Тоталитарлы саяси режим және авторитарлы саяси жүйе


Тоталитарлы саяси режим - ол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Руминияда т. б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Осындай белгілерге тоталитарлық режим кіреді:
- азаматтардың жаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын ресми идеология;
- билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық белгілері мен харизматикалық лидер жарияланған қоғам;
- террористік полицейлік бақылау жүйесі;
- барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал) партиялық бақылау;
- қарулы-әскери күшпен бақылау;
- экономикаға орталықтанған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі;
- қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы
- тұлғаның еркін ойлауы мен әрекеті болмайды;
- «Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады» - деген принцип әрекет етеді;
Тоталитаризмнің негізгі белгілерін белгілі батыстық политологтар К. Фридрих, З. Бзежинский, Х. Арендт өз уақытында анықтаған. Белгілі Американдық зерттеуші З. Бзежинский тоталитарлық режимге келесідей «диагноз» қойды: егер елде осы аталған белгідердің бесеуі кездессе онда осы режим демократиялық жаққа көшпейді.
Тоталитарлық - ол индустриализация, модернизация дағдарысы кезеңіндегі қоғамның «реакциясы» мұндай кезеңде қоғам үлкен қиыншылыққа келеді: дәстүрлік құрылымдар бұзылады, адамдарда сезімнен айырылу, жалғыздық пайда болады.
Үстемдік жүргізетін - идеологияға соның саяси іс-әрекетінің мазмұнына әсер ететітіне қарай. Тоталитаризмді негізінен коммунизмге, фашизмге және ұлтшылды-социализмге бөледі.
Жалпы түрінде 1918 жылы қалыптасқан тоталитаризмнің тарихи алғашқы түрі кеңес типіне жататын коммунизм болып табылады.
Коммунистік тоталитаризм басқаларына қарағанда, яғни басқа идеологияларға тәртіптің негізгі түрін көрсетеді, өйткені ол жеке меншікті, әрбір жеке автономияны және мемлекеттің абсолюттік билігін жояды.
Тоталитаризм екінші түрі ең бірінші 1922 жылы Италияда орнатылған. Бұнда тоталитаризм толық түрінде көрсетілмеген.
Италияда фашистік тоталитаризмнің шекарасы мемлекетке әсер етушілер тұрғысымен орнатылған. Сондықтан тәртіптің ыдырауы жақындағанда олар Муссолиниді өздері-ақ биліктен алып тастайды.
Тоталитаризмнің үшінші түрі - ұлтшылды (социализм - ол 1933 жылы шынай саяси қоғамдық түрінде Германияда пайда болған) . Оның фашизммен туыстастығы бірақ көбінесе кеңес коммунизмге ұқсайды. Мысалы, тоталитарлық партиялық ұйымшылдық түрі және «товарищ» деп айтқанында.
Тоталитаризм өзінің коммунистік түрінде көп өмір сүреді. Бөлек мемлекеттерде бүгінгі күнге дейін өмір сүреді. Кейбір авторлар тоталитаризмді нашар дамыған елдердің модернизациясының саяси түрі деп қарастырады.
Бірақ тоталитаризм - тарихи тәртіп. Тоталитаризм - жабық қоғам уақытында сапалы жаңаруына үйренбеген.
- сұрақ. Авторитаризм - саяси тәртіп, бұнда бір түрдің немесе топтың өз басшысымен билікке ұмтылысы. Авторитаризм қоғамдық құрылысы ауысып жатқан елдерде, тағы да ұзақ дағдарыста болып жатқан қоғамда пайда болады. Берілген шарттар, авторитарлық саяси режимнің орнату факторы болады.
Өз сипаттаумен ол тоталитаризммен демократияның арасында орналасады. Тоталитаризммен оның автократиялық заң мен шектелмейтін билік сипаттамасы демократиямен - автономия бар болуы, мемлекет пен басқарылмайтын қоғам салаларымен ұқсайды.
Мысалға XX ғасырда көп авторитарлық мемлекеттерде легитимация мақсатымен ұлттық идеология және формальды билік бақылайтын сайлау көп қолданған. Көптеген Азиядағы, Африкадағы және Латын Америкадағы болған авторитарлық режим өзін өмір сүруін ұлттық босатумен және туумен ақтайды.
Соңғы онжылдықта авторитарлық жүйелер жиі кейбір демократиялық институттармен пайдаланған - олар сайлау, плебисцит т. б. Мысалы, конкуренті емес немесе жарты конкуренті сайлаулар: авторитарлы немесе жарты авторитарлы режиммен Мексикада, Бразилияда, Оңтүстік Кореяда, Ресейде, Қазақстанда және басқа мемлекеттерде пайдаланған.
Жалпы зерттеушілер авторитаризмнің айыратын белгілерін береді, олар:
- күшті орталықтанған билік
- бір топтың немесе партияның билікке монополиясы
- элитаның қалыптасуы
- оппозицияға толық немесе толық емес тиым салуы
- билік өзгеруінің күштеу мінезі
- шектелген плюрализм
- билікті ұстап қалу үшін күш құрылымын кең қолдануы
- өкіметтік билік органдарының, салмаудың және оппозицияның бар болуы. Бірақ оларды жұмыс істеуі шектелген тек формальды түрінде ғана.
- халықты билікке жібермеуі
- қоғам мен жеке адамның үстінен тотальды бақылаудан бас тарту.
Қазіргі әлемде авторизмнің сақталып қалуына көп жағдайлар себеп болып келеді.
Мысалы:
- Азаматтық қоғамның дамымағандығы
- Экономиканың артта қалуы
- Дамушы қоғамдарда шиеленістің биік тәсілі
Қазіргі уақытта тоталитарлық саяси жүйенің ыдырауымен көптеген әлемнің коммунистік мемлекеттерінің ғылыми және саяси қызығушылығы авторитаризмге көбейді. 80-90 жылдары авторитарлық мемлекеттер, олар (Оңтүстік Корея, Чили, Китай, Въетнам және т. б. ) . Өзінің экономикалық және әлеуметтік күштілігін көрсетті және экономикалық гүлденудің саяси тұрақтылығымен күшті биліктің - бостандық экономикамен және қауіпсіздікпен дамыған әлеуметтік плюрализммен дамығандығын дәлелдейді. Сондықтан авторитаризмнің реформаторлық мүмкіншіліктері бар екен деп ғалымдардың пікірлерімен келісуге болады (В. П. Пугачев) . Бірақ демократияға көзделген авторитарлық тәртіп көпке шыдамайды. Бұнда қазіргі жағдайда тұрақты саяси жүйенің бір типі - ол демократия
Авторитаризм - (гр. ' autoritas' - билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолютті монархия, диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.
Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), сондай-ақ төңкерістер мен соғыстар авторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін. Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіп саяси партиялар мен идеологияға сүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады; қоғамға жаңа құндылықтар жүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді. [1]
Ал экономикалық (жекеменшік түрлерінің көптігі, еркін нарық, кәсіпкерліктің қолдау табуы және т. б. ), саяси (кәбіне партиялық одақ немесе қозғалысқа сүйенеді), әлеуметтік (бір-біріне жау таптарды, жіктерді жоюды көздемейді), идеологиялық (дәстүрліден басқа да құндылықтар жүйесінің шектеулі және жасырын өмір сүруіне жол береді) салаларда билігі едәуір шектеулі.
Дәстүрлер - авторитаризм билігінің негізгі шектеушісі. Дегенмен, оның тоталитаризммен ортақ белгілері де бар: мемлекеттік биліктің мирасқорлық жайы заңдастырылмайды; азаматтардың демократиялық құқықтары мен бостандықтары шектеледі; оппозициядағы партиялар мен қозғалыстардың біразына немесе барлығына тыйым салынады; мемлекеттік органдарға сайлану шектеледі және парламентті екінші дәрежелі, арзан қол органға айналдырады; басқарушы партия мемлекеттік органмен ұласып, тұтасып кетеді; жергілікті өзін-өзі басқару және билік органдарының өкілеттілігі шектеулі әрі іс-әрекеті ресми түрде болады; оппозициялық бағыттағы баспасөзге қатаң тыйым салынады; қарсыластарымен күресте лаңкестік әдісті пайдаланады. Басқаруда мемлекеттік билікті қатаң орталықтандырып, әміршіл әдісті қолданады. [2]
Барлық мемлекеттік билікті бір адамның немесе адамдар тобының қолына шоғырландыру арқылы, саяси бостандықтарды барынша жоғары немесе аз деңгейде шектеуді білдіретін саяси режим түрінің бірі. [3] [4]
[өңдеу] Авторитарлы саяси жүйе
Авторитарлы саяси жүйе -[лат. autoritas - билік, ықпал ету] - демократиялық және авторитарлық саяси жүйелер бір-біріне қарама-қайшы. Авторитарлы саяси жүйелерде басқарушы топтың билігін қалың бұқара заңды түрде мойындамайды; басқарушы топтың құрамына халық қатыспайды; саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда бұқараның үлесі жоқ; басқарушы топ өз билігін әлеуметтік топтар мен жіктердің тарапынан еш бақылаусыз жүзеге асырады. Мұның барлығы авторитарлы сипаттағы саяси жүйелердің саяси өміріне бұқараның қатысуы өте шектеулі екендігін дәлелдейді. Авторитарлы билік заңдылығының негізі - дәстүр немесе билеушінің харизмалық тұлғасы. Дегенмен, авторитарлы саяси жүйелерге біржақты теріс баға беруге болмайды. Адамзат тарихи даму жолының басым бөлігінде осындай саяси жүйелер аясында өмір сүрді. Авторитаризм индустриалды қоғамға дейінгі билікті ұйымдастыру түрі болды. Бірқатар Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде бүгінгі күнге дейін авторитарлық саяси жүйелер орныққан. Олар бүл тәртіптің орнығуын ұлт азаттығы мен қайта дәуірлеуі үшін қажет деп бүркемелейді. Мұнда авторитарлы басқарушылар халықтың мойындауына тек күшпен ғана емес, заңдастырудың харизмалық әдісін қолдану арқылы қол жеткізеді. Авторитарлы билік шын мәнінде қоғамдық тәртіп орнатуда, қоғамдық құрылымдарды қайта құруда, аса маңызды мәселелерді шешуге қажет ресурстар мен күшті жұмылдыруда тиімді. Алайда, қазіргі таңда авторитарлы саяси жүйелер өтпелі кезеңге тән құбылыс ретінде сипатталады. Одан әрі не демократизмге, не тоталитаризмге ұласады.
[5]
Ол айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел - билік пен билік құрудың қажетті құры- лымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы субъект өз беделінің сақгалуы мен өсуіне әрдайым қамқорлық жа- сап отырады. Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағыну- шының келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарай- тын және олардың тіршілік әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады.
Билік жеке бағынушылардың шамасы келмейтін ерекше құндылықтарды жоспарлап, жүзеге асыратындықтан беделді. Сондықтан бедел адамдардың ассоциативтік бірлестігінің бастапқы кезендерінен бастап адамдар қауымдастығының барлығында қызмет етті. Бедел биліктің әлеуметтік, мораль- дық-психологиялық негізі болып саналады. Авторитет, авторитаризм , авторитарлық - тек бір түбірлі сөздер ғана емес, олар мемлекеттік биліктің жүргізілуінің өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Авторитаризм, авторитарлық саяси режим - билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауым- дастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті автори- тарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағ- дайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер анық- талынған, саяси жинақылық төмен. Адамзаттың тарихи тәжірибесінде авторитарлық режимнің дамуының әр түрлі формалары көрініс тапқан. Бұл формалардың ерекшелігі қауымдастықтың дамуының әлеуметтік-мәдени деңгейімен анықталынады
Маргиналдық - өз тобынан тыс жалпыға ортақ қабылданған ережелер мен түсініктерден басқа бірегейлік нормаларын табу, өз тобына тән белгілерден айырылып дүбәрә күй кешу. Қараңыз: Мәдени маргиналдылық; Саяси маргиналдылық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz