Компанияның ақша қаражаттарын басқару
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Компанияның ақша қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері.
1.1 Кәсіпорын қаржысы және оны басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Ақша қаражаттарының мәні мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2. Кәсіпорын қаржысын басқаруды талдау («Қазпочта» акционерлік қоғамының мысалында»)
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.2 «Қазпочта» акционерлік қоғам қаржысын басқару механизмін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
2.3 Қаржыны пайдалану тиімділігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттердің экономикасында басыңқы орынды түрлі саладағы өнеркәсіп кәсіпорындары алады. Елімізде қайта өңдеу өнеркәсібі салаларының кәсіпорындарының дамуына көп мән берілетіндігіне қарамастан, өндіруші өнеркәсібінің салалары Қазақстан Республикасының экономикасының өсуіне айтарлықтай үлес қосуда.
Елде экономика саласындағы жинақталған ғылыми-техникалық әлеуеттің құнды элементтерін жоғалту қаупі өсті. Өнеркәсіп өндірісіндегі құлдырау мен инвестициялық белсенділіктің қысқаруы, төлем жүргізу дағдарысы мен бағалардың инфляциялық өсуі жағдайында кәсіпорындардың қаржылық жағдайы ауыр халге ұшырады.90-жылдардың аяғына қарай экономика саласының жақсаруымен Қазақстанның өнеркәсіп өсуінің үлесі өсе бастады, әсіресе бұл соңғы жылдары байқалды.
Осы бағыт Президенттің халыққа жолдауында, яғни ел экономикасының өнеркәсіп саясатына арналған 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық стратегиясынан көрінді. Қаржының құрылу процесі мен қаржыландыру көздерінің мәселесі нақтылы микро деңгейде елеулі маңыздылыққа ие болды.
Шаруашылық жүргізудің рыноктық үлгісі жағдайында кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы, төлемқабілеттігіне жету үшін қаржы ресурстары болуы қажет және оларды құрудың жетілдірілген тәсілдерін қолдана отырып, жүйелі түрде көбейту қажет.
Сыртқы қаржылық ресурстарды тарту үшін әлеуетті табысты және инвесторларға тиімді кәсіпорындардың дамуы аса қажетті болып табылады. Сондай-ақ бұл жердегі тұрақты дамудың шарттарының бірі меншікті қаржы ресурстарының жеткіліктігі және кәсіпорынның қаржы ресурстарын құрудағы қаржы рыногының құралдарын қолдану мүмкіндігі болып табылады.
Қазіргі кезде кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметін сыртқы қаржыландырудың түрлі жолдары бар, бірақ солармен қатар ішкі қаржыландыруды да жетілдіру қажет. Акционерлік қоғамға айналған және мемлекеттік емес нысанға негізделген көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары қаржы қаражаттарының қажеттілігін ұғынуда. Инвестицияларды қаржыландырудың қысқаруынан, яғни қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен мәжбүрлі тоқырау пайда болады. Осыған сәйкеc Қазақстандағы шаруашылық жүргізудің рыноктық үлгісі жағдайында кәсіпорынның қаржы ресурстарын, қаржысын құру мен оларды онтайлы басқару мәселесі өте күрделі.
Қаржы қызметінің басты мақсаты - кәсіпорынның және өндірістің тиімді дамуы және максималды табыс ету үшін қаржы-қаражаттарын қашан, қалай және қайда пайдалануды шешу. Рыноктық экономика жағдайында өмір сүру және кәсіпорынның банкротқа ұшырауын болдырмау үшін, қаржыларды қалай басқару керектігін, капитал құрамы мен білім беру көздері құрылымының қандай болу керектігін, қарыз және меншікті қаражаттардың қанша бөлігін алатынын жақсы білу керек.

1. Р.Ә.Әмірқанов ,А.Қ. Тұрғұлова.Қаржы менеджменті; Алматы, 2010
2 Гуйда Т.В. Формирование и использование финансовых ресурсов. М.: МФИ, 1998 г, 47 стр.
3. Балабанов И.Т. Финансовый менеджмент. М.: Финансы и статистика, 1995 г, 17 стр.
4. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С.Қ. Қаржы. Алматы, 2009 ж, 32 бет.
5. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» Заңы, №497, 15.01.2007 ж.
6. Дж.К.Ван Хорн. Основы управления финансами. М.: Финансы и статистика, 1996 г, 112 стр
7. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М.: Финансы и статистика, 1996 г, 38 стр.
8. Кошкарбаев К.У. «Принципы и методы управления финансовыми ресурсами предприятия», Қаржы-Қаражат, 2005 ж, №2, 37 бет.
9. Сайлаубек Н.Т . «Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқарудың мәні», Мир финансов, №7 – 2007 ж., 36 бет.
10. Финансовый менеджмент. Под ред. Стояновой Е.С., М.: Перспектива, 1999 г, 69 стр.
11. Дүйсембаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2000 ж, 99 бет.
12. Дүйсембаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2000 ж, 96 бет.
13. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы: Центраудит-Казахстан, 2002 г, 156 стр.
14. Татарникова А. «Анализ финансового состояния фирмы», Мир финансов, 2004 г, №5, 42 стр.
15.Дүйсембаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2000 ж, 107 бет.
16.Дүйсембаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2000 ж, 118 бет.
17.Дүйсембаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2000 ж, 125 бет.
18. Кошкарбаев К.У. «Основные направления повышения эффективности управления финансовыми ресурсами путем совершенствования организации расчетов на предприятиях», Қаржы-Қаражат, №11, 67 бет.
19. Янковский К.У., Мухарь И. «Способы и методы оценки бизнеса», Мир финансов, 2005 г, №6, 34 стр.
20. Кошкарбаев К.У., Тургулова А.К. «Определение политики управления структурой капитала предприятия».Вестник КазГау. «Казахстан в XXI веке», 2002 г, №1, 39 стр.
21. Әмірханов Р.Ә., Тұрғұлова А.К. Қаржы менеджменті, Алматы 2000 ж, 61 бет.
22. Макеев С. «Управление активами фирмы в условиях кризиса», Мир финансов, 2006 г, №8, 44 стр.
23. Н.Ә Назарбаев. Қазақстан 2030. Барлық қазақстандықтардың тұрмыстық жағдайының гүлденуі, қауіпсіздігі және жақсаруы. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан, 2003 ж, 21 қазан.
24. Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2006 года № 210.
25. Об утверждении Плана развития акционерного общества «Казпочта» на 2006 - 2009 годы
26. Закон Республики Казахстан «О связи» от 5 июля 2004 года N 567
27. www.kazpost.kz
28. ҚазЭУ хабаршысы № 23.122- бет
29. ҚазЭУ хабаршысы №13 14-бет

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1. Компанияның ақша қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері.
1.1 Кәсіпорын қаржысы және оны басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Ақша қаражаттарының мәні мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2. Кәсіпорын қаржысын басқаруды талдау (Қазпочта акционерлік қоғамының мысалында)
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.2 Қазпочта акционерлік қоғам қаржысын басқару механизмін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2.3 Қаржыны пайдалану тиімділігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттердің экономикасында басыңқы орынды түрлі саладағы өнеркәсіп кәсіпорындары алады. Елімізде қайта өңдеу өнеркәсібі салаларының кәсіпорындарының дамуына көп мән берілетіндігіне қарамастан, өндіруші өнеркәсібінің салалары Қазақстан Республикасының экономикасының өсуіне айтарлықтай үлес қосуда.
Елде экономика саласындағы жинақталған ғылыми-техникалық әлеуеттің құнды элементтерін жоғалту қаупі өсті. Өнеркәсіп өндірісіндегі құлдырау мен инвестициялық белсенділіктің қысқаруы, төлем жүргізу дағдарысы мен бағалардың инфляциялық өсуі жағдайында кәсіпорындардың қаржылық жағдайы ауыр халге ұшырады.90-жылдардың аяғына қарай экономика саласының жақсаруымен Қазақстанның өнеркәсіп өсуінің үлесі өсе бастады, әсіресе бұл соңғы жылдары байқалды.
Осы бағыт Президенттің халыққа жолдауында, яғни ел экономикасының өнеркәсіп саясатына арналған 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық стратегиясынан көрінді. Қаржының құрылу процесі мен қаржыландыру көздерінің мәселесі нақтылы микро деңгейде елеулі маңыздылыққа ие болды.
Шаруашылық жүргізудің рыноктық үлгісі жағдайында кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы, төлемқабілеттігіне жету үшін қаржы ресурстары болуы қажет және оларды құрудың жетілдірілген тәсілдерін қолдана отырып, жүйелі түрде көбейту қажет.
Сыртқы қаржылық ресурстарды тарту үшін әлеуетті табысты және инвесторларға тиімді кәсіпорындардың дамуы аса қажетті болып табылады. Сондай-ақ бұл жердегі тұрақты дамудың шарттарының бірі меншікті қаржы ресурстарының жеткіліктігі және кәсіпорынның қаржы ресурстарын құрудағы қаржы рыногының құралдарын қолдану мүмкіндігі болып табылады.
Қазіргі кезде кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметін сыртқы қаржыландырудың түрлі жолдары бар, бірақ солармен қатар ішкі қаржыландыруды да жетілдіру қажет. Акционерлік қоғамға айналған және мемлекеттік емес нысанға негізделген көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары қаржы қаражаттарының қажеттілігін ұғынуда. Инвестицияларды қаржыландырудың қысқаруынан, яғни қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен мәжбүрлі тоқырау пайда болады. Осыған сәйкеc Қазақстандағы шаруашылық жүргізудің рыноктық үлгісі жағдайында кәсіпорынның қаржы ресурстарын, қаржысын құру мен оларды онтайлы басқару мәселесі өте күрделі.
Қаржы қызметінің басты мақсаты - кәсіпорынның және өндірістің тиімді дамуы және максималды табыс ету үшін қаржы-қаражаттарын қашан, қалай және қайда пайдалануды шешу. Рыноктық экономика жағдайында өмір сүру және кәсіпорынның банкротқа ұшырауын болдырмау үшін, қаржыларды қалай басқару керектігін, капитал құрамы мен білім беру көздері құрылымының қандай болу керектігін, қарыз және меншікті қаражаттардың қанша бөлігін алатынын жақсы білу керек.
1. Компанияның ақша қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорын каржысы және оны басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Қаржы - ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.
Мемлекеттік қаржылар деңгейінде елдің біріңғай қаржылық саясатын жетілдіру жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне байланысты.
Кәсіпорын қаржысы еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады, мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде калыптасады. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің 70-80 %-і салық түсімдері есебінен күралады.
Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері: бөліп-тарату, бақылау.
Қаржының бөліп-тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастырылады және пайдаланылады. Қаржылардың бөліп-тарату қызметінің орындалуы арқасында үзіліссіз өндірісті ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да сатыларға әсер етуі қамтамасыз етіледі. Демек, ақша қаражаттарының дұрыс таратылуы кәсіпорын жұмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын жақсара беруіне серпінді ықпал етеді.
Кәсіпорын жұмысында жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау жасау өте қажет. Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстарының қозғалысынан түрады. Олар өз кезегінде қор ретінде және қордан тыс нысандарда кұрылады.
Бақылау қызметінің маңызды екі мәні бар: бухгалтерлік, статистикалық және басқа да есептесулердегі қаржы көрсеткіштері, қаржылай ықпалдар.
Егер бұрынғы орталықтандырылған бюрократтық-жоспарлау жүйе кезінде кәсіпорынды басқару өнім шығару, пайда, өзіндік құн және басқа да көрсеткіштер бойынша қатаң шектеулерге негізделсе, қазіргі рыноктық қатынастар жағдайында ол экономикалық тетіктер арқылы (салықтар, несиелер, мемлекеттік қаржылық қолдау, түрлі жеңілдіктер, сақтандыру және т.б.) жүзеге асырылады.
Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері: қаржылық-шаруашылық қызметтегі дербестік, өзін-өзі қаржыландыру және басқару, жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне мүдделілік, қол жеткен нәтижелерді еселей түсу, қаржы резервтерін жасау, қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөліп ұстау, мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы міндеттерді бірінші кезекте орындау, кәсіпорын қызметтеріне қаржылық бақылау жасау. Қаржылық қатынастар құрамы кәсіпорындағы ақша қатынастарының мына топтарымен тығыз байланыста болады:
- контрагентпен алғашқы табыстарды калыптастыру қорларды толық белгіленген ішкі шаруашылық негізінде кұру және пайдалану (жарғылық капиталы,өндірісті дамыту қоры, көтермелеу (ынталандыру) қорлары және.) жөнінде;
- кәсіпорындармен - қаржыларды бөлу тәртібі бойынша, қаржы ресурстарының қозғалысы қордан тыс нысанда жүзеге асады (келісім-шарт міндеттерін бүзған жағдайда айыппұлдар төлеттіру және төлеу, әр түрлі пай жарналарын (үлес) енгізу, бірлесіп тындырылған қызметтерден түскен пайданы бөлісуге қатысу, басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарын пайдалану және соның негізінде дивидендтер алу.);
- өнімді түгынушылармен жасалған шарттарды орындау барысында кәсіпорындар келісімдердің нысандары мен түрлерін өздері таңдайды, міндеттердің орындалу шарттарын және санкция қолдану тәртіптерін анықтайды, өзінің өнімдері мен қызметтеріне қарай бағаны қалыптастырады және жеткізушілердің баға негіздерін де бағдарлайды;
- сақтандыру ұйымдарымен міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша;
- банктер жүйесімен алынған сомаларды және қарыздарды өтеуге бағытталған проценттерді төлеуге байланысты есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету, сонымен қатар банктер ұсынған нақты төлеммен уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалану мәселелері бойынша;
- мемлекетпен бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру және пайдалану. Ақша қатынастарының бұл бағыттағы жұмысы бюджеттік және бюджеттен тыс қорларға әр түрлі салықтар, алымдар, жарналар жүйесін
енгізу арқылы жүргізіледі;
- бағынышты басқару құрылымдарымен ішкі салаларда қаржы ресурстарын бөлуде "тікелей" және "көлденең" өзара байланыста болуы [8].
Ақша қатынастарының бұл топтары кәсіпорын қаржыларының тұтас мазмұнын құрайды. Шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары және жинақтарының қалыптасуына қарай, оларды банк жүйесі алдындағы міндеттерін орындау, ағымдағы шығындар және өндірістің жұмысын кеңейту, еңбеккерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету және материалдық ынталандыруларды қаржыландыру қажеттіліктеріне пайдаланады.
Қаржы механизмі - бұл қаржы ресурстарын ұйымдастыру, жоспарлау және тиімді пайдалануды көздейтін өзара тығыз байланысты мына төмендегі бес элементтердің жиынтығы: қаржы әдістері, қаржы тетіктері, құқықтық қамтамасыз ету, нормативті қамтамасыз ету, ақпараттық қамтамасыз ету.
Қаржы әдістері - бұл қаржы қатынастарының шаруашылық процестеріне ықпалы, яғни тигізетін әсері. Ол кезегінше мына төмендегі екі бағытта іске асырылып отырады: бірінші, қаржы ресурстары қозғалысын басқару жүйесі; екінші рыноктық қатынастар бойынша.
Қаржы әдістеріне бұдан басқа: шығындар мен түпкі нәтижелерді салыстыра отырып саралау, материалдық ынталандыру, ақша қаражаттарын тиімді пайдалану жатады.
Рыноктық қатынастардың даму деңгейіне қарай, қаржының өндіріс пен айналыс арасындағы қызметтері коммерциялық есеп айырысуға байланысты. Бұл қаржы-шаруашылық қызметтерінің шығындары мен өндірістің түпкі нәтижелерін ақшалай нысанда бағалау деген сөз.
Қаржы тетігі бұл - бұл қаржы әдістерін кәсіпорынның іс-әрекеттерінде қолдана білу.
Әр түрлі ақпараттар, мысалы, жеткізуші, сатып алушы жөніндегі хабарлар интеллектуалды меншіктің бір түрі болып табылады және кәсіпорынның жарғылық капиталында белгілі бір үлеске ие.
Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардьң объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару - бұл қаржыға және шектес экономикалық-әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару - бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі - бүл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты - қаржыны басқарудың тиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет- профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаньң беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржыньң тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қагидаттар қойылған: басқарудағы демократизм, қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме, басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі, басқарудың ғылымилығы, орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;, басқарудағы жауапкершілік, шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.
Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл үдерісіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша корлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми тәсілдеме қажет: бұл қаржылық сипаттағы басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық заңдардың талаптарынан басқа, экономикалық талдау нәтижелерінің ескерілетінін, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуінің қолданылатынын білдіреді. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі [9].
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың объектілері мен субъектілері бөлінеді. Объектілер ретінде қаржылық қатынастардың сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржылық қатынастардың сыныптамасына сәйкес олардың сфералары бойынша объектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға басқарудың мына субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.
Рыноктық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайында қаржыны басқару қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының - реттеудің, қаржы рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда рыноктық экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік жағынан бағдарланған рыноктық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.
Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары жеткіліксіз пайдаланылды; бюджеттен төленетін субвенциялардан (мақсатты жәрдем қаржыдан) бас тарту болды. Осы және басқа себептерге байланысты қаржының рөлі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа әдістеріне көшуді талап етті. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге, әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы басқармалары мен бөлімдері, фирмалардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады.
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.
Бірқатар министрліктер мен ведомостваларда қаржыны басқарудың сызбасы басқарудың басқа функцияларымен: жоспарлауды (болжауды), есепке алуды орындаумен қоса атқарылады. Мұндай жағдайларда жоспарлау - қаржылық немесе қаржыльқ-бухгалтерлік басқармалар жұмыс жүргізеді. Бұл органдар жүйенің шаруашылық-қаржылық қызметін талдайды, қаржыны, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, шаруашылық айналымына пайдаланылмай жатқан тауар-материалдық кұндылықтарды тартуды, өнімсіз шығыстар мен сыраптарды қысқартуды, ведомствоға қарасты объектілердің залалдылығын азайтуды және жоюды, ішкішаруашылықтық резервтерді жұмылдыруды, ресурстарды пайдалануды жақсартуды, шығындарды төмендетуді, табыстылықты (рентабелділікті) арттыруды пайдалана отырып оның тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар дайындайды. Олар сонымен бірге ведомоствоға қарасты шаруашылық бірліктерінің қаржылық жұмыстарын реттейтін нұсқаулар, нұсқаулықтар, әдістемелік материалдар дайындайды.
Министрліктер мен басқа жоғарғы органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, ведомствоға қарасты шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Фирмаларда, компанияларда қаржылық жұмысты дербес құрылымдық бөлімше болып табылатын қаржы бөлімі жүзеге асырады. Шағын фирмаларда қаржы бөлімдері өткізім бөлімімен немесе бухгалтериямен (қаржы-өткізім немесе бухгалтерлік-қаржы бөлімдері) қоса атқарылуы мүмкін.
Қаржы жүйесінің бұл буынында рынок жағдайында басқару қаржы менеджменті деп аталады және шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық үдерістерді және ақша ағындарының қозғалысын басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Төменгі буындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік(интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.
Қаржы менеджменті уәждемелерге - адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру үдерісінде көрінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары) кредит және есеп айырысу операцияларының (акцияның, вексельдің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады. Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруды басқа функциялармен қатар, жоғарғы органдар - олардың қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда - акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады.. Атқарушы орган - басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды кіріктіреді: қаржы жөніндегі вицепрезиденті (басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне - қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынысындағы жеке қызметшілер - шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.
Қаржы бөлімінің құрылымы (2-суретті қараңыз), әдетте болжамды-талдамалық, есеп-қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарын кіріктіреді.
Қаржы бөлімінің тұрпаттық құрылымы мыналарды кіріктіреді: жоспарлау-экономикалық бюросы(қаржылық-кредиттік жоспарлау, оперативтік жоспарлау мен бақылау, экономикалық талдау топтары); банк және кассалық операциялар бюросы, есеп айырысу бюросы (сатып алушылармен есеп айырысу, тапсырыс берушілермен есеп айырысу топтары). Валюталық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындарда валюта тобы құрылады.
Ірі кәсіпорындарда қаржы қызметін экономика немесе қаржы жөніндегі директордың орынбасары, қаржы директоры, вице-президент(әсіресе, акционерлік қоғамда), қаржы менеджерлері басқаруы мүмкін. Бұл лауазымды адамдарға басқа экономикалық службалар: жоспарлау-экономикалық службасы, бухгалтерия, экономикалық талдау секторы бағынуы мүмкін.
Ұзақ уақыт бойы отандық практикада мекемелердің қаржылық қызметінің өзіндік мәні болмады, олардың жұмыстары қатаң анықталған формаларды қолдану арқылы есеп айырысуларды жүзеге асыруға нақты нәтиже және элментарлы қаржы жоспары мен есеп беруін құруға жүктелді. Нақты (нәтиже) тек қана бухгалтерия жұмысында болды, яғни қаржылық бухгалтерлік жұмыстарды деп аталатын бір қызмет шегінде біріктіру дұрыс болып табылады.
Қаражаттарды ұйымдастырудың мұндай практикасы ресми кәсіпорындарда болады және әлгі күнге дейін бар. Бірақ кәсіпорын меңгерушісі мынаны ескеру керек: одан әрі жақсы бухгалтер және әрі жақсы қаржыгерлері бола алмайды.
Бухгалтер жұмысының негізгісі болып алдынғы құжаттарды шығару және инструкциямен циркулярға сай бухгалтерлік тіркеулерде оларды дәл көрсету.
Қаржы менеджерінің жұмысы белгісіздік жағдайында шешім қабылдаумен байланысты, ол тәуекел деңгейін бағалай алатын және тәуекелге бара алатын, сыртқы ортада орын алатын жаңаруды тез қабылдай алатын шығармашылық құнға тең болуы керек.
Қаржы менеджерінің жұмысында - ең бастысы болып оның кәсіпорынды басқарудың жоғары звеносы жұмысының белгілі бір бөлігін құрастыруы немесе қаржылық мінездемедегі басқару шешімдерінн қабылдау үшін қажетті және пайдалы аналитикалық ақпаратпен қамтамсыз етуде болып табылады.
Мекеменің ұйымдастырушылық құрылымына тәуелсіз қаржы менеджері қаржы проблемаларының анализіне, кейбір жағдайларла жоғарғы шешім қабылданған басшылыққа рекомендацияларды шығаруға жауап береді.
Техникалық жоғарғы бөлімі және үлкен өндірістік кәсіпорынның көптеген мамандарын қаржылық қызметтің қызметкерлерінен тіл табысу және оларға нақты тапсырмалар қою қиынға соғады. Нәтижесінде, қаржылық жағдайларды бақылау кей жағдайларда қаржылық қызметтерге жүктеледі. Қаржыгерлердің ие болатын ақпараты басқару шешмдерін қабылдауда аса маңызды болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы бөлімі
Жоспарлау-
экономикалық
бюросы
Банк және кассалық операциялар бюросы
Есеп айырысу бюросы
Бағалы қағаздар
бюросы
ТОПТАР
Қаржылық-кредиттік жоспарлау
Оперативтік жоспарлау мен бақылау
Экономикалық талдау
Кредиттік операциялар
Кассалық операциялар
Сатып алушыламен есеп айырьсу бюросы
Тапсырыс берушілермен есеп айырысу
Корпоративтік қағаздардың бюросы
Басқадай құрадардың бюросы
Сурет 1. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысын басқару
Қайнар көзі: АльПари журналының мәліметі бойынша
Басқарушы тұлға кәсіпорынның және жалпы алғанда рыноктың ағымдағы жағдайын бағалау үшін келесі қадамдарын жоспарлау керек: ол үшін ақпарат ағымын регламенттеудің қатаң жүйесі қажет. Бұған тән жүйені құрудың бірінші тапсырымы - қызметтің қаржылық аспектісімен байланысты сұрақтарды, көрсеткіштерді, құжаттарды үш негізгі топқа біріктіру болып табылады.
1-топ - кәсіпорын деңгейінде шешім қабылдау аясы. Мысалы, көп кәсіпорынның стратегиялық позициясын меншікті капиталдың рентабельділігін болжау, кәсіпорынның табысының құрылымын анализдеу, қаржы рыногын анықтау (қарызға алынған қаражаттың мақсаттылығын бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіш).
2-топ - тапсырыс берулерді қою аясы. Кәсіпорынның оперативті басқару тиімділігін көрсететін есеп берулер мен аналитикалық салыстырылымдар немесе бұл аядағы жоспарлау басқарушы мақсаттарды қалыптастыру алады және келесі көрсеткіштерді қолдана отырып есептерді алады. Олар сатылым рентабельділігі, активтер рентабельділігі, ұсталымдарды басқару жүйесі, шығынға ұшырау деңгейі, операциялық тұтқасы, кәсіпорын қызметінің активтілік көрсеткіштері, ақша ағындарын басқару кәсіпорын бөлімшелерінің ақшамен қызметінің сапасын көрсетеді
3-топ - бақылау аясы. Бұнда орталық звено менеджерлері ақпараттың массивтілігін анализдейді, бұл ақпарат негізінде бөлімшелер бойынша оперативті салыстыруларды қалыптастырады.
Қаржы-өткізім бөлімдері сатып алушылармен, тапсырыс берушілермен, бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі, қаржылық жоспарлау және талдау, кассалық сияқты топтарға бөлінеді. Осыған ұқсас функцияларды жеке атқарушы - мамандар орындай алады.
Қаржы бөлімдері жоқ шаруашылық органдарында қаржылық жоспарлау мен қаржы нормативтерінің есеп-қисабы экономикалық службаға, ал оперативтік-қаржылық жұмыс, есеп-қисаптардың барлық түрлері және кассалық жоспарлау бухгалтерияға жүктеледі. Сурет 1.
Шаруашьшық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды міндеттері мыналар болып табылады:
- табысты немесе пайданы өсірудің жолдарын іздестіру және рентабелділікті арттыру;
- өндіріс, инвестициялар, жаңа техниканы өндіру және басқа жоспарлы шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
- мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғарғы ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау;
- есеп айырысуларды ұйымдастыру;
-өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымдарды тиімді пайдалануға жәрдемдесу;
- қаржы ресурстарын дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қаражаттарының сақталымдылығы мен тездетілген айналымдылығын қамтамасыз ету және басқалары.
Кәсіпорындардың қаржысын оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей банктері есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақшаға уақытша қажеттіліктерді несиелендіреді.
Шаруашьшықты жүргізудің рыноктық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы көздерін, қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын іздестіру, бағалы қағаздармен операциялар жасау және қаржы менеджментінін басқа мәселелері рыноктық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржы службаларының негізгі мәселелері болып отыр.
0.2 Ақша қаражаттарының мәні мен түрлері
Ақша қаражаттарына компанияның кассасындағы және ағымдағы шотындағы ақша кіреді.Ақша қаражаттарының баламалары - алдын ала белгілі ақша қаражаттарысомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар. Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялар және басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. Ақша қаражаттарының баламалары ретінде жіктелетін инвестиция ақша қаражаттарының белгілі бір сомасы оңай айналысқа түсуі және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауы тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламасы ретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі. Меншік капиталына салынған инвестициялар, егер олар, негізінен, ақша қаражаттарының баламалары болып табылмағанда ғана, мысалы, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады. Барлық шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарымен жұмыс істейді. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі бір жағынан ақша қаражаттары есебінің дұрыс жолға қойылуынан да тәуелді. Шаруашылық қызметінде кәсіпорын басқа кәсіпорындармен сатып алынған негізгі құралдар, материалдар мен шикізаттар, орындалған қызметтер үшін есеп айырысулар жүргізеді. Сонымен бірге кәсіпорын есеп айырысулар жолымен салық органдармен, еден қызметімен, бюджеттпен қарым-қатынасқа түседі. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар екі формада жүргізіледі: қолма-қол ақшасыз және нақты ақшамен есеп айырысулар арқылы. Банк арқылы кассалық есеп айырысулар жүргізу мемлекеттің кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жан-жақты бақылауға мүмкіндік береді. Банк мекемелері кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне жұмсалатын шығындарын қадағалауға, олардың басқа субъектілермен уақтылы есеп айыысуын реттеуге, банктен түрлі мақсаттар үшін несие алуға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарының есебі алдында келесідей міндеттер тұр:
есеп регистрлерінде ақша қаражаттарының белгіленген чектер негізінде дұрыс пайдалануын қадағалау;
ақша қаражаттарының мақсатты жұмсалуын қадағалау мақсатымен кезең сайын түгендеу жұмыстарын жүргізу;
кассадағы және ағымдық шоттағы ақша қаражаттарының бар болуы мен жұмсалуын бақылау;
есеп айырысу тәртібінің орындалуын бақылау.
шаруашылық субъектілер мен уақтылы есеп айырысулар жүргізуді қағалау;
Ақша қаражаттарының бар болуы мен олар бойынша есеп айырысуларды дұрыс ұйымдастыру есеп айырысу тәртібінің бекуіне, дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің кемуіне, ақша қаражаттарының айналымдылығының жылдамдауына, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нығаюына алып келеді.
Компания ақша қаражаттарының және олардың баламаларының құрамын ашуы және оның баланста берілген баламалы баптарын бар ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебіндегі сомаларды салыстырып тексеруі тиіс.
Әлемнің әр түрлі елдеріндегі ақша қаражаттарын басқару практикасының және банк ережелерінің сан алуандығын ескере отырып және 1-Қаржы есептілігін ұсыну IAS Халықаралық стандартын сақтау үшін компания ақша қаражаттарының және ақша қаражаттары баламаларының құрамын анықтау үшін қабылданған әдісті ашады. Ақша қаражаттарының және ақша қаражаттары баламаларының құрамдас бөліктерін анықтау әдісіндегі кез келген өзгерістің, мысалы, бұрын компанияның инвестициялық портфелінің бір бөлігі деп есептелген қаржы құралдарын жіктеудегі өзгерістің ықпалы есептілікте 8-Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер IAS Халықаралық стандартына сәйкес беріледі.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспондеттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне , яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:
төлем тапсырмасының нөмірі;
төлем тапсырмасының жазылған күні;
жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған)
коды (ЖТК немесе ИИК)
жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) - бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі-резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын көрсетеді;
бенефициар-аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
банк-алушы-банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
бенефициар банкісі-бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) - филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
төлем арналымының коды - ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды - салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициардың (алушының)
банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының нысанымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжатттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады.
Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі - депозитттермен қамтылған, ал екіншісі - қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің нөмірінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қишағынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте , 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:
егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
чектің мерзімі өтіп кетсе;
төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек);
чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
біріншісі - банкте қалса;
екіншісі - көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі - Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі - чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады.
Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу Кәсіпорындар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 42 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:
1060 Өзге ақша қаражаты шоты. Бұл шотта аккредитивтегі ақша қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив - клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивкте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.
Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:
жабылатын (депоненттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.
Жабылатын (депоненттелген) аккредитивті ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.
Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-щартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.
Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.
Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.
Дәлелденген аккредитив - бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.
Трансферабельдік (аударма) аккредитив - бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.
Аккредитив тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арнаулы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.
Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 3010 Қысқа мерзімді банктік қарыздар шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1030) кредиттеледі де 1060 Өзге ақша қаражаты шоты дебеттеледі.
Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде атқарушы банк банк-эмитенті хабар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банке пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі.
Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.
1060 Өзге ақша қаражаты шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады.
Чек - бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.
1060 Өзге ақша қаражаты шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.
1050 Жинақ шоттардағы ақша қаражаттары шотында субъектінің құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.
Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін түгендеу
Кассаны түгендеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма-қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес құнды қағаздар ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.
Түгелдеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz