Xix ғасырдағы сауда сипатының өзгеруі
Егер XVIII ғасырда қазақтармен еркін сауда-саттық негізінен шекара шебіне таяу бекіністерде жүргізіліп келген болса, енді XIX ғасырда оның сипаты мүлде өзгерді. Олар "әкімшілік реформаларының жүргізілуімен, сондай-ақ қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау әрекеттерімен байланысты болды. Сауда орталықтары бірте-бірте Қазақстанның ішкі аудандарына қарай ойысты. Олар округ орталықтарына, қоныс аударушы шаруалардың елді мекендеріне және жаңа қалаларға қарай жақындай түсті.
Бұрын сауда-саттықтың басты орталықтары Орынбор, Троицгс, Петропавл, Преснегоръков, Омбы, Семей және Орал бекініс қамалдары болып келген еді. Ал XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап, округтық приказдар да сауда орталықтарына айнала бастады. Мәселен, Қазақстанның солтүстік-шығыс жағындағы Сібір әкімшілігіне қарайтын қазақтардың өздерінен ғана орыс көпестері жыл сайын 3 миллионға дейін қой, 150 мыңға дейін жылқы және 100 мыңға дейін мүйізді ірі қара сатып алатын.
Ресейдің қазақтармен сауда-саттығы негізінен татар көпестері мен приказчиктерінің көмегімен жүргізілді. Олар қазақ және орыс тілдерін жақсы білетін еді. Ресей көпестері қазақтардан мал және мал өнімдерін сатып алды. Ал дала тұрғындары ресейлік көпестерден шұға мен бөз маталар, тоқыма кенептер, өңделген былғары, темірден жасалған бұйымдар, шай, қант, темекі және ағаштан жасалған ыдыс-аяқ сияқты тауарлар сатып алатын. Сондай-ақ қазақтардың мал емдеуге қажетті дәрі-дәрмектерге деген сұранысы да күшті болды.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің қазақтармен саудасының басым көпшілігі тепе-тең баламасыз айырбас түрінде жүрді. Барлық нәрсенің бірдей баламалы эквиваленті қой (ісек) болды. Ресей көпестері түкке тұрмайтын арзан өнеркәсіп бұйымдарын бағалы мал өнімдері мен шикізаттарға айырбас жасап, шаш-етектен пайда тапты. Мәселен, Ірбіт жәрмеңкесінде 2 сом 70 тиыннан сатып алынған қазандар мұндағы қазаққа 50 сомға сатылды.
Көпестер Қазақстанға сапасыз бұйымдарын шығарды. Өсімқорлық операциялары да кеңінен етек алды. Онымен көпестер де, қазақтар да айналысты. Олар қазақтарға өз өнімдерін малмен төленетін етіп берді, оның пайыздық өсімін де мал басымен алып отырды.
1835 жылы Қазақстанға әкелінетін астық пен егіншілік құрал-саймандарына баж салығын төлеу алып тасталды. Бұл жағдай мен басқа да бірқатар шаралар Ресей көпестерінің Қазақстанмен сауда-саттық жасауды күшейтуге деген ынта-ықыласын арттыра түсті. XIX ғасырдың екінші жартысындағы неғұрлым ірі сауда орталықтары Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Қазалы және Жаркент қалалары болды. Сауда-саттық айырбас және ақшамен балама түрінде де жүргізілді.

XIX ғасырдағы сауда сипатының өзгеруі

Жүк бұрынғысынша арбамен және түйемен тасылды. Әр түйеге 16 пүт жүк артуға болатын еді. Қазақ даласындағы сауда-саттыққа деген ынта-жігерді қолдау үшін түйе басына ешқандай салық салынған жоқ.
Қазақ саудагерлерінің едәуір бөлігінің сауда айналымынан табатын табысы мардымды бола қоймады. Сондықтан да олар саудаға онша қызыға қойған жоқ. 1897 жылы, Ресейде өткізілген Жалпыға бірдей халық санағының деректері бойынша, Қазақстан аумағында сауда-саттықпен айналысатын адамдардың саны 40 мыңға жуық болса, соның ішінде қазақтардың саны небары 4,6 мың немесе 11 пайыздан сәл-ақ алатын еді.[1]
[өңдеу]Орта Азиямен жүргізілген керуен саудасы
XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан Ресейдің Орта Азиямен сауда-саттық жасауында аралық транзиттік маңыз алды. Орта Азия мен Қытайға баратын керуен жолдары Қазақстанның аумағын Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей арқылы басып өтті. Орта Азиямен жүргізілетін сауда керуенінде жыл сайын 5, 6 мың түйеге артылған жүк тасылды. Патша үкіметі Орта Азиядан мақта, жібек мата, елтірі және түрлі кілемдер алып тұрды.
Орта Азиямен сауда негізінен татарлар мен ортаазиялық көпестердің қолында болды. Егер бұрынғы кездері сауда-саттық тек қалаларда ғана жүргізіліп келген болса, енді ол қаладан тыс жерлерде де ұйымдастырыла беретін болды. Сауда айналымының көлемі әлдеқайда арта түсті. Бірте-бірте уездік қалалардың өздері де ірі-ірі сауда орталықтарына айналды.
Сауда өзінің даму барысында бірте-бірте ақшалай түрге ене бастады. Мемлекеттік қазына Орта Азия көпестерінен алынатын алым-салық есебінен едәуір байыды. Көпестердің саны да арта түсті.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі сауда-саттықтың ел аралайтын, тұрақты және жәрмеңкелік түрлері пайда болды.
[өңдеу]Ел аралап жүріп жасалатын сауда
Ел аралап жүріп айырбас сауда жасаумен орыс, татар және ортаазиялық көпестер айналысты, Олар көшпелі және жартылай көшпелі халыққа күнделікті қажетті тауарлар сатты. Оны малға немесе мал өнімдеріне айырбастады. Ондай көпестер қазақ даласынан үйір-үйір жылқы айдап қайтып жүрді, Жүн мен майды қажетінше сатып алды. Бұл өнімдер Троицк, Орынбор, Ор, Петропавлдың және Омбының зауыттары мен базарларындағы алыпсатар саудагерлерге үстеме бағамен өткізілетін. Ал алыпсатар саудагерлер өз кезегінде ол өнімдерді Ресей базарларында сататын, тіпті шетелдерге де асырып жіберетін. Бұдан екі арадағы делдалдар мол табыс табатын.[1]
[өңдеу]Жәрмеңкелік сауда
Жәрмеңкелік сауда мал өсірушілер мен отырықшы диқандардың екі арасында делдалдық сипат алды. Сауданың бұл түрі мал сатушы қазақтарға өте-мөте тиімді болды. Олар жәрмеңкеде өздерінің малдары мен мал өнімдерін көптеп айырбастай алды. Жәрмеңкелік сауданың кеңінен өріс алуына бірқатар себептер болды. Біріншіден, Қазақстанның негізгі халқы көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын кешті. Мұндай жағдайда олардың өз малдарын үлкен жәрмеңкелерде көптеп сатуы және егіншілікпен айналысатын отырықшы халықтан азық-түлік өнімдерін молынан сатып алуы өте қолайлы болды. Екіншіден, қазақтың кең-байтақ даласындағы жол жүйесі нашар дамыған еді.
Қазақстандағы неғұрлым атақты ірі жәрмеңкелер Қарқаралы уезіндегі Қоянды-Ботов, Ақмола уезіндегі Константинов-Еленов, Атбасар уезіндегі Петров, Орал облысындағы Ойыл және Темір, Верный уезіндегі Қарқара, Жаркенш, Сырдария облысындағы Әулыеата, Семей уезіндегі Шар, Павлодардағы Тайыншакөл жәрмеңкелері болды.
1900 жылы қазақ өлкесінде 104 жәрмеңке бар еді. Олардағы сауданың жылдық айналымы 32,7 миллион сомға дейін жетті.
Жәрмеңкелерге әкелінетін тауарлар үш топқа бөлінетін. Қазақтардың тауарлары мал және мал өнімдері, тері-терсек, жүн-жұрқа, киіз, текемет сияқты заттар болатын. Жәрмеңкелерге Ресейдің еуропалық бөлігінен киім-кешек, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, үн, шай, қант, білтелі шамдар, сабын, фарфордан және темірден жасалған тұрмыстық бұйымдар жеткізілетін. Ал Орта Азия саудагерлері ор түрлі шапан, кілемдер, жібек және мақта-мата кездемелерін, ертұрман әбзелдерін, сондай-ақ кептірілген жеміс-жидек өнімдерін сататын.
Жәрмеңкелік сауданың дамуы, сатылатын малдың құрамы да өзгеріске ұшырады. Орыс көпестері бұрын көбіне жылқыға құмар еді, енді мүйізді ірі қара-сиыр малына деген сұранысын күшейтті. Ресей қалаларының сиыр етіне деген қажеттігі арта түсті. Мұның өзі сиыр түлігін көптеп өсіруге алып келді. Сиыр малын өсіретін негізгі аймақтар Семей, Торғай, Ақмола және Орал облыстары болды.[1]
[өңдеу]Қоянды (Ботов) жәрмеңкесі
1848 жылы Қарқаралы қазақ стансасынан 52 шақырым Қоянды деген жерде айырбас сауда орталығы ашылды. Жәрмеңкенің негізін қалаушы ялуторлық көпес (Тобыл губерниясындағы Ялутор қаласының тұрғыны) В. Ботов болды. Жәрмеңке жыл сайын маусымның 15-інен шілденің 15-іне дейін өткізіліп тұрды. Алғашқыда оның аумағы 2 шаршы шақырым ғана еді. Кейіннен осындағы Талды даласы түгелдей қайнаған қызу сауда алаңына айналып кетті. Жәрмеңке ұзындығы 11 шақырым, ені 5 шақырым алқапты алып жатты.
1890 жылы мұнда 1 шіркеу, 199 сауда нүктесі, 42 тұрғын үй және 707 киіз үй болды. Жәрмеңкеде павлодарлық көпес Деровтың үлкен жеке дүкені ашылды. Қоянды пошта бекетінің ғимараты да, поштателеграф бөлімшесінің үйі де, мұсылмандардың намаз оқитын ғибадатханасы да осында орналасты. Жәрмеңкеге келушілер қымызханалардың қызметіне ерекше риза болды. Қазақтар жәрмеңкеге қымызды ағыл-тегіл, көл-көсір етіп жеткізіп тұрды. Қымыз үлкен ыдыста бес биенің сабасында сақталынды. Ресейдің қаржы министрлігі Қоянды жәрмеңкесінде Мемлекеттік банк бөлімшесінің ғимаратын салдырды.
Сауда қатарларының аяқ жағында шенеуніктер орыны деп аталатын квартал орналасты. Онда Мемлекеттік банк бөлімшесі, пошта-телеграф кеңсесі салынды. Қарқаралы уезі бастығына, бітістіруші судьяға, мал дәрігерлері мен адам дәрігерлеріне, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне арналған қонақ үйлер де осы жерде еді.
Жәрмеңкедегі сауданың жылдық айналымы 2 -- 3 миллион сом-ға дейін жететін.
Жәрмеңкеде қазақтардың болыстары бас қосып, жиын өткізіп тұратын. Сондай-ақ билердің төтенше болыстық съездері де осында өткізілетін. Алым-салық жинаушылар да осында бас қосатын. Қоянды жәрмеңкесі 1924 жылға дейін жыл сайын өткізіліп келді. Оның қазақ даласындағы сауданы дамытуда орасан зор маңызы болды.[1]
[өңдеу]Жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени саладағы атқарған қызметі
Жәрмеңкелерде сауда-саттық жасалып қана қойған жоқ. Олар алуан түрлі рулар мен халықтардың өкілдері бас қосып, пікір алысатын, байланыс жасап тұратын орнына да айналды.
Қазақ және орыс халықтары өкілдерінің өзара тамыр-таныстығы да осындай жәрмеңкелерден басталатын. Жәрмеңкелерде ірі-ірі спорттық шаралар, ат жарыстары, ұлттық ойын түрлері өткізіліп тұратын. Қазақтардың әр түрлі руларының, кейде тіпті барлық жүздерінің өкілдері күш сынасатын жарыстар да өткізілетін. Жәрмеңкеге жиналғандар түрлі спорт ойындары мен жарыстарды тамашалайтын. Ақындар айтысқа түсіп, бақ сынасатын.
Ірі-ірі жәрмеңкелерде қазақтың бүкіл әлемге танылған атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы өнер көрсетті. Жәрмеңкелерде қазақтың Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Муса, Майра Шамсутдинова, Әсет Найманбайұлы, Әміре Қашаубайұлы сияқты көптеген сал-серілері мен ақындары да жиі-жиі болып тұрған.
Саяси өмірдегі оқиғалар шиеленісіп қыза түскен кездері жәрмеңкелер өкімет билігінің жоғары органына жазбаша шағым түрінде петициялар жолдайтын орын да болып табылды. Мәселен, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен атақты Қарқаралы петициясы жазылды.
[өңдеу]Тұрақты сауда
X1X-XX ғасырлар шебінде жәрмеңкелердің маңызы төмендей бастады. Оның мынадай себептері болды. Біріншіден, қазақтар барлық жерде бірдей жаппай отырықшылыққа көше бастады. Екіншіден, уездік және облыстық орталықтар аймағында тұрақты сауда кеңінен етек алды. Сауданың бұл түрі қалаларда барынша дамыды. Қалалар фабрика-зауыттар шығаратын өнімдердің тұрақты қоймаларына айналды. Қаладан қажетті бұйымдарын қазақтар мен қоныс аударушы шаруа, қазақтар емін-еркін сатып алатын еді.
Қалаларда кең көлемді сауда жасайтын дүкендер мен дүңгіршіктер ашылды. Олардың жылдық сауда айналымының мөлшері де өсе түсті. Мәселен, ірі қалалардың бір жылдық сауда айналымы Петропавлда 4 миллион, Омбыда 3,5 миллион, Семейде 1,5 миллион, Қостанайда 0,9 миллион сомға дейін жетті. Қалаларда тұрақты жүргізілетін сауданың күшейе түсуі ел аралап жасалатын сауда мен жәрмеңкелердегі сауданың жағдайын әлдеқайда әлсіретіп жіберді. Қазақ өлкесінде тауарлы-ақша қатынастары дами түсті.[1]
[өңдеу]Шетелдермен сауда-саттық қатынастар
Ресей Қытаймен және Монғолиямен сауда-саттық жасауы үшін Қазақстанды транзиттік аумақ ретінде пайдаланды. Бұл саудада қазақ көпестері көбінесе делдалдық қызмет атқарды. Қазақтардың арасында, біріншіден, қытай және монғол тілдерін білетіндер аз болған жоқ. Екіншіден, қазақтар шекара шебіндегі жер жағдайларын жақсы білетін. Үшіншіден, қазақ саудагерлерінің иелігінде жүк көліктері көп болды. Сонымен 1860 жылы Ургада (Ұлан-Баторда) алғашқы орыс коммерциялық фирмасы ашылды. Сол фирманың құрамында Өскемен көпестері де жұмыс істеді. Ресей-Монғолия сауда-саттығы Зайсан, Өскемен және Семей арқылы жүзеге асырылды. 1881 жылы Қытаймен жасалған Петербург келісімшартының ережелеріне сәйкес патша үкіметі Монғолияның бүкіл аумағында баж салығын төлемей-ақ сауда-саттық жасау құқығына ие болған еді. Қобда және Улясутай қалаларында консулдық мекемелер ашылды. Міне, мұның бәрі де Монғолиямен сауда-саттықтың дамуына едәуір ықпал етті. Бірақ Монғолия Қытайға тәуелді ел болатын. Соның салдарынан ол өлкедегі сауда-саттық одан әрі дами алған жоқ.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытаймен негізгі сауда-саттық мәмілелері Кяхта қаласында жүргізілді. Бірақ Цинь империясы мен Ресейдің арасындағы кикілжінді сыртқы саяси қатынастардың тұрақсыздығы салдарынан екі арадағы сауда-саттық қайта-қайта үзіліп қала берді. XIX ғасырдың екінші жартысында бұл екі мемлекеттің арасындағы сауда қатынасында елеулі өзгерістер орын алды. Батыс Қытайдың тұрғындары көрші жатқан мемлекеттермен, соның ішінде Қазақстанмен де, керуен арқылы сауда-саттық жасауға көбірек мүдделілік танытты.
Қазақстанның Цинь империясымен іргелес жақын жатуы және өзара сауда қатынастарының тиімді болуы Ресей мен Қытайды тығыз байланыс орнатуға итермеледі. Қытай аумағындағы сауда Шұғышақ, Құлжа, Үрімші, Гучен қалаларында жүргізілді. Қытайлардың ондағы саудаға шығаратын негізгі заттары күміс, тері-терсек, шай, сондай-ақ Қытайдағы қазақтардың мал өнімдері еді. Қазақстанның Қытаймен сауда-саттық жүргізуінде Семей, Зайсан, Бұқтырма және Петропавл сияқты қалалар мен ірі елді мекендер маңызды рөл атқарды. Қатонқарағай, Қорғас және басқа да кеден бекеттері сауда нүктелері ретіндегі маңызын сақтап қалды. XIX ғасырдың 50-60-жылдарында Ресей-Қытай сауда қатынасы Жетісу бағытындағы жолдармен де дамыды. Ондағы негізгі сауда-саттық нүктелері Қапая және Верный қалалары болды.
60-жылдардың екінші жартысынан 80-жылдардың бас кезіне дейінгі аралықта сауда қатынастары едәуір бәсендеді. Цинь империясының ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды. 1881 жылы қол қойылған Петербург келісімшарты бойынша Іле өлкесінің аумағы Қытайға қайтарып берілді. Осы келісімшартта Ресейдің бүкіл Батыс Қытай аумағында баж салығын төлемей-ақ сауда жасауға құқықты екені алдын ала келісіліп қойылған болатын.
XIX ғасырдың аяқ кезінде қазақ көпестері сауда-саттық операцияларына барынша белсене қатысты. Олар үсті-үстіне сауда керуендерін жөнелтумен болды. Көпестердің арасында Жандыбайұлы, Жетікұлы, Шаянбайұлы, Мақыпұлы сияқты саудагерлер көпке танылып, сый-құрметке бөленді, зор бедел алды.
Осы кезеңде сауда қатынастары Жетісу жері арқылы дами бастады. Ертіс және Іле өзендерінде пароход қатынайтын болды. 1883 жылы көпес Уәли Ахун Юлдашев Іле өзені арқылы тікелей су жолын ашты. Қазақ көпестерінің ерекше зор сұранысы шай, ал өздерінің шығысқа қарай шығаратын тауары баяғысынша мал болды. Дегенмен XIX ғасырдың аяқ кезінде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастар бәсең тарта бастады.
[өңдеу]Қазақстандағы көлік қатынасының дамуы
Біз сөз етіп отырған кезеңде Қазақстанда кәдімгі далалық қара жолмен қатар су жолы, темір жол қатынастары да дами бастады. Ол кезде тас жолдар әлі салына қойған жоқ еді. Сауда және қатынас жолдары Қазақстанның қай түкпірін болса да айқыш-ұйқыш шарлап жатты. Ол жолдармен қатынас жасау XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап күшейе түскен еді. Уақыт өте келе олар Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасының күшеюіне ықпал етті. Мәселен, 1745 жылы Өскемен мен Омбы арасында қазыналық төте жол қатынасы салынды. Оның бес жерде бекеті болды. Пошта тасу, жәмшік қызметін атқару қазақтарға жүктелді. Дала төсіндегі бұл қызметті атқару қиын болатын. Кейіннен оған қоныс аударған шаруалар да қатыстырылды. Күре жолдардағы қатынас ат жегілген, кейіннен түйе жегілген көліктермен жүзеге асырылды. Ол көліктің түрлері тарантас, шыбықтан тоқылған қорап куйме, екі дөңгелекті ағаш арба және кәдімгі төрт дөңгелекті жүк арбасы' болатын. Қазақ даласындағы барлық елді Мекендер бір-бірімен күре жолдар арқылы байланысып жатты. Ол жолдармен жүк тасушылар негізінен қазақтар еді. Осы кәсіпті бүкіл отбасымен меңгеріп, маманданып алғандар да кездесті.
Ертісте су жолы қалыптасты. Алғашқыда ол әскери міндеттер атқару мақсаттарын көздеген еді, кейінірек Қазақстан шаруашылық тұрғысынан отарланып болған соң бейбіт сипат алды, сауда-саттықты дамытуға пайдаланылды. Бy қозғағышының күшімен жүзетін алғашқы кемелер Ертіспен XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап жүзе бастады. 1862 жылы Омбыдан Семейге алғашқы пароход сапарға шықты. ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде Семей мен Тобыл арасында осындай 40-қа жуық пароход қатынас жасады. Пароходтар Түмен қаласында жасалып, құрастырылды. Пароходпен тасылатын негізгі тауарлар тас көмір, астық, тұз, көкөніс және мал өнімдері болды. Өзенмен жүк тасу үшін кәдімгі салдар да пайдаланылды. Олар Ертістің бас жағынан Омбыға дейін жіберілді. Сал арқылы қауын-қарбыз, жарма өнімдері, балық, бал қарағай жаңғағы, тұз, әк, алебастр және охра (жер бояуы) тасымалданды. Ертістен басқа өзендерде, әсіресе Жайықта, иароходтардың жүзуіне балық қорын сақтау мақсатымен тыйым салынды. Ал бірқатар өзендер мен көлдердің тайыз болуы салдарынан оларда пароходтарды пайдалану кеңінен өріс ала алған жоқ.
Теңізде жүзу тек Каспийде ғана кең тарады. Онда Гурьев пен Астрахан арасында пароходтар қатынап тұрды.,
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы - Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк және несие жүйесінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz