Үнді мұхиты



Кіріспе
І Үнді мұхиты жайлы жалпы мәліметтер
1.1. Мұхит суының физикалық және химиялық қасиеттері
1.2. Мұхит суындағы газдар
1.3. Мұхит суының тығыздығы
1.4. Мұхиттағы судың қысымы
1.5. Мұхит суының мөлдірлігі
1.6. Мұхит суының түсі
1.7. Мұхит суының температурасы
1.8. Мұхиттағы температураның тереңдік бойынша өзгеруі

ІІ Мұхит суының қозғалысы
2.1. Дүниежүзілік мұхит ағыстары
2.2. Үнді мұхитындағы ағыстар

ІІІ Мұхиттың өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Біртұтас Дүние жүзілік мұхит бөліктерге – мұхиттарға бөлінеді. Осы төртмұхиттың бірі Үнді мұхиты.
Үнді мұхиты жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, Африка, Австралия және Антарктида құрлықтарының аралығында.
Менің курстың жұмысым осы Үнді мұхитына арналады.
Атлант мұхитымен Ине мүйісінің меридианымен Африкадан Антарктидаға өтетін сызықпен шектеседі. Тынық мұхитпен арадағы шекара Малакка түбегінен басталып Суматра, Ява, Сумба Тимор, Танимбар және Чут аралдары арқылы Жаңа Гвинеяға, онан әрі Австралияға, Тасман аралдарына өтеді. Тасманиядан Антарктидаға дейінгі шекара 146 градус 55 / ш.б. меридианымен белгіленеді. Ауданы теңіздерімен қоса есептегенде
76,17 млн км2 , суының көлемі 282,6 млн км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 7729 м (Зонд шұңғымасы).
Солтүстік батысы мен шығысына негізгі, солтүстік- шығысына аккумулятивті жаға типті тән. Антарктидаға қараған жағаларын қайраң мұздығы басқан. Ірі теңіздер мен ірі шығанақтар түгелдей дерлік солтүстік және солтүстік- шығыс бөліктерінде (Қызыл, Арабия, Андаман, Тимор, Арафур теңіздері, Аден, Парсы, Оман, Бенгал шығанақтары). Оңтүстік бөлігінде Карпентария, Үлкен Австралия, Сент- Винсент, т.б. шығанақтар бар.
Аралдары – шығу тегі құрлықпен байланысты аралдар (ірілері: Мадагаскар, Шри- Ланка және Сокотра, ұсақтары: Занзибар, Мафия, Пемба, т.б.) жағаға жақын орналасқан. Мұхиттың батыс бөлігінде жанартаулық шағын аралдар көп (Крозе, Принц Эдуард, Комор, Амирант, Сейшель, Маскарен т.б.).
1. Богданов Д.В. География Мирового океана. М. Наука. 1978.
2. Биология океана. Под редакцией М.Е. Виноградова. М. 1977.
3. Горбацкий Г.В. Физико- географическое районирование Арктики, Ч.3 Арктический бассейн – М: «Наука», 1973.-237с.
4. Дрейк Ч., Имбри Дж. Океан сам по себе и для нас. М. 1982.
5. Дуванин А.Н. Мировой океан в современной жизни. М. 1974.
6. Индийский океан. Под редакцией К.К. Маркова. Л. 1982.
7. Конюхо А.И. Геология океана: загадки, гипотезы, открытия. М. 1989.
8. Львович М.И. Вода и жизнь. М. 1986.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Үнді мұхиты.

Жоспар:
Кіріспе
І Үнді мұхиты жайлы жалпы мәліметтер
1.1. Мұхит суының физикалық және химиялық қасиеттері
1.2. Мұхит суындағы газдар
1.3. Мұхит суының тығыздығы
1.4. Мұхиттағы судың қысымы
1.5. Мұхит суының мөлдірлігі
1.6. Мұхит суының түсі
1.7. Мұхит суының температурасы
1.8. Мұхиттағы температураның тереңдік бойынша өзгеруі

ІІ Мұхит суының қозғалысы
0.1. Дүниежүзілік мұхит ағыстары
0.2. Үнді мұхитындағы ағыстар

ІІІ Мұхиттың өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Үнді мұхиты жайлы жалпы мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..3
1.1. Мұхит суының физикалық және химиялық қасиеттері ... ... ... ... ...6
1.2. Мұхит суындағы газдар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3. Мұхит суының тығыздығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.4. Мұхиттағы судың қысымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.5. Мұхит суының мөлдірлігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.6. Мұхит суының түсі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.7. Мұхит суының температурасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.8. Мұхиттағы температураның тереңдік бойынша өзгеруі ... ... ... ... .17

ІІ Мұхит суының қозғалысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
0.3. Дүниежүзілік мұхит ағыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
0.4. Үнді мұхитындағы ағыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

ІІІ Мұхиттың өсімдігі мен жануарлар дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе
Біртұтас Дүние жүзілік мұхит бөліктерге - мұхиттарға бөлінеді. Осы төрт мұхиттың бірі Үнді мұхиты.
Үнді мұхиты жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, Африка, Австралия және Антарктида құрлықтарының аралығында.
Менің курстың жұмысым осы Үнді мұхитына арналады.

І.Үнді мұхиты туралы жалпы мәлімет
Атлант мұхитымен Ине мүйісінің меридианымен Африкадан Антарктидаға өтетін сызықпен шектеседі. Тынық мұхитпен арадағы шекара Малакка түбегінен басталып Суматра, Ява, Сумба Тимор, Танимбар және Чут аралдары арқылы Жаңа Гвинеяға, онан әрі Австралияға, Тасман аралдарына өтеді. Тасманиядан Антарктидаға дейінгі шекара 146 градус 55 ш.б. меридианымен белгіленеді. Ауданы теңіздерімен қоса есептегенде
76,17 млн км2 , суының көлемі 282,6 млн км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 7729 м (Зонд шұңғымасы).
Солтүстік батысы мен шығысына негізгі, солтүстік- шығысына аккумулятивті жаға типті тән. Антарктидаға қараған жағаларын қайраң мұздығы басқан. Ірі теңіздер мен ірі шығанақтар түгелдей дерлік солтүстік және солтүстік- шығыс бөліктерінде (Қызыл, Арабия, Андаман, Тимор, Арафур теңіздері, Аден, Парсы, Оман, Бенгал шығанақтары). Оңтүстік бөлігінде Карпентария, Үлкен Австралия, Сент- Винсент, т.б. шығанақтар бар.
Аралдары - шығу тегі құрлықпен байланысты аралдар (ірілері: Мадагаскар, Шри- Ланка және Сокотра, ұсақтары: Занзибар, Мафия, Пемба, т.б.) жағаға жақын орналасқан. Мұхиттың батыс бөлігінде жанартаулық шағын аралдар көп (Крозе, Принц Эдуард, Комор, Амирант, Сейшель, Маскарен т.б.). Үндістан түбегінен оңтүстік батысқа қарай дүние жүзіндегі ең ұзын Мальдив және Лаккадив маржан аралдар тізбегі солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км - ден аса қашықтыққа созылған.тропиктік ендіктерде басқа да көптеген маржан аралдар (Чагос, Кокос, Андаман, т.б.) таралған. Аралдардан басқа тереңдігі бірнеше ондаған метрге ғана жететін тайыз банктер кездеседі (Сая- де- Малья, Назарет, Кампече, т.б.).
Түпкі жер бедері мен шөгінділері - Үнді мұхитының орташа тереңдігі Тынық және Атлант мұхиттарындағыдай, бірақ абсолют тереңдігі жөнінен (7729 м) олардан көп кейін тұр. Құрлықтық қайраң енсіз (100- км-ден аспайды), тереңдігі 50- 200 м, тек Антарктида жағалауында ғана 300-500 м-ге дейін барады. Құрлықтық беткейді кей жерлерде өзен аңғарларының (Инд, Ганг, Брахмапура, Замбези, т.б.) су астындағы жалғасы және терең каньондар тілімдеген.
Мұхит ортасы жотасы айқын көрінеді, бірақ орта тұсынан батысқа қарай ығыса орналасқан. Ол Арабия - Үнді және Батыс Үнді су асты жотасынан құралған. Мұхит ортасы жотасынан оңтүстік - шығысқа Орта Үнді және Австралия- Антарктида, оңтүстік- батысқа Африка- Антарктида су асты жоталары тарайды. Мұхиттың дәл ортасын бойлап меридиан бағытында
5000 км-ге Шығыс Үнді су асты жотасы созылып жатыр. Су асты жоталары мен қыраттары мұхит шарасын қазаншұңқырларға бөледі. Бастылары: Сомали, Орта және Батыс Австралия, Африка- Антарктида. Солтүстік- шығысында мұхит түбінің өтпелі белдемінде, Зонд топаралы тізбегіне іргелес Зонд шұңғымасы өтеді (тереңдігі 7729 м). Қазаншұңқырлардың түбі құрлыққа таяу бөлігінде аккумулятивтік жазықты құрап, мұхиттың орталық бөлігінде төбелі жазық түрінде көрінеді. Мұхит шарасында жанартаулар көп таралған, олар кей жерлерде ірі массив түрінде шоғырланады немесе тізбек түзеді.
Құрлықтық беткейдің етегінде жиналған терригендік шөгінділер қалыңдығы 3-4 км-ге дейін баратын қабаттар құрайды. Мұхиттың неғұрлым терең орта тұсында тұнған қызыл саздың қалыңдығы 100 м-ден аспайды. Мұхит түбін негізінен фораминифера, диатом және маржан шөгінділері басып жатыр.
Пайдалы қазбалардан құрлықтық қайраңда мұнай мен газдың аса бай қоры шоғырланған (Парсы шығанағы мұнайлы- газды алабы). Риф белдемдерінде металл кендері шоғырланған (хром, темір, марганец, мыс кендері).
Климаты- климат жағдайлары негізінен оңтүстік жарты шарда орналасуымен байланысты. Мұхит солтүстік жарты шарда Шаян тропигіне дейін ғана созылады. Сондықтан термикалық экватор оңтүстік жарты шарға ығыса орналасқан. Солтүстік шағын бөлігіне муссондық климат тән. Бұлбөлігінде жазда экваторлық оңтүстік- батыс, қыста тропиктік солтүстік- шығыс ауа ағындары басым. Оңтүстік үлкен бөлігінде ауа массаларының циркуляциясы белдем бойынша өзгереді. 8-10 градус о. е. Оңтүстікке қарай субтропиктік тұрақты жоғарғы қысым аймағының әсерінен ауа айналымы тұрақты жүреді: тропиктік және субтропиктік ендіктерде оңтүстік - шығыс пассат желдері, ал қоңыржай ендіктерде батыс желдері басым. Қоңыржай ендіктерде тропиктік дауыл- тайфун жиі қайталанады. Тамыздағы ауаның орташа температурасы солтүстік бөлігінде 25-27 С градус, оңтүстік бөлігінде - тропиктік ендіктерде 20-25 С градустан оңтүстік поляр шеңберіне таяу 0 градус және одан да төмен. Жылдық жауын- шашын экватор маңында 2000- 3000 мм. Арабия түбегінің шығысы мен Бенгал шығанағындағы 3000 мм-ден астам, Арабия түбегіне жақын маңда 100 мм-ден кем. Оңтүстік жарты шардағы субтропиктік ендіктерде 500-1000 мм, қоңыржай ендіктерде
1000 мм Антарктида жағалауында 250 мм-ге дейін азаяды.
Гидрологиялық режимі - Үнді мұхитында Тынық және Атлант мұхиттарындағыдай бір- біріне параллель тұрақты 2 пассат ағысы түзілмейді. Солтүстік пассат ағысының орнын муссондық ағыс алады. Оның бағыты муссондық желдерге сәйкес маусым бойынша өзгереді. Оңтүстік пассат ағысы Австралияның батыс жағынан басталады. Оңтүстік жарты шардағы пассат желі мұхиттың беткі қабатындағы жылы суды батысқа қарай айдайды, оның орнына төмен терең қабаттан салқын су көтеріледі. Ол құрлықтың жағалауын бойлап, солтүстікке қарай өтетін Батыс Австралия ағысына бастама береді. Оңтүстік пассат ағысы Африка жағалауына жеткеннен кейін құрлыққа тіреліп, екі тармаққа бөлінеді: солтүстікке қарай Сомали ағысы, оңтүстікке қарай Мозамбик- Ине мүйісі жылы ағыстары кетеді. Қыста Оңтүстік пассат және муссондық ағыстарға қарама- қарсы батыстан шығысқа қарай пассатаралық қарсы ағыс таралады. Оңтүстік қоңыржай белдеуде мұхитты Батыс желдері салқын ағысы батыстан шығысқа қарай қиып өтеді. Судың беткі қабатының температурасы экватор маңында жыл бойы 26-28 С градус шамасында. Солтүстік жарты шардың жаз айларында мұхиттың солтүстік бөлігінде 27-28 с градусқа дейін көтеріледі. 30 градус о. е. 16-20 С градус, 50 градус о. е. 3-5 С градус, 55 градус о.е. оңтүстікке қарай - 1 С градустан төмен түседі. Солтүстік жарты шардың қысында мұхиттың солтүстік бөлігінде 23-25 С градус, 30 градус о.е. 21-25 С градус, 50градус о.е. 5-9 С градус, 60 градус о.е. оңтүстікке қарай 0 градустан төмен.
Бүкіл су қабатының орташа тұздылығы жөнінен Атлант мұхитынан кейінгі екінші орында (34,76 %). Беткі қабаттың тұздылығы жеке аудандарда 32-36,5 % аралығында. Ең жоғарғы тұздылық Парсы шығанағында (37-39 %) және Қызыл теңізінде (41 %). Судың ең жоғарғы тығыздығы (1027 кгм3) антарктикалық ендіктерде, ең төмен тығыздық (1018- 1022 кгм3) - Бенгал шығанағы мен мұхиттың солтүстік- шығыс бөлігінде. Толысу толқынының биіктігі ашық мұхитта 0,5- 1,6 м, шығанақтарда 5-7 м (Камбей шығанағында 11,9 м).
Судың температурасы жыл бойы төмен болатын арктикалық ендіктерде мұз пайда болады. Желмен және теңіз ағыстарымен аққан мұз бен мұзтаулар солтүстік 55 градус о.е. дейін таралады. Мұзтаулар әсіресе 40-80 градус шығыс - батыста көптеп кездеседі.

1.1.Мұхит суының физикалық және химиялық
қасиеттері
Тұздылығы- салмағы жағынан алғанда мұхит суы 96,5 % таза судан және 3,5 % оның ішінде еріген тұздан, газдан және ерімейтін жүзгін бөлшектерден тұрады. Түрлі заттардың біршама шағын мөлшерінің болуы басқа табиғи сулардан оған елеулі айырым береді. Бұл Жер бетіндегі белгілі барлық химиялық элементтер бар, қоректік ерітінді. Мұхит суында әсіресе хлор, натрий, магний, күкірт көп болады. Мұнда бром, көміртегі, стронций, бор едәуір аз болады. Барлық қалған элементтерге 1 % аз келеді, яғни олардың құрамы мардымсыз аз. Бұлардың арасында организмге мейлінше қажет биогендік элементтер де (фосфор, азот, т.б.), микроэлементтер де бар. Мұхиттағы тұздардың жалпы мөлшері 50 х 10 он алды дәрежелі т. Бұлар мұхиттың түбін шамамен 60 м, бүкіл Жерді 45м, ал құрлықты 153 м қабат болып бүркей алады. Мұхит суында барлығынан көбі натрий (NaCl, Na2SO4- 1 литрде 27,2 г) яғни ас тұзы (NaCl), сондықтан да мұхит суының дәмі тұзды келеді. Содан соң магний тұзы MgCl2 (1 литрде 3,8 г) және MgSO4 (1 литрде 1,7 г) келеді, суға ащы дәм береді. Мұхит суында 1 м3-те 0,3 мг күміс және 1 м3-те 0,008 мг алтын болады. Бұлардың жалпы мөлшері едәуір болғанымен (алтын 11 млрд. тоннаға жуық) мұндай концентрацияда өндіру пайдалы емес.
Мұхит суының таң қаларлық ерекшелігі - тұз құрамының тұрақтылығы. Мұхиттың түрлі бөліктерінде ерітінді аз немесе күшті болуы мүмкін, бірақ ең басты тұздардың қатынасы өзгеріссіз қалады. Сондықтан да судың жалпы тұздылығын анықтау үшін хлордың мөлшерін анықтау және шыққан шаманы 1,81 ( S =1,81 Cl 000) көбейту жеткілікті болады. Мұхит суы тұздың құрамының тұрақты болу себебін оның араласып тұруынан көруге болады, бірақ бұл түсінікті жеткілікті деп есептеуге болмайды. Мұндай тұздылықтың пайда болуы туралы сұрақ туады. Мантия затынан су бөлініп шыққанда су буымен бірге құрамында хлор, бром, фтор қоспалары бар вулкан түтіндері бөлініп шығады деп болжанады. Жер бетіндегі бірінші су қышқыл болды, ол тау жыныстарынан сілті элементтерін - натрий, калий, кальции, магний т.б. ала отырып оларды сілтісіздендірді. Бұлардың хлормен және броммен реакциясының нәтижесінде ерітінді нейтралданып, ал сонан соң жалғасып келіп түскен сілті элементтердің есебінен, қазіргідей аздап сілтілі болды. Мұхитта өсімдік тіршілігі пайда болғанда (бұдан 3 млрд. жылдан астам бұрын) бос оттегі пайда болды. Жер қойнауынан бөлінген азот тотыққанда бос азот, ал көміртек қосылыстары тотыққанда бос көмір қышқылы түзілді. Палеозоидан бастап (500 млн жыл бұрын) мұхит тұрғындарының қазба қалдықтарына қарағанда мұхит суының тұздық құрамы өзгермеген. Бірақ егер өзендер мұхитқа басқа тұзды құрамды суды үздіксіз әкеліп құйса, мұны қалай түсіндіруге болады. Бұлар әкелген, ерітілген заттардың мөлшері жылына 5,4 млрд тонна, ал қалқымалары жылына 32,5 млрд тонна жетеді. әуел баста өзен суларындағы тұз құрамы сірә мұхит суының құрамына жақын болса керек. Бірақ уақыт өтуіне қарай құрылық бетінде минералдар біршама өзгеруінің нәтижесінде ол басқаша болды. өзендердің мұхитқа әкелген тұздары едәуір дәрежеде шығындалады. Қаңқалар мен раковиналар құратын организмдер кальций мен кремний қосылыстарын судан алады. Нашар еритін химиялық қосылыстар - темірдің аллюмосиликаттары (глаукониттер), фосфориттер, темір- марганец түзілістері - судан бөлініп қалады. Темір- марганец конкрециясы мұхит түбі алаңының 10 процентін жабады.
Кейбір жануарлар өз денесінде белгілі бір заттарды концентрациялауға қабілетті келеді. Су тыныстағанда, қоректенгенде жануарлар организмі арқылы өтіп өзгеріске ұшырайды. Нақ осы өсімдіктер мен жануарлар мұхит суының қазіргі тұздық құрамын анықтайды.
Дүние жүзілік мұхиттың орташа тұздылығы 35 % (промиль). Қайсы жағына болсын орташа тұздылықтан ауытқуды негізінен алғанда тұщы судың кіріс- шығыс балансындағы өзгерістер тудырады. Мұхиттың бетіне жауатын атмосфералық жауын- шашындар, құрлықтан келетін ағындар, мұздардың еруі тұздылықты, булануды төмендетеді, мұздың түзілуі, керісінше оны арттырады. Құрлықтан келген су жағалаудың, әсіресе өзен құбылысына жақын жердің тұздылығына айтарлықтай әсер етеді.
Мұхит бетіндегі тұздылық оның ашық бөлігінде негізінен атмосфералық жауын- шашын мен буланудың қатынасына (яғни климаттық жағдайларға) тәуелді болғандықтан оның таралуында ендік зоналылық байқалады. Бұл изогалин - тұздылығы бірдей пунктерді қосатын сызықтар картасынан жақсы көрінеді.
Экваториалдық ендіктерде судың беткі қабаттары мұнда жауын- шашын мөлшері буланудан көп болуы салдарынан біраз тұщыланған. Субтропиктік және тропиктік ендіктерде беткі қабаттардың тұздылығы жоғары болады, бұл ашық мұхиттың беті үшін максимум 36-37 % жетеді. Бұл булануға кеткен судың шығынын жауын- шашынның жаумайтындығымен түсіндіріледі. Мұхит ылғалды жоғалтады, тұз болса қала береді. Тропиктік ендіктерден солтүстікке және оңтүстікке қарай мұхит суларының тұздылығы буланудың, жауын- шашын мөлшерінің артуынан біртіндеп 33-32 % дейін төмендейді. Жоғары ендіктерде мұхиттың бетінде тұздылықтың төмендеуіне қалқыма мұздардың еруі әсерін тигізеді.
Мұхит бетінде тұздылықтың ендік бағытта таралуын ағыстар бұзады: жылы ағыстар оны арттырады, суық ағыстар, керісінше төмендетеді.
Мұхиттар бетіндегі орташа тұздылық әр түрлі. Ең көп орташа тұздылық Атлант мұхитында -35,4 %, ең азы- Солтүстік Мұзды мұхитта -32 %, Атлант мұхитының жоғарғы тұздылығы оның салыстырмалы енсіз жағдайында материктердің әсерімен түсіндіріледі. Солтүстік Мұзды мұхитқа тұщыландыратын әрекетті Сибирь өзендері жасайды (Азияның жағалауларында тұздылық 20 % -ге дейін төмендейді).
Тұздылық өзгерістері негізінен алғанда, тұщы судың кірісі мен шығысына байланысты болғандықтан, олар атмосфералық жауын- шашын тікелей жауатын және суды буландыратын беткі қабатта және соның астындағы араласу тереңдігін анықтайтын шағын қабатта ғана байқалады. Араласу 1500 метр тереңге дейінгі су қабатын қамтиды. Дүние жүзі мұхиты суының тұздылығы тереңірек те өзгеріссіз қала береді (34,7 -34,9 %). Тереңге қарай тұздылықтың өзгеру сипаты мұхит бетіндегі тұздылықты анықтайтын жағдайларға байланысты. Тереңдікке қарай тұздылық өзгерістерінің төрт типін бөледі: І-экваторлық, ІІ- субтропиктік, ІІІ- қоңыржай және ІУ- полярлық.
І.Экваторлық ендіктерде тереңдеген сайын тұздылық біртіндеп өседі де, мұнда мұхиттың тропиктік бөлігінен экваторға қарай неғұрлым тұзды су келетін 100 м тереңдікте максимумға жетеді. Тұздылық 100 м тереңде кемиді, ал 1000- 1500 м тереңнен бастап тұрақты дерлік болады.
ІІ.Субтропиктік ендіктерде тұздылық 1000 м тереңдікке дейін тез азаяды, онан тереңде ол тұрақты болады.
ІІІ.Қоңыржай ендіктерде тереңдеген сайын тұздылық аз өзгереді.
ІУ.Полярлық ендіктерде мұхиттың бетіндегі тұздылық мейлінше төмен, тереңге қарай әуелі бұл тез өседі, ал содан кейін шамамен 200 м тереңдіктен бастап мүлде дерлік өзгермейді.
Теңіз беттеріндегі судың тұздылығы мұхиттың ашық бөлігіндегі тұздылықтан күшті айырма жасауы мүмкін. Бұл да ең алдымен су балансымен анықталады, демек климаттық жағдайларға да байланысты. Теңіз ашық мұхитқа қарағанда өзі шайып жатқан құрлықтың ықпалына едәуір күшті ұшырайды. Теңіз құрлыққа неғұрлым тереңірек кірсе, оның мұхитпен байланысы неғұрлым аз болса, орташа мұхиттықтан оның суының тұздылығы соғұрлым көп айрықшаланады.
Полярлық және қоңыржай ендіктердегі теңіздердің суының балансы оң болады. Сондықтан да олардың бетінде, әсіресе өзендер құяр жерде тұздылық төмен. өзен саны аз болып келетін құрлықпен қоршалған субтропиктік және тропиктік ендіктердегі теңіздердің тұздылығы жоғары болады. Қызыл теңіздің тұздылығының көптігі (42 %-ге дейін) құрғақ және ыстық климат жағдайларындағы оның құрлық ортасындағы жағдайымен түсіндіріледі. Теңіз бетіне жауын- шашын жылына не бары 100 мм мөлшерінде жауады, құрлықтан келетін ағын жоқ, ал булану жылына
3000 мм-ге жетеді. Мұхитпен су алмасу тереңдігі 125 м, тар Баб-эль-Мандеб бұғазы арқылы өтеді. Жерорта теңізінің жоғарғы тұздылығы (39 % -ге дейін) - құрлықтан келетін ағын мен жауын- шашын буланудың орнын толықтырмауының, ал мұхитпен су алмасудың қиындай түсуінің нәтижесі. Қара теңізде (18 %, керісінше, ағын буланудың орнын түгелге жуық толтырады ағынның жылдық қабаты 80 см) және жауын- шашын судың балансын оң жасайды.
Мрамор теңізімен еркін су алмасуының жоқтығы төмен тұздылықтың сақталуына көмектеседі. Бір жағынан мұхиттың, екінші жағынан күшті тұщыланған Балтық теңізінің ықпалына ұшыраған Солтүстік теңізде тұздылық оңтүстік- шығыстан солтүстік- батысқа қарай 31% -ден 35% -ге дейін артады.
Мұхитпен тығыз байланысты барлық шеткі теңіздердің тұздылығы мұхитқа жапсарлас бөліктердің тұздылығына жақын болады. өзен келіп құятын теңіздердің жағалық бөліктерінде су күшті тұщыланады да тұздылығы көбіне бірнеше промилль ғана болады.

1.2.Мұхит суындағы газдар
Мұхиттағы суда газдар әр уақытта еріген болады. Мұхит суының газдары еріте алатын қабілеті оның температурасына, тұздылығы мен гидростатикалық қысымына байланысты. Судың температурасы мен тұздылығы неғұрлым жоғары болса, мұның ішіндегі газдардың еруі соғұрлым аз болады. Суда, ең алдымен оттегі мен көмір қышқыл газы (оттегінің қос тотығы) сондай-ақ күкіртті сутегі, аммиак, метан еріген болады. Газдар суға атмосферадан түседі, химиялық және биологиялық процесс кезінде бөлініп шығады, оларды өзен алып кетеді, олар су асты атқылаулары кезінде келіп түседі. Газдардың қайта таралып бөлінуі араласу арқылы өтеді.
Оттегі мұхитқа атмосферадан түседі де фотосинтез кезінде бөлініп шығады. Ол дем алуға, тотығуға жұмсалады. Қызған кезде (көктем, жаз) су оттегін атмосфераға береді, суынғанда (күз, қыс) оны атмосферадан тартады. Фотосинтез процесінің интенсивтігі суға Күн сәулелерінің түсуіне байланысты болғандықтан мұндағы оттегінің мөлшері тәулік бойынша ауытқиды және тереңдікке қарай өзгереді.
Судың беткі қабаты (100-300 м) барлық уақытта оттегіне қанық; сонымен бірге оның құрамы экватордан полюске қарай өсе түседі: 0 градус -5 см3л,
50 градус с.е. - 8 см3л. 200 м тереңге жарық аз енеді, өсімдік кездеспейді, оттегінің құрамы азаяды. Оның 400-800 м тереңде ерекше күрт төмендеуі өлі органикалық заттарды толықтыруға жұмсалумен түсіндіріледі. Мұхиттың түп жағындағы қабаттарға оттегін полярлық ендіктерде төмен түсіп экваторға қарай жылжыған суық сулар әкеледі. Оттегі мұхит тұрғындарына да қажет. Суық ағыстарының оттегіне байырақ болатындығы бұларда тіршіліктің дамуына жол ашады.
Көмір қышқыл газы - оттегі мен азоттан айырмашылығы мұхит суында, негізінен алғанда байланысқан күйде, көмір- қышқыл қосындылары түрінде (карбонаттар мен бикарбонаттар) болады. Ол суға атмосферадан келіп түседі, организмдер дем алғанда және органикалық заттар шірігенде бөлініп шығады, су асты атқылауларында жер қыртысынан келіп түседі. Оттегі сияқты көмір қышқыл газы суық суда жақсы ериді. Сондықтан температура жоғарылағанда су оны атмосфераға береді, төмендегенде - сіңіреді. Күндіз өсімдіктердің көмір- қышқыл газдарын тұтынуының күшейе түсуіне байланысты оның судағы мөлшері азаяды, түнде, керісінше, өсе түседі. Жоғары ендіктерде мұхит көмір қышқыл газын сіңіреді, төменгілерінде - оны атмосфераға бөледі. Мұхиттағы көмір қышқыл газының қоры 45-60 м3л құрайды. Бұл мұхитқа қарағанда атмосферада 60 есе аз болады. Мұхит біресе газды сіңіріп отырады, біресе оларды атмосфераға бөліп шығарады. Мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасулары - үздіксіз процесс.
Азот - мұхит суында әрқашанда болады, бірақ оның мөлшері басқа газдарға қарағанда атмосферадағыдан гөрі аз. Мұхитта, ол, сірә, үлкен роль атқармаса керек. Кейбір түп маңындағы бактериялар оны нитраттар мен аммонийлерге айналдырып жібереді.

1.3.Мұхит суының тығыздығы
Мұхит суында тұздылықтың артуымен әрқашанда өсе түседі, өйткені судан гөрі үлкен меншікті салмағы бар заттардың құрамы артады. Судың бетінің тығыздығының артуына суынуы, булануы, әрі мұздың түзілуі себепті болады. Судың қызуы, сондай- ақ тұзды судың атмосфералық жауын- шашын суымен немесе еріген сумен араласуы тығыздығын азайтады. Беткі қабаттың суының тығыздығы артқанда конвекция пайда болады. Мұхиттың бетінде тығыздықтың өзгерісі 0,9960-тан 1,083-ке дейінгі шекте байқалады. Ашық мұхитта тығыздық, әдетте, температурамен анықталады, сондықтан да экватордан полюске қарай жалпы өседі. Мұхитта судың тығыздығы тереңдеген сайын арта түседі.

1.4.Мұхиттағы судың қысымы
Мұхит бетінің әрбір квадрат сантиметріне атмосфера шамамен 1 кг күшпен (бір атмосфера) түседі. Сондай қысымды сондай ауданға биіктігі не бары 10,06 м су бағанасы түсіреді. Сонымен, әрбір 10 м тереңдікке қысым 1 атм артады деп санауға болады. Үлкен тереңдікте болып жатқан барлық процестер күшті қысым арқылы болады, бірақ бұл мұхит түбінде тіршіліктің дамуына кедергі жасамайды.

1.5.Мұхит суының мөлдірлігі
Күн нұрының энергиясы су қабатынан өте отырып, шашырап және сіңіріледі. Оның шашырауы мен сіңірілу дәрежесіне судың мөлдірлігі байланысты. Судағы қоспалардың мөлшері барлық жерде бірдей емес және уақыт ішіне өзгеріп отыратындықтан, мөлдірлік те тұрақты болып қала бермейді. Ең аз мөлдірлік жағадағы тайз суда әсіресе теңіз дауылынан соң байқалады. Планктон кең дамыған кезде судың мөлдірлігі едәуір азаяды
(3 % көбірек ). Мөлдірліктің азаюы мұздардың еруінен туады (мұзда әрдайым қоспалар болады; бұдан басқа мұз ішінде тұрып қалған ауаның толып жатқан көпіршіктері суға ауысады). Судың мөлдірлігі тереңдігі сулардың бетіне көтерілген жерлерінде артатындығы байқалған.
Қазіргі кезде мөлдірлікті жарық шоғырының өткен жолының қашықтығына байланысты әлсіреу заңын пайдалануға негізделген мөлдірлік өлшегіш құралымен анықтайды. Су қабаты арқылы өткен жарық шоғы өлшенеді. Мұхиттағы күн нұрының өту тереңдігі жарықтың осы заманғы жарық қабылдағышымен - фотоэлектрондық көбейткіштермен өлшенеді, бұлар тіпті жеке фотондарды да ұстай алады. Мөлдір суда күн нұры 600 м тереңдікте 10х12 есе әлсірейді; онда өте қараңғы болады. Лай су үшін бұл тереңдік аз.

1.6.Мұхит суының түсі
Жарықты жинап сіңіру және шашырату нәтижесінде мұхиттың таза сулы қабаты көгілдір немесе тек түсті болады. Судың бұл түсін мұхит шөлінің түсі деп атайды. Планктон мен анорганикалық қоспалардың болуы судың түсіне әсер етеді де ол жасылдау келген реңкке ие болады. Қосымшалардың көп мөлшері суды сарғылт жасыл етеді, тіпті өзен сағалары маңында қоңыр болуы да мүмкін. Экваторлық және тропиктік ендіктерде мұхит суының басым түсі қоңырқай көгілдір, тіпті көк болып келеді.

1.7. Мұхит суының температурасы
Мұхиттың негізгі жылу алатын көзі- оның бетіне түсетін күн радиациясы (тура және шашыранды). Мұхит суы жылуды сондай- ақ атмосфераның ұзын толқынды сәулеленуін сіңіре отырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Американың Үнді - Тынық мұхиты стратегиясымен байланысы
Үнді мұхитына жалпы сипаттама
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТҚА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА. Дүние жүзілік мұхиттарға шолу
Мұхит суының температурасы
Мұхиттар (Әлемдік мұхит)
Дүниежүзілік мұхитқа физикалық-географиялық сипаттама
Мұхиттың зерттелу тарихы
Қытайдың АТА-дағы сыртқы саясат стратегиясы
Австралия жағаларының пішіні
Дүниежүзілік мұхитқа жалпы шолу
Пәндер