Компанияның ақша ағымдары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

  1. Компанияның ақша ағымдарын жоспарлаудың теориялық негіздері . . . 8

1. 1. Компанияның ақша ағымдары туралы жалпы түсінік, мәні және мазмұны . . . 8

1. 2. Компанияның ақша ағымдарының экономикадағы рөлі және әдісі . . . 18

2. Компанияның ақша ағымдарын жоспарлаудың қажеттілігі және «Қазақавтожол» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынның қаржылық айналымдарын талдау . . . 24

2. 1. Компанияның ақша ағымдарын жоспарлаудағы негізгі қажеттіліктері. 24

2. 2. Компанияның ақша ағымдарын жоспарлау және болжау. 29

2. 3. “Қазақавтожол” Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарын басқару ерекшеліктері және оны талдау. . 41

3. Компаниядағы ақша ағымдарының қазіргі жағдайындағы басқару жолдарын жетілдіру . . . 51

3. 1. Компаниялардың ақша ағымдарының қазіргі жағдайындағы қалыптасуы мен басқарылуы . . . 51

3. 2. Компанияның ақша ағымын оңтайландыру әдісі . . . 56

Қорытынды . . . 61

Пайдаланылған әдебиет тізімі . . . 65

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген кәсіпорындарда өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Компанияның өзін өзі қаржыландыруы басты мәселе болып табылады. Компанияның қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Компанияның қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұнда тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттандырылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2009 жыл 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауындағы «Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері» деп аталатын бесінші бөлімнің «Өндіруші сектордың тиімділігін арттыру» атты үшінші міндетінде мұнай-газ саласы кәсіпорындарының тиімділігін арттырудағы маңызды мәселелер мен алға қойылған міндеттерді атап өтті. «Қазақстанның өңірлік, содан кейінгі жерде әлемдік энергетикалық кеңістіктегі тұғырларын одан әрі нығайтудың толымды стратегиясын әзірлейтін уақыт жетті. Өзіміздің энергетикамыз бен мұнай химиясын дамытудың басты мәселесі - энергия өнімдерінің қосылған құнын ұлғайту арқылы бұл секторлардың кірістілігін көтеру. Әсіресе, мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия дәліздері сияқты басым секторларды басқару тиімді болуға тиіс. Әлбетте, бұл - рынокқа қатысушылардың барлығына қойылатын, бірақ, ең алдымен, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен “Самұрық” мемхолдингіне қойылатын талаптар. Біздің энергетика мен мұнай-химия салаларын дамытудың басты мәселесі - энергия өнімдеріне қосылған құнды ұлғайту арқылы осы секторлардың табыстылығын арттыру. Әсіресе, мұнай-химия, газ ресурстары, экспорттық энергия маршруттары сияқты басым секторларды басқару пәрменді болуы тиіс. Біріншіден, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мұнай мен газ өңдеу кәсіпорындарын жаңарту мен қайта жарақтау, жаңа мұнай-химия өндірістерін құру жөніндегі бағдарламалар әзірлеп, оларды іске асыруы қажет. Біз мұнай мен газ секторында қосылған құны жоғары және ілеспе әрі аралас өндірістерді дамытуға тиіспіз», - деп елбасы жолодауында нақтылап көрсетдендей, мұнай химия саласын дамыту ең алдымен осы секторларда қызмет атқаратын компаниялардың даму саясатымен тығыз байланысты. Компанияның ел экономикасы мүддесіне тиімді қызмет атқару үшін алдымен бәсекелестік шарттарында және тұрақсыз қоршаған орта жағдайына Компанияның тез бейімделіп, қалыпты қызметінен ауытқымауы маңызды. Ақша қаражаттары нарықтық экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады. Компанияның қызметінің табысқа жетуі ең алдымен оның басшыларымен ақша қаражаттарын тарту және оларды тиімді мақсаттарда бөлуне байланысты. Компанияның тұрақты қызмет етуі үшін негізгі шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады. Компанияның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Компанияның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Компанияның арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар - бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет. Ақша қаражатының негізін, бөліну механизімін, оны жоспарлай және болжай білу, компанияның қызметінің күтілетін нәтижеге жету, яғни пайда табудағы басты құралы болып табылады. Зерттеу тақырыбы осындай шарттарға негізделген. Ақша қаражаттары - бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы. Қарастырылған компанияның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау негізінде ақша қаражаттарының бөліну механизмін жүргізілу тәртібін зерттеп, оларды жақсарту ұсыныстарын жасақтау.

Зерттеу объектісі - Компанияның ақша ағымдарын жоспарлаудың қажеттілігі және «Қазақавтожол» Республикалық Мемлекеттік Компанияның қаржылық айналымдарын талдау.

Зерттеу пәні - кәсіпорынның ақша қаражаттарының бөліну механизмі.

Дипломдық жұмысқа қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

  • кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының мәні мен маңызын анықтау;
  • ақша қаражаттарын бөлу механизмінің және есептеу әдістерін қарастыру арқылы қазақстандық нарықта қызмет атқаратын компанияның қаржылық жағдайына талдау жүргізу;
  • зерттелген кәсіпорын бойынша ақша қаражаттарының тәжірибе жүзіндегі бөліну механизмін анықтау және негізгі, қаржылық, инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымының оптималды құрылымын анықтап, жақсарту жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Ақша ағымдарын тиімді қалыптастыру компанияның операциялық процесін жүзеге асыру мерзімін жеделдетеді. Төлемдерді жүргізудегі кез-келген тоқтатулар шикізат пен материалдардың өндірістік запастарын қалыптастыруға, еңбек өнімділігі деңгейіне, дайын өнімді өткізуге теріс әсерін тигізеді. Компанияның ақша ағымдарын тиімді ұйымдастыру операциялық процесті жүргізу мерзімін жеделдетеді, ол өндіріс көлемі мен өнімді өткізу көлемін арттырады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде, ақша ағмдары туралы жалпы түсінігіне қатысты теориялық сұрақтар, кәсіпорын қызметіндегі ақша қаражаттарының маңызы мен атқаратын қызметі, олардың бөліну механизмі, есептеу әдістері, ақша ағымын басқаруға қатысты мәселелер қарастырылды.

Екінші бөлімде, ақша ағымдарын жоспарлаудың қажеттілігі талданды.

Үшінші бөлімде, ақша қаражаттарын оңтайландыру әдістері қарастырылған.

Кіріс кірген кезде шығынды санамайды капиталдың кіріс арқылы олардың ақшалай қосылғандығын керісінше амортизациялық санау жүйесі жүреді, ақшалай ағымға тиіспейді Осы айтылғандар жұмыстың өзектілігін көрсетеді. Дипломдық жұмыста ақша қаражаттарының қозғалысы, оларды басқару аясындағы отандық және шетел әдебиеттері мен әдістемелері, сондай-ақ кезең бойынша компанияның бухгалтерлік құжаттары пайдаланылды.

1. Компанияның ақша ағымдарын жоспарлаудың теориялық негіздері

  1. Ақша ағымдары туралы жалпы түсінік, мәні және мазмұны

Ақша ағымы - қаржылық жыл ішінде банктің табатын және төлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының арасындағы айырмасы болып табылады.

Ақшалай ағымның бағалануы көрінісі ең қолайлы және тиімді анализдік инвестициялық проектте жүреді. Көптеген ақшалай ағымдары 2 элементтен тұрады: қажетті инвестиция, ақша ағымдарының шыққан шығындармен байланысты. Алдыңғы болжанған болжаммен бағаның көбінесе басқа мамандықпен сонымен қатар маркетингпен бухгалтерлер, кәсіпкерлермен, шығарушылар. Ең басты қаржылық процесте көрсетіледі:

Ақшалай ағымдар және бухгалтерлік есеп. Басқадай қате көздерге байланысты бұл бухгалтерлік есепті әр түрлі біріктірулер және кірістер, ал олар көбінесе бір келісімде болмайды, қорытындыға келу үшін ақша ағымы қажет.

Аталған проблемаларды шешу үшін қажетті компьютерлік, комуникациялық және басқа да техникалық жабдық сатып алуды жүзеге асыру ұйғарылып отыр. Бұл жобаны іске асыруға арналған болжамды шығыстар 55000 мың теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі - 2006 - 2008 жылдар. Инвестициялық жобаны қаржыландыру көзі компанияның меншікті қаражаты болып табылады.

2008- 2009 жылдар кезеңінде Компанияның ақша ағымыныңмұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын дамыту жер үсті объектілерін салуға, қайта жаңартуға және жаңғыртуға, сенімді әрі өнімділігі жоғары жер асты жабдығын қолдануға, компьютерлік геологиялық модельдер негізінде кен орындарын игеруді бақылаудың тиімділігі жоғары жүйесін құруға келіп тіреледі.

Ақша ағымы - қаржылық жыл ішінде банктің табатын және төлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының арасындағы айырма болып табылады.

Ақшалай ағымның бағалану көрінісі ең қолайлы және тиімді анализдік инвестициялық проектте жүреді. Көптеген ақшалай ағымдары 2 элементтен тұрады: қажетті инвестиция, ақша ағымдарының шыққан шығындармен байланысты. Алдыңғы болжанған болжаммен бағаның көбінесе басқа мамандықпен сонымен қатар маркетингпен бухгалтерлер, кәсіпкерлермен, шығарушылар. Ең басты қаржылық процесте көрсетіледі:

1. Координациялық және басқадай мамандығы бойынша;

2. Экономикалық көріністермен көрсетілген көріністермен дайындалған дайындықпен;

3. Қарсыластық тенденциялық бағалау формасы .

Ақшалай ағымдар және бухгалтерлік есеп. Басқадай қате көздерге байланысты бұл бухгалтерлік есепті әр түрлі біріктірулер және кірістер, ал олар көбінесе бір келісімде болмайды, қорытындыға келу үшін ақша ағымы қажет. Мысалы: бухгалтер өзіндік кірістерді, олар ақша жүйесінде жүреді, олар ақша ағымдарына байланысты емес жартылай айналыстағы ағымдар кредит арқылы жасалады. Кіріс кірген кезде шығынды санамайды капиталдың кіріс арқылы олардың ақшалай қосылғандығын керісінше амортизациялық санау жүйесі жүреді, ақшалай ағымға тиіспейді.

Тікелей әдісті қолданған жағдайдағы операциялық қызметтің нәтижесінде туындайтын ақша қаражатының ағынына жатады:

  • түсімдеріне өнімдерді өткізуден алынған түсім тауарлы - материалдық қорларды жеткізуден және қызмет көрсетуден түскен аванстар: түрлі сипатта сыйақы төленген дивиденттер мен рояльтилердің проценттері басқа да және өткізуден тыс табыстар басқа түсімдер.
  • жұмсалуына жатады өндірістік шығындары; тауарлы - материалдық қорларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілген қызметтерге берілген аванстар, материалдар мен тауарлар үшін жеткізушілер мен мердігерлерге төлемдер, жалақы бойынша төлемдер мен басқа да төлемдер, бюджетпен әлеуметтік сақтандыру органдарымен бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу проценттерді төлеу басқа да төлемдер.

Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен сату өтелген несиелерді беру мен алу болып табылады. Инвестициялық қызметтердің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттары қозғалысының мысалы:

1. Ақша қаражаттарының түсуі:

- негізгі құралдары басқада ұзақ мерзімді активтерді және материалды емес активтерді сатудан түскен түсімдер;

- қаржылық инвестицияларды өткізуден;

- басқа заңды тұлғаларға берілген несиелерді алу;

- басқа түсімдер;

2. Ақша қаражаттарын алу:

- күрделі жұмсалымдар;

- негізгі құралдарды басқа ұзақ мерзімді активтерді және материалды емес активтерді сатып алу;

- қаржылық инвестицияларды сатып алу;

- басқа заңды тұлғаларға несие беру;

- басқа да төлемдер болып табылады.

Ақша ағынымен қатар инвестициялық жобаларды қорланған ақша ағымы пайдаланылады оны сипаттайды:

- қорланған түсім;

- қорланған жұмсалу және қорланған сальдо.

Олар есепті кезеңінің әр қадамына берілген және барлық өткен қадамдарда сәйкес ақша ағымдарының қосындысы болып табылады.

Есепті кезең қадамдарға уақыттың бөліктеріне бөлінеді. Сол уақыт ішінде қаржы көрсеткіштерді бағалау үшін пайдаланылатын деректер жиналады.

Ақша ағымы ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы. Әр қадамында ақша ағымының мәні сипатталынады:

- тұсімнен осы қадамдағы ақша түсуінің шамасымен;

- жұмсалумен - осы қадамдағы төлемдерге тең;

- сальдо түсім мен жұмсалу арасындағы айырма.

Ақша ағымы әдетте компанияның әр түрлі қызметтер ақша қаражатының қозғалысынан тұрады:

1. инвестициялық қызметтен ақша ағымы;

2. операциялық қызметтен ақша ағымы;

3. қаржы қызметтен ақша ағымы.

Операциялық қызметі - Компанияның, ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі қызметі мен инвестициялық және қаржы қызметіне қатысы жоқ өзге де қызмет.

Инвестициялық қызметі - ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату.

Қаржылық қызметі - меншікті капиал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын кәсіпорын қызметі.

Ақша ағымдарын орындармен орналастыру. Қаржылық анализ ақшаның уақытша құнын көрсетеді, осыған келе арасындағы жағдай. Бұлардың арасындағы ақша ағымдарын көрсетеді.

Ақша ағымын бағалау көптеген көріністер көрсетеді. Ақша ағымдары бюджетпен капитал құнының бағалануынан көрінеді. Менеджерлер өзіндік көрсеткіштерде кірістер көтерілсе ал керісінше болса ол түсуі мүмкін. Бұның бірі менеджерлердің айлық көрсеткіші олардың жұмыс көрсеткішіне қарай.

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттаиды.

Компанияның барлық уақытта әр түрлі көздерден келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша - қаражаттары, сондай-ақ фирма қарекеттері негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер.

Компанияның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Компанияның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар - бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет.

Ақша қаражаттары - бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы.

Компанияның ақшалай ағымы түсінігі өте ауқымды, өзінің ішінде шаруашылық харекетке қызмет ететін осындай көптеген ағымдардан тұрады. Ақшалай ағымдарын тиімді бақылау мақсатында белгілі бір жіктелу қажет болады. Осындай ақшалай ағымдарынның жіктелу келесідей топтастыру бойынша жүзеге асырылады:

1. шаруашылық процеске қызмет ету масштабы бойынша;

2. шаруашылық харекет түрлері бойынша;

3. ақшалай қаражаттардың қозғалу бағыты бойынша;

4. көлемді есептеу әдісі бойынша;

5. игілік деңгейі бойынша;

6. уақытты бағалау әдісі бойынша;

7. қарастырылатын мерзімнің құрылу үздіксіздігі бойынша;

8. уақыт аралығының біртекті құрылымы бойынша . Қарастырылған сыныптама кәсіпорында ақшалай қаражаттар түрлерінің есеп, талдау мен жоспарлауды жүзеге асыруға көмектеседі.

Ақшалай қаражаттардың қолма - қолды мен қолма - қолсыз кәсіпорынмен алатын және жұмсайтын нысандағы ағымын менеджментте ақшалай ағымдар деп атайды. Бұндай ағымдардың екі түрі кездеседі: оң және теріс.

Оң ағымдар өзімен бірге Компанияның ақша қаражаттарының түсуін көрсетсе, ал теріс ағымдар - кәсіпорынмен ақшаның кетуі мен жұмсалуын анықтайды. Ақшаның кассадан немесе есеп шотқа ішкі тасымалы ақшалай ағымдарға жатпайды. Ақшалай ағымның пайда болуы біріншіден кәсіпорынаралық “шекараны” кесіп өту міндетін орындау болып табылады. Белгілі бір уақыт мерзіміндегі ұлттық ағыс пен ағымның арасындағы ақшалай ағымдарының айырмашылығын таза ақшалай ағым деп атайды. Ол да (ағыс немесе ағым) оң және теріс болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылып өткендей, Компанияның барлық ақшалай ағымдары негізгі үш топқа бөлінеді: операциялық, инвестициялық және қаржылық харекетінен түсетін ағымдар, өзінің ішінде ағыс пен ағымдар түрінде бөлінетін ағымдар болып табылады.

Операциялық харекетінен түсетін ағымдар өнімді сатудан (қызмет көрсету, жұмыс) түскен табыс, дебиторлық қарызды жабу, сатып алушылардан түсетін аванстардан құралады. Операциялық ағыстар - бұл жеткізуші мен мердігерлердің шоттарын төлеу, еңбек ақыны төлеу, бюджеттік және бюджеттік емес қорларға төлемдер, несие пайыздарын төлеу жатады. Бұл тізім сонымен бірге өзіне кәсіпорынмен жасалатын барлық айналым қаражаттарымен операцияларды жатқызады.

Инвестициялық харекетінен түсетін ақшалай ағыстар өзімен бірге негізгі қорлардан түсетін төлемдер, жаңа объекттердің құрылысына төлемдер, пайда табу не оларды бақылау мақсатында кәсіпорындар немесе акция пакетін сатып алу, басқа кәсіпорындарға ұзақ мерзімді қарыз беру жатқызады. Сәйкесінше инвестициялық ағымдар негізгі қорларды сату мен аяқталмаған құрылыстан, басқа кәсіпорындардың акция пакетін сатудан, ұзақ мерзімді қарыздың қайтару сомасы, кәсіпорынмен белгілі уақыт мерзіміндегі акция пакетін ұстау үшін алатын дивиденттер сомасы және ұзақ мерзімді қарыздармен пайдаланғаны үшін қарыз алушылардың пайыздары.

Қаржылық ағыстар - бұл жаңа акциялар мен облигацияларды орналастырудан түскен сома, басқа кәсіпорындарда не банктерден алынған қысқа мерзімді мен ұзақ мерзімді қарыздар, басқа көздерден түскен бүтін қаржыландару болып табылады. Ағыстар өзімен бірге қарыз бен несиелердің қайтарылуын, облигацияларды қайтару, меншік акцияларды сатып алу, дивиденттерді төлеу жатқызады. Бұл бөлім ішкі қаржыландыру көздерінен, яғни Компанияның негізгі харекетінен тәуелсіз құрылады. Қаржылық операцияларға негізінен кәсіпорынмен алынатын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыздар мен банк несиелері (соның ішінде вексель қарыздары) жатады. Бірақ несие үшін төленетін пайыздар (мерзімге байланысты емес) Компанияның операциялық харекетіне жатады.

Компанияның ақшалай ағымдарының барлық түрлерімен топталасуы есеп беру ақпаратының аналитикалық тұрғыдан жоғарлатады. Қаржылық менеджер (немесе несие беруші) кәсіпорынға қандай көздер пайданы үлкен көлемде әкелетінін және қайсылары оларды үлкен көлемде пайдаланатынын көріп білуі тиіс. Қанағатты жұмыс істейтін кәсіпоырнда таза ақшалай ағым нөлге бағытталуы тиіс, яғни есеп мерзімі ішінде түскен ақщалай қаражаттар тиімді түрде инвестицияланып қалуы қажет. Бірақ осы нәтижеге түрлі жолдар әкеледі: негізгі қорларды көбейту мақсатында кәсіпорынмен пайдаланатын қолма - қолды таза ағымды операциялық харекеті әкелуі мүмкін. Бірақ керісінше жағдай да болуы мүмкін - кәсіпорын негізгі капиталының бір бөлігін сатқан кезде, өзінің таза ақшалай ағымын операциялық харекетінен жабады. Бұл нұсқа кәсіпорын үшін әсіресе жағымды емес, оның ақшалай қаражаттар негізгі көзі ретінде оның мүлікті сату емес операциялық харекеті болуы тиіс.

Ақшалай қаражаттардың баланстық қалдықта белгілі бір мерзім ішінде ұлғаю не азаю себебі активтер және пассивтер баланс құнының өзгеруінен тәуелді болады. Қайсы бір актив бабының ұлғаю құны (ақшалай қаражаттардан басқа) - ақшалай қаражаттардың азаюын көрсетеді. Және керісінше қарыз және меншік көздерінің қаржыландырылуы ұлғайса, ақшалай қаражаттардың қалдық факторының ұлғаюы болып табылады.

Сәйкесінше, ақшалай қаражаттар қалдығының өзгеруін Компанияның активтер мен пассивтерді қадағалау қаржылық саясаты түрінде қарастыруға болады. Солардың қатарына:

а) айналымнан тыс активтердің әр бір элементі бойынша ұлғаю не азайту қажеттілігі туралы шешім қабылдау;

ә) запастарды бақылау, соның ішінде қажетті запастардың негізгі құнын анықтау, неғұрлым қымбат шикізат пен басқа да материалдық құндылықтарды сатып алу;

б) дебиторлық қарызды бақылау, яғни сатып алушылар мен басқа дебиторлармен есеп шарттарын жүргізу, сенімсіз дебиторлық қарызды көшіру, мерзімі шыққан қарызды қайтаруды ынталандыру;

в) меншік капиталының қажетті мөлшері мен оның қарыз қаржыландыру көздерімен байланысы туралы шешім қабылдау;

г) кәсіпорын үшін тиімді жеткізушілермен есеп міндеттерін қамтамасыз ету;

д) ұзақ мерзімді мен қысқа мерзімді қарыздар мен несиелерді пайдалану қажеттілігі мен ықтималдығын анықтау.

Осы мәселелердің барлығы төлеу қабілеттілігін, компанияның несие төлеу қабілеттілігін мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін ақшалай қаражаттардың қажетті қалдығына және активтер мен пассивтердің құрылысына әкелуі керек.

Ақшалай ағымның құрылымын басқа факторлар тобының негізінде бағалау мүмкіндігі бар - ақшалай қаражаттардың түсу көзі мен олардың пайдалану бағыттары бойынша

Кесте1. Ақшалай қаражаттары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша ағымдарын жоспарлаудың қажеттілігі және оны іске асыру
«БИАР» ЖШС-нің АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БӨЛУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
Компанияның ақша қаражаттары
Компанияның ақша ағымдарын басқарудың теориялық негіздері
Компанияның ақша айналымын басқару
Кәсіпорынға қарағандағы ақша
Кәсіпорынның ақша ағымдарын жоспарлау
Табыстар мен шығыстарды тану (ҚЕХС 18) және меншікті капитал есебі
ASTANA MOTORS АҚ кәсіпорынның ақша ағымдарын басқарудың тиімділігін және оны ұйымдастыруды талдау
Компанияның қаржы шаруашылық қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz