Су


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Су

Дүние жүзінде ¾ бөлігін су алып жатыр. Су баға жетпес табиғат байлығы. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Ол зат алмасу процесінде қарқынды роль атқарады.

Су - түсі, иісі, дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, үстіңгі кернеуі өте жоғары, айқын капилярлық (жіңішке түтік пен сұйық заттың жоғары көтерілуі) қасиеті бар. Осы қасиеті топырақтағы су ерітінділерін өсімдіктер бойынша «сорып» алып күн көруі үшін өте қолайлы.

Дүние жүзілік мұхиттар мен өзен - көл суларының ластануы, су сапасын нашарлата түсуде. Мұхиттарда мұнай тасымалдайтын кемелер мен танкілердің көбеюі, атом қаруларын сынау, өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің, радиоактивті қалдықтардың тасталуы, т. б экологиялық жағдайы мен тіршілік ырғағы деңгейін төмендетті. Оның үстіне дүниежүзілік ауыз су проблемасы планета тұрғындарының Африка, Орта Азия және Кіші Азия, Австралия, Орталық Азия бөлігін қамтып, әлемдік экологиялық проблемалар шеңберін ұлғайта түсуде.

Қазіргі дүниежүзінде орташа шамамен алғанда тәулігіне әр адамға шаққанда 1500-2000литр су қолданылады. олардың ішінде 100-150литр су тұрмыстық - комуналдық қажеттіліктерге жұмсалынады. Судың негізгі бөлігі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық мақсатында қолданылады.

Жылдан - жылға судың бағасы артып барады. Кларктың (АҚШ) мәліметтері бойынша соңғы 50 жылда мұнайдың бағасы 10 есе, ал тұрмыстық қажетті суға - шамамен 100 есе, ауыз суға - 1000 есе артқан. Ауыз суды шыны бөтелкелерде сату әдеттегі көрініске айналды. Табиғи таза су маңызды ұлттық байлық көзіне айналып отыр.

Қазірдің өзінде су халықаралық қатынастардың шиеленісу себебіне айналып отыр. Мысалы, Колумбия өзенінің суы үшін АҚШ пен Канада арасында, Дунай өзенінің суын пайдалану үшін бірнеше мемлекеттер арасындағы шиеленістердің тууы белгілі.

Су температурасы. «Ауыз суы» және мәдени тұрмыстық қажетіне керекті судың температурасы 8-12 0 С - тан артпауы керек.

Су құрамындағы еріген және газ түріндегі химиялық заттар судың дәмін кіргізіп, исімен, көрмектігімен, агресивтігімен, тұрақтылығымен адамдар мен малдардың организмдеріне пайдалы әсерін тигізеді. Суды пайдаланудағы ең шешуші фактор болып, оның минералдылығы есептелінеді. Судың минералдылығы көрмектігі мен тығыз заттардың қалдықтарының пайда болуына әсерін тигізеді.

Құрғақ қалдық - судағы химиялық заттардың ерітіндідегі жалпы құрамы. «Ауыз судағы» стандар т бойынша, құрғақ қалдықтың салмағы 1000мг/л - ге дейін болуы керек. Кейбір жеке жағдайда ғана минералдылығы 1500мг/л - ге дейінгі суды пайдалануға рұқсат етеді.

Мемлекеттік стандарт бойынша, дұрыс (әсерлі) реакцияның көрсеткіші рН - 6, 5 - 8, 5, болуы керек, ауыз судың құрамында хлорид (тұз қышқылының тұзы) 350мг/л - ден аспауы керек, сульфаттар (күкірт қышқылы тұзы) 500 мг/л, темір 0, 3мг/л - ге дейін (жер асты суларында 1 мг/л - ге дейін), мырыш 5 мг/л; фтор - 0, 7 - 1, 5 мг/л аралығында (егер 1, 5 мг/л - ден артық болса, денсаулыққа зиянын тигізеді) . Судағы иодтың құрамы көбірек болса (0, 0001 мг/л) да, эндимикалық зоб (тамақтағы ұра) ауруына шалдығады, жер асты суларының құрамында күкіртті сутек (Н 2 S) болса, суда исі пайда болады және темірден жасалған құбырлардың тот басуына әкеледі, сондай - ақ басқа заттардың көрсеткіштерімен бірге судың былғануына әкеліп соғады.

ТМД елі бойынша «Ауыз суы» сапасы туралы арнаулы МЕСТ (ГОСТ 2874-82 ) қабылданған

Ауа

Көліктер мұнайдан жасалған майларды өте көп мөлшерде жандырады, сонымен қатар олар қршаған ортаға үлкен қасіретін тигізеді, ал ең алдымен атмосфераға. Көліктердің үлкен бөлігі үлкен қалаларда шоғырланғандықтан, ол қалалардың ауасы кедейлене ғана қоймай, қорытылып шыққан зиянды газдардың компоненттерімен ластанады.

Жыл сайын көліктердің саны көбеюде, соған байланысты атмосферада зиянды заттарда көбеюде. Көліктердің үнемі өсуіне байланысты, олар қоршаған ортаға және адамның денсаулығына белгілі бір мөлшерде кері әсерін тигізеді.

Біздің қалада қоршаған ортаны қорғау ең басты мәселе болып табылады. Сол себептен ғылыми жұмысымның мақсаты Шымкент қаласындағы Тәукехан даңғылындағы атмосфералық жерге дейінгі қабаттың қанщалықты ластанғанына мәлімет беру болып табылады.

Негізгі ауаның ластану көздері көліктердегі іштен жану двигателдері болып табылады, олар атмосфераға қорытылған газдарды, қорытылмаған жанармайды және жанармай буларын шығарады. Қорытылып шыққан газдың ішінен 280-дей толық қорытылған(жанған) және толық қорытылмаған(жанбаған) мұнай жанармайлары табылған, сондай-ақ жанармайда неорганикалық қосылыстардың бірнеше түрлері табылды.

Осы Жоғарыда ітеп жатқан жұмыстардың проблемасы өндірістің газбен ластауына жол бермеуін кедергі жасау, яғни осы өндіріс орындары өте қауіпті қоспалардың смог типтерінің пайда болуына себепші болуда өнім өндірісі барысында бөлінетін газ тәріздес өндіріс қауіпті қоспаларын екі түрге бөлуге болады:

а) әртүрлі бөлшектер (аэрозоль) қатты заттар жоқ, түтін, сұйық бүркептер-тұмандар.

б) газ тәрізді және бу тәрізді заттар.

Аэрозольды заттарға ұшып жүретін әр түрлі бөлшектер органикалық немесе органикалық емес қатты, заттар, немесе ұшып жүретін жеңіл тұман тәріздес бұрқақтар.

Шаң-дегеніміз дисперсті тұрақсыз жүйе, оның құрамы түтінмен тұманға қарағанда ірі бөлшектерден тұрады. 1 см 3 жерге келетін концентрация құрамы түтінмен тұманға қарағанда аздау.

Неорганикалық шаң дегеніміз тау жыныстарын бұзу барысында пайда болатын газ бөліну құбылысы руданы қайта өңдеуде, металл өңдеуде минерал тұзымен тыңайтқыштарды өңдеуде, құрылыс матеиалын, карбид ж-т. заттарды өңдеуде бөлінетін неоргникалық зат.

Өңдірістік шаң дегеніміз - ол органикалық зат-мысалы көмір, ағаш, тарф, сланец өндірудегі бөлінетін шаңдар күйелер.

Түтіндерге тартылыс күшіне қарай жай қозғалыста отыратын аэродисперлік жүйедегі түтіндер жатады. Түтіндер жоғары отынды жандыру кезінде өнімді қайта өңдеу барысында пайда болады, және химиялық қосылыстар нәтижесінде пайда болады, мысалы: амиак пен хлор сутегінің қосылысы негізінде немесе электр доғасындағы темір буларының қышқылдануы барысында түтін пайда болады. Қалдықтар мөлшері шаң мен тұманға қарағанда түтінде аз болады субмикранмен есептегені мөлшер 5 мкм- ден 0, 1 мкм дейін болуы мүмкін. Тұман - сұйық тамшылардан тұрады, ол суықтың бумен конденсациялануы әсерінен пайда болады. өндірісте пайда болатын тұмандар негізінен күкірт пен фосфор қышқылдарынан пайда болады.

Екінші бөлігі - газ (алау) будың бөлінуі өндірісте жиі ұшырасады. Оларға қышқылдар, галогендер, галогенөндірушілер, газды оксид, альдегид, кетан, спирт, көмірсутек, аминдер, нитроқосындылары, металл булары, придиндер, меркаптандар және т. б.

Қазіргі таңда қалдықсыз өнім техналогиясы әлі толық ендірілмеген, яғни қалдықсыз өнім өндірісі жоқ, газ (алау) тазалаушылардың негізгі міндеті ауаға кететін улы газдардың мөлшеріне санитарлық (тазалық) мөлшері негізінде ұстап отыру ғана төменде таблицада ПДК мөлшері бойынша ауаға кететін газ мөлшері көрсетілген.

Топырақ

Топырақты бонитеттеудегі кәзір қолданылатын әдістер В. Докучаев принциптеріне негізделген. Олар топырақ қасиеттері мен агроклиматтық жағдайлардың санды көрсеткіштерін байланыстырып біртұтас пайдалануға негізделген. Сондықтанг бұл көрсеткіштер ауылшаруашылық дақылдарының орташа көпжылдық өнімі мен тығыз корреляциялық байланыста болғаны керек, әсіресе қарқынды (интенсивті) егіншілікте. Топырақ көрсеткіштеріне оның тығыздылығы және қарашірінді жиегінің қалыңдығы, гумустілігі, қышқылдылығы, механикалық құрамы, негіздер сіңіру сиымдылығы жатады.

Агроклиматтық көрсеткіштер ішінде өнім мен тығыз байланыстыларға 10 0 С-тан жоғары температура қосындысы, ылғалдану коэффициенті (Высокий мен Ивановша), климат континенталдығы (ызғарлығы) жатады. Бірнеше топырақ қасиеттері мен агроклиматтық деректерін пайдаланудың себебі біріншілер мен көпжылдық өнім арасындағы тығыз коррелятивтік байланыс тек белгілі экология-тектік топырақ қатарында (аймақтық сап, батпақтану қатарлары, сортандану, т. б. ) ғана байқалады, ал аймақтық басқа топырақтар үшін оны табуға болмайды. Мысалы, қара және күңгірт қарақоңыр топырақтарда өнім мен гумус мөлшері немесе оның қоры (т\га) арасында жақсы сәйкестік бар, бірақта бұл көрсеткіш солар арасындағы кебір топыраққа жарамсыз. Кебір сапасын кебірлі қабат тереңдігі мен кескінінің физика-химиялық қасиеттерін ескере бағалайды. Солтүстік Кавказда гумустік жиек қалындығы және қарашірінді қоры мен өнім сәйкес келсе, Еділ бойында олар нашар корреляцияда екен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер-су қатынастарын реттеу
Бөгет кұрамындағы су өткізгіш, су тастағыш және қашыртқы құрылымдар, олардың атқартын қызметі және түрлері
Бұру саласындағы қатынастарды реттеу
Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары..
Тікелей су алып, құм мен тасты тікелей жуатын су алғыш құрылымдар түрлері - науалы, қалталы, екі қабатты, қисық су тасмалдағыш науалы құрылымдар
Мұнай алабын игеру тәсілі
Су алғыш құрылымдар түрлері мен топтары. Су алғыш құрылымдардың түрлерін таңдап оны өзен бойына орналастыратын жерді анықтау
Су қоры жерлерін берудің тәртібі
Табалдырықтағы торлы галерея арқылы су алатын құрылымдар (донно-решетчатые), оларды қолдану шарттары
Қазақстан Республикасында су ресурстарын құқықтық қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz