Ақпараттық технология. Оның ұғымы, мақсаты, принциптері, түрлері


1. Ақпараттық технология. Оның ұғымы, мақсаты, принциптері, түрлері (бейнелік (визуалды), дыбыстық (аудиалды), тактильді, иіс сезгіштік, дәмдік, мәтіндік, сандық, графикалық, видеоақпарат, көпшілік, арнайы, жеке), мәселелері, қасиеттері (құндылығы, объективтілігі (әділдігі), растығы, дәлдігі, толықтығы, уақытылылығы, өзектілігі, сәйкестілігі, кумулятивтілігі, тозуы, түсініксіздігі, қоғамдық табиғат, тілдік табиғат, дискреттілігі, шашырауы)

Ақпарат сөзінің пайда болу тарихы

Ақпарат (латын тілінде informatio - хабардар, түсінікті, мазмұндау) ұғымы контекстке байланысты кең мағынада абстрактілі, ал шағын мағынада қарастырсақ олардың берілу формаларынан тәуелсіз мәліметтер болып келеді. Қазіргі уақытта белгілі бер анықтама қабылданбаған, білімнің әр түрлі салаларының ерекшеліктеріне байланысты сипатталады. Мәлімет - сигналдар, хабарлар, деректер, ескертулер және т. б. түрінде өрнектелген білім.

«Informatio» сөзінің өзі «in-» префиксінен (сөз алдымда қосымшадан) және «forma» («пішін») зат есімімен байланысты «form» («пішінін беремін, құрамын) »етістігінен тұрады.

Ағылшын тілінде «information» (жазылуында «informacioun») алғашқы рет 1837 ж. пайда болды. Қазіргі жазылуы XVI ғ. басталды. Шығыс славян тілінде «ақпарат» ұғымы Польшадан XVII ғ. келді.

ХХғ. Ортасынан бастап «ақпарат» ұғымы жалпы ғылыми ұғым болып қабылданды.

Клод Шеннон (Claude Shannon) өзінің «Байланыстың математикалық теориясы» (A Mathematical Theory of Communication) еңбегінде алғашқы рет екілік кодты ақпаратты жөнелту үшін қолдану мүмкіндігіне негізделуіне байланысты ақпарат теориясын құрушы және цифрлық байланыстың негізін қабылдаушы ретінде танымал, белгілі болды.

Компьютердің (ЭЕМ) пайда болуымен алдымен сандық ақпаратты өңдеуге арналған құралдар пайда болды. Әйтсе де, әсіресе дербес компьютерлердің (ДК) кеңінен таралуымен байланысты компьютерлер мәтіндік, сандық, бейнелеу, дыбыстық және видеоақпараттарды сақтау, өңдеу, жөнелту мен іздеу үшін пайдалана бастады.

Ақпарат ұғымы

Ақпарат - сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлім туралы түсінілген мәліметтер.

Ақпарат - материалдық тасушыда бекітілген, уақыт бойынша және кеңістікте сақталған және таратылған мәліметтер жиынтығы.

Ақпарат - пайдаланушы қабылдаған, түсінікті және пайдалы деп бағалаған жаңа мәліметтер.

Ақпарат - қоршаған орта туралы және адам немесе арнайы құрылғы осы ортадағы болатын үрдістерді қабылдайтын мәліметтер.

Ақпарат қасиеттері

Кез келген нысан сияқты ақпараттың да өзіндік қасиеттері бар. Табиғат пен қоғам нысандарының қасиеттерінен ерекше ол дуализм болып табылады, яғни ақпарат қасиеттеріне олардың маңызды бөліктерін құрайтын бастапқы берілгендердің қасиеттері сияқты осы ақпаратты бекітетін әдістердің де қасиеттері әсер етеді.

Практикалық тұрғыдан қарастырғанда ортақ маңызды қасиеттері ретінде құндылық (пайдалылық), растық (ақиқаттық), объективтілік (әділдік), толықтық, дәлдік, уақыттылылық, өзектілік және т. б. қасиеттерін қарастыруға болады.

Ақпараттың құндылығы - ақпаратты алушының алдына қойған мақсатына жету мақсатындағы мүмкіндікпен қамтамасыз етумен анықталады. Бұл жерде әділетсіз ақпарат та, күмәнді ақпарат та адам үшін өте маңызды. Әлеумет (қоғам) ақпаратының қосымша қасиеттері бар:

  • семантикалық (мағыналы) сипатта, яғни түсінік салалардың, үрдістердің және қоршаған ортаның маңызды белгілерін қамтитындықтан түсінікті болады;
  • тілдік табиғаты (бейнелеу өнері сияқты эстетикалық ақпараттың кейбір түрлерінен өзге) болады. Бір мағынадағы ақпарат әр түрлі табиғи тілдерде, математикалық формула түрінде және т. б. өрнектелуі мүмкін.

Ақпараттың объективтілігі (әділдігі) - адамзат санасынан тыс және тәуелсіз ақпарат. Егер ақпаратты бекіту оның әдісінен, кімнің болса да ойынан, талқылауынан тәуелсіз болса, онда ақпарат әділ болады.

Мысалы, «көшеде ыстық» - субъективті ақпаратты береді, ал «көшеде 38°С» - объективті, бірақ, өлшеу құралының қателігіне байланысты дәлдікті береді.

Ақпараттың растығы - қоршаған ортадан алынған нақты ақпарат. Объективті ақпарат барлық уақытта рас болып келеді, бірақ рас ақпарат объективті де субъективті де болуы мүмкін. Рас ақпарат бізге дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Рас емес (жалған) ақпарат мына себептермен пайда болуы мүмкін:

  • алдын ала қарастырылған бұрмаланған ақиқат (дезинформация) немесе субъектілік қасиеттегі бұрмалау;
  • кедергілердің әсерінен және ақпаратты бекіту құралдарының жеткілікті түрде тура болмауынан пайда болған бұрмалау.

Ақпараттың толықтығы - түсінуге және шешім қабылдауға жеткілікті ақпарат. Толық емес ақпарат қате қорытынды немесе шешімге әкелуі мүмкін.

Ақпараттың дәлдігі - ақпарат нысанның, үрдістің, құбылыстың және т. б. нақты жағдайына жақындық дәлдігімен анықталады.

Ақпараттың уақытылылық қасиеті берілгендерді жағдайдың өзгеру динамикасына жөнелту мүмкіндігін анықтайды. Бұл жерде не берілгендерде сәйкес нысандар белгілерінің кешігу уақытын, не нысанның нақты белгілерінің айырмашылықтарын және берілгендерге жөнелтетін белгілерді қарастыруға болады. Оларға келесі қасиеттерді жатқызуға болады:

- Ақпараттың өзектілігі - ағымдағы уақытта ақпараттың растылығы мен құндылығы сәйкестік шамасы. Қазіргі жағдайды сипаттайтын берілгендер қасиеті, яғни ол ақпаратты алған мезгіл үшін ғана пайдалы болуы мүмкін.

- Ақпараттың оперативтілігі - ақпаратты жинау мен оларды өңдеу уақыты жағдайдың өзгерісіне сәйкестігі.

- Ақпараттың сәйкестілігі - нысан жағдайына берілгендер қасиеттерінің сәйкестігі.

Уақыттың алға жылжуымен байланысты ақпарат саны да артуда, ақпарат жинақталады, оны жүйелендіру, бағалау және біріктіру орындалады. Бұл қасиетті өсу және ақпаратты кумуляциялау деп айтады. Кумуляция - латын сөзінен алынған cumulatio -арттыру, топталу) .

Ақпараттың кумулятивтілігі - гомоморфизм және іріктеу сияқты ұғымдарды анықтайды. Гомоморфизм - бір жиын екіншісінің моделі болып табылатын екі жиын нысандарының арасындағы қатынас. Іріктеу - белгілі бір қасиеттерді меңгерген пайдаланушылардың нақты деңгейі үшін іріктелінген берілгендер.

Ақпараттың тозуы - уақыттың өтуіне байланысты ақпарат құндылығының азаюында.

Ақпаратты тоздыратын уақыт емес, ал дәлдейтін, бұрында болған ақпаратты толықтыратын немесе толығымен, немесе қандай да бір бөлігін жоққа шығаратын жаңа ақпараттың пайда болуы. Ғылыми-техникалық ақпарат тезірек, ал эстетикалық ақпарат жай тозады.

Ақпараттың түсініксіздік қасиеті - берілгендердің қорғалуда болуын қарастырғанда мәліметтерді қорғаудың техникалық аспектілерін жарияланбаған қатынаудан және берілгендердің жіктеулерінің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін мүмкіндігінше олардың жасырындылығы мен құпиялылығын ерекшелеуге болады.

Ақпараттың басқа қасиеттері:

Қоғамдық табиғат - адамның, қоғамның саналы қызметі ақпарат көзі болып табылады.

Тілдік табиғат - қатынау, ойлау, пікірді білдіру ортасы болып табылатынкез келген табиғаттың таңбалық жүйесі - тілдің көмегімен өрнектелетін ақпарат. Тіл - күнделікті өмірде пайдаланылатын және ойлау өрнегінің пішіні және адамдар арасындағы хабарласу құралы болатын табиғи тіл, сондай-ақ адамдар белгілі бір мақсатпен құрған жасанды (математикалық символика тілі, ақпараттық-іздеу, алгоритмдік және т. б. ) тіл болуы мүмкін.

Дискреттілік - сөз, сөйлем, ұсыныс, мәтін үзіндісі, ал мағынасы ретінде - түсінік, тұжырымдама, фактілерді сипаттау, гипотезалар, теориялар, заңдар және т. б. өрнек құралы ретінде ақпарат бірлігін береді.

Шашырауы - көптеген қоректерде болуы.

Ақпараттың түрлері

Ақпаратты бірнеше белгі бойынша төмендегі түрлерге бөлуге болады:

  • қабылдау тәсілі бойынша;
  • берілу формасы бойынша;
  • тағайындалуы бойынша.

Қабылдау тәсілі бойынша

Адам үшін ақпаратты қабылдаушы ақпаратты рецепторлардың типіне тәуелді түрлерге бөледі.

  • Бейнелік (визуалды) - көру мүшесімен қабылданады. Біз айналадағының бәрін көреміз.
  • Дыбыстық (аудиалды) - есту мүшесімен қабылданады. Біз айналамыздағы дауыстың бәрін естиміз.
  • Тактильді -дене түйсігіндегі рецепторлармен қабылданады. Осы аталған ақпараттың үш түрі үшін бүгінгі күнге дейін оларды кодтау мен сақтау тәсілдері дайындалмаған.
  • Иіс сезгіштік- иіс сезу рецепторларымен қабылданады. Біз айналамыздағы ароматтарды сеземіз.
  • Дәмдік- дәмдік рецепторлармен қабылданады. Біз дәмді сезінеміз.

Берілу формасы бойынша

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда ақпараттық оқыту технологиясының-ғылыми теориялық негіздері
Криптографиялық қорғау
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Ғылыми-техникалық революция мен ақпараттық қоғам жағдайындағы адам мен қоғам өмірін философиялық тұрғыдан қарастыру
Оқыту мен білім берудегі инновациялық технологиялардың қолдану мүмкіндіктері
Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері
Жаңа педагогикалық технологияның жоғарғы оқу орнында оқыту
Оқытуды ұйымдастырудың қосымша формалары
Оқушының білімге деген ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz