Қаржылық тәуекелдік


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1қАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. . 6
1. 1 Тәуекелдік мәні және экономикалық мазмұны . . . 6
1. 2 Тәуекелдерді бағалау әдістері . . . 12
1. 3 Бағалы қағаздар қоржынын басқару, инвестициялық қоржын ішіндегі қаржы активтерінің ерекшеліктері . . . 22
2 ТӘУЕКЕЛ-МЕНЕДЖМЕНТТІҢ БАНК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ . . . … . . . 28
2. 1 Қаржылық тәуекелдерді басқару жүйесіні ерекшеліктері . . . 28
2. 2 Қаржылық тәуекел басқару объектісі ретінде және оны төмендету тәсілдері36
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТАЛДАУ . . . 43
3. 1 Кәсіпорынның тәуекелдерін қаржылық көрсеткіштер бойынша талдау әдістемесі . . . 43
3. 2 Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін талдау және оны төмендету жолдары. 50
Қорытынды . . . 63
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 65
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел - бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың қабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез-келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі [3, 34] .
Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады [4, 27б] .
Тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық менеджмент әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты әсер етуге болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел-менеджменті болып табылады. Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау және төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы нарықтық экономикада үдей түседі. Шаруашылық жүргізуші субьектінің дұрыс ұйымдастырылған тәуекелдік менеджменті табыстылық кепілі болып табылады.
Диплом жұмысында сипатталғандай тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын, қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.
Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді.
Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдылығын білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдығын да қарастыруы керек.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қандай да бір жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер қолайсыз нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек.
Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджирлеу жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады.
Кәсіпкерлік тәуекел бұл бизнестің түріне байланысты компания қызметінің тәуекелі. Оның негізгі түрлері: өндірістік, коммерциялық және қаржылық тәуекел [4, 34б] .
Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қателері, көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды төлеу.
Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Оның себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті.
Қаржылық тәуекелді басқару процесі бес сатыдан тұрады:
- мақсаттарды анықтау;
- тәуекелді анықтау;
- тәуекелді бағалау;
- оларды жүзеге асыру;
- нәтижелерді бағалау.
Қаржылық тәуекел кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері: қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынастарының көлемінің жоғарылауы, кредиторларға тәуелділік, капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға бір мезгілде көп қаражат жұмсау.
Экономика дағдарыс сынағына түсіп және кәсіпорындар барлық ішкі ресурстарын жұмылдыруға шарасыз болған қазіргі жағдайлардағы кәсіпорынның қаржылық күйі мен оны талдау әдістемесі; бұл үдерісте шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметін қаржылық талдау үлкен роль атқарады.
Қаржылық талдау экономикалық үдерістер мен экономикалық қатынастарды зерттеу үшін қолданылады, ол шаруашылық жүргізуші субъектінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді және оптималды (үйлесімді) басқару шешімін қабылдау үшін пайдаланылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін қаржылық талдау, қаржылық ресурстарды қолданудың ең тиімді әдістерін анықтауға және шаруашылық жүргізуші субъектінің құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Одан өзге, қаржылық талдау шаруашылық жүргізуші субъектінің жеке көрсеткіштерін және жалпы қаржылық қызметтің көрсеткіштерін болжаудың құралы ретінде де қабылданады.
Қаржылық талдау ұйымның ақшалай қаражатының қаржылық ағымының қозғалысының дұрыстығын бақылауға және қаржылық, материалдық ресурстардың жұмсалуының мөлшері мен нормативінің сақталуын тексеруге, жұмсалған шығынның тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау аналитикалық ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік беретін қаржылық талдауды зерттеу қажеттілігімен шартталған.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - қаржылық тәуекелдің мәнін толығырақ ашып, нақты банк мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның кемшіліктері мен осал жақтарын анықтап, оларды түзету және жетілдіру жолдарын ұсыну.
Қаржылық тәуекел мына операциялардан алынған шығындарда көрсетіледі: несиелік, инвестициялық, құнды қағаздар эмиссиясы.
Айналым және өндіріс өрісіндегі кәсіпорындар үшін қаржылық тәуекелдің кұрамдастарын ажырата білу керек: несиелік, пайыздық, валюталық айырылып қалған пайда тәуекелі, инвестициялық тәуекел, салықтық тәуекел.
Несиелік капитал нарығының қатысушылары қаржылық тәуекел деп әдетте клиенттің төлем қабілетсіз болуына байланысты міндеттемелерді орындай алмау қаупінен туындайтын жалпы экономикалық тәуекелдің бір түрін түсінеді.
Қаржылық тәуекелді шешуге нақты қаражаттарды таңдаған кезде инвестор келесі принциптерді назарда ұстауы керек: меншікті капитал мүмкіндігінен артық тәуекелге бармау керек, аз нәрсе үшін көп нәрсені тәуекелге салмау керек, тәуекелдің нәтижесін алдын ала білуге тырысу қажет. Яғни берілген тәуекел бойынша, мүмкін болатын шығындардың ең көп мәнін есептеп, содан соң берілген тәуекелге итермелейтін кәсіпорынның капитал көлемімен салыстыру керек, содан кейін барып мүмкін болатын шығындарды жалпы ақша қаражаттарының көлемімен салыстыру керек. Сонда ғана бұл тәуекел кәсіпорынды банкроттық жағдайға әкелмейтінін анықтауға болады. Басқаша айтқанда, бұл тәуекелді басқарудың жалпы стратегиясы [4, 68б] .
1 Қаржылық тәуекелдіктің теориялық негіздері
1. 1 Тәуекелдік мәні және экономикалық мазмұны
Кез келген кәсіпорынның қаржылық әрекеттерінің барлық түрлері көптеген тәуекелмен тығыз байланысты болады. Оның ықпал ету дәрежесі нарықтық экономикаға байланысты біршама артуда.
Тәуекел шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты категориялардың ішінде ең күрделілерінің бірі болып табылады. Әдебиеттерде бұл категорияға әртүрлі түсінік береді. Мысалы, отандық әдебиетіміз - Р. Ә. Әмірқанов және А. Қ. Тұрғұлованың "Қаржы менеджменті" атты еңбегінде "Тәуекел - бұл бір жағынан, барынша мүмкінді қауіптілік, ресурстардан айырылу мүмкіндігі немесе ресурстарды ұтымды пайдаланудан алынатын табысты толық алмау, басқа жағынан, тәуекелдің арқасында қосымша пайда табу мүмкіндігі" делінген. Шынында да тәуекелдің салдарын біз алдын-ала нақты айта алмаймыз. Тәуекелге бару арқылы кәсіпорын табыс табуы да мүмкін, сонымен қатар оның шығынға ұшырамайтынына да ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан да қаржы менеджменті табыс алу мүмкіндігін ылғи да тәуекелмен байланыстырады. Тәуекел және табыс - өзара байланысты қаржылық категориялар [5, 12б] .
Ресейдің профессоры Е. С. Стоянованың "Финансовый менеджмент" оқулығында тәуекелге келесідей анықтама берілген: "Тәуекел деп қандай да бір табиғат құбылысы немесе адамның қандай да бір қызмет түрінің ерекшелігінен туындайтын шығындалу қауіптілігі түсіндіріледі". Осы орайда қаржы менеджері үшін тәуекел - бұл жағымсыз нәтиже ықтималдылығы. Әртүрлі инвестициялық жобалардың тәуекелдік деңгейі әртүрлі болады, салымдар салудың ең жоғары табысты вариантының тәуекелі тым жоғары болуы мүмкін.
Тәуекел - бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Сондай-ақ, тәуекелге экономикалық категория ретінде келесідей негізгі белгілер тән:
1. Экономикалық табиғаты. Тәуекел кәсіпорынның экономикалық қызметінің сферасында көрініс табады, оның табыстарын қалыптастырумен тікелей байланысты және қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде кәсіпорынның экономикалық залалдарға ұшырау мүмкіндігімен сипатталады. Өзінің көрініс табуының аталған экономикалық формаларын ескере отырып, тәуекел экономикалық категория ретінде сипатталады, шаруашылық процесті жүзеге асырумен байланысты экономикалық категориялар жүйесінде белгілі бір орын алады.
2. Көрініс табу объективтілігі. Тәуекел кез-келген кәсіпорынның қызмет етуіндегі объективті құбылыс болып табылады, ол кәсіпорынның қаржылық қызметінің барлық дерлік бағыттарымен және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен бірге қабаттаса жүреді. Тәуекелдердің параметрлерінің бірқатары субъективті басқарушылық шешімдерге байланысты болғанымен оның көрініс табуының объективті табиғаты өзгермей қала береді.
3. Жүзеге асыру ықтималдылығы. Тәуекел категориясының ықтималдылығы кәсіпорынның қаржылық қызметін жүзеге асыру процесінде тәуекелді жағдай болу мүмкіндігімен де, болмау мүмкіндігімен де айқындалады. Бұл ықтималдылықтың дәрежесі объективті де, субъективті де факторлармен анықталады, бірақ тәуекелдің ықтималдылық табиғаты оның тұрақты белгісі болып табылады.
4. Салдарлардың белгісіздігі. Тәуекелдің бұл белгісі оның қаржылық нәтижелерінің, бірінші кезекте жүзеге асырылатын қаржылық операциялардың табыстылық деңгейінің толық айқындылықпен шешілмеуімен анықталады. Қаржылық операциялардың нәтижелілігінің күтілетін деңгейі тәуекелдің түрі мен деңгейіне байланысты айтарлықтай кең көлемде ауытқуы мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда, тәуекел кәсіпорын үшін айтарлықтай қаржылық залалдар да әкелуі мүмкін, сондай-ақ кәсіпорын үшін қосымша табыстар да қалыптастырылуы мүмкін.
5. Салдарлардың күтілетін қолайсыздығы. Жоғарыда тәуекелдердің көрініс табуының салдарлары қаржылық қызметтің қолайсыз да, қолайлы да нәтижелілігімен сипатталуы мүмкін деп айтылғанмен, бұл тәуекел шаруашылық тәжірибеде мүмкін болатын қолайсыз салдарлардың деңгейімен сипатталады және өлшенеді. Бұл тәуекелдің тым қолайсыз салдарлары тек ғана табыстардың ғана емес, сондай-ақ кәсіпорын капиталының да жоғалуына әкелу мүмкіндігімен анықталады, ал бұл кәсіпорынның банкроттыққа ұшырауына (яғни кәсіпорын қызметінің қайтып оралмас қолайсыз салдарларына) әкеледі.
6. Тәуекел деңгейінің өзгергіштігі. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің белгілі бір түріне немесе қандай да бір қаржылық операцияға тән тәуекелдің деңгейі тұрақты болып табылмайды. Ең алдымен, ол уақыт бойынша айтарлықтай өзгеріп отырады, яғни қаржылық операцияны жүзеге асыру ұзақтылығына байланысты болады, өйткені уақыт факторы тәуекел деңгейіне өзіндік ықпал етеді (бұл салынатын қаржылық қаражаттардың өтімділік деңгейі арқылы, қаржы нарығындағы қарыздар бойынша пайыздық қойылымдардың өзгерісінің белгісіздігі және тағы басқалар арқылы көрініс табады) . Сонымен қатар, тәуекел деңгейінің көрсеткіші үнемі динамикалық өзгерісте болып отыратын көптеген объективті және субъективті факторлардың ықпалынан да айтарлықтай ауытқып отырады.
7. Бағалау субъективтілігі. Экономикалық құбылыс ретіндегі тәуекелдің объективті табиғатына қарамастан, оның негізгі бағалану көрсеткіші - тәуекел деңгейі - субъективті сипатқа ие. Бұл субъективтілік, яғни осы объективті құбылыстың бағалануының бір мәнді болмауы ақпараттық базаның толықтылығы мен ақиқаттылық деңгейінің әртүрлілігімен, қаржы менеджерлерінің мамандану дәрежесімен, олардың тәуекелдерді басқару сферасындағы тәжірибесімен және тағы басқа да факторлармен анықталады.
Тәуекел категориясының қарастырылып өткен белгілері оны келесідей етіп түсіндіруге мүмкіндік береді: Кәсіпорынның тәуекелі деп - оның қаржылық қызметінің жүзеге асырылу шарттарының белгісіздігі жағдайында табыстар жоғалту немесе капитал жоғалту формасында жағымсыз қаржылық салдарлардың пайда болу ықтималдылығы түсіндіріледі [6, 23б] .
Әрине, тәуекелден қашуға, яғни тәуекелмен байланысты шаралардан бас тартуға болады. Бірақ кәсіпкер үшін тәуекелден қашу көбінесе мүмкін пайдадан бас тартуды білдіреді.
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелді оқиғаның пайда болуын қандай да бір дәрежеде болжауға мүмкіндік беретін әртүрлі шараларды қолдануға және тәуекел дәрежесін төмендетуге шаралар қабылдауға болады. Тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі көпшілік жағдайда тәуекелдің сыныпталуымен анықталады.
Сурет 1 - Тәуекелдерді басқарудың жалпы схемасы
Ескерту - [3] әдебиеттен алынған.
Тәуекелдердің сыныпталуы деп - белгілі бір мақсатқа жету үшін қандай да бір белгілер бойынша тәуекелдерді жеке топтарға бөлуді түсінуге болады. Тәуекелдердің ғылыми негізделген сыныпталуы әрбір тәуекел түрінің олардың жалпы жүйесіндегі нақты орнын анықтауға мүмкіндік береді. Тәуекелдердің сыныпталуы тәуекелдерді басқарудың сәйкес тәсілдері мен әдістерін тиімді пайдалануға мүмкіндік тудырады. Тәуекелдің әрбір түріне тәуекелді басқарудың өз тәсілі сәйкес келеді.
Тәуекелдерді сыныптау өзіне тәуекелдердің категорияларын, топтарын және түрлерін қамтиды [3, 42б. ] .
Мүмкін болатын нәтижеге байланысты тәуекелдерді екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивті тәуекелдер.
Таза тәуекелдер теріс немесе нөлдік нәтиже aлy мүмкіндігін білдіреді. Мұндай тәуекелдерге табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдердің кейбір түрлері (мүліктік, өндірістік және сауда тәуекелі) жатады.
Спекулятивті тәуекелдер оң нәтиже де, сондай-ақ теріс нәтиже де алу мүмкіндігімен айқындалады. Оларға коммерциялық тәуекелдердің бір бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер жатады.
Пайда болуының негізгі себебіне байланысты тәуекелдер келесідей категорияларға бөлінеді: табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер.
Табиғи тәуекелдерге табиғаттың апатты күштерінің көрініс табуымен, яғни жер сілкінісімен, су тасқынымен, боранмен, өртпен, эпидемиямен және тағы басқалармен байланысты тәуекелдер жатады.
Экологиялық тәуекелдер - бұл қоршаған ортаны ластаумен байланысты тәуекелдер.
Саяси тәуекелдер - елдегі саяси жағдаймен және мемлекеттің қызметімен байланысты тәуекелдер. Саяси тәуекелдер өндірістік-сауда процесінің шаруашылық субъектіге байланыссыз себептер бойынша бұзылуынан пайда болады.
Транспорттық тәуекелдер - бұл жүктерді автомобильмен, су көлігімен, өзен көлігімен, теміржол көлігімен, самолеттермен және тағы басқа да көлік түрлерімен тасумен байланысты тәуекелдер.
Коммерциялық тәуекелдер - қаржылық-шаруашылық қызмет процесінде залалдарға ұшырау қауіптілігі. Олар коммерциялық мәміле нәтижесінің белгісіздігін білдіреді.
Құрылымдық белгілері бойынша коммерциялық тәуекелдер мүліктік, өндірістік, сауда, қаржылық тәуекелдерге бөлінеді.
Мүліктік тәуекелдер - бұл кәсіпкер-азаматтың ұрлық, диверсия, техникалық және технологиялық жүйелердің бұзылуы нәтижесінде мүлкін жоғалту ықтималдылығымен байланысты тәуекелдер.
Өндірістік тәуекелдер - бұл әртүрлі факторлардың ықпалы нәтижесінде өндірістің тоқтап қалуынан болатын шығындармен байланысты және өндіріске жаңа техника мен технологияны өндірумен байланысты тәуекелдер.
Сауда тәуекелі - бұл төлемдерді кешіктіру, тауарларды жөнелту кезінде төлемдерді жүргізуден бас тарту, тауарды уақытында жеткізбеу себептері бойынша шығындармен байланысты тәуекел.
Қаржылық тәуекелдер - қаржы ресурстарын жоғалту ықтималдылығымен байланысты болады.
Жұмыстың тақырыбы қаржы тәуекелімен байланысты болғандықтан қаржы тәуекеліне тереңірек тоқталамыз.
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т. б. ) қатынасы процесінде пайда болады.
Қаржы тәуекелінің туындау себептері - инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т. б.
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:
- ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
- капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер) .
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.
Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция - инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.
Инфляциялық тәуекел - инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден гөрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.
Дефляциялық тәуекел - дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді.
Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.
Өтімділік тәуекелі - тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.
Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:
- жіберіліп алған пайда тәуекелі;
- табыстылықтың төмендеу тәуекелі;
- тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.
Жіберіліп алған пайда тәуекелі - белгілі бір шараларды (мысалы, сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау т. с. с. ) іске асырмау нәтижесінде жанама (қосымша) қаржылық зиянның (алынбаған табыс) туындау тәуекелі.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі портфельдік инвестициялар, салымдар және несиелер бойынша дивидендтер және пайыздар мөлшерінің төмендеу нәтижесінде туындауы мүмкін [7, 233б. ] .
Портфельдік инвестициялар инвестициялық портфельдің пайда болуымен байланысты және бағалы қағаздар және басқа активтерді сатып алумен түсіндіріледі. «Портфельдік» термині итальян сөзінен «Porte foglio» шығып, инвесторда бар бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады: пайыздық тәуекелдер және несиелік тәуекелдер.
Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің, инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар, сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі жатады.
Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсімі бағалы қағаздардың бағамдық құнының төмендеуіне алып келеді, әсіресе тұрақты пайызды облигацияларға қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін. Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға өз қаражатын салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата алмайды.
Тұрақтандырылған деңгеймен салыстырғандағы орташа нарықтық пайыздың төмендеуі кезінде тұрақты пайызды орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды айналысқа шығарған эмитент пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, эмитент нарықтан төмен пайызды қаражаттар тарта алатын еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздармен байланысты.
Тәуекелдің бұл түрі инфляция жағдайында пайыздық мөлшерлемелердің тез өсуі кезінде қысқа мерзімді бағалы қағаздар үшін де мән береді.
Несиелік тәуекел - қарыз алушының негізгі қарыз және несиегерге жататын пайыздардың төленбей қалу қаупі. Несиелік тәуекелге сонымен қатар қарыздық бағалы қағаздар шығарған эмитент қағаздар бойынша пайыздар немесе қарыздың негізгі сомасын төлей алмайтын жағдай да жатады.
Сонымен қатар несиелік тәуекел тікелей қаржылық жоғалтулар түрлілігі болуы мүмкін.
Тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі келесі түрлерін қамтиды: биржалық тәуекел, селективтік тәуекел, банкроттық тәуекел, сонымен қатар несиелік тәуекел.
Биржалық тәуекелдер өзімен бірге биржалық мәмілелерден жоғалту қаупін ұсынады. Бұл тәуекелдерге келесілер жатады: коммерциялық мәмілелер бойынша төлемеу тәуекелі, брокерлік фирманың комиссиялық сыйақы төлемеу тәуекелі және т. б.
Селективтік тәуекелдер (латын тілінен selectio - таңдау, сұрыптау) - инвестициялық портфель қалыптастырудағы басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда инвестициялау үшін бағалы қағаздардың түрін, капитал салымының әдісін дұрыс емес таңдау тәуекелі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz