Қасым хан Жәнібекұлы
Қасым хан (шамамен 1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521), Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың 70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ ханы Керейдің ұлы Бұрындық, қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран,Отырар, Сайрам түбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90 жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр басында Мауераннахрдыбағындырып, үлкен күшке ие болған Мұхаммед Шайбани хан 1506 – 10 жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. Бұрындық хан Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. 1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығы Ұлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды. Бұрындық болса Самарқан жаққа кетуге мәжбүр болады. 1511 – 13 жылдары Қасым хан Шайбанилар ісімен айналысады. 1512 – 13 жылы ерте көктемде Қараталдағы Қасым ханға Сайрам қаласының әкімі Қаттабектен адам келіп, Қасым хан билігін алуын сұрайды. Қасым хан Қаттабектің ұсынысын қабыл алып, ол жаққа бір әмірін жібереді де, өзі Тараз жаққа бағыт ұстайды. Қаттабектің ұсынысымен Қасым хан Ташкентке жорық жасайды. Бірақ жорық сәтсіз болып, Қасым хан Сайрам маңына қайта оралады. 1513 жылы жазында Шу бойындағы Қасым хан Ордасына Әндіжаннан моғол ханы Сұлтан Сайд хан елшілікпен келеді. Оның мақсаты – Ташкенттегі Сүйініш ханға, жалпы Мауераннахрдағы шайбанилар әулетіне қарсы бірігіп күрес ұйымдастыру еді. Қасым хан бұл ұсынысқа дипломат. жолмен жауап береді. Сұлтан Сайд хан мақсатына жетпесе де, Қасым ханның көрсеткен құрметіне өте риза боп қайтады. 1517 – 21 жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, шекараЕділге дейін жетеді. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болады. Денесі Сарайшықта жерленеді. Қасым хан тұсында қазақ әскерінің саны 200 мың, халқының саны 1 млн-ға жетеді. Шекара батыста – Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды.
Қасым хан Жәнібекұлы (1445 -- 1518) -- қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі -- Әз-Жәнібек ханныңортаншы баласы. Шешесі Жаған-бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі.[1]
Мазмұны
[жасыру]
* 1 Өмірбаяны
* 2 Орнауы
* 3 Әлихан Бөкейханов кезінде былай деп жазыпты:
* 4 Қасым ханның қасқа жолы
* 5 Қосымша
* 6 Иранда Қасым хан туралы қолжазба
* 7 Жерленуі
* 8 Тағы қараңыз
* 9 Дереккөздер
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
[өңдеу]Өмірбаяны
Қасым хан (шамамен 1445 - 1521 жылдары) - Қазақ хандығының ханы (1511 - 1521), Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың 70 - 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ ханы Керейдің ұлы Бұрындық, қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды белгілі сұлтан және атақты баһадүр деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран,Отырар, Сайрам түбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90 жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр басында Мауераннахрдыбағындырып, үлкен күшке ие болған Мұхаммед Шайбани хан 1506 - 10 жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. Бұрындық хан Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды және өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді делінеді. 1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығы Ұлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды. Бұрындық болса Самарқан жаққа кетуге мәжбүр болады. 1511 - 13 жылдары Қасым хан Шайбанилар ісімен айналысады. 1512 - 13 жылы ерте көктемде Қараталдағы Қасым ханға Сайрам қаласының әкімі Қаттабектен адам келіп, Қасым хан билігін алуын сұрайды. Қасым хан Қаттабектің ұсынысын қабыл алып, ол жаққа бір әмірін жібереді де, өзі Тараз жаққа бағыт ұстайды. Қаттабектің ұсынысымен Қасым хан Ташкентке жорық жасайды. Бірақ жорық сәтсіз болып, Қасым хан Сайрам маңына қайта оралады. 1513 жылы жазында Шу бойындағы Қасым хан Ордасына Әндіжаннан моғол ханы Сұлтан Сайд хан елшілікпен келеді. Оның мақсаты - Ташкенттегі Сүйініш ханға, жалпы Мауераннахрдағы шайбанилар әулетіне қарсы бірігіп күрес ұйымдастыру еді. Қасым хан бұл ұсынысқа дипломат. жолмен жауап береді. Сұлтан Сайд хан мақсатына жетпесе де, Қасым ханның көрсеткен құрметіне өте риза боп қайтады. 1517 - 21 жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, шекараЕділге дейін жетеді. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болады. Денесі Сарайшықта жерленеді. Қасым хан тұсында қазақ әскерінің саны 200 мың, халқының саны 1 млн-ға жетеді. Шекара батыста - Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды.

[өңдеу]Орнауы
Орналасқан жері
Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды.1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.

[өңдеу]Әлихан Бөкейханов кезінде былай деп жазыпты:
Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшіліксүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшіліксүйгіштігімен Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды.
Қасым хан өлгеннен кейін, өзара қырқысулардың өрши түсуіне байланысты, Қазақ хандығы біраз әлсіреді, ал моғолдар мен қазақтардың арақатынасы өзгерді.

[өңдеу]Қасым ханның қасқа жолы
Қасқа жол -- деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:
# Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;
# Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;
# Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;
# Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді.
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

[өңдеу]Қосымша
Бізге белгілі, Қaсым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы және Тәуке ханның жеті жарғыжеті жарғысы осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер Тәуке ханның Жеті жарғысы (Жеті жарлығы) аталып кеткен делінеді.
# Бірінші жарлығы: Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін.
# Екінші жарлығы: Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына (ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс.
# Үшінші жарлығы: Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек ат-тон айып тартады.
# Төртінші жарлығы: Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады.
# Бесінші жарлығы: Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) - қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек.
# Алтыншы жарлығы: Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң - ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін'.
# Жетінші жарлығы: Ұрыдан айыр түйеге - нар, атқа - аруана, тайлаққа - атан, тайға - ат, қойға - тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді.
Н.Өсерұлы Жеті жарғы Алматы Жеті жарғы 1995 жыл

[өңдеу]Иранда Қасым хан туралы қолжазба
Тегерандағы Қажы Хусейн Малек кітапханасынан табылған қолжазбалардың бірі Тарих-и Сафавие (Сефевидтер әулетінің тарихы) деп аталады. Бұл қолжазбаның авторы - Исмаил Хусейни Мараши Табризи. Ол өз ортасына Мир Мулайим Бек деген атпен танылған. Сондай-ақ оның Да`ва деген лақап аты да белгілі. Аталмыш қолжазба Сефевидтер әулетінің (XVI-XVIII ғасыр) та - рихы мен осы әулеттің көршілес елдермен арадағы қарым-қатынасы туралы сыр шертеді. Бұл қолжазба - 372 парақтан тұратын қомақты еңбек. Беттер саны түгел емес, басында және соңында беттері түсіп қалған. Жазуы наста`лиқ үлгісінде таңбаланған. Қолжазбаның алғашқы бөлімдерінде Сефевидтер әулетінің билікке келу тарихы мен билік құруы туралы әңгіме болады. Ал қолжазбаның соңғы бөлімінде осы әулеттің Орталық Азия хандарымен қарым-қатынасы, олардың бір-бірімен арадағы өзара дипломатиялық қатынасы әңгіме болады. Тарих-и Сафавие қолжазбасының авторы осы еңбекті жазу үшін бірнеше тарихи еңбекке (Раузат ас-сафа, Тарих-и алам арайи Аббаси, Хабиб ас-сийар) сүйенгендігін және сондай-ақ шығарманы жазу барысында ауызша жеткен деректер мен әңгімелерді пайдаланғандығын тілге тиек етеді. Тарих-и Сафавие қолжазбасының бірнеше жерінде Қасым ханның аты аталады. Шығарманың авторы Қасым ханды Дешті Қыпшақтыңханы кейде патшасы деп, бірнеше жерде атап көрсеткен. Аталмыш қолжазбадағы деректерге сүйенсек, Иран шахтары мен Орталық Азия хандарының арасындағы шиеленіске толы оқиғалар әңгіме болады.Қазақ хандығына қатысты дерек Қасым ханның атымен тығыз байланысты. Автор Дешті Қыпшақ ханы Қасым хан мен Шахи бектің арасындағы тартысты баяндайды. Шахи бек Бұқара ханы Абдолланың немере інісі болып табылады. Оқиға Иран шахы І Исмаилдің Дешті Қыпшақ ханы Қасым ханға хат жазуынан басталады. Ол Қасым ханға жолдаған хатында Шахи бектің өзінің атына арнайы теңге соқтырғанын хабарлап, оған қарсы әрекет қолданбаса, мәселенің бетін алу қиынға соғатынын ескертеді. Қасым хан Иран шахына жазған жауап хатында Шахи бектің атын өшіріп, оның орнына өзінің атын жаздыртып, теңге соқтыруға бұйрық бергендігін хабарлайды. Хаттардағы мәліметтерге қарап, Иран шахтарының Қасым ханмен қатты санасып, мәмілеге жүгініп отырғанын байқаймыз. Мұның барлығы Қасым ханның ресми хан көтерілгеніне дейін болған оқиғалар екендігін ескергеніміз абзал. Қасым ханның есімі таққа отырғанға дейін де танымал болғандығын және саяси сахнада беделі жоғары болғандығын осы қолжазбадағы деректер дәлелдеп береді. Осы уақытқа дейін бұл қолжазба туралы Ч.Стори Персидская литературакаталогында атап көр - сеткен, бірақ ол аталмыш қолжазба туралы атап қана өткен. Жалпы, Тарих-и Сафавие деген атпен сақталған қолжазбалар көп, бірақ солардың ішінде аталған нұсқа Орталық Азия елдерінің тарихын зерттеуде құнды дереккөз болып табылады.
Қазақ тарихына қатысты қолжазбалардың бірі Тегерандағы Қажы Хусейн Малек атындағы ұлттық кітапханадан табылды. Мұхаммад Тахир Вахид Қазвини жинақтаған Аббас шахтың көрші елдердің патшалары мен хандарына жазған дипломатиялық хаттарының көшірмелері - Муншаат жинағында Иран шахтары мен өзбек хандығы арасында жазысқан хаттардың қазақ тарихын зерттеуге қосар үлесі орасан мол. Себебі сол кездегі өзбек хандарының Иран патшаларымен арадағы дипломатиялық хат алмасуларында Хорасан, Самарқанд, Бұқара, Дешті Қыпшақ және Ташкент аймағында орын алған тарихи оқиғалар әңгіме болған. Дәлірек айтқанда, күш алып, қанатын кеңге жайып келе жатқан Қазақ хандығы туралы өзбек хандары Иран шахтарына жазған хаттарында баяндап отырған. Мысалы, Абдулмумин ханның Аббас шахқа жазған хатында Дешті Қыпшақты мекендеген қазақтардың саны күннен-күнге артып, күшейіп келе жатыр, осы жайды ескеру керек деп жазады.[2]

[өңдеу]Жерленуі
Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазбаларына қарағанда, Қасым хан 1518 жылы қайтыс болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің Раузат-ат Тарихирин атты еңбегінде Қасым ханның өлген уақыты1523 -- 24 жылдар деп көрсетеді.
Қадырғали Жалайыридың сөзі бойынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қаза болған. Тарихшы [[ЧулошниковА. П. Чулошников[[ Қасым ханның Сарайшықтағы мазарының 17 ғасыр басында кұламай аман тұрғанын жазады.[3]

[өңдеу]Тағы қараңыз
# Қазақ Ордасының жылнамасы
# Сарай-Жүк
# Қасым хан туралы жаңадан табылған дерек
# Қасым ханның "Қосқа жолы"

[өңдеу]Дереккөздер
1. ↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. - Алматы. "Алматыкітап баспасы", 2009ISBN 978-601-01-0268-2
2. ↑ Отырар. Энциклопедия. - Алматы. Арыс баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
3. ↑ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: Аруна Ltd. ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Әбу-л-фатһ Мухаммад, кейінгі ғасырларда Шайбани хан деген атпен белгілі (өмір сүрген жылдары -- шамамен 1451 -- 1510), өзбектердің ханы (1500-10 жылдары). Ол түрлі өзбек тайпаларының басын біріктіріп, олардың Мауараннахрда үстемдікке қол жеткізулеріне себепші болды. Ол Шыңғыс ханның немересіШайбаннан өрбіген ұрпағы болатын, сондықтан ол Темір әулетін билікті заңсыз тартып алған әулет деп қарастырды.
Өзінің атасы Әбілхайыр ханның саясатын жалғастыра отырып, 1500 жылы Темір әулетін биліктен тайдырып, өздерінің астанасы Самарқандан қуып шығып болған болатын. Ақсақ Темірдің ұрпағы, Моғол империясының негізін қалаушы Бабырға қарсы бірнеше рет жеңімпаз жорық ұйымдастырды. 1505 жылы олСамарқанды қайта басып алып, 1507 жылы Темір әулетінің оңтүстік астанасы Ғератты да қолға түсірді. Шайбани 1506 жылы Бұқарды да басып алып, Шайбани империясының негізін қалады. 1508-09 жылдары ол солтүстіктегі жерлерге көп рет басып кіріп, Қазақ хандығының жерлерін шапты. Алайда ол 1510 жылыҚасым хан бастаған қазақтардың қалың қолынан ойсырай жеңілді.
Парсыстанның Сафауи әулетінен шыққан шахы І-ші Ысмайыл Шайбанидің күшеюінен қауіптеніп, өзбектерге шабуыл жасады. 1510 жылғы Мары шайқасындаМұхаммед Шайбанидің әскері жеңіліп, оның өзі қашпақ болғанда қаза тапты. Ысмайыл Мұхаммедтің денесін бөлшектеп, түрлі жерлерге жөнелтіп жіберді де, оның бассүйегін алтынмен қаптатып, шарап ішетін ыдыс жасатып алды.
Шайбанидің қаза тапқан кезінде өзбектер бүкіл Мауараннахрды, яғни Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығын иемденіп отырған еді. Самарқандты Бабырдан тартып алғаннан кейін Шайбани Бабырдың қарындасы Ханзада Бегімге үйленді. Осы некеге келісім бергені үшін Бабурға Самарқандтан кетуге рұқсат берілді. Шайбанидің опат болғанынан кейін І-ші Ысмайыл Ханзада Бегімге және оның ұлына азаттық сыйлап, Бабурдың өтінішімен оларды оның қасына жіберді. Осы себеппен Шайбанидің тағын оның өз ұлы емес, аталас туыстары иемденді. Олардың ұрпақтары Бұқарды 1598 жылға дейін, ал Хорезмді (ол кейінірек Хиуа деп атала бастады) 1687 жылға дейін биледі.
Абай өзінің Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы атты еңбегінде: ... Жошының Сибан, яки Шибан деген баласының тұқымынан бір белгілі Шайбақ деген хан шығып, Әмір Темір тұқымынан Һират, Бұхар, Самарқан шәһарларын тартып алып жүргенде,... біздің қазақ біз өзбек жұртымен аталас едік және де Шыңғыс хан тірі күнінде бізді Жошыға тапсырып еді, сарт-садағам, өзбек-өз ағамдеп, Шайбаққа қарап кетіпті деген дерек келтіреді. ШАЙМЕРДЕНОВ Сафуан (1922 ж. т.) - жазушы, драматург. Қазақстанның халық жазушысы. Мінез, Мезгіл, Таныс көрші, Қарғаш, Өмір нұрыт. б. әңгіме, повесть жинақтары, Болашаққа жол, Инеш романдары оқырман қауымға жақсы таныс. Дөкей келе жатыр, Өкіл әке пьесалары театр сахналарында қойылып келеді. Жазушы Аударма принципі неде деген мақаласында (Қазақ әдебиеті, 1983, 15 көкек) Абай шығармаларын орыс тіліне аударудағы кемшіліктерді сөз етті. Ағалардың алақаны повестер, әңгімелер мен эсселер жинағы үшін Қазақстан Республикасының Абай атынд. Мемл. сыйл. берілген.[1]

[өңдеу]Сыртқы сілтемелер
# Бабурдың қолға түсуі және оның Самарқандтан айырылуы (1501)
# Бабурдың Ханзада Бегіммен қайта табысуы

[өңдеу]Пайдаланылған әдебиет
1. ↑ Отырар. Энциклопедия. - Алматы. Арыс баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
2. Қазақтың Қасым ханы туралы кезекті дерек парсы тіліндегі Алам арайи шах Исмаил (Исмаил шахтың арайлы тарихы) атты шығармадан табылып отыр. Аталмыш қолжазбаның бірнеше нұсқасы Тегеран қаласындағы қоғамдық және жеке кітапханалардың қолжазба қорларында сақтаулы тұр.
3. Қолжазба шындығы
4. Шығарманың авторы белгісіз. Қолжазбаның жа - зыл - ған уақыты - 561-бетте айтылғандай, хижраның 1086 жылы (1675-1676 ). Библиограф Ахмад Мун - за - видің каталогінде осы еңбектің екінші бөлімі Түр - кіс - тан хандарына арналған деген бір ауыз сөз бар. Сол жетекпен осы тарихи еңбекті оқи отырып, қа - зақ - тың Қасым ханы туралы таңғаларлық деректерді кез - де - с - тірдік.
5. Қасым ханға қатысты оқиға Иран шахының Осман тү - ріктерімен шайқаста қаза болғандығы туралы жалған ақпараттан кейін басталады. I Исмаил шах Ирак жерінде жарақат алады, бірақ тез жазылып, Хорасан жақтағы бітіспейтін жер дауын шешемін деп он екі шиға имамының атымен ант етеді. Иран шахы Егер Ша - хибекті (Бұхар ханы - Мұхаммад Шайбани хан) өл - тіргенім рас болса, осы жолы да Хорасанды өз - бек - тер - ден біржолата тазартамын деп шешеді. Шамамен 30 мыңнан астам (кейбір беттерде 40 мың) қол - мен Хорасанға қарай жылжиды. Сол кездегі Балх әмір - ші - сі Жәнібек сұлтан осы сыбыстан қорқып, қаланы тас - тап Бұхараға келеді. Сол кездегі Бұхараның әміршісі Убай - долла хан Самарқанға барайық, сонда бір ше - шімге келерміз деп ұсыныс жасайды.
6. Содан Са - мар - қанға келіп, Самар - қанның әміршісі Мұхаммад-Ти - мур сұлтан үшеуі ақылдасады. Ақылдаса келіп, жасы үлкен, орталарындағы ақсақалы Жәнібек сұл - тан - ды Дешті Қыпшақтың ханы - Қасым ханға кө - мек сұрауға жіберейік деген олар: Естуі - міз - ше, Шыңғысханның мұрагері Қасым хан өзінен жасы үлкендерге құрмет көр - се - теді екен, сондықтан Жәнібек сұлтан ханға ла - - йық - ты көптеген сыйлық алып, алды - на көмек сұ - рап бар - сын деген шешімге ке - леді. Жәнібек сұлтанның ке - ле жатқанын ес - тіген Қасым хан арнайы адам жіберіп кү - тіп алады.
7. Енді қолжазбада Қасым ханға қатысты жа - зылған мәліметтерге назар аударайық: Иіліп сәлем берген соң, Жәнібек сұл - тан - ның көзі бір сәт Қасымханға түседі. Қа - раса, патша өзінің тағында дию іспет - теніп отыр екен! Тағы таза саф алтыннан жа - сал - ған екен, тақтың төрт бұрышы арыстанның, жол - барыстың, қабыланның, аждаһаның бас - тарымен және құстардың суреттерімен өрнектеліпті. Басына 70 мың Ирақ тұманы тұратын әшекей тастармен көмкерілген шыңғысхандық үлгідегі баскиім киіпті. Жүзі айбатты, көзінің ағы қарасынан кө - бі - рек, ал сақалдары сирек екен. Бірнеше та - рам сақалы үш жерден, бірі оң жақ ұрты тұ - сынан оң жақ омырауына, бірі сол жақ - та - - ғы ұрты тұсынан сол жақ омырауына, бі - - рі тура ортадан кіндік тұсына түсіп тұр екен. Бұл Шыңғысханның белгісі еді, пат - шаның әрбір мұрагерінің егер он мың қолы болса, онда осылай үш жерден үш тарам сақал өсіреді және оны патша өзінің мұра - гері деп біледі. Халық та ол адамды өзінің қор - ғаушысы, патшасы, муршиді деп біле - ді, - деп суреттелген.
8. Бұл еңбекте жазылған деректерге қа - ра - ғанда, Қасым ханның 1200 әміршісі (ге - - - не - - ралдары) болған екен. Солардың ішін - де Байрам аталық ханның аты ықы - лас - пен аталады.
9. Хан баласы Әбілқайыр
10. Бір назар аударарлық жағдай - шығар - мада Қасым ханның Әбілхайыр деген ұлы ту - - ралы да айтылған. Тақта ханның үлкен ұлы Әбіл - қайыр хан тізе бүгіп, әдеп сақтап отыр - - ды. Басында - өзбек топысы, ал оның жие - гіне ал - тындатылған матадан сәлде орап, оны қым - бат бағалы таспен маңдай тұ - с - ына әкеп тү - йіп қойған. Оның бойы Ес - кен - дір мұна - ра - сын - дай биік, кеудесі ал - пам - са - дай, белі буыл - ған, екі иығына төрт адам мін - гендей төрт - пақ келген. Қатысқан жо - рық - тарында көп - теген жауының аяғын ас - пан - нан кел - тір - ген. Осынау отыз жасында кү - рес алаңында өл - тірген адамдарының са - ны мың екі жүзден асады және олардың әрқайсысы даланың жаға жыртарлары мен диюлары және алыптары болатын, - деп суреттейді шығарма ав - торы Қасым ханнның ұлы туралы.
11. Автор сондай-ақ ханға қарасты аймақты бы - лай деп бейнелейді: Ханның шы - ғыс - та - ғы, Түркістандағы басқа әміршілері, сол - түс - тік - те Еділ бойына дейін, шығыста Дешті Қып - шақ шетіндегі Ақжейран (онда Қытай елік - тері бар және олардан хош иісті иіссу да - йындалады) аймағы, оңтүстікте Ташкент да - ласы мен Баркент тауына дейін шамамен мыңға жуық қала мен қыстақтардың бар - лы - ғының әкімдері Қасым ханның тарапынан та - ғайындалады. Халқының жартысы - мұсылман, жартысы - кәпірлер. Ал ханның өзі - мұсылман, ханафи.
12. Автордың жазуынша, Жәнібек сұлтан бә - рін бақылап болған соң, бұйымтайын айтады. Қасым ханның намысын қамшылау мақсатында әңгімесін әсірелеп жеткізеді, яғни Иран шахының қолбасшысы қызылбас Наджм Сани: Ешкімді қалдырмай, қырып са - ламын деп жатыр деп бір тоқтайды. Қа - сым хан: Шахибек ақылсыз болса да, одан бас - қа ол орынға ие болар ешкім жоқ, бірақ ен - - ді уайымдамаңдар, ұлым Әбілқайыр хан - ға қол жинап беріп, сендермен бірге аттан - ды - - рамын, қызылбастар Әмудариядан өт - пей жа - тып-ақ шаңырақтары ортасына опы - ры - - лып түсетін болады, - дейді. Осыны ай - тып Қа - сым хан Байрам аталыққа қарап, Ба - - рың - дар, әрбір үйден атқамінер аза - мат - тар осында жиналсын деп бұйырыңдар дей - ді. Сол кезде Қасым хан жайлауда, киіз үйде Еділ өзенінің бойында отырған екен. Қа - сым хан уәлаяты (өлкесі) бір жылдық жол, ал Еділ өзені алты айлық жол болатын. Кей - бір жерлерінде өзендер ағып, құстар сай - - рап, бұлақтар ағып жататын. Қасым хан - - ның елі сонда мекендейтін. Аз күннің ішінде... Қасым хан олардың ішінен 160 мың адам - ды таңдап алып, бес қаруын асын - - ды - рып, ұлы Әбілқайыр хан мен Бай - рам ата - - лық - ты қосып, үлкен жорыққа ат - тан - дыр - ды, - деп жазылған аталмыш шығар - ма - да.
13. Алам арайи шах Исмаил шығар - ма - сын - дағы деректерге қарағанда, бұл жорық сәт - сіз аяқталған. Себебі Қасым ханның кө - мек - ке жіберген үлкен қарулы әскері жер жағ - дайын жетік білмеуіне байланысты Бай - рам аталықтан айырылып қалады, ал Әбіл - қа - йыр ханды жанындағы өзбектер жеке ша - буылға шықпауға, оның орнына қашуға үгіт - тейді. Қасым ханның ұлы қарсыласып, қар - сы шабуыл жасауды ұйымдастыруға күш салады, бірақ қорқыныштан берекесі қаш - қан өзбектермен бір мәмілеге келе ал - май, арпалысып жүргенде қоршауға түсіп, мерт болады...
14. Өзге хандықтарға қол ұшын берген
15. Осы оқиғадан кейін өзбектер Қожа Әбд ар-Рахим үш жүздей ақсақалдары мен ата - лық - - тарымен бірге, Иран шахымен бейбіт бі - - тім жасау үшін сыйлықтарын алып ат - та - на - ды. Иран шахы мен өзбек хандарының ари - зесін (өтініш хаттарын) оқып шығып, олар - дың ендігіде Әмудариядан аттап өт - пей - - мін деп уәде берулерін талап етеді. Бәрі де алдын ала келісілгендей уәде береді жә - - не жеңілген жақ жылда салық төлеп тұ - ра - тын болып келіседі.
16. Қолжазбада Қасым ханның Әбіл - қа - йыр хан деген ұлының аты аталып отыр. Бұл ту - ралы басқа деректерде ешқандай бір мә - лімет кездеспейді. Біздің пікірімізше, Қасым хан - - ның қанша ұлы болғандығы туралы нақ - - ты мәлімет жоқ. Бұл - сол кезде билік құр - - ған барлық ханға қатысты мәселе. Екін - ші - ден, Қасым ханның өзбек хандарына кө - мегі ре - тіндегі жорығы туралы мәлімет кез - де - седі. Қасым ханның қатерлі қарсылас екен - дігі туралы деректер мен аңыздардың таралу себебі де осыған байланысты болса ке - рек. Себебі бірде шауып, бірде сұс көрсе - тіп үре - йін қашырып отырған Қасым хан, қы - зыл - бас - тардың Орталық Азия ай - мағына енуінің қауіпті екендігін, оның алдын алып отыру ке - ректігін жақсы түсінген. Осы тұрғы - дан ал - ған - да, ылғи да Шайбани хандары мен сұл - тан - дарына әскер жіберіп көмектесіп отырған.
17. Бұл деректе Қасым хан жіберген әскер - дің саны туралы мәлімет тым көбейтіліп көр - - сетілген сан болуы әбден мүмкін. Себебі Алам арайи шах Исмаил шығармасының бел - - гісіз авторы мүмкін болғанша шиға - лық - ты ресми түрде жариялаған I Исмаил шахты дә - ріптеуге құлшынған. Сондықтан аз ғана қолмен қыруар әскерді жеңген етіп көрсету, яғ - ни шындықты бұрмалап көрсету тарихта жиі кездесетін жағдай екендігін атап көр - сет - кен жөн.
18. Қорыта келе, қазақтың ханы - Қасым хан туралы мәліметтер парсы тіліндегі жаңа дереккөзбен толықты деп сенімді түрде айта аламыз. Аталмыш дереккөзді зерттеу төл тарихымыздың белгісіз парақтарын ашуға жаңа мүмкіндіктер береді.
19. Ғалия ҚАМБАРБЕКОВА, PhD докторы, шығыстанушы
20. кі жылдан соң Мұхаммед Шайбани Түркістанға қайта оралып, Ноғай Ордасының әмірі Мұса мырзаның көмегіне сүйене отырып, Аркөк бекінісі мен Сығанақ қаласын басып алды. Бұл уақытша жеңіс еді. Бұрындық сұлтан мен Махмұд сұлтан бастаған қазақтың біріккен әскерлері Қаратаудағы Соғынлық асуы түбінде, Созақ пен Сығанақ аралығында, Мұхаммед Шайбанидың әскерлерін талқандады. Бұрындық сұлтан Сығанақ қаласын қайтарып алды. Бұл шайқаста күйрей жеңілген Мұхаммед Шайбани Маңқыстауға қашты. Сырдария жағасындағы қалалар қайтадан Қазақ хандығына өтті, бірақ аумалы-төкпелі жағдай сақталды.
Бұл күрес Керей ханның баласы Бұрындық хан болған кезде де (1480-1511) толастаған жоқ. XY ғасырдың сексенінші жылдарында Әмір Темір әулетінің өкілі Сұлтан Ахмет мырза мен Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд арасындағы соғыста Мұхаммед Шайбани Моғолстан ханына болысып, оның қолдауымен тағы да Аркөк, Сығанақ қалаларын басып алды. Бірақ қазақ ханы Бұрындық қырдан келіп Сығанақ қаласын қоршады. Қаланың тұрғындары қазақ әскерлеріне қала бекінісінің қақпасын ашып берді. Сонымен, бұл аймақ Бұрындықтың қолына өтті.
Бұдан соң қазақтар Мұхаммед Шайбанидың туысы Махмұд Сұлтан билеген Яссы (Түркістан) қаласын қоршауға алды. Қазақтардың біріккен әскери күшінен қорғанған Шайбани әскерлері Аркөк қаласына қырық күн бекінді. Алайда үш жыл бойы қазақтармен соғысқан Мұхаммед Шайбани, Бұрындық хан мен Қасым сұлтан бастаған қазақтардың қысымына төтеп бере алмай, 1486 жылы Түркістанды тастап, Хорезмге кетуге мәжбүр болды.
Қазақ хандығы, Шайбани әулеті, Әмір Темір әулеті және Моғолстан билеушілері арасындағы тайталаста Қазақ хандығы мен Мұхаммед Шайбани арасындағы жауласу және Әмір Темір әулеті мен Моғолстан билеушілері арасында арпалыс асқына түсті. Осы күрес барысында Моғолстан ханы Жүніс 1482 -- 1485-жылдары Ташкент пен Сайрам қалаларын басып алды.
Моғолстан билеушілері Мұхаммед Шайбаниды Әмір Темір әулетіне қарсы жұмсау үшін қолдады, ал Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан оларға қарсы Қазақ хандығымен одақтасты. XY ғасырдың аяғында Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд Отырар қаласын басып алды да, оны Мұхаммед Шайбаниға берді. Моғолстан ханының қолдауына және Отырар сынды маңызды стратегиялық орынға ие болған Мұхаммед Шайбани тағы да Сауран мен Яссы қаласын басып алды.
Қазақ ханы Бұрындық пен Қасым және Жәдік сұлтандар Мұхаммед Мәзит Тарханмен күш біріктіріп, Мұхаммед Шайбаниға қарсы Созақ қаласына шеру тартты. Созақтың тұрғындарының көбі Бұрындық ханға тілектес және онымен байланыста еді, сондықтан Созақ қазақтардың колына көшті. Ал Сауран қаласының халқы қазақтың біріккен қалың қолын көрісімен-ақ Мұхаммед Шайбанидің қаланы билеуге қалдырған туыстарын ұстап қамады да қазақтарды қалаға кіргізді. Бұрындық хан Сауранды қайтарып алған соң Мұхаммед Шайбанидың тұрағы Отырар қаласының қамалын қоршады. Алайда Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд Ташкенттен Мұхаммед Шайбаниды құтқаруға көмек жібергендіктен қазақтар Отырар қамалын қоршауды тоқтатты. Мұхаммед Шайбани хан қазақтармен бітім жасады.
XY ғасырдың ақырында Отырар, Яссы, Аркөк, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниға қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Түркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының иелігінде қалды. Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы Сұлтан Махмұд биледі.
Қазақ хандығы өзінің шаңырағы қөтерілген батыс Жетісудағы иеліктерін, Сырдария бойындағы отырықшы-егіншілік аудандар мен сауда, қолөнер және мәдениет орталығы болған Сығанақ, Созақ, Сауран қалаларын иемденіп, өз иеліктерін едәуір ұлғайтты және билігін нығайтты. Қазақ хандарының билігінің нығаюы Шайбани ханды Дешті-Қыпшақ тайпаларының біраз бөлегімен Мауереннахрға ығысуға мәжбүр етті. Мұхаммед Шайбани 1500 жылы ондағы Әмір Темір әулетін талқандап, Мауереннахрды жаулап алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады. Бұл кезеңде ішкі қырқыстардың күшейуі, толассыз соғыстардың халық шаруашылығына тигізген зардабы салдарынан ауыр дағдарысқа тап болып отырған Мауереннахр билеушілері (Әмір Темір әулеті) пәлендей қарулы қарсылық көрсете алмады. Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мауереннахрға келген көшпелі тайпалар да бірте-бірте жергілікті отырықшы халыққа сіңіп, олардың тілі мен мәдениетін қабылдап, өздерінің бұрынғы (Дешті-Қыпшақтағы) өзгешеліктерінен бірте-бірте айырылды. Бұл көшпелі тайпалар Дешті Қыпшақтан ала келген өзбек деген атау бірте-бірте Мауереннахрдың байырғы тұрғындарына сіңісіп кетті. Бірақ олар өзбек деген атау ғана болмаса, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіне ықпал жасай алмады.
XY ғасыр мен XYI ғасырдың арасында (1500 жылы) Мұхаммед Шайбани ханның Дешті Қыпшақтан ығысып барып қос өзен аралығын (Мауереннахрды) жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, әсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен Қазақ хандығының жерін кеңейтіп, беделін арттырып, елдігін нығайтты. Бұрынғы дәуірлерде бытыраңқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау YI-YII ғасырлардан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу үрдісін біржолата аяқтауға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығында қолданылған өзбек-қазақ деген жалпы атау бір-бірінен ажырады. Қазақ термині бірте-бірте Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды. Өзбек термині Мұхаммед Шайбаниға еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылды.
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында (1511-1521жж.) нығая түсті. Қасым 1445 жылдар шамасында туған. Қасымның 1513 жылы күзде Шу өзені жағасында Шағатай ұрпағы Саид ханмен жүздесуі болғанда, олардың замандасы Мырза Хайдар Дулатидың айтуы бойынша: Қасым ханның жасы алпыстан асып, жетпіске жақындаған еді. Бұрындық ханның тұсында Қасым әскери қолбасшы болды. Хандықта беделі жоғары болса да, үлкенге бағыну дәстүрін ұстанып, Бұрындық ханның айтқанынан шықпады. Шайбани ханның 1504 жылы көктемдегі Әндижанға жорығы тұсында Қасым хан маңғыттардың көмегімен бүкіл Қыпшақ даласына үстемдікті қолына алды. Сөйтіп оның Ташкент пен Түркістанға шабуыл жасауға мүмкіндігі болды.
Қасым хан феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, хандықтың әскери қуатын арттырды. Өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. Тарих-и- Рашиди, Шайбанинама және т.б. деректерге қарағанда XYI ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан қазіргі қазақ жерінің далалық аймағын түгел бағындырды. Бұл кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сыр жағалауы мен Түркістанның маңызды қалаларын, оңтүстік-шығыста Жетісудың көп бөлігін, солтүстік-батыста Жайық өзені жағалауын қамтыды. Қасым ханның Қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің іші мен сыртындағы беделін арттырды. Мұхаммед Хайдар Дулати: Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес деп жазды.
Бұл тұста Қазақ хандығы сол кезеңнің халықаралық қатынасына да кең тартылды. Қасым хан Ұлы князь Василий III (1505-1533) кезіндегі Мәскеу мемлекетімен дипломатиялық қатынаста болды. Осы кезеңде қазақ халқы туралы мәлімет батыс Европаға да белгілі болды. Мәскеуге бірнеше рет келген (1517, 1526 ) Австрия дипломаты Сегизмунд Герберштейн өзінің дипломатиялық жазбаларында Қазақ хандығы туралы баяндаған.
Қасым ханның билігінің соңғы кезеңінде Шайбанидтермен қарым-қатынасы өте күрделі болды. Деректер бойынша олардың арасындағы негізгі күрес Ташкент қаласы үшін болды. Қасым хан өзінің замандастары Рузбихан, Бабырдың еске түсірулері бойынша жылқы малының өте білгірі және әскери талантты қолбасшы ретінде суреттеледі. Хан билігі өте күшті болған және де халық саны осы кезде бір миллионға жеткен. Қасым дәстүрлі әдет-ғұрыптарды ұстанған хан болды. Осы дәстүрлі әдет-ғұрыптарды заңдар жинағы етіп, елді басқаруда кең қолданған. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді заң болды. Сондықтан да халық арасында бұл заңдар жинағы Қасым ханның атымен байланыстырылып: Қасым ханның қасқа жолы деп аталды. Бұл заңға кірген ережелер мынадай:
21. 1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері) ;
2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза);
3. Әскери заң ( қосын құру, аламан міндеті, ердің құны, тұлпар ат);
4. Елшілік жоралары (шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік);
5. Жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі ережелер);
Қасым хан кезінде Қазақ хандығы біраз күшейді. Алайда хандық бір орталыққа бағынған мемлекет деңгейіне көтеріле алмады. Қасым хан қайтыс болған соң Қазақ хандығындағы ішкі жағдай бірден айқындалды. Оның мұрагерлері арасында билікке таласқан дау басталды. Соның нәтижесінде ішкі тартыс, қайшылық пен қырқыстар күшейді. Қазақ хандығы осы ішкі феодалдық қырқыстар нәтижесінде ыдырап, бөлшектенді.
Қорыта айтқанда, Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихында төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
22. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-16 ғғ.)
23. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
24.
25. Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы -- Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
26. Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz