Топонимдердің қалыптасуына географиялық және тарихи факторлардың ықпалы



Кіріспе
1. ТОПОНИМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫ
1.1 Табиғат жағдайларының жалпы сипаты
1.2 Тарихи және шаруашылық жағдайларының ерекшеліктері және олардың топонимдердің жасалуына ықпалы
1.3 Тарихи даму ерекшеліктері және топонимдердің жасалуына әсері

2. КАСПИЙ.ЖАЙЫҚ ӨҢІРІНІҢ ТОПОНИМДЕРІН ЖІКТЕУ

3. ТОПОНИМДЕРГЕ ШОЛУ
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Өркениеттің дамуы, адам ақыл ойының өрістеуі, қоршаған орта мен қоғамды тануға ұмтылыс жасауы нәтижесінде географиялық ортаға деген ұғым нық қалыптаса бастайды. Табиғатпен «тіл табысу» табиғат ресурстарын игеруге, табиғаттың түр - тұрпатын бедерлеуге, мұнан соң географиялық атаулардың пайда болуына алып келді. Кең дала төсінде, табиғатпен етене өмір сүру жалпы көшпенділер жұртының, қала берді қазақ халқының төл мәдениеті деп түсінсек халықтық ұғымдағы геоэколгиялық түсінік элементтері географиялық атауларда жинақталды. Географиялық атауларды қалыптастырушы негізгі фактор - халық десек, кез - келген халықтың рухани элементті өзі өмір сүрген орта мен өзі қолданыс ретінде пайдаланған, тұтынған шаруашылық тұрғысынан алатыны айқын. Осы ретте, қазақ халқына тән топонимдер көшпелі - отырықшы мәдениетіне орайластырылып, мал шаруашылығы, жануарлар әлемі және фитонимдік ұғым санатында өрбіп, нәтижесінде жер-су аттарын айыра білу, географиялық нысандардағы белгілерді нақтылауға алып келді. Сондықтан да қай өңірге тән топонимді алмайық сол дала халқының түсінік ұғымы, физикалық-географиялық құндылықтарын көрсететін мәлімет екендігіне көз жеткіземіз.
Қазақтың жер-су атауларына келсек бұл тақырып аясында кең көлемде деректер келтірумен қатар олар арқылы дәстүрлі қазақ өмірінің нақты ұғымымен бетпе-бет келе аламыз. Өйткені ғасырлардан бермен тамыр тартқан этникалық рухани мұрада жер-су аттары үлкен мәнге ие. Халықтың табиғатпен етене өмір сүру мәдениеті мен тәжиірбиесі осы топонимиялықатауларда жинақталған. Топонимдік фактор - қазақ тарихының үлкен бір бөлігі деп санасақ, тарихи жер-су атаулары секілді түсініктер тарихи күрделілікке ие.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жалпы Қазақстанның топонимдері мен табиғи жағдайы барысында сөз қозғамас бұрын оның ежелгі руханияты мен мәдениеті турасында тоқтағанымыз ләзім. Атап айтсақ, әлемдегі көлемді жер мөлшеріне ие Қазақстанның ұлан-ғайыр даласының тарихы тереңде жатқаны баршаға аян. Атап айтсақ түркі жұртының отырықшы және көшпелі мәдениетінің негізі болып, Орта Азиядағы ең бай да атақты қалары болған, шығыс пен Еуропа арасына алтын көпір болған Ұлы Жібек Жолының бойынан орын тепкен қоғам сол кездерде-ақ табиғат мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға қол жеткізді. Мал шаруашылығы ғана емес, егіншілік, қол өнер, табиғат ресурстарын қолдана білу арқылы өркендеудің жоғарғы сатыларына қол жеткізе білген ескі мәдениеттің ізі мен жұрнағын бүгінде тек қана мұражайдағы тарихи экспонаттар ғана емес географиялық атаулар да айғақтай түседі. Біздің бұл пікірімізге ғылыми жұмыстың дерек көздері ретінде пайдаланған көптеген ғалымдардың еңбектері дем бере түседі.
1. Джаналеева К.М., Будникова Т.И. и др. Физическая география Республики Казахстан. Алматы, Қазақ Университеті, 1998 г, 262 стр - 4 стр.
2. Гелдыева Г.В., Веселова Л.К. Ландшафты Казахстана, Алма Ата «Гылым» -1992 г 168 - 7 стр.
3. Веселов В, Ж.С.Сыздықов, Гидрогеология Казахстана, Алматы 2004 г, 480 стр.
4. Өтемағамбетов. М. Қазақстанның физикалық географиясы. «Мектеп». – Алматы. 1967.
5. Молдағұлов Н. Ландшафт, Алматы, Қазақстан 1983. 102-55бет
6. Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық географиялық идеяларының дамуы: (Ежелгі дәуірлерден бастап, ХХ ғ. басына дейін). – Алматы: Рауан, 1990.
7. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2002
8. «Маңғыстау» энциклопедия Алматы. 1997 жыл.
9. Қазақстан Энциклопедиясы.
10. Сейітов Н.С. Геология негіздері. Алматы 2000, 169 бет.
11. Есенов Ш. Недра Казахстана, 1968г, 548-3 стр.
12. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 1 том, Алматы, Мұнайшы қоғамдық қоры, 2005 ж - 607 бет 133 б
13. Сапаров.Қ.Т. Павлодар облысы топонимдерінің қалыптасуының геоэкологиялық астарлары. Алматы 2004, география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.
14. Бәкіров.С.Ә. Пайдалы қазбаларды қалай іздеу керек. Алматы – 1961 ж., 37 бет. Қазақ ССР саяси ғылыми білімдер тарату қоғамы.
15. Қазақстан энциклопедиясы. том 5 – 266 бет.
16. Бияров Б. Өр Алтайдың жер – су аттары. Алматы, 2002 ж 133 бет.
17. Жанұзақ Т., Рысберген Қ. Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы, Алматы, 2004 Азия баспасы, 126 бет.
18. Керімбаев Е. Атаулар сыры. –Алматы: Қазақстан, 1984.
19. Аяпбекова Ә. Батыс Қазақстан аймағының ланфшафт ерекшеліктерін анықтайтын топонимдер бірлестігі. ӘӨК 91:801.311(574)
20. Казахстан общая физико-географическая характеристика. –М.-Л.: Изв-во АН СССР, 1950.
21. Рельеф Казахстана часть 1, (пояснительная записка к геоморфологической карте Казахской ССР масштаба (1:1 500 000), Алма Ата «Гылым» 1991г, 167 стр.
22. Исаченко А. Г. Методы прикладных ландшафных исследований. - Л. : Наука,1980.
23. Система ведения сельского хозяйства Павлодарской области.- Павлодар: ТОО НПФ «Эко», 2003.
24. Қондыбай С. Арғы қазақ мифологиясы. – Алматы: Дайк Пресс, 4 -ші кітап. – 2004.
25. Суперанская В.В. Типы и структуры географических названий //Лингвистическая терминология и прикладная топономастика. – М.: Наука, 1964. – С.59–118
26. Мурзаев Э.М. Словарь народных географических терминов.-М.: Мысль, 1984.
27. Мамбеталиев К.Т. Отражение рельфа местности Казахстана а топонимии.
28. Рациональное природоползовние, школа-конфепенция молодых ученых с участием стран СНГ. Москва, 2005, 222 с
29. Местные географические термины. Издательство «Мысыль» 1970 г. (научные сборники от.редактор Е.М.Поспелов, Н.И.Толстой ) стр 206 (174 бетте Конкашпаевты» мақаласы бар).
30. Керимбаев Е. А. Лексика-семантическая типология оронимии Казахстана. Автореф.дисс.канд.филол. наук.-Алма-Ата, 1988.
31. Абрахманов С.А научный редактор, Государственный каталог географических названий Республики Казахстан том 2. Северо-Казахстанская область. Алматы 2003 г, 202стр.
32. Абрахманов С.А научный редакторГосударственный каталог географических названий Республики Казахстан том 6. Северо-Казахстанская область. Алматы 2006г, 232стр
33. Керимбаев Е.А. Об основных типах оронимов Южного Казахстана. бет
34. Абдрахманов. С. А. Топонимическая политика как зеркало возрождения государственности Казахстана// Саясат, 1996. №12.
35. КонкашпаевГ.К.Казахскиенародныегеографические
термины.//ИзвестияАНКазССР.Сериягеографическая.
Вып. 3. -Алма-Ата, 1951. С.3-46.
36. Попова В.Н. Словарь географических названий Казахстана, Павлодарская область, Часть 1 Москва, 1994 г, 202 стр.
37. Каймулдинова К. Қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздері Алматы 2001, оқу құралы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы 2001 ж. 85- 67 бет
38. Әбдірахманов. Ә. Қазақстан топонимикасының кейбір мәселелері. //Филология ғылымының кандидаты дәрежесін алу үшін жазылған диссертация (қолжазба) А., 1954
39. Саттаров.А Топонимия Северного Кавказа
40. Топоров В. Н., Трубачев О. М. Лингвистический анализ гидронимов Верхнего Приднепровья. – М., 1962.
41. АтаниязовГ.Топонимия Киргизии , 1980, 230
42. Конкобаев К. Топонимия южной Киргизии. Фрунзе, 1980.
43. Достай Ж.Д. Мамбеталиев К.Т. Қазақтану және топонимия, Қазақтану өрісі. Оқу құралы, Алматы Қазақ университеті 2005ж, 204 бет.
44. Селевин В. А. Перечень млекопитающих окрестностей Семипалатинска//Бюлл. Средне-Азиатский Государственный университет, вып. 22.-Ташкент, 1937.
45. Мурзаев Э. М. Средная Азия. Физико-географический очерк. – М., 1957.
46. Абрахманов С.А. Ғылыми редакторы, Қазақстан Республикасының географиялық атауларының мемлекеттік каталогы. 1 том, Ақмола облысы. Алматы 2004 ж, 200бет.
47. Афанасьев А.В. К истории фауны млекопитающих Казахстана//Вестник АН КазССР №4, 1949.
48. Поспелов. Е.М. Туристу о геогрфических названиях М 1988 г.
49. Эверсман. Э.А. Естественная история Оренбаургского края. Ч.1.- Оренбург, 1840. Ч. 2. – Казань, 1850.
50. Сыбанбеков Қ. Өсімдіктер сыр шертеді. – Алматы, Қайнар. 1982.
51. Сапаров. Қ. Т. Өсімдік атауларының топонимдерде көрініс табуы. //География және табиғат. №3, 2003.
52. Дәуренбеков. Ж., Асқаров.Ә. Жасыл әлемге саяхат. - Алматы. 1985.
53. Орынбаева С. География ғажайыптары. – Алматы, 1966.
54. Баянаула (тарихи–зерттеулер). – Астана: «Фолиант». 2002.
55. Рельеф Казахстана часть 1, (пояснительная записка к геоморфологической карте Казахской ССР масштаба (1:1 500 000), Алма Ата «Гылым» 1991г, 174 стр
56. Абрахманов С.А. Ғылыми редакторы, Қазақстан Республикасының географиялық атауларының мемлекеттік каталогы. 1 том, Қарағанды облысы. Алматы 2005 ж, 1бөлім.
57. Феодорович Б.А. Лик пустыни – М. Моладая гвардия 1954.
58. Орхан Енесай жазбалары. Алматы, Хант баспасы, 1997.– 590
59. Қашқари М. Түрік сөздігі. 1-том. – Алматы, Хант баспасы, 1997.– 590 б.
60. Қойчубаев Е. Краткий толковый словарь топонимов Казахстана. А А, Наука 1974 г 274 стр.
61. Вавилов Н. И., Краснов А. Н. Пять континентов. Под тропиками Азии. – М.: Мысль, 1987.
62. Жүнісов Д. Өзен-көл атаулары. – Алматы, 1985.
63. Магидович И. П., Магидович В. И. Очерки по истории географических открытий. Т І- V- М.: Просвещение, 1982.
64. Паллас А. С. Путешествие по разным провинциям российской империи, ч.2, кн.2 – Спб, 1786.
65. Никонов В.А. Краткий топонимический словарь. М.: 1966.-334 с
66. Жучкеевич В.А. Общая топонимика. Минск: Вышей.школ., 1968.-432с.
67. СССР физикалық географиясы 1974 ж, 407 бет.
68. Қазақстан Республикасының географиялық атауларының мемлекттік каталогы, 1том, Ақмола облысы.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 103 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Топонимдердің қалыптасуына географиялық және тарихи факторлардың ықпалы
0.1 Табиғат жағдайларының жалпы сипаты
0.2 Тарихи және шаруашылық жағдайларының ерекшеліктері және олардың топонимдердің жасалуына ықпалы
0.3 Тарихи даму ерекшеліктері және топонимдердің жасалуына әсері

1. Каспий-Жайық өңірінің топонимдерін жіктеу

2. Топонимдерге шолу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Кіріспе
Өркениеттің дамуы, адам ақыл ойының өрістеуі, қоршаған орта мен қоғамды тануға ұмтылыс жасауы нәтижесінде географиялық ортаға деген ұғым нық қалыптаса бастайды. Табиғатпен тіл табысу табиғат ресурстарын игеруге, табиғаттың түр - тұрпатын бедерлеуге, мұнан соң географиялық атаулардың пайда болуына алып келді. Кең дала төсінде, табиғатпен етене өмір сүру жалпы көшпенділер жұртының, қала берді қазақ халқының төл мәдениеті деп түсінсек халықтық ұғымдағы геоэколгиялық түсінік элементтері географиялық атауларда жинақталды. Географиялық атауларды қалыптастырушы негізгі фактор - халық десек, кез - келген халықтың рухани элементті өзі өмір сүрген орта мен өзі қолданыс ретінде пайдаланған, тұтынған шаруашылық тұрғысынан алатыны айқын. Осы ретте, қазақ халқына тән топонимдер көшпелі - отырықшы мәдениетіне орайластырылып, мал шаруашылығы, жануарлар әлемі және фитонимдік ұғым санатында өрбіп, нәтижесінде жер-су аттарын айыра білу, географиялық нысандардағы белгілерді нақтылауға алып келді. Сондықтан да қай өңірге тән топонимді алмайық сол дала халқының түсінік ұғымы, физикалық-географиялық құндылықтарын көрсететін мәлімет екендігіне көз жеткіземіз.
Қазақтың жер-су атауларына келсек бұл тақырып аясында кең көлемде деректер келтірумен қатар олар арқылы дәстүрлі қазақ өмірінің нақты ұғымымен бетпе-бет келе аламыз. Өйткені ғасырлардан бермен тамыр тартқан этникалық рухани мұрада жер-су аттары үлкен мәнге ие. Халықтың табиғатпен етене өмір сүру мәдениеті мен тәжиірбиесі осы топонимиялық атауларда жинақталған. Топонимдік фактор - қазақ тарихының үлкен бір бөлігі деп санасақ, тарихи жер-су атаулары секілді түсініктер тарихи күрделілікке ие.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жалпы Қазақстанның топонимдері мен табиғи жағдайы барысында сөз қозғамас бұрын оның ежелгі руханияты мен мәдениеті турасында тоқтағанымыз ләзім. Атап айтсақ, әлемдегі көлемді жер мөлшеріне ие Қазақстанның ұлан-ғайыр даласының тарихы тереңде жатқаны баршаға аян. Атап айтсақ түркі жұртының отырықшы және көшпелі мәдениетінің негізі болып, Орта Азиядағы ең бай да атақты қалары болған, шығыс пен Еуропа арасына алтын көпір болған Ұлы Жібек Жолының бойынан орын тепкен қоғам сол кездерде-ақ табиғат мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға қол жеткізді. Мал шаруашылығы ғана емес, егіншілік, қол өнер, табиғат ресурстарын қолдана білу арқылы өркендеудің жоғарғы сатыларына қол жеткізе білген ескі мәдениеттің ізі мен жұрнағын бүгінде тек қана мұражайдағы тарихи экспонаттар ғана емес географиялық атаулар да айғақтай түседі. Біздің бұл пікірімізге ғылыми жұмыстың дерек көздері ретінде пайдаланған көптеген ғалымдардың еңбектері дем бере түседі. Атап көрсетсек, табиғатпен етене тіл табысуы нәтижесінде үлкен деңгейдегі жетістікке қол жеткізген өңірге тән ежелгі мәдениет турасында, осы ұғымның өрістеуі себепкерлігінен географиялық түсініктер орныққаны - көне саяхатшылар күнделгінен бастап, орта ғасырдағы зерттеушілерге, одан берідегі ғалымдарға азық болғанды. Еліміздің географиялық жағдайы, жер бедері, су көздері, өсімдіктер және жануарлар әлемін зерттеп, климаттың құбылмалылығы, сондай ақ топонимдер тудыруда халық мәдениетінің түрлі себептерінің барысы жайлы бұған дейін көптеген зерттеушілеріміз қалам тартты.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Каспий-Жайық өңірінің топонимикасына қатысты мәселерді негізінен тіл мамандары зерттеп келгендігі белгілі. География ғылымдары тұрғысынан арнайы зерттелген ғылыми жұмыс ретінде Ғ.Қ. Қоңқашпаевтың диссертациясының орны ерекше.
Алғаш рет К. Каймулдинованың ғылыми жұмыстарында қазақ топонимдерінің ақпарттық жүктемесінің этноэкологиялық негіздері зерттелсе, географ-ғалымдар А.Е. Аяпбекова, А.С. Омарбекова, А.О. Мақанова, Қ.Т.Сапаров, З.Қ. Мырзалиеваның жұмыстары аймақтық топонимикаға арналды.
Географиялық атаулардың табиғи ортамен байланысы Э.М. Мурзаев, Б.А. Будагов, Х.Л. Ханмогамедов, Ғ.Қ. Қоңқашпаев, Ж.Д. Достай, Ә.С. Бейсенова, А.П. Горбунов, С.Ә. Әбдірахманов, Қ.Б. Базарбаев, К.Д. Каймулдинова, А.С. Омарбекова, Ә.Е. Аяпбекова, Қ.Т. Сапаров, А.О. Мақанова, З.Қ. Мырзалиеваның еңбектерінде зерттеліп қарастырылған. Жалпы алғанда Қазақстанның табиғи климаттық зоналарындағы топонимдердің көрінісі зерттелмеген.
Біздің ғылыми жұмысымыз Қазақстанның табиғи климаттық зоналары бойынша алғаш рет зерттеу көзіне айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми жұмысымыздың өзектілігі еліміздің барлық өңіріне тән географиялық атауларының пайда болу көзі, бұл атаудың халықтың тұрмысымен байланыстылығы және де географиялық терминологияға қатысты зерттеу, талдау жүргізу болып табылады. Тақырыпты жете зерттеуге осындай өзекті міндет себепкерлігінен туындады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Каспий-Жайық өңірінің табиғи - климаттық зоналардың сипаттамаларының қазақтың географиялық атауларының қалыптасуындағы ролі мен көрінісін көрсету және географиялық атаулардағы, оронимдердің, гидронимдердің, фитонимдердің және зоонимдердің ролін анықтау. Қойылған мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттерді шешуге тура келді:
* Каспий-Жайық өңірінің топонимиясының тарихи-географиялық жағдайларына талдау жасау;
* нақты деректер негізінде Қазақстанның табиғат жағдайларының географиялық атауларда бейнелену заңдылықтарына талдау жасау;
* Масштабы 1: 500 000 карталар бойынша аумақтағы географиялық нысандарға қойылған атауларды табиғи-климаттық зоналар мен таулы тік белдемдік аймақ бойынша жүйелеп топтастыру;
* Қазіргі замандық карталардағы қазақтың географиялық атауларының көрінісінің тарихи және бүгінгі жағдайларына баға беру және олардың бұрмалану себептерін анықтау.
Зерттеу нысаны (пәні). Каспий-Жайық өңірінің қалыптасқан қазақ халқының топонимдер жүйесі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Әлемдік және еліміздегі ономастика саласында айырықша еңбек сіңірген танымал өкілдері мен географ ғалымдардың еңбектері болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Алғаш рет еліміздің топонимдер жүйесі географиялық тұрғыдан табиғи-климаттық зоналар мен таулы тік белдемдік аймақ бойынша арнайы зерттеліп, аумақтағы географиялық нысандарға қойылған атаулар жіктеліп, оларға табиғат жағдайларды бейнелейтін негізгі ақпарат ретінде баға берілді. Аумақтағы топонимдер ороним, гидроним, фитоним және зоонимдер түрінде сипатталды.
Топонимдер мен табиғи ортаның байланыстары және географиялық атауларда табиғат жағдайларының бейнелену заңдылықтары зерттеліп, арнайы карталар жүйесі (оронимдер, гидронимдер, фитонимдер және зоонимдер картасы) құрастырылды.
Бірінші рет табиғи климаттық зоналар мен таулы тік белдемдік аймаққа тән топонимдер жүйесі анықталып, кесте, карта түрінде берілді. Топонимдер негізінде табиғи-климаттық зоналар мен таулы тік белдемдік аймақтарды анықтауда топонимиялық мәліметтер пайдаланылды.
Жұмыстың теориялық маңызы. Қазақстандағы топонимиялық зерттеулердің географиялық, геоэкологиялық бағыттарын дамытуға және кешенді зерттеуге мүмкіндік туғызады.
Зерттеу нәтижелерінің қолданбалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысында талданған деректер Қазақстан топонимикасы арнайы курсында, Қазақстан физикалық географиясы курстарын оқыту барысында кеңінен пайдалануға және тақырыптық карталарды дамытуда үлес қосады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1.Топонимдердің қалыптасуына географиялық және тарихи факторлардың ықпалы
2.1 Табиғат жағдайларының жалпы сипаты
Солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Өзбекстан, оңтүстік-батысында Түркіменстан Республикаларымен, шығысы мен оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен шектесетін, жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-ыншы орынды алатын Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының ішкі жағында, барлық мұхиттардан қашықта орналасқан [1].
Қазақстан батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 шақырым 2 сағаттық белдеуді басып өтеді. Солтүстікте Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Қызылқұм шөлі мен Тәңірітау тау жүйесіне дейін 1600 шақырымға созылып жатыр. Республика жерінің солтүстік нүктелері (55º26′с.е.) Шығыс Европа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстік ендігіне, ал республиканың оңтүстік нүктелері (40º56′с.е.). Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Европа жерлері қоңыржай континенттік климатымен, ал батыс Европа жерлері субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан аумағы құрғақ және қатаң континентік климатымен ерекше көзге түседі. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15 000 шақырымнан астам, оның 12 000 шақырымға жуығы құрлықпен, ал 3000 шақырымнан астамы Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді [2].
Қазақстан аумағы тым ерте (палеозойға дейінгі) геологиялық кезеңдерде біртұтас геосинклиналдық алқап болған. Кейіннен әлденеше рет болған геотектоникалық қозғалыстар нәтижесінде олар біркелкі платформалық аймаққа айналған. Палеозой кезеңінен кейінгі күшті орогендік қозғалыстар салдарынан бұл платформалық кең аймақ екіге бөлінген. Қазақстанның негізгі бөлігі (бүкіл батыс, солтүстік және орталық аймағы) біраз өзгерістерге ұшырағанымен сол платформалық қалпында сақталған. Оңтүстікте, оңтүстік -шығыста (альпі геологиялық шеңберінде) бұрынғы геологиялық құрылымдар жойылып, олардың орнында платформадан кейінгі қозғалмалы орогендік алаңдар пайда болған. Оның бір жағында қатпарланған биік тау жүйелері қалыптасса, тау аралығында және оған шектес алаңдарда табиғи теңдестік заңдылығы негізінде әр мөлшерлі терең ойыстар орын алған. Жалпы алғанда айтылған екі бөлікте қалыптасқан аймақтық геологиялық құрылымдар мыналар (батыстан шығысқа қарай): а) бұрынғы платформалық қалпында қалған - Каспий бойындағы ойыс; Оралтау - Мұғалжар қатпарлы тау жүйесі; Тұран және Солтүстік Қазақстанның (Сарыарқаның) қатпарлы таулы қыраттары; б) платформадан кейінгі қалыптасқан қозғалмалы орогендер: Тәңірітау - Жетісу және Тарбағатай - Алтай қатпарлы тау жүйелері мен тауларға шектес және тауаралық ойыстар [3].
Еліміздегі айтарлықтай үлкен үстірттер - Үстірт, Бетпақдала, Жем, Орал үстірті, Торғай және Маңғыстау үстірттері. Қазақстанның орталық бөлігінің аласа таулы жер бедері өзіндік сипатқа ие. Мұнда төбелер, үшкір төбелі шоқылар, жазықтар, аласа таулар және тұзды көлдер толған ойыстар көптеп кездеседі. Үрлену үдірістері көптеген қыраттарға ұқсас түр келтірсе, кейбір қатты жыныстардан құралған беткейлері мен төбелерінде қабырға тәрізді кертпеш жасайды. Төбелер қырқасы 30-50 м биіктікке барады, осыған байланысты аумақты Сарыарқа деп атайды.
Шығыста және оңтүстік-шығыста тізбектері үзілмейтін, республиканың шекарасына сәйкес келетін таулар алып жатыр. Мұнда Қазақстанның табиғаты әр алуан және таңғаларлық. Шығыста Алтай тауының оңтүстік-батыс жартысы кіреді. Алтай тауының пайдалы қазбаларға бай бөлігі Кенді Алтай, ал келесісі Оңтүстік Алтай атауымен белгілі. Ертедегі адамдар жер бедерінің жаратылысын түсіне алмаса да әр түрлі ландшафттарды шаруашылық мақсатта орынды пайдалана білген [3].
Қазақстан аумағының жаратылысы, көнелігі, тарихи қалыптасуы жөнінде бір - бірінен өзгеше болып келетін орографиялық бірліктеріндегі жер бедеріне байланысты топонимдер жердің табиғи бітімінің алуан түрлілігі туралы деректер мен мағлұматтар бере отырып, сонымен бірге жаратылысын, көнелігін, қалыптасуын білдіреді [4].
Тауларда жер беті жыныстарының литогенді құрамдары өте күрделі. Олар тастанған шөгінді жыныстар мен жанартаулы кешендердің қатпарлы-жақпарлы қабаттарынан, керегетасты, кесектасты блоктардан тұрады. Сондықтан жер беті жыныстарының топырақ пайда болатын қабаты жартасты, қорымтасты, қиыршықтасты болып келеді. Жер беті жыныстарының осындай әр түрлі болып келуі сол өңірдің ландшафттарын күрделендіреді. Халқымыз табиғаттың осындай еркешеліктеріне үлкен мән беріп, жер атауларын өз көркіне сай атауға тырысқан. Бұған, Алатау, Қаратау, Құмбел, Қарақия, Қызылқұр сияқты көптеген жер аттары дәлел бола алады [5].
Каспий бойындағы ойыс - Батыс Қазақстан аймағындағы сыртқы жер қабаттары тым тереңге сүңгіген ірі геотектоникалық күрделі құрылым. Бұл арада сыртқы шөгінді жер қабаттарының табаны (фундамент) ойыстың шет жақтарында 5-12 км-ден орталығында 20-23 км-ге дейінгі тереңдікте орын алған. Фундаменттің үстіндегі шөгінді жер қыртыстары бес қабаттын тұрады. Оның біріншісі (төменгісі) геологиялық тым егде (палеозойдан бұрынғы) кезеңде қалыптасқан шөгінді және эффузивтік тау жыныстарынан құралған қабат. Бұл қабаттың жалпы қалыңдығы ойыстың шет жақтарында 2-5 км болса, ортасына қарай 8-9 км-ге жетеді. Жалпы қалыңдығы көрсетілген бағытта 1-11 км-ге дейін өзгермелі екінші құрылымдық қабат (әр дәрежеде қатпарланған метаморфты тау жыныстарынан құралған) төменгі палеозойдан басталып, девонға дейінгі кезеңде пайда болған. Үшінші құрылымдық қабат девон кезеңінің ортасынан басталып, төменгі триасқа дейін қалыптасқан. Оны құрайтын шөгінділердің қалыңдығы 2-6 км болады. Бұл қабаттың үлкен ерекшелігі - құрамында қалың тұзды тау жынысының болуы. Осы тым қозғалмалы шөгіндінің болуы оның үстінде жатқан қабаттардың әр дәрежеде деформациялануына зор әсерін тигізген. Шөгінді тау жыныстарынан тұратын (жалпы қалыңдығы 2-3 км болатын) төртінші құрылымдық қабат орта триастан плиоцен дәуірінің төменгі қабаттамаларын қамтиды. Ақырғы, (бесінші) үйінді тау жыныстарынан тұратын қабаттамалар кейінгі плиоцен дәуірінен басталып, қазіргі заманға дейінгі шөгінділерден құрылған. Осы айтылған қабаттарда, әсіресе үстіңгі екі қабатта тым мол да өнімді жер асты сулары қалыптасқан.
Каспий топонимінің шығу тегіне тоқтала кетсек: Каспий теңізі орасан үлкен көлемді алып, бірнеше елмен шектесетіндіктен теңіз деп аталғанымен, географиялық жағдайына қарай - көл. Каспий ешқандай теңіз, мұхитпен шектеспейді. Тарихта Каспийдің жетпістен астам атауы болғанына қарап, бұл теңіздің ғасырлар бойы ғалымдар мен саяхатшылардың мамандар мен зерттеушілердің жіті назарында болғаны мен бұл теңізден пана тапқан халықтың мол болғанында жатса керек. Уақыт ағымына қарай теңіздің атауы да түрліше өрбіген: Горган, Еділ, Дербент, Хазар, Сарай, Түркімен, Оғыз, Албан, Табристан, Гилян, Гиркан, Булгар, Хвалын десе, әлемнің түкпір-түкпіріне сауда саттық мақсатында ағылған керуендер сыртқы сипатына қарап Ақтеңіз, Көктеңіз деп те атап отырған. Аңқытты, Елек, Жайық, Қобда, Ойыл, Ырғыз атауларының тарихы өте ерте кезеңдерден басталады [6].
Тұран ойысы (ойпаты) Оңтүстік Орал-Мұғалжар қыраттарынан шығысқа қарай Сарыарқаның адырлы қыраттарына, солтүстіктен оңтүстік пен оңтүстік-батысқа қарай Торғай, Сырдария, Арал теңізі бойын және Үстірт пен Маңқыстау аумағын қамти орналасқан кең геологиялық құрылым. Бұл арада фундаменттің үстінде қалыптасқан шөгінділер төрт қабаттан тұрады. Оның төменгі қабаты Орта палезой кезеңінен басталып, төменгі плиоценге дейінгі пайда болған шөгінділерден құралады. Үшінші қабаттың құрамындағы карбонатты-құмтасты шөгінділердің жалпы қалыңдығы 1 км-ден аспайды. Бұл қабат негізінен ойыстың оңтүстік-батыс бөлігінде (Маңқыстау мен Үстірт аумағында) орын алған. Төртінші (ең жоғарғы) жер қабаты біртұтас емес, ойыстың әр бөлігінде сақталған, қалыңдығы 0,5-1 км-ден аса қоймайды.
Тұран сөзі туралы қысқаша тоқатала кетсек: еліміздің топонимиясында зерттеушілердің пікірінше тұран-тау үстіндегі су жиналатын ойпаң жер [7]. Ерте көктемде ұқыпты қолмен көмілген қар суын шаруалар ыстық түскенше ілдалайды. Маңғыстау шаруагерінің осылайша суды айрықша қастерлеп жаңбыр мен қар суларының жиналатын орнын есепке алып, оларға айырықша ат беріп, айдар тағуы да осыдан. Құсымның тұраны, Көктастың тұраны, Қаншым тұран деген атаулар осының айғағы [8].
Солтүстік Қазақстан ойысы (Батыс Сібір ойысының оңтүстік бөлігі) оңтүстік - батыс пен оңтүстік Тұран ойысы және Сарыарқа қыратымен, оңтүстік-шығыста Алтай таулы өлкесімен шектеліп жатқан кең жазық. Ол екі қабаттан тұратын геологиялық құрылым. Палеозойлық сомтасты тау жыныстарының (бірінші қабаттың) бетінде 2,5-3 км-ге дейінгі тереңдікте қалыптасқан екінші қабаттың төменгі бөлігі триас-юра кезеңінде пайда болған жанартаулы және шөгінді жыныстардан (қалыңдығы 0,8 -1,2 км) шөгінділері негізінен ойыстың шығыс жағында орын алған. Кейбір араларда бұл шөгінділердің бетінде жатқан жоғарғы плиоцен мен төрттік дәуірдің ұнтақ тасты тау жыныстарының қалыңдығы 0,1-0,5 км ғана болады.
Оңтүстік Оралтау-Мұғалжардың аласа таулы, адырлы қыраты геологиялық құрылымы солтүстіктен оңтүстікке қарай 350 км созылған, Орал тауының оңтүстіктегі жалғасы.
Ол меридиандық бағытта батыстан шығысқа қарай екінші дәрежелі бірнеше тектоникалық құрылымдардан тұрады. Олар ең батыстағы құрылым, оның құрамына Қазақстан жерінде Ақтөбе иінді ойысы кіреді); Оралтау немесе Ор-Елек жотасы; Батыс Мұғалжар, Орталық Мұғалжар және Ырғыз-Тобыл зоналары. Бұл зоналар бір-бірімен тым тереңге кететін тектоникалық ірі жарықтармен шектелген [4]. Аталып өткен зоналардың жер қойнауы сомтасты өте күрделі қатпарлы (төменгі бөлігінде) және жай қатпарлы (жоғарғы бөлігі) метаморфты тау жыныстарынан тұратын екі қабаттан құралған. Оның астыңғы тым қалың (8-10 км) қабаты каледондық тектоникалық кезеңде пайда болған да үстінгі (қалыңдығы 4-5 км-ден астам) қабаты герцин кезеңінде қалыптасқан. Аталған геологиялық құрылымдар батыста, шығыста және оңтүстікте шөгінді тау жыныстарының астына еңіштеле енген.
Орталық Қазақстаның адырлы - қыраттары да екі тектоникалық қабаттан (каледон және герцин кезеңдерінің) құралған. Оның алғашқысы бұл аймақтың орталық және солтүстік бағыттарында сырт жағын қоршай орналасқан, екіншісі сыртқы тектоникалық шеңбердің орта аралығында орын алған. Сыртқы каледондық тектоникалық шеңбер өте қалың (10 км-ден астам) сомтасты тым күрделі түрде қатпарланған, метаморфталған тау жыныстарынан құралған. Бұл каледондық аймақтың әр бөлігінде кейінгі кездерде пайда болған едәуір көлемді ойыстар (Теңіз, Жезқазған, Қарағанды, Батыс Балқаш, Шу - Сарысу) және олардан кішірек синклиналдық құрылымдар қалыптасқан. Олар девон-карбон кезеңдерінде пайда болған жалпы қалыңдығы 4-6 км-лік жанартаулы, құмтасты, карбонатты және көмірлі шөгінді қабаттамалардан құралған.
Орталық Қазақстанның ішкі жағындағы Балқаш көлі маңындағы және каледон шеңберінің сырт жағындағы Жайсаң тектоникалық құрылымында герцин (силур-девон) кезеңінің тау жыныстары орын алған. Олардың жалпы қалыңдығы 3-7 км-ге дейін жетеді. Бұл екі тектоникалық қабаттар қалыптасқан аймақтың әр бөлігінде жатқан тау жыныстарын әртектес интрузивтік денелер тесіп өткен.
Тәңірітау - Жетісу - Алтай аймағы палеозойдан кейінгі кезеңдерде платформалық құрылымнан платформадан кейінгі қозғалмалы орогендік құрылымға айналған. Бұл орогендік кезеңде тым кең аймақта қатпарлы орташа және биік таулар тізбегі пайда болған. Олар (батыстан шығысқа қарай созылып жатқан тау жоталары): Қаратау, Өгем-Талас, Қырғыз Алатауы, Кіндіктас, Іле Алатауы мен Кетпен, Жетісу Алатауы, Тарбағатай мен Сауыр және Алтай таулы жоталары. Бұл таулар пайда болған кезеңде, таулардың аралығында және тауларға жақын (солтүстік жағында) араларда, табиғи теңдестік заңы бойынша әр көлемді ойыстар пайда болған. Бұл жоғарғы көтерілген және төмен түскен құрылымдардың аралық ауытқымасы (амплитудасы) тек кейінгі кайназой кезеңінде ғана 5-10 км болған. Сол кезеңде пайда болған тау алдындағы (Оңтүстік Балқаш, Шу-Сарысу) және тауаралық (Іле, Алакөл, Жайсаң) тектоникалық ойыстарда жалпы қалыңдығы 1-4,3 км әр мөлшерлі түйіршікті құм-кесектасты шөгінділер қалыптасқан. Бұл терең ойыстар жер қойнауындағы сулар ең мол жиналған орындар [9].
Пайдалы қазбалары. Қазақстан жерінің көлемділігі және жер бедері мен геологиялық құрылысының алуан түрлілігі оның жер қойнында көптеген пайдалы қазбалардың болуына себеп болған. Пайдалы қазбалардың таралуы мен түрлері, олардың орналасу жағдайы сол жердің геологиясы мен жер бедеріне тығыз байланысты.
Кен қазбалары әдетте таулы аудандарға, әсіресе ертедегі күшті жеміріліп, бұзылған тауларға тән. Қазба байлықтарға темір, түсті металдардың әр түрлері кіреді, олардың мол қоры бізде Алтайда (сондықтан да Кенді Алтай деп аталады), Сарыарқада, Мұғалжарда, Іле, Жетісу Алатауы, Қаратауда және т.б. таулы аймақтарда кездеседі.
Түсті металдар мен темірдің көптеген кен орны жоғарғы палеозойда пайда болған. Отқа жанатын қазбалардың (тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ және т.б. минералды қазбалар) шығатын жерлері әдетте жазықтарға, ойпаттарға, тау аралық ойыстарға тән.
Қазақстан аумағының пайдалы қазбалары жайлы алғашқы мәліметтер 16 ғасырдың екінші жартысында жазылған Үлкен Сызба Кітапта келтірілген. Кейбір пайдалы қазбалардың көне өндіріс орындары 1701 жылы орыс зерттеушісі Семен Ремезов құрастырған Сібірдің сызба кітабы атаулы еңбегінде көрсетілген. Ал республика аумағын геологиялық тұрғыдан пәрменді түрде зерттеу мәселесіне келер болсақ, мұндай жұмыстар 18 ғасырдың 1-ші жартысында бірінші Петр патшаның құзырымен жүзеге аса бастаған. Бұл зерттеулер Ертіс өзені алабынан Жайсан көліне дейінгі аралықты, Тарбағатай және Жетісу Алатауы тау сілемдерін қамтыған. 18 ғасырдың орта шенінде Ресей Ғылым Академиясы мен Орыс географиялық қоғамы әдейі жасақталған дала экспедициялары Батыс Қазақстан аумағының географиялық және геологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген, бұл жұмыстарды жүзеге асыруға С.Г. Гмелин, С.П. Паллас, И.П. Фальк сияқты көрнекті ғалымдар ат салысқан. Нақ осы жылдар шамасында Қазақстанның Алтай өңірі де біршама тиянақты зерттелген, мұның нәтижесінде күні бүгінге шейін белгілі Риддер-Сокольное және Зырян сияқты полиметалды және алтынды-күмісті кендерді игеру жұмыстары жүзеге аса бастаған [10]. Қазақстан аумағында Д.И.Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік табылған. Мысалы мырыштың, қорғасынның, күмістің, вольфрамның, хромит кендерінің, висмуттың, ванадий және баррит кендерінің қоры жөнінінен ТМД бойынша бірінші орында болса, мыстың, молибденнің, кадмидің, бокситтің, фосфорит және асбестің қоры жөнінен екінші орында. Қазақстан - түсті металургия жөнінен әлемдегі негізгі шикізат қоры [11]. Геологиялық зерттеулер нәтижелеріне қарағанда, Қазақстан жерінің барлық аймақтарында дерлік мұнай мен газ кендері бар екендігі анықталған, алайда қазіргі кезде тек Батыс Қазақстан, Қызылорда өңірлерінен (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан) ғана мұнай мен газ өндірілуде. Оңтүстік Қазақстан аймағынан әзірге Амангелді кен орны ғана игеріле бастады. Қазақстан Республикасының мұнайгаздылыққа келешегі бар аймақтарының ауданы 1 млн. 700 мың шаршы км-ге жетеді, ал бұл көрсеткіш Қазақстанның бүкіл ауданның 62 % құрайды [12].
2005 жылдың 1 қаңтарына есептегенде, Қазақстанда мұнай мен газдың 230 кенорны белгілі, олардың 131-і Каспий маңы ойысында, 18-і Солтүстік Үстірт-Бозащы алабында, 57-і Оңтүстік Маңғыстауда, 15-і Оңтүстік Торғайда және 9-ы Шу-Сарысу шөгінді алабында. Еліміздің топонимиясында мұнайға байланысты көптеген атауларды көптеп кездестіруге болады. Мысалы Майтөккен, Майсіңген т.б. атауларды айтуға болады.
Дербес газдың, яғни газ жатындары мен тақия газдарының қоры жағынан Қазақстан барланған газ қорының 90 %-ін иелік ететін 23 елдің ішінде 16-шы орынды иеленеді. Қазақстан дүние жүзіндегі газ қорының 1,3 %-на ие. Газдың барланған қорларының 97%-ға жуығы Батыс Қазақстан аймақтарында, оның 75%-ы Батыс Қазақстан облысында. Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының үлесіне 7-8% тен келеді. Газдың басым бөлігі Қарашығанақ кенорнында шоғырланған. Пайдалы қазбалардың мемлекеттік баланысының 130 газ кенорны есепке алынған [12].
Қазақстан топонимиясында пайдалы қазбалар туралы мәліметтер көптеп кездеседі. Жер-су атауларының бойынан геологиялық, биологиялық, зоологиялық мәліметтер табуға болатыны белгілі. Геологиялық саяхаттар кезінде Қ.И. Сәтбаев кен көздерін табуда осы жер су аттарын негізге алуға болатынын айтып дәлелдеген еді [13].
Топонимдер қазба байлықтар, тау жыныстарының текстуралық ерекшеліктері жөнінде ақпарат береді. Академик Қ.И. Сәтбаевтың пікірінше, мыңшұқыр, байырғы кен қазба орындарын анықтайды. Қаратас халық ұғымында темірі бар, көктас сөзі бұл жерде мыс бар деп топшылауға болады. Алтынтапқан атауы - алтынның бар екендігін аңғартады. Жезқазған демек жез өндірілетіні туралы сөз. Қ.И.Сәтпаев Жыланды атауын сол жерде түсті металдар бар, өңір болуы керек деп топшылап, топонимиялық әдісті қолдана білген. Шындап қарағанда, жыландар түсті металл рудасы бар жерлерде шоғырланып, сол жердегі жылулықты сағалайды екен [14].
Қазақстанда кен орнын, немесе оның серіктес жыныстарын әр жердің атынан болжап білуге болады. Мысалы, Жезқазған, Кенқазған, Шойынтас, Қорғасын, Кентөбе, Алтынтапқан, сияқты жер аттары кен орындарымен байланысты екені барлаушыларға көптен көмек тигізіп жүр. Осылайша Мыңшұқыр, Қырыққұдық, Қосүнгір, Қазаншұңқыр деген аттар маңындағы ескі кен қазбаларын, Ақтас, Ақжал, Ақмаялар кварц, әктас шығатын бедерлерді, ал Керегетас, Қоңыраутас, Қойтастар граниттің, немесе оның жапсарындағы кен серігі роговик сияқты жыныстардың шығатын жерлерін көрсетеді. Жылтырбұлақ, Ащыбұлақ аттары да суда жылтырауық слюда, қызыл теміртас сияқты минералдарды айқындауы мүмкін. Қызылтопырақ деген жерлерде бокситтің не түсті металдардың кені, Қаражал мен Қаратаста темір, маргенец рудалары, Көктаста мыс кездесуі ғажап емес [15].
Қазақстан Республикасының бүкіл дерліктей аумағын қара металл кендерінің алып кен астылық аймағы ретінде қарастыруға болады. Мұнда оның бүкіл әлемге белгілі генетикалық және өндірістік, оның ішінде бірегей түрлері кездеседі. Қазақстанда қара метал кентастарының 1000-нан аса кен орындары мен кен білінімдері анықталған. Темір, хром, маргенец пен титан кентастарының кен орындары игерілуде. Балансқа алынғаны 17 кен орыны, баланстан тыс 11 кен орыны бар. Темір кентастарының жиынтық қоры 17 млд. т. Оның 93% мөлшері бес ірі кен орында: Қашар, Сарыбай, Соколов, Әйет, Лисаковта шоғырланған. Бұл кен орындардың барлығы Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Орталық Қазақстанда пайдаланып келе жатқан Батыс Қаражал, Үшқатын мен Кентөбе кен орындарының барланған кен қоры 300 млн т асады. Оңтүстік Қазақстанда Иірсу (қоры 327,7 млн т) мен Абайыл (28,3 млн т) кен орындары барланған. Батыс Қазақстанда (Солтүстік шығыс Арал маңы) ең ірісі баланстан тыс қошқыл теміртас- кентасты Көкбұлақ кен орыны (1,9 млд т) сонынмен қатар титан-магнетитті кентастарының болжамдық қоры 1 млд т болатын Великов кен орыны бар.
Қазақстан хромит кентасының қоры бойынша әлемде екінші орында. Баланста алынғаны 21 кен орыны (шамамен 230 млн т). жатады. Аса ірі хромит кен орындарының қатарына Алмас-Жемчужина кен орынына жатады (қоры 100 млн т асады).
Қазақстанда маргенец кен тастарының баланстық қоры 400 млн т. асады. Болжамдық қорлары 850-900 млн.т деп бағаланады. Қорлар негізінен (99%) Орталық Қазақстанның Атасу кенді ауданында шоғырланған (Батыс Қаражал, Үшқатын, Үлкен Қытай, Қамыс кен орындары). Қаратау, Байқоңыр, Кіндіктас, Жетісу Алатауындағы көмір кремнийлі тақтатас қабаттарында орналасқан ваннадий кендері мен Батыс және Солтүстік Қазақстандағы жердің беткі қабаттарында жатқан титан кендерінің де маңызы аса зор.
Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Олар Қазақстан түсті металургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен қорғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту зауыттары) шикізат көзі болып табылады. Мыс кентасының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаман-Айбат, Бозшакөл, Көксай Қасқырмыс, Нұрқазған т.б жатады.
Қорғасын мен мырыштың 100 ден кен орындары анықталып 58-і балансқа алынған. Олардың негізгі қоры Шығыс Қазақстанда (Кенді Алтай) және Орталық Қазақстанда шоғырланған, сондай ақ Оңтүстік Қазақстанда (Қаратауда) кездеседі. Қазір қорғасын мен мырыштың 30 - ға жуық кен орындары игерілуде. Алюминий шикізаты ретінде ең көп тарағаны - боксит. Қазақстанда боксит қоры көп. Анықталған 200 кен орны мен кен білінімдерінің (есепке алынғаны) 50 ден астамы платформалық типті. Олардың ішіндегі ірілері: Краснооктябрь, Белинское, Тауынсор, Шығыс Әйет, Көктал, Тауынсор т.б. кен орындары.
Асыл металдар. Қазақстан алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша үшінші ондығына кіреді. Оның баланстық қоры 196 кен орнында есептелген. Алтын өндіретін кен орындары: Солтүстік және Орталық Қазақстанда - Жолымбет, Бестөбе, Ақсу, Ақбейіт алтын кендері; Батыс Қазақстанда - Юбейлейное; Шығыс Қазақстанда - Бақыршық алтын кендері; Оңтүстік Қазақстанда - Ақбақай алтын кені бар [16].

2.2 Тарихи және шаруашылық жағдайларының ерекшеліктері және олардың топонимдердің жасалуына ықпалы
Қазіргі заманда экологиялық тепе-теңдігінің бұзылуы табиғатты пайдаланудың жаңа үлгілерін негіздеуді кажет етеді. Қазақстан жеріндегі экожүйелердің антропогендік өзгерістері байырғ табиғатты пайдалану үрдістері мен тәжірибесін кеңінен зерттеп, ғылыми ізденістер мен жобаларға енгізу ісін жеделдетуді талап етеді; бұл багытпагы зерттеулер табиғат пен адам қоғамының изара әрекеттесуі жөніндегі когамдык-тарихи жене жаратылыстану ғылымдарының қорытындыларын жинақтайтын тариіхи геоэкология ғылымының шеңберіне енеді 41.
Кез келген халықтың табиғатты пайдалану дәстүрінің қазіргі ғылыми-практикалық маңызы шаруашылықты ұйымдастыру,табиғат корларын сақтау мен тиімді пайдалану үрдістерін танып-білу, іс жүзінде қолдану мәселелерімен шектелмейді. Бұл мәселенің топонимика ғылымына қатысын халықтың шаруашылық мамандануының қоршаған орга обьектілерін белгілеп, атауда мадызды рөл атқарғанымен түсіндіруге болады. Басқаша айтқанда, қазақ халкының табиғатты пайдалану ерекшелікгері топонимиялык жүйесінің мағыналық жүктемесін байытып, озіндік сипатын, қүрылымдық ерекшеліктерін анықтап берді.бұл қағиданың негізі шаруашылыктың мамандануы әркелкі халықтардың топономиясында алшақтықтар бар екендігіне сүйенеді. В.С.Жекулиннің 42;43 зерттеулерінде Орыс жазығының ландшафтарын игеру процесі мен орыс топонимдерінш мағыналык жүкгемесі арасында тыгыз байланыс бар екендіп нақты мысалдармен дәлелденеді. Кошпелі мал шapyaшылығы дәстүрлі сипатталган мон - ғол халқының топонимиясында түркі халықтарымен үқсастыктардың бар екендігі байкалған 44. Белгілі бір халықтың тононимиясын тұтас жүйе ретінде қарастыру номинациялык принципгердің оргақтығын түсінуден туындапты.
Номинация принңципі ғалымдар сөздердін аталатын обьекгілермен "атаулардың негізінде жатқан біртектес белгілер арқылы жүзеге асырылатын" байланысы ретінде аныктанды 45, 98-6. Осы принцип негізінде, қазақ топонимиясындағы ат қоюдың (номинаңия) жергілікті табиғат жағдайларын дәстүрлі дүниетаным мен шаруашылык қажетгерге орай бейнелеумен байланысты болғандыгын атап өтеміз.
Топонимика ғылымында "топонимиялык, жуйе" ұғымыиың шеңберіне "геофафиялык атаулардың калыптасу ироңесінде з.ің-ды түрде кайгаланыи отыратын ерекшедіктер мен белгілердің жиынтыгын енгізеді" 46, 59-6. Кең мағынасында алғандағы "жүйе" ұғымы "белгілі зандылык бойынша ориаласқан және бір-бірімен өзара байланыста болатын бөлікгердің бірлестігі туріндегі түтастык" деіенді білдіреді 47, 717-6. Біз пайдаланган угымның "жүйелілік" сипаты қазақ тіліндегі жер-су аттарының жеке топта-рының (гидронимия, ойконимия, және т.б.) біртүтас бірлсстік ре - тшде, op гак заңдылықтар негізінде қалыптаскандыгын түсінуден туындайды.
Достүрлі шаруашылыктың "қажеттеріне" орай, топономияда белгілі білім қоры, экологиялық тәжірибе жинақгалды.бұл географиялық атауларда табиғат жағдайларын бейиелеудің ерекшеліктерінен және дәстүрлі шаруашылық саласына тікелей катысты атаулар тобының болуынан айқын көрінеді. Аталған топтарды ажырату топонимикада кеңінен қолданылатын лексикалық- семантикалық класификаңияның негізінде жасалынды. Осы оқу қүралында берілген тогпаманың ерекшелігі атауларга география - лык түргыдан талдау жасалуымен анықталады.
Ауыз су мен мал суаруга кажетті су қорының тапшылығы қазақ халқында гидрофафиялық терминологияның күшті жіктетелуіне себепші болды. Аридті климат жағдайында тіршілік ететін басқа халықтарда да осы ерекшеліктер байқалады: Р.Капо-Рейдің мәліметтеріне сәйкес, Сахарада күдық тиіптерін белгілеу үшін 20-га жуық жалпы есімдер пайдаланылады екен 23.
Қазақ гидронимиясын зертгеуге зор үлес қосқан В.Н.Попованың еңбектеріндегі 36; 53, индикатор-терминдердін, Ғ.Қоңқашбаевтың жинақтап, түсінік берген терминдерін, әр түрлі бағыттағы (диалектологиялық, топонимикалық) сөздіктердегі мәліметтердің негізінде гидрологиялық терминологияның топтамалық кестесін құрастырдық (1-кесте).
1-кесте
Қазак гидронимдеріндегі индикатор-терминдер

Гидронимдер
Индикатор-'тнрминдер
көл
аттары (лимнонимдер)
айдын, астау, ащы, балқаш, батпақ, бйдайык., былқылдак,, жалаңаш, жалпақ, жалтыр, көл, қайыр, қамыс, қақ қопа, ми, ой, сор, тақыр, татыр, теңіз, томар, тұз, шалқар, шүқыр, шыганақ,
өзен аттары
(потамонимдер)
ақсай, ақсу, айрық,, аша, ащысу, баканс, дария, еспе, жарма, жайылма, ирек, кемер, қамау, қарасу, мүқыр, нүра, өзек, өзен, сай, саға, сала соқыр
бұлақ аттары
айнабұлақ, ақпа, бастау, бұлақ, жылға, кайнар, тамшы, көз, тұма, үйірім
қүдық аттары
апан, қауға, қүдық, құю, еспе, орпа, шыңырау, шүңқыр.

Сонымен, индикатор-терминдерде көшпелі қазақ малшысы үшін кажетті географиялык акпар жинақталды.Бұла ақпардың негігзінде су объектілерінің басты сипаттамалары (сулылығы, суы-ның сапасы, тереңдігі, көлемі, үзындыгы, жер бедері, қауіпсіздігі, өсімдікпен камтамасыз етілуі және т.б.) жатыр. Гидронимдердің мағынасын талдауда индикатор-терминдерді зертгеудің маңызы зор.
Су таншылыгы байкалатын Қазакстанның шөлейт және шөл беддемдеріндегі гсоірафиялык объектілердің атауларында "бұлак", көл" герминдері жиі кездеседі.бұл объектілер сызбаға түсірілді (1-сурет).
Мәліметтер 1:500 ООО масштабтағы карта деректері негізінде алынды. Жинақталған атаулар тізімі су обьектілерінің орналасуын белгілеп, топонимдерде "бекітудің" мал шаруашылыгы үшін маңызы зор болғандығын дәлелдей түседі.
Қазақ халқының табиғатты пайдалану ерекшеліктері дала, шөлейт белдемдеріндегі көлдердің тұздылық дәрежесін сипаттайтын лимнонимдерде де бейнеленгенін байқадық. Тұздылық дәрежесі лимнонимдердегі индикатор-терминдер арқылы сипатталады:
а) "ащы" термині судың тұздылығынан хабар береді (Ащысу,
Ащыкөл лимнонимдері);
ә) "айран" салыстырмалы түрде тұздылық дәрежіесін көрсетеді (Айранкөл, Солт. Қазақстандағы көл);
б) "саумал" суының кермектігі жоғары көлдердің аттарында
жиі кездеседі (Қазақстанда 10-га жуық Саумалкөл бар);
в) "қақ" терминімен жазда кеуіп қалатын тайыз көлдерді атайды;бұлкөлдердің суының топырақтың тұздылыгына байланысты көбінесе кермектігі жоғары (Қызылқақ, Қақ лимнонимдері жиі кездеседі);
г) "туз " терминімен суы тартылып бара жатқан, тұздың судағы концентрациясы өте жоғары көлдерді белгілейді (Тұзкөл, Тұздыкөл, Жамантұз және т.б.);
д) "сор" терминімен жазда тарылып қалатын саяз сулы тұзды көлдерді белгілейді (Қарасор, Алқасор - Қазақстанның солтүстігіндегі көлдер).
Дала және шөлейт белдемдеріндегі өзендер көктемде күшті каркынмен тасып, жылдың баска мерзімінде суЫ тапшы болады.бұл ерекшелік те өзен аттарында (потамоним) көрініс тапқан. Потғмонимдердегі индикатор-терминдердің кейбіреулері (еспе, соқыр, мүкыр, өзек) өзендердің су режимінің маусым бойынша түрақсыздыгын бейнелейді. Өзен аттарының өзі су режимінен хабар береді. Мысалы, Қазақстанның дала, шөлейт белдемдерінде жиі кездесетін Қусақ потамонимі, кейбір зертгеулерге қарағанда, "күрғаған ( қу ) сай ( саға ) дегенді білдіреді 16, 129-6. Осы ретте дала белдеміндегі Құланөтпес өзенінің атауын тасу режимі жайлы мәліметтермен байланыстыруга болады, өйткені бұл атаудың мағынасына байланысты берілген түсініктемелер халықтық этимология дәрежесінен көтеріле қойган жоқ. П.П.Семеновтың мәліметтеріне сәйкес,бұл өзеннің көктемгі тасуы өткен ғасырларда аса күшті, атысы өте жылдам, түбі тартпа балшықты болған; тасу кезінде тереңдігі 4 аршынға (≈2,8 м) жеткен 54, 830-6. Зоологтардың тарихи деректері күландардыд көктем шыга солтүстікке, Арқаның солтүстік-шығыс бөліктеріндегі тауларга қарай ауатынын дәлелдейді 55. Осы мағлұматгар негізінде аталған өзеннің көктемде күшті тасуы нәтижесінде күландардың жолында табиғи бегет болғандыгын көреміз; олай болса, Құланөтпес атауы өзеннің су режимінен хабар береді.
Қазак гидронимдерінде су түсінің ерекшеліктері де бейнеленеді. Орталық Қазақстандғы ұсақ шоқылы жербедер жағдайында тау жыныстарының суда еруіне байланысты көл суларының түстері айрыкша болады. Осы өдірдегі Сарыала көлінің география - лық сипаттамаларында "көл суы жасылтқым-сары" делінсе, Күреңала көлінің суы "қоңырқай сары түсті" деғен мәліметтер келтіріледі.
Аридті климат жағдайында көлдер мен өзендердің суы тартылып, құрдымға айналуы қарқынды жүреді. Нәтижесінде тұщы көлдердің орнында батпақты-шалғынды қопалар мен томарлар, ащы көлдердің орнында сорлар, қақтар, тұз қабатгары қалады. Суы тартыла бастаган көлдер олардың атауларында жиі кездесетін "қамыс" сөзі арқылы да айқын ажыратылады. Мысалы, Қараған - ды өңіріндегі кішігірім Қарақамыс көлінің (көлемі 6,2 км2) осындай типке жататынын атына қарап-ақ білуге болады. Бұл көл ту - ралы географиялық деректерде "көлді түгелімен қамыс басып кеткен, қамыстардың биіктігі 2-3 м; көлдің 5 км2 бөлігін қамыс шоқтары алып жатыр" делінген 56. Ғалымдардың зерттеулері Қазақстанның жазыктары мен аласа таулы аудандарындағы көлдерлің көпшілігі дамудың соңғы кезеңін басынан кешіріп жатқанын көрсетеді.
Сонымен, қазақ гидронимдерінде жергілікті табиғат жағдайларына орай қалыптасатын су объектілерінің ерекшеліктері (ұзындығы, терендігі, суының тұздылығы мен режимі және т.б.) көрініс тапқан. Бұл мәліметтердің мал шаруашылығы үшін мадызы зор болды.
Орографиялық жағынан Қазақстан терригориясынын оңтүстік-шығыс бөлігінде орта және биік тау жүйелері (Тянь-Шань, Сауыр-Тарбагатай, Алтай), орталық бөлігін аласа таулы, ұсақ шоқылы денудациялық жербедер (Сарыарқа, Шу-Іле таулары), оңтүстік-батысы мен батыс бөліктерін ойпатты жазықтар (Каспий маңы, Тұран ойпаттары), солтүстігі мен солтүстік-шығысын жазықтар (Батыс Сібір жазығы) алып жатыр. Жаратылысы, көнелігі, калынтасуы жөнінен бір-бірінен өзгеше болып келетін орогафиялык бірлікгердегі жер бедері де алуан түрлі болады. Жер бсдсрінің тинтері мен пішіндерініД өркелкілігі ороірафиялык терминологияның да мейлінше бай болуына алғышарт жасады. Көшпелі мал шаруашылығын ұйымдастырудың өзі жербедерді жақсы ажыратып, бір орыннан екінші орынға көшу барысында ерекше рельеф пішіңдерін бағдарлаушы нүктелер ретінде тандап алуға негіз боды. Осы аталған факторлар әсерінен қазақ оринимиясы күшті жіктелген, метафораларға бай, жергілікгі ландшафт ерекшеліктерін дәл бейнелейтін атаулардан тұратын жетілген жүйе ретінде қалыптасты деуге болады. Қазақ оронимдері тілдік ғылымдар түрғысынан арнайы зерттелген; орографиялық терминдерге географ ғалымдар Ғ.Қоңқашбаев, Г.Ң.Медоев, Э.М.Мурзаев еңбектерінде көрнекті орын берілген.
Оронимдер құрамынағы терминдер рельефтің жіктелу сипатын да бейнелейді: бұл мәліметтер табиғатты пайдалану бары - сында маңызды болды. Қазақ тілінде орографиялык элементгерге ат қоюдың өзіндік ерекшеліктері бар:
а) Аласа таулы, үсақ шоқылы жербедермен сипатталатын Сарыарқада салыстырмалы түрде биік тауларды "ұлы", "сораң","қарқара" деп ерекшелейді. Орташа және биік таулардыд шындары "тас", "шоқы" сиякты терминдермен белгіленеді.
Ұлытау атауының этимологиясы жөнінде мынадай деректер бар: "Қырғыздардың (қазақ) пікірінше, кыргыз даласындағы барлық таудан биіктігі асып түсетіндіктен осылай қойылған" 29, 67-б. Дегенмен, айта кететін жағдай, Ұлытау (биік нүктесі ПЗЗм) Сарыарқаның батыс бөлігіндегі ең биік тау болғанымен, басқа таулы аудандар үшін аласа тау қатарына жатады.
ә) Орал тауының Қазақстанға енетін бөліктеріндегі кішігірім қаддық массивтер, қоршаған ойпатгардан ерекшеленетіндігіне байланысты, "тау" терминімен сипатталады. Мысалы, Қарғалытау (310 м), Текетау (262 м), Қызбелтау (219 м), Қоңыртау (296 м), Жыландытау (262 м). Керісінше, биік таулы аудандарда аласа, орташа биіктіктегі таулардыд өзі "төбе" терминімен белгіленеді.
б) Тау алды жазықтары мен биік жазықтардың аттарында "дала" термині жиі кездеседі (Бетпақдала, Оңтүстік Қазақстандағы Сексеуілдала, Жусандала, Ақдала). Бұл заддылықты халықтың тау мен жазықтың арасындағы жер бедерінің айырмашылықтарын нақты көрсету мақсатын көздеуімен түсіндіруге болады.
Керісінше, жазық далада оқшау тұрған биіктіктсрге әрқашан "қара" терминімен байланысты атаулар қойылады. Жазық аудандарда ерекшеленіп көзге түсетін кішігірім төбелердің көшілігінің атауы "қарауыл" сөзімен байланысты. Мұны осы төбелер арқылы жазық далада бағдар алу, жаудың келе жатқанын алдын ала хабарлау мақсатында қойылған деп топшылаймыз.
в) Оронимдердегі түсті білдіретін атаулар көп жағдайда шындығында да тауды құрайтын тау жьныстарының түсімен тікелей байланысты болады. Бұл мәселеге байланысты талас тудыратын жағдайлар бар екендігін ескере отырып, кейбір нақты география - лык сипатгамалары бар объектілердің атауына тоқтала кетейік.
Ақшоқы-Шыгыс Қазақстан облысындағы тау аты, таудың абсолютті биіктігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан топонимиясы
Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының физикалық-географиялық астарлары
Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздері
Бұқар Жырау ауданы топонимдерінің географиялық ерекшеліктері
Орталық Қазақстан Бұқар жырау ауданы топонимдері
Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер
Солтүстік Қазақстан аймағы топонимдерінің ерекшеліктеріне шолу
Бұхар жырау ауданы топонимі
Эпостық жырлардағы топонимдер
Сөз байлығының толығу арнасы - сол тілдің сөзжасау жүйесі
Пәндер