Оқу тәжірибесінің қорытындысы туралы есеп беру



І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 Экономика мамандығы туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 Микроэкономика бойынша есеп және сұрақ ... ... ... ... ... ... ..7
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Оқу тәжірибесі кәсіби білімді дамытудың маңызды түрі, сонымен қатар, студенттердің өзіндік жұмысқа дайындығын тексерудің құралы болып табылады.
Оқу тәжірибесінің мақсаты – базалық және профильдік пәндер бойынша теориялық терең білім алу, тәжірибелік жұмыс бойынша білім алу, студенттердің алған мамандықтары бойынша кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру.
Тәжірибенің міндеттері:
- Базалық және профильдік пәндерді оқудан алынған теориялық білімдерді тәжірибеде қолдану;
- Өндіріс пен басқаруды жетілдіруге арналған іс-шараларды әзірлеу мен шарттастыру мақсатында өздігінен іздену, жинау әдетін қалыптастыру, ұйымдастырушылық- технологиялық ақпаратты өңдеу және жүйелендіру;
- Кәсіпорынның экономикасын басқарудағы теория мен тәжірибенің тығыз байланыста екенін студенттердің түсінуі;
- Алынған теориялық білімдерді дамыту;
- Техникалық-экономикалық ақпараттарды жинаудың тәжірибелік тәсілдерін қалыптастыру;
- Студентпен орындалатын курстық жұмысқа қажетті нақты мәліметтерді, ағымдағы ақпараттарды таңдап алу.
• Мамыров Н.К. Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика
• Есенғалиева, Қ.С.. Микроэкономика.- Алматы, 2007
• Молдахметова, А.Б.. Микроэкономика.- Астана, 2007
• Микроэкономика и поведение. Франк Р.Х. (2000, 696с.)
• Тарасевич, Л.С.. Микроэкономика.- М., 2011
• Мэнкью, Н.Грегори.. Принципы экономикс.- С-Пб., 1999
• Хайман Д.Н.Современная микроэкономика: анализ и применение. 1 том.
• http://etu.edu.kz/kz/inner/magistr/6d012000.html
• http://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/20133/
• http://www.mgimo.ru/library/dictionaries/

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Экономика кафедрасы

Оқу тәжірибесінің қорытындысы туралы
Есеп беру

Экономика мамандығы бойынша
2 курс студенті
Қуанышева Мадина Қуанышқызы

Кафедрадан практика жетекшісі
э.ғ.к., доцент Садыханова Г.А.

Алматы, 2015
Мазмұны
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 Экономика мамандығы туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...4
2 Микроэкономика бойынша есеп және сұрақ ... ... ... ... ... ... ..7
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

Кіріспе
Оқу тәжірибесі кәсіби білімді дамытудың маңызды түрі, сонымен қатар, студенттердің өзіндік жұмысқа дайындығын тексерудің құралы болып табылады.
Оқу тәжірибесінің мақсаты - базалық және профильдік пәндер бойынша теориялық терең білім алу, тәжірибелік жұмыс бойынша білім алу, студенттердің алған мамандықтары бойынша кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру.
Тәжірибенің міндеттері:
oo Базалық және профильдік пәндерді оқудан алынған теориялық білімдерді тәжірибеде қолдану;
oo Өндіріс пен басқаруды жетілдіруге арналған іс-шараларды әзірлеу мен шарттастыру мақсатында өздігінен іздену, жинау әдетін қалыптастыру, ұйымдастырушылық- технологиялық ақпаратты өңдеу және жүйелендіру;
oo Кәсіпорынның экономикасын басқарудағы теория мен тәжірибенің тығыз байланыста екенін студенттердің түсінуі;
oo Алынған теориялық білімдерді дамыту;
oo Техникалық-экономикалық ақпараттарды жинаудың тәжірибелік тәсілдерін қалыптастыру;
oo Студентпен орындалатын курстық жұмысқа қажетті нақты мәліметтерді, ағымдағы ақпараттарды таңдап алу.

Экономика мамандығы
Бұл маман түлегі нарықтық экономика, заң және үрдістер туралы теориялық терең білімі бар, қазіргі экономикалық анализ әдістерін, бизнес-жоспар құрылуын, басқаруда тиімді шешімдер қабылдауды, сонымен қатар күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жобаларды басқаруды, экономикалық үдерісті болжауды және оңтайландыруды жоғары дәрежеде меңгерген маман. Экономика және математикалық дайындықтың негіздерін білу, ана тілді, сонымен қатар орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеру, қазіргі жаңа бағыттарға тез үйрену маман иесіне еңбек нарығындағы жаңа өзгерістерге тез икемденуіне ықпал етеді. Жастардың экономикалық білімін арттыруы өз мамандығының кәсіпқой иесі болуын қамтамасыз етеді.
Маман иелерін дайындауда шешілетін мәселелер:
- Қазіргі нарық экономикасы туралы біліммен қамтамасыз ету, оның дамуының заңдылықтары мен үрдістерін түсіну;
- Экономикалық анализдің қазіргі әдістерін іс жүзінде қолдануға дағдыландыру;
- Бизнес-жоспар құру, басқаруда тиімді шешімдер қабылдау және күрделілігі әртүрлі жобаларды басқару;
- Экономикалық үдерістерді болжау және оңтайландыру.
Мамандық қызметінің бағыты:
- Экономикалық, стратегиялық, инвестициялық, ғылыми зерттеулердегі құрылымдар, ірі компаниялар мен мекемелер, министрлік және мемлекеттік басқару органдары.
- Экономика компаниялар мен корпорацияларды қаржылық шаруаларымен айналысуға;
- Қорларды жоспарлауға;
- Анализ жасап тұжырымдауға;
- Жобаларға инвестиция жасауға;
- Компанияның экономикалық дамуы туралы мәселелермен айналысуға;
- Есептер жүргізуге;
- Компанияның, облыстың және мемлекеттің экономикалық саясатын құруға;
- Компанияның жоғары экономикалық қызметтеріне араласуға;
- Қазақстандық және әлемдік нарықтағы өзгерістерге болжау жасауға мүмкіндік береді.
Экономика бакалаврының кәсіби қызметі:
Кез келген меншіктегі кәсіпорындарда (фирмаларда), білім беру, зерттеу ұйымдарында және басқа ұйымдарда, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының аясында жүзеге асырылатын функциялаушы нарықтар, қаржы және ақпараттық ағымдар, өндірістік және зерттеу процестері сияқты экономика салаларында талдау, ұйымдастыру (әкімшіліктік) және білім беру (оқыту).
Экономист:
кәсіпорын қызметін жоспарлайды және жетілдіреді;
еңбекке ақы төлеу және жұмыскерді көтермелеулердің барлық санаттарына қатысады, ұйымның қажеттілігі үшін кадрларды есептейді;
шығындарды есептейді, ресурстардың қолданылуын, кәсіпорынның кіріс және шығысын жоспарлайды;
қаржы шаруашылық қызметінің жүргізілуін қадағалайды.
Экономист мамандығы еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Бұл мамандық әмбебап болғандықтан экономиканың қай саласы болмасын жұмыс табуға болады. Арнаулы экономикалық білімді игере отырып, шығын болмайтын және өзіннің жеке кәсібіңді ашуға тәуекел етуге болады.
Экономист барлық салаға қажетті мамандық:
экономикалық мәселелермен айналысатын мемлекеттік мекемелерге (Қаржы Министрлігі, Ұлттық банк);
өндірістік кәсіпорындарда, ауылшаруашылық салаларында;
білім беру мекемесінде (оқытуышылық қызмет);
қонақ үй және мейрамхана бизнесінде;
шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарында;
қаржылық мекемелерде (банк, салық инспекциясы, зейнетақы қоры, сақтандару агенттері);
ғылыми зерттеу институттарына, білім академиясына.
Экономист мамандығының басқа мамандықтардан артықшылығы: экономистер барлық жерде сұранысқа ие, кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлауда, қаржылық ағымдарды, кіріс пен шығысты есептеуде, ұйым жұмысын талдау және оның болашағын және тиімділігін анықтау барысында қажет.
Магистранттардың кәсіби қызметінің обьектісі болып:
республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда; экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және ұйымдардың аналитикалық қызметтерінде және қызмет көрсету түрлеріне, меншік түрлеріне, қатысушы категориясына (ҚР резиденті және резиденті емес) байланысты емес кәсіпорындарда және ұйымдастырушылық-құқықтық түрлерінде; сыртқы экономикалық қызметте; ғылыми-зерттеу институттарында.
Экономика мамандығы бойынша магистранттар төмендегі қызмет түрлерін орындай алады:
1) бейіндік бағыт бойынша:
бас экономист;
бас экономист-аналитик;
халықаралық қатынастар бойынша бас экономист;
мемлекеттік басқару құрылымындарының әр түрлі бөлімдерінің жетекшілері;
меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорын жетекшісі.
2) ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша:
бас экономист;
бас экономист - сарапшы;
халықаралық қатынастар бойынша бас экономист;
мемлекеттік басқару құрылымдарының әр түрлі бөлімдерінің жетекшілері;
меншіктің әр түрлі нысанындағы кәсіпорын жетекшісі.
ғылыми-зерттеу институттарындағы ғылыми қызметкер;
ЖОО-да оқытушы.
Экономика мамандығын бітіруші түлектер бойынша мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
өндірістік басқарушылық;
ғылыми зерттеу;
педагогикалық;
технологиялық - ұйымдастырушы;
аудитор;
әкімшіліктендіру;
жобалық.
Бастапқыда экономист болып шағын ұйымдарда еңбек қызметін бастау керек. Мұнда ол экономикадағы және ұйымдағы шынайы жағдаймен тез танысады. Бірінші күннен бастап ол мәселенің барлық кешенін шешуге араласа алады, бір бағытта жұмыс істемейді.
Мансаптың өсуі бас экономисттің лауазымының табыстылығына және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біліктілігі және лауазымы бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстарды қайталау
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кәсіпорынның ұйымның қаржы қызметтері жұмыстарымен танысу
Портфолио және оны даярлау жолдары
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе міндеттері
Өндірістік тәжірибенің өту орны
ҮЙРЕНУШІЛЕРДІҢ РЕФЛЕКСИЯСЫН ДАМЫТАТЫН ЖАЗУ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Пәндер