қандайда бір құбылыс аңықталған жағдайда 2-ші бір құбылысты (сандарды) туғызады. Детерминизмге қарама-қайшы индетерминизм ұғымы өмір сүреді. Ол себеп-салдар ұғымын және олардың тұтастығын жоққа шығарады. Географиялық етерминизм - ол маркстік емес концепция қоғамдық өмірдегі құбылыстарды табиғи жағдаймен, мемлекеттің географиялық орналасуымен түсіндіріледі. Орта және оның әлемдері қоғамың дамуын аңықтап фактор деп есептейді. Марксизм-ленинизм географиалық детерминизмді жоққа шығарады, қоғамның кезеңдерге өту заңдылығын аңықтады. Формациялық көзқарас - маркістік ілімге тән. Онда 1-ші формация алғашқы қауымдық құлиеленушілік пен азиялық өндірісті біріктіреді 2-ші формация құлиеленушілік, крепостнойлық және капитализмді біріктіреді. Бұлар жеке меншікпен байланысты. 3-ші формация коммунистік, онда жеке меншік айында және гуманизм кезеңі келеді деп есептеді.

Экономикалық ғылым тарихы көрсеткендей экономикалық жүйе топтастырылуы түрлі белгілер (критерий) негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл көптік негізінде экономикалық жүйе қасиетінің объективті көптүрлілігі жатады. Бұл байланыста қазіргі қоғамды үйренуге экономикалық әдебиетте құралған екі тәсілге көңіл бөлу тұрарлық: бұлар формациялық және өркениетті.

Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады.

Экономикалық жүйе - бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.

Экономикалық жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін:

- елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі: шаралар жүйесі;

- меншік құрылымы;

- ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер;

- мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.

Бұл факторлар келесі 3 құрылымға топтастырылады:

Шаруашылық құрылымы - бұл шектеулі ресурстарды қолдануға байланысты материалды-техникалық база элементтерінің өзара әрекеті.

Әкімшілік (ұйымдық) құрылым - лауазымды тұлғалардың шектеулі шаруашылық ресурстарды іске жаратуға байланысты заңды түрде құжатталған құқықтары мен міндеттерінің жиыны.

Ақпараттық құрылым алғашқы екі құрылымның қызметі жайлы алынған мәліметтерді топтастырады және таратады.

Меншік формасына байланысты аталған құрылымдардың жиынтығы әр түрлі сипатқа ие болады: патриархалдық, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т. б. Бір елде бірнеше сипатты бір мезгілде қатар орын алуы мүмкін. Бұл жағдай экономикалық жүйенің өзінің қарама-қарсы және толқынды қозғалысына әкеледі. Осылайша, егер елде мемлекеттік сипат күшейе бастаса, ұлттандыру процесі жүруде деп білеміз. Керісінше, жеке шаруашылықтық сипат алғы кезекке шықса, орталықтандыру орталықсыздандырумен алмастырылады.

Қазіргі заманғы әлем әрқасысы ұзақ тарихи даму процесінің нәтижесінде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Оларды қандай да бір критерий негізінде топтастырып, жіктеуге болады. Қоғамның тарихи даму процесін әр экономист өзінше түсінетін болғандықтан, олардың таңдап алған критерийлері де біркелкі емес. Әр түрлі көзқарастар негізінде құрылған экономикалық жүйелерді классификациялаудың кейбіреулерін қарастыралық.

Формациялық көзқарас - Маркстік теорияға тән. Маркс үш мүшелік классификацияны қорытып шығарды.

Алғашқы (архаистік) құрылыс - алғашқы қауымдық және азиаттық өндіріс әдістерінен тұрады. Бұл топтағы көңіл аударатын азиаттық өндіріс әдісі. Оның негізі патриархалдық шаруашылық шегінде қала отырып, рыноктың көмегінсіз, өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін үй өнеркәсібі мен жерге ұжымдық меншікке негізделген «шығыстық қауым».

Экономикалық оқшауланған қауымдардың күш-куатын табиғатты ірі көлемде игеру мен қорғаныстың қажеттігі өз қолына әскери және экономикалық билікті біріктіріп ұстаған деспоттық мемлекеттердің туындауына әкелді, яғни олар жерге меншікті тартып алып, рента, қосымша өнімді және т. б. иемденді. Азиаттық өндіріс әдісі көптеген халықтарға болғанмен, ол ұзақ уақыт бойы тек Азия елдерінде сақталынып келді (XX ғ. басына дейін) . Оның ұзақ сүруінің себебі - суармалы жер шаруашылығымен айналысатын қауымның сақталуы.

Азиаттық өндіріс әдісінің мәселесі соңғы екі жүз жыл бойы пікірталасты тақырып болып қалуда.

Екінші ірі формацияны Маркс екінші реттік, яғни жеке меншікке (құлдық, басыбайлылық, капитализм) негізделген деп атады.

Үшіншісі - жеке меншікті жоюға негізделген, екі сатылы формация. Маркстің пікірі бойынша, коммунизм дәуірі «оңшыл гуманизм» дәуіріне дейін өсуі керек деп тұжырымдайды.

Өндірістік қатынас жүйесі өзімен бірге саяси, құқықтық, идеологиялық, ұлттық, отбасылық және басқа да қоғамдық қатынастар мен институттарды көрсететін базис қондырмасы ретінде қатысады.

Өндірісті бірліктегі тәсілі мен қондырмасымен өзара әрекеті қоғамдық-экономикалық формацияны құрайды. Адамзат дамуының тарихи жүрісі өзімен бірге қоғамдағы формацияның жүйелі ауысымын көрсетеді: алғашқы-қауым, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік.

Өндіріс әдісі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар жүйесінің жиынтығы ретінде әрекет етеді. Қатынастар сипаты өндіріс құралдарына меншіктің үстем формасы арқылы анықталады. Әр жүйенің материалдық өндірісінің даму деңгейі тұрақсыздығына көңіл бөлінеді. Бұлар ерте ме, кеш пе әйтеуір өндіріс тиімділігінің деңгейі анағұрлым жоғары болатын келесі жүйеге ауысуы тиіс.

Формациялық теорияның негізгі жағдайлары:

Табиғи-тарихи үрдіс қоғамдық-тарихи формациялардың бірізділікті ауысымы түрінде дамиды;

Материалдық өмірдің рухани өмірді ығыстыруы;

Өндірістік қатынастар қоғамның базисі болып табылады, құрылғы базиске қарағанда туынды сипатқа ие болады;

Класстар қоғамның негізгі бірлігі және тарих субъектісі болып, ал класстар арасындағы күрес - класстардың өзара әрекеттесуінің басты формасы болып табылады.

Формациялық теория негізгі іс жүзіндегі философиялық түсінудің үлкен салымы болып табылды. Соның көмегімен адамзат тарихы оқиғаның аралас жиынтығы ретінде емес, оның ішкі даму заңдарымен қисынды жүйесі түрінде алдымызда жатыр. Сонымен бірге бұл теория кемшіліктер ретінің күшіне қоғамдық дамудың жан-жақты теориясы ретінде танысуы мүмкін.

Бұл, өзінің дамуында барлық жақтар мен халықтардың міндетті түрде бес арқылы формациядан өтуі туралы бекітуге қатысты, сондай-ақ өндіріс құралдарының меншік иесі мен меншіктік емес қатынастың арасында антогонистикалық сипаттамаға шектен тыс акцентіне қатысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың тарихи типтері
Географиялық детерменизм
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері және даму сипаты жайлы
Экономикалық жүйе мәні, элементтері, даму сипаты. Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар туралы ақпарат
Экономикалық жүйелердің типтері
Қоғамның даму кезеңдерін анықтаудағы негізгі көзқарастар
ӘР ТҮРЛІ ХАЛЫҚТАРДА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Экономика жүйесін дамыту үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар туралы мәлімет
Тарихи уақытты талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz