Иондаушы сәулелердің адам ағзасына әсері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Химия факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Иондаушы сәулелердің адам ағзасына әсері
Орындаған: Шахатова Г. БЖ-301
Тексерген: Діністанова Б.
Алматы-2012
Жоспар:
- Кіріспе.
- Негізгі бөлім.
Иондаушы сәулелердің қолдану аясы
Радиоактивті заттардың ағзаға ену қабілеті
Иондаушы сәулелердің адам ағзасына әсері
- Қорытынды
Иондаушы сәулелердің көздерін қолдану қоғамдық энергиялық ресурстардың кеңеюіне, өндірістік процестердегі автоматизация және дистанциялық бақылаулардың кеңеюлеріне әсер етті. Қазіргі кезде халық шаруашылығында атомдық өндіріс саласының құрылғанын айтуға болады. Бұған ең алдымен ядролық жанғыш цикл жатады: жылу бөлетін элементтерді дайындау, атом электростанцияларында ядерлі реакторлардың эксплуатациясы, атомдық кемелердегі атомдық жылу электростанциялары, сонымен қатар басқада өндірістер мен ғылыми зерттеу обьектілері. Осы циклдің қорытынды этабына ядролы жылытқыштарды өңдеу және жанама радионуклеиндерді өңдеу жатады. Сәулелену көздері болып табылатын приборлар өндірісте, медицинада, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады.
γ-нейтрондар және β-қайнар көздері медицинада және халық шаруашылығында кеңінен қолданылады, оларға жататындар:
а) әртүрлі салада қолданылатын атом реакторлары (АЭС, АТЭЦ энергетикалық құрылымдар, радионуклеиндерді алу үшін құрылымдар, өндірістердегі сәулеленулер медицинада және эксперименталды мақсаттарда қолданылады) .
б) өндірісте, медицинада немесе ғылыми зерттеу мақсаттарында қолданылатын ашық түрдегі радиоактивті заттар.
в) радиациялық химияда иондаушы сәулелерді қолдану үшін жабық радионуклеидті заттар.
Тұрмыстық және медициналық приборлар, геофизикалық, навигационды электроэнергиялардың сіңірілуі үшін, әртүрлі материалдардың стерилизациясы үшін, дефектоскопияда, γ, β, нейтронды емде, жер қазбаларын бақылау үшін қолданады.
г) зарядталған бөлшектердің жылдамдықтарына электрондық физикалық құрылымдар жатады, сонымен қатар медицинада және ғылыми зерттеу мақсаттарында қолданылатын рентген құрылымдары, ауыр зарядталған бөлшектер жанама радиоактивті изотоптарды алу үшін, ал рентгендік құрылымдар спектрлік және құрылымдық анализдер үшін қолданылады.
Осылардың кез келгендерімен жұмыс істеген кезде негізгі қолайсыз факторларға иондаушы сәулелер жатады. Сәулелердің ағзаға әсер етулеріне байланысты екі категорияға бөлінеді:
- жұмыс кезіндегі жұмысшының сыртқы ағзасына ғана әсер ететін сәулелер. Оларға рентген аппараттарымен және электрондық жылдамдықтармен жұмыс істеулер жатады.
- ішкі және сыртқы сәулеленулерге ұшырайтын жұмыстар, оларға ректорларда, ауыр бөлшектердің жылдамдатқыштарында, ашық көздермен манипуляциялар, яғни ұнтақ, ертінді, газ түріндегі радиоактивті заттармен жұмыстар жатады.
Радиоактивті заттар газ немесе аэрозоль түрінде аэрогенді жолмен ағзаға түсуі мүмкін, сонымен қатар тері арқылы қайнар көздермен қатынас нәтижесінде, «кір» қолмен тамақтанған кезде ауыз арқылы немесе құрамында изотоптары бар тамақпен қоректенген кезде ағзаға түсуі мүмкін.
Сәулелердің кейбіреулерінің ену қабілеті үлкен болады, олардың сәулеленулері ішкі ағзалардың зақымдануларын тудырады. Β сәулелердің ену қабілеттері төмен болғандықтан және олардың сыртқы ортамен әсерлесуінің салдарынан терінің, роговицаның және көздің шыны денесінің зақымдануларын тудырады.
Радиоактивті заттар ағзаға түскен кезде ең алдымен критикалық ағзаларға - радионуклеид депосына және маңайындағы тіндерге әсер етеді. Радиоактивті заттар ағзада ерекше таралады. Йодтың радиоактивті изотоптары қалқанша безін зақымдап, қатерлі және қатерсіз ісіктерді тудыруы мүмкін.
Жерде сирек кездесетін ісіктер бауырда ісік тудыруы мүмкін; остеотропты изотоптар - остеосаркомогенді және лейкогомогенді нәтиже беріп, сүйек миындағы қанның түзілуін тежейді. Салыстырмалы түрде бірқалыпты тараған изотоптар (Cs, Ru, Nb, HTO, Po және т. б) лимфоидты қан түзуді тежейді, ұрық каналының атрофиясын тудырып, жұмсақ тіндердің (сүт безі, асқазан ішек жолдарының, бауырдың) ісіктерін тудырады. Полониймен плутонийдің α сәулеленулері ішкі зақымданулар кезінде өте қауіпті.
Қиын еритін радиоактивті қосындылар аэрогенді жолмен өкпеге түскен кезде, сәулелі пневмосклероз, бронх эпителийлерінің метаплазиясы, ісіктер дамуы мүмкін. Сонымен қатар еритін изотоптар қатарының, яғни плутоний-239, рутении-106, тории-228, америция-241 аэрогенді жолмен түскен кезде остеосаркомаға қарағанда, өкпенің жиі қатерлі ісіктерін тудырады.
Ұрық және оның тұқымына радиоактивті заттардың айқын зақымдаушы әсері бар екені дәлелденген.
Иондаушы радиация тудыратын тіндік және жүйелік сәулеленулер негізінде ағзадағы тіндер мен сұйық ортадағы құрылымдық компоненттердің клеткалық және молекулярлық деңгейінде біріншілік радиациялық процесс жүреді. Ағзаның бүтіндігі кезіндегі радиациялық зақымданулардың қалыптасулары бірнеше жолмен жүзеге асады, зақымдайтын агенттің клеткаға тура әсерінің нәтижесінде, ағзадағы тінаралық қатынастармен нейро регуляторлы механизмдердің бұзылуы салдарынан пайда болады.
Иондаушы радиацияның әсерінен туатын радиобиология мен радиациялық медицинаның қазіргі кездегі теориялары бойынша, үш топқа бөлінуі мүмкін:
- соматикалық (жедел және сүлелі сәулелі аурулар, жергілікті сәулелі зақымданулар - катаракта, терінің және т. б қатерсіз зақымданулары) ;
- соматикалық-стохастикалық (өмір сүру ұзақтығының қысқаруы, лейкоз, әртүрлі ағзалар мен тіндердің ісіктері) ;
- генетикалық доминантты және рецессивті гендік мутация, хромосомды аберация) .
Үздіксіз сәулеленуге ұшыраған адамдарда соматикалық нәтиже дамиды, ал оның тұқымында генетикалық (тұқым қуалайтын өзгерістер) нәтиже дамиды.
Жалпы қысқа уақыттық сәулеленулер әртүрлі деңгейдегі айқындылықтағы радиациялық зақымдануларды тудыруы мүмкін.
1, 5 Гр және одан жоғары сәулеленулер кезінде сүлелі сәулелі ауру дамуы мүмкін екендігі бекітілген. Сәулелену аймағының орналасуы сәулеленудің біркелкі емес таралауына байланысты болады.
Жер шарының әрбір тұрғыны өздерінің өмір бойына жыл сайын орта есеппен 250-400 мбэр доза сәулелену алады. Алынған доза табиғи және жасанды иондаушы сәуле көздерінен қосынды ретінде есептеледі.
Сәулеленудің шекті ПДК-сы
- Дене, қызыл кемік сүйегі
- Қалқанша без, бауыр, өкпе, ас қорыту жүйесі, көз хрусталигі
- Тері жамылғысы, сүйек ұлпасы, конечности
Табиғи сәулелену көздерінен жыл сайын 200 мбэр, сондағы космос-30мбэр, топырақ-38мбэр, адам ұлпасындағы радиоактивті заттар - 37 мбэр, газ радон - 80 мбэр келеді. Жасанды сәулеленуден медприборлар - 100-150 мбэр, теледидар - 1-3 мбэр, т. б. келеді.
Иондаушы сәулелердің биологиялық ағзаға әсері нің екі түрлі эффекті айқындалады: соматикалық және генетикалық.
Соматикалық эффект салдары сәулеленуге ұшыраған адамның өзінде тікелей байқалады. Соматикалық эффект екіге бөлінеді: ерте және кеш.
Ерте соматикалық эффект сәулеленуден кейін бірнеше минуттан 30-60 тәулікке дейінгі уақытта байқалады. Белгілері мен салдарларына келетін болсақ, олар: терінің қызаруы, терінің түсуі, көз әйнегінің бұлдырауы, қан айналу жүйесінің зақымдануы, сәулелі ауру, өлім.
Кеш соматикалық эффект сәулеленуден кейінгі бірнеше айдан соң байқалады. Оның белгілері: тері бетінің өзгеруі, қатерлі ісіктердің пайда болуы, иммунитеттің төмендеуі, өмір ұзақтығының қысқаруы.
Организмге сәулеленудің әсерін зерттеген кезде, келесі ерекшеліктер анықталды:
- Жұтылған энергияның жоғары эффективтілігі, аз мөлшердегі энергия да ағзада терең биологиялық өзгерістер алып келуі мүмкін;
- Жасырын инкубационды периодтың бар болуы;
- Аз дозалар әсері жинақталып бірден эффект беруі;
- Генетикалық эффект - тұқымға әсері;
- Ағзаның түрлі органдарының сезімталдылығы;
- Әрбір организмге сәулеленуге әр түрлі реакция беруі;
- Сәулелену әсерлердің жиілігіне байланысты болуы.
Иондаушы сәулеленудің организмге әсері сыртқы (рентген және гамма-сәулелену) және ішкі (альфа-бөлшектер) болады. Ішкі сәулелену ағзаға өкпе, тері, ас қорыту жүйелері арқылы өтеді. Ішкі сәулелену сыртқы сәулеленуден аса қауіпті, өйткені ішке өткен иондаушы сәулелер ішкі органдарды үздіксіз сәулеленуге ұшыратады.
Иондаушы сәулеленуден ағзаның құрамды бөлігі болып саналатын су бөлінулерге ұшырап, қарама-қарсы зарядты иондар пайда болады. Алынған бос радикалдар және тотықтырғыштар ұлпалардың органикалық затының молекуласымен әсерлесіп, ұлпаларды тотықтырады және бұзады. Қанда өзгерістер байқала бастайды - эритроцит, лейкоцит, тромбоцит және нейтрофилдердің қандағы деңгейі біршама төмендейді. Қан айналым жүйесінің зақымдалуы адамның иммунды жүйесін бұзып, инфекциялық ауруларға алып келеді.
Локальді зақымданулар сәулелі күйіктер мен кілегейлі қабаттардың пайда болуымен сипатталады. Қатты күйіктер кезінде ісік, көпіршіктер қалыптасып, некроз (тері қабатының өлуі) болуы мүмкін.
Кейбір дене бөліктері үшін өлімге ұшырататын жұтылған дозалар келесідей:
- Бас - 20 Гр;
- Іштің төмен жағы - 50 Гр;
- Грудная клетка - 100 Гр;
- Аяқталулар (конечности) - 200 Гр.
Өлім дозасынан 100-1000 есе артық доза әсер етсе, адам сәулеленудің сол сәтінде өмірден өтеді («смерть под лучом») .
Соматикалық әсердегі биологиялық бұзылулар жұтылған дозаның қосынды мәніне тәуелді болады.
Сәулелі ауру - зақымдаушы сәулелену түріне, оның дозасына, радиоактивті заттардың көздерінің локализациясына, уақыт бойына дозаның денеде таралуына байланысты болатын симптомокомплекспен сипатталатын иондаушы сәулелердің әсерлерінің нәтижесінде пайда болатын ауру.
Жедел сәулелі ауру - ол бір мезетте үлкен дозасы бар сәулеленуге ұшырауынан болатын сәулелі ауру.
Дәрежелері:
I. 1-2Гр (14-21 күнде белгілі болады)
II. 2-5Гр (4-5 күн)
III. 5-10Гр (10-12 сағ)
IV. 10Гр (20 мин) .
Жедел сәулелі ауру патогенезі
Өтпелі сәулеленулердің тірі ағзамен алғаш әсерлесуінің механизмі органикалық заттар атомдарының ионизациясына немесе су радиолизына байланысты болады. Су молекулаларының ионизациясы бос радикалдар, оң және теріс иондар тудырады. Олар әсерінен ақуызды макромолекулаларда үзіліс туып, ақуыз қасиеттері өзгереді, нәтижесінде фермент қалыптастыру және зат алмасу процестері өзгеріп, бұзылады. Зақымдаушы эффект организмдегі иннервационды және нейроэндокринді механизмдерде байқалып, биологиялық активті токсинді заттардың пайда болуына алып келеді.
Жедел сәулелі ауру периодтылығымен ерекшеленеді.
Бірінші период . Жалпы әлсіздік, бас айналу, құсу, жүрек айну, іш өтулер болады.
1-3 тәуліктен соң біріншілік реакция бәсеңдейді, ағзаның жалпы күйі жақсы қалыпқа келеді. Бұл - екінші период , яғни «жасырын». Мұнда баяу-баяу қан айналым жүйесі жұмысының бұзылғандығы байқалады. Лимфоцитопения дамиды.
Үшінші период . Сәулелі аурудың толық симптомокомплексі байқалады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz