Қазіргі заманғы серверлік жүйелердің қалпы


1 Қазіргі заманғы серверлік жүйелердің қалпы

1. 1 Серверлердің құрылымы. Блейд серверлер

Ақпараттық технология мен телекоммуникацияның дамуына орай компьюлерлер біздің күнделікті өмірімізге қарқынды түрде еніп, өміріміздің ажырас бөлігі ретінде елеулі орын алды. Бұл әрине кететін шығындарды қысқартып, құжаттарды жасауды тездетіп, оларды өңдеу уақытын әлдеқайда қысқартады. Сонымен қатар компьютерлердің арқасында құжаттардың қауіпсіздігі мен сенімділігін толықтай қамтамасыз етуге болады. Жаһандану заманында үйдегі тіршілігімізді немесе жұмысымызды компьютерлерсіз елестету мүмкін емес. Компьютерлердің функционалдық мүмкіндіктерін толыққанды қолдану мен олардың арасындағы ақпарат алмасуды тездету, сонымен қатар ортақ ресурстарды қолдану үшін оларды ортақ желіге біріктіру маңызды фактор болып табылады. Желінің орталық элементі-сервер. Үлкен корпорацияларда олар үлкен бөлмелер мен қабаттарды алуы мүмкін немесе серверлер үшін арнайы серверлік платформалар орнатылуы мүмкін. Кішігірім және орташа көлемді мекемелерге күнделікті қолданыстағы компьютерлердің көмегімен құрастырылған 1-2 сервер жеткілікті.

Сенімді есептеу машиналары телефондық коммутацияда, қаржы, көтерме саудада жауапты қолданбалы жүйелерді құруға арналған негізгі элемент болып саналады. Ақпараттық технологиялардың заманауи даму сатысында аталмыш қолданбалар ашық стандарттарды қолдап, талаптардың кең ауқымын ұсына отырып, жүйелердің тоқтауға тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Серверлер бастауды қарапайым компьютерлерден алады. Дербес компьютерлер секілді серверлердің құрамына есептеу, енгізу-шығару, ақпарат сақтау, қоректену, салқындату, басқару сынды қосалқы жүйелер кіреді. Бұл қосалқы жүйелердің барлығы сервердің корпусының ішіне орнатылады. Корпустардың көлемі жоғарыда аталған жүйелердің қуатына байланысты. Есептеу, енгізу-шығару, ақпарат сақтау, қоректену, салқындату, басқару сынды қосалқы жүйелерінің мұмкіндіктері компьютерлік технологияның даму деңгейіне тәуелді. ақпараттарды сақтау қосалқы жүйесі мен есептеу жүйесінің мүмкіндіктерінің күн санап артуы аса таза өнімділігі бар процессорлар мен ақпараттарды сақтау жадысы көлемінің өсіне алып келді.

Қазіргі таңда есептеу құрылғылары атқаратын тапсырмалар ауқымы орасан зор. Оған күрделі ресурсты есептеулер(ғылыми тапсырмалар, математикалық моделдеу, есептеулерді іздестіру), сонымен қатар қолданушылардың үлкен санына қызмет көрсету(ақпараттар базасы, интернет-сервистер, хостинг, қолданбалар сервері) жатады.

Есептеу орталығының қуатын жекелеген есептеу модульдерінің қуаты мен санын өсіре отырып арттыруға болады.

Қазіргі таңда құрастырушылардың назары параллелді есептеулерді енгізуге бағытталып отыр. Оған себеп:салыстырмалы тұрғыда төмен бағамен жоғары өнімділігі бар орталық процессорларды сатып алуға болады, алайда көптеген мәселелерді шешу үшін күрделі көппроцессорлы жүйелерді қолданғаннан гөрі кластерлі конфигурацияларды қолданған тиімдірек. Болашақта осы тендеция сақталуы мүмкін, мамандандырылған шешімдер мен екі немесе төрт орталық процессоры бар серверлер арасындағы есептеу қуатын азайтатын көпядролы орталық процессорлардың пайда болуына сенім артуға болады.

Есептеу орталығындағы есептеу модулінің өсуі серверлер орнатудың жаңа тәсілін іздеуге алып келеді. Кластерлік тәсілді қолдану ақпаратты өңдеу орталығына, салқындату мен қызмет көрсетуге, ғимаратқа кететін шығынды көбейтеді.

Қазіргі таңда өндірушілер моделдерінің арасында мынадай танымал сервер түрлерін(1. 1-кесте) таңдап алуға болады:

Форма факторлар
Түсініктеме
Форма факторлар: Tower servers
Түсініктеме: Кішігірім компаниялар мен қашықтықтан басқарылатын бөлімшелер үшін тамаша таңдау болып саналады. Үлкен есептеу қуатына ие бұл жүйелерде ішкі ақпарат сақтау жүйесін құру мүмкіндігі бар. 19” сөресіне өзгертуге мүмкіндік бар.
Форма факторлар: Rack servers
«Тіреулік» - серверлер
Түсініктеме: 19” сөресіне өзгетуге ыңғайланған. Ақпарат өңдеу орталықтары мен сыртқы ақпарат сақтау жүйесін құру үшін қолданылады.
Форма факторлар: Blade servers
Сервер -«ұстаралар»
Түсініктеме: Ортақ шассиге жеке модулдердің-ұстарлардың орнатылуы арқылы жасалатын ыңғайлы серверлер. Ақпаратты өңдеу орталықтары мен серверлік бөлмелерді құрудағы кеңістікті тиімді пайдалану жолындағы жақсы шешім:
- оңай коммутация (барлығы ішкі шинаның себеті арқылы жүзеге асады)
- үнемді (қорек көзі мен суыту жүйесін бірлесіп қолданудың арқасында 30%-ға дейін эксплуатацияға кететін шығынды азайту)
- администрация жасауда ыңғайлы

1. 1-к е с т е. Қазіргі заманғы танымал сервер түрлері

Аталған мәселелердің біршамасын серверлердің-модулді, көбінесе блейд-сервер немесе ұстара-сервер деп аталатын түрі шеше алады. Атағы енді ғана шыға бастаған блейд-серверлер-шынымен XXI ғасырдың серверлері(алғашқы түрлері 2001жылы жарыққа шыққан), олардың артықшылығын жасап шығарушылар «1234» ережесімен түсіндіреді. Бұл ереже бойынша қарапайым тіреуіш серверлерге қарағанда блейд-серверлер салыстырмалы өнімділікте екі есе аз орын алады, үш есе аз энергия тұтынады және төрт есе арзан(1. 1-cурет) .

C:\Users\Акерке\Desktop\енннн.jpg

1. 1-cурет. Блейд-сервердің сыртқы көрінісі

Сонымен блейд-серверлер дегеніміз не және оның қандай ерекшеліктері бар, осыған тоқталайық. IDC компаниясының берген анықтамасы бойынша:аналитикалық компаниялар блейд-сервер деп бір процессор мен жады құрамына кіретін бірплаталы модулді жүйені атайды. Ұстара желіге және электрэнергиясымен қамтамасыз ететін біріккен тақтасы бар арнайы шассиге(сөреге) (backplane) орнатылады. Осы ұстарасы бар шасси IDC компаниясының ойынша блейд-жүйе болып табылады. Ол стандартты 19 дюймдік тіреуге орнатылған және өндірушінің жасап шығарған жобасына қарай 3U, 6U немесе 10 U(1. 3-сурет) (бір U-unit, немесе құрастыру бірлігі 1, 75 дюймге тең) . Қатқыл диск, қуат көзі, желілік карта сынды компоненттерді қолданудың арқасында блейд-серверлер қарапайым биіктігі 1U және 2U болатындай dell pe r210 немесе dell pe r410 жұқа серверлерге қарағанда есептеу қуатының жоғары орнату тығыздығын қамтамасыз етеді.

Блейд жүйе келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

  • Блейд-сервер(негізінде қоректену көзінсіз, пассивті радиаторлары және PCI ажырмасы бар, қалған «артық» құрама бөліктері жоқ қарапайым тіреуіш сервер) ;
  • Корпусы мен пассивті Backplane(орнатылған құрылғының коммутациясын қамтамасыз ететін плата) ;
  • Қоректендіру мен салқындату жүйелері(салқындатқыш мен қоректендіру блоктары) ;
  • Сыртқы коммутациялық құрылғылар(Ethernet, FC, Infiniband) .

Қарапайым PCI(PCI-E, PCI-X) платаларынынң орнына серверге мезонинді карталар орнатылады. Осы карталардың көмегімен шассиде арнайы сыртқы коммутациялық модульдер болған жағдайда FC, Infiband, SAS интерфейстерін немесе Ethernet-тің қосымша порттарын қолдануға болады(1. 2-сурет) .

Типичный Blade Server - ничего лишнего

1. 2-сурет. Салқындатқыш пен қорек көзінсіз блейд-сервердің түрі

Дегенмен сарапшы мамандардың айтуы бойынша қазір блейд-серверлерге деген қызығушылықты тудырып отырған олардың тығыз орналасуы емес, корпоративтік секторлар үшін басқы артықшылығы жоғары дәрежелі автоматтану арқасында серверлердің басқарылуы мен жеңіл қызмет көрсетуі болып отыр. Ұстаралардан құралған серверлік инфрақұрылымның арқасында жүйенің интеграциялық басқарылуын жүзеге асырып, бұрынғыдай әрбір қолданбаға жекелеген машина бөлетін Intel-сервердердің жұмыс жасау сұлбасынан алшақтауға мүмкіндік туды. Іс жүзінде бұл серверлік ресурстарды рационалды қолданып, кабелдерді қосу сынды жұмыстарға желілік администратордың кетіретін уақытын үнемдеуге болады деген сөз.

Осыдан бөлек блейд-серверлерге қызмет көрсету әлдеқайда жеңіл. Мысалы, бір машина жұмыстан шықса, жүйелік администратор жай ғана ұстараны жаңасына ауыстырады және қашықтықтан орнатыған ұстараға операционды жүйе мен қолданбалы бағдарламалық қамтасасыз етуді орнатады.

Қазіргі таңда блейд-серверлерді басқаруға арналған дестелерлі өндірушілер өздерінің өнімдерінде жаңа серверлерде операционды жүйе мен бағдарламалық қамтамасыз етуді автоматты күшейтумен қоса, орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етудің тез жаңартылуы мен бағдарламалық бөліктерінің инсталляциясын таратуда.

Blade-сервер

1. 3-сурет. Қарапайым 10 блейд-серверге арналған 10U шасси

Блейд серверлерді орнату ақпаратты өңдеу орталықтарында кеңістікті пайдалануда ең тиімді шешім болып табылады. Мысалы жүйелік администратор шассидегі ұстараларды бір нысана ретінде басқарып, жүктеу өскен сайын есептеу қуатын көбейте отырып, жаңа ұстаралар қосуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар шассиге желілік коммутатор қосуға болатындықтан, бұл мүмкіндіктің арқасында ақпаратты өңдеу орталықтарында желілік ресурстарды нығайтуға болады.

Ақпаратты өңдеу орталықтарында кеңістікті аз алғанынан басқа, ұстараға өтудің өзге де тиімді құрамалары бар. Блейд серверлердің құрамына қарапайым тіреуіш серверлерге қарағанда анағұрлым аз құрамдас бөліктер кіретіндіктен оларға төмен вольтті процессорларды қолдану мүмкіндігі бар, осының арқасында электр энергиясын аз тұтыну мен машиналарды салқындатуға кететін шығын әдеттегіден аз деп блжауға болады. Жоғарыда атап кеткеніміздей жүйелік администратордің жұмыс уақыты үнемделіп, сервердің қызмет көрсету аясы ұлғайса да, өндіріс басшылығына қосымша администратор жалдаудың қажеті жоқ. Блейд серверлерді тұтыну кезінде ұстаралармен қоса шасси ау қажет болса да, блейд серверлердің масшабын ұлғайтуға, атап айтқанда бес-он ұстарасы бар шасси алуға қарапайым тіреуіш серверлермен салыстырмалы түрде аз қаражат кетеді.

Блейд серверлердің қолану кезіндегі артықшылықтарын келесі тізімнен көруге болады:

  • Тұтыну құнының арзандығы мен салқындату және қоректену жүйесінің сенімділігі;
  • Коммутациялық сымдардың азаюы;
  • Жүйені бсқару жеңілдігінің өсуі;
  • Алатын орынның азаюы;
  • Бөлінетін жылу мен элект қуатын тұтыну төмендігі;
  • Жоғары масштабтылық;
  • Ыңғайлылық.

Әрине блейд серверлердің кемшіліктері де бар:

  • Жалпы стандарт пен жалпы платформаның жоқтығы. Қолданушылар мысалы SUN блейд серверін IBM шассиіне орната алмайды;
  • Көптеген блейд-жүйелерде бір тоқату нуктесі:шассидің өзі жүйенің тоқтау нүктесі болып табылады. Егер шасси тоқтаса, онда орнатылған ұстаралар да өз жұмысын тоқтатады, бұл өз кезегінде аталмыш мекеменің қаржы саласына айтарлықтай зиян келтіреді. Алайда, шасси(корпусы мен backplane) тек қана физикалық әсерден ғана тоқтауы мүмкін пассивті құама бөлік;
  • Блейд сервер аз серверлер қолданатын болсаңыз тиімді. Егер екі немесе төрт сервер қолданатын болса, онда қарапайым тіреуіш серверлерді қолданған жөн, себебі шассиге артық ақша төлеу қажет;
  • Қолданбалар класының шектеулілігі. Дәстүрлі серверлердің қолданбаларын блейд-серверлерге ауыстыру қиындық туғызады;
  • Блейд-серверлердің ішкі кеңейтілу мүмкіндіктерінің нашарлығы:серверлерге кеңейту платаларын орнату мүмкіндігінің жоқтығы(PCI-төмен профильді платаны кейбір серверлерге ғана орнату мүмкіндігі ), оперативті жады көлемінің аздығы;
  • Ішкі қосалқы дискілік жүйе ауданының аздығы-сервер 2, 5 дюймдік екі қатқыл дискке арналған ажырау. Бұған себеп, блейд-серверлер виртуализациялауға арналған және сыртқы массивтермен жұмыс жасауға бағыттылаған.

Жалпы алғанда блейд серверлерді қолдану оң нәтиже беріп, экономикалық жағынан өзінің тиімді екендігін дәлеледеп отыр. Алайда адам баласы әрқашан жаңашылдыққа тосырқай қарайды. Сол себепті көптеген компаниялар блейд серверлерден гөрі уақытпен тексерілген қарапайым тіреуіш серверлерді тұтынады. Дегенмен, нарықта блейд серверлерге деген сұраныс күннен күнге өсіп келеді.

1. 2 Блейд серверлердің даму эволюциясы

Блейд серверлерді ең алғаш өндіруші компания-RLX Technologies. RLX Technologies блейд серверлердің негізін қалаушы компания болғандықтан, олардың тарихы өзара тығыз байланысты. RLX Technologies компаниясы жасаған блейд серверлердің тарихына даму барысына тоқталсақ(1. 1-кесте) .

C:\Users\Акерке\Desktop\р.jpg

1. 4-сурет. Ең алғашқы блейд сервер «RLX ServerBlade 633»

2001жылдың мамыр айында бірінші ұрпақ блейд-сервер-ServerBlade 633(1. 4-сурет) жарыққа шықты. Бөлінетін жылу көлемін азайту мақсатында RLX инженерлері серверді ноутбуктерде қолданатын Transmeta Crusoe қоректенудің төмен кернеулі процессорымен жабдықтады. Өкінішке орай бұл шешім сәтсіз болды, себебі қарапайым тіреуіш серверлерге қарағанда аталмыш құрылғы аз қуатты болдып, тез қызып кететін халге жетті. ServerBlade 667 екінші ұрпақ блейд серверлер 2001 жылдың желтоқсан айында шықты, алғашқы блейд серверге қарағанда ол 30%-ға дейінгі өнімділігімен ерекшеленді. Сонымен қатар бір шассиге бірінші және екінші ұрпақтың ұстараларын орнату мүмкін болды, соның арқасында айтарлықтай тез ұстараларға көшуге мүмкіндік туды.

Екінші ұрпақты блейд-серверлер ServerBlade 633 секілді Transmeta Crusoe процессорымен жабдықталса да, жады көлемі бойынша әлдеқайда ілгері және операционды жүйелердің көпшілігімен, атап айтқанда Windows Server 2000 және Red Hat Linux сынды әр түрлі конфигурациялармен жұмыс істеуге мүмкін болды. RLX компаниясы жасап шығарған екінші ұрпақ белйд серверлердің тағы да бір жаңалығы- RLX Control Tower Blade деген атқа ие болған бөлек блейдті басқару желісі мен блейдті басқару жүйесінің болуы. Соңғысы блейдтерге мониторинг жасау мен басқаруды бір жүйе ретінде қарастырып, сонымен қатар блейдтерге қашықтықтан консоль жасауға мүмкіндік береді. Бұған қоса RLX Control Tower Blade басқару жүйесінде барлық жүйені аз шығынмен басқаратын Web-интерфейс болды. Екінші ұрпақ RLX блейд серверлері(1. 5-сурет) Linux-кластерін ғылымның биоинформатика, сейсмосараптама және есептеу химиясы салаларында қолдануға мүмкіндік берді.

2002 жылдың ақпан айында жасап шығарылған үшінші ұрпақ серверлерінде қызуға қатысты мәселе өз шешімін тапты: ServerBlade 800i серверіне төмен вольтті 800-МГцті Intel Pentium III процессоры орнатылды. Базалық 512Мбайт жадыны 1Гбайтқа дейін кеңейтуге мүмкіндік болды, ал ұстаралардың қатқыл дисктеріндегі жады көлемі 20-80Гбайт аралығында бола алды. Бұл ұрпақ тек қана қуатының көптігімен емес, басқарушылық қабілетімен де ерекшеленді. Ол орнатылған басқару шинасы қызметін атқарды, жүйелік администратор коммутатор порттары мен VLAN-ды командалық жол арқылы баптай алды. екінші ұрпақ сервер секілді ServerBlade 800i де Windows және Linux сынды операционды жүйелер жанүясымен жұмыс атқара алды.

Blade-сервер ServerBlade 800i

1. 5-сурет. Ең алғашқы блейд серверлердің бірі

2002жылдың қыркүйегінде шыққан төртінші ұрпақ ServerBlade 1200i сервері өзінен бұрынғы жарыққа шыққан серверден процессорының жылдамдығы(1, 2 ГГц және 512-Кбайт жиілікті, екінші дәрежелі кэш-жадысы бар орталық процессор Intel Pentium III) бойынша 50% -ға, ал жады көлемі бойынша 2 есе артық болды, локальді дисктің көлемі 120Гбайт көлемінде болды.

2003жылдың наурыз айында жасалып шыққан бесінші ұрпақ ServerBlade 2800i, 3000i процессор өнімділігімен, жады көлемімен және дисктік қосалқы жүйесімен ғана ерекшеленбейді. Бұл алғашқы көппроцессорлы блейд серверлер. Оның құрамына 2, 8-ГГц жиілікті Intel Xeon процессорлары мен с 512-Кбайт L2 кэш-жады кірді. Сонымен қоса RLX Technologies компаниясы-ұстараларды Infiniband интерфейстік платасымен жабдықтаған тұңғыш компания. Осы ерекшеліктерден болар ServerBlade 2800i серверінің бағасы ServerBlade 1200i серверінің бағасынан екі есе қымбат болды.

Соңғы, алтыншы ұрпақ RLX SB6400 сервері 2004жылы жарыққа шықты. жадының максималды көлемі 4Гбайтқа дейін ұлғайтылды, 64 биттік тактілік жиілігі 2, 8-ден 3, 6Ггц-ке дейін екі Intel Xeon процессорымен жабдықталды. Оларда Ethernet, Infiniband және Fibrе Channel желілік интерфейстерімен, PCI Express контроллерімен интеграцияланды.

Алайда уақыт өте келе RLX компаниясы Sun, HP және Dell сынды алпайыт компаниялармен бәсекелестікке түсе алмайтындығын түсініп, бағдарламалық қамтамалар жасаумен шектелді.

2005жылдың 3 қазанында RLX Technologies компаниясын HP компаниясы сатып алды. Аталмыш компания әлі күнге бейін RLX блейд серверлерін өндірңмен айналысады.

2005жылы барлық нарықтың ірі ойыншылары блейд серверлер жасау техникасына қызығушылық танытып, назар аударды. Нейбіреуі блейд жүйелегі осы бар шешімдерді дамытса, кейбірі жаңашылдық еңгізуге тырысты.

C:\Users\Акерке\Desktop\гооооо.jpg

1. 6-сурет. Қазіргі заманғы HP ProLiant 460 бледй сервері

Қазіргі кезде, мысалы HP ProLiant 460с блейд серверінің біреуі биіктігі 1U болатын HP ProLiant DL360(1. 6-сурет) қарапайым тіреуіш серверінен өнімділігі мен тоқтауға тұрақтылығы бойынша еш қалыспайды. Биіктігі 10 U бір HP BladeSystem Blade-шассиіне HP ProLiant 460c серверінің он алтысын орнатуға болады. Яғни, биіктігі 42 U болатын қалыпты тіреулерге HP ProLiant DL360 G6 серверінің қырық екісін орнатуға болады, немесе 4 х 16 = 64 HP ProLiant 460c серверін орнатуға болады. Сонымен қатар блейд серверлерді басқару аса қиындық туғызбайды және олар аз электр энергиясын тұтына отырып, аз көлемде жылу бөледі. Жұмыс істейтін адамдар саны да қысқарады, себебі серверлік тіреуге қосылатын кәбілдер саны анағұрлым азаяды.

Бірте-бірте блейд серверлер қарапайым тіреуіш серверлер қолданатын технологиялардың барлығын қолдану мүмкіндігіне ие болды. Жартылай функционалды, жылдам ауыстыру мүмкіндігі бар дисктер қолданатын RAID-контроллерлер пайда болды. Блейд серверлер желілік адаптертерлер мен Gigabit Ethernet коммутаторлары, оптикалық-талшықты адаптерлер мен Fibre Channel коммутаторлары, жоғары жылдамдықты Infiniband біріктірулер сынды жоғары технологиялармен жұмыс атқара алады. Қазір блейд серверлерде бірыңғай тоқтау нүктесі жоқ-жүйенің барлық құрамдас бөліктері тоқтауға бейімделген. Егер блейд сервер толықтай жұмысын тоқтатса, оны толығымен немесе қысқа уақытта қалпына келтіруге болады.

Storage-blade

1. 7-сурет. Шассиге блейд сервердің орнына блейд жинақтаушы орнату

Блейд серверлер әлеміндегі соңғы жаңа серверлерде «Storage-Blade» (storage - сақтау), «Tape-Blade» (tape - магнит таспа) және «PCI-Blade» бар. Storage-Blade барынша қатқыл дисктермен толтырылған ұстара және шассиде орнатылған қарапайым блейдтер(1. 7-сурет) үшін сыртқы дисктік себет болып табылады. Екіншісі-форм-факторға орнатылған қазіргі заманғы таспалық сақтаушы. Үшінші блейд-PCI, PCI-x, немесе PCI-e интерфейстері бар толықшамалы платаларды орнатуға арналған ұстара.

Қорыта келгенде, ресурстарды шоғырлауға ұмтылған өндіруші компанияларға қарапайым серверлерге жол бермейтін(көпядролы процессорлары бар, ұстараларының жады көлемі үлкен, ішкі mezzanine-платасы мен «PCI-блейды» бар), кеңейтілу мүмкіндігі бар есептеу ресурстары мен ақпаратты сақтау жүйесі(«Storage-Blade») және резервті көшіру құрылғысы бар бірыңғай блок ұсынып отыр.

1. 2-ке с т е. Блейд серверлердің даму эволюциясы

Жыл: Жыл
Функционалды өзгерістер: Функционалды өзгерістер
Конструкциядағы жаңа бөліктердің пайда болуы: Конструкциядағы жаңа бөліктердің пайда болуы
Жыл:

2001

2

Функционалды өзгерістер:

Техникалық жүйенің негізгі функциясы-серверлік тіреуге ыңңайлы орналамтыру кезінде сервер функциясын атқару.

1) Ортақ қолдануға арналған қоректену көзі мен коммутация, салқындату модульдері бар блейд серверлерді шассиге орнату;

Конструкциядағы жаңа бөліктердің пайда болуы: Әлемдегі бірінші блейд жүйе- RLX Technologies
Жыл: 2002
Функционалды өзгерістер:

1) ұстараларға үлкен көлемді оперативті жады орнату мүмкіндігі;

2) қарапайым серверлік процессорларды ұстараға орнату мүмкіндігі;

3) шассиде серверді басқару мен мониторинг жасауға мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету;

4) блейдтерге ішкі шина арқылы қосылатын модульдік Ethernet-коммутаторларды шассиге орнату мүмкіндігі.

Конструкциядағы жаңа бөліктердің пайда болуы: Жады модульдерін орнататын слоттар санының ұлғаюы. Сол кездегі қарапайым серверлік процессорлардың блейд серверлерге сәйкес келуі.
Жыл: 2003
Функционалды өзгерістер:

1) Fibre Channel және Infiniband сынды кеңейту интерфейстерінің платасы мен сәйкес коммутаторларды шассиге орнату мүмкіндігі;

2) Әр түрлі блейд серверлердің болуы: «жеңілінен»(жеке компьютерлер қуаты сәйкес), «ауырына»(өндірушілігі бойынша орта дәрежедегі серверлерге жол бермейтін) дейін;

3) қарапайым серверлерде қолданылатын тез ауыстыру мүмкіндігі бар SCSI-дисктерді ұстараға орнату мүмкіндігі;

4) қарапайым серверлерге бейімделген екі ядролы процессорларды блейдке орнату мүмкіндігі.

Конструкциядағы жаңа бөліктердің пайда болуы: Ethernet-, Fibre Channel-, Infiniband-адаптерлерімен жұмыс атқара алатын к өпфункционалды «Mezzanine-слоттардың» болуы; Бір шассиге орнатылған блейдердің функционалдығы мен мөлшерінің әр түрлі болуы. SCSI-дисктер мен олардың тез ауыстыруын қолдайтын толықфункционалды RAID-контроллер.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Серверлік локальды желілер
Кәсіпорын құжат айналымының инфроқұрылымын жақсарту жолдары
Ақпараттарды бір орталықтан басқаруды жүзеге асыру үшін деректер базасын құру
Компьютерлік операциялық жүйелер
Клиент - сервер
Ақпарат қорғау жүйесін жобалау негіздері
Географиялық аймақ бойынша желілерді классификациялау
Деректер қорының тілдері
CISCO 5500 series қондырғысының негізінде есептеуіш желілердің құрылымы
Желілік мәліметтер қоры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz