Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының жағдайы және оның соңғы жылдардағы динамикасы


  1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының жағдайы және оның соңғы жылдардағы динамикасы

Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықпен күресу - қылмыстылықпен күресудің басты бағыттарының бірі. Кәмелетке томағандардың қылмыстылығымен күресуді жеке сала ретінде бөліп шығару көптеген себептермен түсіндіріледі. Олардың ішіндегі маңыздылары ретінде криминолог ғалымдар төмендегілерді көрсеткен:

Біріншіден, жаңа буынның өмірі мен денсаулығын қорғау мақсаттарының аса маңыздылығымен және осыған байланысты мемлекеттік органдар мен жалпы қоғамның қызметінің жеке бағыты ретінде жас балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған мемлекеттік саясаттың пайда болуы.

Екіншіден, кәмелетке толмаған қылмыскерлердің жасайтын қылмыстарының олардың өмірі мен тәрбиесімен (жеке тұлғасы дамуы мерзімінің салыстырмалы түрде шектелуі, әлеуметтік позицияларынының ауыспалылығы, шектелген әрекет қабілеттілік), жеке тұлғалық сипаттамасымен, әлеуметтік топтық, психологиялық және басқа да ерекшеліктерімен түсінідірілетін мотивациясының және генезисінің айырмашылықтары.

Үшіншіден, осы ерекшеліктермен тығыз байланысты жасөспірімдердің қылмыстылық белсенділілігі, олардың қылмыстылығының құрылымы мен деңгейінің, динамикасы мен себептерінің ерекшеліктері.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының түсінігін қарастыру алдында біз кәмелетке толмағандарды, олардың жеке басын және жастық категорияларын анықтап алайық. Ғылыми әдебиетте, кәмелетке толмағандардың жас санаттары жайлы пікірлер көп. Солай мысалға В. А. Еренков жасөспірімдік шақ мектептің 5-8 сыныптарына сәйкес келіп, олардың ішінде кіші жасөспірімдік жас (11-13 жас) және ересек жасөспірімдік жас (14-15 жас) деп көрсетеді. Краковский А. П аталғандарға қоса кіші бозбалалық шақты көрсетеді (16-18) жас. О. Е Сапарин олардың ішінде жасөспірімдік жас (13-16 жас), бозбалалық жас (17-21 жас) деп көрсетеді.

Бірақ, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жас он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адам танылады (ҚК 80 бабының 1 тармағы) . Сондықтан кәмелетке толмағандардың жасы осы нормаға сәйкес көрсетіледі.

Аталғандармен қоса қазіргі кезде республикамыздың заң ғылымында жоғарыда көрсетілген категорияларды атауда біркелкі нысан қалыптаспағандығын атап өту қажет. Заң терминдері қазіргі кезде түгелдей дерлік орыс тілінен аударылады, бұл жағдай елімізде жаппай сипат алғандығы да белгілі, оның себептері де мәлім. Ал қазіргі кезде біз белгілі бір терминді түсініп, басқа ұғыммен шатастырып алмау үшін, оны орыс тіліндегі терминмен қатар оқуға мәжбүрміз. Солай, орыс тіліндегі «юноша термині, бозбала деп те жас жігіт деп те аударылады. Орыс тілінде «подросток термині, «юноша терминіне қарағанда кең мағынада қолданылады, яғни бұл ұғымға жас балада (сегіз жасқа дейінгі бала), мектеп оқушысы да кіреді және көп жағдайда «подросток бұл он төрт жастағы кәмелетке толмаған адам. Бірақ қазақ орыс сөздіктеріне сүйенсек «подросток термині - жасөспірім, жас ұлан, бозбала (12-17 арасындағы жас) [6, 45 б. ] . Яғни кәмелетке толмағандардың әртүрлі жастық категорияларының нақты атауы ана тілімізде қалыптаспаған. Сонымен кәмелетке толмаған адам ұғымын басқаша қалай атайтындығымыз туралы нақты таңдап алайық: бозбала термині өте тар мағынада, яғни он алты жастан кейінгі жасты көрсету үшін ғана колданылуы мүмкін, жасөспірім ұғымы болса бозбалалық жасты көрсетпесе де, оған қарағанда кең түснінік береді, сол себепті төмендегі жұмыста кәмелетке толмаған адам термині жасөспірім терминімен де аламастырылуы мүмкін. Тап осындай позицияны өзінің еңбегінде Г. М Мауленовте ұстанған.

Ең алдымен еліміздегі кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының құрылымына және динамикасына назар аударайық.

1988-2008 жылдар арасында ол мынадай көрсеткіштерді аңғартады: 7535 (1988ж. ), 11617 (1989ж. ), 11204 (1990ж. ), 12747 (1991ж. ), 13326 (1992ж. ), 13115 (1993ж. ), 15656 (1994ж. ), 13724 (1995ж. ), 9027 (2006ж. ), 7435 (2007ж. ), 7197 (2008ж. ) .

Республика бойынша жалпы алғанда кәмелетке жасы толмағандардың қылмыстарының үлес салмағы 1961-1981 жылдар аралығында, яғни 20 жылда шамамен 9 пайызды құраған болса, ол көрсеткіш соңғы жылдар ішінде (1988 -2008) 14 пайызға жақындап отыр. Жасы 18 ге толмаған адамдардың саны еліміздегі жалпы адам санының 33 пайызын құрайтын болса, аталған көрсеткіш деңгейінің қаншалықты зор екендігін байқау қиын емес [7, 240 б. ] .

Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің жасаған қылмыстары арасында ұрлау, тонау, қарақшылық, қасақана кісі өлтіру, денсаулыққа зиян келтіру, бұзақылық, зорлау секілді қылмыстар кең тараған.

Кәмелетке толмағандар ең көп біреудің мұлкін ұрлау және бұзақылық қылмыстарын жасайды, осы қылмыстарды орындаушылардың 75-80 пайызы кәмелетке толмағандар.

Мүлікке қарсы қылмыстардың басым көпшілігі ересектердің қатысуымен (60 пайызға жуық), оның ішінде 30 пайызы - ересектердің басшылығымен жасалған. Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың тағы да бір тобы ол бұзақылық әрекеттер - олар кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың жалпы санының 15 тен 30 пайызға дейін құрайды. Бұзақылық әрекеттердің көпшілігі (90-95 пайыз) мас күйінде және топпен жасалған. Адам өлтіру қылмысы кәмелетке толмағандардың қылмыстарының жалпы санының 1-2 пайызын құрайды.

Криминологтардың көптеген зерттеулері кәмелтке толмағандардың қылмыстылығы бұл негізінен топтық қылмыс екендігін дәлелдеп отыр. Еліміздегі кәмлетке толмағандардың топтасып қылмыс жасау деңгейі алаңдатарлық деңгейде екендігі статистикалық мәліметтер көрстеуде.

Кәмелтке толмағандардың топтасып қылмыс жасауының ерекше жоғары болуы - бұл, олардың жастық психологиялық және басқа да ерекшеліктеріне сай нормадан ауытқу емес, қайта оған сай болу. Ересек және бозбалалық жасөспірімдік шақта кәмелетке толмаған адам үшін қоршаған орта араласу, ой бөлісу, жаңа мәлімет алудың қайнар көзі болып табылады. Құрдастары арасында өзін жоғары көрсету осы жастағылар үшін маңызы өте үлкен. Әдетте құқық бұзуға жақын жасөспірім өзінің проблеммалары мен ұқсас, уақыты шектелмеген адамды іздейді, сонымен ой бөліседі. Өмірінің басқа салаларында түсініспеушіліктер ұлғайған сайын бұндай ортаның қажеттілігі де арта түседі. Сол себепті өзінің көзқарастарымен, топтың қөзқарастары сәйкес болмаған жағдайда жасөспірімдер топтың мүддесін білдіруге тырысады. Жасөсіпірмдердің криминогендік топтары олардың негативті әдеттерді, көзқарастарды үйренуінің қайнар көзі болып табылады.

Криминогендік топқа қатысудың өзі қылмыстарға алып келуі әбден мүмкін. Көп жағдайда топтардың лидерлерінің әрекеті топтың басқа да мүшелерінің қылмыстық әрекет жасауына тікелей итермелейді. Топта қылмыс жасаған жасөспірімдердің көрсетулері бойынша тек топпен бірге болуға, бөлінбеуге, өзін батылсыз ретінде көрсетпеуге деген ынтаның әсерінен ғана олар қылмыс жасаған. Солай, қылмыс жасаған жасөспірімдердің 71 пайызы ондай қылмысты жалғыз өзі жасай алмайтындығын көрсетті, ал 18, 6 пайызы қылмыс жасауға итермелеуші фактор ретінде өзінің жолдастарының әсері деп көрсетті.

Соңғы жылдары құқыққа қарсы әрекет жасайтын жасөспірмдердің криминогенді топтарының ірілену үрдісі байқалуда. Осындай топтардың үштен екісі әр түрлі жастағы жасөспірімдерден құралған, бұл жағдай осындай топтардың ұзақ мерзімді әрекет етуге деген ынтасын көрсетеді.

Жасөспірімдердің арасында қылмыстардың қайталануы жыл сайын өсу үстінде, соңғы бес жылда кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстардың қайталануы 42, 7 пайызға өскен.

Бірқатар құқықтық - әлеуметтік зерттеулердің мәліметтері ұрлық, бұзақылық, және тұлғаның жеке басына қол сұғушылық жасаған әр үш қылмыскердің екеуі өздерінің қылмыстарын кәмелетке толмай тұрған кезінде жасағандығын көрсеткен. Бұл көрсеткіш ұры - рецидивисттердің арасында бұдан да жоғары. Келтірілеген мәлімет жастар қылмыстылығы мен кәмелетке томағандар қылмыстылығының байланысын айқын көрсетіп отыр.

Кәмлетке толмағандардың қылмыстылығы жастардың қылмыстылығының көлеңкесі сияқты көрінеді. Себебі кәмелетке толмағандар үлкендердің әрекеттерін қайталағысы келіп, ересектер қылмыскерлердің қатары кәмелетке толмағандар есебінен толықтырылады. Ересектердің қылмыстылығының кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына әсері көп жағдайда тағы да бір буын - жастардың қылмыстылығы арқылы жүзеге асырылады. Сол себепті кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын қазіргі жағдайымен ғана сипаттау дұрыс емес. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы - бұл жалпы қылмыстылықтың бастапқы сатысы ғана. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының басқа жастық топтармен тығыз байланысының өзі оның аса қауіптілігін айқын көрсетеді. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы басқа жастық топтармен жасалатын қылмыс түріне байланысты ажыратылады. Пайдақорлық ниетпен жасалған қылмыстарды жасаудағы үлкендер мен кішілердің арасындағы байланыс, зорлық зомбылық қылмыстарымен салыстырғанда тығыз [8, 420б. ] .

Ересектердің зорлық зомбылық қылмыстарындағы байланыстың бәсең болуы - қылмыстлықтың осы түрінің өмірдің әр түрлі салаларында көрінетіндіктен болып отыр. Себебі кәмелетке толмағандарда бұл негізінен бос уақытындағы қылмыстар болса, ересектерде бұл кәсіби қылмыс болып табылады.

Соңғы жылдары зорлық көрсету әрекеттері қоғамның барлық саласына тарала бастады. Оның себебі қоғамдағы, адамдар бойындағы құндылықтар өлшемінің өзгергендігінде болып отыр. Оның үстіне әлеуметтік шиеленіс пен экономикалық дағдарыс та адамда болашаққа деген сенімсіздік тудырады.

Бүгінде кәмелетке толмағандардың қылмыстық қылықтарына қатысты мәселе жалпы қоғам дамуының бір көрсеткішіне айналып отыр. Жас ерекшеліктеріне байланысты кәмелетке толиағандар жасаған қылмыстар өздерінің қатыгездік сипаты жағынан ересектердікінен асып түседі. ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі статистикалық мәліметтер негізінде, «Қазақстанда қылмыстылық кең тараған орта ­ кәмелетке толмағандар ортасы» деп айта аламыз. Жастар арасындағы теріс көріністерді криминологиялық зерттеу бұл ортада менмендіктің, қатыгездіктің, маскүнемдіктің, нашақорлықтың, құқықтық сауатсыздықтың және басқадай қоғамға жат қылықтардың етек алғандығын көрсетті. Бельгияның ХӀХ ғасырдағы белгілі статисі А. Кетле: «Барлық қылмыстарды қоғамның өзі даярлайды, ал қылмыскер - оны орындаушы ғана. Әрбір жаңа қоғамдық құрылыс өзімен бірге көптеген қылмыстар алып келеді», - деп жазды.

«Кәмелетке толмағандар қылмыстылығын қоғамның өзі тудырады, оны тек ірі әлеуметтік-экономикалық процестерді жетілдіру арқылы азайтуға болады», - дейді Е. Т. Әбілезов. Жастар арасындағы криминогендік ахуал жылдан жылға нашарлауда. Олар жасаған қылмыстардың 80% ауыр және аса ауыр қылмыстарға жатады. Кәмелетке толмағандардың өздері жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған кісі өлтіру, тонау, ұрлау сияқты қылмыстар саны жылдан жылға көбеюде. Қазақстан Респубдикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өз сөзінде жасөспірімдер ортасының криминалдану мәселесі мемлекеттің бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселелерінің қатарына қойылғандығын айтады. Кәмелетке толмағандардың құқықтық санасының төмендігі, олар тап болған жағдайдың қиындығы қалайда қылмыстық әрекеттің жасалуына себеп болады. Бұл қылмыстылықтың статистикасы жалпы қоғамдағы, әсіресе жастар ортасындағы әлеуметтік өмірдің айнасы ісетті. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жайы, бір жағынан, қоғамда қалыптасқан криминалды ахуалды көрсетеді, екінші жағынан - қоғам мен құқық қорғау органдарының қылмытылықпен күрестегі қабілетін сипаттайды. Мысалы, мемлекеттің қылмыстық саясатқа және жазалау практикасына өзгеріс енгізуіне байланысты кәмелетке толмағандар қылмыстылығының сандық сипаттамасы да өзгереді. Кәмелетке толмағандар қоғамдағы оң, теріс өзгерістерге ересектерден жылдам көңіл аударады, оны қылмыстылық динамикасынан көруге болады, онда белгілі бір тербеліс байқалады, оны «толқын сияқты қозғалыс» деп атайды. Мысалы, криминологиялық зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай, кәмелетке толмағандар қылмыстылығы 1993 жылға дейін өскен, содан соң ол абсолюттік көрсеткіші бойынша да, коэффициент бойынша да төмендей бастаған. Реформа жылдары оның динамикасының шарықтау шыңы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ең қиын кезең - 1993 жылға келді. Одан кейінгі төрт жыл бойы (1994-1997 жылдар) Қазақстанда кәмелетке толмағандар қылмыстылығының біршама төмендеп тұрақтағандығы байқалды. Бірақ 1998-1999 жылдары кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны қайта өсе бастады, 2000-2002 жылдары қайтадан төмендеп, 2003-2005 жылдары қайтадан өсті. Алматы облысындағы кәмелетке толмағандар қылмыстылығының 2002-2005 жылдарғы статистикалық мәліметтеріне жасалған [9, 225б. ] .

Алматы өңірінде етек алғандығын, олардың жалпы қылмыстар ішіндегі үлесі 10, 5% екендігін көрсетті (жалпы қазақстандық көрсеткіш - 9%) . Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстар саны біршама азайғанмен, ондай қылмыстылықты сылтауының нашарлауымен байланысты бірқатар теріс өзгерістердің пайда болғандығын атамауға болмайды. Кәмелетке толмағандар бұрындары оларға тән емес қылмыстарға қатыса бастады - аманат басып алуға, бопсалауға, заңсыз бостандықтан айыруға, қару қолдануға, есірткі заттарының заңсыз айналымына және басқаларға. Олардың ішімдікке, есірткі заттар қолданып мас күйде қылмыс жасауы көбейді. ОҚО-да соңғы бес жылда (2007-2011 жылдары) кәмелетке толмағандар қылмыстылығы 2037-ден 2519-ға дейін өсті, оны барлық тіркелген қылмыстар ішіндегі үлесі 5, 8% болды. Топ болып 430 қылмыс, ересектердің қатысуымен 760 қылмыс жасалған (2010 жылғы өсім 3, 3% құраған) . 2013 жылы ОҚО-да кәмелетке 29 кісі өлтірген, ол өткен жылмен салыстырғанда 7, 4%-ға көп. Аса ауыр қылмыстар саны 106-дан 124-ке дейін өсті (17%) . Сонымен қатар тонау мен ұрлау саны 342-ге дейін (2014 жылы - 391, яғни - 12, 5%), ауыр қылмыстар 752-ге дейін (-13, 2%), бұзақылық 8-ге дейін (-62%) азайды. Айта кететін бір жағдай - кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жоғары латенттік сипаты бар. Егер жалпы қылмыстылықтың жайы мен дамыту үрдісін жыл сайын тіркелген қылмыстардың санымен анықтасақ, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын тек ашылғын қылмыстар бойынша анықтаймыз, ал қылмыстардың 30%-ы ашылмай қалады, олар статистикалық мәліметте көрініс таппайды. К. К. Горяинов латенттіктің есептік деңгейін 70%-ға теңейді. Басқа зерттеушілердің пікірінше, қылмыстардың түрлері бойынша 40%-дан (жалпы қылмыстық әрекеттер) 95%-ға (экономикалық) дейін қылмыстар тіркелмей қалады екен. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының латенттігінің жоғары болу себебі - азаматтардың құқық қорғау органдарына жүгінбеуінде. Криминологтардың мәліметтері бойынша, сұралған азаматтардың бесеуінің біреуіне жыл бойында кәмелетке толмағандар тарапынан қастандық жасалған, ол жәбірленгендердің 45, 5%-ы құқық қорғау органдарына арызданбаған. Оның үстіне кәмелетке толмағандардың біраз қылықтарын «балалықтың әсері» деп санаймыз (оқу орнында, дүкенде ұрлық жасау, бұзақылық, әлі жеткеннің ақшасын тартып алу және т. б. ), олар жайында ешқайда хабарламаймыз. Ондай жағдайларда көбіне келісе саламыз. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қылмысты жасыруы да кәмелетке толмағандар қылмыстылығының латенттігін көтереді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар қылмыстылығының сандық көрсеткішінде оң өзгеріс болғанмен, онда сапалық және құрылымдық жағынан теріс сипат бар. Мысалы, 2005 жылы кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың жалпы құрылымында ауыр және аса ауыр қылмыстар 73, 6% құрады, ұрлықтың үлесі 2007 жылғы 8, 0%-дан 2008 жылғы 10, 1%-ға дейін, қарақшылық 3, 2%-дан 4, 3%-ға дейін, кісі өлтіру 0, 9%-дан 1, 2%-ға дейін, ауыр дене жарақатын салу 1, 5%-дан 2, 1%-ға дейін өсті. Қоғамға қауіптілігі едәуір қылмыстардың өсу қарқыны 2007-2008 жылдары 16-17 жастағыларға қарағанда 14-15 жастағыларда 5%-ға жоғары болған. Сондықтанда соңғы жылдары 14-15 жастағы жасөспірімдердің қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар арасындағы үлесі 27-30%-дан түспей тұр, ал сотталғандар арасындағы үлесі - 31-33% [10, 252б. ] .

Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының қоғамға қауіптілігі және ұйымдасқандығы, пайдакүнемдігі және зорлықшыл сипат алуы, жасөспірімдердің қылмыстылықпен жүйелі түрде айналысуы кәмелетке толмаған қылмыскердің жеке басының қоғам үшін аса қауіптігін көрсетеді. Айта кететін бір жағдай, соңғы жылдары бас пайданы көздеген қылмыстарды зорлықшыл қылмыстар ығыстыра бастады. Мысалы, 2008 жылы кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы құрылымындағы ұрлықтың үлесі 59, 0%-дан 47, 3%-ға төмендесе, бұзақылық, керісінше, 5, 9%-дан 9, 2%-ға көтерілген.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жайы мен динамикасын бағалағанда қылмыстардың бұл тобының бірыңғай есебі жоқ екендігін ескеру керек. Статистикалық тіркеуге алғанда олар әртүрлі негіздер: қастандық жасалған нысан, ауырлық дәрежесі, жасалған жері және т. б. бойынша бөлінеді. Сондықтан да осы қылмыстарға түрлер бойынша бөлек-бөлек талдау жасаймыз, баға береміз, болжам құрамыз.

Кәмелетке толмағандардың зорлықшыл қылмыстылығының сандық өзгеруін теріс үрдісін Алматы облысы мен Алматы қаласының БІІБ-ларының ресми статистикалық мәліметтері көрсетіп отыр. Мысалы, бұл аймақтарда соңғы жылдары кәмелетке толмағандардың зорлықшыл қылмыстарының саны тиісінше 43, 8% және 35%-ға өскен, ал жалпы құрылымындағы үлесі 1999-жылғы 12, 9% және 15, 2%-дан 2003 жылғы 27, 8% және 26, 2%-ға дейін өскен.

Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының құрамында осы талданып отырған кезеңде Алматы облысында адам өлтіру 22%-ға (2006 жылы - 14; 20011 ж. - 18), әйел зорлау - екі еседен аса (19/8), ауыр дене жарақатын салу үш есеге жуық (45/16), қарақшылық шабуыл жарты есе (59/114) ; ОҚО-да денсаулыққа ауыр және жеңіл зиян келтіру 50%-дан аса, қарақшылық жасау үштен бірге (61/81), тонау 35%-ға (164/253) өскен.

Сонымен кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың басым көпшілігі ұрлық болғанмен, зорлықшыл қылмыстарда едәуір және олар барған сайын көбейіп келеді. Міне осы жағдай соңғы кездері мамандарды да, қоғамды да алаңдатып отыр. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығында аймақтық сипат бар, бұл жерде 100 мың адамға шаққанда 14-17 жастағылардың қылмыстық деңгейін ескеру керек. Кәмелетке толмағандардың қылмысқа бой алдыру коэффициенті батыстан шығысқа қарай едәуір өседі. Мысалы, «барлық қылмыскерлер ішіндегі кәмелетке толмағандар үлесі азайғанмен олардың 100 мың адамға шаққандағы деңгейі 2005 жылғы 89, 2 адамнан 2012 жылғы 187, 9 адамға дейін артқан. Қылмыстар деңгейінің Қазақстандағы орташа көрсеткіштеріне қарағанда, Алматы қаласы мен облысында жылдық өсу қарқыны жоғары. Бұл аймақтар тек жастар не олардың қатысып, топтасып жасаған қылмыстар жағынан да алда келеді. Қылмыстар саны 2010 жылы біршама азайғанмен, бұл күрделі мәселе сол қалпы қалуда, себебі кәмелетке толмаған қылмыскерлер коэффициенті аталған облыстарда жалпы Қазақстан Республикасы бойынша бір жарым есе жоғары». Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша кәмлетке толмаған қылмыскерлер санының 100 мың адамға шаққандағы орташа жылдық өсімі - 6, 5%. Ұлдар көрсеткіші 2008 жылғы 82, 3 адамнан 2011 жылғы 105, 4 адамға дейін, қыздардікі - тиісінше 6, 9-дан 9, 5-ке дейін өскен. Соңғы жылдары кәмелетке толмаған қыздар деңгейі орташа 8, 1%, ұлдар - 6, 4% болды. Кісі өлтіру, тонау, қарақшылық жасау, сондай-ақ денсаулыққа қатты зиян келтіру сияқты қылмыстар жасаған кәмелетке толмаған қылмыскерлер саны жағынан да ШҚО және Алматы облыстары «алдыда» келеді. Бұлардың көрсеткіштері орташа Қазақстан бойынша айтылған көрсеткіштен екі еседей жоғары. [11, 312б. ] .

Қылмыстардың соңғы бес жылғы орташа өсу қарқыны кәмелетке толмаған зорлықшыл қылмыскерлер санының жалпы динамикасын көрсетеді. Мәліметтерге жүгінетін болсақ, қылмыстардың ең жоғарғы өсу қарқыны кісі өлтіру, екінші орында - қасақана ауыр дене жарақатын салумен байланысты қылмыстар, одан кейінгі мүліктік қылмыстар, қарақшылық жасағандар, тонағандар және жыныстық қылмыстардың жасалуы.

Зорлықшылық қылмыс жасап, сотталғандар санының көбейіп келе жатқандағы алаңдатпай қоймайды. Мысалы, заңгер-ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, 2005жылы Қазақстанда қылмыстың барлық түрлері бойынша 146 мыңдай кәмелетке толмаған сотталған, оның 1079-ы қасақана кісі өлтіргендер. Олардың ішінде 65698 кісі толық емес отбасында немесе отбасынан тыс тәрбиеленген, қылмыс жасаған кезде 53911 кісі жұмыс істемеген не оқымаған.

2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылдың басында кісі өлтіргені үшін сотталған кәмелетке толмағандар саны 5, 5%-дан 8, 6%-ға дейін, қарақшылық жасағандар 12, 6%-дан 15%-ға дейін өскен. Алматы облысы мен ОҚО-да сотталған кәмелетке толмағандар арасында зорлықшылық қылмыс жасап сотталғандар санының ұлғайып келе жатқандығы байқалады. Мысалы, Алматы облысында ондай қылмыс жасап 207 жылы 603 жасөспірім сотталса, ол көрсеткіш 2003 жылы - 715-ке жеткен, ал ОҚО-да мұндай көрсеткіштер тиісінше 474 және 503 [12, 342б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру
Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі
Кәмелетке толмағандармен жасалатын зорлықшыл қылмыстылығының криминологиялық сипаттамалары
«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ»
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықты талдау
Криминология пәнінің түсінігі
Қазақстандағы бүгінгі әйелдер қылмыстылығының жалпы криминологиялық сипаттама беру
Әйелдер қылмыстылығы: түсінігі және оны алдын-алу шаралары
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері мен жағдайлары
Кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz